Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ»



бет4/5
Дата02.05.2016
өлшемі0.85 Mb.
1   2   3   4   5

Қазақ тілі

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, баү_ ардың. Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардық. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен, тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ көңіліңмен тарта аларсың, сен, тілім.

(М.Жұмабаев).

Осы тәрізді сабақта қолданылған көрнекі құралдар сөз тіркесі туралы алған білімдерін қалыптастыруға көмектеседі. Сапал да терең білім алуға негіз болады.



III. Қазақ тіліндегі сөз тіркестері тілді меңгертудің жоғарғы сатысы. Оны шығармашылық деңгейде қолдана білуге үйретуде мына жұмыстарды жүргізуге болады;

  1. Пікір сайыс (ой толғақ, дебат);

  2. Рөлдік ойындар (симуляқия, драмалық шығармаларды сахналау).
    1. Пікірсайыс - итнерактивті әдістердің жиі қолданылатын

әдістерінің бірі. Бұл әдіс өткен материалды толық, оқушының саналы түрде игеруіне көмектесті. Пікірсайыста қолданылатын сұрақ қою, жауап іздеу, оны өзі құрастыру, өз сөзімен жеткізу, өз ойын білдіруі соған қатысушының ойлау процесін күшейтті, оның сол тақырыпты терең меңгеруіне мүмкіндік берді.

Осымен байланысты диплом жұмысымызға сәйкес «Сөз тіркесі әлемінде» тақырыбында «Есімді тіркестер тобы» және «Етістіктер тіркестер тобы» болып өткен сабақтың алдында оқушыларға пікірсайыстытың болатындығын хабарлай отырып, оларға өз бетінше орындайтын тапсырмалар берілді. Тапсырмалар баяндама жасау, реферат жазу, мақала жазу түрінде жүргізілді. Сабақтың үлгісі қосымша берілді.

2. Ал, рөлдік немесе оқу (грамматикалық) ойындары сабақты қызықты, тартымды өтуіне мүмкіндік берді, оқушының ойлау, шығармашылық қабілетін арттырды. Драмалық әдіс «тілдік матеиалдарды меңгертудегі іске асатын сөйлеу іс- әрекетінің оқу, жазу, тындау және сөйлеу - төрт түрі қолданылады, яғни оқушы тілдік комуникативтік, қарым-қатынас жасау деңгейінде қолдана алды.

Сөз тіркесін меңгерту барысында оқушының сөздік қорын байытып, оның сөйлеу тілін дамытуда мынадай жаттығулар пайдаланылды:



  • өлең, мәтіндер жаттау (олардың ішінде сөз тіркесін тапқызу):

  • әдеби кейіпкер бейнесін жасауда жаттаған өлең, мәтіндерді
    пайдалана білу;

  • мәтіндерді толықтау (көркемдік, композициялық, құрылымдық
    жағы, сөз тіркестерінің құрылысы, т.б.)

Сонымен қарат грамматикалық ойындар, көбіне сөзжұмбак, ребус, сөздік лото, жұмбақтар шешу, жанылтпаштар айту түрінде жүргізіледі. Аталған грамматикалық ойын түрлері сөз тіркесі мәселелеріне құрылып, соны дұрыс шешуге, сапалы түрде түсінуге көмектесті. Мынадай ойын түрлері пайдаланылды:

«Сөз тіркесі эстафетасы» ойынының мақсаты — оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөз тіркесінің байланысу формалары жөніндегі түсініктерін бекіту.

Ойынның шарты. Бір оқушы матасу байланысына мысал айтады да, қолындағы орамалды кестесі оқушыға тастайды. Ол оқушы ары қарай жалғастырып, үшіншісіне береді. Сүрінген оқушы айыбын өтейді. Нәтижесі:

  • рөлдік ойындар белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге деген
    ынтығарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де
    жетектеді;

  • рөлдік ойынның мәні ойын барысында оқушының тілдік
    қатынас жасауға деген талабын ашты;

- қажетті сөздерді дәл тауып айтсам деген ойды да туғызды.
«Қызықты адаммен интервью» ойынының сөз тіркесі туралы

мағлұмат алу мақсатында ойнатылды. Бір оқушы журналисттің рөлін атқарды, екінші бір оқушы белгілі бір маманның рөлін ойнады. Журналист-оқушы тіл маманы-оқушыдан сөз тіркесі туралы өзіне қажетті мағлұматтар алды.



«Сөзді тап» ойыны

Ойын мақсаты: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін үғындыру, олардың сабаққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.

Ойын ережесі: Көлденеңі бес, тігінен сегіз қатар тор көз кесте тақтаға ілінеді. Кестедегі тор көздеріне алғашқы және соңғы дыбыстарын бірдей әріптер жазылады. Оқушылар осы әріптерден соңынан оқыса да, оңынан оқыса да бірдей сөздер ойлап табады.

Ойын ұзақтығы: 5 минут

Ойын кезеңдері: Алғашқы кезеңде мұғалім оқушыларға ойын ережесін түсіндіріп тақтаға кесте іледі. Екінші кезеңде оқушылар берілген тапсырманы орындайды.

Ойынның қатысымдық қызметі: Оқушылар дыбыстарды, сөздерді дұрыс құрауға, сөздердің мағыналарын жете түсінуге дағдыланады.

Ойынның тиімділігі: Оқушылардың дауыссыз дыбыстар туралы түсінігін нығайтады. Олардың ізденімпаздық қабілетін жетілдіреді.

қ










қ

қ










қ

қ










қ

қ










қ

к










к

к










к

к










к

к










к

(жауабы: қызық, қазақ, қалақ, қырық, кесек, кезек, керек, кебек) Оқушылар жоғарыдағы сөздерді дұрыс табу арқылы өздеріне таныс сөздермен де, мағыналары түсініксіз сөздермен де танысады. Бұл ойын оқушының дауыссыз дыбыстардың ерекшелігін тез түсіну, дыбыстардан сөздерді дұрыс құрай білу дағдысын қалыптастырады. Тапсырмадағы жасырылған сөздер оқушыларға таныс болмаса, мұғалім ол сөздердің мағыналарын түсіндіріп, синоним, антоним сөздер арқылы үйретуге болады. Сонымен қатар мұндай ойындар оқушылардың сөздік қорын байытуға, үйренуге, сөздерді дұрыс қолдануға көмектеседі.

Ал, «Өлең шумағын дұрыс оқы» ойынында оқушылар Абай Құнанбаевтың жасырылған өлең шумағын табады. Мұғалім ойын ойнамас бұрын оқушыларға ойын ережесін таныстырып, Абай Құнанбаевтың тағы қандай өлеңдерін білетін айтып беруді талап етеді. Оқушылар Абай Құнанбаевтың кім болғанын, оның «Қыс», «Жазғытұрым» т.б. өлендерін жатқа оқиды. Мұғалім кіріспе бөлімінен кейін тақтаға өлең шумағы жазылған тор көзді іліп қояды.



Ойынның мақсаты: Оқушышрдың дыбыстардан сөз құрау, сөздерден сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Өлең шумағында кездескен дауыссыз дыбыстардың тіркесу жолдарын үйрету.

Ойын ережесі: Окушылар тор көзде жасырылған өлең шумағын дыбыстарды дұрыс тіркеу аркылы өлеңді оқиды. Табылған өлең шумағының мағынасын өз сөзімен айтып береді. Дауыссыз дыбыстарға талдау жасайды.

Ойын ұзақтығы: 15 минут

Ойын кезеңдері: Ойын үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде балалар жасырылған өлең шумағын дыбыстарды дұрыс тіркестіре отырып табады. Бұл шәкірттердің сөздерді дұрыс құрау біліктерін қалыптастырады.

Екінші кезеңде өлең шумағын өз сөздерімен айтып, түсіндіреді. Бұл олардың өз сөздерін дәлелдеп айтуға дағдыландырады.

Үшінші кезеңде олар өлең шумағында кездескен дауыссыз дыбыстарға талдау жасайды. Оқушылар өтілген материалды игереді.



Ойынның қатысымдық қызметі: Балалар дыбыстардан сөз, сөздерден сөйлем құрап үйренеді. Өз ой-пікірлерін дәлелдеуге дағдыланады.

Ойынның тиімділігі: Оқушылардың ойлау қабілетін

жетілдіреді. Олардың сөздік қорын молайтып, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.



А

т

І

К

с

л

л

0

П

н

Р

Р

а

0

м

б

Т

і

п

і

Ң

б

а

^3_

А

г

і

б

а

3

ә

а

Б

і

ш

е

Р

а

Р

п

А

т

д

д

қ

п

н

м

Р

е

У

н

а

Р

е

е

қ

к

н

е

л

е

г

с

А

е

и

с

а

н

е

ә

Л

д

е

.

н

ө




д

А

н

е

с

п

м

Ң

ө

Жауабы: Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар, қалан.

Бұл ойын оқушылардың қазақ тілі дыбыстарын дұрыс игеру дағдыларын жетілдірумен қатар, олардың сөздің қорын дамытады, логикалық ойлауға үйретеді. Оқушылар жасырылған өлең шумағының мағынасын, оның тәрбиелік мәнін жете түсінеді.

Келесі «Қадам бас» ойыны оқушылардың тапқырлығын дамытуға, У дыбысының өзіндік ерекшелігін терең түсінуге негізделеді. Бұл ойын қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарын меңгеріп болғаннан кейін, білімдерін бекіту мақсатында қолданылады.



Ойынның мақсаты: Оқушылар баспалдақ күйінде берілген тор көздегі сөздерді дұрыс табуы қажет. Тор көздің санына қарай табылған сөз толық мағыналы болуы шарт.

Ойын ұзақтығы: 10 минут

Ойынның кезеңдері: Ойынның алғашқы кезеңінде мұғалім оқушыларға ойын ережесін түсіндіріп, у дыбысының өзіндік белгілерін атауды тапсырады. Келесі кезеңде оқушылар тапсырманы орындайды.

Ойынның қатысымдық қызметі: Оқушылар сөздерді дұрыс құрауға үйренеді.

Ойынның тиімділігі: Оқушылардың фонетикалық дағдыларын жетілдіреді.

























У







У










У













У
















У



















У






















У

























У

























У

Жауабы: у, ау, тау, ауру, жырау, атырау, қоңырау, көкшетау, маңғыстау.

Ойын барысында оқушылардың фонетикалық дағдылары жетіліп, сөздік қоры дамыды. 5-сыныпта оқушыларға дыбыс жүйесін меңгертуде бұл ойындардан басқа да көптеген ойындар ойнатылды. Осының әсерінен оқушылар дыбыстардың түрлерін, олардың негізгі ерекшеліктерін жете ұғынды.



Бұл жұмыстардың барлығы да сөз тіркесін тиімді меңгертуге көмектесті. Оқушының сөз тіркесі туралы түсінігі кеңейтті, терең білім алуға жәрдемдесті.

IV. Жаттығу жұмыстармен катар, оқудың тиімділігін аттырудың алғы шарттарының бірі — оқушы білімін жүйелі тексеру. Алған білімді жүйелі тексеріп отыру - оқушының оқу белсенділігін көтеру. Оның оқу матеиалын жетік меңгеруіне, оны тілде, іс-жүзінде қарым-қатынастық бағытта қолдануына мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда оқушының белсенділігін, білімін тексерудің тиімді жолдарының бірі — тест жолы арқылы бақылау. Тест, біріншіден уақытты үнемдейді, екіншіден, сынып оқушыларының білімін аз уақытта толық тексеруге жағдай жасайды. Әрине, тесттің тиімділігі оның оқу материалының мазмүмнын дәл, толық аша алуына және оны түрлендіріліп жүргізілуінде екені сөзсіз.

Тестің әртүрлі жкітелі белгілері бар. Атап айтқанда, тест жүргізудің мақсаты, бақылау түрлері, тапсырманың құрылысы, тест тапсырмаларының мазмұны, орындалуы, жүргізілуі т,б.

Тестілер оқушылардың білімін тексереді және тілді игеру мүмкіншілігін бақылайды, анықтайды.

Проф. Қ.Қадашева: «Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері деп аталатын өзге тілі дәрісхалардағы қазақ тіл такырыбына жазған докторлық дисертақиясында тест түрлерін жетіге бөледі.

Соңғы кезде әдіскер-ғалымдар тестердің мынадай түрлерін саралап көрсетіп жүр:

Бақылаушы тесті бағдарлама бойынша ауызша және жазбаша тапсырмалар арқылы белгілі бір деңгейін анықтайды.

Бұған кіретін тапсырмалар: сөздердің көп мағыналылығы, салықтыру, синонимдік, антонимдік қатарларды табу; артық сөзді табу (Масыла, уақыт, мезгіл, шақ, үнемі) түрінде беріледі. Ал грамматикалық тестілер тапсырмаларды грамматикалық тұлғаларды тануға, өзгертуге, дұрыс қолдануға құрылады.

Анықтаушы тест - сынаушының дайындық деңгейін салықтыру және оны есінде сақтау мен қабылдау мүмкіншілігін анықтауға құрылады.

Аудиклоуз тесті - грамматикалық түрде беріледі. Таспа арқылы тындалған мәнінің ішінен түсіріліп, жазылмаған сөздерді, әріптерді, сөз тіркестерін тиісті орынға қойып, толтырып жазуға арналған.

Аудитест тестісі - естігенін қабылдауға арналған. 2-3 тыңдап түсінгенін жазбаша жазып береді.

Диагностикалық тест - бұрынғы алған білімінің сапасын анықтайды, қандай нәтижеге жеткенін тексереді.

Үйретуші тест - Оқу материалдарын тегіс қамтитын тапсырмалардан тұрады.


1 .Мын сөздерден сөз тіркестерін табыңдар. а). Жүрек жұтқан; ә). әдепті бала б). хат пен дәптер

2. Сөз тіркесі мен тұрақты тіркестің айырмашылығы бар ма?


а). бар

ә). жоқ б). мүмкін

3. Мына сөз тіркестерінің бірінші сыңары қай септікте тұр?

Биіктен түсу, мұғалімнен сұрау, қиыннан қорықпау, жаманнан

жирену, жақсыдан үйрену, лекциядан қалмау. а). барыс септік ә). шығыс септік б). жатыс септік

4. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің жалғаулар арқылы


байланысуын қандай байланыс деп атайды?

а). синтетикалық ә). фонетикалық б). лексикалық

5. Сөз тіркесін құрауда ерекше рөл атқаратын қай жалғаулар?
а). септік жалғаулары

ә). сөз табы б). сын есім д) қабысу

6. Мына сөз тіркестерінің бірінші сыңары қай септікте тұр?
Жолмен жүру, балтамен жару, көзбен көру, қолмен ұстау,
кезекпен сөйлеу, инемен тігу.

а). барыс септік ә). шығыс септік б). көмектес септік

7. Мына сөз тіркестерінің бірінші сыңары қай септікте тұр? Суда
жүзу, есте сақтау, жолда кездесу, далада жүру, үйде отыру, күзетте
отыру.

а). барыс септік ә). жатыс септік б). ілік септік

8.Мына сөз тіркестері қай сөз табынан жасалып тұр? Қол сағат, көз әйнек, түлкі тымақ, қой қора, киіз үй, жез шәугім, қыш қүмыра. а). зат есім ә). сын есім б). үстеу

9. Есімді сөз тіркесін табыңыз?


а). сүрте сал

ә). жазып қой

б). болып тұр

д). Жиырма екі бала

10. Етістікті сөз тіркесін табыңыз?
а). көктем шықты

ә). оның дәптері б). үйге келді д). әсем дала

Сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың сөз тіркесі синтаксисі туралы алған білім деңгейін анықтау, тексеру мақсатында алған тестілерді әлементтерін пайдалана отырып, тестілер үш түрлі нүсқада жүргізілді:

1. Жалпы сөз тіркесі туралы алған білімдерін қай деңгейде


игенгендерін білу;

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет