Диплом жұмысы сөйлемнің ТҰрлаулы мүшелері және олардың грамматикалық ТҰЛҒасы



жүктеу 0.65 Mb.
бет2/4
Дата02.05.2016
өлшемі0.65 Mb.
түріДиплом
1   2   3   4
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!

Баяндауыш
Баяндауыш туралы сөз қозғамастан бұрын оның сөйлемде атқарар жүгін айқындап алған жөн. Бұл – аса күрделі де маңызды мәселе. Мәселеге осы тұрғыдан келу зерттеу объектісінің қаншалықты маңыздылығын көрсетіп қана қоймайды, тіл білімінде әлі де болса шешімін таппай жүрген мәселе төңірегінде теориялық нақты тұжырым жасауға жетелейді.

Баяндауыш, оның ережелері туралы пікірлер көп. Сондықтан да біраз ережелерді келтіріп, сонан кейін оны талдап көрейік. Х.Басымов: «баяндауыш мүше шығаратын мағынасы жағынан бастауыштың болмыс ісін, жайын, сапасын, не екендігін айқын білдіреді – дейді.

І.Бәйтенов а) қара сөзде сөйлемнің аяғына, көбінесе тістіктен кейін тұрған сөзді «баяндауыш» - дейміз, ә) сөйлемнің ішіндегі барлық сөздің түсінігі онсыз шешілмей тұрған сөзді «баяндауыш» дейміз; б) бастауыштың күйін, жайын, қимылын көрсетіп тұрған сөз «баяндауыш» болады, - деп талдайды. С.Аманжолов: бастауыштың ісін, қимылын білдіріп, сөйлемдегі ойдытиянақтайтын сөйлемнің мүшесін баяндауыш дейміз және бастауышқа бағынып, онымен жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесіпайтылатын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз, дейді. М.Балақаев: бастауыштың жайын, ісін білдіретін сөйлем мүшесі десе, Х.Арғынов: баяндауыш бастауыштың қимылын, ісін, жайын, күйін, заттың сындық сапасын, санын, мөлшерін, мекенін, мезгілін білдіреді, - деген тұжырым айтады, Р.Әміров: Предикативтілік іс - әрекетті, сапаны білдіретін сөйлеммүшесін айтамыз десе, М.Серғалиев: бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, қасиетін көрсететін сөйлем мүшесі – деп қорытады.Ал, Ә.Нұрмаханова: Ол бастауышпен предикаттық байланысқа түсіп, оның қимылын, іс - әрекетін, күйін ілдіреді, - дейді. Сол сияқты кейбір түркітанушы – ғалымдардың да баяндауыш туралы мына пікірлерін келтірейік: Н.А.Кононов: баяндауыш грамматикалық жағынан бастауышқа бағынышты екі құрамды сөйлемнің бас мүшесі; А.Жапаров: сөйлем бастауышына грамматикалық жағынан бағынышты болып, оның қимыл - әрекетін, амалын, кім екендігін, белгісі мен сан ретін тағы солар сияқты қасиетін баяндап тұрған бас мүшесінің бірі – деген тұжырым жасаған. Баяндауышқа байланысты бұдан басқа да ережелерді беруге болады. Біз енді осы ережелердегі көтерілген мәселелер, олардың қайсысына өзіндік пікір айтуға болатынына назар аударалық:

Ең алдымен, осы ережелер бойынша нендей шарттар барын көрейік:



  1. Баяндауыштың бастауышқа бағынышты сөйлем мүшесі екендігі;

  2. Баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақтайтындығы;

  3. Баяндауыш бастауыштың әр түрлі қасиетін көрсетеді: а) ісін, қимылын, ә) оған қоса жайын,күйін, заттық, сындық сапасын, мөлшерін, мекенін, мезгілін; б) іс - әрекетті сапасын; в) қасиетін; г) амалын; д) кім екендігін, белгісі мен сапа ретін, т.б.

  4. Баяндауыштың бастауышпен жақ , жекеше, көпше түрде үйлесуі;

  5. Предикативтілік білдіруі;

  6. Олардың екі құрамда болатындығына байланысты;

  7. Сөйлемнің бас мүшесі екендігі;

Баяндауыш астауышқа бағынышты бола отырып, оның әр түрлі қасиетін көрсететіндігі туралы пікір әр қилы. Соның бәрін жинақтай келгенде, баяндауыш бастауыштың жоғарыдағыдай қасиетін көрсетеді деп білеміз.

Әрине, баяндауыштың бастауыштың мұндай қасиетін көрсетуі, шындап келгенде, ол оның қай сөз табынан жасалғанымен, бәрібір бастауыштың әр түрлі қасиетін айқындауда басты тұлға.

Бір етістіктен болған баяндауыштар бастауыштың ісін, қимылын, іс - әрекетін, жайын, күйін, амалын, т.б. білдіреді. Түптеп келгенде, осылардың бәрі қимылға қатысты айтылатын сөздер. Осылардың ішінде етістік баяндауышқа тікелей қатысты, яғни етістіктен болған баяндауыш туралы « ісін, қимылын, іс-әрекетін» деген сөздер нақты дәлелдесе керек. Ал жайын, күйін, амалын сияқты сөздерді қолдану мәселесі абстрактылау ма деген пікірге келеміз.Баяндауыш ережесіне жайын, күін, т.б. сөздерді қолдану мағыналық та, стильдік те жағынан келе бермесе керек. Зат есімнің баяндауыш болуы арқылы бастауыштың кім, не екендігін, заттың мекенін, т.б. білдіреді дейтін де сөздерді кездестіреміз. Әрине, зат есімнен болған баяндауыштардың мағыналық қасиеті түрліше. Оның өзі баяндауыш болатын зат есімдердің қолданылуына байланысты.

Зат есімдер жалқы есім, күрделі атаулар болып қандай тұлғаларда келуіне байланысты олар әр түрлі мағынаны білдіреді. Мысалы: Отаным – алтын бесігім.(«Социалистік қазақстан») дегендегі баяндауыш заттық мағынаға ие болса, ал колхозшылар – Бірлік колхозында. («Лениншіл жас») дегенде баяндауыш мекендік қасиетке ие болып отыр.Біздіңше, зат есімнен болған баяндауыштар бастауыштар заттық қасиетін білдіреді дей келіп, оның енді өзін іштей зат есімнің баяндауыш болу кезіндегі тұлғалық ерекшелігіне байланысты да, іштей қандай-қандай мағыналарда қолданылуы екінші дәрежелі мәселе демекпіз.Мәселен: Ол – студент,ол – Асан дегенде оның кім екенін, Мынау – қант дегенде заттықты, Олар ауылда дегенде мекенді білдіруі, т.б. олардың баяндауыш болу кезіндегі, біріншіден, ол сөздердің семантикасына да байланысты. Зат есімдердегі осы сияқты өзгеріс, шындап келгенде, әр түрлі заттану процесінде сын есім, сан есім, есімше де болатыны айқын.

Сонымен, баяндауыш бастауышқа бағынып, оның қимылын, іс - әрекетін, кім, не екенін, заттық, мекендік, сындық, қасиеттерін білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі.

Баяндауыштың жасалуы
С ө з д е р д і ң т ү б і р к ү й і н д е б а я н д а у ы ш б о л у ы. Қай сөздің болса да сөйлемде баяндауыш қызметінде тұруы сол сөйлемдегі субъектілік, предикаттық қатынастан көрінеді. Сондықтан баяндауыштың қызметі басқа мүшелермен, әсіресе бастауышпен, қатар қойып айтқанда айқын болады: қара,керек сөздерін сен малға қара, мысыққа ойын керекдегендей тіркесте айтқанда болмаса, олардың баяндауыш екендігі белгілі болмайды.

Сондай дара тұрып, түбір күйінде көбірек баяндауыш болатын сөздер – етістіктер. Олардың түбір күйінде баяндауыш бола кетуінің себебі олардың ІІ жақтық грамматикалық мағынаны да білдіруімен байланысты болу керек. Сондай сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы олардың айтылу жағдайымен де байланысты. Жападан жалғыз жайбарақаттанып отырған кісі қоңыр дауыспен өзінен-өзі шық, түс десе,сырттан тыңдаған кісі не айтып отырғанын түсінбес еді, айтып отырғаны қай шық, қай түс, - етістік мағынасындағы шық, түс пе не зат есім мағынасындағы шық, түс пе? Ал бір кісі екіншісіне есік жаққа бас изеп шық десе, не атты кісіге қарап жерде тұрған кісі түс десе, онда жоғарғы сөздердің баяндауыштық мағынасы айқын болады. Мен, рас деген сөздер жеке айтылса, баяндауыш болмас еді.ал Мені шақырған кім?дегенде: - Мен десе,осы айтып отырғаның рас па? дегенде: - Рас десе, олар толық мағыналы баяндауыш болар еді.

Есім сөздер де түбір күйінде, ешқандай баяндауыштық жалғау жалғанбай – ақ баяндауыш бола береді. Бірақ ол үшін бастауыш пен баяндауыш қатар айтылу керек. Сонда олардың сол қызметте жұмсалуына себеп болатын жағдай олардың сөйлемде белгілі орында тұруы болады. Жамал отызда. Ол тәртіпті. Сапар – доктор,т.б.

Етістіктің кел, ал, бер, отыр сияқты түбір күйі де сол қалпында, жіктік жалғауынсыз-ақ, сөйлемдер тұрған орнына қарай баяндауыш бола береді дедік. Бірақ олар ІІ жақтық мағынада айтылып қалыптасқандықтан, кейде бастауышсыз да жұмсалады, бастауышпен орын ауысып та айтылады: Кел, балалар, оқылық (Ы.Алтынсарин). Тыңда, дала, Жамбылды (Жамбыл).

Түбір етістіктердің ішінде жақтық мағынасы екі түрлі болып келетіндері: тұр,отыр,жатыр,жүр.Бұлар осы қалпында дара тұрып ІІ жақтық та, ІІІ жақтық та баяндауыш болуы мүмкін.

С ө з д е рд і ң г р а м м а т и к а л ы қ т ұ л ғ а л а р а р қ ы л ы б а я н- д а у ы ш б о л у ы .Баяндауыштардың морфология – синтаксистік тұлғасы – ж і к т і к жалғаулары. Жіктік жалғаулар  әрі баяндауыштық тұлға, әрі бастауыш пен баяндауышты өзара байланыстыратын синтаксистік тұлға. Олар тек етістікке ғана емес, баяндауыш қызметіндегі I, II жақтық есімдерге де жалғанады. Егер жіктік жалғаулар етістіктердің отыр, тұр, жүр, жатыр деген төрт етістіктен басқаларының түбіріне тікелей жалғанбай, көсемше, тұйық рай қосымшаларынан кейін ғана жалғанатын болса, есімдердің негізгі, туынды түбірлеріне де, тіпті, жатыс, шығыс септіктеріндегі сөздерге де жалғана береді: Мен қырықтамын; Біз бәріміз колхозданбыз.

Бұдан жіктік жалғаудың сөздерге жалғаудың мүмкіншілігі үлкен, синтаксистік қызметі әрі орнықты екенін әрі бастауыштың тұлғасын бастауыштан көруге мүмкіндік беретін грамматикалық форма екенін аңғарамыз.

Түркі тілдерінің бір қатарларында ( мысалы: өзбек, құмық, т.б.) есімдерден болған баяндауыштарға кейде дүр, дир, дыр, тұр тұлғасы жалғанады. Қазақтың қазіргі әдеби тілінде ол баяндауыштық тұлға жұмсалмайды десе де болады. Оны фольклордан, өткен ғасырлардағы әдебиеттен ғана кездестіруге болады.



Жақсылыққа жамандық –

Әр кісінің ісі дүр.

Жамандыққа жақсылық

Ер кісінің ісі дүр

(Мақал).

Б а я н д а у ы ш т а р д ы ң н е г і з г і т ү р л е р і.

Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Дегенмен көбінесе баяндауыштық қызметте жұмсалатын сөздерді жіктегенде, олар мынадай басты – басты негізгі екі салаға бөлінеді:

1. Е т і с т і к б а я н д а у ы ш т а р: 2. Е с і м б а я н д а у ы ш т а р.

Етістік баяндауыштар да, есім баяндауыштар д а р а к ү р д е л і және ол екі түрі аралас айтылған қ ұ р а м а болуы мүмкін.


ЕТІСТІК БАЯНДАУЫШТАР

Етістіктерден болған дара баяндауыштар

Етістіктердің сөйлемдегі негізгі қызметі –баяндауыш болу. Олардың баяндауыш болу қабілеті өте күшті. Сондықтан қазақ тілі сөйлемдерді баяндауыштарының дені –етістікті баяндауыштар. Айттым, болды. Кестім, үзілді!.. Тараңдар!.. Жүр ( Ғ.Мүсірепов) дегендегідей олар дара күйінде-ақ баяндауыштық қызметте бір құрамды тиянақты сөйлем болып та келеді немесе Тереңге мені сал, биікке мені жұмса (Ғ.Мүсірепов) дегендегідей, өзіне басқа сөйлем мүшелерін ілестіре көп құрамды сөйлемнің жетекшісі болып та кездесе береді.

Етістіктердің сөйдемдегі басқа қызметінен гөрі баяндауыш қызметінде жұмсалуынан олардың өздеріне тән мағыналық, грамматикалық ерекшеліктері айқын көрінеді. Мысалы, салт, сабақты етістіктердің баяндауыш болу амалы бірдей, бірақ олар қатысқан сөйлемнің құрамы бірдей емес. Мысалы:

Кәрі Каспий қара көк көзін ашты, жылы жүзбен Терекке амандасты (Абай). Амантайдың жүрегі аттай тулады... Ол түтіннің исі жерге жоламайды (С.Мұқанов)

Осы мысалдардағыдай, салт етістік баяндауыш болған сөйлемде тура толықтауыш болмайды ( мысалы: ... амандасты, ... тулады), ал сабақты етістікті онымен байланысты тура толықтауыш болуға тиіс ( мысалы: көзін ашты).

Етістіктің сабақты және салт болуы сияқты, брлымды және болымсыз болуы да етістік атаулыға ортақ болғандықтан, оның баяндауыш қызметінде жұмсалуында да ерекшелігі жоқ. Дегенмен солар арқылы б о л ы м д ы, б о л ы м с ы з сөйлемдер жасалатындықтан, олардың баяндауыш болуын ерекше атау керек болады. Оның үстіне айтпаймын, жазбаймын деген сияқты, ашық райлы болымсыз етістікті баяндауыштың кейде айтпан, жазбан болып айтылуында стильдік айырмашылық болады.Мысалы, бір істі істеуден үзілді – кесілді бас тартқанда, соңғы формалар қолданылады. Бұл көбінесе ауыз әдебиетінде жиі ұшырасады:

Тәуекелге келгенде, алдымда тау тұрса да, тайынбан (Ғ.Мұстафин). Өлеңім – оқ, ол алдымда. Мен де жаудан шегінбен (Жамбыл).
Алдыңа келіп тұрмын деп,

Ар-намысымды қашырман

Бұлтқа жетпей шартсынбан,

Айта келген сөзім бар,

Не қылсаң да жасырман

(Махамбет).


Етістіктер райлық, шақтық тұлғаларының барлығында да баяндауыш бола береді.

Мен көрдім ұзын қайың құлағанын (Абай).Бізді ешкім таныстырмады, өзіміз танысайық (Ғ.Мұстафин). Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық ( Ы.Алтынсарин).

Етістіктер етіс тұлғаларына да баяндауыш қызметінде жұмсалады:



Өнер – білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды (Ы.Алтынсарин). Қаптады қол, салынды жол, бұзылды тау, кесілді шөл.(А.Тоқмағамбетов). Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып (Абай).

Көсемше тұлғалы етістіктер дара күйінде құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары болып келе береді. (Жаңбыр жауып, жер көгерді), бірақ кейбір өлеңде болмаса, жай сөйлемнің тиянақты баяндауышты бола алмайды.

Есімшелердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы басқа есімдердей: І, ІІ жақта баяндауыштық жіктік жалғауда айтылып, етістікпен қиысып тұрады, ІІІ жақта жіктік жалғау жалғанбайды.

Етістіктерден болған

күрделі баяндауыштар
К ү р д е л і е т і с т і к т і б а я н д а у ы ш т ы ң қ ұ р а м ы. Қазақ тілінде де әлденеше етістіктер түйдекті топ құрып, баяндауыш қызметінде жиі кездесетіні белгілі. Олардың көп құрамды болудағы баяндауыштық негізгі қызметі – қимыл процесінің құбылмалы нәзік реңктерін білдіру.

Қазақ тілінде көмекші етістіктер көп, олар аса жиі қолданылады: арнаулы көмекші етістіктерден басқа негізгі етістіктердің де бірталайы көмекші болып жұмсала береді. Олардың өзара көсемше, есімше тұлғалар арқылы байланысқан түйдекті тобының құрамы екі я үш, кеде төрт я бес етістікті болып та келеді.



Кітап оқып кетіп бара жатыр едім, сүрініп кетіп, жығылып қала жаздадым деген бір құрмалас сөйлемнің ішіндегі он бір сөздің кітап дегеннен басқалары – түгелімен етістіктер. Олардың алдыңғы сөйлемдегі оқып кетіп бара жатыр едім деген бесеуі біріне бірі ұласқан бір істің жайын хабарлайтын бір мүше (баяндауыш) болып тұр. Екінші сөйлемде бес етістік бар. Оның алдыңғы екеуі ( сүрініп кетіп) пысықтауыш қызметінде де, соңғылары ( жығылып қала жаздадым) баяндауыш қызметінде жұмсалып тұр. Соңғы үш етістік аяқталмаған қимыл процесін білдіреді.

К ү р д е л і б а я н д а у ы ш қ ұ р а м ы н д а ғ ы е т і с т і к т е р д і ң қ ы з м е т і . Көмекші етістіктер жоғарғыдай синтаксистік тіркеске түсіп, баяндауыштың ш а қ т ы қ, т ұ р п а т т ы қ (в и д т і к), м о д а л ь д ы қ , т.б. мағынасын түрлендіріп, кейде бір қалыптан екінші қалыпқа түседі. Ондайда кез келген етістік қатар қойылып, оның алдыңғысы негізгі, соңғысы көмекші қызметте жұмсала берілмейді, олардың біріне – бірі үйлес келетін, бірін – бірі толықтыратын, кейде біріне екіншісінің мағынасына қарсы келетін етістіктерден құралып, синтаксистік бірлік жасалады.

Негізгі етістіктер мен көмекші етістіктер түйдекті топ құрып күрделі баяндауыш болғанда, субъектінің қимыл процесінің әр түрлі құбылыстарын, мысалы: і с т і ң, қ и м ы л д ы ң б і т к е н і н, б і т п е г е н і н, о л а р- д ы ң қ а р қ ы н ы н, т ы ң ғ ы л ы қ т ы ғ ы н, т ы ң ғ ы л ы қ с ы з д ы - ғ ы н, б а с т а у, а я қ т а л у к е з е ң д е р і н б і л д і р е д і. Мысалы, Оқушылар клубқа кіріп жатыр дегенде, баяндауыш жаңа ғана басталған қимыл процесінің ұласпалы қалпын білдіреді. Ол жүгіріп келеді дегенде, баяндауыш бастауыштың аяқталмаған әрекетін білдіреді.Ондайдың әлі де көпке созылғандығын білдіру үшін қазақ тілінде баяндауыш қайталанып та айтылады:

Жапан далада жан –жағына алақтап жалғыз әйел жортып барады, жортып барады. Кең далада жалғыз адам жүзіп келеді, жүзіп келеді. Өзгеше бір күй кең даланы күңірене шайқай береді, шайқай береді (Ғ.Мұстафин).

Баяндауыштардың осылайша қайталанып айтылуы да қимылдың созылыңқылығын білдіруі – күрделі етістік баяндауыштардың жұмсалуындағы стильдік ерекшеліктің бірі. Бұлай айтудың тағы бір қызметі бар. Ол – баяндауыш арқылы айтылған ойды бекемдей, нығздай түсу;



Ол қыз – Ботакөз десе – бота көз (С.Мұқанов). Ешкімнің ақылының керегі жоқ. Барамын деген соң – барамын (Б.Майлин).
Күрделі баяндауыштардың қимыл

кезеңдерін білдіруі
Қазақ тілінде, орыс тіліндегідей, сараланған видтік категория жоқ. Бірақ күрделі етістіктерден болған баяндауыштар әр түрлі құрамда айтылып, әр түрлі қимыл кезеңдерін білдіреді. Олардың бастылары мыналар:

  1. Қ и м ы л д ы ң б а с т а л у к е з е ң і. Отыр, қал, жатыр, кел,

баста, жөнел, т.б. көмекші етістіктер қатысты күрделі баяндауыштар қимылдың не күйдің басталып қалғанын, басталғанын білдіреді:

Таң бозарып атып келеді. Коля кеткелі жатыр (Ғ.Мүсірепов). Зылиха шай құя бастады. Жақып сөйлей жөнелді (Ғ.Мұстафин).


  1. Қ и м ы л д ы ң б о л ы п ж а т қ а н к е з е ң і. Мұндай мағынада

жұмсалатын баяндауыштың құрамында тұр,кел, бер,жүр, қой, түс,т.б. көмекші етістіктері болады:

Жарқыраған май күні... тамылжып тұр (М.Әуезов). Қалует Баршагүлге күле сөйлеп келеді (Ғ.Сланов). Жомарт тағы бірдеме үйретіп жүр. Ахмет оның жүзіне қарап қояды да сөйлей береді (Ғ.Мұстафин).


  1. Қ и м ы л д ы ң а я қ т а л ы п қ а л ғ а н к е з е ң і. Мұндай

мағынаны білдіретін күрделі баяндауыштың құрамында қал, кел, кете, жазда сияқты көмекші етістіктер болады.

Жұмыс аяқталып қалды. Жиналыс бітіп келеді. Күңше Жабайды соғып кете жаздады (Ғ.Мүсірепов).


  1. Қ и м ы л д ы ң а я қ т а л ғ а н к е з е ң і. Күрделі баяндауыштар

бұл мағынаны білдіру үшін олардың құрамында жібер, кет, бер, бол, қой, таста сияқты көмекші етістіктер болады:

Хатты кеше баласынан беріп жіберді. Жолаушылар жүріп кетті. Әмірге кітап алып бердім. Ол айтып болды.


  1. Қ и м ы л д ы ң д ү р к і н д і л і г і. Қой, бер, жатыр, отыр, түс, бар

сияқты көмекшілер қатысты күрделі баяндауыштар қимылдың қайталанғанын, істің дүркін – дүркін істелгенін білдіреді:

Абай күрсініп қояды (М.Әуезов). Жақсылық күлімдей түсті (Ғ.Сланов). Жылқы етінің иісі мұрныңды жарып барады (Ғ.Мұстафин). Қонақтар бірінен соң бірі келіп жатты.

Есім баяндауыштар
Есім баяндауыштар туралы

жалпы түсінік
Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім, сан есім,сын есім, есімдіктердің) қайсысы болса да баяндауыш қызметінде жұмсала береді, бұл үшін олардың қасында көмекші етістіктің тұруы шарт емес. Сонымен қатар есімді сөйлемдердің қазақ тілінің өзіне тән ерекшеліктері де бар. Оларды басқа тілдердің, мысалы, орыс тілінің фактілерімен салыстырғанда, дұрыс түсінуге болады.

Мен студентпін – Я есть студент.Бұл сөйлемдердің сыртқы тұлғалық белгілеріне қарасақ та, сөйлемге бас мүшелердің өзара байланысу амалдарына қарасақ та елеулі айырмашылығы барлығы байқалады. Егер Мен студнтпін дегенді Я – студент деп аударсақ, ондағы айырмашылық баяндауышқа қазақшада жіктік жалғаудың жалғануында ғана емес, сол арқылы баяндауыштың баяндауыштық мүшелік дербестігі сақталып, сөйлемдік құрылысының берік болуында.

Қазақ тілінде зат есімді, сол сияқты басқа есімдерді түбір күйінде баяндауыш қызметінде қолдану үшін, бастауыш пен баяндауыш белгілі орындарда тұрады: баяндауыш бастауыштан кейін тұруы керек: Ол – студент, Рәбиға – инженер, Абай – ақын, т.б. Бірақ ондайда қатар айтылған тұрлаулы мүшелерді өзара байланыстырып, олардың мүшелік қызметін айқындауға себеп болатын – дауыс ырғағы.


Зат есімдерден болған баяндауыштар
Зат есімдер түрлі тұлғада, тіпті кейбір септік жалғауларында тұрып та, баяндауыш қызметінде жұмсала береді. Ондай зат есімдерден болған баяндауыштар бастауыштың негізінде, з а т т ы қ с а п а с ы н к і м, н е е к е н і н білдіреді:

Түнергендетүнмін, күлгенде – күнмін. Сөзім – шекер, тілім – бал, лебізімнен алған нәр (Ғ.Мұстафин).

Зат есімдер көлемдік септіктерде, әсіресе жатыс, шығыс жалғауларында бяндауыш қызметінде айтылады;



Вагонда ояу тірі жан жоқ, бәрі де шырт ұйқыда. Оның ұғымында дүниедегі ең зор байлық суда (С.Мұқанов). Қой баласы қозыдан (Мақал). Бұл ауыл қазір Ойқұдықта (М.Әуезов).

Жатыс жалғауда тұрған баяндауыш шығыс, барыс жалғаулардағыдан гөрі жиі ұшырайды. Сонда жатыс жалғаудағы баяндауыш қай сөзден болғанына қарай бастауыштың мекенін, орнын қалыпты күйін, қимылдың дүркінділігін білдіреді.

Тәуелді жалғаулы зат есімдер басқа жағдайда өзі ілік септікті заттың меншігі болып тұратын болса, баяндауыш қызметінде ол екеуі не тәуелдеулі сөздің бір өзі баяндауышты өзіне меншіктеп тұрады (Мысалы: Алматы – астанам, Райхан – қарындасым). Ал бастауыш та, баяндауыш та тәуелдеулі сөздер болса, ол екеуінің бұл айтылғандай мағыналық қатынасы болмайды.
Сапалық есімдер мен есімдіктерден

болған баяндауыштар
Сапалық есімдер мен есімдіктердің бәрі де баяндауыш қызметінде жұмсала береді. Бірақ олардың баяндауыш болу дәрежесі де, баяндауыштық қызметі де бірдей емес.

Сапалық есімдер (сын есім, сан есім) әдетте зат есімдердің әр алуан сындық, сандық сапасын білдіріп, көбінше анықтауыш болумен қатар, баяндауыштық та қызметте көп айтылады. Олар анықтауыш болғанда, анықтайтын зат есімнің алдында келсе, баяндауыш болғанда, бастауыштан соң тұрады, оның қандай, қанша екенін, қандай күйде екенін білдіреді. Ай жарық; Қар қалың; Ауа райы жақсы; Оқушылар тәртіпті. Білгенің –бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз.

Сапалық есім баяндауыштар бастауыштардан оқшауланып, айырым интонациямен айтылады. Ондайда бастауыштардың айтылу әуені көтеріңкі болады да, баяндауыштардың айтылу әуені одан төмен болады.

Сапалық есімдерден болған баяндауыштар І, ІІ жақтық жіктік жалғауларда айтылғанда олар бастауыштан онша оқшауланбайды, мұндайда екі бас мүше бір сыдырғы әуенмен айтылады:



Біз бақыттымыз. Сен әдептісің. Сіз еріншексіз. Біз жиырма төртпіз.

Сапалық есімдер тәуелдеулі зат есімнен бастауышы бар сөйлемдердің баяндауышы болып жиі кездеседі:



Кіре берістегі әскери адамның өңі суық, сөзі қысқа (Ғ.Мұстафин). Оның бойы зор, бас бітімі ірі келген, келбетті (М.Әуезов).

Есімдіктер қай сөз табына қатысты сөздердің орнына жүрсе, сол сөзге тән синтаксистік қызмет атқарады. Солай болатындықтан, есімдіктердің бәрі де баяндауыш бола алады. Дегенмен бұл қызметте жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері жиі кездеседі:

Бұл кім өзі? (Ғ.Мұстафин). – Ол сенсің ғой, Абай! Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі – осы (М.Әуезов).

«Бар», «Жоқ» сөздерінің баяндауыш

қызметінде жұмсалуы
Арада тау бар, тас бар, өзен бар, теңіз бар, ит мұрны өтпейтін қалың орман бар, олардан қалай өттің? (Ғ.Мүсірепов).

Бұл сөйлемдерде бар сөзі бастауыштармен қатар тұрып, баяндауыш қызметінде жұмсалған: тау бар, тас бар, өзен бар,орман бар.

Сол сияқты, жоқ сөзі де баяндауыш болып жиі қолданылады: - Жоқ, жоқ! Нағыз сұлу, нағыз ақылды бала менікі еді... Сенде ол да жоқ (Ғ.Мүсірепов).

Бар, жоқ сөздері баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, бастауыш болған заттардың қайда, кімде, неде екенін, бар – жоқтығын факт ретінде баяндайды.Ондай сөйлемнің құрамында жатыс жалғаулы пысықтауыш не толықтауыш жиі кездеседі.

Алматыда Омарбек деген жолдасым бар. Жылқыда өт жоқ (Мақал).

Бар, жоқ сөздерінен болған баяндауыштар ІІІ жақта әр уақытта сөйлемнің соңында, көбінесе, бастауыштармен қатар тұрады.

Жоқ сөзі өткен шақтық есімшемен тіркесіп, сөйлемнің күрделі баяндауышының құрамында да қолданылады.



1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет