Дәріс Тақырып: Сана және өзіндік сана. Пән: ор 1213 психология негіздері мамандық: 5В130200 «Стоматология» мамандығы үшін Курс: 1 Семестр: 1 Қарағанды 2014ж. Кафедра мәжілісінде қарастырылып және бекітілді 2014



жүктеу 135.34 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі135.34 Kb.
: Stomatologiya -> 1%20kurs
1%20kurs -> Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген
1%20kurs -> Тақырыбы: Аралық бақылау Мамандығы
Stomatologiya -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
1%20kurs -> 2007 ж. 14 маусымдағы №6 нх
Stomatologiya -> Қмму ф 4/3-05/03 2007 ж. 14 маусымдағы №6 нх
Stomatologiya -> 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
Ф КГМУ 4/3-03/02

ПП КГМУ 4/02

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар кафедрасы




Дәріс
Тақырып: Сана және өзіндік сана.
Пән: ОР 1213 ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

Мамандық: 5В130200 «Стоматология» мамандығы үшін


Курс: 1


Семестр: 1




Қарағанды 2014ж.


Кафедра мәжілісінде қарастырылып және бекітілді

__ __2014. № ____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент _________________ Мациевская Л.Л.



Дәріс № 3

Тақырыбы: Сана және өзіндік сана .

Мақсаты: «Сана және өзіндік сана» ұғымымен студенттерді таныстыру, сананың психологиялық концепциясы ұғымдарына негіз беру.

Дәріс тезистері: Психологияда жеке адам жөніндегі әлеуметтік концепция да (Дюрггейм) кең тараған. Америка Құрама Штаттарында, әсіресе әлеуметтендіру теориясы деп аталатын концепция талдап жасалынуда. Бұл теория бойынша, биологиялық тірі жан иесі ретінде өмірге келген адам өмірдің әлеуметтік жағдайларының әсері арқасында жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Бұл ретте өзара қарым-қатынасқа және психологиялық өзара ықпалға шешуші мән беріледі де, ол адамдардың экономикалық және саяси қатынастары мен олардың жеке адамға әсері есепке алынбайды. Бұл концепцияның өкілдері конформизм құбылыстарын зерттеуге немесе әлеуметтік топтардың жеке адамға жасайтын ықпалына көп назар аударады. “Группизм” психологтары топтардың талабына, басқа сөзбен айтқанда, тәртіптер жеке адаманың саналы немесе санасыз түрде бейімделуге ұмтылуын жалпыға бірдей заңдылық дейді. Бұл ретте комформизмді универсал механизм деп санайды.

Шындығында, топтың, коллективтің жеке адмға ықпалы әр түрлі сипатта болуы мүмкін. Бұл жеке адамның ерекшеліктеріне, оның идеялық көзқарасына, мінез-құлқына да, сондай-ақ сыртқы ықпал ерекшелдіктеріне де байланысты. Жолдастық ынтымақтастық және өзара көмек жағдайында коллектив пен жеке адам арасындағы өзара қатынас принципі, ал коллектив мүшесмінің көпшілік мүддесі үшін істеген әрекеті – нағыз коллектившіл адамның ісі болып табылады. Мұндай әрекеттің еліктеу тұрғысындағы мінез-құлыққа ешқандай қатысы жоқ.

Ендігі бір әлеуметтік-психологиялық концепция оқып-тоқу теориясы дегенге саяды. Бұл теория бойынша, жеке адамның өмірі, оның қатынастары – оқудың, бірқатар білімді меңгерудің нәтижесі (Э.Торндайк және басқалар). Әрине, оқу мен білімнің өмірлік, оның ішінде, жеке адамды қалыптастыруда да үлкен маңызы бар. Алайда жеке адамның бүкіл дамуын тек оқудың ғана нәтижесі деп қарауға әсте болмайды. Оның қалыптасуына өмірдің өзі, еңбек, адамдар арасындағы қатынастар шешуші ықпал етеді.

Шетел психологиясында рольдер теориясы өте кең тараған. Бұл теория бойынша әр адам өмірде өзіне ғана арналған белгілі бір рольді орындаушы ғана. Орындайтын роліне байланысты жеке адамның мінез-құлық сипаты мен оның басқа адамдармен қатынасы анықталады.

Әрине, жеке адамның ролін зерттеу психологиялық теория үшін де, әлеуметтік практиканы түсіну үшін де маңызды. Алайда психологияда роль тек психологиялық қатынастар жүйесінде ғана қарастырылып, онда жеке адамның ұстанатын позициясын да, оның қоғамдық өмірдегі орнын да анықтайтын материалдық, саяси және идеологиялық қатынастар есепке алынбайды. Жеке адамның әлеуметтік ролін түсінуге таптық тұрғыдан келмеу – роль теориясын зерттеушілердің бәріне де тән құбылыс.

Ақырында, жеке адам психологиясын талдаудағы белгілі бағыт Курт Левин және оның көптеген шәкірттері ұсынған өріс теориясы болып табылады. Бұл концепция бойынша индивид мінез-құлқы шарасыз. Жеке адам тартылыс және керу тебу күштерінің сыртқы өрісі бойымен қозғалады. Левин концепциясы гештальттық болып табылады. Жеке адам ситуацияда, топта қарастырылғанмен мұнда оның мінез-құлқын айқындайтын экономикалық және саяси жайттар есепке ланыбайды.

Көріп отырғанымыздай, бұл теориялардың қай-қайсысы да адамның әлеуметтік мәнез-құлқын жеке адамның немесе ортаның томаға-тұйық қасиеттеріне сүйене отырып түсіндіреді. Бұл ретте адамның мінез-құлқын айқындайтын объективті қоғамдық өмір жағдайлары мүлде ескерілмейді. Бұл теориялар шындығында қоғамның, әлеуметтік топтар мен жеке адамның дамуының шынайы заңдлықтарын елеусіз қалдырады.

Жеке адам теориясын жасауда отандық психологияда тұңғыш рет қатынастар проблемасын күн тәртібіне қоюшы және қатынастар жүйесінің өмірдіңі әлеуметтік жағдайларына тәуелділігін нақтылы көрсетіп берген орыс психологы А.Ф. Лазурский еңбектерінің маңызы өте зор.

Адам”, “жеке адам”, “даралық” түсініктерінің арақатынасы. Қоғамдық ғылымдарда да, сондай-ақ күнделікті тұрмыста да,
“адам”, “жеке адам”, “даралық” түсініктері кеңінен қолданылады. Соның өзінде олар не бір мағынада алынады да, не бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Мұның алғашқысы да, кейінгісі де қате пікір.

Адам туралы түсінік. Түпкі және тектік, бастапқы түсінік “адам” болуға тиіс. Адам – бұл, ең алдымен, Homo Sapiens түріндегі сүт қоректілер класына жататын биологиялық тіршілік иесі. Басқа жануарлардан айырмашылығы адамда сана бар, яғни ол сыртқы ортаның мәнін де, өз жаратылысын да танып біледі және осыған орай парасатты түрде, ойланып әрекет жасайды. Адам биологиялық тек ретінде негізгі ерекшеліктері мыналар болып табылатын айрықша дене бітімімен сипатталады: денесін тік ұстап жүру, тану мен еңбекке бейімделген екі қолының болуы, әлеуметтік жағдайларда өмірді өз танымында бейнелеп және оны өз қажеттілігіне, мүддесі мен мұраттарына қарай қайта құруға бейім жоғары дәрежеде дамыған миының барлығы.

Адам, сонымен бірге қоғамдық тіршілік иесі әрі бұл оның ең елеулі белгісі. Қоғамдық өмір мен еңбек адамның табиғи құрылымын жетілдіріп қана қойған жоқ, сондай-ақ оны өз еркіне бағындырды да. Адам - өзінен-өзі қоғамдық өмір жемісі болып табылатын сананың таратушысы. Тек қоғамда және қоғамның игі әсері арқасында ғана адам танып-білуге жіне еңбек етуге қабілетті болып қоймайды, сонымен қатар өзінің ішкі процестерін сезінуге, тілегі мен жағдайын сыртқы өмір жағдайларымен үйлестіре білуге, парасатты түрде іс-әрекет жасауға бейімделеді. Өзіндік сана-сезім адам санасы дамуының филогенездегі (тектің тарихы) де, сондай-ақ онтогенездегі (индивидтің өмір тарихы) де шыңы болып табылады.

Адам алуан қырлы міне, сондықтан да ол жаратылыс тану ғылымдарының да, қоғамдық ғылымдардың да зерттеу объектісі болып табылады.

«Орташа ақылы» бар адамдарда интеллект пен творчестволық қабылеті бір-бірімен тығыз байланыстан. Қалыпты интеллекті бар адамда қалыпты творчестволық қабылеті бар. Тек бір деңгейде ғана интеллект пен творчество бөлінеді. Бұл деңгейде IQ орналасқан, 120 тең.

Интелект коэффициентін тестпен өлшенеді. Қазіргі уақытта интеллектті өлшеу үшін Стенфорд-Бинетостжье Велслер бағанасын қолдананады. IQ 120 жоғары болса творчество мен интеллект қызметі арасында корреляция жоғалады, өйткені творчестволық ойлау өз ерекшеліктері болады.

Творчестволық ойлау.

1.пластикалық. Яғни жәй адамдар бір, екі ғана шешім қолданса, творчестволық адамдарда бірнеше шешімдер болады.

2.қозғалмалы яғни творчестволық ойлауда мәселенің басқа аспектелеріне, тез ауыса алады. Бірғана көзқараста қалмайды.

3.оригиналары: күтпеген жерден, әдептен тыс шешімдер қолданады.

Творчестволық ж/е интеллектуалдылық туа біткен қабылет емес Фергюсан айтқандай «творчестволық қабылет қүралмайды, босап шығады».

Творчестволық азаттық пен нәтижеге келесі параметрлер тән


  • ойлаудың байлығы (бір уақытта бірнеше жаңа идеялар болу)

  • ой жылдамдығы (бір тапсырмадан келесіге тез ауыса білу)

  • оригиналдығы (табиғи)

  • білімге құлшыну

  • гипотеза ойлап шығаруға қабылет

  • ирпелеванттылық-белсендіруден логикалық реакциялар тәуелсіздігі.

  • фантастикалық-жауаптық шындықтан бөлінді, реакция мен белсендірудің логикалық байланысы анықталғанда

Аталған параметрлер Гинфордтың кубтық моделі құрамына кіреді-«дивергентті ойлау».

Дивергентті ойлау «әртүрлі бағытта бғытталған, ойлау типі». Бұл ойлау

проблеманы шешуге мүмкін болатын , әртүрлі күтпеген нәтижелер мен қорытындыларға алып келді . Гильфорд креативтіліктің 6 параметрін келтіреді.

1. мәселені анықтау қабілеті.

2. көп мөлшерде мәселені генерациялайтын қабілет

3. семантикалық спонтанды жылдамдық - әртүрлі ойлап табу қабылеті

4.оригиналдық бөлек ассоциациациялардың ойлап табу қабылеті, ерекше жауап, стандарттан тыс шешу.

5.объектілі көркемдеу, бөлектерді қосу керек

6.стандартты емес шешімдерді қабылдау.

Гильфорд бірнеше креативтіліктың тесттін жасап шығарды. Гильфорд жұмысын Торранс жағастырды. Ол балалардан үлкендерге дейін творчестволық қабылетін анықтауға тесттер жасап шығарды: бірінші зертеген адам анаграмма шешімдерін, конвергенті ойлау жаттықтыру үшін.

Сосын сурет бойынша болатын және болмайтын жағдайды ойлап табу керек, суреттегі ситуацияны тудырған, оның болады деген нәтижесін болжау керек, сосын зерттелетін адамға бір затты көрсетіп оның мүмкін болатын қолданыларуын табу керек. Торранстың айтуы бойынша, осы тренингтен өткен адамның стандартты емес және творчестволық ойлауы шекарадан тыс дамиды. Торранс батареясына 12 тест кіреді, ол үш творчестволардың бағытын зерттейді, сөйлеу творчестволық ойлау, бейнелеу творчестволық ойлау, сөйлеу-дыбыстық ойлау. Интеллекті инкреативтілігі жоғары балалар өз қабылеттеріне сенімді, өз бағасына биік қарайды.
Оқытудың дұрыс ұйымдастырылуы ой мен дене жұмысының және дұрыс демалудың да біркелкі бөлінуінің психопрофилактикада маңызы зор. Жүйке-психикалық зақымданудың алдын алу, яғни дәрістердің белгілі бір жүйемен ауысуын көздейтін сабақ кестесін жасауға қатысу мектеп дәрігерінің міндетіне саналады. Бұл орайда ұнамды эмоцияларға толы белсенді сауықтыру ойындарын ұйымдастырудың пайдасы мол. Еңбек психогигиенасының мақсаты – жоғары автоматтандырылған, бір қалыпты ырғақты, конвейер жүйелі өндірістің зиянды жағдайларын азайту. Мұндай ұнамсыз әсерлерді азайтуда өндіріс гимнастикасының, сауықтыру кабинеттерінің орны ерекше. Адамдар арасындағы дұрыс мәдени қарым-қатынас, психикалық зақымдануды тежесе, ал өзгенің қайғысына қынжылмайтын пиғылы теріс, менмендік, тәкаппарлық, басқаларға немқұрайды қарау жарақат тудырады. Психогигиеналық проблеманың кадрларды іріктеуде, әсіресе қолында билігі бар адамдарға қатынасы бар. Кейбір лауазым иелерінің психикалық жағынан өзгеруі туралы жоғарыда айтылды. Өзіне бағынатын адамдарға немқұрайды, не дөрекі қарауға болмайды.

Психогигиенаның негізгі міндеті – адамдар қарым-қатынасында психиканы зақымдайтын жағдайлар мен себептерді азайту. Оның негізгі міндеттерінің бірі - өндірісте де, тұрмыста да шумен күресу. Көшедегі көлік, радиоқабылдағыш, теледидар мен әуез аспаптарының шуы неврология, невроз ауруларын тудырады. Психогигиеналық кешенде жыныстық өмірдің психогигиенасы белгілі орын алады. Әр түрлі үйлеспеушіліктің алдын алу үшін бала жастан саналы жыныстық тәрбие беруді енгізу қажет. Мектепте оқушыларға жыныстық тәрбие беруді енгізу қажет. Балалық – жасөспірім уақытынан әр деңгейдегі (интеллекті, инстинкті) жыныстық қарым-қатынасты білу неврозды тудыратын үйлеспеушлікті азайтады. Жыныстық сезіммен байланысты невротикалық және басқа бұзылулардың алдын алу үшін жыныстық дамудың жасқа қарай мерзімдерін, жыныстық ерекшеліктерді білу қажет. Бұл мәселелерді жыныс туралы ғылым – сексология (латынша “секс” – жыныс, “логос” - ғылым) ғылымы зерттейді.

Ғылымның урология, эндокринология, психиатрия, неврология, гинекология, дерматовенерология салдарымен байланысты бұл тарауы 1950 жылдардан бастап дамыды. Медициналық сексология, не сексопатология клиникалық медицинаның саласы ретінде жыныстық бұзылудың функционалды, эмоционалды, дербес жақтарын зерттей отырып, диагностикалық, емдеу және алдын алу шараларын белгілейді. Қазіргі кезде сексопатология жеке клиникалық пән болып саналады.

Жыныстық сана платондық, эротикалық және сексуалдық болып үш кезеңге бөлінеді. Платондық мерзімде қиялда білінетін махаббат болады. Эротикалық кезеңде қарама-қарсы жынысқа жақындасу туралы ой келеді, 7 жасар балалар қыздардың шашынан тартып, қолынан ұстап, жай ғана жанасады. Қыздар эротикалық кезеңде тоқтап қалуы мүмкін. Бұл кезеңде және басқа кезе парнографиялық фильмдер зиянды әсер етеді.

Жеке адамның жыныстық қажеттілігі, басқаша айтқанда, жыныстық қабілетінің деңгейі жыныстық конституциясымен айқындалады. Жоғары жыныстық белсенділік 9-12 жастағы пубертаттық мерзімде басталады, егерде 16 жастан кейінгі мерзімде басталса, төменгі деңгейде көрініс береді.

Ер адамдардың жыныстық белсенділігі 18-20 жастан басталып, 60-65 жасқа дейін, кейде 70 жасқа, тіпті одан да ұзаққа созылады. Жыныстық қабілеттің шыңы 20-25 жастағы еркектерде байқалады. Әйелдерде ең жоғарғы түрде жыныстық қабілет 44-50 жастағыларда болады. Кейінгі кезде әйелдердің жыныстық қабілетіндегі үзіліс (етеккір тоқтайтын мезгілі) жоғарыда айтылған жастан кешірек болатыны анықталды (53-55 жас). Бірақ мұнан да кейін төмендеген түрде гоммоналдық қызмет сақталады. Әйелдердің жыныстық қабілетінің еркектерге қарағанда биологиялық талғамы бар. Қалыпты жағдайда әйелдердің аналық инстинкті жыныстық құштарлыққа қарағанда басым келеді.

Жыныстық қабілеттің сөну шегін айқындау қиын. Бұл сөну біртіндеп жыныстық құштарлықтың азаюымен байланысты. Медициналық сексология туралы қазақ тілінде әдебиет жоқтың қасы. Белгілі қазақ ғалымы Ишанбай Қарақұлов “Сырласу” атты кітабында “Қазақтар нақ бүгінге дейін жыныстық тәрбиені сөз етуді ұят көреді” деп жазды, сөйте тұра, басы қосылған кезде “Ұлы сөзде ұят жоқ” деп, қай-қайдағыны әңгіме қылады. Біздіңше, ұят санаудың жөні жоқ дейді. Жыныстық тәрбиенің мәселелерін автор жалпы жұртшылыққа арнап жазған. Мәселен, мұндағы “Әр елдің салты басқа”, “Келіндерге не айтар едіңіз?” атты тарауларда жас буынға құнды кеңестер берілген.

Жалпы мемлекеттік психопрофилактикалық және психогигиеналық шаралар халықты салауатты түрде тәрбиелеу, маскүнемдіктің, нашақорлықтың және уланудың алдын алуды көздейді. Алдын алу шаралары әсіресе балалар, жасөспірімдер, жігіттер, қыздар мен әйелдер арасында тиімді жүргізілуі қажет.

Эмоциялар мен ерік психологиясы. Стресс және фрустрация. Фрустрация – мақсатқа жетуге кедергі келтіретін,нақты немесе ойдан шығарылған кедергі нәтижесінде пайда болатын психикалық жағдай.

Фрустрацияның эмоциональдік көрінісі болып қорқыныш сезіну,көнілі қайту,ызалану жатады.

Фрустрацияға жақын түсінік – эмоциональдік стресс іс жүзінде шегі жоқ термен,адамның эмоциональдік жағдайының кең көлемін көрсетеді,әртүрлі дезадаптирлеуші әсерлерге жауап ретінде пайда болады.

Стресстің 3 сатысын айырады:



  • қорқыныш сатысы (адаптациялық,,барлық резервтер іске қосылады)

  • тұрақтылық сатысы (жаңа жағдайларда энергияның мөлшерімен жұмсалуы)

  • әлсіреу сатысы (адаптациялық резервтер таусылуы)

Стресс- өмір жағдайының өзгеруіне реакция,жаңа жағдайға бейімделу процессі, ағзаның кез-келген оған бағытталған қалауға арнайы емес жауабы.

Стрессорларды еүріне қарай былайша бөледі:

-физиологиясының стресс (жұмыс тәртіп өзгерісі,ауыр дене еңбегі,аптап ыстық ,қатты суық ,оттегі жетіспеу,ауырсыну)

-психологиялық стресс (өмір жағдайының айтарлықтай өргеруі,жақын адамдарынан айырылу,ақпараттарағынының көбеюі,реніш және т.с.с)

Гонс Селье бейімделу синдромының келесі даму фазаларын бөліп қарастырады:


  • үрейлену реакциясы-бұл сатыда симпатикалық жүйке жүйесі қозады және бүйрек үсті бездері қанға «стресс гормондарын» -адреналин мен норадреналин бөлінеді.

  • қарсыласу фазасы- бұл сатысы бүкіл ағзаның стресстік жағдайды өту үшін жанталаса жүреді.

  • әлсіреу фазасы – бұл фаза егер стресстік жағдайлар арасында күшін жинап үлгермесе болады.

Көрнекі құралдар: «К.Изорд бщйынша басты эмоциялар» кестесі.

Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа дамдармен байланысыеың алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.



Жеке адам қоғамдық қатынастардың әрі объектісі, әрі субъектісі. Қоғам мүшес і жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланыстьы туындайтын қатынастардың ықпалында болады.

Жеке адам сондай-ақ саяси қатынастардың әсеріне де тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе езгіде жүр ме, саяси құқы бар ма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға праволы ма, қоғамдық өмір мәселелерін талқылауға қатыса ма немесе үстем таптың ырқын жай ғана орындаушы ма – осылардың бәр-бәрінен жеке адам психологиясы тәуелді болып отырады.

Жеке адам сондай-ақ идеологиялық қатынастар әрекетінің ықпалында болады. Идеология, не қоғам жайындағы идеялар жүйесі жеке адамның психологиясын, дүние танымын, әлеуметтік бағдарларын қалыптастырады. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру жеке адамның қоғамдық құбылыстарда дұрыс бағдар ұстауына және қоғам дамуындағы өзінің орны мен ролін айқын аңғаруына көмектеседі. Қоғам жеке адамға мектептегі оқу мен тәрбие, радио, теледидар және де басқа бұқаралық насихат құралдары арқылы идеологиялық ықпал етеді.

Жеке адам психологиясының қалыптасуына сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясы да әсер етеді. Қарым-қатынас процесінде адамдар бір-біріне ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде көзқарастағы, әлеуметтік танымдағы ортақтық және қоғамға деген қатынастардың өзге де түрлеріне, еңбекке, адамдарға, өз басының қасиеттеріне ортақ көзқарас қалыптасады.

Жеке адамның сыртқы ортамен қарым-қатынас ауқымы неғұрлым кең болса, оның өмірдің әрқилы жақтарымен байланысы соғұрлым алуан түрлі болады, ол қоғамдық қатынастар дүниесінесоғұрлым тереңірек бойлайды, соғұрлым оның өз рухани дүниесі байи түседі.

Жеке адамның белсенділігі. Жеке адам қоғамдық қатынастардың тек объектісі ғана емес, сондай-ақ субъекті де, яғни белсенді буын. Жек адам басқа дамадрмен қарым-қатынаста бола отырып тарихты жасайды, бірақ күшпен емес, объективті қоғам заңдылықтарының қажеттілік әсерімен жасайды. Алайда тарихи қажеттіліктің өзі жке адамның қоғам алдындағы өзіндік болмысын да, өз мінез-құлқы үшін жауапкершілігін де жоққа шығармайды.

Жеке адам – саналы тіршілік иесі, ол өзінің өмір жолын таңдай алады: егіздегі жағдайына мойын ұсына ма, немесе әділетсіздіккке қарсы күресе ме, барлық күш-жігерін қоғам игілігіне жұмсай ма, немесе жеке басының мүддесін ғана ойлай ма – оның өз ісі. Бұл тек адамның қоғамдық жағдайына ғана байланысты емес, монымен қатар оның қоғам дамуының объективті заңдылықтарын ұғу деңгейіне де тікелей байланысты.

Әрбір жеке адамның қоғам өміріндегі ролі мен мәні қоғамдық қатынастардың дамуына қарай арта түсіп отырады. Қоғамдық дамудың шапшаңдауына қарай жұртшылықтың адам правосы үшін күресі де етек алып кеңейеді. Бұл күрес жеке адамды қызықтырып қана қоймайды, сондай-ақ оны қалыптастырады, оның қоғамдық іс-әрекетін жандандыра түседі. Адамды феодализм құлдығынан азат ету жеке адам дамуындағы революциялық қадам болды, ол адамның қоғамдағы ролін арттыра түсті, ал капиталистік құлдықтан құтқару жаңа әрі аса ұлы революция болды, ол жеке адам дамуына шексіз мүмкіндіктер ашты және оны қоғам дамуының нағыз қайраткеріне айналдырды.

Жеке адам. Қоғам дамуы мен жеке адамның дамуы арасындағы тығыз әрі тікелей байланыс, өзара ықпал бар. Қоғам әр жеке адамға қызмет етеді, себебеі, адам барлық қамқорлыққа бөленген, оның материалдық және рухани талап-тілегін қанағаттандыру басты назарда; өз тарапынан әрбір жеке адам қоғам үшін еңбек етеді және өзінің рухани, әлеумттік және материалдық мүддесі неғұрлым толық қанағаттандырылса, ол соғұрлым үлкен күш-жігермен әрі құлшыныспен еңбек етеді.

Жеке адамның дамуы өмірдің коллекстивтік негіздерінің дамуымен тығыз байланысты. Тек қоғамда ғана жеке адам мен қоғамның, жеке бас пен қоғам мүдделерінің тығыз бірлігі пайда болатыны өз-өзінен түсінікті. Бұдан ұжымда өмір сүру мен еңбек етуге талпыну туындайды және ұжым адамның ең басты өмірлік қажетіне айналады.



Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Тәжібаев.Т .А Жалпы психология. «Қазақ университеті» 1999.

2. Сыздықов А.Қ « Жеке адамның іс -әркеті.Әлеуметтік психологиялық қарым –қатынас негіздері» 2005.

3. Немов. Р.С. Психология. М,: ВЛАДОС, 2000-2001

4. Рогов И.Е. Общая психология ( КУрс лекций). М.:ВЛАДОС, 2001.

5. Рубиншейн С.Л. Основы общей психологии, «Питер», Спб, 2007.

6. Столяренко Л.Д. Психология. Уч.д/ вузов, 2007.

7. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Феникс, Ростов-на- Дону, 2003

8. Клинческая психология. Под ред. Б.Д. Карвасарского. Национальная медицинская библиотека. Питер, 2004.
Қосымша:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.



2. Сидоров П.И Клиническая психология. М.:ГЭОТАР-МЕД, 2002.

3. Соколова Е.Е. Введение в психологию. Москва, Academ’a, 2005.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет