Диссертациялық кеңес келесі мамандықтары бойынша диссертацияларды қорғауға қабылдай алады



жүктеу 199.05 Kb.
Дата27.04.2016
өлшемі199.05 Kb.
түріДиссертация
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Д 14.13.03 диссертациялық кеңесінің 2009 жылғы жұмысы жөнінде
ЕСЕП БЕРУ
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіндегі Д 14.13.03 диссертациялық кеңесі ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2005 жылғы 15 ақпандағы №73 бұйрығы бойынша бекітілген.

Диссертациялық кеңес келесі мамандықтары бойынша диссертацияларды қорғауға қабылдай алады:



    • 05.13.01 – Жүйелік талдау, басқарау және ақпаратты өңдеу техникалық ғылымдар бойынша;

    • 05.13.06 – Автоматтандыру және технологиялық процесстерді басқару техникалық ғылымдар бойынша;

    • 05.13.10 – Әлеуметтік және экономикалық жүйелерде басқару техникалық ғылымдар бойынша;




  1. Өткізілген мәжілістер жөнінде мәліметтер.

Жыл бойы диссертациялық кеңестің 22 мәжілісі өткізілді, соның ішінде 11 диссертация қорғау бойынша.


  1. Мәжілістің жартысынан азына қатысқан кеңес мүшелерінің аты-жөні.

Кеңестің барлық мүшелері кеңес мәжілістерінің жартысынан көбісіне қатысты.


  1. Есеп беру жылында диссертациялық кеңесте қарастырылған диссертацияларға қысқаша талдау.

Есеп беру жылында келесі диссертациялар қарастырылды:

1) Обухова Ольга Николаевнаның «Тау-кен кәсіпорынның тиімдеу есептерін шешу үшін ұқсастыру моделдеу әдістерін құру» тақырыбында 05.13.01 – Жүйелік талдау, басқарау және ақпаратты өңдеу мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясы.

Жұмыстың тақырыбын талдау. Диссертациялық жұмыстың мақсаты тау-кен кәсіпорынның тау-кен игеретін және кен дайындайтын кешендерін моделдеу әдістемесін құру, тиімдеу есептерінің шешім тиімділігін арттыру мақсатында, басқару тізбегінде объективті шешім қабылдауға мүмкіндік беретін, сұраныстарды өңдеуде үлкен жылдамдыққа ие және шешім қабылдау кезінде қателер ықтималдығын азайтатын ұқсастыру моделін құру.

Диссертациялық жұмыста келесі жаңа және дәлелденген ғылыми нәтижелер алынған:

- пәндік аймаққа жарамды моделдеуді таңдау мақсатында, әртүрлі классификациялық белгілер бойынша моделдеу түрлеріне сараптау жасалды;

- тау-кен кәсіпорынның тиімдеу есептерін шешу үшін моделдеу әдісі құрылды;

- тау-кен игеретін және кен дайындайтын кешендердің қызметін зерттеу мақсатында зерттеу объектісінің құрылымдық жүйесі құрылды;

- объектінің элементтері мен жұмыс процессінің математикалық моделі құрылды;

- жұмыс істеу процессін формалдау негізінде имитациялық модел құрылып, жүзеге асырылды;

- құрылған модель адекваттыққа, қайшылықсыздыққа, жұмысқа қаблеттілік пен нақтылыққа зерттелді.

Диссертациялық жұмысты зерттеу және әзірлеу барысында операцияны зерттеу әдістері, ықтималдық теориясы мен математикалық статистика әдістері, сонымен қатар сараптаманы жоспарлау теориясының әдістері қолданылған.
2) Қапалова Нұрсұлу Алдамжарқызының «Ағымдық шифрлер үшін кілттік тізбектерді түзу мен үлестіруді құру және зерттеу» тақырыбында 05.13.01 – Жүйелік талдау, басқарау және ақпаратты өңдеу мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясы.

Жұмыстың тақырыбын талдау. Диссертациялық жұмыстың тақырыбы криптографиялық қорғаныс кезінде қолданылатын, псевдокездейсоқ тізбектер (ПКТ) генераторы және ашық байланыс арналары арқылы криптографиялық кілттерді тарату Диффи-Хеллманның модификацияланған алгоритмдері болып табылады.

Диссертациялық жұмыста келесі жаңа және дәлелденген ғылыми нәтижелер алынған:



    • позициялы емес полиномдық санау жүйесіне негізделген Диффи-Хеллманның ашық кілт ауыстыру алгоритмінің жаңа модификациясы ұсынылды;

    • құрылған ашық кілт тарату алгоритмінің криптотұрақтылығын анықтауға мүмкіндік беретін криптотұрақтылық формуласы алынды;

    • өрісінің мультипликативті тобында ретті матрица мен көпмүшеліктерді қолдану арқылы Диффи-Хеллманның ашық кілт ауыстыру алгоритімінің модификациясы ұсынылды;

    • құрылған ПКТ генерлеу және ашық кілтерді тарату алгоритмдері көптеген ақпараттық және телекоммуникациондық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қолданылуы мүмкін.

Диссертациялық жұмыста алынған негізгі нәтижелер теориялық, практикалық жағынан құнды және жаңа болып саналады. Жаңа псевдокездейсоқ тізбектер түзетін алгоритм құрылды, ол криптографиялық жүйелерде қолданылуы мүмкін; құрылған ПКТ генератор үлкен периодқа ие және статистикалық қауіпсіз.

3) Нысанбаева Сәуле Еркебұланқызының «Позициялы емес полиномды санау жүйелер негізінде Криптографиялық жүйелерді құру және зерттеу» тақырыбында 05.13.01 – Жүйелік талдау, басқарау және ақпаратты өңдеу мамандығы бойынша докторлық диссертациясы.

Жұмыстың тақырыбын талдау. позициялы емес полиномды санау жүйелер негізінде шифрлеу, түрлі сандықартылымды негіз модулі бойынша электрондық сандық қолтаңбалар түзетін және ашық түрде құпия кілттерді тарату жаңа алгоритмдерін құру және олардың криптотұрақтылығын зерттеу; ұсынылған шифрлеу, электронды сандық қолтаңбалар түзетін дәстүрлі емес алгоритмдер үшін бағдарламалық өнімдер жасау; ПКТ генерлеу алгоритмін құру және олардың статистикалық қасиеттерін сараптау.

Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері:

- ППСЖ қолдану арқылы белгіленген ұзындықтағы электронды хабарды шифрлеу алгоритмі құрылған; полиномальді негізін таңдау әдістерінің мүмкін болатындарын теру арқылы оның криптотұрақтылығы зерттелді; шифрлеудің тұрақтығы айтарлықтай хабар ұзындығына байланысты;

- 3 кезеңнен тұратын, ұзындығы берілген электрондық хабар үшін бірнеше артылымды негіз модулі бойынша электрондық сандық қолтаңба түзетін (ЭСҚ-1) дәстүрлі емес алгоритм ұсынылды:

ППСЖ құру; біреше артылымды негіз енгізі арқылы хабарды хэширлеу; алынған хэш-мәнді шифрлеу;

- бір артылымды негіз модулі бойынша электрондық сандық қолтаңба түзуді (ЭСҚ-2) қателерді табу/түзету процессімен біріктіретін дәстүрлі емес алгоритм құрылды; ол да үш кезеңнен тұрады; ЭСҚ-2 құрайтын хэширлеу кезінде үш артылымды қалдық есептеледі және бірлік қателерді табу мен түзетуге, қат-қабат қателерді айқындауға қолданылады;

- ПКТ түзетін алгоритм ұсынылды және лгоритмнің статистикалық қасиеттеріне компьютерлік зерттеу жүргізілді;

- ППСЖ негізделеген ашық криптографиялық кілттерді тарату алгоритмі ұсынылды және оның криптотұрақтылығы зерттелді.

GF(2) өндірісінде берілген дәрежелі келтірілмейтін көпмүшеліктерді есептеуді, шифрлеу мен дешифрлеу, толық кілттерді генерлеу, электрондық сандық қолтаңба түзу және тексеру дәстүрлі емес алгоритмдерді жүзеге асыратын бағдарламалық өнімдерге Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектісі мемлекеттік тіркеу куәліктері алынды.

4) Сябина Наталья Валерьевнаның «Магистралды құбырдағы газ-ауа қосындылары бар сұйықтықтың қысымын автоматтыы басқару» тақырыбында 05.13.06 – Автоматтандыру және технологиялық процесстерді басқару мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясы.

Жұмыстың тақырыбын талдау. Ойлы-қырлы жермен өтетін магистралды құбыр бөлігінің қысым шамасын автоматты реттеу жүйесін өңдеу диссертациялық жұмыстың мақсаты болып табылады. Трассаның көтеріңкі нүктелерінде пайда болатын газ-ауа қосындыларының әсерлерін кішірейту және сұйық өнімді тасымалдау тиімділігін жоғарылату автоматты басқару жүйенің міндеті болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері келесідей:



  • жердің рельефінің өзгеруімен бірге жүйедегі сызықтық емес қанығу түріндегі газ-ауа қосындыларының пайда болуын есепке алатын имитациялық модель өңделген;

  • құбыр бөлігі өзінің қасиеттері бойынша құбырдағы сұйықтық қысымын сызықты емес автоматты реттеу жүйеге жқын болатын құрылым деген пікір осы жұмыста бірінші рет ұсынылып отыр;

  • кері байланыста қанығу түріндегі сызықты еместіктер бар басқару объекттерде амплитудасы мен жиілігі мұнайдың физикалық параметрлері мен ауа мөлшерінен тәуелді тұрақты автотербелістер пайда болуы туралы зертеулер өткізілді;

  • тәжірибелік қондырғыда өткізілген тәжірибелік зертеулер аналитикалық зертеулер нәтижелерін дәлелдеді: газ-ауа қосындыларының бар болуы және олардың көлемдері сұйықтық қысымының пайда болатын автотербелістерінің амплитудасы мен жиілік шамаларына маңызды әсер етеді;

  • магистралды құбыр бөлігіндегі қысым шамасын басқарудың автоматты жүйесі өңделген; бұл жүйе трассаның жоғарғы нүктелерінде пайда болатын газ-ауа қосндыларының әсерін азайтуға мүмкіндік береді.;

  • сұйықтық қысымының шамасын басқарудың өңделген әдісі мұнайды тасымалдаудың автоматты басқару жүйесі электрэнергия шығындарын азайтуға және кейбір құбырларды қолданудың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

5) Жұмаев Алибай Құдайбергенұлының «Сүт және сүт өнімдерінің нарығын басқарудың көп байланысты жүйесін құру» тақырыбында 05.13.10 – Әлеуметтік және экономикалық жүйелерде басқару мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясы.

Жұмыстың тақырыбын талдау. Көпбайланысты басқару жүйелеріндегі оптимизациялық мәселелерді шешу әдістерін зерттеу және жетілдіру болып табыады, сондай-ақ, Қазақстанның бәсекеге қабілетті сүт және сүт өнімдері нарығын қалыптастыру миханизімін жетілдіру болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу басты идея арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, ал бұл идеяның мәні мынадай: көпбайланысты басқару жүйелері мәселелерін қарастыру барысында қол жеткізілген шешідердің тиімділігі – Қазақстан Республикасындағы сүт саласының экономикасын дамытуды жеделдетуге атсалысу арқылы, оныңжақсы әрі сапалы жұмыс істеуі мақсатында маркетингтік технологияларды қолдану негізінде қамтамасыз етіледі.

Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері келесідей:



  • көпбайланысты басқару жүйелері мәселелерінің шешеімерінің өзара байланысына теоретикалық дәйектеме беріліп отыр және осының негізінде алғаш рет оларды шешу алгоритмдері ұсынылып отыр;

  • ұсынылған алгоримтдер сүт және сүт өнімдері нарығын мақсатты ғылыми маркетингтік зерттеу үшін тиімді болып табылады. ;

  • сүт өндірісі алғаш рет біртұтас сұраныс, бәсекелес және тұтынушы жүйесі ретінде қарастырылып отыр, ал бұл өз кезегінде философиялық түсініктер мен экономикадағы брэндиг анықтамаларынан саланың қолданбалы мәселелеріне, құнынан нарықтық бағасына деген алдын ала анықталған көрсеткіштерге, нарықтық қызмет етуінің математикалық моделіне өтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ басқарудың нақтылы миханизмін жетілдіру барысында математикалық экономика мәселелерін себепті-тергеулі құруға және оларды шешуге мүмкіндік береді.

6) Кошеков Қайрат Темірбекұлының «Автоматтандырылған жүйелерде ақпараттық белгілерді өлшеудің біртектілігінің теориялық негіздері, әдістері және құралдары» тақырыбында 05.13.06 – Автоматтандыру және технологиялық процесстерді басқару мамандығы бойынша докторлық диссертациясы.

Жұмыстың тақырыбын талдау. Өлшеу негізінде ақпараттық өлшегіш және кездейсоқ және айқын белгілерді, олардың сипаттамасын анықтау және біртектілеу әдістемесін жасау.

Диссертациялық жұмыста келесі жаңа және дәлелденген ғылыми нәтижелер алынған:



  • сигналдарды өлшеу идентификациялық автоматтандыру саласына жататын теоретикалық негіздер мен түсінік жүйелері ұсынылған;

  • алғаш рет векторлы идентификациялық өлшеулер негізінде басқарушы және автоматтандырылған жүйедегі өлшеу сигналдарының концепциясы, және бөліну әдістемесі ұсынылған;

  • аналогияны қалыптастыру негізінде химиялық элементтер периодтық жүйелері және кездейсоқ сигналдарды бөлу идентификациялық шкалалары арасындағы автоматтандырылған идентификациялық өлшеулердің бөліну әдістері ұсынылған;

  • алғаш рет эквиваленттік тұжырымдар негізінде автоматтандырылған жүйеде алғашқы мәліметтерді қайта қарастыру барысында, кездейсоқ сигналдардың қимылын периодтық қимылмен және керісінше ауыстыруға мүмкіндік беретін сигналдардың сыңарлы мінездемесінің даму идентификациялары қолданылып зерттеледі;

  • ішкі глобалдық эталондарының ретті емес өлшеу жүйелері сияқты, кездейсоқ және өлшеулер мен сигналдар әдістемесі құрастырылды.

7) Ху-Вен Ценнің «Күрделі технологиялық жүйелерді таратылған оптималды басқарудың методологиясы және алгоритмдері» тақырыбында 05.13.06 – Технология процестері мен өндірістерді автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша докторлық диссертациясы.

Жұмыстың тақырыбын талдау. Аяқталған ғылыми-теориялық негіз ретінде кешенді күрделі технологиялық жүйелер(КТЖ) классына жататын объектілер үшін таратылған оңтайлы басқарудың алгоритмдері мен құралдарын тиімді әдіс ретінде ұсыну. Гидрометаллургиялық әдіспен өндірілетін кобальттық ерітінді шығарудың икемді таратылған оңтайлы автоматтандырылған басқару жүйесін жасау.

Диссертациялық жұмыста келесі жаңа және дәлелденген ғылыми нәтижелер алынған:



  • күрделі технологиялық жүйелерді(КТЖ) тиімді басқарудың бөліністік жүйелерін құрудың барлық аспектілерін қамтитын көп және динамикалық міндеттерін декомпозициялауға арналған нәтижелі ережелері зерттелді;

  • динамикалық бағдарламалаудың белгілі әдісі декомпозициялық әдістің аналогы ретінде қарастырылуы және классикалық орталықсыздандырылған жүйе бойынша іске асырылатын әдіске айналуы мүмкінекендігі көрсетілді;

  • КТЖ динамикалық бағдарламалаудың жағдайға орайластыра декомпозициялау әдісі алғаш рет ұсынылды, негізделді және жұмыста қолдану деңгейіне дейін жеткізілді;

  • КТЖ-ның құрылымдық көрінісін және бөлінген байланыстарды ескеретін басқару міндеті құрылды және тәжірибелік тұрғысынан негізделді;

  • Алғаш рет КТЖ модельдерін сәйкестендіруге, жергілікті және үйлестіре басқаруға орайластыра декомпозициялау бойынша ұсынылған әдіс негізінде басқаруға қойылатын талаптар құрылды және негізделді. Осы талаптарды қанағаттандыратын нәтижелі алгоритмдер дайындалды және эксперимент жүзінде басқару жүйесі зерттелінді;

  • Орталықсыздандырылған және жағдайға орай декомпозициялау негізінде басқаруды қоса атқара отырып, гидрометаллургиялық әдіспен өндірілетін кобальтты ерітінділерді шығарудың технологиялық үрдісін оңтайлы басқару жүзеге асырылды;

  • Жергілікті және үйлестіре басқару бойынша ұсынылған әдіс негізінде автоматтандырылған басқару жүйесі үшін функционалдық және құрылымдық схема ұсынылып, сапасы жоғары қолдануға бағытталған кешенді алгоритмдер мен бағдарламалар негізделді.

8) Аманжолова Сәуле Тоқсанқызының «Үлестірілген ақпараттық есептеу жүйесіндегі ақпаратты қорғау процестерінің стохастикалық моделдері мен әдістерін қашықтан
оқыту жүйесі мысалында қарастыру» тақырыбында 05.13.01 – Жүйелік талдау, басқарау және ақпаратты өңдеу мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясы.

Жұмыстың тақырыбын талдау. Диссертацияның мақсаты үлестірілген ақпараттық есептеу жүйесінде пайдаланушыларды идентификациялау және аутентификациялау үдерістерін модельдеу бойынша қолданбалық есептерді шешу, дерекқорды шифрлаудың оңтайлы нұсқасын таңдау және пайдаланушылар кілттерін генерациялау серверіне қойылатын талаптарды қалыптастыру болып табылады.

Диссертациялық жұмыста келесі жаңа және дәлелденген ғылыми нәтижелер алынған:



  • ҮАЕЖ зерттеу моделінің негізінде қашықтан оқыту жүйесі мысалында пайдаланушыларды аутентификациялау бойынша ұсынымдар ұсынылды;

  • операциялық жүйемен жұмыс істеу үшін магниттік дискіні “контейнерлік” шифрлау сұлбасының моделі, сондай-ақ жүйенің әрбір пайдаланушылары үшін парольдік қорғау, дискідегі ақпаратты қорғау, процессорлар, жады және диск қозғауыш арасында деректер алмасу кезіндегі қорғау модельдері әзірленген;

  • кілттерді генерациялау үшін SIMD және MIMD сәулеттер қағидаттары негізінде серверлер жұмысын ұйымдастыру модельдері әзірленген.

  • үлестірілген ақпараттық есептеу жүйелерінде пайдаланушыларды идентификациялау және аутентификациялау алгоритмдері үшін жаңа математикалық модельдер ұсынылды;

  • шифрлаудың танымал алгоритмдерінің еңбек ауқымдылығын есептеу негізінде дискіде және жүйенің пайдаланушыларымен деректер алмасу кезінде деректерді шифрлаудың ең көп таралған алгоритмдерінің математикалық моделдері ұсынылды;

  • SIMD және MIMD сияқты танымал сәулеттердің негізінде жүйе пайдаланушылары үшін кілттерді генерациялаудың шапшаң жұмыс істейтін нұсқаларының математикалық модельдері ұсынылды.

9) Жикеев Азаамат Айтпайұлының «Өнімді сараптамалық жүйелер мен жасанды нейрон желілері негізінде кәсіпорынды басқаруды автоматтандыру үлгілері, әдістері мен алгоритмдері» тақырыбында 05.13.06 – Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша докторлық диссертациясы.

Жұмыстың тақырыбын талдау. Диссертациялық жұмыстың мақсаты CALS технологиялары шегінде өнімді сараптамалық жүйелер мен жасанды нейрон желілер механизмдері негізінде үлгілерді оңтайлы қолдану әдістемесін жасау есебінен технологиялық процесстерді басқаруды автоматтандыру тиімділігін арттыру болып табылады.

Диссертациялық жұмыста келесі жаңа және дәлелденген ғылыми нәтижелер алынған:

- CALS технологиялары төңірегінде бұйымдар өндірісін дайындау барысында сараптау жүйелерінің аппараттары мен жасанды нейрондық желілерді тиімді қолдану аймақтарын анықтауға жаңа амал ұсынылды.


    • Кәсіпорынның басқару үрдістерін үлгілеуге және мультиагенттік жүйелердегі даулардың шешімдеріне қатысты мәселелердің жаңа кластарын шешуге мүмкіндік беретін, кәсіпорын ресурстарының мультиагенттік қайта қалыптасу үлгілерін құрастырудың жаңа әдістемесі ұсынылды.

    • Күрделі технологиялық үрдіс өнімдерінің технологиялық факторлары мен күрделі сапалық көрсеткіштері арасындағы функционалдық сыбайластықты үлгілеу үшін қабатты нейронды желі қолдану әдістемесі ұсынылды, жасанды нейрондық желі негізінде технологиялық үрдіс үлгілерін қалыптастыру амалдарының әдістемелері, нейрожелілік үлгілер қалыптастыру үрдісінің автоматтандырылуына мүмкіндік беретін формалды әдістер мен ережелер ұсынылды.

    • Express тілінде жасалған, сараптау жүйелерінің және сәулетінің өнімдік ережелері мен жасанды нейронды желі мәндерінің коэффициенттерін жазуға арналған нысандық үлгі ұсынылды.

    • Кәсіпорынның бірыңғай ақпараттық кеңістігі жағдайында СЖ мен ЖНЖ біріктіре пайдалану үлгісі жасалды, бұл қолданылуы, шешімін дәстүрлі автоматтандыру жолдары арқылы табуға болатын, автоматтандыру мәселелерін шешу үшін тиімді болатын құрал қалыптастыруға мүмкіндік береді.

10) Анагулова Әлия Сүйіндікқызының «Аса робасты орнықты басқару жүйелерінің басқарылуы және бақылануы» тақырыбында 05.13.01 – Жүйелік талдау, басқару және ақпаратты өңдеу мамандығы бойынша докторлық диссертациясы.

Жұмыстың тақырыбын талдау. Диссертациялық жұмыстың мақсаты робасты орнықтылық потенциалы жоғары басқару жүйелерінің басқарылуы мен бақылануын зерттеудегі теориялық негізін жете зерттеу және жүйе параметрлерінің анықталмағандық және алдын ала белгісіз өзгеру шарттарының жағдайында құрылымдық-орнықты бейнелеу класында бақылау құрылғыларын құрастыру.

Диссертациялық жұмыста келесі жаңа және дәлелденген ғылыми нәтижелер алынған:

- құрылымдық-орнықты бейнелеу класында құрастырылған робасты орнықтылық потенциалы жоғарылатылған басқару жүйелеріндегі басқарылу мен бақылану шарттары зерттеу және алу;

- бір параметрлі құрылымдық-орнықты бейнелеу класында анықталмаған параметрлі басқару жүйелеріндегі бақылау құрылғысының моделін құрастыру және зерттеу әдістерінің жолын ұсыну;

- әртүрлі кластағы белгісіз параметрлі объектілер үшін құрылымдық-орнықты бейнелеу класында құрастырылған бақылау құрылғысының әртүрлі тұрақталған күйінің робасты орнықтылығын бағалау әдісін жете зерттеу;

- бақылау құрылғысының кез келген анықталмаған параметрлері үшін робасты орнықтылығы рұқсат болатын тәжірибелік басқару жүйелері үшін бір параметрлі құрылымдық-орнықты бейнелеу класында бақылау құрылғыларын құрастыру жолын ұсыну.



11) Мұстафина Аққыз Құраққызының «Оқу – білім процесін автоматтандыру жүйесін жетілдірудің тиімділігін көтеру әдісі (мысал ретінде Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті)» тақырыбында 05.13.01- Жүйелік талдау, ақпаратты өңдеу және басқару мамандығы бойынша докторлық диссертациясы.

Жұмыстың тақырыбын талдау. Диссертациялық жұмыстың мақсаты оқу – білім процесін автоматтандыру жүйесін жетілдірудің тиімділігін көтеру және сапасын бағалау моделін және әдістерін құрастыру.

Диссертациялық жұмыста келесі жаңа және дәлелденген ғылыми нәтижелер алынған:



  • оқу – білім процесін автоматтандыру жүйесін жетілдіру тиімділігін басқару есептерінің математикалық қойылымы қалыптастырылған және оны басқарудың жеке контурларына декомпозиция орындалған;

  • Мамандықтың оқу жоспарын құрастыруда алғашқы рет математикалық моделі шешімдер қабылдау теориясы «тиянақсыз шартта» негізінде өңделген;

  • Имитациялық моделдеуді Монте-Карло әдісімен кешенді қолдану негізінде белгісіз шартта тиімді жетілдіруді бағалау моделі құрастырылған;

  • Автоматтандыру жүйе мінездемесін тиімді зерттеу алгоритімдері және моделдері көпшілікке қызмет көрсету теория әдістерімен құрастырылған.


4. Ресми оппоненттер жұмыстарын және жетекші ұйымдар пікірлерін талдау.

Ресми оппоненттер ретінде келесі ғалымдар ұсынылды:

О.Н. Обухованың диссертациясы бойынша:

- техника ғылымдарының докторы Сыздықов Д.Ж.;

- техника ғылымдарының кандидаты Бұранбаева Ә.И.;

Н.А. Қапалованың диссертациясы бойынша:



  • техника ғылымдарының докторы Бейсенбі М.А.;

  • техника ғылымдарының кандидаты Ширяева О.И.;

С.Е. Нысанбаеваның диссертациясы бойынша:

  • техника ғылымдарының докторы Бейсенбі М.А.;

  • техника ғылымдарының докторы Веселов Г.Е.;

  • техника ғылымдарының докторы Исмаилов Б.И.;

Н.В.Сябинаның диссертациясы бойынша:

  • техника ғылымдарының докторы Қазиев Ғ.З.;

  • техника ғылымдарының кандидаты Аимрбаев Т.Р.;

А.Қ. Жұмаевтың диссертациясы бойынша:

  • техника ғылымдарының докторы Ахметов Б.С.;

  • техника ғылымдарының докторы Балафанов Е.К.;

Қ.Т. Кошековтың диссертациясы бойынша:

  • техника ғылымдарының докторы Биттеев Ш.Б.;

  • техника ғылымдарының докторы Букреев В.Г.;

  • техника ғылымдарының докторы Умбетов У.У.;

Ху-Вен Ценнің диссертациясы бойынша:

  • техника ғылымдарының докторы Қазиев Ғ.З.;

  • техника ғылымдарының докторы Двлорецкий С.И.;

  • техника ғылымдарының докторы Баймұхаммедов М.Ф.

С.Т. Аманжолованың диссертациясы бойынша:

  • техника ғылымдарының докторы Сыздықов Д.Ж..;

  • техника ғылымдарының кандидаты Бұранбаева Ә.И.;

А.А. Жикеевтің диссертациясы бойынша:

  • техника ғылымдарының докторы Биттеев Ш.Б.;

  • техника ғылымдарының кандидаты Волобуева О.П.;

Ә.С. Айнагулованың диссертациясы бойынша:

  • техника ғылымдарының докторы Сыздықов Д.Ж.;

  • техника ғылымдарының кандидаты Шевяков Ю.В.;

А.Қ. Мұстафинаның диссертациясы бойынша:

  • техника ғылымдарының докторы Джапаров Б.Ә.;

  • техника ғылымдарының кандидаты Исмаил Е.Е.

Ресми оппоненттердің пікірлері ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің «Ережелерінің...» 24 бабының талаптарына толық сәйкес келеді. Сапасыз пікірлер болған жоқ. Ресми оппоненттердің пікірлерінде диссертация бойынша бірқатар ескертулер жасалған.

Диссертациялық кеңес жетекші ұйым ретінде ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бекіткен тізімі бойынша, сәйкес салалардағы өз жетістіктерімен белгілі ұйымдарды таңдады.

Обухованың О.Н., Нысанбаеваның С.Е., Аманжолованың С.Т. диссертациялық жұмыстары бойынша жетекші ұйым ретінде БҒМ математика институты, Ху-Вен Ценнің диссертациялық жұмысы бойынша жетекші ұйым ретінде Алматы энергетика және байланыс институты, Жикеевтің А.А. диссертациялық жұмысы бойынша жетекші ұйым ретінде Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қапалованың Н.А., Мұстафинаның А.К диссертациялық жұмыстары бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Жұмаевтың А.К., Айнагулованың А.С. диссертациялық жұмыстары бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Сябинаның Н.В. диссертациялық жұмысы бойынша М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникациялар Академиясы, Кошековтың К.Т диссертациялық жұмысы бойынша Томск мемлекеттік басқару жүйелері мен радиоэлектроника университеті бекітілген.

Жетекші ұйымдардың пікірлерінде ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің «Ережелерінің...» 25 бабына сәйкес диссертация авторларының алған нәтижелерінің артықшылықтары мен кемшіліктері бағаланған, сонымен қатар диссертация нәтижелерін пайдалану жөнінде нақты ұсыныстар жасалған.


  1. Аттестациялау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар.

1. Жетекші ұйымдар тізімін алып тастап, оның орнына бұндай ұйымдарда керекті немесе салалас мамандықтар бойынша ғылыми дәрежесі бар мамандардың болуы жөнінде талаптар енгізу керек.

2. Диссертацияға керекті құжаттар саны мен көлемін азайту керек. Мысалы, эксперттік комиссияның қорытындысының орнына профильдік кафедраның немесе зертхананның қорытындысы жеткілікті.

3. Диссертациялық кеңестерге оппонентерді салалас мамандықтар бойынша жұмыс істейтін мамандарды тағайындауға рұқсат берілсін.



  1. Техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертациялар жөнінде мәліметтер

Диссертациялық жұмыстар



Мамандық шифрі

05.13.01

05.13.06

05.13.10

саласы: техника ғылымдары

Ізденуші арызы бойынша қаралудан алынған жұмыстар







Ізденушінің қорғау қорытындысы бойынша оң шешіммен:

1

2



соның ішінде басқа ұйымдардан







Ізденушінің қорғау қорытындысы бойынша теріс шешіммен:







соның ішінде басқа ұйымдардан







Қосымша қорытындылар берілген







2010 ж. 1 қаңтардан бастап қаралуға белгіленген









  1. Техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертациялар жөнінде мәліметтер

Диссертациялық жұмыстар



Мамандық шифрі

05.13.01

05.13.06

05.13.10

саласы: техника ғылымдары

Ізденуші арызы бойынша қаралудан алынған жұмыстар







Ізденушінің қорғау қорытындысы бойынша оң шешіммен:

5

2

1

соның ішінде басқа ұйымдардан

3

2

1

Ізденушінің қорғау қорытындысы бойынша теріс шешіммен:







соның ішінде басқа ұйымдардан







Қосымша қорытындылар берілген







2010 ж. 1 қаңтардан бастап қаралуға белгіленген

2




ОД 14.03.13 диссертациялық кеңесінің

төрағасы Д.Н.Шоқаев

ОД 14.03.13 диссертациялық кеңесінің



ғылыми хатшысы Б.Қ.Айтжанов



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет