Дәріс тақырыбы: Дүниетанудан оқу құралдары



Дата23.04.2020
өлшемі7.19 Mb.

Дәріс тақырыбы: Дүниетанудан оқу құралдары

Жоспары:

  • 1. Оқулықпен жұмыс істеу
  • 2. Бейнелеу құралдарымен жұмыс істеу
  • 3. Сұлбамен,картамен, глобуспен жұмыс істеу
  • 4. Экрандық құралдармен жұмыс
  • 5. Дүниетану сабақтарында тәжірибелер

Оқу құралдары

Оқу құралдары төмендегідей бөлінеді:


Басылымдар (оқулықтар, анықтамалар, нұсқаулар, инструкциялық-технологиялық карталар, плакаттар, карточкалар);

Экрандық(диапозитивтер, диафильмдер, кинофильм, компьютер, интерактивті тақта);

Дыбысты (аудиожазбалар, бейнежазбалар).

Экрандық оқу құралдарына диапозитив , диафильмдер , сондай үнсіз көрсетілетін киноүзінділермен , кинофильмдер жатады.

  • Оқу диапозитивтері оқу және тәрбие мақсатында қолдануға алынған бейнелер топтамасы, оларды фотографиялық тәсілмен түссіз материалға түсіреді. Сөйтіп диапроектор көмегімен бейнені
  • жазықтыққа түсіріп көрсетеді.
  • Сонымен қоса экрандық құралдарға - стереоскопта, транспоранттар да жатады.

Оқушылардың географиялық картаның түрлерімен жұмыс істеу біліктілігі мына төмендегі қалыптасқан құзыреттілігімен өлшенеді:

  • - өздері тұрған қалалары не ауылдарының планын қолданып, жұмыс істей білу;
  • - өзінің туған қалалрының не ауылының карта сызбасын қолдану шеберлігі (ауыл планымен, жақын қаланың карта-сызбасымен);
  • - физикалық картаны оқи білу;
  • - атластағы климаттық картаны тану, оны оқу;
  • - табиғи зоналар картасын танып, оны қолдану арқылы табиғат ерекшелігін сипаттау;
  • - жер бедерлерінің ерекшелігін картанын бояуы бойынша ажырата білуі;
  • - физикалық картадан тапқан нысандарды кескін картаға түсіру.

Дүниетану сабағындағы тәжірибелер

  • Дүниетану пәнін оқытқанда тәжірибе көрсету маңызды орын алады. Олар заттар мен денелердің физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерін анықтау, табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін қажет. Мысалы: тау жыныстарының мүжілуі, судың, ауаның, топырақтың қасиеттерін зерттеу кезде осы әдістер қолданылуы керек. Тәжірибелердің педагогикалық құндылығы оларды орындау кезінде оқушылардың білімі, дағдылары мен машықтары ұштасатынымен, дербестігі тәрбиеленетінімен анықталады. Сондай-ақ зертханалық құралдардың атауын меңгеру, оларды дұрыс қолдана білу техникасын үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет