Диплом жұмысы тақырыбы: «Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары»



жүктеу 0.95 Mb.
бет4/6
Дата24.04.2016
өлшемі0.95 Mb.
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!

Кіші әріптер.

І. Үзіліссіз жазылатын бір элементті кіші әріптер:



ә б в г е о с ь

ІІ. Үзіліссіз жазылатын көп элементті кіші әріптер:

а д з и л м н ң п т у ү һ ц ч ш щ ы ю я ІІІ. Бір үлеспен жазылатын кіші әріптер:

ғ й к қ ө р ұ х і э IV. Екі үзіліспен жазылатын кіші әріптер:

ф ж ё

Бас әріптер

І. Үзіліссіз жазылатын бас әріптер:






ІІ. Бір үлеспен жазылатын екі элементті бас әріптер:





ІІІ.Екі үзіліспен жазылатын әріптер:

IV. Үш үзіліспен жазылатын төрт элементті бас әріп:



Жедел жазуға көшу барысында сөз ішіндегі әріптердің бір – бірімен қосылу жолдарын дұрыс меңгерудің ерекше мәні бар. Әріптердің өзара байланысып жазылуы олардың өзіндік графикалық бейнесіне, әрбір әріптің соңғы элемент ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Демек, жазу байланысы сөздегі алдыңғы әріптің келесі әріппен байланысу принципі бойынша қакрастырылады. Бір – бірімен қосылу ерекшелігіне қарай қазақ тіліндегі әріптерді негізгі екі топқа бөлуге болады.[3./120-131б./]

Бірінші топ. Соңғы элементтері имек сызықтарға

аяқталған үлкен және кіші әріптер:












Бұл топтағы әріптердің соңғы негізгі элементтері келесі әріптермен үзіліссіз жазылады. Мұның өзі жазу темпін жеделдетуге айтарлық дәрежеде мүмкіндік береді.

Бұлардың ішіндегі кейбір әріптердің үстіне, ортасына қойылатын қосымша белгілер сөзді үзіп жазуға мәжбүр етіп, жазу қарқынын едәуір баяулатады. Мұндай әріптерді жазуға оқушылар мына сияқты қателерді жібереді:

а) қосымша белгілерді қоймай кету.

ә) қосымша белгілерді бұрмалап жазу.[20./78-126б./,21./18-32б./]

Аталған графикалық қателерді болдырмау үшін мұғалім тарапынан қосымша таңбаларды тастамай және бұзбай жазу туралы жиі – жиі ескертулер жасалып, мұқият бақылау жасалуға тиіс.





Соңғы элементтері түрлі имек сызықтарға аяқталған топтағы әріптерді өзара дұрыс байланыстырып жазуға оқушыларды төселдіру үшін төмендегі тәрізді графикалық даярлық жаттығуларын жүргізген жөн.









Сөз болып отырған топ құрамындағы әріптерін жазуда да белгілі кідіріс- тер жасалады. Өйткені олар біршама үзіліспен жазуды керек ететін екі, үш элементтен тұрады. Ондағы элементтер мыналар:



Аталған әріптердің жазу темпін жеделдету дағдыларын қалыптастыру

үшін төмендегі тәрізді даярлық жаттығулары жүргізіледі.



Бірінші топтағы әріптердің басым көпшілігі келесі әріптермен төменгі жағынан қосылады. Алайда кейбір дөңгелекшелермен жазылатын таңбаларды қосымша сызықша жалғау арқылы келесі әріптермен жоғарғы жағынан байланыстыруға болады. Мұндай байланыс жолдармен жеке сөз, сөз тіркесі, сөйлем жаздыру арқылы меңгерту тиімді.



Екінші топ. Оң жағы (қосылатын жағы ) дөңгелеген элементтерге біткен



бас әріптер мен кіші әріптер:


Бұл топтағы әріптер келесі әріптермен үзіліспен жазылатын, қосымша жалғас сызық арқылы байланысатын әріптер болып табылады. Мұның өзі, әрине, үзбей жазу жүйесін бұзып, жазу қарқының белгілі дәрежеде бәсеңдетеді.

Жазу барысында жасалған қол үзіліс оқушылардың жазу темпін тежеп қана қоймайды, сонымен қатар көлбеу жазу, әріп элементтерін дұрыс жазу, олардың биіктігі мен ара қашықтығының біркелкі болуына, жалпы, ритмикасының өзгеруіне әсеретеді.

Аталған қиындықтардың ескере отырып, бұл топтағы әріптердің келесі әріптермен байланысу тәсілдерін меңгеруге арналған түрлі гарфикалық даярлық жаттығулары жүргізуге тиіс.[7./48-62б./,22./12-18б./]

Дөңгеленген элементтерге аяқталған әріптер сөздегі өзінен кейінгі әріптермен жалғас сызықтар арқылы байланысады. Жалғас сызығы бұл топтағы барлық бас әріптердің және кіші б әріпінің төменгі жағынан қойылады.


Бұл топтағы қалған кіші әріптер:




келесі әріптермен үстіне жүргізілген жалғас сызықтар арқылы байланысады:



Мұндай дөңгелеген кіші әріптер өзінен соң келген




әріптерімен тек төменгі жағынан жүргізілген жалғас сызықтар арқылы байла-

нысады:




бас әріптері мен кіші әріптерін жазауда оқушылардың аталған әріптердегі белдікше сызықтарды жалғас сызығына айналдырып жібермеуін қа – дағалау керек. Белдікше сызықтар мен жалғас сызықтардың бөлек – бөлек қойылатынын мұғалім оқушыларға төмендегідей сөздерді жаздыру арқылы ескертуге тиіс:


2.2. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды оқуға үйретудің жолдары.

Үлкен А әріп жазылу емлесі.

Үлкен А әріп үлгісі тақтада тұрады. Әріпті жазуды жұмыс жолының төменгі жағынан бастап төменгі сызық сәл жоғары ----------- қарай қиғаштау етіп жоғары жылжытамыз. Келесі жұмыс жолының сызығына жеткізбей өзімізге қарай төмен түсіп шиек жасаймыз. Екі элементті қосып, --- ортасынан сызамыс. Мынадай қателер кетуі мүмкін:

екі элементтің ортасы қалың;

бірінші элементті тік . Бұл и әрпінің қосатын элементі сияқты жазылу керек. Мұғалім А әріпін бір элемент нүктелер арқылы жазып көрсетеді.

Үлкен және кіші а әріпі жазу үзіліссіз жүреді. Үлкен әріпті жазғаннан кейін, кіші әріптің негізгі дөңгелек негізін салып, содан соң жарты шиегі бар сызықты саламыз.

Кіші а дыбысының емлесі.

а әріпі ең алғаш үйретіледі және ол екі элементтен тұрады. Міне оны жазудың қиындықтары да осында. Мұғалім әріп элементтеріне назар аудара отырып, тақтаға жазып көрсетеді. Мұғалім тақтаға жазумен бірге айтып түсіндіріп отырады: « Жұмыс жолының жоғары жағына келгенде солға қарай дөңгелектеу етіп төменге дейін сыза отырып, қиғаштау етіп бастаған нүктемізге дейін апарамыз. Екінші элементті үзбей жоғарғы сызықтан бастап төменгі жағын имектеу етіп жасаймыз».[23./№3/]

Оқушылардың қателерінбайқай жүре мұғалім, оны қалай дұрыс жазу керектігін түсіндіреді. Оқушылар а әріпін жазу барысында бірінші элементті өтежақын жазу сияқты қателерді жиі жібереді.

Мұндай қателерді түзеу үшін мұғалім оқушыларға қайта үйретеді. Мысалға, екі элементті өте жақын жасбас үшін ең алдымен екінші элементтің жазылу ережелеріне назар аударамыз. Осыдан кейін еэлементті жазғанда арасында бұрыш нүкте қою арқылы оқушылар қателерін түзейді.

3. Ә дыбысының емлесі.

Ә әріпі үзіліссіз жазылады. Бұл дыбысты таңбалау са қиындық тудырмайды. Әріпті үстіңгі жұмыс жолына сәл жетпейтін жерден бастап, оңға қарай жоғары жүре келе дөңгелектей төменге түсеміз. Төменгі жұмыс жолына жетпей солға бұрып, екі жұмыс жолының ортасынан оңға қарай сызып бастапқы сызығымыздың дәл ортасында түйістіреміз.

Мынадай қателер кетуі мүмкін:

иегі кішкентай;

әріпті жазуды дұрыс бастамаған;

Қатені түзеу үшін санау әдісіне сүйенсек болады. Немесе үлгімен салыстыра отырып талдау жасау керек.[24./55-56б./]

Кіші ә дыбысы үлкенӘ дыбысы сияқты айырмашылығы көлемінде.

4. Үлкен Б әріптің емлесі.

ҮлкенБ әріб бір үзіліспен жазылады. Келесі әріппен үзіліссіз байланысады. Үлкен Б әрібін жазғанда жоғарғы элементін жазу қиындық тудырады.



Пропорцияны бұзу;

Оқушыларға төменгі сызықтан жоғары жерде қиылысатын түсіндіру керек.

5. Кіші б әріптің емлесі.

Б әрібі алдыңғы әріппен үзіліссіз байланысады. Әріп үзіліссіз жазылады немес оны элементтерге бөлудің қажеті жоқ. Келесі әріппен үзіліс жасап қосатын штрих арқылы байланысады. Егер б әрібінен сөз басталса а әрібі сияқты жазамыз. Егер сөздің ортасында кездессе алдыңғы әріппен үзіліссіз төмен жағынан байланысады.
Мынадай қателер кетуі мүмкін :

Жоғарғы элементі өте қиғаш жазылған. Бұл қатені түзеу қиынға соғады. Оқушыларға дүрыс жазу үшін берілген жаттығулар арқылы қатені жөндеуге болады.



Мынадай қателер кетуі мүмкін:



Жоғарғы жақтағы қайырма тік жасалынған, дөңгеленіп кетуіне назар аудару керек;

Жоғарғы жағы өте ұзын. Мұғалім оны түсіндіру керек.

Ортасында үзіліс бар. Бұл қате әріпті дұрыс басталмауынан болады;

6. Үлкен В дыбысының емлесі.

В әріпікелесі әріппен және өзінің жазылуы да үзіліссіз. « Бірінші өзімізге қарай тіке бағыта жазамыз. Жұмыс жолының төменгі сызығында солға қарай тік әкеп, тор имек жасай отыра жоғарға жүреміз.Әріптің ұзындығына сәл жеткізбей сызықты қиып өтіп, оңға қарай қайырып жоғары немес төмен жағына дөңгелекше жасаймыз. Жоғарғы жағындағы дөңгелекше төменгі жағындағы-ынан кішірек болады»

Мынадай қателер кетуі мүмкін:



Бұл қателерді түзеу үшін әріпті жазуды қайта үйрету керек.

7. Кіші в дыбыстың емлесі.

Бұл әріптіңформасы қиын. Сондықтан оқушылардыңәріптің қай бағытта жазылатынын білу керек.

Мұны мұғалім тақтаға жазып көрсетеді:

Имекті жоғарғы сызықтан сәл төмен жерден бастаймыз. Жоғарғы сызықтан асырқиғаш бағытта жүріп, келесі сызыққа жетпей дөңгелектейміз, имек жасаймыз, да төменге қарай түсеміз, төменгі сызыққа жетпей оңға қарай дөңгелектей келе үлкен емес дөңгелек жасаймыз.

в әріпі әріп әртүрлі байланыста болады.

Мысалға:



тменгі жақтан байланыс;

жоғарғы жақтан байланыс;

Мынадай қателер кетуі мүмкін:



Дөңгелектің дұрыс емес салынуы;

Бағыты дұрыс емес;

Дөңгелек әріп.

1.салыстыру арқылы түзетіледі;

2. бағытты сақтау арқылы;

3. мынадай жаттығулар арқылы:



8. Г, г дыбыстың емлесі.

Кіші г әрібін жазуға оңай. Себебі, ол әріпті дайындық кезеңінде жазып үйренген болатын. Кей кезде бағытын дұрыс жазбайды.

Үлкен Г әрібі жоғарыдан төменге қарай жазылады немес келесі әріппен үзіліссіз байланысады. Бұл әріптен кететін қателер П және Т әріптерінен кететін қателер сияқты. Сондықтан да оны түзеу жолдары бір.[18./65-67б./,25./56-58б./]

9. Ғ, ғ әріптерінің емлесі.

Бұл дыбыстардың таңбалануы Г үлкен немесе кіші г әріпіне ұқсас келеді. Тек бірінші элементтінде сызықшасы бар. Сондықтан бұл дыбысты таңбалау қиынға соқпайды.

10. Д, д әріптің емлесі.

Мұғалім түсіндіреді: « кіші д әріпін әр түрлі жазамыз, оның сөздің басында немес ортасында келетініне байланысты. Сөздің басында жоғарыдан солға қарай жазамыз, а әріпі сияқты:


Алдыңғы әріппен байланысса әріпті төменнен бастап жазамыз.



Кіші у әрібі сияқты, д әрібін жазғанда да имекті жазу қиынға түседі.



Қатені түзеу үшін имектің қандай болатындығын айту керек немес мынадай жаттығуларды беруге болады:



Үлкен д әрібінің формасы күрделі. Сондықтан оның жазылуын түсіндіргенде формасына назар аударылады. Әріпті Д әрібінің бірінші элементі сияқты жоғарыдан бастаймыз. Төменгі жағынан кішкене имек жасап, төменгі сызыққа тигізіп жоғарыға қарай дөңгелектейміз. Алдыңғы әріппен үзіліссіз байланысады.

Қателері:

Форамсының бұзылуы;

өте кішкене имек;

әріптермен дұрыс байланыспаған;

Қатені түзеу үнемі қадағалау арқылы немес үлгімен салыстыру арқылы жөнделеді.

11. Е, е дыбысының жазылу емлесі.

Е әріпі аса қиындықты тудырмайды. Сондықтан көп оқушылар қатесіз жазады. Бірақ оқушылардың назарын имекті жұмыс жолының дәл ортасында басталатын аудару керек. Кіші е әріпі алдындағы әріппен байланысқан кезде орьасынан, ал кейінгі әріппен байланысы төменгі жағынан болады.

Үлкен Е әріпі қиындау. Әсіресе төменгі дөңгелекшені жазу қиынға түседі.

Сондықтан мынадай қателер кездеседі:



Алтынғы элементі сопақшалау жазылған.

Бұл элемент үстіңгісіне қарағанда дөңгелектеу болу керек. Тақтаға салып көрсету керек.


Кейбір үлгермейтін оқушылардың қолын ұстап үйрету керек.

Элементтер арасындағы пропорция сақталмаған.

Үстіңгі элемент астыңғы элементтен кішкене екенін түсіндіру керек.[26./19-25б./,27./45-65б./]

12.Ё, ё әріптердің жазылу емлесі.

Ё әрібі е әрібі сияқты.Тек төбесіндегі нүктелерден ғана айырмашылық бар. Сондықтан әріп оңай.

13. Ж, ж әріптің жазылу емлесі.

Үлкен және кіші ж әріптерінің формасы бір, тек көлемі жағынан әр түрлі үзіліссіз жазылады. Әріптің жазылуын былай түсіндіреміз: « әріпті жұміс жолының үстіңгі сызығынан сәл төмен жарты сопақшаның сол жағынан бастаймыз. Оңға қарай дөңгелектей келе жарты сопақша жазамыз. Қолымызды алмай жазылғанның үстінен кішкене жүріп жоғарыға қарай қосатын штрих жасап өзімізге төменнен тағы да қосатын штрих жүргізіп оңға қарай жарты сопақша саламыз».



Бұл әріп алфавиттің соңғы жағында үйретіле де, мұны құрамында оқушыларәлі жазып көрмеген элементтер кездеседі. Сондықтан мынадай қателер кетуі мүмкін.



Арақашықтық сақтамағандықтан;

Үзіліссіз жазылмаған;

Қатені дұрыс жазылған әріппен салыстыра отырып жөндеуге болады.

14.З, з әріптерінің жазылу емлесі.

Кіші з әріпін жазу қиынға соғады. Себебі, әріптің формасында өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан оның оны жазуды түсіндірген жөн: « жұмыс жолының үстіңгі сызығынан сәл төмен жерден бастаймыз, сызықты дөңгелектей келе ж.ж. төменгі сызығына жеткізбей имекті жасай бастаймыз. Имек төменгі сызықтан асып, қайыра келгенде қиылысады» Әріпті жазғанда жұмыс ерекше назар аудару керек. Біріншібөлігі төменгі сызыққа жетпей дөңгелектейді, екінші бөлігі төменгі сызықта қиылысады.



Қателері:



Бірінші бөлігін төменгі сызыққа тигізген;

Имектің формасын бұзу;

Ең бірінші бұл қатенің болу себептері анықтап алу керек: оқушылар бірінші бөліктің төменгі сызыққа жетпей аяқталатынын және имектің формасын аңғармаған.

Қатені әріптің әрбөлігін талдау арқылы түзеуге болады.

Санап отыру қажет.

Үлкен З әріпі оқушыларға жазуға жеңіл болады. Себебі бұл В әріпіне ұқсас. Бірақ мұғалім екі әріптің ұқсастығын түсіндіре білу керек.

Әріптің жазылуын былай түсіндіреді: « сағат тілімен жазамыз. Бірінші жоғарғы жарты сопақшаны жазамыз. Солға қарай қайырып, екінші жарты сопақшаны жазамыз. Ол үстінгісінен үлкенірек әріпті келесі әріппен үзіліссіз қосамыз».

Қате жарты сопақшаның дұрысемес салады немес пропорциясын құртады;

Қатені түзеу үшін оқушы қолдың қозғалысына мұқият қарау керек немес үлкен В әріпін жазып , содан соң з әріпін жазуды үйрену керек.

15.И, и дыбыстарың жазылу емлесі.

Әуелі, баспа түрін немес тақтаға жазылғанәріп үлгілері көрсетіледі. Салыстыра келіп екі әріптің жазылу айырмашылығы формасы мен көлемінде екені түсіндіріледі.

Мұғалім тқтаға кіші и әріпін түсіндіре отырып жазады: и әріпі үзіліссіз жазылады. Жоғарғы жағынан сызықтан өзімізге қарай тіке,төменгі сызыққа сәл жеткізбей оңға қарай имектеу қылып, екінші элементімен қосылатын жерге дейін жоғарға апарамыз. Сызықты жоғары қарай қазғалтқан кезде оңға қарай қиғаштау етіп жазамыз. Бірінші элементті аяқтасақ қаламсапты дәптерден алмай, яғни үзіліссіз екіншіэлементті жазамыз. Екінші элементті бұрынғы жазғандай етіп төменгі жағын сәл имектеу етіп бірінші элементпен екінші элемент арасында бұрыш қалатындай, сызықты жұмыс жолының дәл ортасына дейін апарамыз.

Мұғалім оқушылардың жазғанына қарай жүре, барлығына ортақ қателерді байқайды:

1. екінші элементі бірінші элементіне өте жақын.

2. екінші элементі қашық немесе бірінші элементі солға қарай қиғаштау.

Бірінші қатені түзеу дәл а әріпінің жазылуын үйреткендегідей болады. Мұғалім қате әріпті тақтаға жазады оқушылар қай жерден қате кеткенін айтады: « Екінші элементі өте жақын орналасқан».

Қатені түзеу үшін бірінші әлементпен екінші элементтің арасында бұрыш қалатындай етіп жазу керек. Яғни, ортасынанүкте қою арқылы түзеуге болады. Екінші қатені түзеу үшін оқушылардың назарын сызықтың паралель келетіндігіне және тік сызықты жұмыс жолының төменгі жағына сәл жеткізбейтіндей жерге дей жазу керек ойтылады. Мысалы, мынадай жаттығулар: екінші элементтің ортасына сызық сызу арқылы Бұл өзін - өзі тексеру үшін пайдалы.

Үлкен И әрібін жазу кезінде қай жерлерін біркелкі жазу үшінбелгілеу қажет:

Оқушылардың назарын екі элемент жазғанда олардың ұзындығы біркелкі болуына назар аудару керек.

Әртүрлі қателеркетуі мүмкін. Бірақ жиі кездесетін:



Бірэлемент дұрыс жазылмаған;

Екі элементі жақын орналастырған.[4./45-48б./,28./16-23б./]

Бұл екі қатені біргекездесіп отырады.

Қателерді түзеу үшін екі түзу сызық одан кейін әріпті жазып немес орталарына нүкте арқылы қосып көрсетуге болады:

Қосатын элемент біркелкілігіне назар аудару қажет. Бұл жаттығулар өзін - өзі тексеру үшін беріледі. Сонымен қатер санап отырудың да дұрыс жазуда көегі зор:

т.б.

16. й әрібінің жазылу емлесі.

Бұл әріптің и әрібінен айырмашыдлығы ноқатында ғана. Сондықтан қиындығы жоқ.

17. К, к әрібінің жазылу емлесі.

Үлкен және кіші к әріптері бір үзіліспен жазылады. Бірінші кіші әріптің жазылу түсіндіріледі: « жұмыс жолының жоғарғы сызығынан өзімізге қарай түзу сызық жүргіземіз, одан кейін қолымызды алмай жазғанымыздың үстінен жоғары қарай ортасына дейін барамыз, бірқалыппен оңға қарай дөңгелектейміз, жұмыс жолының жоғарғы сызығына дейін апарамыз.Сәл ғана имектейміз. Қолымыздың алыпүшінші элементін жаза бастаймыз».

Тақтаға көрсетіледі:

Үлкен К әріпі формасы жағынан ұқсас келеді. Оның ілгекшесі оқушылардың екінші элемент жазуына жеңілдік береді.

Үлкен к әріпін жазуды түсіндіреді: «Келесі жұмыс жолының жоғарғы жағынан сәл төмен жерден бастаймыз.Кішкене ғанаоңға қарай жоғарға штрих жасап одан соң төмен түсеміз. Жұмыс жолының төменгі сызығынан жоғары жерде қиыпөтіп, оңға қарай жоғарыға қайырамыз. ----элементті жұмыс жолының үстіңгі сызығынан сәл жоғары жерде бастапоңға қарайдөңгелектеу қылып өзімізге қарай имегі бар сызық саламыз.

Мынадай қателер кетуі мүмкін:



өте тік, дөңгелектенбей жасалған элемент; жоғарғы жағының дөңгелекшесі жоқ; ара қашықтық сақталмаған,екінші элементті сәл жоғары жазу керек. Сонда мұнда арақашықтық болмайды. Ең жиі кездесетін қате соңғы элементін дұрыс салмау;

Бұлжердегі қате т әріпінде де кездескен. Яғни, оның себебі де сол. Бұл қатені жөндеу үшін әртүрлі жаттығулар ( аяқталған элемент, бастыру арқылы) жасау керек.

18. Үлкен Қ және кіші қ әріптердің емлесі.

Үлкен немес кіші қ әріптері бір үзіліспен жазылады. Бұл әріптің жазылу жолы к әріпіне ұқсас келеді. Айырмашылығы ілмекшесінің болуында. Ілмекшесі ц әріптегіндей орындалады.

Мынадай қателері кетуі мүмкін:

Имектің дұрыс емес жазылуы; элементтері алшақ орналасқан;

Бұл қателердің кетуі сирек кездеседі. Сондықтан оқушымен жеке жұмыс істеген жөн.

19. Л, л әріптердің емлесі.

Кіші л әріпін өткенде бірінші элементке назар аударамыз. Бұл элемент оңға қарай қатты қиғаш болып келеді, қалай жазу керек? Әріптің жазылуы түсіндіріледі: « жұмыс жолының төменгі сызығынан сәл жоғарыда бастаймыз, дөңгелектейміз, төменгі сызыққа қарай қосып тұратын элемент сияқты жазамыз, бірақ бұрынғыдан да қатты қиғаш қыламыз. Қолымызды дәптерден алмай екінші элементті жазамыз: ілгелі бар сызық».

Л әріпімен басқа әріпті қосып жазғанда төмен жағынан қосылады. Себебі, бұл әріп төменнен бастап жазылады.

Үлкен л әріпін жазғанда мұғалім оқушылардан: « Бірінші элемент қай әріпте кездеседі? А. Ал, екіншіқай әріпте ше? И әріпінде» - дейді.

Мынадай қателер кетуі мүмкін:

әріптің бағыты дұрыс емес;

жоғарғы жағының дұрыс жазылмауы;

Бұл қатені түзеу үшін, қайталау қажет.

20. М, м әріптерін жазу емлесі.

М әріпі оқушылардыңжазу тәжірибесі бар кезде үйретіледі. Сондықтан бұл әріптің құрамында қандай екі әріпті көруге болады деп сұраймыз.

Бірінші элементі л әріпі сияқты, екіншісі и әріпі. Бұл әріптерді салыстыра келе, м әріпінің өзіндік ерекшелігін түсіндіреміз.

Мынадай қателеркетуі мүмкін:

Бірінші элемент бағыты дұрыс емес болғандықтан, барлық әріп дұрыс жазылмаған.

Бірінші элемент дұрыс жазуды үйрету керек.



Дұрыс жазылған әріптің бір бағыты жағылған жерін белгілеп қою керек:

21. Үлкен Н әріп жазу емлесі.

Үлкен Н әріпі біркелкі және үзіліссіз жазылады. Оны элементке бөлу дұрыс емес. Ең бастысы әріптің имегі бар жерлері қай бағытқа қарай қозғалып жазылатынына назараудару қажет.

Бұл ритмді түсінге оқушы ешқашан шатастырмайды.

Мынадай қателеркетуі мүмкін:



өте жақын немесе өте алыс ара қашықтық: төменге қарай әріптің бағытының өзгеруі; имектің көлемінің дұрысеместігі;
22. Кіші н әріпінің жазылу емлесі.

Бұл әріптің жазылу барысында болатын қиындығы ілгекшесінде. Мұғалім түсіндіреді: « Өзімізге қарай сәл қиғаштау бағыттау сызу жүргізіп ортасына қайта ораламыз. Кішкене имек жасаймыз. Қаламсапты дәптерден алмай жоғары қарай көтеріп екінші элементті өзімізге қарай бағытта ілгекшесі бар сызықша жазамыз».

Мынадай сызбасы беріледі:

Балалар бұл элементтерді жеке – жеке жазып үйренеді. 1 немесе 2 жол толығынан осы әріпті жазып үйренеді.

Мынадай қателеркетуі мүмкін:

Имекті дұрыс жазбау немесе мүлдем жазбау.

Имектің жазылуына әрдайым ерекше назар аудару қажет.

Санап отырудың да маңызы бар.

23. О, о әріптердің жазылу емлесі.

Оәріпті жұмырлау болып келеді. Бұл әріптің жазғанда оқушы назарын осыған аудару керек. Яғни, кіші және үлкен о әріптері дөңгелектеу келген әріптер сияқты, біраз сәл сопақтау болады. Бұлүшін дәптерге қиғаш орналасуының да маңызы бар.

О әріпі сағат тіліне қарама – қарсы бағытта жазылады. Мұны мұғалім тақтаға жазып көрсетеді.



Кіші о әріпінің жазылуының басталуы а әріпі сияқты. Ал үлкен О әріпін төмен жақтан бастаған жөн. Көп кездесетін қателер: әріптің жеткілікті деңгейде дөңгелектеу болмауы. Бұл қатені түзеу үшін дұрыс немесе дұрысемес жазылған әріп үлгісін салыстыру қажет.

24. Ө әріпінің жазылу емлесі.

Ө дыбысы бір үзіліспен таңбаланады. Ө дыбысын дәл о әріпі сияқты жазамыз, тек мынадай қателер кетуі мүмкін:

Сызықтың төмен орналасуы; дөңгелекшесі дұрыс жазылмаған;

Бірінші қатені түзеу үшін үлгімен салыстыра отырып, оқушыларға өз қателерін таптыру керек. Қатенің кейін, жазылу жолын қайталап көрсетеміз.Екінші қатені дәл о әріпіндегідей етіп түзетеміз.[7./13-16б./,29./85-93б./,30./189-190./]

25.П, п әріптерініңжазылу емлесі.

Үлкен және кіші п әріптерін жазу аса қиындықтудырмайды. Себебі кіші п әріпі, кіші т әріпінің жартысы. Яғни, оқушыларға бұл әріптің элементтері таныс. Үлкен Т әріпінен салыстыруға болады. Сондай – ақ п әріпін жөндеудің жолдары т әріпімен бірдей.

26.Үлкен Р әріпінің жазылу емлесі.

Үлкен Р әріпінің бірінші элементті үлкен Т әріпінің элементі сияқты. Ол келесі әріппен үзіліссіз байланысады. Жоғарғы элементі солдан оңға қарай бағытта жазылады.



Мынадай қателер кетуі мүмкін: жоғарғы элементі қате жазылуы:

Бір жаққа қисайып жазылуы,

Салыстыру арқылы қатені жоюға болады.

Кіші р әріпінің жазылу емлесі.

Р әріпі үзіліссіз жазылады. Әріптің жазылуы: « әріпті жазуды жоғарғы сызықтан бастаймыз. Өзімізге қарай ұзын, тік сызық сызамыз, оны екі жұмыс жолының ортасына сәл жеткізбейміз. Одан кейін оңға қарай бағытта жоғарыға дейін апарып, ілмекшесі бар сызық сызамыз».

27. С, с әріптің жазылу емлесі.

Бұл әріптер формасы жағынан бірболғандықтан кететін қателер әріппен үзіліс жасамай байланысады. Бұл әріпті жазғанда жік – жікке бөліп түсіндірудің қажеті жоқ, бірақ ол сопақша дөңгелектің жартысы екенін ескерту қажет. Көрнекілік ретінде нүктелермен с әріпін белгілеп көрсетуге болады.

Үлкен С әріпін өткенде санаудың көмегі зор.

С әріпін жазғанда қатенің кездесуі өте аз. Соған қарамастан мынадай қателер кетеді:

Алғашқы дөңгелектің жеткіліксіздігі.

Әріп жаза жастағанда қалай басталуы керек екендігін ескеру қажет.

28.Т, т әріптің жазылу емлесі.

Кіші т әріпті үзіліссіз жазылады. Балаларқиындықсыз жазады. Бірақ олардың жазуында сол бағытқа қарай жаңа элементтен жиі қате кетеді. Себебі оқушылар соң элементті жазған кезде ертерек оң бағытқа қарай жазып кетеді.

Бұл қатені түзеу үшін мынадай жаттығу жасау керек:

Параллель сызық соңғы элементтіоқушыларға аяқтату; жүргізу арқылы; Үлкен Т әріпінің элементтері бөлек – бөлек жазылады. Сондықтан олардың бағыты бір немес параллель келеді. Жоғары жақтағы элементі солдан оңға қарай жазылады.

Мынадай қателер кетеді:



Жоғарғы элементін дұрыс жазбау; Ара қашықтығы сақталмау;

Біркелкінемес параллель емес;

Бұл әріпті өткенде оқушылар ең алғаш рет 3 – 4 әріптен тұратын сөз жазады. Яғни, оқушылар дұрыс жазу мен қатар орфографиялық қате жібермеу қажет.

29.У, у әріптерінің жазылу емлесі.

У әріпі бірде дауысты, бірде дауыссыз болады. Кіші у әрпін жазуға оқушылар біршама дайын болады. Алғашқы элементі и әріпінің бірінші элементі болса, екінші элементі дайындық кезінде жазылған элемент. Бірақ бұған қарамастан үзіліссіз жазу кезінде айтарлықтай қиындық туады. Кіші у әрпінің жазылуын түсіндіре отырып, мұғалім и әрпінің жазылу кезіндегі оқушылардың білім тәжірибесіне сүйенеді: « Бавлалар бірінші элементті байқасақ, и әріпінің элементі сияқты. Ал екінші элементі бізге бұрыннан таныс.

Бірінші элементті қолды дәптерден алмай үзіліссіз жазып, имек сызықты екінші элементін жазамыз.

Екінші элементін жазуда не маңызды? Сызық тік болу керек? Өзіңе қарай жазғанда біркелкі сыза отырып, солға қарай имек жасаймыз. Міндетті түрде жұмыс жолының төменгі сызығымен қиылысу қажет».

Мынадай қателер кетуі мүмкін:

Имектің солға қарай қатты қиғаштығы.

Бұл жағдайда, мұғалім имек сызықтың жазылу барысында оның ерте қайырудың қажеті жоқ. Келесі жұмыс жолының жоғары немесе төмен сызықтарының дәл ортасында қайыру керектігін түсіндірген жөн.



Имек жұмыс жолының сәл төмендеу жерінде қиылысуы оқушылардың назарын имектің дәл сызықта қиылысатынына аудару қажет.

Имектің формасының өзгеруі.

Бұл қатені түзеу үшін дұрыс немесе дұрыс емес жазылған әріпті көрсету керек. Имектің ұзындығы, көлемі біркелкі болып келеді.



Бірінші элемент дұрыс емес жазылған.

Оқушыларға элементті жазу барысында біркелкілікті сақтау керек екендігін ескерту қажет.



Одан басқа мұғалім көрнекілік ретінде екі элемент ортасындағы бұрышқа нүкте қойылғанын көрсету керек.

Қателерді түзеу үшін мынадай жаттығулар жасау керек:

Үлкен У әрпін жазуда сол сабақта өтіледі. Бұл әріпті жазуды көрсету барысында мұғалім оның элементтерін бұрып қай әріпте кездесетінін немесе айырмашылығын сұрайды. Үлкен У әрпінінң бірінші элементі сияқты, бірақ бірінші элементті оңға қарай иген кезде жұмыс жолының жоғарғы сызығына жетпей ертерек бұрамызх. Екінші элементпен қосатын жерге дейін жоғары апарамыз да екінші элементті өзімізге қарай біркелкі сызықпен жұмыс жолының төменгі жағында оңға қарай сәл қайырамыз.

30. Ұ, ұ дыбыс емлесі.

Үлкен және кіші ұ дыбысын өту барысында у және ұ әріптерімен міндетті түрде салыстырып өтеміз. Ұ әріпінің өзіне тән ерекшелігі орта тұсында сызықшасының болуында.

Мынадай қателер кетуі мүмкін:

Соңғы элемент дұрыс жазылмаған;

әріптің бағыты дұрыс емес.

Бірінші қатені түзеу үшін соңғы элемент дөңгелектеніп емес, тік сызық болатынын түсіндіреміз. Екінші қатені түзеу үшін мынадай жаттығуларды берген тиімді:



31. Ү дыбысының жазылу емлесі.

Ү дыбысы үзіліссіз жазылады. Ү әріп әріптен кейін орындалатын, оны жазу қиынға соқпайды. Тек соңғы элементі оңға қарай тік бұрыш жасап қайырылады.

32.Х, х әріптің жазылу емлесі.


Үзіліспен жазылады. Үзіліссіз жазған қиын болғандықтан әріпті онай жазуға үйретілмейді.

Әріпті жазуды былай түсіндіреді: « Бірінші сол жақтағы жарты дөңгелекшені, одан кейін оң жақтағы жарты дөңгелекті саламыз». Бұл әріп үзіліспен жазылады.

Мынадай қателер кетуі мүмкін:

Жарты дөңгелекше дұрыс салынбаған;

Жарты сопақшаның арасынан қашықтық сақталынбаған.

33. Һ дыбысының жазылу емлесі.

Һ дыбысының біріншіэлементі тік сызық, ал екінші элементі г әріпі сияқты таңбаланады. Бір үзіліспен жазылады.

34. Ц, ц әріпінің жазылу емлесі.

Мұғалім ц әрібі қай әріпке ұқсайтынын сұрайды. И әрібінен қандай айырмашылығы бар? Ц әрібі и әрібі сияқты жазылады, бірақ оның имекшесі бар. Имекшесі у әрібінің имекшесі сияқты жазылады, бірақ кішілеу келеді.

Мынадай қателер кетуі мүмкін:



Имекті қалай жазу керектігін қайта қараймыз.

35. Ч, ч әріпінің жазылу емлесі.

Мұғалім әріпті жаза отырып түсіндіреді: « әріпті үстіңгі сызықтан сәл төмен жерлден бастаймыз. Жоғарыға апарып, кішкене имек жасап сәл төмен түсіреміз де жоғарыға қарай қосатын штрих жасап қолымызды алмай өзімізге қарай ілмекшесі бар сызық сызамыз».

Үлкен Ч әрібін жазғанда мұғалім балалардан бұл әріптің бірінші элементі неге ұқсайды деп сұрайды. ( Үлкен У әрібін, ал екінші элементі имекшесі бар сызық) Бұл әріптерден кететін қате де немес оны түзеу де бір.

36. Ш, ш әріптің жазылу емлесі. Ш әрібін жазған жеңіл болады, себебі оқушылар и әрібін жазған. Мұғалім тақтаға әріпті жаза отырып, оның қалай жазғанын айта отырады. « Ш әрібін и әрібі сияқты бастаймыз. Екінші элементін жазғаннан кейін сызықты жоғарыға көтеріп қосып тұратын штрих салып ілмегі бар сызық сызамыз. Ш әрібінде екі бірдей элемент бар. Ш әрібі басқа элементтермен байланысқан кезде қателер кетуі мүмкін:

Элементті тастап кету;

Бұл жерде бірдей элементтерді санап алу қажет.

Үлкен ш әрібі де, үлкен И әріпке ұқсас жазылады. Айырмашылығы элементтер санында ғана.

37. Щ, щ әріптердің жазылу емлесі.

Бұл әріпті ц әрібінен салыстыра өтеміз. Яғни, оның айырмашылығы бір элемент артық. КЕздесетін қателер мен оны түзеу ш, ц әріптер сияқты.

38. Ъ әрібінің жазылу емлесі.

Бұл әріпті жазу қиын емес. Әріпті түсіндіргенде қандай әріптермен ұқсайтынын сұраймыз. Ч әрібі сияқты жаза бастаймыз, ал аяқталғанда жіңішкелік белгісі сияқты аяқтаймыз. Келесі әріптерен немесе алдыңғы әріптермен байланысу қайталау қажет.

39. Ы, ы әріптердің жазылу емлесі.

Ы әріпі жазылу қиындық тудырады. Мұғалім былай түсіндіреді: « әріпті жұмыс жолының жоғарғы сызығынан бастап, өзімізге қарай төменгі сызыққа сәл жеткізбей дөңгелек жасаймыз. Дөңгелекті әріптің ортасына дейін апарып, кішкене имек жасаймыз, бірақ ол имек жазылған жерге тимеу керек. Одан кейін сызықты жоғары қарай қозғалтып дәптерден қолымызды алмай жұмыс жолының жоғарғы сызығынан жазамыз».

Мынадай қателер кетуі мүмкін:

Бұл қателер имекті дұрыс салмағаннан кетеді. Қатені түзеу үшін мұғалім тағы да түсіндіреді немесе имекті нүктелер арқылы көрсетіп үстінен бастырады.

Мәселен былай түзеуге болады:

Мұғалім: - Сіздердің кейбіреулеріңіз әріпті дұрыс жазбапты ( тақтаға көрсетеді )

Бұл жердегі қатесі неде? Неге кейбіреулеріңіз олай жазасыңдар? Сіздер дөңгелекті жасағансыздар, бірақ имекті ұмытып кетіпсіздер. Олай болса, қайта жазып көрейік.

Оқушылар 3 – 5 әріп жазады. Сонымен қатар мынадай қателер кетеді: Неге былай жазғансыздар?

Имек пен қоса дөңгелегі дұрыс жазылмаған. Қайтадан жазып көрейік деп, бір жолдың соңына дейін әріптерді жазады.

40. Кіші және үлкен І әріптің жазылу емлесі.

Үлкен және кіші і әріпі бір үзіліспен жазылады. Үлкен І әріпі имекшесі бар сызық, тек оның жоғарғы жағында кішкене сызықшасы бар. Бірінші элементі жазып біткен соң, жоғарғы жағына нүкте қоямыз. Ал, кіші і әріпін орындау тіпті оңай. Бұл әріп қай әріптерде элемент ретінде кездесетінін сұраймыз. Осыдан кейін әріпті жазамыз. І әріпінде қате өте сирек кездеседі. Сондықтан қате кеткен жағдайда оқушымен жеке жұмыс жасаймыз.

41. Ф, ф әріптің жазылу емлесі.

Бұл әріптің формасы күрделі.Сондықтан оны жазуда қателер кетеді. Әріп үзіліссіз жазылады.



Алдыңғы немесе келесі әріптермен үзіліссіз байланысады.

Жазудағы қателер:

Формасының бұзылуы; екінші элемент ----- жазылған;

Алдыңғы немесе келесі әріппен байланысу қайталанады. Үлкен Ф әрібі бір үзіліспен жазылады.



Әріпті үзіліссіз жазуға болады. Бірақ қиындау келеді.

Мынадай қателер кетуі мүмкін:

42. Ю, ю әріптің жазылу емлесі.

Ю әрібі үзіліссіз жазылады немес келесі әріппен үзіліссіз баланысады.Әріпті бастағанда н әріпі сияқты бастаймыз. Екінші бөлігіне әріпі сияқты саламыз. Екінші элементі әртүрлі жазылады. Ол келесі элементімен байланысуына байланысты.

Үлкен Ю әріпі де біріншісі н әрібі сияқты, ал екінші сопақша. Үлкен Ю әрібінің келесі әріппен тек төмен жағынан ғана үзіліссіз болады.

43. Э, э әріптің жазылу емлесі.

Келесі әріптермен үзіліссіз байланысады. Ортасындағы элемент бөлек жазылады.



Әріпті жазғанда оның формасына, аяқ жағының қайырылуына назар аудару керек.

44. Я, я әріптің жазылу емлесі.



1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет