Диплом жұмысы Тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы»



жүктеу 0.81 Mb.
бет1/5
Дата18.04.2016
өлшемі0.81 Mb.
түріДиплом
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақстан Халықтар Достығы университеті

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты
Кафедрасы География

«050116- География» мамандығы

Диплом жұмысы

Тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық

географиялық проблемалары және болашағы»
Ғылыми жетекшісі: Орындаған:

г.-м. ғ. к., доцент 116 – 41 тобының студенті

Турсункулов Э. Т. Мырзабаев Шүкір

---------------------- ______________

« » 2008


Норма бақылау: Қорғауға жіберілді:

ТО меңгерушісі Кафедра меңгерушісі

________ Н.Д.Каменских Елюбаев С. _______


«___»_________2008ж «____»_________2008ж

Шымкент 2008


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ........................................................................................ 3

  1. ТАРАУ. . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

1. Оңтүстік Қазақстан облысына физикалық- географиялық

сипаттама .................................................................................

1.1.1.ОҚО-ң территориясының физикалық географиясы, орны, және шекаралары сипаттамсы. ............................................................6



1.1.2. облыстың жер бедері.............................................................................9

1.1.3 Оңтүстіктің территориясының геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалар............ .........................................................16

1.1.4 оқо территориясының климаты және агроклиматологиялық жағдайлары..............................................................................22

1.1.5. ОҚО территориясының ішкі сулары, топырағы өсімдік жамылғысы

және жануарлар әлемі...............................................................26



2 –ТАРАУ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

2. ОҚО–ң экономикалық ерекшеліктері проблемалары және болашағы..........................................................................36

.2.1 ОҚО–ң экономикалық географиялық орны, әкімшілік территориялық бөлінуі..............................................................38

2.2 ОҚО – ң тұрғындар географиясы................................................40

2.3 ОҚО-ң қалалары........................................................................44

2.4 ОҚО-ң өнеркәсібі.......................................................................49

2.5 ОҚО-ң Көлік кешені. .................................................................57

2.6 ОҚО –ң ауыл шаруашылығы......................................................59

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................71

Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысының халық шаруашылығына сипаттама дайындау жұмыстың мақсаты болып саналады. Нарықтық экономика кезінде Қазақстан Республикасінің негізгі әкімшілік бөлінуі болған әр бір облысқа, оның даму перспективаларына талдау жасау жұмыстың міндеттеріне жатады. Әр бір облыстың өзінше ерекшелігі, өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын құрылымы басқаша болғандықтан оның даму ерекшелігі, жоспарлары тек бір облысқа арналған болады. Оның даму перспективалары өз территориясының табиғат ресурстары, жағдайлары мен байланысты болып оны талдау жұмыстың актуалдығы болып есептелінеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы- кең-байтақ қазақ жерінің тарихы терең, құнарлы да құйқалы, өзгеше өңірі. Қаратау мен Алатаудың баурайынан миллиондаған жылдар бұрынғы адамзаттың мекені болған орындар табылып, ғылыми негізде дәлелденуі,сондай-ақ ежелгі түркі қағанаттары тұсында қалалардын жан-жақты өркендеп, өзіндік өркениет орталықтары ретінде танылғаны талай-талай жәйіттерді аңғартады. Бұған баршаға белгілі тарихи тұрақтар, тастағы таңбалар мен жазбалар, Исфиджаб (Сайрам), Отырар, Сығанақ, Сауран, Иасы (Түркістан), Созақ, Шымкент, Құлан сияқты шаһарлар, кейінгі кездердегі қазбалар нәтижесінде анықталып жатқан қорғандар мен кенттердің қалдықтары дәлел. Әлі де небір құпияларын бүгіп, жұмбақтарын жасырып жатқан орындар қаншама.

Облыс аумағының табиғаты мен жер жағдайы да ерекше. Биік-биік таулар мен жосылып жатқан жоталар, жазық далалар мен шөлейтті құмдар тоғысып, тоғайласып, өзіндік өрнек құрайды. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, Қаратау сілемдерін көлденең жатып ағатын өзендердің құрылымынан осынау тау жоталарының көтерілуі 350-400 мың жыл бұрынғы тектоникалық кезеңде басталғаны дәлелденген.

Ұлы Жібек жолының негізгі күре-тамырларымен қатар көне кенттерге, Алатау мен Қаратаудың асулары мен бел-белестеріне, Сырдария мен Шудың және Арыстың ұзына бойларына, Қызылқұмның түпкір-түпкіріне таралып жатқан тараулары мен бұтақтары тіпті де көп. Көне қалаларымыздың бірі Түркістанның 1500жылдығы ЮНЕСКО аясында аталып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, «Он бес ғасырлық тарихы бар бұл қаланың мерейтойы – тек Түркістанның ғана емес, Қазақстан Республикасының, бүкіл түркі тілдес халықтардың да мерейін үстем ететін игілікті шара. Ендігі мақсат –Түркістан қаласын Орталық Азиядағы аса маңызды мәдени, рухани, ғылыми және сауда-эканомикалық орталық ретінде одан әрі абаттандыра беру болып табылады», -деде.

Облыс орталығы Шымкент қаласы-Қазақстандағы инфрақұрылымы дамыған, өнеркәсіптік және ғылыми-мәдени жағынан алғанда да аса айшықты шаһарлардың бірі. Қасиетті Қазығұрт тауының баурайынан басталатын жазықта қанатын кеңге жайған қаламыз халқының саны жағынан республикамызда үшінші орын алады. Шымкентте 600 мыңнан астам адам тұрады. Ал «Қаратау тәжі» атанған Кентау, тоғыз жолдың торабы делінетін Арыс, сондай-ақ Сарағаш, Шардара, Жетісай, Ленгер қалаларының да өзіндік ерекшеліктері аз емес. Мәселен, Мақтаарал, Сарағаш, Сайрам сияқты аудандардың әрқайсысында 230-250мыңнан аса халық тұрады.

ОҚО Тянь-Шань тауының батыс сілемдері мен Тұран ойпатының шығысын ала 117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналасқан. Оның солтүстік бөлігін Бетпақдала шөлі, оңтүстік қиыр шетін Мырзашөл қуаң даласы алып жатыр. Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағына орналасқан. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Әкімшілік орталығы- Шымкент қаласы. Облыста 11 селолық аудан мен 4 қалалық әкімшілік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13жұмысшы поселкесі, 933селолық және ауылдық елді мекен бар.

Оңтүстік Қазақстан обылсының айтарлықтай өндірістік-эканомикалық мүмкіндіктері бар. Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті еңбек ресурстары құрайды.

Уран қоры жөнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфариттер мен темір рудасы бойынша-үшінші орын алады.

Жалпы, қатты пайдалы қазбалардың баланстық қоры мен болжама ресурстары бойынша облыстағы жер қойнауының байлығы 240 млрд. АҚШ долларына тең деп бағаланады. Оның ішінде: бокситтер, темір рудасы, уран, қорғасын мен мырыш, көмір жөнінен.

Барланған кен орындары мен геологиялық барлау құрылыстарын игеру, болжамдық ресурстарды өнеркәсіптік санаттарға өткізу және оларды кеиінгі өндірістік игеру үшін шамамен 2.0млрд.АҚШ доллары қажет.

Алғашқы кезекте мынадай кен орындары игерілуге тиіс,

-Шу-Сарысу және Сырдария ойпаттарыдағы уран кен орындары (Жалпақ және Мыңқұдық),

-Күмісті кен ауданындағы алтын кен орны,

-Жабағылыдағы ванадий кен орны,

-Өгем жотасындағы қорғасын, мырыш, вольфрам кен орны,

-Придарожный мен Орталықтағы көмірсутектер кен орны,

Облыс мақта, тері шикізаттары, өсімдік майы, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін, жүзім, бау-бақша, макарон, темекі, сыра және басқа алкагольсіз сусындарды басқа жерлерге жеткізіп апарады.

Сонымен бірге, облыста қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, күкірт қышқылы, шйфер, автотрактор шиналары, эксковаторлар, трансформаторлар, майлы ажыратқыштар, шұлық-ұйық тігін бұйымдары, жиһаз шығармалары.

Облыс екі бағытта жалпы ұзындығы 445км темір жолдар, ұзындығы 5,3мың км. Автомовиль жолдары, оның ішінде қатты жабыны балы 5,1мың км жол бар. Азаматтық овиация ұзындығы 27мың км ауа белдеулерінде жұмыс істейді. Облыс орталығы халқаралық Орынбор-Ташкент және Түркістан-Сібір магистральдарының тоғысында орналасқан. Сонымен қатар облыс аумағы

арқылы Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара автомагистральдары өтіп жатыр.

Диплом жұмысын жазуда Республика баспаханаларында басып шығарылған арнайы ғылыми әммебап әдебиеттер, газеталар және ҚСРО кезінде шығарылған әдебиеттерден пайдаланылды. Экономикасының салаларын жазуда облыстық статистикалық басқарманың материалдарында пайдаланылды.

Диплом жұмысы үш негізгі тараудан: кіріспе, негізгі бөлім, қорытындынан құралған. Екінші негізгі бөлім тараушаларға, олар бөлімшелерге бөлінген. Жұмыс пайдаланылған әдебиеттер, суреттер тізімдерімен толықтырылған.





  1. ТАРАУ


Оңтүстік Қазақстан облысына физикалық- географиялық сипаттама
1.1 ОҚО-ң территориясының физикалық географиясы, орны, және шекаралары сипаттамсы.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 1932 ж. 10 наурызда құрылған, республиканың оңтүстігінде, Сырдария алабында орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың км2, бұл Қазақстан аумағының 4,3% бөлігін құрайды. Халқының саны 2,17 млн. (1.7.2004). Терістігінде Қарағанды, батысында Қызылорда, шығысында Жамбыл облыстарымен, ал түстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. облыста 11 аудан, 8 қала, 13 кент және 932 ауылдық елді мекен бар. Облыс аумағы 171 ауылдық округтерге және 13 кенттік округтерге бөлінген. Орталығы — Шымкент қаласы.

Республикада қолайлы табиғи жағдайларымен ерекшеленетін, қысы қатал, жазы салқын Түлкібас пен түгін тартса майы шығатын Жетісайдың, жайма шуақ Түркістанның арасында ежелде өмір сүрген өркениетті ел болғандығын дәлелдейтін археологиялық қазба орындар мол. Жақпар тастарда, қыш кітаптарда қалған таңбалар оңтүстік өлке тарихының сырлы белгісі іспетті.

Облыстың айтарлықтай өндірістік - экономикалық мүмкіндіктері бар. Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті еңбек ресурстары құрайды.

Уран қоры жөнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфориттер мен темір рудасы бойынша — үшінші орын алады.

Облыс мақта, тері шикізаттары, өсімдік майы, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін, жүзім, бау-бақша, макарон, темекі, сыра және басқа да алкогольсіз сусындарды басқа жерлерге жеткізіп отырады.

Сонымен бірге, облыста қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, күкірт қышқылы, шифер, автотрактор шиналары, экскаваторлар, трансформаторлар, майлы ажыратқыштар, шұлық-ұйық, тігін бұйымдары, жиһаз шығарылады.

Облыста екі бағытта жалпы ұзындығы 445 км темір жолдар, ұзындығы 5,3 мың км автомобиль жолдары, оның ішінде қатты жабыны бар 5,1 мың км жол бар. Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың км ауа белдеулерінде жұмыс істейді. Облыс орталығы халықаралық Орынбор — Ташкент және Түркістан — Сібір магистральдарының тоғысында орналасқан. Сонымен қатар, облыс аумағы арқылы Ташкент — Шымкент — Тараз — Алматы және Ташкент — Шымкент — Түркістан — Самара автомагистральдары өтіп жатыр.

Ерте кездердің өзінде Оңтүстік өңірі, оның Отырары мен Түркістаны, Сайрамы мен Шымкенті, тағы басқа қалалары, Қаратауы мен Алатауы, Мырзашөлі мен Қызылқұмы, Созағы мен Қазығұрты, Сырдариясы мен Арысы сияқты таулары, өзен, сулары, жазиралы далалары, берекелі құмдары баршаға мәшһүр болған / 4 /.

Облыстың физикалық картасы



1-сурет


1.2. облыстың жер бедері
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат жағдайлары алуан түрлі, мұнда шөлдер мен шөлейттер, төбелер, тау жоталары мен қыраттар кездеседі. Жер бедері бойынша оны үш ауданға бөлуге болады: таулы, төбелі және жазық дала.

Облыстың таулы ауданы оңтүстігінде Батыс Тянь-Шань жоталарынан, орталығында Қаратаудан, ал оңтүстік-шығысында Талас Алатауының сілемдері болып табылатын Қаржантау және Өгем жоталарынан тұрады.

Өгем жотасы оңтүстік-батыс бағытта 120 км-ге созылып жатыр және кескінінің тегістігімен сипатталады. Оның суайрық жоталары әдетте жазық келеді, көптеген карст шұңқырлары бар. Оңтүстік-батыс бөлігіндегі басты суайрық жотасы солтүстік-шығыс бөлігінде көтеріле отырып, 2800-3200 м. биіктікке жетеді. Жекелеген шыңдарының биіктігі 3700-3800 м. дейін жетеді. Жотаның құрылысы ассиметриялық, ол түгел дерлік ізбестен тұрады. Жотаның солтүстік-батыс баурайлары көлбеу және ұзын келген. Суайрық жоталары тегіс формаларымен ерекшеленеді. Ағын су мұнда бірқатар тар, жартасты, жүру қиын шатқалдар түзген.

Өгем жотасының суайрық басы солтүстік-шығысқа қарай өзінің жазық пішінін жоғалтып, сүйірленген және тілімделген. Жотаның баурайларын Өгем және Піскем өзендерінің көптеген салалары алып жатыр. Бұл салалардың аңғарлары тасты шатқалдар болып келеді.

Қаржантау жотасы Өгем жотасынан батысқа қарай орналасқан. Оның жалпы ұзындығы 80 км-ге жуық.

Жотаның шығыс бөлігін Өгем жотасынан Өгем өзенінің аңғары бөліп жатыр. Батысында Келес өзені орналасқан Келес ойпаты жатыр.

Жотаның басты су айрығы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр, баурайлары тік, қысқа келген, көптеген аңғарлармен бөлінген. Жотаның орташа биіктігі 1700-2000 м. Ең биік нүктесі - Мыңбұлақ тауының биіктігі - 2834 м.

Қаратау жотасы Талас Алатауынан Шоқпас асуы тұсында бөлініп шығып, солтүстік-батысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр. Ол Солтүстік-батыс (Үлкен) Қаратау мен Шығыс (кіші) Қаратауға бөлінеді. Қаратау жүйесіне негізгі жотамен бірге Боралдайтау, Үлкен Ақтау сынды оған қатар орналасқан бірнеше жота кіреді.

Жотаның көлденең қимасының құрылысы ассиметриялық - оңтүстік-батыс баурайы көлбеу, ұзын келген, ал солтүстік-шығысы тік, салыстырмалы қысқа. Оңтүстік-батыс баурай Қарашық, Баялдыр т.б. өзендердің аңғарларымен күшті тілімделген. Жоғары бөлігінде 100-400 м, орта бөлігінде 500-600 м. және етегінде 60-250 м. тереңдікке дейін жетеді. Өзен аралықтарында құрылымдық қырқалардың рельефі тән. Суайрық жоталардың бойында кейде үстірт тәріздес учаскелер кездеседі.

Оңтүстік-Батыс Қаратаудың ізбестен, құмнан, алеврометтен және интрузивтік жыныстардан тұратын солтүстік-шығыс баурайына тар өзен аңғарлары бар тік баурайлар тән, мұнда төбелі учаскелер сирек кездеседі.

Қаратау жотасы солтүстік-батысында біртіндеп төмендеп, жекелеген шоқыларға ауысады және Қызылқұм мен Бетпақдала шөлдерінің шекарасы маңында көрінбей кетеді.

Кіші Қаратау үшін төбесінің жайпақ болып келуі және солтүстік-шығыс баурайының айтарлықтай тілімденуі тән.

Осы сипатталып отырған аумақта байқалатын тектоникалық қозғалыстар таулардың геоморфологиялық құрылысы мен қатпарлы құрылысында өз ізін қалдырған. Жас көтерілулер тау рельефінің әртүрлі сатыларын жасады, ал тау етегі мен тау аралықтарында аккумулятивтік рельеф қалыптасты. Осыған байланысты аумақта рельефтің үш генетикалық типін бөліп көрсетеді: денудациялық — тектоникалық таулар, эрозиялық — денудациялық пласты жазықтар және аккумулятивті жазықтар.

Денудациялық - тектоникалық таулардың рельефі мұздықты – нивальдық биік тау белдеуін, эрозиялық - денудациялық орта тау белдеуін және аридті — денудациялық тау бөктерін біріктіреді.

Мұздықты - нивальдық биік тау белдеуі биіктігі 2500 м. асатын Өгем, Майдантал, Талас жоталарында дамыған. Рельефте мұздық денудацияның және аязды желден мүжілудің іздері бар. Мұнда аспалы мұздықтар мен күртік қар басқан карлар, трог аңғарлары, цирктер, мореналық шөгінділер және адам аяғы жете бермейтін жартасты аңғарлар кең таралған. Трог аңғарларының көбінде ежелгі мұз басудың іздері қалған, тек кейбірінде ғана қазір аңғар мұздықтары кездеседі. Қардың көптігі мен тік баурайлар қар көшкінінің жүруіне себепші болады. Мұнда шұңқырлар мен үңгірлер түрінде ежелгі және қазіргі карстар кездеседі. Шөгінді және опырынды материалдардан аңғарларда түрлі бөгеттер түзіліп, тоғандар пайда болады.

Эрозиялық - денудациялық орта тау белдеуі Қаратау, Талас және Қаржантау жоталарында кездеседі. Рельеф 1800-2500м. биіктікпен сипатталады. Суайрық жоталардың үштары сүйір, дегенмен жайпақтары да кездеседі. Аңғарлардың кескіні Ү-тәріздес, баурайларының тіктігі әртүрлі, олар қиыршық тастармен және қой тастармен көмкерілген. Шұңқыр түріндегі карстар, сайлар кездеседі, олар болуы мүмкін сел ошақтары болып табылады. Көлбеу келген баурайларда эрозияның интенсивтілігі әлсірейді. Орта тау белдеуі рельефінің түзілуі альпі тектогенезімен байланысты.

Аридті денудациялық төменгі тау белдеуі Қаратау тауының негізгі рельефі болып табылады және 700-1500м аралығындағы биіктікпен сипатталады.

Мұндағы рельеф эрозиялық тілімденуімен және беткейдің тегістелу кескіндерімен ерекшеленеді. Суайрық жоталардың тегістелген беткейлерін аңғарлар кесіп өтеді. Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай және Құлан таулары орналасқан. Мұндағы суайрық жоталар шошақ келген, ал жекелеген шыңдар үшкір пішінді. Тау аңғарлары тар, жартасты ал олардың ұзына бойы кескіні сатылы келген. Баурайлардың жартасты сипаты мен карст құбылысының дамығандығы тау жасаушы ізбестердің кең таралуымен анықталады. Төменгі тау белдеуінің рельефі тектоникалық және одан кейінгі денудациялық-эрозиялық процестердің өзара әрекет тесуімен түзілген.

Эрозиялық - денудациялық пласттық жазықтар Қаратау жотасының оңтүстік-батыс баурайының бойында таралған. Толқын тәріздес жер бедері мезозой және кайназой шөгінділерін сайлар мен аңғарлардың тілімденуі нәтижесінде пайда болған. Мұнда мезозой және кайназой дәуірлерінде опырынды материал жинақталған. Кейіннен тектоникалық қозғалыстардың нэтижесінде тау жыныстары көлбеу қатпарлы құрылымдарға айналған. Осыған байланысты рельеф солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылған қысқа тау тізбектерімен сипатталады. Литологиясы жағынан әртүлрлі жыныстардың эрозиялық мүжілуі рельефтің төбелі және үстелді -тау жұрнақты типін анықтады. Рельефтің осы типі жыралық эрозия процестерінің әлсіз байқалуымен сипатталады.

Аккумулятивтік жазықтардың рельефі екі түрлі - пролювиальдық еңіс және аллювиальдық террасаланған жазықтар.

Пролювиальдық еңіс жазықтар Талас Алатауының солтүстік баурайларын, Қаратаудың оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс баурайларын және Қаржантау жотасының солтүстік баурайларын түзген. Олардың биіктігі 300-800м аралығында ауытқиды. Тау етегінде бірқатар көтеріңкі учаскелер түзілген, бұл жазықтарға әлсіз толқынды сипат береді. Эрозиялық аңғарлар кең таралған, олар әлсіз байқалатын террасаланған кертпелер түзеді. Көбінесе жас эрозиялық ойықтар ежелгі кең аңғарларға сұғынып жатады. Аңғарлардың ойығының тереңдігі тау етегінде 20-30м жетеді, ал таудан алыстаған сайын біртіндеп азайып, тегістеліп кетеді.

Еңіс жазықтардың рельефі тектоникалық, денудациялық және негізінен, аккумулятивтік процестердің өзара әрекеттесуінен қалыптасқан.

Аллювиальдық террасаланған жазықтар Ақсу, Арыс және т.б. өзендердің бойында кездеседі. Жазықтардың түзілуі өзендердің аккумулятивтік әрекетіне байланысты. Жазықтардың беті террасалармен бұрырланған. Төрт терраса бөліп көрсетіледі: өзен жайылмасы және жоғары жайылма, екінші және үшінші жайылма үстіндегі террасалар.

Жайылма (жоғары жайылмамен бірге) барлық өзендердің бойында кездеседі. Олардың ені 0-600м аралығында ауытқиды. Жайылма өзен бастауларында қиыршықты - малта тасты шөгінділерден құралған, бұл шөгінділер өзеннің орта ағысында қиыршықты – құмды және саздақты құрылымға ауысады. Өзен сағасына қарай құмды-саздақты құрылымдар басым болады.

Бірінші жайылым үстіндегі террасаның ені 0,2-ден 2-4 км-ге дейін өзгереді және жайылмадан 0,6 - 2,5 метрлік кемермен бөлініп тұрады. Террасаның беті тегіс болады, тек өзен жаққа қарай болмашы ғана еңіс келеді.

Екінші жайылма үстіндегі террасаның су бетінен биіктігі 5-10 метрдей болады. Оның беті тегіс, террасаның ені 0,5-2 км-ден 15-20 км-ге дейін ауытқиды.

Үшінші жайылма үстіндегі терраса кең таралған. Оның беті лай тәріздес саздақ топырақтан тұрады, жыралармен тілімденген. Жыралар ойығының тереңдігі 10-30 м-ге жетеді, ал террасаның биіктігі 5-7 - ден 20 - 40 м-ге дейін өзгереді. Террасаның ені кейде 20 км-ге дейін жетеді.

Аймақты геологиялық құрылысының күрделілігі бойынша аудандастыру қарастырылып отырған аумақта үш негізгі геологиялық – құрылымдық элементті бөліп көрсетуге болады: денудациялық, пласттық және аккумулятивтік жазықтар.

Денудациялық – тектоникалық тарауларға Талас Алатауы, Өгем, Майдантал, Қаржантау, Жабағылы, Үлкен және Кіші Қаратау сияқты бірқатар тау жоталары жатады.

Өгем мен Майдантал жоталары – биіктігі 4000м асатын таулар. Мұнда аспалы мұздықтары бар Карлар, Трог аңғарлары, цирктер, мореналар, тік жартасты аңғарлар кең тараған.

Қаржантау жотасының ұзындығы қысқа ғана - 50 км-ге жуық, биіктігі 1800-2000м суайрық жоталарының пішіні негізінен жұмыр, жазықтан 900-1000м биіктікте көтеріліп тұрады.

Жабағылы тауы солтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр. Тау биіктігі 4000 м-ден асады. Ең биік нүктесі - Ақсукент шыңы (4027 м.)5 оның солтүстік баурайында мұздық бар. Таудың оңтүстік және солтүстік екі тармағы бар.

Үлкен және Кіші Қаратау жоталарының ұзындығы - 420 км, биіктігі 1500-1800 м, орта және аласа тауларға жатады. Ең биік нүктесі - Бессаз тауы (2176 м.). Баурайлары ассиметриялы, солтүстік-шығыс баурайы тік, жартасты, оңтүстік-батыс баурайы көлбеу және өзендері мен жылғалар көп шығады. Терең өзен аңғарлары жота баурайларын жекелеген өзен аралық массивтерге бөледі.

Өзен аңғарлары каньон тәріздес. Рельеф макро-пішіндері оны жасаушы жыныстардың литологиясымен байланысты: суайрық кеңістіктер ізбестерден тұрады, төбелі рельеф аргиллиттер ауданында дамыған. Эрозиялфқ-денудациялық - пласттық Қаратау жотасының оңтүстік-батысында таралған. Бұл толқынды рельефтің кей жердегі биіктігі 50 м-ге дейін жетеді.

Аккумулятивтік жазықтардың рельефі екі түрмен - пролювиальдық еңіс жазықпен және аллювиальдық жазықпен берілген. Ақсудың төменгі ағысы және Арыс сияқты ірі өзендердің бойында таралған. Пролювиальдық еңіс жазықтар Талас Алатауының солтүстік баурайларында және Қаратаудың оңтүстік-батыс баурайында кездеседі / 11,12 / .
1.3. Оңтүстіктің территориясының геологиялық құрылысы

және пайдалы қазбалар
Оңтүстік Қазақстан облысының жазықтық аймағы Тұран плитасының құрамына кіреді.

Жазық өңірі негізінен мезокойнозой шөгінді жыныстары мен /құм, тас, құмдар, илевролиттер, саз - балшықтар жамылғычсы таулы бөлігі төменгі протерозой - палеозойлық жыныстардан /конгломераттар, құм тастар, мәрмәрлер, ізбесті тастар доломиттер, граниттер, габбро, липариттер ж.т.б. мезокойнезой шөгінділерімен жамылған.

Ақсу, Сайрам өзендерірінің алабтарында, тау етектерінде бор дәуірінде жыныстары таралған. Батыс Тянь-Шань, Қаратау тау етектерінде ерте бор дәуірінде қызыл-сарғыш саз - балшықтар құмтастар алевролиттер таралған.

Бор дәуірінде климат құрғақ, аридті болған. Мұның өзі қызыл түстегі жыныстардың кең тарағанын көрсетеді. Төменгі жағы құмды саздармен, жоғарғы қабаты конгломераттармен және басқа шөгінді тау жыныстарымен құралған. Қалыңдығы 1500м –ге дейін жептеді.

Қаратау және Талас Алатауында кембрий, ардовик, дервон, карбон дәуірлерінің тау жыныстары таралған. Қаратау етектерінде полеген дәуірінің жыныстары құмды – сазды болып келеді.

Аумақты геологиялық - геоморфологиялық құрылысының күрделілігі бойынша аудандастыру. Қарастырып отырған аумақта үш негізгі геологиялық-құрылымдық элементті бөліп көрсетуге болады: денудациялық, пластық және аккумулятивтік жазықтар.

Денудациялық-тектоникалық тарауларға Талас Алатауы, Өгем, Майдантал, Қаржантау, Жабағылы, Үлкен және Кіші Қаратау сияқты бірқатар тау жоталары жатады.

Өгем мен Майдантал жоталары - биіктігі 4000 м. асатын таулар. Мұнда аспалы мұздықтары бар карлар, трог аңғарлары, цирктер, мореналар, тік жартасты аңғарлар кең тараған.

Қаржантау жотасының ұзындығы қысқа ғана - 50 км-ге жуық, биіктігі 1800-2000 м., суайрық жоталарының пішіні негізінен жұмыр, жазықтан 900-1000 м. биіктікте көтеріліп тұрады.

Жабағылы тауы солтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр. Тау биіктігі 4000 м-ден асады. Ең биік нүктесі – Сайрам шыңы (4027 м.), оның солтүстік баурайында мұздық бар. Таудың оңтүстік және солтүстік екі тармағы бар.

Аумақтың геологиялық құрылысына шығу тегімен жасы әртүрлі жыныстар кешені - протереозойдан төрттік дәуірге дейінгі шөгінділер қатысқан.

Қарастырылып отырған аумақ литологофацияльдық және стратиграфогенетикалық жыныстар құрылымдық-тектоникалық жағдайының күрделілігімен ерекшеленеді.



: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


  1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет