Дінде шектен шығушылық және артық кетушілік (нысапсыздық) таныту (ғулюу) туралы



Дата01.05.2016
өлшемі119.58 Kb.
Дінде шектен шығушылық және артық кетушілік (нысапсыздық) таныту (ғулюу) туралы

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Содан соң:

Ақиқатында, Ислам  – шектен шығушылықтардан таза, орташыл дін. Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүруді өсиет еткен тура жол – міне осы. Аллаһ Тағала былай деді: «Осылайша сендерді орташа бір үммет қылдық. Адамдарға куә болуларың, сондай-ақ Пайғамбардың сендерге куә болуы үшін» (әл-Бақара 2: 143).

Бірақ, ақиқатында, шайтан қалғымайды  және мұсылмандарға қарсы қастандық жасаудан жалықпайды.   Әрі шайтанда солар арқылы азғыратын және адасушылыққа түсіретін екі жол бар.  Бұл жолдардың біреуіне ол күнәларға бейім, селқостыққа (босаңсуға) және дінге деген салғырттыққа берілетіндерді итермелейді. Ал басқа жолға шайтан ғибадатта және Аллаһқа бағынуда ыждағаттылық танытатындарды итермелейді. Мұндай адамды тура жолдан тайдырып, опат ету үшін, ол оған шектен шығушылықты әдемі етіп көрсетіп, оны дінде артық кетушілік (нысапсыздық) жасауға итермелейді. Шейх Ибн әл-Қайим шайтанның айлаларының түрлерін атап өтіп, былай деп жазған: “Кейбір ізгі саляфтар былай дейтін: «Аллаһтан қандай бұйрық келсе де, шайтан міндетті түрде осыда ықпал етудің екі тетігіне ие болады: не босаңсу мен немқұрайлылық, не шектен шығушылық пен артық кетушілік. Және ол осы екі жағдайдың біреуімен үстем болуын тоқтатпайды». Адамдардың санаулысынан басқа көпшілігі осы екі хәлдің бірінде: не босаңсуда, не артық кетушілікте – болады. Және кейбіреулері ғана Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары жүрген тура жолда (ғана) бекем тұрады!” “Иғасату-лләхфән” 1/116.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде өздерін Исламға телитіндер, алайда, өздерінің ыждағатты ғибадаттарына қарамастан, одан ұшып шығып кететіндер бар еді. Ендеше біздің кезімізде де өзін Исламға және Сүннетке жатқызушы (адамның) Ислам дінінен әртүрлі себептермен шығып кетуі мүмкін екендігі мәлім болсын, ал олардың бірі – Аллаһ Өзінің Кітабында сөккен артық кетушілік!” Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 3/383.

Ұлы Аллаһ Тағала былай деді: “Сендерге амалдары бойынша ең үлкен зиянға ұшырайтындар туралы хабар берейін бе?” – де. Олар – дүниедегі амалдары зая кеткендер. Өздері болса: “Рас, жақсы іс істедік”, – деп ойлайды» (әл-Каһф, 18: 103-104).

Хафиз Ибн Касир: “Бұл аят жинақтаушы болып табылады және Аллаһқа бекітілмеген тәсілдермен құлшылық етіп, өздерінің сол істерін дұрыс деп санап әрі амалдары қабыл болатынына сенетін, бірақ іс жүзінде қателесіп, амалдары қайтарылып жүргендерге қатысты!», - деген.  Ибн Касир «Тафсир» 3/174.

Діндегі артық кетушілік – бұл бидғаттың, күпірліктің және көпқұдайшылықтың, күпірлікте орынысыз айыптаудың, сондай-ақ қақысыз қан төгудің себебі болатын нәрсе. Ал салдары осындай опат етуші және ең үлкен күнәлар болып табылатын нәрседе жамандық жетіп асады.

Діндегі артық кетушілікке қатаң тыйым салынғандығына нұсқайтын және ол опат болуға алып баратын жол екендігі туралы Құран мен Сүннеттің дәлелдері.

Аллаһ Тағаланың шариғатында осы жолға ілесудің қатерлігі туралы қатаң насихаттар және сондай-ақ діндегі артық кетушілік пен шектен шығушылыққа қатысты қатаң тыйымдар  бар. Аллаһ Тағала христиандар мен яхудилерге былай деп айтады:  «Әй, Кітап иелері! Діндеріңде орынсыз шектен шықпаңдар және бұрынғы нақ жолдан адасқан әрі көптерді адастырған, сондай-ақ тегіс жолдан азған қауымның әуесіне ілеспеңдер», – де» (әл-Мәида, 5:77).

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Осы үмметтің (мұсылмандардың) қатарына жататындардан кім христиандар мен яхудилерге ұқсаса (еліктесе) және дінде не шектен шығушылық арқылы, не салғырттық арқылы артық кетушілікке түссе, ол – солар сияқты, бұл діннен ұшып  шығып кеткен хауариждермен орын алғанындай! Хауриждер Али ибн Абу Талибтың билік құруы тұсында пайда болды және олар мұсылмандарға қарсы (қару алып) шыққандықтары үшін мұсылмандар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол туралы он түрлі жолмен сахих хадистер жеткізілетін бұйрығы бойынша соғысты. Әрі осындайларға дінде шектен шығушылыққа салынған рафидилер, қадарилер, жәхмилер, му’тазилиләлар мен аш’арилер де жатады”. Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 3/340-350.

Сондай-ақ Аллаһ Тағала христиандарға былай деді: «Әй, Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер. Аллаһқа байланысты шындықты айтыңдар. Ақиқатында, Марьям ұлы Масих Иса – Аллаһтың елшісі әрі Марьямға жеберген Сөзі және Аллаһ тарапынан бір Рух. Ендеше Аллаһқа және елшілеріне сеніңдер. Әрі (Аллаһты) «Үшеу» демеңдер, (одан) тыйылыңдар. Бұл сендер үшін жақсырақ болады. Ақиқатында, Аллаһ – бір-ақ Құдай. Ол баласы болудан пәк» (ән-Ниса 4: 171).

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Христиандар сенім мен амал мәселелерінде басқа адамдарға қарағанда артық кетушілікке күштірек салынады, әрі осы себептен де Аллаһ оларға Құранда артық кетушілікке (ғулюу) тыйым салды”. Қз.: “Иқтида әс-сырат әл-мустақим” 1/328.

Сөйтіп Аллаһ артық кетуден яхудилерді де, христиандарды да ескерткен еді, бірақ олар Аллаһ Тағалаға мойынсұнбай, шектен шығушылыққа салынды, және сол себепті ақиқат жолынан тайды.

Бірақ Аллаһ Тағала Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметін де артық кетуден ескертіп: «Рұқсат етілгеннің шегінен шықпаңдар, өйткені Ол (Аллаһ) сендердің не істеп жатқандарыңды көріп тұр» (Худ 11: 112), – деп бұйырды.

Ибн ‘Аббастан (оған Аллаһ разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  артық кетуден тыйып: «Діндегі нысапсыздықтан (орынсыз артық нәрселерден) абай болыңдар, өйткені сендерден бұрын өмір сүргендерді діндегі шектен шығушылықтары опат қылды!», - деп айтқаны жеткізіледі. Ән-Насаи 4/49, Ибн Мажжәһ 3/29, Ибн әл-Жәруд 473. Хадистің сахихтығын Ибн Хузайма, Ибн Хиббан, әл-Хаким, әз-Захаби, ән-Науауи, Ибн Таймия, Ахмад Шакир, әл-Әлбани растаған.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: «Діндегі артық кетушіліктен (нысапсыздықтан) абай болыңдар» деген сөздер өзіне артық кетушіліктің, – мейлі олар сенімдегі, мейлі амалдардағы артық кетушілік болсын, – барлық түрлерін қамтитын жалпылама болып табылады”. Қз.: “әл-Иқтида” 1/328.

Имам Ибн әл-Асир былай деген: «Діндегі нысапсыздықтан (артық кетуден) абай болыңдар» деген сөздер діндегі шектен шығушылық пен оның шекараларынан аттауды білдіреді. Бұл басқа хадисте:  «Ақиқатында, бұл дін қатты, ендеше оған жұмсақ түрде еніңдер», – деп айтылғанындай. Ахмад 3/199. Сондай-ақ: «Ақиқатында, Аллаһ Тағаланы дәріптеудің (бір) сипаты (белгісі) болып Құранды жатқа біліп, оған қатысты артық кетпейтін және салғырттық танытпайтын адамға деген құрмет таныту  болып табылады» (Абу Дауд 4843), - деген хадис те. Ақиқатында, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұны өзіне бұйырылған мінез-құлықта барлық істе орташылдық таныту қажет болғандығы себепті айтты. Ал ең жақсы істер – бұл орташыл істер!” Қз.: “ән-Нихая” 3/382.


Шейх ‘Али ибн Адам әл-Ат’юби: «Сендерден бұрын өмір сүргендерді діндегі нысапсыздықтары (артық кетушіліктері) опат қылды!» деген сөздер туралы: “Яғни дін мәселелеріндегі ғулюу – бұл бұрынғы қауымдарды опат еткен нәрсе! Осы себепті, бұл үмметтің басына олардың басына келген нәрсе келмеуі үшін, оларға ұқсап- еліктеу рұқсат етілмейді”. Қз.: “Шарх Сунан ән-Насаи” 26/31.

Ибн Мас’удтан (оған Аллаһ разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Артық кетушілік (нысапсыздық) танытушылар опат болды!» - деп, осыны үш рет қайталап айтқаны жеткізіледі. Муслим 2670.

Имам әл-Хаттаби осы хадиске жасаған түсіндірмесінде былай деген: «Артық кетушілік (нысапсыздық) танытушылар» – бұл өздеріне қатысты емес және саналары жете алмайтын нәрселерге кірісіп,  мәселеге терең еніп кетушілер, философиялық тәсілдермен ой-пікірге салынатындар”. Қз.: “Ма’алим әс-Сунан” 4/277.

Имам ән-Науауи былай деді: “Яғни өздерінің сөздері мен істерінде артық кетушілікке салынғандар және шектен шыққандар». Қз.: “Шарх «Сахих» Муслим” 16/220.

Сондай-ақ ән-Науауи былай деген: “Қаталдық таныту орынсыз болған жағдайларда қаталдық танытатындар туралы сөз болуда”. Қз.: “Рияд ас-салихин” 106.
Имам әл-Мунауи былай деген: “Бұл – шариғаттың шекараларын бұзып шығып, шайтанның азғыруына түскен, өз ғибадаттарында артық кеткендер», – деп айтылған”. Қз.: “Файдуль-Қадир” 6/355.

Шейх Сыддиқ Хасан Хан былай деген: “Бұл хадис өзіне артық кетушілікті қамтитын кез келген нәрсе туралы айтылған, мейлі ол ғибадатта болсын, немесе өзара қарым-қатынаста, немесе әдет-ғұрыптарда болсын. Әрі бұл сыртқы амалдарға қатысты ма, әлде ішкілеріне ме, сенімдерге ме, әлде амалдарға ма – мұның айырмашылығы жоқ. Және егер белгілі бір нәрсеге қатысты ақиқат Құран мен Сүннетте бекітілген болса, ал басқа бір нәрсе оларға қайшы келсе, онда бұл да осы хадиске қатысты, және мұндайды жасаушы адам опатқа тартылады! Әрі шектен шығушылықты, нысапсыздықты «опат болу» деп атау мұның үзілді-кесілді түрде тыйым салынғандығына нұсқайды. Ал барлық нәрседегі шектен шығушылық пен артық кетушілік  мұндайды істеушіні опат болуға алып келеді”. Қз.: “Сиражж әл-уаххадж” 10/198.

Абу Хурайра (оған Аллаһ разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Ақиқатында, бұл дін жеңіл, бірақ біреу онымен күресе бастаса, ол (дін) міндетті түрде оны жеңеді».  әл-Бухари 39.

Имам Ибн әл-Мунайир былай деген: “Бұл хадисте алдын ала айтылған пайғамбарлық хабарлардың бірі бар. Ақиқатында, біз дінде артық кетушілердің қалай сөнгендерін көргенбіз және бізден бұрынғы адамдар да оны көрген. Бұл хадистің мағынасы «ғибадатты жетілдіруге болмайды» дегенде емес, өйткені, керісінше, бұл – мақталатын амалдардан. Алайда хадистің мағынасы шаршау (жалығу) мен жалқаулыққа әкеп соқтыратын артық кетушілік танытуға тыйым салынатындықта. Мысалы, ерікті амалдардағы артық кетушілік одан жақсырақ нәрсені жіберіп алуға алып келуі мүмкін, мысалы, түнімен нәпіл намазын оқып шыққан адамның парыз намазының уақытын өткізіп алуы». Қз.: “Фатхуль-Бари” 1/117.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Өздеріңе қатысты қаталдық жасамаңдар! Ақиқатында, сендерден бұрын өмір сүргендерді өздеріне қатысты қаталдық танытқандықтары опат етті. Әрі сендер олардан қалғандарын кельялар мен монастырлардан  таба аласыңдар».  әл-Бухари “әт-Тарих” 2/97. Хадис хасан. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 3124.

Хадистің басқа бір нұсқасында: «Өздеріңе қатысты қаталдық жасамаңдар, өйткені сонда Аллаһ та сендерге қаталдық жасайды!», - деп айтылған.

Имам әс-Саффарини бұл хадиске қатысты былай деген: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дін мәселелеріндегі артық кетушіллікке тыйым салған және Аллаһтың құлы өзіне одан талап етілетіннен артық кетушілікті танытса, бұл Аллаһтың оған не тағдыр жолымен, не шариғи жолмен қаталдық  жасай бастайтынының себебі болатынын баяндаған! Шариғат тұрғысынан пендеге қатысты қаталдық адамның қиын болса да, өз-өзіне міндеттеген нәзірлерді міндетті түрде орындауында көрініс табады. Ал тағдырдың жағынан танылатын қаталдыққа келер болсақ, онда бұған күмәндар мен азғыруларға (уас-уас) шалдыққан адамдардың іс-әрекеттері жатады. Ақиқатында, бұл адамдар өздеріне қатысты қаталдық жасайтын, соның себебімен осы азғырулар оларға тағдыр арқылы оралды да, оларға үстемдік етті және олардың ажырамас сипатына айналды».  Қз.: “Шарх сулясият” 1/380.

Анастан (оған Аллаһ разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны баяндалады: «Ақиқатында, бұл дін қатты, ендеше оған жұмсақ түрде еніңдер». Ахмад 3/199. Шейх әл-Әлбани хадисті хасан деген. Қз.: «Сахих әл-жәми’» № 2246.

Бұл хадистің басқа нұсқасында: «Ақиқатында, бұл дін қатты, ендеше оған жұмсақ түрде тереңде. Өйткені өз жүгінің ауырлығын өлшемеген адам жолды да басып өте алмайды, мінген жануарын да опат етеді!» - деп айтылған. әл-Байхақи “әш-Шу’аб” 4743.

Абу Умамадан (оған Аллаһ разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізілген: «Менің үмметімнің ішіндегі адамдардың екі санаты (Қиямет күні) шапағатыма ие болмайды! Олар: жауыз және залым патша, сондай-ақ шектен шығушылыққа түсіп, жолдан тайғанның әрбірі!» әт-Табарани «әл-Кабир» 8079 және «әл-Аусат» 640. Хафиз әл-Мунзири және әл-Хайсами бұл хадистің барлық жеткізушілері сенімге лайық деген, ал шейх әл-Әлбани хадисті хасан деп айтқан. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” № 470.

Құран мен Сүннеттің осы мәтіндері діндегі көрініс табатын артық кетушіліктің барлық түрлеріне ең қатаң түрде тыйым салынғандығына бірмағыналы түрде нұсқайды, сондай бұл мәтіндер дұрыс жолдан таюға және адасушылыққа түсуге себеп болатын діндегі артық кетушіліктерден  алдын ала сақтандыруға да нұсқайды!

Ақиқатында, бұл дін жеңіл!

Аллаһтың шариғатының мақсаты – мұсылман адамды екі дүниеде де бақытты ету екені белгілі. Және осы себептен шариғат Аллаһтың құлдарына қиындықтар туғызатын барлық нәрселерді алып тастап, олардың міндеттерін жеңілдетеді. Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһ сендерге жеңілдікті қалайды және сендерге қиындықтарды қаламайды» (әл-Бақара 2: 185).

Сондай-ақ Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Аллаһ сендер үшін қиындық жасауды қаламайды» (әл-Маида 5: 6).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Ең жақсы сендердің діндерің – жеңіл!» Ахмад 1/336. Хафиз Ибн Хажжәр хадистің иснадын сахих деген. Қз.: “Фатхуль-Бари” 1/116.

Ибн ‘Аббас (оған Аллаһ разы болсын) былай деп баяндайтын: “Бірде Аллаһтың Елшісіне “Қайсы дін Аллаһ үшін ең сүйікті?» – деген сұрақ қойылды. Ол: «Бірқұдайшылықтың (ханифия) жеңіл діні», – деп жауап берді.  Ахмад 1/236. Хадистің сахихтығын хафиз Ибн Хажжәр, хафиз әл-‘Аләи, шейх Ахмад Шакир және шейх әл-Әлбани растаған.

«Жеңіл», яғни орынсыз артық нәрселерден (нысапсыздықтардан) таза. Шейх Ибн әл-Қайим былай деген: “Ханифия жеңілдікпен бір қатарда аталады, өйткені ханифия діні – бұл бірқұдайшылық пен амалдардағы жеңілдік. Әрі бұл екі нәрсенің: көпқұдайшылық пен рұқсат етілген нәрсеге тыйым салудың қарама-қайшысы болып табылады”. Қз.: “Иғасату-лляхфан” 1/135.

Имам Закария әл-Ансари бұл хадиске қатысты былай деген: «Жеңіл дін» дегеніміз – басқа діндерден айырықша қысылушылық пен қиындықтары жоқ дін“. Қз.: “Тухфатуль-Бари” 1/199.

Имам әл-Бухари бұл хадисті өзінің «Сахихында» «Жеңіл дін» деген тарауда келтірген.

Хафиз Ибн Хажжәр «Дін жеңіл» деген тарауда, былай деген: “Ол басқа діндерге қатысты жеңіл дін деп айтылған, өйткені Аллаһ бұл үмметтен басқа үмметтерге жүктеген ауыртпалықтарды алып тастады.  Және мұның ең жарқын мысалы болып тәубе етудің түрі табылады: бұрыңғы қауымдарда ол өзін-өзі өлтіру түрінде іске асқан, ал бұл үмметтің тәубесі болып күнә жасаудан тыйылу, мұндайды қайта істемеуге бекем ниеттену және өкіну табылады». Қз.: “Фатхуль-Бари” 1/115.
Ибн Хажжәр айтып жатқан нәрсе Құранда былай деп айтылады: «Сол уақытта Муса: «Әй қаумым! Расында сендер бұзауды тәңір жасап алумен өздеріңе қастық қылдыңдар! Ал енді жаратушыларыңа тәубе қылыңдар. Әрі өздеріңді өлтіріңдер (немесе қылмыстыларды өлтіріңдер). Бұларың сендер үшін Жаратушыларыңның қасында қайырлы. Сонда тәубелеріңді қабыл етті. Өйткені Ол – тәубені Қабылдаушы, ерекше Мейірімді», – деді». (әл-Бақара 2: 54)

Абу Муса мен Анастан (оларға Аллаһ разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай да бір сахабасын қандай да бір тапсырмамен бір жерге жебергенде, оларға былай деп айтатыны жеткізілген:  «Қуантыңдар және (дінді) жек көрінішті көрсетпеңдер! Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар!» әл-Бухари 69, Муслим 1734.

Сондай-ақ, Абу Хурайрадан (оған Аллаһ разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларына: «Ақиқатында, сендер қиындату үшін емес, жеңілдету үшін жіберілгенсіңдер!» - деп айтқаны жеткізіледі.  әт-Тирмизи 147. Хадис сахих.

Хафиз Ибн Ражжәб былай деген: “Жеңілдету – бұл ғибадаттағы ұстамдылық және орташылдық, адам өзіне жүктелген міндеттерде осалдық жасамауы және өзіне күші келмейтін нәрселерді жүктемеуі”. Қз.: “әл-Махажжа” 51.

Ибн ‘Умардан (оған Аллаһ разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала Оның тыйымдарының бұзылуын жек көретіні сияқты, Оның жеңілдіктерінің қабылдануын жақсы көреді». Ахмад 2/108, Ибн Хиббан 2742, әл-Қада’и 1078. Хадис сахих. Қз.: “Сахих әт-тарғиб” № 1059.

Ал Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шариғатының дін мәселелерінде жасаған жеңілдіктері туралы айтар болсақ, олар өте көп. Олардың арасында: мәжбүрлеу кезінде күпірлік сөздерін айтуға болатын рұқсат.  Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Жүрегі иманнан орныққаннан кейін, зорлық көрген біреуден басқа біреу иман келтіргеннен кейін, Аллаһқа қарсы келсе, сондай-ақ біреу көңілін имансыздыққа берсе, оған Аллаһтың ашуы және оларға зор азап бар» (ән-Нахль 16: 106).

Имам әл-Бағауи былай деген: “Ғалымдар «күпірлік сөздерін айтуға мәжбүрленген адамға мұны тілімен ғана айтуға рұқсат етіледі» дегенге бірауызды келіскен.  Және егер ол мұндай сенімге ие болмастан, оны тек тілімен ғана айтса, онда бұл күпірлік болып табылмайды! Бірақ ол (айтудан) бас тартса және осы үшін өлтірілсе, бұл жақсырақ”. Қз.: “Тафсир әл-Бағауи” 5/329.

Сондай-ақ Аллаһ Тағала өзінің құлдарына сыйлаған жеңілдіктердің қатарында аштыққа шалдыққан кезде өлексенің етін жеуге болатындығы. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Ол сендерге өлексені (арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Аллаһтан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды. Сонда кім мәжбүрленсе, қарсылық қылмаса, шектен шықпаса, оған күнә жоқ. Күдіксіз, Аллаһ өте Жарылқаушы, ерекше Мейірімді» (әл-Бақара 2: 173).

Жабир (оған Аллаһ разы болсын) былай деп баяндайтын: “Бірде бір жанұяның қашыры өліп қалды, ал оларда жейтін еш нәрсе жоқ болатын. Сонда олар Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келді де, болған жайтты хабарлады, ал ол оларға осы қашырды жеуге рұқсат етті». әл-Баззар “Кашф әл-астар” 3/328. Хадис хасан. Қз.: “әл-Джами’ әс-сахих” 4/181.

Сондай-ақ жеңілдіктердің қатарынан: су болмаған кезде немесе ауырып қалу, ауруды қиындатып жіберу немесе өліп кету қауіпі болған жағдайларда намаз үшін жермен таяммум алу; сапарда намазды қысқарту және қажеттілік қысқан кезде екі намазды қосып оқу; аяқты жуудың орнына шұлыққа масих тарту; т.с.с.   Аталғанның барлығы Исламның жеңіл дін екенін білдіреді!

Алайда Ислам оның көптеген әмірлері мен айқын тыйымдарына қарама-қайшы түрде оның күшін жоятын біздің кезіміздің әртүрлі уағыздаушыларының жеңілдетулеріне мұқтаж емес екендігін ерекше атап өту қажет-ақ! Мұның мысалдары біздің кезімізде өте көп: мысалы, музыканы рұқсат ету; бір-біріне бөгде ерлер мен әйелдердің бірге болуын рұқсат ету, бөгде ерлер мен әйелдердің бір-бірінің қолын қысып амандасу; «сақал Исламда міндетті емес, бастысы жүректегі нәрсе» деп мәлімдеу; «Исламда достық пен қатыссыздық принципі жоқ» деп мәлімдеу; «әйелдер қоғамдық мәселелерді шешуге, қоғамды басқаруға, теледидарлар арқылы қоғамдық мінберге шығып, елге дін уағыздауға белсенді түрде араласуы керек» деп айту, т.с.с.

Өз құмарлықтарының қалауларына икемделіп, Аллаһтың дінінде осалдық жасайтындарды теріске шығарып,  имам Ибн Хазм былай деген: “Ал кім осыда Аллаһтың: «Аллаһ сендер үшін жеңілдік қалайды, әрі сендер үшін қиындық қаламайды» (әл-Бақара 2: 185), – деген сөздеріне сүйенсе, онда біз Аллаһтың бұйырғанының барлығы онсыз да (орындауға) жеңіл екенін білеміз, және бұл туралы Аллаһтың өзі былай деп айтқан: «Ол сендер үшін дінде ешқандай қиындық жасамады» (әл-Хадж 22: 78)”. Қз.: “әл-Ихкам” 869.



Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди былай дейтін: “Аллаһ Өз құлдарына бұйырған нәрселердің барлығы өз негізінде жеңіл болып табылады. Алайда егер қандай да бір қиындық орын алса, бұл басқа ережемен, немесе мұның мүлде мойыннан түсуімен,  немесе мұны жеңілдетілген түрде орындаумен жеңілдетіледі». Қз.: “Тафсир әс-Са’ди” 198.

Және соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ!
Каталог: files -> book -> kaz -> manhaj
manhaj -> Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»
manhaj -> -
manhaj -> Тәубенің шарттары
manhaj -> Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар кәпірлер» деген аятқа жасаған тәпсіріндегі «Күпірліктен кіші күпірлік»
manhaj -> Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шерулер мәселесі бойынша берген жауаптары
manhaj -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
manhaj -> Фитналар кезінде және мұсылмандардың халифасы болмаған кезде не істеу керек? Бірде Хузайфадан (Аллаһ оған разы болсын): «Қандай фитна ең жаман болып табылады?»
manhaj -> «Сәләфтардың жолына қайшы келетін адамдар екі нәрсеге түседі: не шектен шығушылыққа
manhaj -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰранды сүннеттен бөлек түсінбейді
manhaj -> Ислам үмметіндегі бүліктердің және бөлінудің себептері


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет