Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ»



жүктеу 0.85 Mb.
бет3/5
Дата02.05.2016
өлшемі0.85 Mb.
1   2   3   4   5
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!

Тұлға, тарих, алып, халық, жас, жасыл, үрпақ, бақ, еңбек, өткен, адал, шатыр, бала, жылы, жаңбыр, қарт, адам, жақсы. Бұл жұмыстың мақсаты - сөз тіркестерінің басыңқы, бағыныңқы сыңарларын бір-бірінен ажырату.

Міндеті - екі сөзді байланыстыру аркылы сөз тіркесін құрау. Нәтижесі:

  • мағыналық байланыстың болуы шарт екеніне көздерін жеткізді;

  • екі сөз тіркестіру арқылы сөз тіркесін жасады;

  • ойлау қабілеттерін дамытты;

  • басыңқы, бағыныңқы компонетке сұрақ қоюды үйренді.

2-жаттығу. Сөз тіркестері, тұрақты тіркестерді және күрделі сөздерді бөлек-бөлек топтап жазыңдар.

Туған жер, ардақты кісі, қой ауызынан шөп алмас, жылқы мінезді, көркем дүние, мәдениет сарайы, мектепке арнау, ауыл

жастары, ит тұмсығы өтпейтін, қара торы, қабырғаңмен кеңес, озат

оқушы, таза үй, кілем, бозторғай.

Мақсаты - сөз тіркестерін өзіне ұқсас тілдік тұлғалардан ажырата білу.

Міндеті - лексика және морфология салалрынан алған білімдерін

пайдалана білу, оны жүзеге асыру.



Нәтижесі:

  • сөз тіркесінің басты, негізгі қасиеттерінің нақтылыды,
    анықтады;

  • оған іс жүзінде көздерін жеткізді;

  • тіл білімінің басты салаларынан алған білім білік дағдыларын
    пайдалануға тырысты;

  • күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің сөз тіркесінің бір
    компонентінің қызметін ғана атқаратына көздерін жеткізді;

  • таным деңгейі өсті.

3-жаттығу. Мына кестедегі сөз тіркесі мен тіркесті салыстырып, олардың айырмашылыгын айтыңдар. сөз тіркесіне 3 сөйлем, тұрақты тіркесіне 3 сөйлем ойлап жазыңдар.

Сөз тіркесі

Тұрақты тіркес

Таза дәптер, таза киім, әдемі киім, әдепті кісі, баланың ісі

Жүрек жүтқан (батыр), қоян жүрек (қорқақ), тіс жармау (үндемеу)

Мақсаты - сөз тіркесі мен тұрақты тіркесті салыстыра отырып бір-

бірінен ажырату.



Міндеті - сөз тіркесі жөнінде алған білімдерін практикалық жүзінде

пайдалану, оның негізгі қасиеттеріне баса назар аударту.



Нәтижесі:

  • сөздерді орынды қолданып, сөйлемді дұрыс құрастыру. Ойын
    жеткізе білу іскерлігін дамытты;

  • алған білімдерін практикалық іскерлік дағдыға айналдырды;

  • пәнге қызығуын арттырды.

  • 4-жаттығу. Мына сөз тіркестерінің мағынасын сұрақ қою арқылы ауызша түсіндіріңдер.

Алма ағаш, ағаш ат, алтын жұлдыз, киіз үй, қой қора, көз әйнек, түлкі тымақ, қол сағат, биік үй. Мақсаты - сөз тіркестерінің мағынасын анықтау. Міндеті - сөз тіркестерінің әрбір сыңарына сұрақ қоя білуге үйрету. Нәтижесі:

- басыңқы және бағыныңқы сыңарларына сұрақ қоя білді;



5-жатттығу. Сөз жұптарын оқыңдар. Сөз тіркесінің басыңқы сыңарының қай етістікте тұрганын ауызша айтыңдар, сұрақ қойыңдар. Жұмысқа бару, үйге келу, үйірмеге жазылу, кезекке тұру, беске оқу, суға шолылу, лекцияға дайындалу, тәуелсіздікке жету, сабақтан келу, жол сілтеу, секіріе-секіріп өту, мақтана салу, көзге күлімдеу, үйге келіп түсу, салт барып қайту, үйге келіп түсу. Мақсаты - оқушыларды алған білімді жаңа жағдайда қолдана білуге үйрету.

Міндеті - тұйық етістік сөз тіркесінің басыңқы сыңарының қызметін атқарып тұрғанына назар аударту. Нәтижесі:

  • салааралық байланысытың әдістері қамтылды;

  • тілдік құбылыстарды талдау және олардың практикалық
    қажілеттікке айналдыру шеберліктері жетілді.

Бұл синтетикалық жаттығулардың мақсаты - сөз тіркесіне тән басты қасиеттерді үйрету, осы қасиеттер арқылы оларды өзіне ұқсас тұлғалардан ажырата білуге дағдаландыру, оқушылардың логикалық қабілетін дамыту. Кез-келген тіркестің сөз тіркесі бола алмайтынын саналы түрде меңгерту бағытын да көздеді.

3. Шығармашылық сипаттағы жаттығулар негізінен оқушының шығармашылық ойлау қабілетін артыруға арналды. Мұндағы жаттығулардағы тапсырмалар білгелі тұлғада тұрған сөз тіркестерін құрау, сөз тіркестерінің сөйлем, мәтін құрауда алытын орнын көрсетуге бағытталды.

1-жаттығу. Сөз жұптарын оқыңдар. Олардық бірінші сыңары көмектес септігінде тұрған сөз тіркестеріне 6 сөйлем ойлап жазықдар. Үлгі: Оқушыларға отпен ойнамауға кеңес берілді.



Отпен ойнамау, үйге келу, көзбен көру, қолмен ұстау, қолымнан тапсыру, сызғышпен сызу, бергі түбіне жету, қағазбен орау, бормен жазу, минутпен есептеу, жолмен жүру, бірінші кезекте көтеру, күрекпен қазу.

Мақсаты — окушылардың логикалық ойлауын, түйсіну әрекеттерін жетілдіру.

Міндеті — көмектес септігі арқылы жасалған сөз тіркестерін таба білу. Нәтижесі:

  • тілдік бөлшектердің тіл жүйесіндегі орнын ажыратты;

  • оның маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуіне қажетті
    іскерлік — дағдыларын қалыптастырды.

2-жаттығу. Екі сыңары да зат есімнен болган сөз тіркестерінен сөйлем құрап жазыңдар.

Үлгі: Ағаш күрекпен қар күреп жүрген Маратты, ол алыстан байқап келеді.

1. Күрек, киім, әдемі, үңгір, оқыған, жіп, еріншек, арқан,
бусаған, қалам, кішкене.


2. Аяқ, жер, ағаш, аймақ, ине, өзен, тас, қыз, қыл, бала, кендір.
Мақсаты
- сөз тіркестерінің түрлері сөз таптары негізінде топтасатына
көздерін жеткізу.

Міндеті - ойлау қабілеттерін жетілдіру. Нәтижесі:

  • әрбір сөз табының морфологиялық белгісін ажыратты;

  • зат есімнің ерекшеліктерін қайталап еске түсірді;

  • тілдік талдау жасады.

3-жаттығу. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркестерін құрастырып жазыңдар.

Үлгі: тұнъқ су.

І. Су, самал, тай, қауын, ағаш, дәптер, бала.

2. Асау, тұнық, салқын, биік, тәтті, жас, таза.

Мақсаты - сөз тіркестерін құрату.

Міндеті - сөз тіркесін білу үшін мағыналық байланыстың басты рөл атқаратынын меңгерту, үйрету.

Нәтижесі:

  • дұрыс құралмаған тіркестерді қайта үйлестіріп құрап үйренді;

  • морфологиядан алған білім дағдыларын салааралық байланыста
    қайта жетілдірді;

- шығармашылық қабілеттерін арттырды.
4.жаттығу. мына сөз тіркестерінен бес сөйлем құраңдар.

Жылы жаңбыр, мөлдір бұлақ, ашық аспан, әдемі жазу, қызыл ту, кең өріс.

Мақсаты - сөйлем құрап үйрету, тілін дамыту.

Міндеті - сөз тіркесі мен сөйлемнің арақатынасын ажырата білуді қалыптастыру. Нәтижесі:

  • қиялын дамытты;

  • сөйлемді дұрыс құрастыруға талпынды;

- жеке басына тән интеллектуалды, жалпы және жеке оқу
біліктерін қалыптастырды.

5-жаттығу. Мына тұрақты сөз тіркестерінен сөйлем қүраңдар



Қой аузынан шөп алмас. Ит жанды. Мұзға отырғызып кету. Жұмған аузын ашпау. Көзді ашып жұмғанша. Салы суға кету. Мақсаты - тұрақты тіркестерді сөз тіркесінің бір сыңары ретінде пайдалану.

Міндеті - тұрақты тіркестің жеке өзі сөз тіркесі бола алмайтынын тілдік фактілер ретінде дәлелдеп көрсету.

Нәтижесі:

- тұрақты тіркестердің синонимін тапты;

тұрақты тіркестердің өзіндік ерекшеліктерін анықтады;


  • ойды әсерлі берудегі мәнін түсінді;

  • сөз тіркесі мен тұрақты тіркестердің айырмашылығын саралады;

  • тұрақты тіркестердің синонимдес сөзді бір сөйлемде ауыстырып
    қолданып, олардың әсерлігін салыстырды.

Жоғарыдағы шығармашылық сипаттағы жаттығулардың мақсаты — оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту, кез-келген толық мағыналы сөздер сөз тіркесі бола алмайтынын дәлелдеп көрсету, сөз тіркесі болу үшін мағыналық тіркесімділік болуы шарт екендігіне көздерін жеткізу, тұрақты тіркестердің сөз тіркесі бола алмайтындығын мысалдар арқылы үйрету, сөйлем кұрату арқылы тілдерін дамыту.

Осы жерде сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту мәселесін де айта кеткен жөн тәрізді. Оқушылардың жазба тілін дамытудың бір тармағы - байланыстырып сөйлеу тілін дамытумен байланысты мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету әдістемесі. Бұл салада Т.А.Ладыженская, Ф.Новожелова, Н.Белянкова, В.Мамушина, В.Дзуқев, П.Ивченков, Г.Смағүлова, Н.А.Иппометова, И.А.Шаповалова еңбектерін атауға болады.

Т.А.Ладыженская редакциясын басқарған «Методика развития речи на уроках русского языка» оқу құралында оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту бағытында жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктерінің бірі - мәтінмен жұмыс :касауға үйрету делінген.

Мәтінге тілдік талдау жасау — талдаудың маңызы компоненттерінің бірі. Әдістеме саласында тілдік талдау жасаудың қажеттілігін ең алдымен В.А.Добромыслов айтқан.

Әдәстеме саласында байланыстырып сөйлеуді үйретуге арналған жаттығулар жете қарастырыла қойылған жоқ. Әдетте, мақсатына қарай дайындық, үйрету; өту орынына қарай сыныпта, үйде; ойды жеткізу формасына қарай жазбаша, ауызша; ойлау операциясына қарай аналитикалық, синтетикалық, аналитика - синтетикалық, деп бөлінеді. Т.А.Ладыженская: «Во-первых, упражнения по обучению связной речи должны быть охарактеризованы по их содержательной стороне, упражнения, направленные на овладение умением раскрывает тему высказывания, строить рассуждение, выступает с докладом и т.д.; во вторых, по заданиям, которые программируют усвоения учащимися определенных знаий и спосов деятельности», - дей отыра оңы бес түрін көрсетеді.

Мәтінді құру сөйлемді құрудан, оны әр типтегі, әр түрлі стильдегі, әр түрлі жанрдағы мәтінді қызыға білуге үйретуден басталады. Мазмұндама, шығарма жазу мәтін құраумен тығыз байланысты болғандықтан, оқушылардың осы ұғым туралы теориялық білімі болу



шарт. Осы тұрғыда А.Тагиев өз ғылыми еңбегінде оқушылардың мәтін күрауда көп қате жіберетінін айта келе, бағдарламаға арнайы «Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту» тауаын және «Мәтін теориясы» тақырыбын енгізу қажеттігін айтады. В.Мамушин өзінің докторлык диссертациясында мәтінді құрумен (конструкциялау) байланысты оқушылардың жиі жіберетін қателерінің жүйесін жасаған. Ол шығарма мен мазмұндама жазуда алғаш құрған мәтінді жөндеу долдарын білудің және оның оқушы тілін дамытудағы рөлін айқындап ашып берген.

Осымен байланысты төмендегі мәтіндермен әр түрлі жұмыстар жүргізу сөз тіркесінің грамматикалық ерекшеліктерін, оның синтаксистен алатын орнын аша түсуге және оқушының тілді шығармашылық негізде меңгеруіне мүмкіндік береді.

Білім мазмұнының жаңаруына байланысты оқыту үстінде көзделген басты мақсат - білім берудің ұлттык моделін жасау. Осы бағытта іріктелетін оқу материалы - қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін танытатын тақырыптық мәтіндер. Атап айтқанда, Қазақстан тәуелсіздігіне қатысты мәтіндер, қазақ халқының тарихы, мәдениеті, әдебиеті, өнері, ғылымынан хабардар ететін танымдық, тәрбиелік маңызы бар материалдар қамтылды.

Сөз тіркесін оқытумен байланысты шығармашылык сипаттағы мынадай мәтіндерді жұмысымызда пайдаландық:



Елдік пен ерліктің ерекше ескерткіші

Сонау бастан, о бастан Бір-біріне жарасқан. Жаралы Қара жер, Жаралы Көк аспан. Естеби мен Бумынның Адамзаттан бағы асқан. Төрт бұрышы дүниенің Солармен санасқан.

Бұл - ¥лы Дала төсіндегі осыдан дәл 1450 жыл бұрынғы, яғни 551 жылғы ахуалды архау еткен жырдың сілемі.

2001 жылдың 18 мамырында, еуразия қосқұрлығының қақ
ортасындағы Астана шаьарында, Қазақстан Республикасы атты
тәуелсіз мемлекеттің елордасында қазақ деген халықтың ғана емес,
бүкіл түркі дүниесінің тарихында өзіндік орнын ойып тұрып алатын
орасан оқиға болды десек, ешқандай артық айтуға жатпас. Осы күні
көне түркі заманның үлы ескерткіші Күлтегін жазуының ғылыми
көшірмесі оның заңды мүрагері — Қазақ елінің жер кіндігіне әкеліп
орнатылды. (И.Тасмағамбетов).


Жоғарыдағы мәтінді орындаудағы алға қойған мақсат пен міндет - оқушылардың жүрегіне патриоттық сезім оялату, тәуелсіздіктің біз үшін қымбат екендігін ұғындыру, өзінің еліне, тарихына, тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптаста отырып, мәтіндегі негізгі ойды ашып тұрған сөз тіркестерін таптыру, оларға талдау жасату, осы тіркестерді пайдалана отырып, өздеріне қысқа мәтін құрату.

Нәтижесі:



  • оқушы алдымен мәтінді оқып шыққан соң, оған тілдік
    түсініктеме жасады. Яғни мәтіннің қысқаша мазмұнын айттып
    шықты;

  • түсініксіз сөздердің мағынасын ашып көрсетті;

  • мәтіндегі ойды жеткізуге тірек болып тұрған сөз тіркестерін
    тапты (тәуелсіз мемлекет, қазақ халқы, түркі дүниесі, орасан
    оқиға, үлы ескерткіші, Күлтегін жазуы, ғылыми көшірме, заңды
    мүрагері, қазақ елі).;

  • аталған тіркестерді байланыстыру тәсіліне, қай сөз табынана
    жасалғанына, байланысу формасына талдау жасады;

  • сөз тікесіне үқсас тұлғаларды (бұл жерде атаулық тіркестерді)
    ажырата білуге тырысты.

Жаттығу жұмыстарын жүргізуде, тест арқылы оқушы білімін тексеруде, оқушыларға сапалы білім беруде қолданылатын жұмыстардың бірі - көрнекті құралдарды тиімді қолдана білу. Сөз тіркесін оқытуда көрнекті құралдарды қолданудың тиімді екенін бақылау, оқыту тәжірбиесінже байқалады. Әдістемелік, дидактикалық еңбектерде айтылып жүргендей, көрнекті қолданудың негізгі мақсаты, біріншіден, оқытудың көрнекті принципін жүзеге асыру болса, екіншіден, оқу материалының мазмұнын аша түсуге, окушыдардың грамматиканы, яғни таза тілді қабылдауын, оны практикада қолдана білуін неғұрлым жеңілдетеді. Осы тұрғыда көрнекіліктер кескінделген және техникалық оқу күралдары немесе әкранды дыбыстық деп бөлінеді.

Кескінделген көрнекі құралдарға дианамикалық, грамматикалық кестелер, схема, сурет, үлестірме кесте қағазы, перфоркарта, альбом, бүктеме т.б. жатады.

Әкранды - дыбыстық көрнектіліктерге диапозитив, слайд, кинофильм, диафильм, телехабар, бейнежазба, үнтаспа, фонохрестоматия, компьютер т.б. жатады.

1. Сөз тіркесін оқытумен байланысты ең жиі қолданылатын көрнектіліктің түрі - дианамикалық кестелер, схемалар.



а) Сөз тіркесі мен оған үқсас тұлғаларды игеруге арналған кестелер.




Сөз

Күрделі

Тұрақты

Сөздердің

Атаулы

Атаулық

тіркесі

сөздер

тіркес

салалас

сөилем

тіркестер










қатары







Боз

Бозторғай

Жүрек

Сүлу да

Жаз. Түн.

Опера және

кілем

жолдас-

жүтқан,

сымбатты.

Аспанда

балет

үйге

жора

көзді ашып

қыз бен

жүлдыздар

театры,

келді




жұмғанша

жіпт

жымыңдаиды

қант
















қызылшасы
Бұл көрнекілік құралдың мақсаты - мысалдар арқылы сөз тіркесін өзіне ұқсас тілдік тұлғалармен салыстыра отырып түсіндіру, олардың айырмашыльщтарын анықтау, айқындау. Көру сезімі арқылы окушының есінде сақтап қалуына жәрдемдесу.

ә) Ал екінші кестенің мақсаты - сөз тіркесін топтастырудың түрлерін айқындау, кесте арқылы сабақты бекіту, толықтыру.



Сөз тіркесінің түрлері

Есімді сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесі

Биік ағаш, әдемі қала, отыз бала, ауылдың баласы

Асығып сөйледі, үйге келді, баламен әңгімелесті, сабақтан соң қалды

Нәтижесі:

  • көру сезімі арқылы сөз тіркестерін естерінде қалдырды;

  • морфологиядан алған іскерлік дағдыларын пайдаланды;б) Схема арқылы сөз бен сөздің байланысуын, яғни сөздердің тіркесімділік қасиетін меңгерді.

Бұл схеманың мақсаты - кез-келген толық мағыналы екі сөздің сөз тіркесі бола бермейтіндігін, сөз тіркесі болу үшін, жоғарыдағы қасиетіне қосымша мағыналық байлыныстың болуы шарт екендігін үғындыру.

Асыл

Биік

қол жетпек ^^- арман көп ^^ ОКУ



алдағы

түншен
2. Үлестірмелік кеспе қағаздары оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыландырады. Оның оқу белсенділігін, пәнге деген қызығушылығы арттырады. Үлестірмелі кеспе қағазбен жұмыс оқушының сөз тіркесін жете түсуіне, оның білімін тексеруге кететін уақытты үнемдеуге және олардың білімін тексеріп, жөндеуге (коррекқия) мүмкіндік береді. Үлестірмелі кеспе қағаздардағы тапсырма окушының шығармашылық мәнде, өз бетімен ойланып жұмыс істеуге дағдыландырады және саралап оқыту принципін жүзеге асырады. Атап айтқанда, диалогтық, монологтық сөйлеуді меңгерту, ауызша түсіндіру, ауызша мазмұндау, мәнерлеп оқу, дайын материалдарды талдау, шығарма жаздыру, мәтіндегі негізгі ойды ажырату, бөлім-бөлімге бөлу, ат қою сияқты тапсырма жұмыстары арқылы сөз тіркесін, оның алуан түрлі қыр-сырын ашуда мына тапсырма түрлерін пайдалану тиімді болды.



1-тапсырма. Мәтінді түсіндіріп оқыңдар. Мәтінде не туралы айтылган, жазушы табиғатты қалай суреттеген. Табиғатты суреттеуде қандай сөз тіркестерін пайдаланган, сөз тіркестерін ауызша айтып беріңдер.

Жазықсыз сары биік, көкшіл қоныс, ақ көделі әдемі өлке мүнарлады... үзілмей, қатаймай, бір қалыптап желпи соққан салқын қоңыр жел қандай рахат! Осы жолман құлпыра толқып, су бетіндегі жыбыр қағып, шалқып жатқан ал күрең көде мен селеу далалары... Дала емес - теңіздері қандай! Сол даладан көз алмай, үнсіз телміріп, ұзақ-ұзақ қарайды. (М.Әуезов). Мақсаты - мәтінен сөз тіркесін таба білу.

Міндеті - тілін дамыту, жазушының тіл байлығына назар аударту арқылы, сөз тіркестерін меңгерту. Нәтижесі:

  • әдеби тілдің нормаларымен танысты;

  • ауызекі сөйлеумен көркем әдебиет тілінің айырмашылығын
    түсінді;

туған елдің табиғаты туралы әсер алды;

- тыныс белгілерінің жазушының ойын жеткізуде атқарып тұрған


рөліне назар аударды.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, жазушының қай шыгармасынан үзінді екенін айтыңдар. Мәтіндегі сөз тіркестерін ауызша айтып беріңдер байланысу формаларын, тәсілін айтыңдар.

¥зын бойлы, аршын, ақ сұр жігіт шекпенінің бір жеңін беліне қыстырып, жерден шөп рып алып, алақанына үйкеп жіберді де, аспандағы бурашы шабынып шыға келді. Кеспектей дембел қара жігіт талтаңдай басып қарыс барды. Есік пен төрдей жерге келгенде, аңға шығатын жолбарыстай екуі де арбасты. (Ж.Аймауытов).
Мақсаты - мәтінен сөз тіркесін тауып, байланысу формаларын, жасалу тәсілін анықтау, сын есімнің мәтінде қолданылу мақсатына назар аударту.

Міндеті - әдебиет пәнімен байланыстыра отырып, Жүсіпбек Аймауытовтың творчествосын таныстыру, мәтіндегі сын есімдердің түрлеріне талдау жасату. Нәтижесі:



  • мәтінді түсініп оқып, оны қайтадан ауызша айтып беруге
    тырысты;

  • сөз сөйлеудегі кемшілігін жоюға жаттықты;

  • ойлау қабілетін дамытты;

  • естігені, білгені жайындағы мағлұматтарды еске түсірді;

  • сын есімнің түрлерін қатыстырып, өз айналысындағы бір адамға
    мінездеме беріп, сөзбен портрет жасауға дағдыланды.

Тапсырманың екі түрі берілді. Қалғандары қосымшада қамтылған.

3. Техникалық оқу құралдарын оқу үрдісінде пайдалану оқушылардың оқу белсенділігін арттырып, олардың пәнге деген қызығушылығын дамытады, мұғалімнің еңбегін жеңілдетеді.

Сөз тіркесін, оны өзін ұқсас тұлғалардан ажырата білуде, сөз тіркесінің түрлерін, құрылысын, лексика-грамматикалық сипатын анықтай түсуде магнитафонды (үнтаспа) тиімді қолдануға болады. Сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында мәтінді магнитофон арқылы тыңдатып, одан сөз тіркестерін теріп жазуды көздейтін терме диктанты жүргізілді.

Диалог немесе әр түрлі жағдаятқа берілген мәтіндерді тындау арқылы, сөйлем құрауда сөз тікестерінің тақраып тұрған рөлін анықтау сияқты тапсырмалар орындатылады.

1. Сабақтың тиімділігін артыруда кодоскоптық (эпидоскоп) атқаратын ролі зор. Кодоскоп транспоранттары арқыдлы фотосурет, схема, сурет, грамматикалық кестелерді үлкейтіп көрсетуге болады. Мысалы, оқулықта берілген 22-24-беттегі схеманы, тілдік модельдерді кодоскоп арқылы көрсетуге болады. Сондай-ақ, кодоскопта сөз тіркесін меңгертуде мына жұмыстарды жүргізуге болады:


1. Схема бойынша сөз тіркесін құраңдар.

  1. сын есім - зат есім.

  2. есімдік - зат есім.

  3. сан есім - зат есім.

  4. сын есім - етістік

  5. зат есім - етістік




  1. Кодоскоптан тақтаға сурет түсіріледі. Осы суретке карай
    отырып, сөйлемдер, соның негізінде мәтін құрап, оның ішіндегі сөз
    тіркесінің құрлысына талдау жасалады.

  2. Үнтаспаға жазылған мәтін оқылады, мәтінен сөз тіркестерін
    тапқызып, лексика-грамматикалық мағынасын анықтау тапсырылды.




1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет