«Deutschе Allgemeine Zeitung» (daz) республикалық газеті 1966 жылдан бастап шыға бастады және ол қазіргі кезде тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия аумағында неміс тілінде шығатын жалғыз газет болып табылады



Дата03.05.2016
өлшемі17 Kb.
«Deutsche Allgemeine Zeitung»
«Deutschе Allgemeine Zeitung» (DAZ) республикалық газеті 1966 жылдан бастап шыға бастады және ол қазіргі кезде тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия аумағында неміс тілінде шығатын жалғыз газет болып табылады. 12 беттік газет орыс және неміс тілдерінде аптасына 1 рет, 2200 дана таралыммен шығады.

DAZ-ды республикамыздағы бейбітшілік пен этносаралық келісімді нығайту, диалог пен түсіністік мәдениетін арттыруға бағытталған мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру жөніндегі маңызды функцияны орындай отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының үкіметі қаржыландырады.

Байырғы серіктес IFA-институттың (Шетелдегі мәдени байланыстар институты) қолдауының арқасында, газетте қазақстандық әріптестерімен бірге Германиядан келген кәсіби редакторлар мен тәжірибе жинақтаушы журналистер еңбек етеді. Бұл газеттің немісше шығатын бөлігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Газетте 100-ден астам этнос өкілдері бейбітшілік пен татулықта өмір сүріп жатқан Қазақстан Республикасындағы этносаралық келісімге ерекше мән беріледі. Газет Қазақстан халқы Ассамблеясымен және басқа да ұлттық газеттермен тұрақты байланыс жасап, Қазақстандағы және Германиядағы саяси және экономикалық жағдай туралы талдамалық материалдар жариялап тұрады; Қазақстандағы және басқа республикалардағы немістердің мәдени және қоғамдық өміріне үлкен мән беріледі; немістердің «Возрождение» қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының, сондай-ақ республикадағы басқа да этномәдени бірлестіктердің қызметін, жастар ұйымдарының мәдени және ағартушылық іс-шараларын, неміс авторлар Қазақстан мен Германияда шығарған жаңа кітаптар туралы ақпаратты жиі жариялап тұрады.

Газет ТМД аумағында тұратын немістерді өзара ғана емес, оларды тарихи отандарымен байланыстыратын ақпараттық көпір болып табылады. Электрондық нұсқаның арқасында (www.deutsche-allgemeine-zeitung.de) оқырмандар саны әжептәуір артты. Германияға қоныс аударғндармен рухани байланыстың үзілмеуіне интернет-парақша септігін тигізуде.

Газетке Қазақстанда тұратын, Орталық Азияда болып жатқан мәдени және саяси оқиғалардан хабардар болғысы келетін шетелдіктер тарапынан қызығушылық көп.

Байланысу жолдары:

Тел: 8 7272 63-58-06; +77775251170



daz.almatyvar@gmfil.com
Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет