Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды



жүктеу 0.74 Mb.
бет1/4
Дата02.05.2016
өлшемі0.74 Mb.
  1   2   3   4


Мазмұны

Кіріспе. ............................................................................................................ 5



  1. ҚР Атқарушы билік ұғымымен түсінігі. .................................................. 7

    1. ҚР Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің қағидалары. .............................................................................................. 7

    2. Қазақстан Республикасының үкіметі – атқарушы биліктің жоғары органы. ..................................................................................................... 23

  2. Үкіметтің құрылуы және құрылуы және құрамы. ................................. 32

2.1 Үкіметтің құзыреті және үкіметтің қызметін ұйымдастыру. .............. 34

2.2 Үкіметтің түрлі әлеуметтік саладағы қызметтері. ............................... 39



  1. Үкіметтің мемлекеттік басқа да органдармен қатынасы. .................... 45

Қорытынды. ................................................................................................... 58

Қолданылған әдебиеттер. ............................................................................. 60

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының Атқарушы билік органдары» болып табылады.

Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.

Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен қарқынмен өзгеруде, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуірі, күн өткен сайын күш алып барады. Соған сәйкес жаңа яғни бұрын сирек кездесетін қылмыстар орын алуда. Бірақ қылмыстың аты-қылмыс болғандықтан бұл жерде қоғамға қауіптілік немесе құқыққа қайшылық бар. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, әлемде орнын нақтылауда. Қазақстан құқықтық мемлекет құру жолында.

Атқарушы билік органдары – мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге асыратын негізгі субьект. Онсыз мемлекеттік – басқарушылық қызметті іс жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқыктық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет аясында шындыққа айналады.

Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір дәрежеде ұйымы деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын түрін жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса да адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді. Кең мағынада ол осындай бастауыш ұйымдардың жиынтығын білдіреді.

Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату алынған. Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді /мысалы, партия/.

Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және, соңында, мемлекеттік органдар енлзіледі. Бұл кәсіпорындар мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынаған салды. Кәсіпорындар мен мекемелердің ішінде басқару сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес, оның басшылары, яғный әкімшілігі жүзеге асырады.

Атқарушы билік органдарының мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері тек мемлекеттік-басқарушылық қызмет мақсаттарына ғана пайдаланылады. Бұл органдар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді /олардың ішінде өздерінің актілерін де/ орындау үшін құрылады.

Атқарушы билік органдары өзінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Бұл - мемлекеттік - басқарушылық кызметтің негізгі базасы заң екендігін білдіреді оның субъектілері осы мемлекеттік органдар болып табылады.

1 Қазақстан Республикасының Атқарушы билік ұғымымен түсінгі

1.1 Қазақстан Республикасының Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің қағидалары
Атқарушы билік органдары – мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге асыратын негізгі субьект. Онсыз мемлекеттік – басқарушылық қызметті іс жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқыктық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет аясында шындыққа айналады.

Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір дәрежеде ұйымы деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын түрін жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса да адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді. Кең мағынада ол осындай бастауыш ұйымдардың жиынтығын білдіреді.

Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату алынған. Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді /мысалы, партия/.

Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және, соңында, мемлекеттік органдар енлзіледі. Бұл кәсіпорындар мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынаған салды. Олар өзінің қызметін, оларды құратын мемлекеттің атынан, бірақ қандай да болмасын биліктік өкілеттіктерсіз және өзінен сыртқары қандай болса да басқару функцияларын атқармай, жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелердің ішінде басқару сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес, оның басшылары, яғный әкімшілігі жүзеге асырады.

Бұл келтірілген жағдайлар отқарушы билік органдарының ерекшелігін түсіну үшін қажет. Олар мемлекеттік ұйымдардын жүйесінде ерекше орын алады, ол өзінің тікелей көрінісін мыналардан табады.

Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот биліктері органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың бөлек буыны болып табылады. Бұл, біріншіден, олардың мемлекет атынан тікелей өкілдік ететінін, шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси өмірдің әр түрлі салаларында оның саясатын жүзеге асыратынын білдіреді және, екіншіден, оларға мемлекет бұл үшін қажетті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктердің белгілі бір көлемін береді, бұлардың кәсіпорындар мен мекемелерде болуы мүмкін емес.

Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні олардың:

а/ мемлекет атынан ұйымдастыру бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға арналатын заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілер шығару;

ә/ құқықтық актілермен белгіленген талаптар мен ережелердің сақталуына мемлекет атынан байқап отыруды /қадағалауды/ жүзеге асыру;

б/ заңды түрде міндетті болатын актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және оларды бұзушылықтан өзінің сипаты бойынша мемлекеттік иландыру, түсіндіру, мадақтау т.с.с. шараларды, ал қажет болған жағдайларда-мемлекеттік /әкімшілік/ мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қорғау құқығынан көрініс табады.

Атқарушы билік органдарының мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері тек мемлекеттік-басқарушылық қызмет мақсаттарына ғана пайдаланылады. Бұл органдар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді /олардың ішінде өздерінің актілерін де/ орындау үшін құрылады.

Атқарушы билік органдары өзінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Бұл - мемлекеттік - басқарушылық кызметтің негізгі базасы заң екендігін білдіреді оның субъектілері осы мемлекеттік органдар болып табылады.

Республиканың да, сондай-ақ аймақтың да деңгейлерін – де болатын атқарушы билік органдары мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрады. Осы жүйенің шегінде оның әрбір буынының яғный нақты атқарушы билік органының қажетті қолма-қолдық дербестігі болады. Ол өзінің көрінісін, сол сияқты осы органға тиісті өкілеттіктердің көлемі мен тапсырылған іс үшін оның жауапкершілігінің шарасында оның құзыретінен /міндеттері, функциялары, өкілеттіктері, жауапкершілігі/ табады. Бұл органдардың құзыретінің негіздері жарым-жартылай Конституцияда және заңнамалық актілерде бекітіледі.

Азаматтық құқық қабілеттілік атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесінің белгісі болып табылмайды. Оларды сипаттау үшін Заңды тұлғаның санатын жалпы алуға болмайды, өйткені олардың жүзеге асыратын мемлекеттік-басқарушылық қызметінің сипатын да, сондай-ақ оларға тиісті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктердің ерекшелігін де білдіруге қабілетсіз.

Атқарушы билік органдары адамдардың белгілі бір ұжымы әкімшілік-басқарушылық персоналдың қызметкерлері немесе мемлекеттік қызметшілер /штаттар/. Ұжымның шеңберінде белгілі бір ұйымдық-құқықтық байланыстар жасалынады, функционалдық міндеттер мен құқықтар бөлінеді, сондай-ақ тапсырылған жұмыстың бөлігі үшін жауапкершілік айқындалады. Бұл мемлекеттік-қызметтік қатынастар, өйткені осы органның қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.

Атқарушы билік органдарының ұйымдастыру құрылымы, яғный бағынышты құрылымдық бөлшектер құруын болжайтын ішкі құрылысы болады /мысалы, министрліктердің департаменттері/. Олардың қызметі осы атқарушы билік органының өзінің сыртқары, яғный тікелей мемлекеттік басқару аясында міндетін тиімді орындауға қабілетті болу үшін қажет ішкі ұйымдастырудың /өзін-өзі ұйымдастырудың/ көрінісі болып табылады.

Атқарушы биліктің әрбір органының мемлекеттік-басқарушылық қызметінің белгілі бір аумақтық немесе қызметтік /мәселелік/ көлемі болады. Біріншісі осы органның жүзеге асыратын өкілеттіктерінің не Қазақстанның бүкіл аумағында, не белгілі бір аймақта күші болатынын білдіреді. Екіншісі не жалпы басқарушылық функцияларды /мысалы, Үкімет/, не белгіленген қызмет аяларында арнаулы сипаты бар белгілі бір басқару функцияларын жүзеге асыруды болжайды. Олардың қатарында реттеу, рұқсат беру, бақылау және өкім ету функциялары. Бірақ олар да әртүрлі аумақтық көлемде жүзеге асырылуы мүмкін.

Сонымен, атқарушы билік органы деп мемлекеттік-биліктік механизмінің /мемлекеттік аппараттың/ мынадай буыны түсініледі, билікті болу принципіне сәйкес мемлекет оған қоғамның шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси өмірінің әр түрлі облыстарында атқарушы-өкім етуші қызметін іс жүзінде жүзеге асыруды тапсырады.

Принциптер — бұл атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің аса маңызды саяси-құқықтық және ұйымдастыру-құқықтық негіздері.

1. Заңдылық мемлекеттік-басқарушылық қызметтің заңға тәуелсіздігі-нен, сондай-ақ Конституция мен заңдардың жоғары тұратындығынан туындайды /Конституцияның 3,4 - баптары/. Атқарушы билік органдары заңнама талаптарын қатал сақтауға, оларға тапсырылған қызмет аяларында оны қамтамасыз етуге міндетті.

2. Мемлекеттік-басқарушылық қызмет объектілерінің ерекшеліктерің ескеру принципі. Мұның маңыздылығы мемлекеттік объектілермен қатар көптегсн мемлекеттік емес құрылымдардың, жеке меншік институттарының, әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің пайда болуымен, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының одан әрі кеңейе түсуімен байланысты.

Осыған сәйкес басқарушылық ықпал етудің әр түрлі әдістерін таңдау, тікелей басқару құралдарын шектеу, мемлекеттік реттеу /үйлестіру/ құралдарын кеңірек пайдалану, жалпы мемлекеттік және аймақтық мүдделерді, орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру қажеттілігі пайда болады.

3. Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінде алқалық пен дара басшылықты дұрыс үйлестіру мемлекеттік-басқарушылық қызметтің негізгі мәселелерін шешкен кезде ұжымдық пікірді ескеруді қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен атқарушы биліктің тиісті органдарының жанынан құрылатын әр түрлі консультативтік, үйлестірушілік, ақылдасатын кеңестер, комис сиялар кеңінен өріс алуда. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда /мысалы, министрліктерде/ алқалар құрылады.

Сонымен бірге, дара басшылық атқарушы-өкім ету сипаты бар қызмет үшін қажет тиісті тәртіпті қамтамасыз етудің, сондай-ақ дара басшының басшылығымен жауапты басқару режимін әр орнатудың құралы болып табылады.

4. Жоғарыдағы принциптен келесі - тұтастай атқарушы билік оргадарының және әрбір мемлекеттік қызметшінің оларға тапсырылған жұмыс бөлігі үшін жауапкершілін туындайды. Бұл принцип атқарушы билік органдары туралы ережелерде, "Мемлекеттік қызмет туралы 1999 ж, 23-шілдедегі заңда, тәртіп туралы жарғыларда және лауазымдық нұсқауларда бекітіледі.

5. Атқарушы билік органдары жұмысының жариялылық принципі өзінің жұмысының аса маңызды нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жария етуді, жалпы жұртқа хабарлап жеткізуді болжайды.

Атқарушы билік органдары өз қызметінің мазмұны және нақтылы бағыты бойынша ажыратылады. Оларды төмендегідей түрлі топтарға болуге болады.

1. Қызметінің аумақтық көлемі бойынша атқарушы билік орган дарының екі деңгейін бөлуге болады: республикалық және жергілікті. Бұл белгі унитарлық мемлекеттік құрылыспен және Қазақстан Республикасын әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлу мен байланысты. Қазақстанның бүкіл аумағына Үкіметтің, республика министрліктерінің және өзге де республикалық атқарушы билік органдарының қызметі таратылады. Жергілікті: облыстардың, аудандардың, қалалардың, ауылдардың /селолардың/, кенттердің атқарушы билік органдары өзінің қызметін тиісті аумақтың шеңберінде жүзеге асырады.

Республикалық атқарушы билік органдары жергілікті жерлерде өздерінің аумақтық органдарын /басқармалар, департаменттер және т.б. құра алады, бірақ олар жергілікті атқару органдары жүйесіне кірмейді. Мұның сыртында, кейбір республикалық атқарушы билік органдарының аумақ аралық органдары болады. Олардың қызметі бірнеше аумақтарды қамтиды /мысалы, темір жол, әскери округтар және т.б./.

2. Ұйымдастыру - құқықтық нысандары бойынша, бұл ең алдымен олардың аттарынан көрініс табады. Республика деңгейінде мыналар ажыратылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі, министрліктері, агенттіктері, комитеттері, ұлттық комиссиялары, өзге де атқарушы билік органдары.

Жергілікті жерлерде мұндай нысандарға өкімдер, әкімдіктер, комитеттер, басқармалар, департаменттер, бөлімдер және өзге де органдар жатады.

3. Атқарушы билік органдары құзіретінің сипатына байланысты мыналарға бөлінеді:

а/ жалпы құзіретті, яғный мемлекеттік-басқарушылық қызметтің барлық немесе көпшілік бөлшектеріне таратылатын функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдарға. Бұлар аса маңызды органдар: Үкімет, өкімдер, әкімдіктер;

ә/ саламық құзіретті, яғный өздеріне тапсырылған басқару салаларының немесе қызмет аяларының шеңберінде функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдарға /мысалы, денсаулық сақтауды, ішкі істерді т.с.с/. Бұлар, әдетте, министрліктер, жергілікті атқарушы органдар.

б/ салааралық құзіретті, яғный барлық немесе бірнеше салалық жүйелерге жалпы бірдей болатын олардың қарастылығына жатқызылған арнаулы мәселелер бойынша функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдарға /мысалы, стандартизаңиялау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша т.с.с/. Бұлар министрліктер де, агенттіктер де, ведомствалар да және т.б. болуы мүмкін.

Бұлардың арасынан кейде салалық және салааралық құзіретті органдар белгілерін қамтитын арнаулы және аралас құзіретті органдарды бөледі. Мұндай құзірет көпшілігінде әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы республикалық орталық атқарушы билік органдарына тәнді.

4. Өз ведомствосына қарасты мәселалерді шешу тәртібі бойынша мыналар ажыратылады:

а/ алқалы органдар, оларда құзіретінің негізгі мәселелері осы орган мүшелерінің көпшілік даусымен шешіледі /мысалы, Үкімет, әкімдіктер алқалы болып табылады/;

б/ дара басшылық органдары, оларды негізгі мәселелерді шешу өкілеттіктері басшының қолына шоғырландырылған /барлық қалған органдар, мысалы, министрліктер/.

Қолданылып жүрген 1995 ж. Конституция бойынша Прзидент ресми түрде атқарушы биліктің басшысы болмаса да, шындығында оның бұл аядағы рөлі өте зор.

Конституцияның 44 б. 3-т. сәйкес ол Парламенттің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен оның орын басарларын және министрлерді қызметке тағайындайды әрі қызметтерінен босатады; Президенттің құзыретіне республика министрліктерін және басқа да Үкімет құру, мына кірмейтін орталық атқарушы билік органдарын құру тарату жатқызылған; Республикалық атқарушы билік органдарының жүйесі де Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Президенттің жарлықтарымен бекітіледі. Қазіргі кезде ол "Атқарушы өкіметтің орталық органдарының жүйесін ретке келтіру туралы Президенттің 1993 ж. 9 маусымдағы жарлығымен айқындалады.

Президент ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етуге, Үкіметтің отставкаға кетуі туралы шешім қабылдауға құқылы.

Президент Үкіметтің және облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдері актілерінің күшін жоюға немесе тоқтата тұруға құқылы. Оның жарлықтарымен атқарушы биліктің қызметі мен механизмінің көптеген маңызды жақтары регламенттелінеді.

Мемлекеттік билік — бұл мемлекеттік-құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субъектілердің ерік-жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларын басқару жүзеге асырылады. Билік мемлекеттік буындар жүйесі арқылы көрінеді. Олар әралуан. Мемлекет органы дегеніміз — белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, ол бірыңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Оған мынадай белгілер тән: біріншіден, орган мемлекет орнатқан тәртіпте құрылады; екіншіден, органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін жүзеге асыруы үшін уәкілеттік береді; бұл орайда ол жекелеген қызметті де, қызметтер жиынтығын да (мысалы, Парламент) орындауы мүмкін; үшіншіден, органға мемлекеттік билік берілген. Ол басқа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара алады және өздері шығарған актілердін орындалуын қамтамасыз етеді; төртіншіден, мемлекет органдары үшін белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етулері тиіс. Мысалы, сот төрелігі органдары үшін азаматтық және қылмыстық істерді қараудың белгілі бір тәртібі белгіленген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметті іске асыру нысаны бойынша — өкілді, атқарушы, сот, прокуратура және өзге де бақылаушы-қадағалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негізделген; дәрежесіне қарай — орталық және жергілікті болып жіктеледі, өкілеттіктің мерзімі бойынша — тұрақты (қызмет мерзімі шектелмей құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады); құзыретін жүзеге асыру тәртібі бойынша — алқалы (Парламент) және дара (Президент) басшылық; қызметінің құқылық нысаны бойынша — құқық шығарушы, құқық қолданушы және құқық қорғаушы; құзыретінің сипатына қарай — жалпы (Үкімет) және арнаулы (министрліктер) органдар болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет етуін айқындаушы негізгі қағидат билікті бөлу теориясы болып табылады, ол билікті органдар және лауазымды адамдар, әлеуметтік топтар, мекемелер немесе жекелеген адамдар тарапынан қиянат болмауы үшін амалдар жасайды. Бұл орайда олардын әрқайсысы дербес әрі бірін-бірі тежеуші әрі тепе-теңдік жүйесі бола отырып, өз қызметтерін органдардың айрықша жүйесі және ерекшелікті нысандар арқылы жүзеге асырады.

Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі (аса маңызды қағидаттың бірі) — онда әлдебір билікті, басқа органның әрекетін белгілі бір дәрежеде шектеуге мүмкіндік берілуі, мемлекеттің әлдебір тұтқасының билікті өз қолына шоғырландыруын болдырмауы көзделінген. Билікті бөлу қағидаты Конституцияның Президент (III бөлім), Парламент (IV бөлім), Үкімет (V бөлім) және соттар (VI бөлім) мәртебелерін белгілейтін нормаларда іске асырылып нақтыланған. Бұл қағидаттардың мазмұны олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуын білдіреді. Мысалы, Парламентке берілген заң қабылдау айрықша қызметі Президенттің заңдарды қайтару құқығымен үйлестірілген. Президентке заңдарға қайшы келмейтін жарлықтар шығару құқығы берілген. Ал, Үкіметке Конституция, заңдар және Президенттің нормативтік жарлықтары негізінде және соларды орындау үшін қаулылар шығару құқығы берілген. Сонымен бірге Президентке Конституцияға сәйкес халықаралық шарттар жасасу құқығы берілген (44-баптың 11-тармағы), алайда оларды Парламент бекітуі (54-баптың 7-тармағы) тиіс.

Сот билігінің де құқықты шектеуші амалдары бар. ол Конституцияда, заңдарда кінәсіздік, қорғану құқығы, азаматтардың заң, сот алдында теңдігі, жариялылық, судьядан бас тарту және т.б. қағидаттарға негізделген. Сөйтіп, биліктің бірде-бір тармағы бүкіл мемлекеттік билікті тұтастай өзі иемденіп кете алмайды.

Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.



Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. (40-бап).

Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс.

Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді аткаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.

Қазақстан Республикасының Парламенті — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан — Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы — Мәжіліс жалпыға бірдей, тен және төте сайлау құқығы негізіңде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы — Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады (51-бап).



Қазақстан Республикасының Үкіметі — атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Оны Қазақстан Республикасының Президенті құрады.

Сот билігін — сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді (75-бап).

Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандайда болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судьяның қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінін құрамына кірумен сыйыспайды.

Мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нақ Президент билік тармақтарының әрқайсысының қызметіне белсене араласады.

  1   2   3   4


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет