ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс



жүктеу 0.99 Mb.
бет2/6
Дата03.04.2016
өлшемі0.99 Mb.
1   2   3   4   5   6
: fulltext -> buuk
buuk -> М ж. КӨпеев шығармаларындағы кірме сөздер тарихы оқУ ҚҰралы
buuk -> Іскери – КӘсіби қазақ тілі
buuk -> Қазақ тілі пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Павлодар Кереку 2009 (07) ббк 81. 2 каз- 9 Қ 17 С. Торайғыров атындағы пму-дың қазақ тілі кафедрасының оқу-әдістемелік кеңесі басуға ұсынған Рецензент
buuk -> М. Аллаберген тарих тудырған тұлғалар
buuk -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Қылмыстық ҚҰҚЫҚ (Жалпы бөлімі)
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-әрекет психологиясы Мамандығы «Музыкалық білім беру»

үйлену жырлары – үйлену тойында айтылатын жырлар


сыңсу – келіннің өз жұртымен қоштасарда айтатын жыры

жұбату – сыңсу айтқан қалыңдыққа айтылатын өнеге сөз

беташар – жаңа түскен келінді таныстыру үшін айтылатын жыр

қайын жұрт – күйеу мен қалыңдықтың туған-туыстары

қалыңдық – атастырылған, бірақ оң жақта отырған бойжеткен қыз

көрімдік – адамға берілетін ырым
Сұрақ-тапсырмалар


  1. Үйлену жырларының мазмұнын қысқаша әңгімелеп

беріңіз.

  1. «Қалың мал», «Киіт», «Шашу», «Құйрық-бауыр»,

«Аяғына жығылу», «Көрімдік» сөздерінің мән-мағынасын ашып беріңіздер.

  1. Мәтіннен есімдік болатын сөздерді тауып, оларды

мағынасына қарай түрлерін ажыратыңыздар. Оларды тәуелдеңіздер және септеңіздер.

  1. Жоғарыда көрсетілген сөздерді орыс тіліне аударыңыздар

  2. Төмендегі мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын

түсіндіріңіздер.
Үйлену, үй болу туралы:

  1. Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық – он саулық;



  1. Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық;

  2. Ерге жаққан әйел, елге де жағады;

  3. Жақсы әйел жарының жақсысын асырар, жаманын жасырар;

  4. Алғаның жаман болса – қонағың кетеді,

Ұлың жаман болса – бақытың кетеді;

  1. Төркіні жақын келіннің төсегі жиналмас;

  2. Жаман әйел еріңе,

Жалғыз атын сойғызар.

Жақсы әйел жолдасын,

Жоқтан құрап тойғызар;


  1. Теңін тапса, тегін Бер;

  2. Баланы жастан, әйелді бастан;

  3. Аяғын көріп асын іш,

Анасын көріп қызын ал.

2.2.1 Жаушы

Ұлына жар таңдаған әке адамды «жаушы» етіп жібереді. әрине, халық «қызды кім айттырмайды» десе де қызын сұраған адамды жаудан бетер жек көреді. «Жаушы» деген сөз осыдан шыққан. Төрт-бес адамды бастап келген «жаушы» дастархан үстінде әдемі сөз бастап, келген шаруасын айтып, өздерінің текті, іргелі, белгілі ел (ру) екенін, ондағы жақсы адамдарды айтып өтеді. Туыс-туғанымен, ақсақалдарымен кеңескен қыз әкесі келісім бергенде, келген «жаушылар» баталасып, «қарғыбауын» өткізіп, кідірмей аттанады. Қыз жағы жаушыға «шеге шапан» атты кәдесін (яғни шапан кигізеді) жасайды.

Кейбір жерде еліміздің шығыс, оңтүстік жақтарында құда болғысы келіп қыз сұрағанда «жаушылар» негізгі шаруасын айтпай-ақ отырған жерінде көрпеге немесе текемет, кілемге біз шаншып кетеді. Оны «Біз шаншар» дейді. Бұл да құда болайық деген сөз.

Уәде бекігеннен кейін күйеу жағы қызға келіп үкі тағады. Енді бұл қызды жұрт «айттырылған», «қалыңдық» немесе «үкі тағылған қыз» дейді.



2.2.2 Құда түсу

Ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан жақсы әрі жарасты дәстүрлердің бірі – құда түсу. Жігіттің әкесі немесе оның жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бой жеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. Оның түрі өте көп. Мысалы, құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр тағы басқа ырымдар мен кәделер, алымдары болады. Құдалықты басқарып барған адам «бас құда» деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне «бауыздау құда» деп аталады.

Құда түсу – қазақтың ең үлкен той думаны мәртебелі, жарасты әрі мән-маңызы бар салт-дәстүрлердің бірі. Онда түрлі ойын-сауық, әзіл қалжыңдар, палуан күрес, айтыс, өлеңдер айтылады. Екі жақ та бірін-бірі сынап отырады.

2.2.3 Қарашаңырақ


Атадан балаға мұра болып қалған үй киелі үй деп саналады. Оны ел, ағайын-туыстары «қарашаңырақ» деп құрмет тұтады. Қара – шаңыраққа ұл ғана ие болады. Үлкен балалары отау тігіп, бөлек шыққанда ең кенже ұл (кіші ұл) әкесімен бірге қалады. Әке-шешені асырау осы кенже ұлдың міндеті. Әкесі бар кезінде де немесе ол қайтыс болғаннан кейін де осы үй «қарашаңырақ» деп аталады. Бұл «үлкен үй» деген мағынаны білдіреді. Егер «қарашаңырақ» батыр, би, әулие, молда т.б., сыйлы кісілердің үйі болса, онда сол ауылдың адамдары алыс сапарға аттанса немесе алыстан адам келсе сол үйден ырым қылып дәм татады. Атақты адамдардың қара шаңырағын бірнеше жүз жыл өтсе де ел-жұрт есінен шығармай айтып, оны тәрбие мектебі ретінде пайдаланған, үлгі қылған.

2.2.4 Шашу

Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.



2.3 Қайтыс болған адамға жасалатын құрмет


Қайтыс болған адамды қазақтай құрметтейтін халық жоқ шығар. Халқымыз «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деп, ол үшін көп шығын шығарады. Тіпті ауырып жатқан адамның ымыртта көңілін сұрамайтын ырым бар. Науқасы бар үйге қонақта қыдыруға болмайды. Аурудың беті бері қарамайтынын білген адам өзін қайда, қалай жерлеу керек екенін жақын туысына немесе сыйлас досына өсиет етіп айтады.

Науқас қайтыс болған соң, алдымен мейрам суын беріп, бөлек үйге шығарады. Үстіне шөп төселген төсектің астына кісі бойындай арнайы жайпақ ыдыс қойып, мәйітті үш адам сабындап жуады, тырнағын алады. Содан кейін тұс-тұстағы ағайындарына хабар береді. Өте жақын адамдарына бірден айтпай, сыпайылап, тұспалдап естіртіп, жоқтау айтып, оны бекем болуға шақырады. Мұны «естірту» деп атайды.

Осы күні адамды құрметтеп жақындары ұйықтамай мәйітті түнде күзетіп шығады. Өлген адамға арнап мал сойылып, ас беріледі. Мұны халқымыз «қанағат» деп атайды.

Мәйітті жерлеу алдында және кейін де біраз ырымдар істелінеді. Мысалы: жаназасын шығару, топырақ салу, бата қылу, құран оқу, т.б. ырымдар атқарылады.

Аруақты еске алу үшін үші, жетісі, қырқын және жылын беру дәстүрлері бар.
Мына сөз және сөз тіркестерін есте сақтаңыздар:

Ымырт – қараңғы түсер кез

Мәйіт – өлген адам

Жаназа – қайтыс болған адамды соңғы сапарға шығарып салу дәстүрі

Бата қылу – қайтыс болған адамға жақын ағайыны жылқы, сиыр, қой сияқты сойыс әкеліп, дұға оқытады. Бұл жақын адамдардың арасындағы сыйластықты көрсететін ырым

Топырақ салу – қайтыс болған адамды жерлеу кезінде «топырағың торқа болсын» деп жақын ағайындары мәйіттің қабырына уыстап топырақ салу

Құран оқыту – марқұм болған өз ата-бабаларының, туған-туысқандары-ның басына барып, оларды еске алып дұға оқу


Сұрақ-тапсырмалар


  1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

  2. «Өлгенмен бірге өлмек жоқ», «Өлгенім тіріліп, өшкенім

жанды» сияқты тіркестердің мағынасын ашыңыздар.

  1. Берілген тыйым сөздерді түсіндіріңдер: Бейуақытта кісіге

көңіл айтпа, үйді айнала жүгірме, бейуақытта жылама, жағыңды таянба, қолыңды төбеңе қойма, бейуақытта ұйықтама, т.б.

2.3.1 Намаз оқу


Исламның екінші шарты – намаз оқу. Алла-тағалаға шексіз сену – ең биік парыз. Содан соңғы үлкен парыз және маңыздысы намаз оқу. Намаз – имандылық көрінісі. Шынайы дін атаулының бәрінде де намаз дұғалары бар.

Намаздың парызы он екі. Намаздың сыртқы парыздарын шарттар, ал ішкі парыздарын ұстын яки таған деп атайды. Намаз шарттары алтау:

1. Һадистен тазару; 2. Нәжістен тазару; 3. Әуретті жабу; 4. Құбылаға бет қарату; 5. Уақытты өткізіп алмау; 6. Ниет ету.

Бес уақыт намаз: 1. Таң намазы. 2. Бесін намазы. 3. Екінді намазы. 4. Ақшам намазы. 5. Жашиық намазы.

«Намазды бір аллаға бой ұсынып, содан қорқа отырып оқыңдар!» («Құран кәрім»). Намаздың денсаулыққа да, тазалыққа да пайдасы өте зор.

2.3.2 Пітір

Жыл сайын ораза, айт кезінде мешітке арнайы апарып, әр адам ата-бабаларына т.б. аруақтарға бағыштап құран оқытып берілетін садақасының бір түрі. Пітір беру тек діншілдік емес, ол тірілердің аруақтарға деген құрметі.


2.3.3 Естірту


Ата-анасы, баласы немесе жақын-жуығы қайтыс болған жағдайда оны айтып жеткізуді «естірту» дейді. Естіртуші адам әлгі кісіге сыпайылап, тұспалдап жеткізіп, тоқтам айтып, оны бекем болуға шақырады. Қайғылы қазаны орынсыз жерде немесе жол-жөнекей, жеңіл-желпі айта салуға болмайды. Халқымызда естіртудің үлкен психологиялық, философиялық, классикалық үлгілері бар. Естірту қазаға байланысты жерде ғана қолданылады.

Естірту көпті көрген, жөн-жосық пен сөзді білетін адамдарға тапсырылады.


2.3.4 Көңіл айту


Жақын адамы қайтыс болғанда оның туған-туысқандары мен таныстары, іліктері қазалы үйге әдейі барып бата жасап, көңіл айтады. Көңіл айтудың мәні – мұңды адамды жұбату, сергіту, «өлгеннің артынан өлмек жоқ» деп уайымға берілмеу жөнінде жанашырлық ақыл-кеңестерін айтып, қайрат береді. Қайғыға берілген адамды өткір шешендер әрі мінеп, әрі сынап, әрі ұрсып тоқтатқан.

Жақын-жуық немесе білетін адамдар қайтыс болған кісі орнына әдейі барып көңіл айтпаса, ол үлкен мін әрі ұят. Мұндай жағдайда қайтыс болған кісінің жақындары оған өкпелеуі, ұялтуы да мүмкін. Көңіл айта білу де – көргенділік.


2.3.5 Аруақты еске алу


Үші, жетісі, қырқы және жылын беру. Ересек адамдар қайтыс болған соң жетінші, қырқыншы күні аруақ еске алынып, аталып өтеді. Еліміздің кей жерлерінде үшінші (үші), жүзінші (жүзі) күндері де аталады. Арнаулы мал сойылып, алыс-жақыннан ағайын, жақындары келіп дұға оқиды. Бұрын келе алмағандар мал әкеліп, бата қылады. Жоқтау айтылады, аруақтың жақсы істері, қасиеттері әңгіме болады. Кейінгі ұрпақтарына, жақындарына тілектестік білдіреді.

Адам қайтыс болған соң бір жыл толғанда оның жылы беріледі, дуға оқылады. Бұл марқұмға көпшілік болып жасалатын соңғы құрмет. (Бұдан кейінгі еске алуды отбасы өздері жасай береді). Жылынан соң қаралы үй қалыпты жайға көшіп, қызықты өмір тіршілігіне араласады.

Мұндай рәсімдер сәбиге жасалмайды. Жасалған күнде де отбасы болып атап өтеді.

Бұрын ауқатты адамдар пайғамбар жасына келген атақты әкелеріне жылы толғанда ас берген. Ол үлкен жиын, той ретінде аталып өткен.


2.3.6 Ас беру


Қазақ халқының ертеден келе жатқан ең үлкен тойы – ас беру. Бұл – дүниеден өткен ең белгілі адамдардың жылы толғанда оған жасалатын ақырғы зор құрмет және ұлы жиын, бас қосу. Аста жүздеген ордалар, киіз үйлер тігіліп, үш жүзге бірдей сауын айтылады. Бұған әр елден есімі белгілі ақсақалдар, батырлар, ақындар, палуандар, әнші, жыршылар, көкпаршылар, мергендер арнаулы шақырылып, жүйрік аттар келеді. Асқа өте зор қаржы, мал жұмсалған. Жеңімпаздарға зор бәйге тиген. 1860 жылы Ерден Сандыбайұлына “Ерден көлінде ас берілген... 500 үй тігілген, 160 жылқы, 200 қой сойылған. Аттың бәйгесі 100 жылқы болған... Осы Ерденге осындай қылып үш рет ас берген. Үшеуіндегі шығын барлық жолы 1860 жылқы, 600 қой... 1000 саба қымыз болған. 1861 жылы Байдәулет Құлбекұлына ас берген. Мұнда бас бәйгеге 100 жылқы, 100 қой, 1 ақ отау, 10 түйе берген... 1874 жылы Лабақ Қуат баласының асы болған. 300 жылқ, 500 қой сойылған. Жүз атқа бәйге болған. Асқа 700 үй тігілген. Мұның сыртында шақырылғандар аруаққа деп малын, сойысын, сабасын және әкеледі. Аста елдің бірлігі мен байлығы, мырзалығы, біліктілігі сынға түседі”.
2.4 Шежіре – қастерлі қазынамыз

Қазақ халқының қалыптасу тарихы, жүздер, рулар, ататектi тарқатуға қатысты қыруар деректер бар.

Қазақ шежiресiнiң өткенiне көз жiбергенде, оның үлкен насихат құрал екенi белгiлi.

Қазақтың түп тектерi сонау замандардағы Қaңлы,Үйсiн мемлекеттерi, әлемнiң тiзесiн дiрiлдеткен Сақ, Ғұн, Түрiк, Қарлұқ қaғaнаттары Оғыз-Қыпшақ бiрлестiктерiндегi көне халықтар құрамынан тарайды. Қазақ арасында қалыптасқан шежiре бойынша үш жүз бар: Ұлы жүз, Орта жүз, Кiшi жүз.

Ұлы жүзге Үйсiн, Қаңлы, Жалайыр, Шапырашты, Ошақты, Ысты, Албан, Суан, Дулаттар кiредi.

Орта жүзге Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Уақ жатады. Кiшi жүзге Байұлы /12 ата/, Әлiмұлы /6 ата/, Жетi ру /7 ата/

кiредi.

“Тегiн бiлмеген тексiз” деп түйген қазақтар қай кезде де ұрпағын өткендi ұмытпауға үйретiп келген. Тектi бiлмей, тарихты түсiнбей, тiлдi көркейтемiз деуге болмайды.

Қазақтар шежiренi ерлер жағына қарап құрған.Жiгiттiң үш жұрты бар: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Адамның туыстық атаулары да осы жұрттардың ретiнде қарай аталады. Өз жұртың: Ата-әже, әке-шеше, аға-iнi, апа-қарындас, шөбере.

Жетi ата ерлерде әке жағынан алғанда былай тiзбектеледi:

1) Баласы (әкесінен туған бала);

2) Немересi (ата-ананың ұлынан туған бала);

3) Шөбересi (немереден туған бала);

4) Шөпшегi (шөбереден туған бала);

5) Неменесi (шөпшектен туған бала);

6) Туажаты (неменеден туған бала);

7) Жүрежаты (туажаттан туған бала).

Әкеге бала, атаға немере, 1-бабаға шөбере, 2-бабаға шөпшек, 3-бабаға немене, 4-бабаға туажат, 5-бабаға жүрежат. Сонда жетi ата болады. Одан әрi аталас, ру, тайпа, жүз, ұлт болып кете бередi.

Қайын жұртың: қайын ата, қайын ене, қайын аға, т.б.

Нағашы жұртың: нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, т.б.

Екi жақты туыстар: бөле, жиен, жеңге, құдаша, балдыз, құда, құдағи, т.б.

Мына сөз және сөз тіркестерін есте сақтаңыздар:

нағашы жұрт – шешесінің туған-туысқандары

қайын жұрт – әйелінің немесе күйеуінің туған-туысқандары

бөле – апалы мен сіңлінің ұл-қыздары

жиен – қыздан туған бала

жеңге – ағасының әйелі

балдыз – әйелінің інілері мен сіңлілері

жұрт – ел, ауыл адамдары, көпшілік қауым

Сұрақ-тапсырмалар
1. Қазақ шежіресінің қалыптасу тарихы жөнінде әңгімелеп

беріңіз.


2. Өз жеті атаңызды айтып беріңіз (Ұлы аталарыңның кім

болғаны, немен айналысқаны жөнінде әңгімелеп беріңіз).

3. Мына туыстық атауларды түсіндіріп беріңіздер: Кіндік

шеше, ағайын, төркін, әпке, сіңілі, жар, жұбай, абысын, бажа, бойдақ, бәйбіше, тоқал, құрбы, т.б.

4. Ер адамдарға байланысты атауларды бір бөлек, әйелге

байланысты атауларды бір бөлек етіп атаңыздар.

5. Қос сөзден тұратын туыстық атауларды атаңыздар.

6. Жоғарыда көрсетілген сөздерді орыс тіліне аударыңыздар

7. Төмендегі мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын

түсіндіріңіздер:

1) Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер;

2) Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі;

3) Тегін білмеген тексіз;

4) Бөлінгенді бөрі жейді.




2.5 Діни мейрамдар

Ораза айт. Ислам дiнiнiң қағидасы бойынша, мұсылман дiнiн ұстаушылардың бәрi отыз күн ораза ұстауы керек. Ораза ұстау – араб күнтiзбесi бойынша рамазан айында таң атпай бекiтiп, күн әбден батқан соң ашады. Осы уақыттарда адамдар Алла-тағалағa арнап, құран кәрiмдi, дiни-шариғaт заңдарын оқып, рухани тазалыққа ұмтылатын болған. Дiни қағида бойынша рамазан айында ораза ұстамаған мұсылмандардың күнәсi кешiрiлмейдi деп есептеген.

Аузы берiк мұсылман адам белгiлi бiр уақытта ауқаттануға дағдылана-ды, асқазанын күшейтiп, денсаулығын жақсартады. Ораза айтының алғашқы күнiнде таңертең отырып оқиды.

Ораза айтының алғашқы күнінде ата-бабалардың аруағын еске түсіріп, құран оқыту, “жұмалық” ас беру мұсылмандарға парыз болып саналған. Үш күн айт мейрамында үлкендер де бала-шаға да жақсы киiнiп, әр үйге кіріп “Айттарың қабыл болсын!” деп тiлек бiлдiрiп, деп тiлек бiлдiрiп, айтқа дайындалған тамақтан ауыз тиіп, құран оқып шығады.

Жарапазан – ораза айтының кезiнде кедей-кепшiк, жоқ-жiтiк адамдар ауыл-ауылды аралап, әр үйдiң жанына келiп жарапазан айтатын болған. Жарапазанды көбiнесе ақындар шығарған. Кейде ақындық өнерi шамалылар немесе қайыр сұраған адамдар оны жаттап алып айтқан. Бұл өлеңдi көбiнесi бай үйлерге арнап, солардан қайыр-садақа сұраған.

Құрбан айт. Ислам дiнiн бүкiл араб елдерiне таратушы Мұхамед. Құрбан айты ораза айтынан кейiн 70 күн өткен соң болады. Оның “құрбан айт” деп аталуы – бұл күнi үй басы құрбандық шалады, айтқа дастарқан жаяды. Құрбан айт та таңертеңгi намаздан басталады. Айтта жұрт сәндi киiнiп, үйдi-үйге айтшылап кiрiп, құрбандық етiн жейдi. Осы құрбан айтынан бiр күн бұрын ата-бабаларының аруағына арнап, мал сойып, құран оқытып, “шек беретiн” салт болған.


Мына сөздерді есте сақтаңыздар:

қағида – ортақ заңдылық, бұлжымайтын тұжырым

күнтiзбе – жылдың барлық мезгілі бір жүйемен көрсетілген анықтамасы

рухани – адамның ой-санасына, ішкі дүниесіне байланысты, соған тән

парыз – адам бойына тән азаматтық борыш, қастерлі міндет

таратушы – таратып тұратын, үлестіргіш

аруақ – қасиетті, киелі деп танылған рух, күш-қуат

салт – жөн-жоралғы, ғұрып

Сұрақ-тапсырмалар


  1. Мәтінді оқып шығыңыз. Өз ой-пікіріңізді айтыңыз.

  2. Діни мейрамдардың қазіргі кездегі мәні?

  3. «Жұмалық», «шек беру» сөздерін қалай түсінесіздер?

  4. Мына тұрақты тіркестерді қалай түсінесіздер: Аруақ

атсын! Аруағына сыйынды, аруақ қонды, аруақ шақырды, өлі аруақ, т.б.

  1. Жоғарыда көрсетілген сөздерді орыс тіліне аударыңыздар

  2. Төмендегі мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын

түсіндіріңіздер.
Дін туралы:

  1. Дін – қараңғы ін;

  2. Көп қайда болса, құдай сонда;

  3. Аллаға жағайын десең – азаның болсын,

Қазыға жағайын десең – қазаның болсын;

  1. Молданың сәлдесі ақ болғанмен, ниеті қара;

  2. Молданың істегенін істеме, айтқанын істе.



2.5.1 Айт мейрамы


Айт исламның аса зор мерекесі. Қазақта екі айт бар. Ол ораза айты, құрбан айты деп аталады. Айт Арабияда ислам дініне дейін қалыптасқан. Ораза айты отыз күн ораза біткеннен кейін болады. Ораза айын «рамазан айы» деп те атайды. Пітір садақасы осы айда беріледі. Оны әр мұсылман мешітке береді. Мұхамбет пайғамбар Алла тағаланың сөзін ораза айында естіген.

Құрбан айты да мұсылмандардың бас мейрамы. Ол Ораза айтынан соң 70 күннен кейін басталып үш күнге созылады. Бұл Меккеге қажылыққа бару кезінің аяқталуынасәйкес келеді.

Құрбан айтында әр мұсылман дін құрметіне, аруақтарға бағыштап (арнап) мал сойып құрбан шалады. Құрбан шалушыға жұрт «Құрбандық қабыл болсын!» дейді. Ауру, ақсақ, соқыр, жаралы, қотыр малды құрбандыққа шалуға болмайды. Құрбандық еті көпшілікке беріледі. Аруақтарғабағыштап дұға оқылады, бата беріледі.

Айт күндері таза киінген адамдар бір-біріне айтқа құтты болсын айтып, құттықтайды. «Айттық» сұрайды. Ашу-араздық болса татуласады, қателігін кешіреді. Айт күндері, ораза кезінде қайтыс болғандар жақсы, иманды адамдар деп саналады.


2.5.2 Ораза ұстау


Мұсылманның бес парызының бірі – ораза ұстау немесе ауыз бекіту. Оразаның шарты бойынша жасы 9-ға толған қыз, 12-ге толған ұлдан бастап, ауыз бекіткен адам отыз күн күндіз тамақ ішпейді, әдепсіз сөз сөйлемейді, қиянат етпейді. Таңертең күн шықпастан бұрын сәресі (таңертеңгілік), күн батқан соң ауыз ашады. Ауыл адамдары ораза ұстаған адамдарға құрмет көрсетіп, жақсы тағамдар дайындап «ауыз ашарға» шақырады. Ораза ұстаудың бірнеше жолдары бар. Шариғат (дін заңы) бойынша денсаулығы жоқ бала емізген әйелдер, жолаушылар, балалар, есі дұрыс емес жандар оразадан босатылады.Кәмелетке толған әр мұсылманораза ұстауға міндетті. Ораза жыл сайын 10 күн бұрын келіп тұрады.

Оразаның адам денсаулығы үшін пайдалы жақтарын шығыс ғұламалары талай рет дәлелдеген.


2.6 Киіз үй

Киіз үйдің іші төртке бөлінеді. Жүк жиналған бөлігі төр деп аталады. Төрдің есік жақ шеті ошаққа тіреледі. Төрге үлкен адамдар және қонақтар отырады. Төрдің оң босаға жағы (үйге кірген кісінің оң қол жағы) үйленбеген ұлдың немесе ұзатылмаған қыздың орны болып есептеледі. Сондықтан қазақтар ұзатылмаған қызды «әкесінің оң босағасында отырған қыз» дейді.

Төрде қонақтар отырса, сол жақ босаға – үйлегі үлкендердің (ата, әже, әке, шеше) орны болып есептеледі. Оң босаға да, сал араға ұйықтайтын адамдардың жасына лайық шымылдық немесе перде құрылады. Шымылдық немесе перде күндіз жинаулы болады да, түнде түсіріледі. Көп балалы үйлер үлкен үйдің сүйегі де, жасау-жабдығы да ерекше болады.

Оң босаға мен сол босаға (төрдің) оң және сол қанаты деп те аталады. Есіктен кіргендегі оң қол жақтағы бұрышта (оң босаға) адалбақан, ыдыс-аяқ, саба, кебеже, торсықтар тұрады. Бұлар бәрі ерекше деп аталатын арнаулы тоқылған шимен қоршаулы болады. Демек, бұл бұрыш ас-су бұрышы қызметін өтейді.

Үйдің сол жақ босағасында ер-тұрмандар жиналады, аяқ киімдер жатады. Жауын-шашын кезде сол жаққа отқа жағатын отынды кіргізіп қояды.

Көшпенділердің бәрі, соның ішінде қазақтар да, киіз үйдің ішінен немесе сыртынан от жағатын екі ошақ жасайтын болған. Үй ортасында үш сирақты шеңбер формалы темір ошақ қойылады да, оған қазан асылады.

Үй ішінде шай қайнату керек болса, жиналмалы мосы ағаш пайдаланылады. Оның үш сирағы, үстіңгі ортасында шәйнек ілетін ілгегі болады.
Мына сөз және сөз тіркестерін есте сақтаңыздар:

кебеже – ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық

адалбақан – киім ілетін көп ашалы ағаш

перде – ұйықтайтын орынды бөліп тұратын шымылдық

ошақ – үстіне қазан қойып, тамақ пісіруге арналған үш аяқты қоршау темір

отау үй – ұлға енші беріп, бөлек шығарылған үй
Сұрақ-тапсырмалар


    1. Мәтінді мәнерлеп оқып, киіз үйге байланысты сөздерді

есте сақтаңыздар.

    1. Бірінші абзацты толығымен сөз таптарына қарай

талдаңыздар.

    1. Жоғарыда көрсетілген сөздерді орыс тіліне

аударыңыздар
2.6.1 Киiз үй тiгу

Киiз үйдi тiгу оңай емес. Тәжiрибесiз адам тiккен киiз үй бiр жағына қисайып немесе уығы шығып кетедi. Киiз үйдi тiгу үшiн, бiрiншi, кереге жайып, оның сағанақтарын таңғыштармен бiрiктiре таңады да, есiгiн орнатады. Содан кейiн бақанмен шаңырақ көтерiледi. Оған уық шаншиды. Әрбiр уық қаламын шаңырақ қаламдығына кiргiзiп, екiншi жағын бау арқылы кереге басына байлайды. Осыдан кейiн туырлық, үзiк, түндiк пен киiз есiктi жабады. Туырлық пен керегенiң арасына шымши салады. Атақты үйшiлер, бiлгiр үй жапқыштар, шебер өрмекшiлер, тамаша тоқымашылар киiз үйдiң әрбiр бұйымына маңдай терi, көз майын сiңiредi. Қазiргi кезде Қазақстанда ата дәстүрiн ұстаған үш жүздей үйшi бар. Балқаш, Талдықорған қалаларында, Жамбыл облысы, Сарысу ауданында киiз үй шығаратын фабрикалар бар.



Мына сөздерді есте сақтаңыздар:

Бақан – киіз үй тіккенде шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түндіктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш

Шаншу – бір нәрсені үшкір затпен түйреу, бірдеңені қадау, сұғу

Туырлық – уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз

Үзiк – уықтың үстіне жабылатын киіз

Желбау – дауылды жел болғанда шаңырақты тартып байлайтын бау

Бау – үй мүлкінің, заттың ұшына байлау үшін тағылған ызба, шыжым жіп

Түндiк – киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз

Өрмек – өрілген қалың арқан


Сұрақ-тапсырмалар


  1. Мәтінге тақырып қойыңыз.

  2. Тоғызыншы сөйлемді сөз құрамына қарай талдаңыз.

  3. Жоғарыда көрсетілген сөздерді орыс тіліне аударыңыздар


2.6.2 Киiз үй бөлшектері

Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады. Ол кереге, уық,

шаңырақ, есік. Бұлардың бәрі ағаштың мынадай түрлерінен жасалады: тал, қайың, терек. Ең жақсысы – тал. Кереге, уық, шаңырақ, есікті осы кәсіпке маманданған шебер жасайды. Үйшілер көбінесе талды өзендер бойында тұрады. Ол өзендер: Еділ, Жайық, Сырдария және басқа кішірек өзендер.

Үйші қазақ үйдің ағаштан жасайтын бұйымдарын ерте



көктемнен бастап, күздің аяғына дейін істейді. Киіз үйдің негізгі төрт ағаш бөлшектерін жасау үйшілердің мор, тез, үскі деген ұлттық жабдықтарды пайдаланған.
Мына сөздерді есте сақтаңыздар:

уық – шаңырақты жоғары тіреп тұратын иін ағаш

тез – уық, кереге , т.б. жасалатын ағаштарды морланғаннан кейін, түзейтін не бүгетін ағаш құрал

кереге – киіз үйді айнала қоршаған қанат

үскі – ағашты тесетін іші қуыс біз

шаңырақ – уықтарды мықтап ұстап тұратын бөлігі

мор – ағашты қыздырып, ию үшін қойдың қиын тұтатып, бықсытып жаққан оты бар шұңқыр жер

Сұрақ-тапсырмалар


  1. Мәтінге тақырып қойыңыз.

  2. «Шаңырақ» сөзіне қатысты тұрақты тіркестердің

мағынасын ашыңыздар: қара шаңырақ, алтын шаңырақ, шаңыраққа қара, шаңырағы шайқалды, шаңырақ көтерді, шаңырағы биік болсын! т.б.

  1. Септік жалғаулы сөздерді тауып, оларды тәуелді септеңіз.

  2. Жоғарыда көрсетілген сөздерді орыс тіліне аударыңыздар

  3. Киіз үй атауларына түсінік беріңіздер:

  1. Ақ шаңқан үй;

  2. Жаппа;

  3. Жолым үй;

  4. Қара құрым үй;

  5. Қара үй;

  6. Қараша үй;

  7. Орда;

  8. Отау.



2.7 Адамның жасын мөлшермен атау

Бір адамның өмірін 100 жылға шамалап, оны бір дәуір деп атаған. Жүзді 4-ке бөліп, алғашқы 25 жасын дәурен деп, екінші 25, яғни, 50 жасты ел ағасы деп, үшінші 25, яғни, 75 жасқа дейінгі кезеңді аталық жас деп, 75-ті қарттық жас немесе таусыншақ жас деп атаған. Мүшелдік жыл санау есебі бойынша бір адамның дәуірінде 8 мүшел болады (13, 25, 37, 49, 61, 73, 85, 97) деп болжалдап, 5 топқа бөліп есептеген. Балалық мүшел (13), жігіттік мүшел (25-37), ағалық мүшел (49-61), аталық мүшел (73), кәрілік мүшел (85-97) деп болжалдап, 5 топқа бөліп есептеген. Осы мүшелдердің әрқайсысы тағы да бірнеше шаққа бөлініп аталады. Мысалы, балалық мүшелде нәресте шақ (2 жасқа дейін), сәби шақ (7 жасқа дейін), бөбек шақ (8-9), жеткіншек шақ (10-12), жасөспірім шақ (13-15), ересек шақ (15-16) деп аталатын алты шақ бар. Ал, жігіттік мүшелде бозбалалық шақ, албырт шақ, ағалық шақ, кісілік шақ деген 4 шақ бар. Ағалық мүшел 49 бен 61 арасын қамтиды да, ер ағасы болған шақ, ел ағасы болған шақ, отағасы, қосағасы, атасақал аузына біткен шақ деп тағы бірнешеге бөлінеді. Осыларға сай адамды жас мөлшеріне қарай биязылықпен атауда жас мөлшерінің әр түрлі атаулары қалыптасқан:

  1. Бала – 14-15 жасқа дейін;

  2. Жеткіншек – 15-18 жас арасы;

  3. Жігіт – 20-37 жас арасы;

  4. Ағай, аға – 38-55 жас арасы;

  5. -А, -е, -еке жұрнақтарын қосып атау – 55-65 жас арасы;

  6. Ақсақал, үлкен кісі тәрізді қосымша сөздерді қосып атау – 60-70 жас арасы;

  7. Ата, әке, қария, қарт деген сөздерді қосып атау 70 жастан арғы адамдарға байланысты айтылған.


Мына сөз және сөз тіркестерін есте сақтаңыздар:

дәуір – тарихи кезең, заман

мүшел жас – адам жасының әрбір 12 жылдан тұратын бөлігі

шақ – жас мөлшері

биязылық – сыпайыгершілік, әдептілік
Сұрақ-тапсырмалар


  1. Мәтінді оқып шығып, есте сақтаңыздар.

  2. Мәтіндегі сан есімдердің астын сызып, олардың

мағыналық ерекшеліктерін көрсетіңдер.

  1. 100, 49, 61 сандарынан болжалдық, топтау сан есімдерін

жасаңдар.

  1. 13, 25, 37 сандарын септеңіздер.

  2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.

  3. Жоғарыда көрсетілген сөздерді орыс тіліне аударыңыздар

  4. Төмендегі мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын

түсіндіріңіздер.
Жастық, кәрілік туралы:

  1. Жас кезімде бейнет бер,

Қартайғанда зейнет бер;

  1. Ат тұяғын тай басар;

  2. Алтыға дейін бала ерке,

Алпыстан кейін шал ерке;

  1. Кәріге құрмет – балаға міндет;

  2. Ақылды қария – ағып жатқан дария.


2.8 Қазақ – қонақжай халық

Қазақ халқы – ежелден қонақ десе iшкен асын жерге қоятын халық. Үй иесi бұрын танысын, танымасын “құдайы қонақпын” десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүрiп келе жатқан жолаушы “бөлiнбеген еншiм бар” деп, жолшыбай ауылдың кез келген үйiне түсiп, қонақ бола берген. Оның үстiне қазақта “қырықтың бiрi қыдыр”, қонақты қусаң - құт, ырыс қашады”, “қонақпен ерiп құт, ырыс келедi” деген мәтелдер бар. Сөйтiп, бөлiнбейтiн еншiге қиянат жасауға болмайды. Бiр қызығы, алты аласы, бес бересi болмаса да, қонақ үй иесi тойдырмаса, күтпесе, аттана бере жамандап кететiн болған. Қазақ үшiн мұны есту ұят, бетке шiркеу болған. Сондықтан халқымыз қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген.

Қонақты үй иесi қарсы алып, есiктi өзi ашып, үйге енгiзiп, соңынан өзi кiрiп, есiктi жабады. Бұл – қонақпен ерiп келген “құт”, “ырыс” бiрге кiрсiн дегенi. Ал қонақты шығарып саларда, есiктi қонақтарға аштырып, соңынан өзi жауып шығатын болған. Осы күнгiдей қонақтарға есiктi ашып, iштен жауып алу деген болмаған.

Қазақ халқы қонақтарды “арнайы қонақ”, “құдайы қонақ”, “қыдырма қонақ”, “қылғыма қонақ” деп бiлген.

Келген қонақтармен жөн cұрасқаннан кейiн үй иесi қонағына ең жақсы тамақтарын берiп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын (қымыз, шұбат және басқа) берiледi. Содан кейiн шай iшiледi. Шаиды дәмдiлеп құю, қонақтарға орнымен сый-сияпат көрсету сол үйдегi әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмдiлеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесiз саналып, әңгiмеге ұшыраған.

Шай iшiлген соң асқа дейiн қонақтардың көңiлдi отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесi бар жағдайды жасайды. Ол үшiн үй иесi әңгiме-дүкен құрып, қонақпен бiрге отырады. Ретi келсе, ауылдағы әншi, күйшiлердi шақыртып, әңгiме арасында қонақтардың көңiлiн көтередi.

Үй иесiнiң балалары да аяғынан тiк тұрып қонақтарға қызмет көрсетедi. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты iсi.


Мына сөз және сөз тіркестерін есте сақтаңыздар:

Енші – балалары ержетіп, жеке үй болғанда берілетін дүние-мүлік немесе мал

Ержеткен – кәмелеттік жасқа жеткен ер бала

Бойжеткен – кәмелеттік жасқа жеткен қыз бала

Арнайы қонақ – арнайы шақырылған құрметті қонақ

Құдайы қонақ – жолаушылар келе жатып түстенiп, не бiр күн түнеп шығатын қонақ

Қыдырма қонақ – алыстағы ағайын, туған-туыстарын арнайы iздеп келiп, бiр немесе бiрнеше күн олардың сый-құрметiн көрiп қайтатын қонақ

Қылғыма қонақ – қай үйден түтiн шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүрiп келе қалатын сүйкiмсiз қонақ

Сын – жағымсыз қылық үшін тағылатын айып, кінә, мін

Сый-сияпат – ерекше көрсетілген сый-құрмет
Сұрақ-тапсырмалар


  1. Қонақ күту жөніндегі дәстүрдің тәрбиелік мәніне

тоқталыңыздар.

  1. Мәтіннен сын есім болатын сөздерді тауып, оларды

мағыналық түрлеріне қарай бөліңіздер.

  1. «Барымен базар», «Бөлінбеген енші», «Қырықтың бірі

қыдыр», т.б. осы сияқты тіркестерді қалай түсіндірер едіңіздер.

  1. Жоғарыда көрсетілген сөздерді орыс тіліне

аударыңыздар

  1. Төмендегі мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын

түсіндіріңіздер
Қонақ, қонақжайлылық туралы:

1) Қонақ қойдан да жуас,

Май берсең де жей береді;

2) Қонағым өз үйiңдi де ойлай отыр;

3) Қонаққа бара бiлсең, шақыра да бiл;

4) Қонақ бiр күн қонса – құт, екi күн қонса – жұт;

5) Қонағы жаман болса, үй иесi қыдырады;

6) Құтты қонақ келсе, қой егiз табады;

7) Шақырғанға бармасаң, шақырғанға зар боларсың;

8) Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес;

9) Сыпайы қонақ сыйыңды жейді,

Мылжың қонақ мыйыңды жейді;

10) Қонақ келсе ет пісер,

Ет піспесе бет пісер.



2.9 Табақ тарту

Ел қыста соғым сойып, бiрiн-бiрi жиi қонаққа шақырады. Аса сыйлы туыстарына,құдаларына, қимас достарына соғым етiнiң кәделi мүшелерiн асып, сыбаға бередi. Ет пiскеннен кейiн халқымыздың әдет-ғұрпын жақсы бiлетiн, көптi көрген, тәжiрибелi адамға табақ жасау ici жүктеледi. Ол адам қазақ ғұрпындағы “бас табақ”, “жай табақ”, “қос табақ”, “жастар табағы” немесе “күйеу табақ”, “аяқ табақ” болып бөлiнетiнiн және келген кiciлердiң орын-дәрежесiн жақсы бiлуi керек. Яғни табақ жасау да – кез-келген қонақтарды орын-орнымен сый-құрмет көрсетудiң бiр түрi

Бас табақ – жасы үлкен қарттарға, аса сыйлы қонақтарға тарты-лады.Оған бас, жамбас, ортан жiлiк, белдеме, сүбе қабырға, қойдың ұлтабары, жылқы етiнен қазы, қарта, жал-жая сияқты кәделi мүшелер салынады.

Ортақ табаққа (немесе жай табаққа) ортан жiлiк немесе жауырын мен тоқпан жiлiк, асықты жiлiк, кейде жамбас салынады.

Жастар табағына (немесе күйеу табаққа) асықты жiлiк пен төс салынады. Мұнда келiн отырса ұлтабар мен жүрек салынуы керек.

Қос табақ – құда-құдағиларға тартылатын арнаулы табақ. Мұның да кәделi мүшелерi бас табақпен бiрдей. Оның қос табақ деп аталаты-ны,оны құда-құдағидың көпшiлiкпен бiрге жеген қонақасысының үстiне арнайы әкелiнетiн табақ немесе қосымша ет.

Сый табақ – құда-жекжаттық қатынас болмаса да, ерекше сый-құрметке лайық адамдарға тартылатын табақ.

Бас табақ, сый табақ, қос табақтарға жауырын, тоқпан жiлiк сияқты кәдесiз мүшелер салынбайды. Басты жоғарыда отырған қарттардың ең үлкенiне немесе сыйлысына ұсынады. Бас ұстаған адам бастың бiр езуiнен кесiп алып татады да, бастың жарты құйқасын cақтай отырып, дастарқандас отырған адамдарға ұсынады. Бастың құлағын кей жерлерде қасындағы отырған қарияға берсе, кей жерде кiшкентай балаларға бередi.

Ет әбден туралғаннан кейiн табаққа сарымсақ, бұрыш қосып әзiрлеген тұздық құйылады. Соңынан құрт не қатық қосқан сорпа берiледi.

Мына сөз және сөз тіркестерін есте сақтаңыздар:

соғым – қыста сойылатын малдың еті

сыбаға – соғымның етінен сақталған кәделі мүше

ұлтабар – ұсақ малдың таңдаулы, ең майлы мүшесі

құда-құдағи – күйеу немесе келіннің ата-анасы

тұздық – пияз, бұрыш қосылған сорпа

сорпа – пісірілген еттің сұйықтығы

сүбе – етегімен алынған алты қабырға

асату – құдаларға берілетін дәм, жөн-жоралғы
Сұрақ-тапсырмалар


  1. Мәтінге байланысты сұрақтар құрастырыңыздар

  2. Табақ түрлерін есте сақтаңыздар. Кәделі мүшелерді

атаңыздар.

  1. «Ет» сөзіне байланысты тұрақты тіркестерді қалай

түсіндіресіздер: ет жақын; ет жүрек; еті тірі, еті үйрену, иттің етінен жек көру, құлағының етін жеу; табан ет, маңдай тер; етінен ет кесіп алу, т.б.

  1. Өздеріңіздің жақсы ұнататын тағамдарыңыздың мәзірін

жазбаша жазыңыздар (қыз балаларға)

  1. Астан соң бата беру (ер балаларға)

  2. Мәтіннен шылауларды тауып, түрлеріне қарай (септеулік,

жалғаулық, демеулік) ажыратыңыздар.
Ас-тағам туралы:

  1. Ет етке, сорпа бетке;

  2. Ет жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді;

  3. Қуырдақтың әкесін түйе сойғанда көрерсің;

  4. Еттің соры – қуырдақ, ұнның соры – бауырсақ;

  5. Тоқ адамды ұйқы басады,

Аш адамнан ұйқы қашады;

  1. Ішіп тоймаған, жалап тоймайды;

  2. Өле жегенше, бөле же;

  3. Жаманнан жарты қасық ас қалар;

  4. Қойдың басы – құданың асы;

  5. Ас қадірін тоқ білмейді.


2.9.1 Қонақасы

Халқымыздың тарихи-әлеуметтік, тұрмыстық жағдайындағы ерекше қымбат дәстүрі қонақжайлылық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып қонақасы беру – жомарттылықтың, елдіктің, азаматтықтың үлкен белгісі. Қазақ семіз қойын, басқа да жылы-жұмсақ тағамдарын қонаққа әдейі сақтап «қонақ келеді» деп күтініп отырған. «Құдайым би қылмасаң да би түсетін үй қыл» деп тілек тілеген қазақ үйіне қонақ түскенді мәртебе, бақыт санаған. Қазақтың әр үйінде «қонақтың ырыздығы, несібесі бар» деген ұғым қалыптасқан. Халық дәстүрінде қонақты үйге түсірмек немесе дұрыс қонақасы бермеу, үлкен айып болып саналады.


2.9.2 Сарқыт


Айттан, тойдан ырымдап кәмпит, құрт сияқты дәмнен алып, үлкен кісілер (әйелдер) үйдегі балалары мен келіндеріне әкеліп ауыз тигізеді. Мұны «сарқыт» дейді. Сол сияқты үлкен табақтан қалған етті де «сарқыт» деп, оны жастар үлкен кісілердің жолын, абыройын берсін деп ырым қылып таласып жейді. Бұрын сарқыт қайтады деп келіндер әдейі күтіп отыратын. Қазақ салтында сарқыттың әрі ырымдық, әрі тәрбиелік, әрі дәстүрлік қызметтері бар.
2.9.3 Сәлемдеме

Сәлемдеме – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тағамы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады. Үлкендер мұндайда көзіне жас алып, оны көрші-қолаңдарына, балаларына айтып мақтанады, сол адамды еске алады.

Сәлемдеме – адамды адамның ұмытпай жүруінің, берік достастығының, адал көңілінең алтын кілті. «Сәлем берген саулық береді» дейді халық. Ал сәлемдеме берудің мән-мағынасы одан да жоғары тұр.


2.9.4 Сыбаға


Құрметті қонаққа немесе өздерінің туған-туысқандарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады. Айталық ақсақалдарға, құдаларға т.б. жолы үлкен адамдарға бас, жая, жамбас, ірі малдың белдемесі, омыртқалары сыйлы мүшелер тартылады. Сол сияқты құдағиға жамбас, қыздар менкүеулерге төс, балаларға құлақ, жүрек сияқты сыбағалары болады. Өзі келе алмайтын қарт адамдардың сыбағасын беріп жібереді. Үлкен адамдарға жамбастың шұқыршағы, (ірі малдың) жауырын, кәрі жілік асылмайды. Қыздарға кәрі жілік,өкпе берілмейді. Қол жіліктер құрметті адамдарға тартылмайды.

Қазақ дәстүрі бойынша әр адам, жолаушы өзі қонатын үйде сыбағам бар деп санаған. Тиісті сыбағасын бермесе қонақ ол үйді сынап, өкпесін айтып кетуге хақы бар.



2.9.5 Бата беру

Ақ тілеудің белгісі – бата. Ол кез келгенжерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жақсысын халық «ақ бата» деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері бар. Үлкен кісілер немесе кез келген адам біреудің қайырымдылығы мен жақсылығы, ізгі қызметі үшін де бата береді. Батаның тәрбиелік мәні зор. «Батамен ер көгерер, жауынмен жер көгерер» деген сөз адамды ізгілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке баулиды. Ендеше бата да сол ұлы қасиеттерге бастаушы әрі тудырушы рухани мұра болып табылады. Бата көркем сөзбен, өлеңмен, тақпақпен, шешендік тілмен, әсермен қол жайып айтылады. Батаны құрметті, елге өте сыйлы адамдар береді.


2.10 Қымыздың емдік қасиеті

Бие сүтiнен ашытылып әзiрленетiн шипалы сусын – қымызды қазақ халқы ертеден бiлiп, тағам, iшетiн сусын ретiнде үнемi пайдаланады.

Қымыздың емдiк қасиетi жөнiнде ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында орыстың медициналық журналдарында бiрнеше мақалалар жарияланған.

Ал сол ғасырдың орта шенiнде ғалым-дәрiгерлер осы шипалы сусынның емдiк қасиеттерi жөнiнде айта бастады. Негiзiнен, алғаш рет қымыздың емдiк қасиетiн бiлiп, онымен емдей бастаған - уфалық емшiлер; ал нақтырақ айтқанда, доктор Авенариус деген адам көрiнедi.

Қазақстанда ең бiрiншi қымызбен емдейтiн емхана 1960 жылы

Бурабайда дәрiгер П.Н.Емельяновтың тiкелей басшылығымен ашылған. Мұнда қымыз қазақтардың дәстүрлi әдiсi арқылы, яғни сабаға ашытылды. өйткенi бұл әдiспен әзiрленген қымыздың сапасы жоғары болатын көрiнедi. Дәл осы жылы Торғайда темiржол қызметкерлерiн емдейтiн Берсүгiр емханасы да ашылды.

Кейбiр деректерге қарағанда, бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың қарсаңында қымыз ашытумен айналысатын үш губернияға (Уфа, Самара, Орынбор) жыл сайын қымыз iшiп емделуге 10-11 мыңға жуық адам келедi екен. Бүгiнде республикамызда оннан астам қымызбен емдейтiн санаторийлер бар.
Мына сөз және сөз тіркестерін есте сақтаңыздар:

Шипалы сусын – бие сүтінен дайындалған емдік қасиеті бар сусын

ашыту – бие сүтін сабаға құйып пісу

саба – жылқы терісінен жасалып, қымыз ашытуға қолданылатын ыдыс

емхана – адамдарды емдейтін орын

Сұрақ-тапсырмалар


  1. Қымыздың емдік қасиеті неге байланысты?

  2. Қымыз туралы өз ой-пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.

  3. Құнан қымыз, дөнен қымыз, бесті қымыз, саумал, жазғы

қымыз, түнемел қымыз, сірге қияр қымыз (күзгі қымыз), т.б. түрлеріне сипаттама беріңіздер.

  1. «Ашытқы», «қор» дегендерді қалай түсінесіздер?

  2. Жоғарыда көрсетілген сөздерді орыс тіліне аударыңыздар

  3. Төмендегі мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын

түсіндіріңіздер.

Қымыз туралы:

  1. Қызды кім айттырмайды,

Қымызды кім ішпейді;

  1. Байтал мінсең, құлын жоқ,

Саумал ішсең, қымыз жоқ;

  1. Бір аяқ қымыздың екі аяқ желігі бар.

2.11 Тыйым сөздер

Тыйым – халықтың тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналып, оларға жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю» деген мақал осыған байланысты шыққан. «Бүйірін таяну – қайғының, жағын таяну – мұң-шердің, жүресінен отыру - әдепсіздіктің белгісі деп танып, оған тыйым салған. Демек, тыйым халық тәлімгерлігінің құрамдас бөлігі. Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.

Тыйым сөздер балалар мен жастарға «жаман әдеттен жирен» дегендей жаман істерден сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу –әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп тыйым салған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым үлгілері мен сөздері көптеп кездеседі.
Сұрақ-тапсырмалар


  1. Төмендегі тыйым сөздерді қалай түсінесіз?

  2. Өзіңіз қандай тыйым сөздерді білесіз?


Мына тыйым сөздерді есте сақтаңыздар:
1) Ақты төкпе;

2) Адамды айналма;

3) Адамға қарай түкірме;

4) Асты қорлама, үрлеме;

5) Босағада отырма;

6) Босағаны керме;

7) Бетіңді баспа;

8) Бос бесікті тербетпе;

8) Басыңды шайқама;

9) Ерніңді шығарма;

10) Жұлдыз санама;

11) Жерді сабама;

12) Отпен ойнама;

13) Отты аттама;

14) Пышақ сыйлама;

15) Саусағыңды беземе;

16) Таңдайыңды қақпа;

17) Иесіз үйге кірме;

18) Кірдің суын баспа;

19) Күлді баспа;

20) Құмырсқаның илеуін бұзба;

21) Қабірді баспа;

22) Құдыққа түкірме;

23) Малды ұрма, боқтама;

24) Нанды жерге тастама;

25) Нанды бір қолыңмен үзбе;

26) Уһілеме;

27) Үйде ысқырма;

28) Ішегіңді тартпа.
2.12 Ырым сөздер

Ырым халықтың жақсы ниеті мен тілегінен туған ғұрып. Ырым жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы, шешен болсын деп аузына түкіру, отаншыл болсын деп туған жерге аунату, ержүрек болсын деп батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар. Мысалы, Шыңғыс Шоқанға ырымдап Сегіз серінің (Мұхамед-Қанапия) атын қойғызған. Абай, Әлихан, Бауыржан, Олжас, Сәкен, Ілияс есімдерін қазір де ата-аналары өз балаларына ырымдап қойып жүр. Той, келін түсіруде балаларым өсіп осындай қуанышқа жетсін деп нан, бауырсақ, кәмпит алып, оны апарып береді. Ырым, Ырымкүл, деген ұл, қыз аттары да осы ғұрыппен қойылған. Халықта жасы 100-ге жеткен адамның киімін, ұстаған затын осындай жас берсін деп үлестіріп, бөліп алу салты бар. Сол сияқты баласы тұрмай жүрген адамдар баласына Күшік, Итемген, Көтен, Малай, Башай, Терісаяқ дегендей қолайсыз ат қойса, өмірлі болады деп ырымдаған. Өмірде, тұрмыста, салтта жасалатын ырымдар саны көп және оны қолайлы сәтінде халық ұмытпай қолданған және әлі де қолданып келеді. Жалпы айтқанда ырым – халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы. Ол халық мінезі мен әдет-ғұрпымен біте қайнаған. Сөйте тұра кейде халқымыз «Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» деп те айтып жібереді.

Бұл сөз – ырымның бәрі бірдей орындала бермейтінін ескерткені деп түсіну керек. Дәстүрде ырымның екі түрі бар. Олар салт ырымдары және сенім ырымдары.

Мына ырым сөздерді есте сақтаңыздар:


  1. Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды;

  2. Наның қиқымын жесе – бай болады дейді;

  3. Үйге кіріп келе жатқан бала есік алдына құлап қалса, үйге

береке, ырыс, байлық келеді деп қуанады. Оны төрге апарып үш рет аунатады;

  1. Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі;

  2. Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді;

  3. Қазақ таңертеңгі асты тастамайды, кешкі асты бақпайды;

  4. Оң көзің тартса – қуанасың, сол көзің тартса – ренжисің;

  5. Түнде су алуға бармайды. Егер бара қалса «Су иесі Сүлеймен, су алуға рұқсат бер» деп суға үш рет кесек лақтырып барып алу керек;

  6. Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса, оған «көзің тиеді» деп түкіртеді;

  7. Ұзатылып бара жатқан қыз көлікке мінгеннен кейін

артына қарамайды, жаман болады;

  1. Біреу өзі білетін адамды бір қарағанда танымай қалса,

«көп жасайды» екенсің дейді;

  1. Түсіңде қорықсаң, өңіңде қуанасың;

  2. Адам жерлегенде қолдан күрек алмайды, жерден алады;

  3. Ықылық атып отырған кісіге – «ұрлап тамақ жеген

екенсің» дейді;

  1. Мал сойғанда төс шеміршегін кесіп алып, жарға не босағаға лақтырғанда жабысып қалса, ол үйдің аты жүйрік болады;

  2. Аққуды атпайды, киесі соғады деп қорқады;

  3. Ақты (сүтті, айранды) төксе, малдың желіні кетеді;

  4. Шаңыраққа, үйге қарлығаш ұя салса – ол жақсылық пен

бақыттың белгісі;

  1. Екі жас үйленген түні жұлдыз көп болса, олардың ұрпақтары да көп болады;

  2. Жаңа айды көргенде «жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп бата жасап, ырымдайды.


2.13 Өз-өзіңді тексер
1) «Дәстүр» сөзінің мағынасы?

А) мұрат;

Ә) тұрмыс;

Б) тіршілік;

В) ғұрып.

2) Ер жігіттің неше жұрты бар?

А) 2 жұрт;

Ә) 3 жұрт;

Б) 4 жұрт;

В) 5 жұрт.

3) Үйленуге байланысты қандай салт-дәстүрлер бар?

А) жаушы жіберу; жасау;

Ә) бесікке салу; тұсау кесу;

Б) ас беру; садақа беру;

В) тобық тығу; құлақ тесу.

4) «Байғазы» қандай жағдайда беріледі?

А) келін түскенде;

Ә) сәби дүниеге келгенде;

Б) дүние мүлікке;

В) көмектескенде.

5) «Көрімдік» қандай жағдайда беріледі?

А) жаңа туған балаға;

Ә) жаңа үйге кіргенде;

Б) диплом алғанда;

В) автокөлік сатып алғанда.

6) «Базарлық» деген не?

А) Балалардың жаңа киіміне берілетін ақша;

Ә) Жаңа үйге кірген жас отауға берілетін сыйлық;

Б) Баланың тұсауын кескен кезде берілетін сыйлық;

В) Алыс сапарға шыққан адамдардың әкелген сыйлығы.

7) Алғыс, ризалық мағынасын білдіретін сөзді табыңыз.

А) Екі дүниенің қызығын көр!

Ә) Пәле, жалаңнан сақта!

Б) Құдай бетін көрмейік!

В) Тамағыңа тас кетсін!

8) «Бөле» қандай туыстық атау?

А) жиеннен туған бала;

Ә) қыздан туған бала;

Б) апалы-сіңілілі қыздардың балалары;

В) немеренің баласы.

9) Жеті атаның дұрыс тізбектелген қатарын тап.

А) баласы, немересі, шөбересі, шөпшегі, неменесі, туажаты, жүрежаты;

Ә) баласы, неменесі, немересі, шөбересі, шөпшегі, туажаты, жүрежаты;

Б) баласы, неменесі, немересі, шөпшегі, шөбересі, туажаты, жүрежаты;

В) баласы, немересі, шөпшегі, шөбересі, неменесі, туажаты, жүрежаты;

10) «Құдайы қонақ» деп кімді атайды?

А) жолаушы келе жатып түстеніп, не бір түн түнеп шығатын қонақ;

Ә) алыстағы ағайын, туған-туыстарын арнайы іздеп келетін қонақ;

Б) қай үйге қонақ келсе, сол үйге жетіп баратын адам;

В) шақырылмаған жерге баратын адам.



3 Атамекен
3.1 Атамекен, ел туралы

Атамекен – адамның туып-өскен жерi, ата-мекенi, ел жұрты, табиғи байлықтары, халқы, қоғамдық және мемлекеттiк құрылысы, тiл, мәдениет, тұрмыс-салт және әдет-ғұрып ерекшелiктерi бар белгiлi бiр халықтың тарихи тұрағына айналған аумақ. Тар мағынада бiреулердiң туған ауылы.Ауыспалы мағынасы адамның дүниедегi өнер мен мәдениетi қалыптасқан жерi.

Ұрпақтан ұрпаққа қалып отырған “кiр жуып, кiндiк кескен” аймақ, өңiр, өлке – атамекенге кiредi. Ертеде көшпелi қазақ ауылдары жердi ру-ата болып пайдаланғандықтан, олардың әрқайсысының жеке-жеке қоныстары: қыстауы, көктеуi, жайлауы, күзеуi болған. Осы жерлер әр елдiң /рудың, атаның, ауылдың, т.б./ атамекенi деп есептелген.

Қазақ халқының атамекенi – көне замандардан қалыптасқан жер көлемiнiң батыс жағы Каспийге, шығысы мен терiстiгi – Ciбiр мен Алтай тауларына, күнгейi – Қырғыз, Өзбек, Түрiкмен республикалары мен шектеледi. Жерi – қасиеттi, құдiреттi құт мекен. Бұл күндерi осы мекенде сан ғасыр армандаған қазақ мемлекетi дүниеге келдi. Көлемi бес Францияға, тоқсан екi Бельгияға пара-пар елдiң жерiнде алуан түрлi кендер, өсiмдiктер, жан-жануарлар бар. Химия ғылымында Менделеев ашқан химиялық элементтер кестесiнде көрсетiлгендердiң бәрi қазақ даласынан табылады. Қазақта “ел”, “жұрт”, “халық”, “Отан”, “ағайын” деген сөздер бар.

“Ел” – қасиеттi атау. Қазақтар: “елдiң елдiгiн бiлмеген, құдайдың бiрлiгiн бiлмейдi”, “елдiң iшi – алтын бесiк”, – дейдi. Ел сөзi кейде мемлекет мағынасында “Қазақ елi” деп те қолданылады. Басқа елге баратын өкiлдi “елшi” деп атайды.

“Жұрт” – “жұрт жаңарту”, орыстың “юрта” дегенi, ел мағынасына жақын, синоним деуге болады. “Ел”, “жұрт” түрiк сөздерi.

“Ағайын” – “аға-iнi” деген сөздердiң бiрiгуiнен шыққан. “Отан” арабтың “ватан”, яғни “өлке” деген сөзiнен шыққан. “Ұлт” қазақта ертеден Отанға қосарлана айтылған.
Мына сөз және сөз тіркестерін есте сақтаңыздар:

өңiр – атырап, аймақ, өлке

әдет-ғұрып – жалпыға бірдей қалыптасқан қоғамдық дәстүр, жөн-жора

қыстау – малшылардың мал қыстататын қысқы мекені

құтмекен – құт қонған, берекелі орын

күзеу – малшылардың күзгі мекені

күнгей – Оңтүстік тарап,күн сәулесі мол түсетін алқап

өкiл – белгілі бір елдің, ұйымның мүддесін білдіретін, оны жүзеге асыратын ресми адам

елшi – шет мемлекеттермен қатынас жасасу міндетін атқаратын жоғарғы дипломатиялық өкіл

Сұрақ-тапсырмалар


  1. Мәтінді оқып шығып, өз ойыңызды қосыңыз.

  2. «Кір жуып, кіндік кескен» тұрақты тіркесінің мәні неде?

  3. Мәтіннен жалғаулы сөздерді тауып, оларды түрлеріне

қарай ажыратыңыздар..

  1. Жоғарыда көрсетілген сөздерді орыс тіліне аударыңыздар

  2. Төмендегі мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын

түсіндіріңіздер.
Ел, жер туралы:

  1. Ел іші – алтын бесік;

  2. Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы;

  3. Туған жердей ел болмас,

Туған елдей ел болмас;

  1. Отанды сүю – от басынан басталады;

  2. Туған жердің ауасы да шипа;

  3. Туған жержің қадірін,

Шетте жүрсең білерсің;

  1. Ат айналып қазығын табар,

Ер айналып елін табар;

  1. Отанға опасыздық еткенің,

Өз түбіңе өзің жеткенің;

  1. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл;

  2. Сағынған елін аңсайды,

Сарыала қаз көлін аңсайды;
3.2 Жайлау

Жыл он екі ай – көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді. Әр маусымда үш ай, яғни 90 күн болады. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын: көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған.

Ертеректе қазақ халқы наурыз, көкек (сәуір), мамыр айларында қыстаудан көктеуге көшіп қонып, мал төлдететін. Содан соң маусым, шілде, тамыз айларын өткізетін. Осы күнгі малшылар да сөйтеді.

Жайлау – қыстаудан алыс жатқан даладағы қоныс. Жайлауды шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден таңдайды. Онда жылдың үш маусымында ел болмайды. Қыста аппақ қар басып жатады. Жазға қарай жайлаудың шөбі жақсы өседі. Ол кезде жер беті кілем сияқты құлпырады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойып, семіреді. Адамдар да сергиді. Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды. Мұндай атақты жайлаулар Қазақстанда өте көп. Олар – Қарқара, Шалкөде, Сырт, Шұбартал, Асы, т.б.

Қарқара жайлауының үстімен бұрын Ұлы Жібек жолы өткен. Осы жерде жыл сайын жәрмеңке өткізілген. Қазір Қарқарада малшылардың тойы өтеді. Жайлауда бәйге, қыз қуу болады. Балалар гүл тереді, көбелек қуады, суға шомылады. Бірақ бұл қызықты мезгіл де тез өте шығады. Жайлаудан кейін ел күзеуге көшіп қонады. Қар түскен соң қыстауға көшеді.

Мына сөздерді есте сақтаңыздар:


Қоныс – малшылардың орын тепкен жері

Шүйгін шөп – шөбі қалың көк

Көктеу – көктемде қоныстайтын аймаө, көктемгі жайылым

Жайлау – малшылардың жаз уақытында шығатын орны

Күзеу – малшылардың күзгі мекені

Қыстау – малшылардың мал қыстатуға арналған қысқы мекен-жайы, қора-қопсысы

Бәйге – қазақтың ұлттық ойыны, ат жарыстыру

Қыз қуу – атқа мініп ойналатын ұлттық ойын
Сұрақ-тапсырмалар


  1. Мәтінді оқып, мазмұндап беріңіздер.

  2. Мәтіннен сөйлемнің бірыңғай мүшелерін тауып,

түрлеріне қарай ажыратыңыз.

  1. Сөздердің байланысу түрлеріне қарай (қиысу, меңгеру,

матасу, қабысу, жанасу) сөз тіркестері тауып, ажыратыңыздар.

  1. Жоғарыда көрсетілген сөздерді орыс тіліне аударыңыздар


3.3 Алтын адам

Қазақстанды мекендеген сақтардың типіне жататын 17-18 жасар жауынгердің алтындаған сән-салтанатты киімі көзге оттай басылады. Басына төбесі ұзынша, шошақ бас киім киген. 200-ден артық алтын зерлі заттармен әшекейлеген. Алтын заттардың әр бөлшегі барыстың, тау ешкінің, арқардың, жылқының, құстың кескінімен таңбалаған. Иір мүйізді, қанатты екі аттың мүсіні маңдай тұсында тұр, оған қоса ұзын тармақты екі жапырақ бар. Мойнына бұралған алтын алқа таққан, алқаның ұшында жолбарыстың басы бейнеленген.

Сырт киімі – бешпент пен шалбар. Қызыл түсті былғары қысқа бешпенттің өн бойына тұтас жапырақ-жапырақ алтыннан жапсырылған. Жағасы, өңірі, етегінде жолбарыстың айбарлы тұмсығы бейнеленген төрт бұрышты ірі-ірі әшекей алтын тұтас қапталған. Бешпенттің бүкіл бойы үш мыңға жуық алтынмен көмкерілген. Етіктің қонышына да бешпенттегідей үш бұрышты бармақтай-бармақтай алтын әшекейлер жапсырылған. Жейдесінің жағасы мен жеңіне де алуан-алуан алтын өрнек қадалған. Сыртынан буынған қайыс белдіктегі әшекей де кесек алтыннан құйылған. Үлкен екі алтын сақинаның біреуінің бетінде сәнді бас киім киген, қолына қыран ұстаған адамның басы бейнеленген, бұл жүзік – мөр.

«Алтын адам» жатқан Есік обасынан біздің заманымыздан бұрынғы V-ІV ғасырларға тән 4 мыңнан артық бұйым табылыпты. Соның ішіндегі күміс зеренің сыртқы бетіне екі қатар етіп жазылған жазуларды ғалымдар осы уақытқа дейін ғылымға белгісіз таңбалар деп жориды. Қалай болғанда да, бұл – бұдан екі-екі жарым мың жыл бұрын осы өңірді мекендеген аламдардың жазу таңбаларын жасап, пайдалана білгендігінің куәсі. Алтын киімді адам және оның қабірінен табылған заттар дүниежүзілік маңызы бар аса зор жаңалық саналады.


Мына сөздерді есте сақтаңыздар:

Сақтар – біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта Орталық Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерлерін мекен еткен тайпалар

Жауынгер – қатардағы әскер, шерік

Шошақ бас киім – төбе жағы сопақша келген, сүйір бөрік

Бешпент – кеудеге киетін астарлы жеңіл сырт киім

Кескін – бет-әлпет, пішін, көрік

Мүсін – дене, бейне


Сұрақ-тапсырмалар


  1. Мазмұнын қысқаша әңгімелеп беріңіз.

  2. Екінші және үшінші алтын адам қай жерлерден табылған?

Олар туралы не білесіздер?

  1. Мәтіннен тіркестерді тауып, оларды (есімді тіркес,

етістікті тіркес) түрлеріне қарай ажыратыңыз.

  1. Бұл тіркестерден сөйлем құрастырыңыздар.

  2. Сөйлемдерді шақ, жақ түріне қарай ажыратыңыздар.

Жоғарыда көрсетілген сөздерді орыс тіліне аударыңыздар



1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет