Дипломдық ЖҮмыс тақырыбы: Адвокаттың қылмыстық іс жүргізуге қорғаушы ретінде қатысу мәселелерін жетілдіру



бет1/11
Дата18.04.2016
өлшемі2.23 Mb.
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазақтұтынушылародағы Қарағанды экономикалық университеті

т. ғ. к.:_______Б. Тауасаров

«____»__________2006г.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҮМЫС

Тақырыбы: Адвокаттың қылмыстық іс

жүргізуге қорғаушы ретінде қатысу

мәселелерін жетілдіру

Студент: Алибеков Н. А. Тобы:Ю-51 (ш)(қаз) Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы: Рысбаев М. Е.



Қарағанды 2006 ж.

МАЗМҮНЫ

КІРІСПЕ 4

ІТАРАУ.ҚАЗАҚСТАНДААДВОКАТУРАНЫҢДАМУЫ 6

1.1. Адвокатура және оның міндеттері 6

1.2. Адвокаттық қызметті реттейтің заңдар 15

2 ТАРАУ. АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРШЩ ҚҰҚЫҚТЫҚ 23 МӘРТЕБЕСІ



2.1. Қазақстан Республикасындағы адвокат 23

2.2. Адвокаттар алқасы мүшелелерінің құқықтары мен міндеттері 35



3 ТАРАУ. АДВОКАТТЬЩ ҚЫЛМЫСТЫҚ 1С ЖҮРПЗУГЕ ҚОРҒАУШЫ

РЕТШДЕ ҚАТЫСУ МӘСЕЛЕЛЕРШ ЖЕТЩЩРУ 44

3.1. Адвокаттың қылмыстық іс жүргізуге адвокаттық

қызметтің бір түрі ретінде қатысуы 44

3.2. Қорғаушының процессуалдық жағдайы, қүқықтары мен міндеттері 56

ҚОРЫТЫНДЫ 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65

4

КІРІСПЕ

Конституциялық кепілдіктерді толық жүзеге асыру ушін құқық қорғау органдары жұмысының нышаны мен тәсілдерін демократия ағымына икемдеу, болашақ заңгерлерді оқыту мен тәрбиелеудің сапасын көтеру қажет. Мемлекеттік органдардың азаматтардың құқықтары мен бостаңдықтарын сақтауы жэне қорғауы белгілі бір дэрежеде азаматтар мен үйымдарға кәсіби заң көмегін көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалар қызметінің негізгі принциптерін анықтайтын адвокатура сияқты қоғами-қүқықтық институтпен де тығыз байланысты.

Бүл дипломның мақсаты - адвокатураның мәні мен мақсаттары жэне 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи түрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың қүкықтары мен міндеттері туралы. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, қылмыстық істерде корғаушы, азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.

Дипломға адвокаттық қызметті реттейтің қолданыстағы заңнама мен жоғарыда тізбеленген мәселелер бойынша жетекші қазақстандық жэне ресейлік ғалымдардың жарияланымдағылары мүмкіндік берді.

Адамды, оның өмірін, қүқықтары мен бостандықтары жоғары қүндылық деп жариялаған 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясы талаптарына сәйкес 1997 ж. 5-желтоқсаңда Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" Заңы қабылданды. Осы заң адвокатура институтының рөлін айтарлыктай көтерді, азаматтар мен ұйымдардың қүқықтарын жэне заңды мүдделерін корғауға жэрдемдесті, сол аркылы жалпы заңдылықтың сақталу мен нығаюына ықпал етті. Сонымен қатар, бүл жаңа заң демократиялық, қүқықтық мемлекетті қүру және нарықты экономиканың тереңдеу жағдайында адвокатураның ұйымдастырылуы мен кызметін реттеуге орайластырылды.

Осы заңга сэйкес адвокаттар алқасы эртүрлі тәсілдермен кез келген қол сүғушылык пен тәртіп бүзушылықтан азаматтар қүқығын қорғау жөніндегі міңдеттерді, атап айтқанда, қылмыстық жэне азаматтық істер бойынша білікті заң көмегін көрсету, үйымдар тапсырысымен сотта өкілдік ету, заң түрғысынан акыл-кеңес беру, азаматтық істердің сот талқысына айыпкердің, талапкердің жэне іске қатысушы басқа түлганың өкілі ретінде қатысу жэне де басқадай заң көмегін көрсету арқылы жүзеге асырады.

Адвокаттар алқасының және оның мүшелерінің жүмысымен соттардың, прокурорлардың, тергеушілердің қызметі тығыз байланыста. Азаматтар мен үйымдардың қүқығын қорғау айтарлықтай дэрежде солардың іс-эрекетіне байланысты. Қүқық қорғау оргаңдары жүйесінде жүмыс істейтін кейбір лауазым иелері адвокатураның маңызын бағаламайды, ал кейбір жағдайларда адвокатура, адвокаттық қызмет жэне заң көмегін көрсету тэртібі туралы түсініктері шамалы болып келеді. Нәтижесінде, адвокатура туралы қауқарсыз

қосалқы қоғамдық-құқықтық институт сияқты құкықтық менсінбеушілік қалыптасады. Адвокатура қызметінің міндеттері мен қызметі туралы қажетті білімнің жоқтығы, түптің түбінде, зандылық пен құқық тэртібін нығайтуға септігін тигізбейді, осы тұлғалар мен адвокаттар арасыңда жанжалдың шығуына алып келуі, азаматтар мен қоғам үшін жағымсыз салдарды. тудыруы мүмкін.

Адвокаттың қызметі қолданыстағы заңнаманың теориясы мен тәжірибесін терең білуге негізделуге тиіс. Осыған байланысты кәсіби адвокаттық қызмет азаіматтық және қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, кылмыстық, экімшілік құқық сияқты пэндер мен соттағы дәлелдеу теориясын және таға басқаларды жетік және дәйекті игеруді талап етеді.

6 1 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА АДВОКАТУРАНЬЩ ДАМУЫ

1.1. Адвокатура және оның міндеттері

Кеңестік саяси жүйе орныққанан кейін адвокатура ай тарлықтай өзгеріске үшырады. 1864-жылға реформа бойынша құрылған присяжнойлық және жеке адвокатураның қызметі олар жаңа социалистік мемлекетті құру принципіне қайшы болғандықтан, Кеңес үкіметінің алғашқы декреттерімен жойылды. Адвокатура біртіндеп кеңестік сот төрелігіндеі қосымша қызмет атқара бастады. Қорғау институтын үйымдастыру мен сотка қатысушылардың қатысуына көзқарас талай рет өзгерді. Бір нысанды жоққа шығара, ал екіншісін еңгізе отыра, кеңестік заңнама тоталитарлық режим талаптары мен нығайту мақсаттарына жауап беретін қорғаушылар қызметінің үжымдық нысанын орнықтыра бастады.

Солай болса да, азаматтык істер, қылмыстық істер мен өкілдік бойынша қорғаудың жаңа үйымының көп жыл бойы ізденуі нәтижесінде адвокатура дамуын жалғастырды. Белгілі практикалық және теориялық тәжірибе жинақталды. Адвокаттық қызметтің жаңа нысандары пайда болды, оның күқықтық нормативтық базасы және т.б. нығайды. КСРО ыдырап, жаңа тәуілсіз мемлекеттер күрылғаннан кеңестік кезенде жинақталған жақсы тәжірибе үлттық адвокатуралар қызметіне негіз болып қаланды.

Кеңестік дәуірдегі адвокатураның үйымдық нысаны сондай-ақ мемлекет тарапынан оған деген көзқарас бойынша революцияға дейінгі адвокатурамен көптеген ортақ түстарының болғаңдығын атап өткен жөн. "Екі адвокатура да жергілікті деңгейде үйымдастырылды, оларда орталық аппарат пен идеялық түғырнама болған жоқ, соның салдарынан олар патшалықтың немесе Кеңес өкіметі саясатының жетегінде кете беретін. Екі адвокатура да өз әрекеттері үшін Әділет министрлігінің кырағы қадағалауына, судьялардың немкүрайлы қарауына, өздерінің сотқа дейінгі сатыдағы ролінің төмендеуіне мойынсынуға тиіс болды. Қос адвокатура да өз күқықтары мен міндеттерін анықтауда бәрібір мемлекетке тәуелді болды".

РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің (СНК) 1917 жылғы 24-қарашадағы N1 сот туралы декретімен присяжной және жеке адвокатура институты таратылды. "Алдын ала тергеу сатысында жіберілетін айытаушылар мен қорғаушылар ролін азаматтық қүқықтарды пайдаланатын, кінәраттары жоқ барлық азаматтар мен азаматшалар аткара алады. Алайда, азаматтардың қүқығын қорғауға тиіс арнайы орган Декретпен қүрылған жоқ".

1918-жылғы 7-науырыздағы N2 сот туралы Бүкілодақтык Орталық Аткару Комитетінің (ВЦИК) декретімен жүмысшы, солдат, шаруа және казак депутаттары Кеңестері жанынан қоғамдық айыптаушы, қоғамқық қорғаушы ретінде қүкықтық делдал болғысы келген түлғалар алқасының қүрылуы қарастырылды. Бүл алкаға жоғарыда аталған Кеңесдар сайлайтын және кері шақыратын түлғалар керді. Тек осы түлғалардың ғана сотта еңбегін төлету арқылы сөз сөйлеу қүкығы болды. Қүқыктық арашашылар алқасынан сот әрбір іе үшін қоғамдық айыптаушыны шақыра алатан. Егер айыпталушы қандай да



сесЦбпен қорғаушы шақырудағы өз құқығын пайдаланбаса, сот, оның өтініші "°%шша, құқықтық арашашылар алқасынан оған қорғаушы тағайындады. Аті'лған айышаушы мен қорғаушыдан басқа сот жарыссөзіне сот отырысына қа'Мсуши тұлғалар қатарынан бір айыптаушы және бір қорғаушы қатыса ^Іын. [13, 124 6]

Кеңестік сот ісінің қүрылуы құқықтық арашашылар қызметше өзгеріс ӘКсЧді. Айыптау мен қорғау міңдеттері уақыт өте айқынырак ажыратылды, қ¥Ніқтық арашашылар алқасы мүшелерінің жалақысы туралы мәселені реттеу КӨі/!елді, сотта қорғауға жіберілген тұлғалар шеңбері тарылып, артынша жо'*ылды, яғни бұл міндетті занда аталған тұлғалар ғана атқарды.

1918 жылғы 30-қарашадаға халық соты туралы ережемен айыпталушыға Heiv,ece азаматтық процеске қатысатын талаптар мүдделеріне қатысты істегі 1''|ык, жәй-жапсарды барынша толық қамту. үшін сотқа жәрдемдесуге ж\"чысшы және шаруа депутаттары Кеңестері уездік атқару комитетерінің жа,,Мнан (уездік қаланы қоса алғанда) және жүмысшы және шаруа депутаттары Keiu,CTepj губерниялық атқару комитетерінің жанынан қорғаушылар, аШ|чтаушылар және азаматтық процестегі тараптар өкілдерінің алқасы қ¥1'*.глуға тиіс болды.

Алқа мүшелерін жүмысшы және шаруа депутаттары Кеңестерінің атқару коі\,Итетер- J918 жылғы 10-шілдедегі РСФСР Конституциясы 64-бабының тал,,чтарЬШ қанағаттанЬІратын түлғалар күрамынан Кеңес Республикасының оаІ"»ық лауазымды түлғалары үшін ортақ негізде сайлады.

Алқа мүшелері Кеңес Республикасының лауазьшды түлғалары сияқты одь,ет халық коммиссариаты сметасы бойынша халық соттары үшін ,('ленген көлемде жалақы алды.

Қаралатын қылмыстык іс бойынша айыптаушының өтінішімен К°һ пушыны процеске алға халық заседателімен қатысуға тарту міндетті °0н,ы. Қалған қылмыстық істерде қорғаушыны жіберу туралы мәселені өкі,, ,цк немесе сот отырысында сот анықтады.

Қорғаушылар алқасының үйымдастырылуын жақсарту жөніндегі 01Р'чгар шаралаларға қарамастан, соңғысының қызметі өзіне жаңа мемлекет қоп,чн талашарға жауап бере алмады. Сондықтан 1920 жылғы 21-қазандағы хал, ,к С0ТЬІ Туралы Ереже қорғаушылар алқасын таратта және сот қорғауының жаіі,, НЬІсанын белгіледі. Сот органдарымен қорғаушы ретінде осы міндетті атк"і'уға қабілетті азаматтар тартылды (олар негізінен кеңес өкіметіне берілген неі\і.., жақтаған адамдар еді), бүл үшін аудандық, қалалық, және уездік атқару ком,, reTepj Эділет халық коммиссариаты нүсқаулығында белгіленген тәртіппен еРе/ <і[е тізімдер жасады.

Қорғаушы міндетін атқара алатын азаматтар 1920- жылғы 23-қарашадағы С0І''« айыптау мен қорғауды үйымдастыру туралы Нүсқаулыққа сәйкес жа<""іынған тізімге енгізілді. Қорғаушы міндетін атқаруға тартылған түлғалар қьіі, ,ет атқаратьш барлық мекемелер оларды кызметтен қажет мерзімге 00с,,,уға міндетті болды. Олардың жүмыс орны бойышна сот отырысына қаі,','.-қан уақыты үшін жалақысы сақталды немесе олар тәуліктік ақы - жалпы меЛ|,скеттік қаражаттан сол жер үшін белгіленген жалакының төменгі

мөлшерін алды. Ағалған тұлғалар қатарынан қорғаушылар жетпеген жағдайда осындай тұлға ретінде әділет бөлімінің жанындаға консультанттар тартылды. Қорғауды ұйымдастырудың осындай нысаны 1922-1924 жылдардағы сот-құқық реформасына дейін сақталынды.

1922-жылғы 26-мамырдаға Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің (ВЦИК) Қаулысымен бекітілген адвокатура туралы Ереже адвокаттық қызметті тікелей реттейтін алғатықы норматиктік қүқықтық акті бола отыра, адвокатураны алғатықы рет еңбекшілерге азаматтық дауларды шешу кезінде заң көмегін және қылмыстық сотта қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылған, өзін-өзі басқаратын ұйым ретінде анықтады. Әділеттің губерниялық бөлімдері жанынан қылмыстық және азаматтық істер бойынша қорғаушылар алқасы құрылды. Алғашқы құрамдағы қорғаушылар алқасының мүшелерін Әділеттің губерниялық бөлемдерінің ұсынысы бойынша губерниялық атқару комитеттері бекітті. Бүдан әрі алқаға мүшё қабылдауды алқа төралқасы жүргізді, олар алқаға жаңа мүшелерді қабылдаудан бас тарту қүқығы берілген губерниялық атқару комитетінің төралқасына қабылдау туралы хабарлап отырды. Қорғаушы алкасының мүшелері мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда қызмет жасай алмайтын. Тек мыналарға ғана рүқсат етілді:

1) сайлау бойынша мемлекеттік лауазында отырған түлғалар үшін;

2) заң ғылымының профессорлары мен оқытушылары ушін. Губерниялық қорғаушылар алкасы мүшелерінің жалпы жиналысы өз

күрамынан төралқа сайлады.

Қорғаушылар алқасының тералқасына:

а) қорғаушылардың өз міндеттемесін орындауын кадағалау және бақылау;

б) тиісті губерниялық аткару комитеттеріне алқа төралқасының қаулыларына мүдделі түлғалардың шағым жасау қүқығымен өз мүшелеріне тәртіптік жаза қолдану;

в) алқа қорына түскен каржаттқа иелік ету;

г) тегін және кесімді баға бойынша көмекті тағайындау;

д) губерниялық әділет бөлемшесінің тапсырмасы бойынша халықка көмек көрсету үшін консультациялар үйымдастыру жүктелді

Қорғаушы еңбегін төлеу мына негіздер бойынша жүргізілді:

а) халық сотының ерекше қаулысынен түрмысы нашар болып табылған адам қылмыстық және азаматтар істердің қорғаушыларына сыйақының кез келген түрінен босатылды;

б) мемлекеттік және жеке кәсіпорындарының жүмысшылары және кеңестік мекемелер мен кәсіпорындарының қызметшілері Әділет халық коммиссиариаты белгіленген кесімді баға бойынша қорғаушылар қызметін төлеуге қүқылы болды;

в) қалған барлық жағдайда қорғаушы сыйақысы мүдделі таралтардың онымен келісімі бойынша анықталды.

Қорғаушылар алқасының қорыш қорғаушылар өз сыйақысынан Әділет халық коммиссиариаты белгіленген пайыз аударымын енгізді, бүл кор алқа

төралқасын ұстау және заң консультациясын үйымдастыру жөніндегі барлық шығындарды жауып отырды.

Қорғауға қорғаушы алқасының мүшелерінен басқа айыпталушының немесе жәбірленушінің жақын туысқандары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың және олармен тең дәрежеде Бүкілресейлік Кәсіптік Одақтар Орталық Кеңесінің (ВЦСПС), Бүкілресейлік Түтанушылар Қоғамы Орталық Одағы мен басқа кәсіптік және қоғамдық үйымдардың өкілетті өкілдері жіберілді. Басқа түлғалар өндірісінде осы іс жатқан соттың ерекше рүқсатымен ғана жіберілді

Қазақстандағы кеңестік адвокатураның қалыптасу процесі обьективтік және субъективтік қиыншылықтарға тап болды. Ең алдымен, білікті және даярланған қадрлар жоқ болатын. Екіншіден, көптеген сот қызметшілері, Әділет халық коммиссиариаты мен өзге қүқық қорғау органдарының басшылары адвокатураға жатырқай қарады. Олар кеңестік сот өзінің пролетарлық табиғатынан қателеспейді және кез келген істі өз бетінше шешуге қабылетті деп санады. Ең соңында, қоғамда адвокатураны патша билігінен қалған мүра, күні еткен институт ретінде және т.б. санаған пікір қалыптасты.

Қырғыз (Қазақ) АССР Кеңестерінің алғатыкы қүрылтай съезінде 1920 жылға 6-қазанда "ҚАССР еңбекшілері қүқығының Декларациясы" қабылданды, онда былай делінді: "Халықтық әділетті Кеңестік Ресейдің Халықтық Революциялық Сотының тәжірибесімен дәлме-дәл сәйкестендіре, қырғыз халқының түрмыстық ерекшеліктерінің осы декларациямен белгіленген еңбекшілер қүқығының негізгі қағидаларына қайшы келмейтін түстарымен санаса отыра қүру кажет". Съезд "Кеңестік әділетті үйымдастыру туралы" қарарында әділет органдарын жергілікті жерлерде консультациялар және соттык қорғау түрінде халыққа тегін заң көмегін үйымдастыруға міндеттеді Қүқық көмегін жүзеге асыру үшін съезд партия, кәсіподақ және қоғамдық үйымдардың жауапты қызметкерлерін тартуды үсынды, Әділет кадрларын даярлау үшін заң курстары ашылды.

Қорғауды үйымдастыру мәселесіне 1921 жылғы 8-сәуірдегі ҚАССР Орталық Атқару Комитеті (ЦИК) Декретімен бекітілген Қырғыз автономиялы Социалистік Республиқасының халық соты туралы Ережесінің арнайы бөлімі арналды. Онда 1920 жылғы 21-қазандағы РСФСР халық соты туралы Ереженің кейбір баптары сол қалпында қайталанды. Мысалы, 43-49-баптарда сот органдары қорғаушылар ретінде осы міндетті атқаруға кабылетті азамматтарды тарта алатындығы көрсетілді. Бүл үшін губерния әділет бөлімдері ерекші тізімдер жасады. Қорғауға жіберу туралы мәселені халық соты (өкімдік және соттық отырысында) іс пен айыпталушы түлғаның сипатына байланысты шешті және қассациялық шағымнан бөлек шағым жасалуға жатқан жоқ. Алайда халық соты айыптпаушы іс бойынша сөйлеген кезде немесе бүл туралы қамауда отырған айыпталушы өтінсе, қорғаушыны жіберуге немесе тағайындауға міндетті болды. Халық соты айыпталушы түрған үйымның (кәсіп-одақтьщ, зауыт комитетінің және т.б.) осы максат үшін іс сапармен келген мүшелерін, сондай-ақ айыптталушының жақын туыскандарын қорғауға жіберетін. ҚАССР Әділет халық комиссариатының жанынан үш адамнан тұратын халықа заң көмегін көрсету жөніндегі бюро құрылды.

Адвокатураны ұйымдастырудағы киындықтарға қарамастан республикада мүмкіңдік шегінде адвокат кадрларын даярлау жүргізілді Осылайша, 1936-жылы адвокаттар алқасында 141 адам болды. Сол жылы алка қызметкерлерінің алғатықы бүкілқазақстандық съезі шақырылды, онда халыққа заң көмегін жақсарту жөніндегі адвокатура міндеттері анықталды.

30-40-шы жылдары қылмыстык істер бойынша (әсіресе саяси істер бойынша) қорғау қызметінің үтымдылығы бірқатар бежілі себептер бойынша төмендеді "Одақтас республиқалардың қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер еңгізу туралы" 1934-жылғы 1-желтоқсандаға КСРО (СССР) Орталық Атқару Комитетінің (ЦИК) Қаулысы өте жағымсыз роль атқарды. Онда террористік үйымдар мен террористік актілер туралы істер бойынша сот жүргізудің ерекше тәртібі бегіленді: тергеу уақыты 10 күннен аспайтын мерзімде аяқталды, ал айыпталушыға айыптау корытындысы сот істе каралғанға дейін бір тәулік бүрын тапсырылды; айыптаушы мен корғаушының сотқа қатысуы тоқтатылды; қассациялық шағым жасауға және кешірім жасау туралы өтініш беруге рүқсат етілмеді. Кейіннен 1937-жылғы 14-қыркүйектегі КСРО (СССР) Орталық Атқару Комитетінің (ЦИК) Қаулысымен осы тәртіп контрреволюциялық зиянкестіктер және диверсиялар туралы істерді қарауға қатысты белгіленді".

1936-жылы КСРО (СССР) Конституциясы қабылданғаннан кейін 1939-жылға 16-тамызда КСРО ХКК (СНК СССР) бекіткен жаңа Адвокатура туралы Ереже қабылданды. Нақ осы ереже адвокатураның кеңестік қүқықтық жүйедегі орнын түпкілікті анықтады және адвокаттар алқасы Әділет халық комиссариатының мекемелерінің біріне айналып, оның нүсқауларын қатаң орындап отырды.

Осы ережеге сәйкес адвокаттар алқасы өлке, облыс, автономиялы және одактас республикалар шектерінде қүрылды. Тек өлкелік (облыстық) бөлініс жоқ республикаларда ғана одақтас республикалар шектерінде үйымдастырылды.

Мына түлғалар адвоқаттар алқасының мүшесі бола алады: жоғары заң білімі бар; кемілде 1 жыл, сот, прокуратура және әділеттің басқа органдарында практикалық жүмыс өтілі бар заң мектептерін бітіргендер; заң білімі жоқ, алайда аталған лауазымдарыда кемінде 3 жыл істегендер. Заң мектебін бігіріп, алайда сот, прокуратура және әділеттің баска органдарында практикалық жүмыс өтілі жоқ түлғалар адвокат алкасына тағлындамадан өтушілер ретінде қабылданды. Алқаның басқару органдары мыналар болып табылды: адвокаттар жалпы жиналысы, облыстық, өлкелік және республикалық адвокаттар алқасы мен теқсеру комиссиясы. Адвокаттар барлық жүмысын заң консультациясында жүргізді. Адвокаттар алкасына жалпы басшылық КСРО Әділетінің одақтық, республикалық халық комиссариатырына және олардың жергілікті органдарына жүктелді. Оларға алқалар ісіне кедергісіз араласуға және оған басшылық етуге мүмкіндік беретін ауқымды өкілеттіктер берілді



11

Адвокатураға жағымсыз козқарастың болуына қарамастан, сол кездің өзінде адвокаттарды қызмет көрсету саласының қызметшілері ретінде санауға бола ма деген пікір теріске шығарылды. Заңи ортада "адвокатураны жұртшылық алдында мансүқ ететін, оны қарапайым кәсіп дәрежесіне түсіретін және оны өз қызметін сататын кім көрінгеннің қатарына қоятын осындай көзқарасғы батыл айыптау керектігі" атап көрсетілді. Сол жылдары елдің крғамдық-саяси дамуыны төзбеушілік, жаулық, жаппай күдік, қорқақтық, жала және андуншлық ахуалы теріс ықпал етті. Мүндай жағдайда адвокатураның қандай да бір бөлек маңызды ролі туралы айту мүмкін емес еді. Алайда, осы жәйттар адвокатураның дамуы мен белгілі бір корпоративтік түтастыкты және шектеулі автономияны сактауға бөгет бола алмады, кәсіби адвокаттық корпустың қалыптасу процессі тоқтаған жоқ, олардың көпшілігі өз парыздарын адал атқарды.

Үлы Отан соғысы жылдары адвокатура әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне, соғыс мүгедектеріне заң көмегін көрсетуге баса назар аударды.

Соғыстан кейінгі мерзімде біздің республикадағы адвокатура жүмысының үйымдық нысандары өзгеріссіз қалды: алқа қызметіне жалпы басшылықты Қазак ССР Әділет халық комиссариаты, ал тікелей басшылықты сол алқалардың сайланбалы органдары - төралқалар жүргізді Алайда, адвокатурада білікті мамандар тапшылығы өткір сезілді, оның материалдық базасы нашар болды, оның кызіметкерлерінің кызметін қүқықтық тәртіптеуде елеулі кемшіліктер орын алды. Алда адвокатураны нығайту, оның үйымдық нысанын жетілдіру, беделін көтеру міндетті түрды.

Сот ісін жүргізу туралы 1958 жылғы 25-желтоқсандағы заңнама негіздері "сотта қорғауды жүзеге асыру, сондай-ак азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен үйымдарға заң көмегін көрсету мақсатында адвокаттар алқасының жүмыс істейтіндігін, адвокаттар алқасының адвокаттық қызметпен айналысатын түлғалардың, ерікті бірлестігі екендігін және одақтас республика Жоғары Кеңесі бекіткен Ереже негізінде өз қызметін жүргізетіндігін" белгіледі. Осы нүсқауға сәйкес әрбір одақтас республика адвокатура туралы өз Ережесін қабылдады. Қазақстанда мүндай ережені 1960-жылғы 5-шілдеде ҚССР Жоғары Кеңесі бекітті.

1950-60 жылдары Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанындағы заң комиссиясының төрағасына адвокаттар алқасы жиналысымен қатар алқа төралқаларының төрағаларына тәртіптік жаза қолдану күқығы берілді. Басқа республикаларда бүл мәселе сол уақытта тіпті Адвокатура туралы ережелермен де реттелген жоқ. Бүл мәселе осы күнге дейін үлкен күдік пен алшақтық туғызып келеді. Өйткені, кейде алқа төралқаларының төрағаларыш немесе олардың орынбасарларына қатысты соттар мен өзге мемлекеттік органдардың жеке анықтамалары және ақпараттары келіп түрады. Адвокатураға мемлекеттік басшылыктың нысаны ретінде төралқаны тарату қарастырылды, одан кейін жаңа қүрам сайлануға тиіс болатын.

1977-жылы кеңестік заңнама тарихында КСРО Конституциясында алғаш рет адвокатураның күқықтық жағдайы бекітілді (161 бап). Сөйтіп, мемлекет ресми денгейде адвокатураны конституциялық орган, ал адвокатта сот ісін жүргізу кезінде тікелей қатысушы ретінде мойындады. 1979-жылғы 30-қарашада КСРО-дағы адвокатура туралы Заң қабылданды. Осы нормативтік қүқықтық актімен жалпы одақтық көлемде кеңестік адвокатураның үйымдық және қызмет мәселелері реттелді Осы заң негізінде әрбір одақтас республикада "Адвокатура туралы Ереже" әзірленді (Қазақстанда мұндай Ереже 1980-жылғы 13-қарашада бекітілді). Осындай актілерді қабылдау адвокаттар қызметін бірізді реттеуді қамтамасыз ету және сонымен қатар адвокаттар алкасының ролін көтеру, кейбір мәселелерде адвокаттарға үлкен дербестік беру қажеттігінен туындады. Сонымен қатар адвокатураның мемлекетке тәуелділігі күшейді. Осылайша, адвокаттар алқасы тек жергілікті мемлекеттік органдар хМен Әділет министрлігінін; келісімімен және мақүлдауымен ғана қүрыла алатын, осы органдар алқаның сандық күрамын реттеді, адвокаттан соттағы мінез-қүлқын бақылады және т.б.

Ережеде адвокатураның міндеті, адвокатураға мүше қабылдау және одан шығару гәртібі анықталып, алқаның үйымдық қызметін жетілдіру шаралары қарастарылды және адвокаттьщ қызметтің кепілдігі түжырымдалды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар адвокаттьщ сауалы бойнша заң көмегін көрсетуге байланысты қажетті қүжаттарды заң консультациясы арқылы беруге міндетті болды. Адвокатурадан шығарылған адвокаттар шағамын караудың соттағы тәртібі қарастырылды. Алканың басшы органдарын сайлау, өкілеттік мерзімі тәртібінің бірынғай ережесі белгіленді. Осының барлығы, сөз жоқ, кеңестік соі төрелігі жүйесінде адвокатураның орны мен маңызын көтерді, азаматтар мен үйымдарға көрсетілетін заң көмегінің саласын арттырды, соңғылардың өз занды қүқықтары мен мүдделерін жүзеге асыруына көмектесті Осы Ереженің көптеген баптары ізінше қолданыстағы "Адвокаттық қызмет туралы" ҚР Заңына негіз болып қаланды, адвокаттар қызметін конституциялык. реттеу, Қазак ССР адвокатурасы туралы Ереженің кабылдануы қылмыстык сот ісінде заңдылықта қамтаіугасыз ету, соттың заңды, қисынды және әділ укім шығаруы түрғысынан қорғау институты ролінің өскендігін көрсетті.

Кеңес қоғамын қайта қүру және онтайландыру дәуіріңде, 80-жылдардың екінші жартысында заң саласын қамшған кооперативтік козғалыс өрістеді. Барлық жерлерде хальщка ақылы барлық мүмкін заң қызметтерін көрсететін әртүрлі кооперативтік-қүқықтық үйымдар, кауымдастықтар, одақтар және т.б. пайда болды. Қүқық қорғау органдарының бүрынш кызметкерлері, заңгерлік жоғарғы оқу орындарының және техникумдарының практикалық тәжірибесі жоқ оқытушылары мен тулектері және т.б. осы қүқықтық кооперацияларға мүше болды. Іс жүзінде дәстүрлі жүмыс істейтін қорғау институттарына өзіндік бәсекелестік туғазды, оның үстіне 1989 жылғы 30-маусындаға Қазақ ССР Жоғарға соты пленумының "Қүкыктык кооператив мүшелерінің қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы туралы" Қаулысына сәйкес жарғаларында азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен үйымдарға заң көмегін көрсету көзделген қүқықтық кооператив мүшелері айыпталушының (сотталушының) қорғаушысы немесе қылмыстык, сот ісі процесіне өзге Қатысушы және азаматтық сот ісіне азаматтардың, зақцы түлғалардың өкілі

ретінде жіберілуі мүмкін . Алайда практика осы шешімнің кате екенін көрсетті (кейде өзінің тек пайдакүнемдік мүддесін ойлаған, адвокаттық әдеп төртіптерін өрескел бұзған, біліктілігі төмен және тәжірибесі жоқ, адвокатар алқасынан шығарылған, теріс құлықтары үшін күқық органдарынан босатылған адамдар қорғаушы болды, осының барлыға заңсыз сот шешімдерінің шығу ықтималдыған күрт өсірді) және олар ізінше 1991 жылғы 28-маусымдаға заңмен жойылды. [13, 159 б]

Қылмыстық сот ісінің алғашқы сатысындағы қорғау қүқығы заңдык түрғадан 1989-жылғы 13-қарашадағы сот қүрылысы туралы КСРО және одақтас республикалары заңнамасы Негіздерінде бекітілді Негіздерге, 1990-жылға 10-сәуірдегі КСРО Заңына сәйкес Қылмыстық сот ісі Негіздерінің 13, 22, 23 - баптарына өзгерістер мен толықтарулар енгізілді. Осындай заңдар ҚазССР-ында тиісінше 1990- жылғы 23-қараша мен 1991 жылғы 16-ақпанда қабылданды.

Осы заңдар қабылданғаннан кейін республика Әділет министрлігі мен адвокаттар алқасының төралқасы прокуратура органдарымен және ІІМ (МВД) бірге 1989-1990 жылдардағы үстау, түтқындау, айып тағу, кылмыстық ізге түсуді тоқтату санының өсуіне талдау жасады және осы негізде азаматтардың заң көмегіне жүгінуінің ыктимал өсуі болжанды. Осы факторлар адвокаттар санының өсуіне, қылмыстық істі тергеудің алғатықы сатысындаға корғану қүқығы туралы заңды жүзеге асыру бойынша бірқатар шүғал шараларды қабылдауға және т.б. ықпал етті. Ағап айтқанда, барлык заң консультациясында прокуратура және ІІМ келісілген кесте бойынша адвокаттар кезекшілігі үйымдастырылды.

Жоғарыдағы өзгерістер "Адвокатура туралы Ережеге өзгерістер мен толықтылар енгізу туралы" 1991-жылға 28-маусымдағы Қазақстан Республикасынын Заңында өз көрінісін тапты, онда адвокаттар алкасының санын көбейту үшін шектеулер алынды; біліктілік емтиханын тапсырғандар және адвокаттық практикамен шүғылдану қүқығына патент алғандар тиісінше алқаға мүшелікке қабылданды; адвокаттарға заң консультациясында жүмыс істеумен катар х\іеншікті адвокат кеңсесін және азаматтарға заң көмегін үйымдастырудың өзге де нысандарын күру мүмкіндігі және т.б. берілді.

Осы заңға сәйкес, жоғары заңи білімі бар, қажетті тәжірибе мен кәсіби дағдыларды алған үміткерлерді адвокатураға кабылдауды камтамасыз ету мақсатында халык депутаттары облыстык, Алматы калалык Кеңестері атқару комитеперінің әділет басқармалары жанынан біліктілік комиссиялары қүрылды.

Комиссия тиісті әділет басқармасы бастығының бүйрығымен және ҚазақССР Заңгерлер одағы облыстык атқару комитетері мүшелерінің, заң ғалымдары, тәжірибелі заңгер-практиктер өкілдері үсынған адвокаттар кіретін адвокаттар алқалары жалпы жиналыстары қаулысынен үш жыл мерзімге қүрылды. Комиссия қүрамына адвокатардың кемінде елу пайызы кіруге тиіс болды.

Бұл комиссия адвокат атағына үміткер түлғалардан емтихан қабылдады; үміткердің Ережеде мазмүндалған талаптарға сәйкестілігі туралы мәселені шешті; адвокаттық практикамен шүғылдану қүқығына патент берді

Осы заң адвокат корпусының санының сапалық және сандық өсуіне жағдай жасады, бүл өз кезегінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамды қорғауды қамтамасыз етуге (оның ішінде айыпталушының (сезіктінің) нақты адвокат тандау қүқығына) мүмкіндік берді.

Қазақ ССР ҚЖК жүзеге асыру кезінде қорғаушының қатысуын, әсіресе сезіктіден алғаш рет жауап алған кезде қамтамасыз ету туралы баптың және осы заңның басқа да ережелерінің әртүрлі себептерге орай бірқатар қиындықтарға кездескендігін атап өткен жөн, олардың арасында: әкімшілік-аумақтық бірліктің шалғайлығы мен көлемі; өңірдегі халықтаң аздығы, сондшдан да бір ауданда тек бір адвокаттың ғала болуы; білікті заң махМандарының аздығы; алқа мүшелерінің материалдық мүдделілігінің болмауы (мемлекет адвокаттаң орта айлық қорғауақысының жоғары шегін кунтізбелік жылға есептеп анықтады, бүл мөлшер белгіленген сомадан аспады) және т.б. Сонымен қатар, 1991-жылғы 16-ақпандағы заң қорғаушының қорғауды жүргізуге кедергі келтіретін тәндік және психикалык кемшіліктері бар кәмелетке толмағандар мен сот ісі тілін білмейтін түлғалар істері бойынша үстау хаттамасы немесе түтқынға алу туралы қаулы жарияланған сәттен бастап міндетті қатысуын еңгізді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 12-ақпандаға Қаулысымен Қазакстан Республикасындағы күкықтық реформаның мемлекеттік багдарламасы (негізгі бағыттар) бекітілді. Онда республика заң жүйесінің терең дағдарысты өткеріп отырғандығы, оның қүқықтық реформалардың нарықтық экономиканың дамуынан, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесінен, қазіргі парламентаризм және өзге де демократиялық институттардың қалыптасуынан айтарлықтай арта қалуынан ушыға түскеңдігі атап өтіледі. Осындай жағдайларда мемлекет халыққа күқықтьщ қызмет, қүқықтық көмек саласындағы кызметті қүқықтық реттеуден шет қала алмайды. Реттеудің мақсаты, ен алдымен, қүқықтық қызметтер нарығын әрбір азаматқа оның қорғануы үшін Конституциялық қүқығын жүзеге асыруына кепілдік беретін жоғары сапалы күкық қорғау жүмыстарымен қамсыздандыру болып табылады.

Қүқықтық реформаның түжырындамалық бағытталуы адвокатура институтының республика қүқық қорғау жүйесінде лайықты орын алып, өзін-өзі басқаратын, өзін-өзі қаржыландыратын коммерциялық емес үйым ретіндеті дербестігін сактайғындығында. Ал бул үшін адвокат өзінің кәсіби парызын орындауға тиісті іс жүргізу қүқықтары мен міндеттемелерін алуға тиіс.

80-ші жылдар шегіңде және 90-шы жылдардың басында қүқық саласында басталған өзгерістердің пәрменді, білікті адвокатураны қалыптастыру үшін негіз калағандығын атап өткен жөн. Адвокатураның "косалкы сот мекемесі", екендігі туралы жалған үғымға негізделген қоғамдық теріс пікір біртіндеп лсойылды (дәйек сөз Ю.И.Стецовский бойынша).

Сөйтіп, адвокатура шын мәнінде мемлекеттің қажетті қоғамдық-күқықтық институтына айналды, бұны адвокаттар еңбегінің ролі мен беделінің артуы айғақтайды. Мысалы, 1995-жылдың басында адвокаттардың жалпы санының 1989-жылмен салыстырғанда үштен бір есеге артып, екі мыңнан асты. 1992-жылы Алматыда 244 адвокат болды, ал 1997-жылдың 1-қаңтарында Алматы қалалық адвокаттар алқасында мүшелердің саны 300 адамнан асты. Алайда адвокаттың сот ісінің кез келген сатысында бәсекелестік, түлғаға кол сүқпаушылық, абырой мен беделді күрметтеу, кінәсіздік презумпциясы, заң көмегі хмен қорғау қүкығын алу принципімен қамтамасыз етілуі түрғасында процеске толыққанды қатысушы болғандығы туралы айтуға әлі ертерек.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет