«Дін мен дәстүр – радикализмге қарсы»



жүктеу 35.42 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі35.42 Kb.
: downloads -> nauka
nauka -> График проведения аттестации педагогических работников №
nauka -> Қазақстан Республикасының юнеско және исеско істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы
nauka -> Ақпараттық хат 2015 жылдың 25-27 қарашасы
nauka -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!
nauka -> Ж. З. Оразбаев, Т. Е. Ермеков, М. В. Долгов
nauka -> Қазақстан республикасы
nauka -> ҚҰрметті әріптестер! Сіздерді ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы академиясы»
nauka -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!
nauka -> ҚҰрметті әріптестер! Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


«Дін мен дәстүр – радикализмге қарсы» атты республикалық

ғылыми-практикалық конференцияның

тұжырымдамасы

Конференцияның өзектілігі

Қазақстан аумағында ертеден тамырын терең жайған ислам діні тәуелсіздігімізді алғаннан бері қайта жаңғырып, елдің қоғамдық-саяси өмірінде өз орны мен маңыздылығына ие болды. Ислам халқымыздың сенім жүйесімен, құқықтық және адамгершілік заңдылықтарымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен етене араласып әрі олардың әсеріне ұшырай отырып, өзі де ықпалын тигізді. Бүгінгі таңда да елімізде ислам дінінің дамып, барша мұсылман құндылығына айналуына барлық мүмкіншіліктер қарастырылған. Бірақ жалпы жағдай осылай десек те, республикамыздың аумағында исламның дамуымен қатар діндар мұсылмандардың санының өсуі, соның ішінде жастардың дінге бет бұруы біршама мәселелердің пайда болуына алып келді. Діндар жамағаттың біразы теріс діни жолға түсіп, зайырлы мемлекеттің заң талаптарын мойындағысы келмеді. Осы жағдайлар қоғам ортасында діннің әлеуметтік маңызы мен орнына қатысты көзқарастарды қайтадан салмақтауға алып келіп отыр.

Республика аумағындағы діни ахуалдың тұрақсыз сипат алуы кері ағымдар мен топтардың, ұйымдардың халық арсында радикалды идеология таратып, қарапайым жандарды адастырып, теріс әрекеттерге итермелеуімен байланысты. Жалған уағыздарымен діндар жамағатты адастырып, қылмыстық жолға итермелеп отырған діни ұйымдардың әрекеттері қоғамдағы этникааралық және конфессияаралық қатынастарды бұзуға бағытталып, қоғам тыныштығын бұзуды көздейді.

Дінге қатысты бұл мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050» Стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұрғандығын ерекше атап өтіп, жастарымыздың бір бөлігінің олардың көзқарастарын көзсіз қабылдап отырғандығы жастарға тән алып –ұшпа мінез бен олардың бойларында кері ағымдар идеологиясына қарсы тұратын иммунитеттің жоқтығынан деп атап көрсетті. Ол үшін біз шеттен келген жалған әсерлерге беріле бермей, өзіміздің салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрпымызға, мәдениетімізге негізделген ұлттық сана, соның ішінде діни сананы қалыптастыра білуіміз керек. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды халықтың жалпы діни сауатын ашу, оларға зайырлы қоғам мен діннің арақатынасын сауатты түсіндіре білу жұмыстарының тиімділігіне де баса назар аударылуда.

Мақсаты: мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың қазақстандық үлгісін жетілдіру мәселелерін қарау және сындарлы талқылау; еліміздің әлеуметтік, мәдени және рухани бірлігін сақтау, террорлық және радикалдық топтардың ықпалы мен идеяларынан сақтандыру.

Міндеттері:

1. Мемлекеттік-конфессиялық және дінаралық қатынастардың практикалық аспектілерін талқылау;

2. Өзара сенім мен дінаралық ынтымақтастық орнатуға бағытталған конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін сақтау мен дамытуға жәрдемдесу;

3. Терроризм әрекеттерінен тұрғындарды сақтандыру, мемлекеттік дін саясатын насихаттау және жүзеге асыру.



Мазмұны:

Конференция жұмысына ҚР Дін істері агенттігі басшылары, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, «НұрОтан» ХДП-ы өкілдері, ҚМДБ-ы төрағасы, ғалымдар, облыстардағы, Астана, Алматы қалалық Дін істері басқармалары басшылары мен өкілдері, облыстағы діни бірлестіктердің, Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясының және этномәдени орталықтардың, мемлекеттік құрылымдардың, оқу орындарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Пленарлық отырыс шеңберінде мынадай мәселелерді талқылау жоспарлануда:

- елде бейбітшілікті, тұрақтылықты, конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстанның жүйелі саясаты;



- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың үлгісін әрі қарай іске асыру;

- дәстүрлі ислам дінінің экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі рөлі;

- конфессияаралық келісім мен өзара құрметтеудің толеранттылығын сақтау және одан әрі нығайту.

Болжамды нәтиже:

1. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың тетіктерін жетілдіру;

2. Қазақстанның толеранттық үлгісін іске асыруды, сарапшы қоғамдастықты, дәстүрлі діндер және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тарта отырып, конфессияаралық қатынастарды әрі қарай үндестіруді талқылау;

3. Конференция туралы БАҚ-қа жариялау және конференция материалдарының жинағын басып шығару.



Іс-шараны ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі.
Өткізу уақыты мен орны: 18 маусым 2014 ж., Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимаратының акт залы.






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет