Диплом жұмысы сөйлемнің ТҰрлаулы мүшелері және олардың грамматикалық ТҰЛҒасы



жүктеу 0.65 Mb.
бет1/4
Дата02.05.2016
өлшемі0.65 Mb.
түріДиплом
  1   2   3   4
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

ҚАЗАҚ ТIЛ БІЛІМI КАФЕДРАСЫ


АРЫСТАНБЕК КҮЛАЙ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҰЛҒАСЫ
Жетекшiсi: ф.ғ.к., доцент Т.Н. Ермекова

Сарапшысы: ф.ғ.к., доцент Н.Ә. Илиясова


Қорғауға жiберiлдi:

“__” ___________ 2007 ж.

Кафедра меңгерушiсi: _________________

ф.ғ.к., доцент Т.Н. Ермекова

АЛМАТЫ, 2007.

ЖОСПАР


  1. Кіріспе

  2. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

    1. Бастауыш

      1. Зат есімдер мен есімдіктерден болған бастауыштар

      2. Сапалық есімдерден болған бастауыштар

      3. Бастауыштың грамматикалық тұлғасы

    2. Баяндауыш

      1. Баяндауыштың жасалуы

      2. Етістік баяндауыштар

        1. Етістіктерден болған күрделі баяндауыштар баяндауыштар

2.2.2.2. Күрделі баяндауыштардың қимыл кезеңдерін білдіруі

2.2.2.3. Есім баяндауыштар

2.2.2.3.1. Зат есімдерден болған баяндауыштар

2.2.2.3.2. Сапалық есімдер мен есімдіктерден болған баяндауыштар

2.2.2.3.3. «Бар», «жоқ» сөздерінің баяндауыш қызметінде жұмсалуы

2.2.2.3.4. Есімдерден болған күрделі баяндауыштар

2.2.2.3.5. Құрама баяндауыштар

2.2.3. Баяндауыштың грамматикалық тұлғасы

3. Қорытынды

Кіріспе

Бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі. Сондықтан сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер мәселесі үнемі грамматиканы зерттеуші ғалымдардың назарында болған. Түркі тілдеріне арналған грамматикаларда сөйлемнің бас мүшелері – бастауыш пен баяндауыш туралы мағлұматтар берілді. Қазақ тілінің грамматикасын зерттеген алғашқы лингвист – ғалымдарымыз А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиевтердің еңбектерінде сөйлемнің бас мүшелері әртүрлі дәрежеде сөз болады. Олар, негізінен, сөйлем мүшелеріне анықтама беріп, оның тілдегі қолданысына мысал келтірумен шектелген болса, 50 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін зерттеушілеріміз аталған мәселеге әр қырынан келеді.

Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілінің синтаксис саласын зерттеуші М.Балақаевтың, Т.Қордабаевтың, О.Төлегеновтің, Р.Әміровтің, Қ.Есеновтың, Ә.Аблақовтың, Т.Сайрамбаевтың, М.Серғалиевтің, Е.Ағмановтың т.б еңбектері ұлттық лингвистикамыздаңы әр алуан аспектілерді талдаумен бірге көптеген жалпы түркілік проблемаларды шешуге де мұрындық болары сөзсіз.

Алайда қазақ тіл білімінде тұрлаулы мүшелер проблемасы толық шешіліп болды деген тумаса керек. Сөйлемнің бас мүшелеріне беріліп жүрген анықтамалардан бастап, оның арнайы грамматикалық формаларының мәнін ажыратуда бір ізді пікірдің болмауы соны дәлелдейді. Осы мәселеге қатысты бастауышқа анықтама беруде ғалымдардың бір тобы оның сөйлемдегі ой иесі болатындығына сүйене отырып, өзге мүшелерге тәуелсіз деп таниды. Дұрысында бастауыштың грамматикалық мәні ой иесі болуымен бірге атау тұлғада тұруы, сол арқылы жіктік жалғаулы баяндауышпен жақ жағынан қиыса байланысуынан ашыла түседі.

Ал баяндауышқа алғашқы оқулықтарда берілген анықтамаларда оны тек қимылмен байланысты ғана суреттесе, кейінгі анықтамаларды бастауыштың етістікпен қатар есім сөздерден де жасалатыны ескеріледі. Бірақ баяндауышқа анықтама семантикалық тұрғыда емес, таза грамматикалық тұрғыдан берілгені дұрыс. Өйткені баяндауыш, алдымен, синтаксистік категория, сонымен бірге тілімізде баяндауыш қызметінде жұмсалмайтын сөз жоқ. Ал әр сөз табына енетін сөздердің білдіретін жалпы грамматикалық мағыналары да әр алуан. Сондықтан анықтамада баяндауыш болатын сөздің мағыналық түрлерін түгел қамту мүмкін емес. Ал баяндауыш қай сөз табынан жасалмасын, оларға ортақ белгілі бір грамматикалық белгісі болады. Олар, алдымен, баяндауыштың предикативтілікті білдіруі, екіншіден, сөйлемдегі ойды біршама тиянақтап тұруы. Себебі предикативтілік ұғымы тек грамматикалық бастауыш пен баяндауышты байланыстырумен ғана шектелдмейді, сондай-ақ логикалық субъектпен предикаттық қатынасын да білдіреді. Ал баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақтау қызметін ешбір сөйлем мүшесі ауыстыра алмайды.

Тұрлаулы мүшелер категориясында нақтылауды қажет ететін проблеманың бірі – бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық тұлғалары.



Диплом жұмысының мақсат-міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты – қазақ тіліндегі тұрлаулы мүшелерге тән грамматикалық белгілер мен олардың арнайы грамматикалық тұлғасын нақтылау. Осыған байланысты төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

- тұрлаулы мүшелер туралы көзқарастарды жүйелеу;



  • сөйлем мүшелерінің грамматикалық тұлғаларын топтастыруда қолданылатын ұстанымдарды нақтылау;

  • семантика-грамматикалық ұстаным бойынша тұрлаулы мүшелерді жіктеу;

  • аталған жайттарды нақты тілдік фактілермен дәлеледеу

  • тұрлаулы мүшелердің грамматикалық тұлғаларын айқындау.



Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Сөйлем – адам ойын білдірудің негізгі құралы. Айналадағы нақты өмір құбылыстары негізінен зат және оның қимыл – қозғалыстары мен іс - әрекеттерінен тұратыны мәлім.

Сөйлем жасалуы үшін алдымен сөздер бір – бірімен тіркеседі. Ол тіркестердің тілдік жүйесі, заңдылықтары арқылы іске асады. Жай сөйлем, оны құрайтын тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер, осы қиыса байланысқан сөз тіркестері негізінде жасалады. Сөз тіркестері сөздердің синтаксистік байланысуы деп аталса, жай сөйлем синтаксисінде бұлар предикативті қатынастарға жатқызылады.

Тіл білімінде сөйлем туралы ғылыми ойдың тарихи бастауы көне дәуірдегі логикалық зерттеулерден басталады. Бұл тұжырым бойынша сөйлем – пікірге, бастауыш – субъектіге, баяндауыш – предикатқа негізделді. Сондықтан да тіл туралы зерттеулерде бастауышты субъект, баяндауышты предикат деп қолдану дәстүрі де сақталған. Сөйлемнің негізі болып табылатын предикативтілік осы атаудан пайда болған.

Тұрлаулы мүшелер тек қана зат есім мен етістіктен жасалмайды. Бастауыш зат есім мәніндегі басқа сөз таптарынан, ал баяндауыш өзге де есім сөз таптарынан жасала береді.

Тұрлаулы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелерді айтамыз.

Қазақ тілі білімінде болсын, басқа да түкітану саласындағы еңбектерде болсын тұрлаулы мүшелерге негізінен бастауыш пен баяндауышты жатқызатыны белгілі.

Алайда, кейбір еңбектерге көз жүгіртсек тұрлаулы мүшелерге тек бастауыш пен баяндауышты ғана емес, басқа да сөйлем мүшелерін жатқызушылық кездеседі.

Осы тіл білімінің өзінде баяндауышты арнайы сөйлем мүшесі дейді де, ал бастауышты толықтауыштың бір түрі дейді. Кейде тұрлаулы мүшелерге бастауыш пен баяндауышты жатқыза келіп, тіпті, оның аясын кеңейтіп те жібереді. Сондықтан да кейде тұрлаулы мүшелердің құрамына толықтауыштың кейбір түрін, тіпті, пысықтауыштың да кейбір түрін қосып жіберетіні кездеседі. Міне, осы сияқты талас пікірлерді түркітану еңбектерінен де байқауға болады. В.Насилов «Роль сказуемого в уйгурском предложении» деген мақаласында тұрлаулы мүшелерге тек баяндауышты ғана қатысты деп біледі. Автор сөйлемді тиянақтау жағынан келгенде тек баяндауыш қана басты тұлға деп ұғады да, оған ерекше мән береді. Сол сияқты екінші бір көзқарас бойынша тұрлаулы мүшелерге, яғни бастауыш пен баяндауышқа тура толықтауышты да қоса қарайды.Әрине, бұл сияқты тұрлаулы мүшелер туралы әр түрлі пікірлер болғанымен, қазіргі кезде тұрлаулы мүшелерге бастауыш пен баяндауышты жатқызу орынды деп білеміз. Әдетте бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның субъектісі (иесі) болады.



Бастауыш

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі – бастауыш. Сөйлемде бастауыш екі түрлі жағдайда кездеседі. Біріншіден, сөйлемде арнайы түрде бастауыш болады, екіншіден, сөйлемде бастауыш жасырын келуі де мүмкін. Бірақ ол жасырын келгенімен, бәрібір баяндауыш арқылы оны тауып алуға болады. Сонымен бірге бастауыш: зерттелу, оның ережесі, сұраулары, тұлғасы, жасалуы, құрамы, сөйлемдегі орны және оның мағынасына қарай бөліну бағытында қаралуы тиіс. Енді осыларды жеке-жеке көрсетелік. Бастауыш туралы қазақ тіл білімінде көптеген оқу кітаптары, методикалық құралдар және мақалалар жарық көрді. Бастауыш туралы еңбектердің біразында негізгі мәселелерінен гөрі, олардағы кейбір жанама мәселелеріне де баса назар аударылған. Бұл еңбектерде қазақ тіліндегі бастауыштарды басқа тілдермен салыстыру, орын тәртібі және стильдік қызметтері сөз болады.

Бастауыштың ережесі. Бастауыштың ережесі әр түрлі оқулықта әр түрлі беріліп жүр. Х.Басымов «Бастауыш болатын сөз мағынасы жағынан сөйлемдегі ой іргесінің иесі болады», - десе, С.Аманжолов «Сөйлемегі айтылған ойдың иесі болып тұрған сөйлемнің мүшесін бастауыш дейміз»,-дейді.

М.Балақаев «Сөйлемнің кім? не? туралы екенін білдіретін, айтылған ойға негіз болатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз»,-деп келсе, Р.Әміров «Сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екенін білдіретін сөйлем мүшесін бастауыш дейміз»,- деген ережені айтады.

С.Аманжолова, А.Әбілқаев, И.Ұйықбаевтардың мектеп грамматикасында, «Сөйлемде атау септігінде тұрып басқа мүшелерге бағынбайтын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз»- делінген. Қазақ тіл білімі мен түркітану әдебиеттеріндегі бастауыштың ережелері туралы мына жайттардың айтылатынын көруге болады.

Біріншіден, бастауыштың ойдың иесі болуы.Екіншіден, ең алдымен, оның қандай сұрауларға жауап беретіндігі бірінші орынға, ал ойдың иесі болуы екінші орынға қойылуы. Үшіншіден, ойдың иесі деуден гөрі ойдың, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысы, басты нәрсе болуы. Төртіншіден, бастауыштың басқа мүшелерге бағынбайтындығы. Бесіншіден, бастауыштың тұлғалық ерекшеліктеріне, яғни, атау септікте келетіндігі.Алтыншыдан, сөйлемдегі басқа сөздермен, яғни, баяндауыштармен синтаксистік қатынастары, т.б.

Бастауыштың мағынасы баяндауыштың морфологиялық құрамындағы тұлғалар арқылы белгілі болып дербес тұра береді. Ондайда бастауыш сөйлем ішінде арнайы айтылмай, сөйлем толымсыз болуы да мүмкін, ал баяндауышсыз толымсыз сөйлемдер өте сирек кездеседі. Әсіресе диалогта, мақал-мәтелде («қой баласы – қозыдан» сияқты) баяндауыштың «түсіп қалуы» «ықшамдылықпен» байланысты.

Осындай, баяндауыштың синтаксистік қызметі бастауыштан басым болғанына қарап, баяндауышты ғана бас мүше деп қарау дұрыс болмайды. Шынында, ол екеуі де – сөйлем құрауға ұйытқы болатын, басқа мүшелерді айналасына үйіріп тұратын, сөйлемнің діңгекті орталығы – бас мүшелер.

Бастауыштың грамматикалық тұлғасы – сөздің атау тұлғасы. Басқаша айтқанда, бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сөз тіркесі атау септігінде тұрады.

Ескерту:

Бастауыштар кейде формаланбаған ілік септігінде де айылады; ондай ілік септікті бастауышы бар сөйлемнің баяндауышы не тәуелдік жалғаулы сөз күрделі баяндауыштың құрамында болып келеді:

Шығанақ почта конторындағы радиоға құлағын төсеп отырғаны (Ғ.Мұстафин). Тас түсіріп тұрсам, мына біреулер жанжал шығарып тұрғаны (Қ.Әбдіқадыров).

Біз суды осы Мырзашөлге жеткізуіміз керек. (С.Мұқанов). Мен Гүлжаһанмен әлі жөнді әңгімелескенім жоқ (Ә.Әбішев).

Бастауыштарға қойылатын негізгі сұрақтар к і м?, н е? Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің көптік, тәуелдік жалғауларда айтылуы мүмкін. Бұл сұрақтар сөйлемде бастауыш болар деген сөздерге ж а л а ң к ү й і н д е қ о й ы л м а й д ы, баяндауыштармен қабаттаса қойылады. Мысалы: Ажар баяндама жасады (Кім б а я н д а м а ж а с а д ы? – Ажар...) (Айту оңай, істеу қиын) ( Н е о ң а й? Айту... н е қ и ы н? – Істеу...). Еріншектің ертеңі бітпес ( Н е с і б і т п е с? – Ертеңі...)

Ескерту: Жалпы алғанда, бастауыш бола алмайтын сөз жоқ . Белгілі жағдайда ( субстантивтеніп қолданылғанда), тіпті, өз алдына сөйлем мүшесі болмайды дейтін шылау сөздер де, сөз емес, сөз құрау үшін жұмсалатын жеке дыбыстар да сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсалуы мүмкін.

Дегенмен, сөйлемде бастауыштық негізгі қызмет атқаратын сөздер – зат есімдер мен олардың орнына жүретін есімдіктер.

Олар түбір тұлғада да, көптік, тәуелдік қалпында да бастауыш болады:

Салиқа қырман басына келді. Колхозшылар астықты элеваторға жөнелтіп жатыр. Біздің партиямыз, қаһарман халқымыз ұлы табыстарға жетті.Біз жүріп келеміз. Аттар әлденеге құлақ тіге қалды. Анадайдан бірдеңе қараңдағандай болды.

Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің енді бір тобы – с а п а л ы қ е с і м д е р - сын есім, сан есім, есімше:



Қорқақ бұрын жұдырықтар. Алтау ала болса, ауыздағы кетер... Еккен орар (Мақал).

Бастауыштар жеке сөзден болған – жалаң, көп сөзден құралған – күрделі не үйірлі болуы мүмкін. Күрделі, үйірлі басауыштарға мысалдар; Күрделіге: Сөз қуған бәлеге жолығар. Жақсы жұмыс – жанға тыны. Ырыс алды – ынтымақ (Мақал). Үйірлерге: Білегі жуан бірді жығар, білімі толық мыңды жығар. Аузы күйген үріп ішер ( Мақал).


Зат есімдер мен есімдіктерден

болған бастауыштар

Сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсалатын сөздер, негізінде, зат есімдер болғанмен, олардың барлығының бастауыш болу қабілеті бірдей емес. Бастауыш – субъектінің грамматикалық баламасы. Ол іс істеуші қимыл иесі болатындықтан, сол қызметті өтей алатын заттардың аты арнаулы бастауыш болуға бейім болады. Сондықтан ондай зат есімдер а р н а у л ы бастауыш болатын сөздер делінеді. Мысалға Жарас ағаш екті деген сөйлемді алайық . Мұнда Жарас, ағаш деген екі зат есім бар. Ол екеуі сөйлемде екі түрлі қызметте айтылған: Жарас – қимыл иесі, бастауыш, ағаш – қимылдың объектісі, толықтауыш. Олардың орнын ауыстырғанмен бірінің қызметінде екіншісі жұмсала алмайды. Оның себебі – ол екі зат есімнің екі түрлі синтаксистік қызметі атқаруға бейімділігінде: Жарас- арнаулы бастауыш болатын сөз де, ағаш – арнаулы толықтауыш болатын сөз.

Зат есімдердің ол айырмашылығы қазақ тілінде кісі, кісі емес деген ұғыммен байланысты. Ол айырмашылықты зат есімдерге қойылатын екі түрлі сұрақтан да аңғаруға болады. Жалпы алғанд, к і м? деген сұрақты қоюға болатын зат есімдер – арнаулы бастауыштар, н е? сұрағын қоюға болатын зат есімдер – арнаулы толықтауыштар.

Сонымен қатар кейбір жанды – жансыз заттарға ғана тән іс-әрекет, қимыл, күй болуы мүмкін. Мысалы: құс ұшты, бұлбұл сайрады, сиыр мөңіреді,жауын жауды, жел уілдеді. Осындай сөйлемдерде бастауыш қызметіндегі зат есімдер баяндауыштар арқылы айтылған хабардың бірден – бір арнаулы иелері болып тұрады. Бірақ олардың мұндай әрекеті тар көлемдегі тіркестер арқылы ғана айтылады. Сондықтан мұндай сөздер бастауыш болып көп жұмсалмайды.

Осылардай, зат есімдердің бастауыш болу қабілеті бірдей болмағанмен, олардың бастауыштық тұлғасы бәріне бірдей. Ол – атау септігі.

Атау септігіндегі зат есімдер ж е к е ш е, к ө п ш е және т ә у е л д і тұлғада бастауыш болуына мысалдар:



Лиза Рахметке бұрылды (С.Ерубаев). Кештетіп Қожаш үйіне келді (С.Көбеев). Сұр овчарка жан жуытар емес ( Ғ.Мұстафин). Батырлық майданда сыналады (Мақал). Жауынгерлер қатарланып тұрып қалды (Ғ.Мұстафин). Сиырлар шұбап келеді(Ғ. Мұстафин). Қара қошқыл таулар ай астында көкшіл мұнарға оранып жым – жырт қалғып тұр. Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті (М.Әуезов).

Өздерінің лексикалық мағыналарында көптік ұғымы бар зат есімдер жекеше тұлғада бастауыш болып та көптік мағынада жұмсалуы мүмкін:



Қалың қой қыбыр етпей тыныштық алып, үнсіз ғана тыным алды. Сиыр атаулы... шалшық суларға кіріп, көлбей-көлбей жатып апты (М.Әуезов).

Тәуелдік жалғаулы зат есімдер бастауыш қызметінде заттың кімге, неге тән екенін білдіреді де, ондай сөздің бастауыштық икемі арта түседі:



Шешем қатты сағынып жүрген сияқты(Ғ.Мұстафин). Атым ерттеулі тұр (Ғ.Мұстафин). Әкеңіз кім болғаны еді?(Ғ.Мұстафин). Кімнің ісі көп болса, соның күші көп (Мақал).
Түйем шықты өріске,

Боталарым маймаңдап.

Қойым өрді қаптайлап,

Қозыларым салды ойнақ.
Кілемдей жерім түрленді,

Қызғалдағым гүлденд,

Кемпірқосақ қосаулап,

Көгім де жаңа түрге енді

(Жамбыл)
Есімдіктердің ішінде бастауыш қызметінде көбірек жұмсалатындары – зат есімдердің орнын басатын есімдіктер. Олар- ж і к т е у, с і л т е у, және к і м? н е? деген сұрау есімдіктері. Бұлардың ішінде әсіресе жіктеу есімдіктерін бастауыш қызметінде жиі кездестіруге болады. Сонымен қатар олар сөйлемнің жақтық мағыналарын түрлендіруші сөздер болып табылады.

Жіктеу және өздік есімдіктердің бастауыш болуына мысалдар:

Мен көрдім ұзын қайың құлағанын...(Абай).Біз барлаушылармыз (Ғ:Мұстафин). Сіз кейін қалған соң, мен алдыңызды оралта беремін (Б.Майлин). Біз сірә,атты мықтап шаршатып алатын шығармыз...(С.Мұқанов). Қалқам, Айша, сен шаруаңа бар, мен де демалайын (С.Шарипов). Ол - Өскенбайдың үлкен үйі Зере отырған ауыл(М.Әуезов). Өзі – жөн білетін, пысық жігіт (Ғ.Мұстафин).Бұған өзім кінәлымын ( З.Шашкин).

Сілтеу, сұрау және басқа есімдіктердің бастауыш болуына мысалдар:



БұлБайжанның талай келгенүйі (С.Мұқанов). Мынауқай ауыл? Әркім әр түрлі шаруамен қарбаласады (М.Әкезов). Ешкім дыбыс шығармады ( С.Ерубаев).

Заттың с ы н д ы қ, с а н д ы қ, қ и м ы л д ы қ сапасын білдіретін сөздер де сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсала береді. Ол үшін сапалық есімдер субстантивтеніп (заттанып) айтылады.



Сапалық есімдерден

болған бастауыштар
Заттың сындық сапасын білдіретін с ы н е с і м д е р, ойды ықшамды етіп сөзбен білдіру керек болғанда, зат есімдермен қатарласып тұрмай – ақ , дара күйінде бастауыш және толықтауыш та болуы мүмкін. Ондайда сын есімдердің сапалық мағынасы жойылып кетпей, олар әрі заттық, әрі сындық мағынада жұмсалады. Сонда сын есімдер әдетте қандай заттардың сындық сапасы болып жұмсалатын болса, сондай заттардың бастауыштық қызметін атқарып тұрады. Терең – көбінесе судың, теңіздің, көлдің, өзеннің сыны болатын сөз. Сондықтан оны бастауыш қызметінде Терең батырады (мақал) десек, алдымен «Терең су батырады» деп түсінеміз.Жүйрік – бұрыннан аттың сыны болып, орныққан. Бұл күнде поезд, машина туралы да жүйрік деп атауға болғанмен, Жүйрік тоқтығын білдірмес (мақал) дегенде, оны алдымен «жүйрік ат» деп ұғамыз.

Заттардың ондай сындық сапасы синтаксистік қызметте бір ғана конкретті заттың орнына жұмсалмай, жалпылық мағынада, біртектес көп заттың орнына жұмсалады. Тек сын есімдерден болған жер, су аттары мен басқа жалқы есімдер ғана даралық мағынада жұмсалады. Ондайда олар орнықты заттық мағынаға ие болып, зат есім қатарына қосылады.

Соңғыларды қоспағанда, қазақ тіліндегі субстантивтеніп бастауыш болатын сын есімдер көбінесе кісі туралы айтылған сөздер болады:

Кілең сұлулар бірыңғай отыр (С.Мұқанов). Жақсы – ісімен жақсы. Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар (Абай).

Субстантивтеніп бастауыш болатын сын есімде, әсіресе, аз сөзбен көп мағына беруді керек ететін мақал – мәтелді сөйлемдерде жиі ұшырайды:



Сыпайы тоңбайды, қалтырайды. Жомарт жоқтығын білдірмес. Көп қорқытар, терең батырар. Батыр бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі. Жоққа жүйрік жетпес. Ескіні есіңе алмай, жаңа жадыңа түспейді. Үлкен бастар, кіші қостар (Мақалдар).

Сын есімдер тәуелдік, көптік жалғауларда тұрып та бастауыш қызметінде жұмсалады. Бірақ ол қағида сын есімнің бастауыш болуының бірден – бір шарты еместігі жоғарғы мысалдардан анық көрінеді.

Сын есім көптік, тәуелдік жалғауларсыз – ақ субстантивтеніп бастауыш болу үшін, олар бастауыштық әуенмен, дауыс ырғағы арқылы басқа сөздерден оқшауланып тұрулары керек.

Е с і м ш е де бастауыш болғанда, сын есімдей, қимылдық сапаның үстіне заттық мағына жамап тұрады. Есімшеден болатын бастауыштардың ерекшеліктері мынадай:

а) Баяндауышты етістік, зат есім, есімдіктерден болған сойлемде есімше бастауыш қимыл иесі – кісі (сұрағы – кім?, не қылған? ) орнына жұмсалады:

Бәйгені озған алады. Көрмес түйені де көрмес. Жығылған күреске тоймас. Еккен орар. Ерінбеген етікші болар (Мақалдар).

Келген – Жақып, көргенол; Турайтын мен де, жейтін – сен. Екі аразды табыстыратын да, айыратын да, - арадағы кісі. (Б.Майлин)

ә) Баяндауышы сын есімнен болған сөйлемде есімше бастауыш басқа заттың мағынасында жұмсалады (сұрағы – не?, не қылған?, не өткен? ):



Қарауытқан қыста қызара бөртіп жылқы баққан қызық та, қиын да (С.Бегалин). Берген ұят емес, алған ұят.

б) Көптік жалғаудағы есімшелер бастауыш болғанда, олар әр уақытта қимыл иесі –кісі – мағынасында жұмсалады:



Егін оратындар әрі кетті де, астық таситындар қырман басында қалды.

в) Тәуелдік жалғауларда тұрып бастауыш болған есімшелер әр уақытта зат есім мағынасында жұмсалады (сұрағы – нем?, нең?, несі?, не қылған?, не еткен?):



Жазғаның маған ұнады. Айтқаным түсінікті ме? Оның келер - келмесі белгісіз.

Басқа айтарым жоқ .

Субстантивтеніп бастауыш болатын сөз тобының бірі – с а н е с і м . Есептік сандар бастауыш қызметінде заттық мағынада, жас мағынасында жұмсалады:



25 үшке тең бөлінбейді. Оннан төртті алсаң, алты қалады. 25 маған тағы қайтып келді (Жамбыл).

Жинақтау, реттік сандар ол қызметте көбінесе кісі туралы айтылған есім болады:



Төр бөлмеден шыққан үшеу деұзын столға ұзақ отырып, қалды. Үшеуміз етекті белге қыстырып алып жүріп кеттік (Ә.Әбішев). Үшінші кім? Алтыншы алға түсті.

Жинақтау, есептік сан есімдер ІІІ жақтық тәуелдік жалғауда көбінесе бөлшектеу, кейде жинақтау мағынада бастауыш болады:



Үш көрпенің екеуі қонақ астында, үш жастықтың екеуі қонақ шынтағында. Ерлі байлы екі адам бірі оны, бірі мұны істеп, екеуі де қонақ жабдығында жүр(Ғ.Мұстафин). Механизм бөлшектерінің тоқсан тоғызы дұрыс, бірі теріс болса, сол бір тоқсан тоғызды бөгейді. (Ғ.Мұстафин).

Жалпы алғанда, субстантивтенген бастауыштар мақалды – мәтелді сөйлемдерде көбірек кездеседі де, сйлем арқылы айтылатын ойды ықшамды етуде үлкен қызмет атқарады.


Бастауыштың грамматикалық тұлғасы

а) атау тұлғалы бастауыш

Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі бола отырып, баяндауыш арқылы барлық қасиеті айқындалатын, арнаулы тұлғада тұрып, онымен тікелей байланысатын тұрлаулы мүше.

Бастауыш басқа сөйлем мүшелерімен салыстырғанда ойдың иесі ретінді қолданылумен ерекшеленеді. Бірақ бастауыш жеке қолданылып өмір сүре алмайды, ол қалайда басқа сөйлем мүшелерімен оның ішінде баяндаушпен синтаксистік байланыста айтылғанда ғана грамматикалық табиғаты айқындала түседі. Ал бастауыштың ой иесі болу қасиетін логикалық және грамматикалық аспектіде айқындаған жөн. Осыған сәйкес тіл білімінде бастауышты грамматикалық және логикалық бастауыш деп екіге бөліп қарайды. Тіл мен ойлаудың тығыз байланысынан туындаған бұл бірегейлердің (единицалардың) өзіндік ерекшеліктері бар. Байымдаудың логикалық субъектісі мен сөйлемнің грамматикалық бастауышының бір-бірімен кейде сәйкес келетіні бар. Мысалы: Мен оқимын деген сөйлемдегі мен сөзі әрі қимылдың субъектісі, әрі атау тұлғалы бастауыш болып бір-бірімен сәйкес келіп тұр. Бірақ пікір білдіруде бұл сәйкестік үнемі сақтала бермейді. Қимылдың, ойдың субъектісі басқа грамматикалық тұлғада тұрып, сөйлемде өзгеше синтаксистік қызмет атқаруы да мүмкін.

Грамматикалық бастауыш – атау септігінде тұрып ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен жақ және жекеше, көпше түрде қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. Бастауыштың грамматикалық тұлғасы – сөздің атау тұлғасы. Басқаша айтқанда, бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сөз тіркесі атау септігінде тұрады. Алайда оқулықтар мен зерттеу жұмыстарында бастауыштық тұлға әр түрлі авторларда әрқалай көрсетіліп жүр.

Бастауыштық тұлға жөніндегі пікір алалығы өзге түркі тілі зерттеушілерінің еңбектерінде де орын алған. Қырғыз тілінде А.Жаппаров «менің оқығым келіп тұрады. Саған қорқуға болмайды» деген сөйлемдердегі менің, саған сөздерінің логикалық жағынан бастауыштық мәні бар екенін, бірақ ол сөздердің грамматикалық жағынан бастауыш бола алмайтыны көрсетеді.

Ал өзбек әдеби тілі синтаксисінің авторлары бастауыштың нөлдік, көптік, тәуелдік тұлғада, кейде шығыс жалғаулы тұлғада (Магазинге ажойб узумлардан келди) келуін өз тілі материалдары негізінде дәлелдейді. Шығыс жалғаулыбастауышты Г.Д.Санжеев те көрсетеді.

Е.И.Убрятова якут тілінде негізінен бастауыш атау тұлғада болу керектігін айта келіп, бірақ атау тұлғадағы сөздер тек бастауыш қана емес, анықтауыш, баяндауыш, т.б. сөйлем мүшелері бола береді дей келіп, якут тілінде бастауыш болатын сөздерді тек мағынасына қарап ажыратуды ұсынады.

Ал қазақ тіл білімінде М.Балақаев атау, түбір, тәуелдік жалғаулы бастауыштарды көрсете келіп, формаланбаған ілік септігінің де бастауыштық қызметін көрсетеді. Ал Т.Сайрамбаев көптік, тәуелдік, атау тұлғаларының бастауыштық қызметіне тоқталады. Қ.Шәукенов бастауыш болуды атау септігі шеше бермейтінін, сөйлемдегі мағына шешетіндігін, бастауыш болатын сөздердің түрлі тұлғада (түбір тұлға, септік, тәуелдік жалғаулы) келетіндігін айтады. Бұл фактілер бастауыштың тұлғасын анықтау мәселеінің күрделілігін танытса керек.

Қазақ тілі грамматикасын зерттеушілердің бастауыштың грамматикалық тұлғасын анықтауда кейбір тұлғалардың сыртқы формасының ғана ұқсастығына қарап, олардың грамматикалық мәнін, соған сай синтаксистік қызметін шатастыру фактілері орын алып жүр. Әсіресе, бұл түбір және атау тұлғалы сөздердің грамматикалық мәнін ажырата білмеуден көрінеді. Аталған екі тұлғаның ара жігін ашуда С.Исаев: «Рас, атау септігінің басқа септік түрлері сияқты арнайы грамматикалық көрсеткіші (формалары) жоқ. Сондықтан атау септік тұлғасы сырттай зат есімнің түбір тұлғасымен сәйкес, ұқсас келеді. Бірақ бұл екеуі бір емес,-деп, атау септігінің өзіне тән арнайы грамматикалық формасы болмағанымен, зат есімнің түбір тұлғасынан өзгеше болып келетін арнайы грамматикалық мағынасы (субстантивтік-заттық мағына) бар және сол арқылы формасыз атау септік тұлғасы басқа септік тұлғаларындай семантикалық мән синтаксистік қызмет атқаратындығын айта келіп: «сырттай бір-біріне ұқсас болса да, зат есімнің түбір тұлғасы мен атау септік тұлғасы бір емес, бөлек-бөлек грамматикалық тұлғалар, зат есімнің түбір тұлғасы септік тұлғаларының түрленуіне негіз болатын, соның ішінде атау септігіне де негіз болатын тұлға болса, атау септігі – септелудің парадигмалық жүйесіндегі түрлену тұлғасы,-дейді.

Шындығында да, аталған екі тұлға – сырт формасы жағынан ұқсас болғанымен, білдіретін грамматикалық мәні, өзге сөздермен байланысу тәсілі, соған сай синтаксистік қызметі мүлде басқа формалар. Айталық, темір кереует деген тіркестегі темір сөзі мен «Темір – металл» сөйлеміндегі темір сөзінің грамматикалық тұлғасы, өзі бағынған сөзбен байланысу формасы, сөйлемдегі синтаксистік қызметі өзгеше. Бірінші тіркестегі темір түбір тұлғада тұрып, өзі бағынған сөзбен атрибутивтік қатынасқа түссе, сөйлемде берілген темір сөзі атау тұлғада тұрып, сөйлем баяндауышымен жақ жағынан қиысып, предикаттық қатынасқа түседі. Түбір тұлғаның грамматикалық мәні мен қызметінің өзгеше болуына байланысты оны бастауыштық тұлға ретінде тануға болмайды. Егер аталған тұлғаларды бастауыштық тұлға деп танитын болсақ, онда бұл тұлғадағы сөздердің бәрі сөйлемде тек бастауыштық қызмет атқаруы керек.

Ал тілдік фактілер тілімізде бұл тұлғалардың әр түрлі синтаксистік қызметін дәлелдейді. Көптік жалғауы да бастауыштық тұлға болып танылмайды. Көптік жалғаудың негізгі грамматикалық мағынасы – заттың көптігін білдіру. Ол көптік мағынаны білдіргенде, септік жалғауларындай сөз байланыстырушылық қызметті атұара алмайды. Оған төмендегі сөйлемдер арқылы көз жеткізуге болады: Ол келді, олар келді. Бірінші сөйлемдегі ол сөзі өз баяндауышымен 3 жақта, жекеше түрде қиыса байланысып, предикаттық қатынасқа түссе, екінші сөйлемдегі көптік жалғаулы бастауыш өз баяндауышымен қиыса байланысқан кезде баяндауыш тұлғасы еш өзгеріссіз (алдыңғы сөйлемдегідей) қалады.

Тәуелдік жалғауы да бастауыштық тұлға болып саналмайды. Апам келді, інісі ақылды тәрізді сөйлемдердегі бастауыштың грамматикалық тұлғасы, дәлірек айтсақ, сөзді бастауыштық позицияға түсіруші форма – атау септігінің нөлдік тұлғасы. Бастауыш болып тұрған сөздің құрамындағы тәуелдік жалғау оны өзінің алдындағы ілік септікті сөзбен (менің апам, оның інісі) матаса байланыстырып тұр, ал бастауышты баяндауышпен жақ жағынан қиыса байланыстырып тұрған – атау септігі мен жіктік жалғаудың нқлдік тұлғалары (апа-м-0 келді, іні-сі-0ақылды-0)

Атау және түбір тұлғалы сөздердің әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мәні мен синтаксистік қызметі болатынын, өкінішке орай, көптеген оқулықтар мен грамматикаларда, зерттеу жұмыстарында ескерілмей келеді. Қазақ тіл ғылымында бұл мәселені көтеріп жүрген С.Исаевтың еңбектері тілші ғалымдардың осы мәселеге аса жауапкершілікпен қарауын талап етеді.

Бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сөз тіркесі атау септігінде келетіндігін М.Балақаев: «Атау тұлғалы сөздер әр уақытта бастауыш қана бола бермейді, сөйлемнің басқа да мүшелері болады. Дегенмен, атау септігін, негізінде, бастауыштық тұлға деп қараймыз», - деп түсіндіреді.(7;85).

Міне, осы сияқты «бастауыш атау тұлғада тұрады», - дей келе, атау септік тұлғасы бастауыштың ғана тұлғалық көрінісі емес, сонымен қатар «...атау тұлғалы сөз мағынасына, орнына қарай анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш және баяндауыш қызметін де атқара береді», - деген пікір академиялық грамматикада да көрсетіледі (11;56).

Шынында да, атау септігі сырттай зат есімнің түбір тұлғасымен ұқсас келетіндіктен, жоғарыда қазақ тілі грамматикаларында көрсетіліп, танылып жүрген атау тұлғасындағы сөздің анықтауыш, баяндауыш болу қызметтері, сондай-ақ кейбір септеулік шылаулар тіркескен сөздер атау септіктегі сөз емес, одан бүтіндей бөлек зат есімнің түбір тұлғасы болатындығын С.Исаев толық дәлелдеген.

Атау септіктің арнайы грамматикалық тұлғасы болмағанымен, бір жағынан, оның түбір тұлғадан бөлек етіп танытатын, екінші жағынан, сол арқылы басқа септік түрлерімен белгілі дәрежеде бірлікте тұрып, іштей олардың саралануына негіз болатын субстанттық мағынасы, сөйлемнің предикатымен жақ жағынан қиыса байланысып, грамматикалық субъект сияқта атқаратын қызметі бар екенін ескермеуге болмайды. Атау септіктің бұл ерекшелігі басқа сөз таптарының сөйлем ішінде атау тұлғада тұрып, бастауыш қызметін атқарып, субстантивтенуінен айқын көрінеді. Сондықтан сөйлемдегі атау тұлғалы бастауышты, демек грамматикалық бастауышты тек сұрақ қою арқылы тауып алуға болады. Ал баяндаушсыз сөйлем болмайды, сөйлемде тек бастауыш қана өз баяндауышымен қиыса байланыса алады.

Граммматикалық формалардың синтаксистік қызметі.

Таблица №1



Грамматикалық тұлғалар

Көрсеткіштері



Білдіретін мағыналары

мысалдар


Түбір тұлға

-

Жалпы грамматикалық мағына

Ақын- жүрек-0 тоқтамайды.

Тәуелдік жалғау

-ым/ім,-ың/ің,

-ыңыз/іңіз,

-сы/сі,-ы/і


жақтық, меншіктілік

Шәкірт-ім-0 көңіл-ім-нен шықты.

Көптік жалғау

-лар/лер,

-дар/дер,

-тар/тер


заттың көптігін білдіру

Гүл-дер-0 жапырақ-тар-ы-мен көрікті.

Атау септігі

0

субстанттық, иелік

Жақын- туыс-тар-ым-0 келді.

Логикалық бастауыштың тұлғасы

Тіл ойлаумен тығыз байланыста, өзара қарым-қатынаста болады дегенде, әдетте, тілдік құбылыстар мен логикалық құбылыстардың, соның ішінде, әсіресе, форма мен ұғымның, сөйлем мен байымдаудығ бір-бірімен байланысын, өзара қатысы ескерілетінін теріске шығаруға болмайды.

Ал тіл білімінжегі логикалық бағыттың өкілдері осы байланысты асыра бағалап, тілдегі құбылыстар мен тіл біліміндегі ұғымдарға логика ғылымы тұрғысынан анықтама беріп келді. Мұндай анықтамалар бастауыш мүшеге де байланысты берілгенін жоғарыда айттық.

Бастауш тек ойдың немесе қимылдың иесі тұрғысынан сипаттау логикалық грамматикаға тән. Синтаксистік (грамматикалық) және логикалық бастауыштар қолданылу орны, мазмұны, тұлғасы жағынан бір емес. Грамматикалық бастауыш атау септігі тұлғасында тұрып, сөйлемдегі ойдың негізгі субъектісі болса, логикалық бастауыш ілік не басқа септік тұлғасында тұрады, оның субъектілік қызметі синтаксистік бастауышпен салыстырғанда бәсеңдеу.

Сондай-ақ, грамматикалық бастауыш өз баяндауышымен жақ жағынан, жекеше, көпше түрде қиыса байланысса (мен ай-та-мын 1жақ, жекеше; Сендер келіңдер-2жақ, көпше), логикалық бастауыш өз баяндауышымен қиыса байланыспайды.


1 маған

2 саған көп оқу керек (3)

3 оған

Берілген есімдіктер грамматикалық жағынан сөйлем бастауышы бола алмайды, тек логикалық жағынан, яғни ойлау тұрғысынан ғана бастауыш қызметін атқарады. Тұлғасы жағынан логикалық бастауыштар әр түрлі. А.Жақыпов қырғыз тілінде оған ілік, барыс, шығыс септікті сөздерді жатқызса, С.Аманжолов барыс, ілік жалғаулы сөздерді, ал М.Балақаев, негізінен, ілік жалғаулы сөздерді жатқызады. Атау тұлғасынсыз (басқа формада тұрған, бірақ ой иесін білдіретін) бастауышты мұндай сөйлемдер тілімізде жақсыз сөйлемдер аясында қарастырылады.



Негізгі субъект ілік, барыс септігі тұлғасында келетін сөйлемдердің баяндауыш құрылымы жақты сөйлем баяндауышынан өзгешелігімен сипатталады. Олардың баяндауыштары көбінесе күрделі болады да, мынандай құрамда жұмсалады:

1.-қы,-кі,-ғы,-гі жұрнақты қалау райлы етістікке кел көмекші етістіктерін тіркесуі арқылы жасалады:

Менің арзан сөзді айтқым келеді (Ә.Ә). Мұны сен ойлап таптың ба, біздің соны білгіміз келеді (Л.Лагин).

2.Барыс жалғаулы тұйық етістіктен соң бол, жара, тура, кел деген көмекші етістіктердің келуі арқылы жасалады:

Жақсы мамандардың бос отыруына болмайды. Балаларға әрдайым сақ болуға тура келеді(А.Г).

3.Тұйыө етістіктен соң керек, жөн, мүмкін модаль сөздерінің тіркесіп келуі арқылы жасалады:

Біздің ашық сөйлесуіміз керек (Б.Б). Жастарға көп нәрсені үйрену керек.

4.Барыс жалғаулы тұйық етістіктен соң керек, рұқасат, мүмкін сөздері және бол етістігінің көсемше тұлғасы келіп, оларға ма,-ме сұраулық шылаулары тіркесіп айтылады:

Маған бастай беруге бола ма? Бізге кіруге рұқсат па? Мұндай сөйлемдердегі субъект өз баяндауышымен қиыса байланыспайтын болғандықтан, оның орнын сол тұлғадағы, бірақ басқа жаққа қатысты субъектілі сөзбен ауыстырып айтуға болады.

5.Өз ішінде предикаттық қатынасқа құралған тұрақты тіркестер арқылы жасалады:

Оның мойнына су кетіп жүр. Бәрінің аузына құм құйылды т.б.

Логикалық бастауыштардың ішінде ілік септікті бастауыштың өзіндік ерекшеліктері бар. Ілік септігі, әсірісі, нөлдік тұлғада тұрғанда грамматикалық бастауышқа өте ұқсас.




Басқа ешкім ат бергісі келмейді (С.М.).

. Басқа ешкімнің ат бергісі келмейді (С.М.)

Бұл жөнінде би аға, батыр аға, мен сіздерден айрықша сүйінші алуыма болады,-деп Аралбай Қойайдар би мен Қангелді батырға інілік назбен жымия қарады (Ж.Т).



Бұл жөнінде би аға, батыр аға, менің сіздерден айрықша сүйінші алуыма болады,-деп Аралбай Қойайдар би мен Қангелді батырға інілік назбен жымия қарады (Ж.Т).


Сен баруың керек.


Сенің баруың керек.


Мысалдардан көріп отырғанымыздай, формасыз ілік септігіндегі бастауыш өзінің сыртқы тұлғасы мен грамматикалық мәні жағынан синтаксистік бастауышқа өте ұқсас.

Әдетте ілік септігіндегі сөз есім сөзбен тіркесіп, заттың не сапаның кімге тәндігін, меншіктілігін білдіріп, анықтауыш қызметін атқарса, етістікпен тіркескенде ол жоғарыдағы грамматикалық мәннен өзгеше грамматикалық мән береді.

Дәлірек айтсақ, ілік септігінің негізгі грамматикалық мәні – заттың біреуге не бір нәрсеге тіндігін білдірмей, қимылдың субъектісі болып, логикалық тұрғыдан да, кейде тіпті тұлғалық жағынан да грамматикалық бастауышқа жақындайды. Мұндай сөйлемдердің баяндауыштары көбіне қалау райлы етістікке көмекші етістіктің тіркесуі арқылы, тұйық немесе есімше формалары етістікке тіркескен модаль сөздерден жасалып, негізгі етістік құрамындағы тәуелдік жалғау формасы арқылы өз бастауышымен жақ жағынан сәйкес келеді. Бұл - оның өзге тұлғадағы логикалық бастауыштың ерекше сипаты.

Мысалдар:

1. Менікі еді» деп іздеп иедар болып келген адамды біз қазірге дейін көргеміз жоқ (Ж.Т.).

2. Қозыбек жеңіске жетудің басқа жолы бар екенін мойындағысы келмеді (Ж.Т.).

3. Сен көргеніңді ған айтуың керек.

Сөйлем бастауыштары кім көргені жоқ? Мойындағысы келмегені кім? Кім айтуы керек? секілді сұрақтарға жауап беріп, қимылдың нақты субъектісі болса, екінші жағынан, сөйлемдердің бастауышы мен баяндауышы

бірінші сөйлемде жақ тұлғасында, екінші сөйлемде 3 жақ тұлғасында, үшінші сөйлемде 2 жақ тұлғасында бір-бірімен сәйкесіп тұр. Мұндай құрылымды сөйлемдерде меншіктіліктің изафеттік қатынасы бұзылып, ілік септікті анықтауыш (логикалық бастауыш) грамматикалық бастауышқа бейімделуі нәтижесінде, әрі тәуелдік жалғаудың да жақтық мағына білдіруіне байланысты бұрынғы матаса байланысқан тіркес қиыса байланысатын болады.

Ілік септігінің бірде ашық, бірде жасырын қолданылуын ғалымдар белгілілік, белгісіздік ұғымымен байланыстыратыны белгілі жайт. Ал мұндай құрылымды сөйлемдердің ерекшелігін М.Балақаев логикалық субъектінің активтенуі қағидасымен байланыстырады /12;57/. Логикалық субъектінің активтенуі ойлаудың күрделенуі мен дамуының нәтижесінде туындайтыны белгілі. Ал ілік септікті логикалық бастауыштың сөйлем баяндауышымен жақ жағынан үйлесуі мәселесінде мына жайттар назар аударарлық:

Түркітанушы ғалымдар арасында Н.К.Дмитриев етістіктер құрамындағы –м, - ң формаларын /бар-ды-м, бар-ды-ң/ тәуелділікті білдіретін қосымша деп таниды. /13;107-108/. И.И.Мещанинов өткен шақ /жаздым, жаздың/ пен шартты рай формаларынан келген бұл формаларды /жазсам, жазсаң/ зат есіммен /қолым, қолың/ салыстыра отырып, етістік құрамындағы аффикстерді тәуелдік жалғаудың қалдық формасы деп есептейді /14;238/.

Жоғарыдағы сөйлемдерде көрсетілген тілдік фактілер тәуелдік жалғауымен жіктік жалғаудың арасында қандай да бір органикалық байланыс бар екенін дәлелдей түссе керек.

Сонымен, логикалық бастауыш-граматикалық /синтакситік/ бастауыштан өзіндік ерекшеліктері бар ой иесі болуы жағынан ортақ сипаты болғанымен, оның тілде көріну, яғни граматикалық тұлғалануы жағынан өзгешеленетін бастауыштың түрі. Қазақ тілінде ол ілік және барыс септігі тұлғасында көрінеді.




  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет