Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік



жүктеу 1.7 Mb.
бет2/8
Дата25.04.2016
өлшемі1.7 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.

  • 2,0 2,1 География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б. ISBN 978-601-293-170-9

  • Иванов А.И. Рыбоводство в естественных водоемах, М., 1991

  1. Сборник нормативно-технологической документации по товарному рыбоводству (в 2-х томах), М., 1986, 576 б.

  • Козлов В.И., Абрамович Л.С. Товарное осетроводство, М., 1986, 117 б.

  • Козлов В.И., Абрамович Л.С. Справочник рыбовода, М., 1992.

  • Привезенцев Ю.А., Власов В.А. Рыбоводство, М., 2004,456 б.

  • Михеев В.П. Справочник по садковому рыбоводству, М.5 1989, 200 б.




  • Справочник по озерному и садковому рыбоводству, п/р Руденко Г.П, М., 1983, 312 6.

  • Федорченко В.И., Новоженин Н.П., Зайцев В.Ф. Товарное осетроводство, М., 1986, 117 б.

  • Гриневский Э.И. и др. Справочник. Проектирование рыбоводных предприятий, М., 1990, 223 б.

  • Миончинский П.Н., Кожарова Л.С. Производство комбикормов, М., 1991,288 6.

  • Скляров В.Я., Гамыгин Е.А., Рыжков Л.П. Кормление рыб, М., 1985, 383 6.

Балық шаруашылығы








Таранка балығы.

Балық шаруашылығы – халық шаруашылығының балық аулаутасымалдауқорғау және өсіруменөңдеумен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын саласы. Балық шаруашылығы бағалы тағамдар, балық ұнымайы, теңіз өсімдіктерінен йодманнитагар, т.б.емдік заттармал азығы мен техникалық өнімдер өндіреді. Қазақстанда 1919 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында Жайық – Жембалық аулау және аңшылық басқармасыАрал қаласында Түркістан өлкелік балық шаруашылығы басқармасы ұйымдастырылды. Кейін бұл сала тұтынушыларға тағамдық белоктың 20%-ын беретін, қуатты аулау кемелерімен жабдықталған, өндірістік процестері механикаландырылған аса іргелі тамақ индустриясына айналды.[1]

Балық шаруашылығы бағалы тұқымдық балықтарды өсіріп, көбейтетін балық питомниктері, тауарлы-көл және тоған шаруашылықтары,машина-мелиоративтік станциялары, арнайы оқу орындары, балық сататын фирмалық дүкендері жұмыс істейді. Қазақстанның мыңдаған ірілі-ұсақты көлдері мен өзендері балық шаруашылығы қызмет етеді. Олардың жалпы аумағы 7,5 млн. га шамасында. Суайдындарының ең ірілері: Каспий теңізі, БалқашАлакөлЗайсан көлдері, ҚапшағайБөгенБұқтырма бөгендері, ЖайықЕртісЕсілөзендері. Дүние жүзі бойынша ауланған бекіре балықтарының 90%-ы Қазақстан балық шаруашылығының үлесіне тиеді. Қазіргі кездереспубликада экологияның нашарлауына байланысты су айдынын қорғау, оларды ұдайы мелиорациялау, кәсіптік балықтардың сапасын жақсарту, балық өсіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл міндет Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына және балық қорғау ұйымдарына жүктелген.

Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 млн т-ға жетіп отыр. Оның 9/10-ын теңіздер мен мұхиттардан, ал қалған бөлігі тұщы сулардан ауланады. Балықтың және басқа теңіз өнімдерінің маңыздылығы олардың құрамындағы жануарлар нәруызының (белок) мөлшері мал мен құс етінен кем түспейтіндігіне байланысты артып отыр. Сондықтан қазіргі таңда дүниежүзілік су айдындарында 20—30 мыңға дейінгі ірілі-ұсақты балық және басқа да теңіз өнімдерін аулайтын кемелер жүзіп жүр. Олардың басым көпшілігі ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған балық аулаудан бастап, дайын өнімдер шығаруға дейінгі (әртүрлі консервілер дайындау, кептірілген балық және т.б.) іс-әрекеттерді толық жүзеге асырады.[2]

Исландияның балық аулау флоты бір мың кемеден тұрады, ал жылдық орташа ауланатын балық мөлшері 1,7 млн т, жан басына шаққанда 7 т-дан асады. Бұрын ірі исланд майшабағы мен нәлім аулайтын болса, қазір балық ұны жасалатын мойваны көбірек аулайды. Балық аулап, оны өңдеу жұмыстарымен елдің еңбекке жарамды халқының 40%-ы айналысады. Ел экспортының 3/4-ін балық пен теңіз өнімдері құрайды.

Балық аулау теңіз жағалық елдерінің барлығында таралғанымен, дүниежүзінде ауланатын балықтың жартысынан астамы алты елдің — Жапония, Қытай, АҚШ, Чили, Перу және Ресейдің үлесіне тиеді. Балықтар материктік қайрандар мен жылы және суық мұхит ағыстары түйіскен аудандардан көбірек ауланады. Ертеректе балық аулаудың негізгі ауданы Атлант мұхитының солтүстігінде болса, қазір Тынық мұхитының солтүстігіне ауысты ("Материктер мен мұхиттар географиясынан" балық аулаудың негізгі аудандарын еске түсіріңдер). Балықтар мен теңіз организмдері популяциясынын азаюы дүниежүзілік балық аулау кәсіпшілігін солтүстік аймақтан оңтүстікке, яғни тропиктерге ығыстырды.

Дүниежүзіндегі ауланатын балық пен теңіз өнімдерінің 15 млн т-сы қолдан өсіру — марикультура арқылы алынады. Балықты қолдан өсіру Қытайда бұдан 4 мың жыл бұрын басталған, бұл ел әлі күнге дейін әлемдік біріншілікті бермей келеді. Марикультура өнімінің 4/5-ін Азия елдері өндіреді.

Балық шаруашылығын өркендетуде Қазақстанның мүмкіндігі жоғары.Оның табиғаты бай, өзен көлі мен Арал,Каспий теңізі бар. Қазақстанда бірнеше балық шаруашылығы аймағы , бассейіндері бар. Зайсан, Балхаш, Алакөлдері, Бухтырма, Шулбі су қоймалары , Ертіс ,Орал ,Сырдария сияқты өзендерінің маңызы зор.

Шығыс Қазақстан аймағындағы балық шаруашылығы; Зайсан көлі , Ертіс өзені, оның салалары жане қолдан тұрғызған су қоймалары құрайды . Олар су көздері жалпы суының бірдейлігі ,биоэкологиясының бірдейлігімен ерекшеленеді.

Албырт балық, суйірік жалпы Ертіс өзенінде 27 балық түрі кездеседі ;репус ,нәлім,жылан балық кездеседі.

Ертіс өзенінде бірінші табан балық орын алады. Екінші орында торта балық 25,5% құрайды.

Қазақстанда кәсіптік балық Каспий теңізінен , Зайсан ,Алакөл ,Сасық көлге дейін ауланады.Қазақстанда тиімсіз балық шаруашылықтарында ,шаруашылық тиімсіз жүргізіліп ,өсіп өнуіне жағдай жасалмайды. Соның салдарынан экономикасы құлдырап кетті. Оның шешуі ; аквокультурамен айналысу жане балық өсіру биотехнологиясын пайдалану.
Балық шаруашылығы – халық шаруашылығының балық аулаутасымалдау, қорғау және өсірумен, өңдеумен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын саласы. Балық шаруашылығы бағалы тағамдар, балық ұны, майы, теңіз өсімдіктерінен йод, маннит, агар, т.б.емдік заттар, мал азығы мен техникалық өнімдер өндіреді. Қазақстанда 1919 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында Жайық – Жембалық аулау және аңшылық басқармасы, Арал қаласында Түркістан өлкелік балық шаруашылығы басқармасы ұйымдастырылды. Кейін бұл сала тұтынушыларға тағамдық белоктың 20%-ын беретін, қуатты аулау кемелерімен жабдықталған, өндірістік процестері механикаландырылған аса іргелі тамақ индустриясына айналды

Балық шаруашылығы бағалы тұқымдық балықтарды өсіріп, көбейтетін балық питомниктері, тауарлы-көл және тоған шаруашылықтары,машина-мелиоративтік станциялары, арнайы оқу орындары, балық сататын фирмалық дүкендері жұмыс істейді. Қазақстанның мыңдаған ірілі-ұсақты көлдері мен өзендері балық шаруашылығы қызмет етеді. Олардың жалпы аумағы 7,5 млн. га шамасында. Су айдындарының ең ірілері: Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдері, Қапшағай, Бөген, Бұқтырма бөгендері, Жайық, Ертіс, Есіл өзендері. Дүние жүзі бойынша ауланған бекіре балықтарының 90%-ы Қазақстан балық шаруашылығының үлесіне тиеді. Қазіргі кезде республикада экологияның нашарлауына байланысты су айдынын қорғау, оларды ұдайы мелиорациялау, кәсіптік балықтардың сапасын жақсарту, балық өсіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл міндет Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына және балық қорғау ұйымдарына жүктелген.

Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 млн т-ға жетіп отыр. Оның 9/10-ын теңіздер мен мұхиттардан, ал қалған бөлігі тұщы сулардан ауланады. Балықтың және басқа теңіз өнімдерінің маңыздылығы олардың құрамындағы жануарлар нәруызының (белок) мөлшері мал мен құс етінен кем түспейтіндігіне байланысты артып отыр. Сондықтан қазіргі таңда дүниежүзілік су айдындарында 20—30 мыңға дейінгі ірілі-ұсақты балық және басқа да теңіз өнімдерін аулайтын кемелер жүзіп жүр. Олардың басым көпшілігі ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған балық аулаудан бастап, дайын өнімдер шығаруға дейінгі (әртүрлі консервілер дайындау, кептірілген балық және т.б.) іс-әрекеттерді толық жүзеге асырады.[2]

Исландияның балық аулау флоты бір мың кемеден тұрады, ал жылдық орташа ауланатын балық мөлшері 1,7 млн т, жан басына шаққанда 7 т-дан асады. Бұрын ірі исланд майшабағы мен нәлім аулайтын болса, қазір балық ұны жасалатын мойваны көбірек аулайды. Балық аулап, оны өңдеу жұмыстарымен елдің еңбекке жарамды халқының 40%-ы айналысады. Ел тасымалдауының 3/4-ін балық пен теңіз өнімдері құрайды.

Балық аулау теңіз жағалық елдерінің барлығында таралғанымен, дүниежүзінде ауланатын балықтың жартысынан астамы алты елдің — Жапония, Қытай, АҚШ, Чили, Перу және Ресейдің үлесіне тиеді. Балықтар материктік қайрандар мен жылы және суық мұхит ағыстары түйіскен аудандардан көбірек ауланады. Ертеректе балық аулаудың негізгі ауданы Атлант мұхитының солтүстігінде болса, қазір Тынық мұхитының солтүстігіне ауысты ("Материктер мен мұхиттар географиясынан" балық аулаудың негізгі аудандарын еске түсіріңдер). Балықтар мен теңіз организмдері популяциясынын азаюы дүниежүзілік балық аулау кәсіпшілігін солтүстік аймақтан оңтүстікке, яғни тропиктерге ығыстырды.

Дүниежүзіндегі ауланатын балық пен теңіз өнімдерінің 15 млн т-сы қолдан өсіру — марикультура арқылы алынады. Балықты қолдан өсіру Марикультура өнімінің 4/5-ін Азия елдері өндіре Қытайда бұдан 4 мың жыл бұрын басталған, бұл ел әлі күнге дейін әлемдік біріншілікті бермей келеді.

Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ұсақ көлдер мен өзендерді есепке алмағанның өзінде судың алып жатқан ауданы шамамен 394,3 млн. шаршы километр деп есептелінеді. Осы судың 361 миллион шаршы километрге жуығын мұхиттар алып жатыр.

Теңіз бен мухит суларында көптеген балықтар мен судағы ірі хайуанаттар тіршілік етеді, олардың көпшілігі адам үшін пайдалы азық ретінде қолданылады, сонымен қатар зиянды да түрлері көп.

Омыртқалы жануарлар ішіндегі ең кеңінен тарағаны балықтар, кейінгі деректер бойынша балықтар түрінің саны 20000-ға жуық деп есептелінеді. Балықтар түрі өте көп, сан алуан. Олар мухит, теңіз, өзен, бұлақ, су қоймалары үңгірлерінде, артезиан құдықтары мен ыстық қайнар суларында тіршілік етеді.

Біздің республикамызда жалпы көлемі 7 млн гектардан астам үлкенді- кішілі көлдер көп.

Балық өсіретін зауыттар балық уылдырығын қолдан ұрықтандырып өсіріп, көптеген шабақтарды қзен, көлдерг жіберу арқылы балық санының артуына мүмкіндік жасайды.

Тоғандарда балықтарды тым мол мөлшерде жасанды жеммен азықтандырғанда, көптеген органикалық заттар жиналады, олар суды ластайды, содан көптеген ауру пайда болып, балықтарды өлімге ұшыратады.

Өкінішке орай, балықтардың саны жыл сайын азайып барады, оған себеп- ең алдымен экологиялық жағдайлар және көптеген аурулар. Аурулардың ішінде инфекциялық, инвазиялық және жұқпалы емес аурулар балық арасында кең тараған деп айтуға болады.



Балық шаруашылығыхалық шаруашылығының балық аулау, тасымалдау, қорғау және өсірумен, өңдеумен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын саласы. Балық шаруашылығы бағалы тағамдар, балық ұны, майы, теңіз өсімдіктерінен йод, маннит, агар, т.б. емдік заттар, мал азығы мен техникалық өнімдер өндіреді. Қазақстанда 1919 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында ЖайықЖем балық аулау және аңшылық басқармасы, Арал қаласында Түркістан өлкелік балық шаруашылығы басқармасы ұйымдастырылды. Кейін бұл сала тұтынушыларға тағамдық белоктың 20%-ын беретін, қуатты аулау кемелерімен жабдықталған, өндірістік процестері механикаландырылған аса іргелі тамақ индустриясына айналды.[1]

Балық шаруашылығы бағалы тұқымдық балықтарды өсіріп, көбейтетін балық питомниктері, тауарлы-көл және тоған шаруашылықтары, машина-мелиоративтік станциялары, арнайы оқу орындары, балық сататын фирмалық дүкендері жұмыс істейді. Қазақстанның мыңдаған ірілі-ұсақты көлдері мен өзендері балық шаруашылығы қызмет етеді. Олардың жалпы аумағы 7,5 млн. га шамасында. Су айдындарының ең ірілері: Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдері, Қапшағай, Бөген, Бұқтырма бөгендері, Жайық, Ертіс, Есіл өзендері. Дүние жүзі бойынша ауланған бекіре балықтарының 90%-ы Қазақстан балық шаруашылығының үлесіне тиеді. Қазіргі кезде республикада экологияның нашарлауына байланысты су айдынын қорғау, оларды ұдайы мелиорациялау, кәсіптік балықтардың сапасын жақсарту, балық өсіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл міндет Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына және балық қорғау ұйымдарына жүктелген.

Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 млн т-ға жетіп отыр. Оның 9/10-ын теңіздер мен мұхиттардан, ал қалған бөлігі тұщы сулардан ауланады. Балықтың және басқа теңіз өнімдерінің маңыздылығы олардың құрамындағы жануарлар нәруызының (белок) мөлшері мал мен құс етінен кем түспейтіндігіне байланысты артып отыр. Сондықтан қазіргі таңда дүниежүзілік су айдындарында 20—30 мыңға дейінгі ірілі-ұсақты балық және басқа да теңіз өнімдерін аулайтын кемелер жүзіп жүр. Олардың басым көпшілігі ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған балық аулаудан бастап, дайын өнімдер шығаруға дейінгі (әртүрлі консервілер дайындау, кептірілген балық және т.б.) іс-әрекеттерді толық жүзеге асырады.[2]

Исландияның балық аулау флоты бір мың кемеден тұрады, ал жылдық орташа ауланатын балық мөлшері 1,7 млн т, жан басына шаққанда 7 т-дан асады. Бұрын ірі исланд майшабағы мен нәлім аулайтын болса, қазір балық ұны жасалатын мойваны көбірек аулайды. Балық аулап, оны өңдеу жұмыстарымен елдің еңбекке жарамды халқының 40%-ы айналысады. Ел экспортының 3/4-ін балық пен теңіз өнімдері құрайды.

Балық аулау теңіз жағалық елдерінің барлығында таралғанымен, дүниежүзінде ауланатын балықтың жартысынан астамы алты елдің — Жапония, Қытай, АҚШ, Чили, Перу және Ресейдің үлесіне тиеді. Балықтар материктік қайрандар мен жылы және суық мұхит ағыстары түйіскен аудандардан көбірек ауланады. Ертеректе балық аулаудың негізгі ауданы Атлант мұхитының солтүстігінде болса, қазір Тынық мұхитының солтүстігіне ауысты ("Материктер мен мұхиттар географиясынан" балық аулаудың негізгі аудандарын еске түсіріңдер). Балықтар мен теңіз организмдері популяциясынын азаюы дүниежүзілік балық аулау кәсіпшілігін солтүстік аймақтан оңтүстікке, яғни тропиктерге ығыстырды.

Дүниежүзіндегі ауланатын балық пен теңіз өнімдерінің 15 млн т-сы қолдан өсіру — марикультура арқылы алынады. Балықты қолдан өсіру Қытайда бұдан 4 мың жыл бұрын басталған, бұл ел әлі күнге дейін әлемдік біріншілікті бермей келеді. Марикультура өнімінің 4/5-ін Азия елдері өндіреді.


Дәріс -2., ТС-2.,ЛЖС – 2. Балықтың биологиясы мен экологиясы

Балықтың жіктелуі-омыртқалыларға жатады бірнеше кластарға бөлінеді. Домалақ ауыздылар линга теңізінде болады.Тынық Мұхиттада лингалар болады. Сүйікті балықтар класына жатады. Балықтархордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97–98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалған 2-3% шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Қазіргі көптеген балықтардың түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау су қоймаларынан – мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар –2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температурада тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ суға төзетін балықтар да бар. Балықтар дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 граммнан 12 – 14 тоннаға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады.



  • Балық шаруашылығы – балықты өсіріп, тасымалдап, қорғап, аулап, өңдеумен шұғылданатын халық шаруашылығының бір саласы. Балық шаруашылығы бағалы тағамдар, емдік заттар, мал азығын береді. Балықтан ұн, май, теңіз өсімдіктерінен иод, маннит, агар т.б заттар алынады.

  • Балық өсіру – балық шаруашылығының балықтарды жерсіндіретін, олардың жаңа тұқымын шығаратын, қоректендіретін, судағы қорын молайтып, сапасын арттыратын саласы. Балық негізінен табиғи сулар мен тоғандарда өсіріледі. Табиғи суда балық өсіру – өзен, көл, су қоймалары мен теңіздердегі балық түрлерінің сапасын арттыруға және оның қорын молайтуға бағытталған. Адамның іс-әрекетінің нәтижесінде (мысалы, су құрылыстарының салынуы, судың ластануы, т.б.) табиғи сулардағы балықтардың өсіп-өнуі нашарлап, тіпті кейбір түрлерінің жойылуына апарып соқты, сондықтан олардың өсіп-өнуін қамтамасыз ету, сапалы балық түрлерін көбейту сияқты жұмыстардың қажеті туды. Адам әрекетінің кері ықпалы, әсіресе, жартылай өткінші (көксерке, тыран, сазан, торта, т.б.) және өткінші балықтарға (бекіре тәрізділердің, албырттардың көпшілігі, т.б.) қатты тиді. Жартылай өткінші балықтар көлдерде, өзендерде және оның сағасында, ал өткінші балықтар теңіздерде тіршілік етіп, уылдырығын шашу үшін өзен арнасымен жоғары өрлейді. Балықтардың өрлеу жолында кездесетін кедергілер жойылады; мысалы, жыртқыш балықтар ауланады, жыртқыш сүтқоректілер мен құстар үркітіледі, уылдырық шашатын балықтарды аулау уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ суда балық жемінің мол болуы мен судың тазалығы қадағаланады. Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында сақталуы керек. Көктемгі су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да, су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал қазылып, шабақтар өзен-көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді. Мысалы, кезінде Каспийге Қара теңізден кефал, Аралға Балтық теңізінен салака, Қара теңізден камбала, Аралдан Балқаш көліне арал бекіресі мен қаязы, т.б. әкелінген. Тоғанда балық өсіру, арнайы қазылған су қоймаларында жүргізіледі, сондықтан мұндағы балықтар ұрықтануынан бастап үлкейгенге дейін адамның бақылауында болады. Тоған шаруашылықтарында ежелгі тұқыдан басқа көптеген балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, табан, оңғақ, бахтах (форель), бестер, т.б.) өсіріледі. Балықтарды қоректендіру үшін құрама азық қолданылады. Қазақстанда жалпы аумағы үш мың гектардай тоғыз тоған шаруашылығы (Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облысында), он үш питомник және бірнеше арнаулы шаруашылықтар (Атыраудағы бекіре шабағын өсіретін шаруашылық, т.б.) бар.

Сүйір-Семейде Ертісте бар. Бекіре тұқымдастары албырт,қызыл балық, невна тоймен,ревус,қарауыз,шортан. Отряды-тұқы тұқымдастар сазан, табан, мөңге, алабұға. Треска-мәлім,алабұға,көксерке. Қазақстанда балықтардың 107 түрі бар. Шығыс Қазақстанның суларында 37 балық түрі,Ертісте 24 түрлі балық кездеседі. Бас сүйектер тип тармақтарына жатады. Құрылысы ұқсас дене бітімі әртүрлі болғанмен уылдырық арқылы көбейтедіатурасы.Шабақ ерте туады. Температурасы суық қанды жануарлар болған олардың температуралары суға байланысты. Балықтардың шеміршекті,сүйекті шеміршекті балықтардын желбезек қақпағы болмайды. Желбезек саңылауы сыртқа шығады. Денеде көлденең орналасады, торсылдақтары болмайды. Іштей ұрықтанады. Кейбіреулері уылдырық шашады. Қара теңізде-Катран шабақтары.Акула жұп балықтар отряды жатады,бұлар көбінесе субтропикта мекенді. Балға тұқымды акулалар,салмағы 30т кейбірі қауіпті-жыртқыш. Акула нашар көреді,бірақ иіс сезгіш.

Кеңес Одағы аумағында сан алуан пішінді балықтар кездеседі. Қазық құйрық,Манта бұлар уылдырық шашады.

Сүйекті балықтар -33отряд 423 тұқымды дара жынысты қос жынысты болады уылдырық шашады. Сүйекті баалықтар екіге бөлінеді соңғыларының кейбір дене қаңқасының бөліктері сүйектерін шеміршек болып қалады.Мысалы:бекіре отряды жатады,еттерде өте дәмді.Каспийде омыртқа жоталары сүйекті болғандықтан олардың ауыздарынан бастың тұмсық тәрізді болып орналасады.Оны созбақ деп атайды. Каспий, Зайсанда бекіре,шоқыр,қорытпа балық түрлері бар.Тұрқы 9 метрге дейін жетеді. Бекіре тәрізділер –уылдырық шашу үшін өріске шығады.Майшабақ,теңіз майшабағы,килка,албырт, тәрізді отрядтар олардың ерекшелігі бүйір сызықтары жақсы жетілген.Албырт,шортан тұқы тәрізділер отряды Республикада тез тараған отряд кәсіпкерлік деңгейде ауланады.



Қазақстанның ихтиофаунасы.

Қазақстан суларының балықтарын іргелі зерттеу 18 ғасырда Палластың еңбегінен басталады. Ол 1768-1-73жж Санкт-Петербургтін Байқал бойына жасаған саяхаты кезінде Каспий теңізі мен Еділ, Жайық, Ертіс өзендерінің ихтиофаунасын зерттейді. Арал теңізінің балықтары туралы алғашқы деректерді Г.Мейендорф берді.

1853-57жж Каспий су алабын зерттеушілер балық үйірінің динамикасы мен судың биология өнімділігі теориясының негіздерін қалады. Қазақстанның ихтиофаунасын тануда 19ғасырдың 2 ші жартысында ғалым саяхатшылар Н.А. Северцов пен А.П. Федченконың, К.Ф.Кесслердің т.б жинаған мәліметтері мен ғылыми зерттеудің маңызы ерекше болды.Аралда 1929ж Бүкілодақтық балық шаруашылығының ғылыми зерттеуден ин-тының тұрақты, 1933ж Балқашта бөлімшесі, кейінірек Алтай балық базасы ұйымдастырылды.Қазақстан ихтиофаунасын зерттеудің жаңа кезеңі КСРО ҒА-ның 1932ж Қазақстанда ұйымдастырылған базасымен байланысты.Осы кезеңде Қазақстанның ихтиофаунасын зерттеуде Г.В. Никлоьский (Арал су алабы)П.Ф.Домрачев(Балқаш су алабы) және т.б ғалымдар елеулі үлес қосты.

20 –ғасырдың 60 жылдарынан Қазақстанның әр өңіріне лайық балық шаруашылықтарын құру мәселесі биологиялық тұрғыдан дәлелденді,кәсіптік мәні бар аса бағалы балықтар (құбылмалы бахтах, ақ амур,т.б)жерсендірілді, барлық балық түрлерінің морфология және физиология ерекшеліктері, қоректенуі паразит фаунасы мен аурулары зерттеледі. Қазақстан территориясын ихтиогеография тұрғыдан сипаттап, кейбір балық түрлерінің денесінен жерсіндіруге байланысты пайда болатын морфологиялық ерекшеліктер табылады. Республика өзен-көлдерінде биология өнімдер қалыптасуының заңдылықтары, балық өсіру технологиясы іздестірілуде,балық фаунасы жөніндегі мәліметтер жүйеге келтіріліп,қорытылуда.



Ихтиофауна. Биологиялық өнімнің басым көпшілігі су қоймаларында қалыптасады, ал өзендер балық қорын молықтыруда біршама роль атқарады. Бұл орайда Жоғарғы-Ертіс алабы бөлектенген су тоғандарының қосындысы емес, біртұтас, макроэкожүйені құрайды. Сондықтан алаптың жекелеген бөліктерінде биоценоздардың байланыстығы туралы, олардың арасындағы генофондтық алмасу мүмкіндігі туралы мәселе өте маңызды болып саналады. Кестеде бірқатар су тоғандарындағы ихтиофаунаның құрамы көрсетілген, бұл орайда өзендерде биоәртүрліліктің көбірек екені байқалады. Өзендердегі ихтиоценоздардың құрамы сыртқы әсерлерге төзімді, акклиматизанттар мұнда су қоймасындағыларға қарағанда аборигендерден басымдылығы артық.

Қазіргі кезде балық қорын қорғау және пайдалану оңтайлы емес. Бұқтырма су қоймасында жыл сайын 6,0-9,0 мың тонна балық, Шүлбіде – 100-360 тонна, Алакөл көлінде – 200 тонна, Ертіс өзенінде – 5-15 тонна, облыстың көлдерінде – 10-15 тонна балық ауланады.

Шығыс Қазақстан облысының балық шаруашылығы су тоғандары бойынша 2005 жылғы балық аулау 9098,895 тоннаны құрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 06 қазандағы № 963 қаулысымен бекітілген ҚР 2007-2015 жылдарға арнаған балық шаруашылығын дамыту тұжырымдамасында 2007-2009 жылдардағы кезеңге қойылған негізгі міндеттердің бірі “...табиғи су тоғандарын көл-тауарлы және басқа да бейімделген шаруашылықтардың разрядына және олардың пайдалануға қосу режимін ауыстыру, сондай-ақ тауарлы балық шаруашылығын құру және дамыту бойынша нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу (тоғандық, алаптық, тұйықталған жүйелерде және басқалары)...”.

Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арнаған балық шаруашылығын дамыту тұжырымдамасында өткен кезеңдегі республикадағы балық шаруашылығының жай-күйіне ретроспективалық талдау жасалады, дәлірек айтсақ, тауарлы балық шаруашылығы туралы мәселе қозғалды “... өткен жүз жылдықтың 90 жылдары табысты дамыған.... Бейімделген су тоғандарында бір, екі, үш жастағы тауарлы балық өсірілген. 1970 жылдан бастап 1990 жылға дейін тауарлы балық өндіру 0,6 мың тоннадан 9,8 мың тоннаға дейін өсті немесе 14,2 есеге дейін артты. Тауарлы балықты осылайша өсірудің қарқыны бұрынғы Одақтың бір де бір республикасында болған жоқ...”. 1985-1991 жылдары Шығыс Қазақстан облысында тауарлы-көлді балық шаруашылықтарын құру бойынша жұмыстар бейімделген су тоғандарында жүргізілді, оларға облыстың 18-20 көлі мен шағын су тоғандары пайдаланылды (Сібе, Балықтыкөл, Мариновка, Олемба, Совхозное, Шыбындыкөл және басқа да көлдер, Каменка, Шар, Тайынты су тоғандары). Табанбалықтың осы жылғысы, көкшұбар балық (рипус) личинка кезінде жіберілген. Нәтижесінде көпшілік су тоғандарында өздігінен ұдайы өндірілетін үйірлер қалыптастырылды (Шалқар, Ақ Мектеп көлдеріндегі рипус; Балықтыкөл, Шыбындыкөл, Сібе, Кенжебай су қоймалары мен көлдеріндегі табанбалық), не болмаса ұдайы өнбейтін шағын үйірлерге (Шыбындыкөл, Сібе, Кенжебай көлдеріндегі ақ амур мен дөңмаңдай балық) айналды. 1990 жылдың басында балықтандыру мен енгізілген балықтарды азықтандыру бойынша жұмыстар тоқтағаннан кейін көптеген су тоғандарындағы балықтардың ауланудың және табиғи өлуінің барысында құнды түрлері жойылып кетті, ал табиғатқа бейімделген басқа дарақтар өсу қарқыны төмен рипус пен табанбалықтың аздаған жерлігікті үйірлеріне ауысты.

“... 1990-2005 жылдары тауарлы балық шаруашылығы республикада жүргізілген жоқ. Осы жылдары тауарлы балықты аулау 150 тоннаға дейін азайып кетті. Республиканың жаңа экономикалық қатынастарға көшуі кезеңінде тауарлы балық шаруашылығын мемлекеттік реттеу жүйесі жұмыс істеген жоқ. Осы бағытты дамыту бойынша қандай да болмасын республикалық бағдарламаның жоқтығы балық шаруашылығы субъектілерінің осы салада толыққанды қызметті жүзеге асыруларына мүмкіндік бермеді...”. Шығыс Қазақстан облысында 2002 жылы облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 03 мамырдағы № 15-ІІ шешімімен “Облыстың 2002-2004 жылдардағы кезеңге арналған балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы” бекітілді. Бағдарламаның пункттерінің бірі “... облыстың көлдері мен шағын су тоғандарын негізделген су пайдалануға беру және оларда тауарлы балықты өсіруді ұйымдастыру...”. Балық шаруашылық мақсаты үшін беруге жарамды ту тоғандарының тізімі жасалды, оған облыстың 40 шағын су қоймасы мен 29 көлі енгізілді. Содан бастап көлдер мен шағын су қоймаларын балық шаруашылығы мақсаттары үшін жекеменшікке беру бойынша жұмыстар басталды.

Шығыс Қазақстан облысында су қорының көп болуына қарамастан, су тоғандарының барлығы бірдей балық шаруашылығы мақсаттарында қолдану үшін жарамды емес. Облыста балық шаруашылығы мақсатындағы су тоғандарының үш санаты бар:

1) балығы жоқ және балық шаруашылығы үшін болашағы жоқ;

2) ерекше табиғат қорғау құндылығы бар;

3) балықтардың санын көбейтуге және балықтың құнды түрлерін өсіруге жарамды.

Балығы жоқ көлдер мен су тоғандары (мысалы: Әмірекөл, Батырхан, Белкөл, Көзілкөл, Құрым-Байкөл, Малая Уба су қоймасы) балықтың өмір сүруі үшін жарамсыз гидрохимиялық құрамы бар (көпшілігі биік таудағы тоғандар), не болмаса температурасының төмендігі мен су алмасу коэффициентінің жоғарғылығы (таудағы су қоймалары) оларды балық шаруашылығын жүргізу үшін болашақсыз етуде.

Облыстың он жеті көлі ерекше қорғалатын аумаққа жатқызылғандықтан, оларда табиғатты пайдалану шектелген. Бұл объектілер табиғат ескерткіші, не болмаса қорықша болып табылады, онда шаруашылық қызметке мүлдем тыйым салынған (Марқакөл), не болмаса туризмді және спорттық-әуесқойлық балық аулауды ұйымдастыру үшін пайданылады (Сібе, Айыр).

Облыстың 100-ден астам шағын су тоғандарының бұрын пайдаланылуы, не болмаса балық шаруашылығы мақсаттары үшін қазір пайдаланылып жүруі мүмкін. Кейбір кәсіптік су тоғандарында балықты қарқынды аулау жүргізілуде, бірақ мынаны есте сақтау қажет – шағын су тоғанында қарқынды маусымдық балық аулағаннан кейін балық қорының қалпына келтірілу үшін 4-5 жыл қажет. Сондықтан кәсіпшілік ретінде пайдалану үшін шағын су тоғандары тиімсіз. Балық өсіру үшін бейімделген көлдер мен тоғандарда жыл сайын табанбалықтың, дөңмаңдай балықтық, ақсақабалықтың, ақ амурдың 2 мың тоннадан артық құнды өнімін алуға болады.

Қазіргі кезде облыста “Шығыс Қазақстан облысының 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсібі кешенін тұрақты дамытудың өңірлік бағдарламасы” жұмыс істейді. Бағдарламаның тармақтарының бірі “... жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын пайдаланушыларға конкурстық негізде бекіту...” болып табылады. 131 су тоғаны енгізілген тізбе жасалды. Тізбе облыс әкімімен бекітілді. Су тоғандары белгіленген пайдалану режиміне қатаң сәйкес пайдаланылуы керек екенін ескеру керек.

Мысалы, арнайы уәкілетті органның бекіткен, балық шаруашылығы ғылымының негіздемесінсіз балық пен омыртқасыздарды өз бетімен су тоғанына жіберу қылмыстық жауапкершілікке дейін заң бойынша қудаланады. Бұдан басқа, су тоғандарында балық шаруашылығын судың химиялық құрамының есебі мен қажетті тыңайтқыштарсыз, жергілікті ихтиофаунаның құрамынсыз қате жүргізу, мелиорация іс-шарасын жүргізбеу балық шаруашылығын тиімсіз жүргізуге, өсірілетін балықтың қырылуына әкеліп соғады, су тоғанының экологиялық ахуалына зиян келтіреді.

Көпшілігінің қазір иелері бар. Әрбір нақты су тоғаны үшін ғылыми-өндірістік орталықтың Алтай филиалының мамандары балық жіберу үшін объектілерді анықтайды, өсіру материалдарының нормаларын есептейді және балық шаруашылығын жүргізу бойынша ұсыныстарды әзірлейді. Ағымдағы жылы Қақастан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 57 қаулысымен “Жерсіндіру және су тоғандарын балықтандырудың республикалық схемасы” бекітілді, оған Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының Алтай филиалының материалдары енгізілді. “Схемада ...” ірі су тоғандарын балықтандырумен қатар, су тоғандары және облыстың шағын су тоғандарын балықтандыру және балықтарды жерсіндіру объектілері анықталды.



ИХТИОФАУНА-(грекше ichthys-балық және фауна) белгілі бір су айдынында ,аймақ суында тіршілік ететін су айдынында тіршілік ететін балықтарды айтады. Көптеген су айдынының ихтиофаунасының құрамынадаму тегі ,алғашқы мекені әр турлі балықтар болуы мүмкін. Мысалы:Арал теңізінің су айдынының ихтиофаунасында Каспий ,Туркістан,т.б балық турлері жатады.
Есіл алабының ихтиофаунасы – су алабы ихтиофаунасының құрамын қалыптастыратын су айдынының тереңдігі мен қысқы суыққа бейімділігінің негізгі факторлары болып табылады. Есіл өзенінің жергілікті ихтиофаунасы Об, Ертіс су алабының ескі арнасына тән өзен-көлдік айдындарында кездеседі, олардың 15 түрі (шортан, сібір балығы, сібір елеці, язь, көл гольяны, қара балық, сібір теңге балығы, алтын және күміс табан балық, сібір голеці, сібір итмұрыны, лақа, тоғызинелі, тікенек балық, кәдімгі алабұға, кәдімгі таутан) бар. Жайылмалы көлдерге балықтардың бұл түрлері көктемгі су тасқынында келіп, су деңгейі төмендегенде өзен арнасына қайтып кетеді. Аум. 50 га, қуатт. 200 млн. бағалы балық личинкасы инкубациялық цехы бар Петропавл балық питомнигі сиг балығы мен карпты жасанды жолмен өсіруде. Балық ш-н ғыл. қамтамасыз етуді Қазақтың балық ш. ҒЗИ-дің Солт. Қазақстан бөлімшесі жүзеге асырады.
Бұқтырма су қоймасы – Жоғарғы Ертіс бассейнінің көлемді және өнімді суқоймасы, ол жалпы биоөнімнің 80-90% береді. Бұқтырма су қоймасында қазіргі кезде жергілікті ихтиофаунасы құрамындағы балықтың 16 түрі мекендейді, соның ішінде өнімділері – шортан, алабұға, торта, аққайран, оңғақ, мөңке, лақа, сонымен қатар – табан, көксерке, сазан, көкшұбар, ал бекіре, ақбалық-нельма, таймень мүлде құрып кетті, шортан, оңғақ, мөңке, таутан, сазан, лақа сияқты балықтар аулауға өз маңыздарын жоғалтты. Балық аулау табысының негізін жерсіндірілген – табан және көксерке құрайды. Соңғы жылдары, деңгейлі тәртіпті жасанды реттеу балық өндірісіне жағдай жасап отырғанда, осы немесе басқа уақыт кезеңіндегі табиғи сулылық балықты қайта өндіруде үлкен рөл атқара бастады. Судың аз болған жылдары, өзендерде тасқын шамалы кезінде, балықтар негізінен су қоймалардың жағалауларында уылдырықтайды. Судың мол жылдарында, тасқын жеткілікті болғанда, балықтың көп бөлігі өзендерде уылдырықтайды.

Бұқтырма су қоймасының салынғанына 40 жыл болды. 60-80 жылдары балықтардың және омыртқасыз жануарлардың жаңа түрлерін жерсіндіру жұмыстары жүргізілді, сонымн қатар жергілікті түрлердің популяцияларының жаңа өмір сүру жағдайына бейімделу өзгерістері жүрді, осы аз тарихи кезеңде тұрақты ихтиоценоз қалыптасуы мүмкін емес еді. Биоценозда сукцессиондық процестер әлі ұзақ уақыт жүретін болады.

Табанның популяциясы 80 ж-ң ортасына дейін және көпшұбардың популяциясы 90 ж-ң ортасына дейін азық-түлікпен жеткілікті қамтамасыз ету нәтижесінде тез дамыды; даралардың өсуі және көбеюі жоғарғы қарқынмен жүрді. Азық қоры азайғаннан кейін бұл даралардың биологиялық көрсеткіштері күрт төмендеді, паразиттік ластау көздері пайда болды, ауру көбейді. Нәтижесінде табанның тоғандарда және көкшұбардың тереңсулы учаскелерде супербасымдылығы қазір сұрақ астында.

Соңғы жылдары көксеркеге сұраныс көбеюде , оның нарықтық бағасы басқа балық өнімдеріне қарағанда 3-5 есе қымбат. Осығын сәйкес кәсіпшіліктің беталысы да өсуде. Бір нәрсе белгілі – Бұқтырма суқоймасы барлық параметр бойынша қазір де, болашақта да Ертіс бассейніндегі негізгі балықөндіретін суқойма болады.Көктемде көлді-өзенді бөлікте тор арқылы аулау жоғары болады, ондағы аулау мөлшері өзен сағасы маңындағы кеңістікте 16,3 кг/тор , орташа 5,17, жазда 6,21 кг/тор орташа мөлшерде 4,02, бірақ бұл жерде балық аулауға шаянның тез өсуі және көптігі кедергі келтіреді. Таулы бөлікте тормен аулау 0,22-ден 3,05-ке дейін құбылады, орташа тәулігіне 1,32 кг/тор. Күз кезінде аулау жаздағы сияқты орташа 1,28 кг/торды құрайды.Бұқтырма суқоймасындағы бағалы балық қоры ақырындап азайып барады. Реттейтін органдардың негізгі міндеттерінің бірі көксеркені ғана өндіруден кәсіпшілікті барлық ихтиофаунаны игеруге қайта бағдарлау, аумен аулаудың үлесін арттыру, балықты қайта өңдеуді ұйымдастыру (балық ұны, фарш, консерва, т.б.).



1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет