Джумабаева Ш. Б., э.ғ. м., аға оқытушы, Төлеуұлы А., э.ғ. м., аға оқытушы



Дата03.05.2016
өлшемі87.6 Kb.
Джумабаева Ш.Б., э.ғ.м., аға оқытушы, Төлеуұлы А., э.ғ.м., аға оқытушы

Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРТТАРЫ
Экологический туризм в настоящее время является приоритетной отраслью и способствует устойчивому развитию экономики. Природный потенциал Казахстана предоставляет большие возможности для развития экотуризма, так как обладает большим разнообразием, уникальностью ландшафтов, еще не охваченных процессами урбанизации.
Now eco-tourism is a priority sector and contribute to the sustainable development of the economy. Natural potential of Kazakhstan provides great opportunities for the development of ecotourism, as it has a large variety of unique landscapes, not yet covered by urbanization.
Кілт сөздер: туризм, экотуризм, экожүйе, экологиялық тиімділік, рекреациялық ресурстар, инфрақұрылым
Туризмнің даму проблемалары әрқашан актуалды болатын, бірақ оларды қазіргі нарықтық жағдайда шешу үшін оларға ерекше бақылау керек, себебі жылдан жылға өсіп келе жатқан миграция қоршаған ортаға қауіп төндіреді, ол қауіпті, өндіріс, урбанизация және көлік құралдарының даму барысындағы келтіретін қауіптеріне тең деп айтуға болады. Бұл өте көп адамдардың бір жерде шоғырлануы кесірінен ландшафттың бұзылуы, қоқыс-қалдықтардың бір жерде жиналуы, музыкалық аппараттардың динамиктері шығаратын зиянды шутолқындары және көлік құралдарының төндіретін қауіпі. Су мен ауаның ластануына негізінен туризм моторизациясы үлкен үлесін қосты. Көпшілік туризмнің экологиялық талаптардың орындалмай дамуы табиғи кешендердің біртіндеп деградацияға ұшырауына әкеп соқтырды. Рекреациялық территориялардың деградацияға ұшырауының бір себебі ол туристік ұсыныстың туристік сұраныстан әлдеқайда төмен болуы, яғни рекреациялық саланың объектілерінің саны мен көптүрлілігі бойынша жеткіліксіз дамымағандығында, ал ол өз кезегінде адамдардың бір жерде, яғни өздерінің байырғы үйреніп қалған аумақтарында шектен тыс шоғырлануына әкеп соқтырады. Соған байланысты әлемнің көптеген елдерінде табиғи кешендердің бірқалыптылығын сақтайтын жоспарланған территориялы туризмнің түрі пайда болды. Ол туризм түрі әлемде -«экологиялық туризм» атын алды.

Әлемдік ғалымдардың жүргізген рейтингі бойынша Қазақстан соңғы екі жыл ішінде әлемдік туризм рейтингісіндегі орнын бес сатыға жоғарылатып, 88 орынды иеленді. Мемлекеттер ішінен туристерге ең тартымдылығы жөнінен Швейцария үш жыл қатарынан 1 орыннан көрініп келеді. 140 мемлекеттің ішінен туристерді қызықтырмайтын, сұраныс жоқ мемлекеттер ретінде Бурунди, Чад және Гаити саналды.

Рейтингті анықтау барысында зерттеушілер 14 критерий бойынша зерттеу жүргізген, негізінен келесідей критерилер ескерілген:


  • жергілікті заңнамалар;

  • қоршаған орта жағдайы;

  • қауіпсіздік;

  • денсаулық сақтау және гигиена;

  • ел үшін саяхаттар мен туризм басымдықтары;

  • әуе және жол көліктерінің инфрақұрылымы;

  • баға саясаты;

  • ұлттық, адами және мәдени ресурстар.

  • туризм инфрақұрылымы;

  • елдегі туризм әлеуеті;

  • коммуникация және байланыстың дамуы.

2020 жылға дейін Қазақстанда туристік саланы дамыту тұжырымдамасы қабылданған. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – жаңа тұрақты жұмыс оырндарын ашу. Тұжырымдаманың жүргізілуі аясында туризм саласында және де басқа да салаларда жұмыскерлер санын бірнеше есе өсіру жоспарлануда.

Тұжырымдамаға сәйкес 5 ұлттық туристік кластер анықталды. Оның ішінен 4 ұлттық және 20 аймақтық жобалар белгіленді. Қабылданған тұжырымдаманың табысты жүзеге асуының кепілі ретінде туризм саласы жақсы дамыған Малайзия, Сингапур, Испания, Мексика, Марокко және тағы басқа елдердің тәжірибелерін қолдану ұсынылған.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы туризм жоспар негізінде жүзеге асырылуда. 2010 – 2014 жылдарға жоспарланған Қазақстан Республикасының туризм индустриясының перспективалық бағытына арналған бағдарламасына сәйкес жүргізілуде. Тұжырымдамада көрсетілген басты жобалар қатарына құны 450 млрд. теңгеге жобаланған Ақмола облысында орналасқан «Бурабай» ТҰП – туристік – сауықтыру кешені, құны 345 млрд. теңге тұратын Алматы облысындағы Қапшағай суқоймасы маңындағы «Жаңа Іле» халықаралық туристік орталықтың құрылуы, құны 345 млрд. теңгеге бағаланған Маңғыстау облысы, Каспий теңізі жағалауында «Кендірлі» халықаралық курорт құрылысы жатады. Бұған қоса, Алматы маңында «Көк жайлау» тау шаңғы курорттық мегажобасы жоспарлануда.

Қазақстан Республикасының экологиялық әсері бойынша әлемдік рейтингтегі алатын орнын талдайтын болсақ, 2012 жылғы Иель университетінің жанынан құрылған экологиялық саясат және құқық орталығының зерттеуі бойынша 132 мемлекеттің ішінен Қазақстан 129 орыннан көрінді. Жүргізілген зерттеу туралы ақпаратты төмендегі кестеден көруге болады.

Қатысқан әрбір 132 мемлекеттің рейтингісі табиғи ресуртардың экологиясы мен басқаруы негізінде 10 санаттағы 22 көрсеткіш бойынша бағаланды. Олардың негізгілері келесілер:


  • жергілікті тұрғындардың денсаулығына қауіпті әсері;

  • ластанған ауа мен ластанған судың адам денсаулығына әсер етуі;

  • ластанған атмосфера мен су ресурстарының экожүйеге әсері;

  • орман массивінің жағдайы;

  • ауыл шаруашылығы мен балық аулау шаруашылығының масштабы;

  • климаттың өзгеруі;

  • қоршаған табиғи орта және оның экологиялық жүйесінің өміршеңдігі;

  • биологиялық әртүрліліктің сақталуы;

  • климаттың өзгеруіне қарсы тұру жағдайы;

  • экология аумағындағы мемлекет саясатының тиімділігі.

Төмендегі келтірілген кестеде әлем елдерінің экологиялық тиімділік индексі бойынша рейтингтері көрсетілген.

Төмендегі 1 кестеде ең таза мемлекеттер ондығы мен ең лас мемлекеттер ондығының тізімдері көрсетілген. Әлемдегі ең таза мемлекет саналатын Швейцария – табиғи ресурстармен қоршаған ортаның ластану мәселесін шешіп, қадағалауда көшбашсы мемлекет болып табылады.


1 Кесте

Экологиялық тиімділіктің индексі бойынша әлем елдерінің рейтингі


Рейтинг

Ең таза мемлекеттер ондығы

Рейтинг

Ең лас мемлекеттер ондығы

1

Швейцария

132

Ирак

2

Латвия

131

Түркіменстан

3

Норвегия

130

Өзбекстан

4

Люксембург

129

Қазақстан

5

Коста – Рика

128

ОАР

6

Франция

127

Йемен

7

Австрия

126

Кувейт

8

Италия

125

Индия

9

Ұлыбритания

124

Герцоговина

10

Швеция

123

Ливия

Планетамыздағы ең лас мемлекет ретінде Ирак танылды. Бірақ бұл бүгінгі күнгі экологиялық жағдай бойынша. Соңғы 10 жылда экологиялық жағдайдың даму тенденциясының рейтингісінде соңғы орынды Ресей иеленуде. 2000 жылдан 2010 жылға дейінгі уақыт аралығында экологияның жақсару көрсеткіші бойынша Латвия жетекші ел ретінде саналып келді. Ең таза және ең ластанған әлем мемлекеттерінің экологиялық тенденцияларының оң әсерлі индексі көрсетілген рейтингісін 2012 жылы иел және Колумбия университеттері құрастырды. Ең экологиялық оң әсерлі мемлекеттер ондығына бірінші орын иеленуші Швейцария, еуропа елдерінің үлкен, кішілі державалары: Латвия, Норвегия, Люксембург, Коста – Рика, Франция, Австрия, Италия, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия, Швеция енді. Бұл жасалған рейтинг тағы да дамыған елдер мен дамушы елдер экологиясы арасында айырмашылықтар бар екеніне куә болды (5орын Коста – Рика және 49 орын Америка Құрама Штаттары – ережеден шыққан). Бірақта батыс елдері сарапшыларының пікірінше, мәселе Еуропаның дамыған алып державалары өздерінің барлық зиянды өндірістерін әлемнің кедей мемлекеттеріндей өздері көтеретіндігінде емес. Мәселе жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемінде, сонымен қатар, экологиялық игіліктерге кететін инвестицияда. Дамушы елдер әлі де жергілікті халықтың әл- аухатын көтеру, сондай –ақ, өндірістің тұрақты үрдісі мен тұтынуға өту жолында.

Ең нашар экологиялық елдердің алғашқы ондығына бірінші орындағы Ирактан кейін, Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Оңтүстік Африка Республикасы, Йемен, Кувейт, Индия, Босня және Герцоговина, Ливия кіреді. Денсаулық сақтау саласының сарапшыларын Қытайдағы (116) және Үндістандағы экологиялық жағдай алаңдатады. Себебі, жер шарының 1/3 тұрғындары осы мемлекеттерде өмір сүреді.

The Guardian ағылшын газетінің жазуы бойынша қазіргі таңда ауаның ластануы Аспанасты елінің тұрғындарының денсаулығына үлкен қауіп тудыруда.

Денсаулық сақтау саласының сарапшыларының болжамдары бойынша, 2050 жылға дейін ластанған ауа жылына 3,6 млн. адамның қайтыс болуын әкеліп соғады. Бұл қайғылы жағдайдың басым бөлігі дәл осы Үндістан мен Қытайда болады деп болжануда. 2000 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықта экологиялық жағдайдың өзгеруіндегі нашар көрсеткішті жоғарыда айтылып кеткендей Ресей көрсетті. Екінші орыннан кувейт табылса, үшінші орында – Сауд Арабиясы, одан әрі Босня және Герцоговина, Эстония, Қырғызстан, Қазақстан, Ирак, Оңтүстік Африка Республикасы және ондықтың аутсайдерін Түркіменстан аяқтайды.

2000 - 2010 жж. Аралығында мемлекеттердің көп бөлігі өздерінің экологиялық көрсеткіштерін жақсартты. Алдыңғы қатарлы тенденцияларды Латвия көрсетсе, екінші орында – Әзірбайжан, үшінші орында – Румыния, әрі қарай Албания, Мысыр, Ангола, Словакия, Ирландия, Бельгия және Тайланд көрсетті.

Қазақстан Республикасында экологиялық туризмдi дамыту қажеттiлiгi тек экономикалық фактормен - жаңа жұмыс орындарын ашу, шалғай өңiрлердегi жергiлiктi қоғамдастықтарды дамытумен ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк тапсырыспен - халықтың денсаулық және бос уақытын пайдалану проблемасына тұтастай әрi жүйелi түрде мән берумен де түсiндiрiледi. Дүниежүзiлiк туристiк ұйым сарапшыларының деректерi бойынша соңғы он жылда экологиялық туризм неғұрлым танымал және кез келген мемлекеттiң тұрақты даму құралы болып табылады. Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша. Туристiк әлеуеттi зерттеу қорытындылары көрсеткендей, Қазақстанның экологиялық туризмiн дамыту үшiн үлкен мүмкiндiктерi бар.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында 10-нан астам экосайттер қызмет етеді. «Экосайт» дегеніміз - жергілікті қоғамдастықтарға негізделген экотуризм дамып, жобалар іске асатын жерді белгілейтін ЕОАҚ ұсынған термин. Мұндай экосайттердің көпшілігі ЕҚТА жəне оларға жақын жатқан аймақтарда орналасқан. ЕҚТА арасында келесілерді ерекшелеуге болады: Ақсу-Жабағлы МТҚ, Алматы МТҚ, Қорғалжын МТҚ, Батыс Алтай МТҚ, «Көлсай көлдері» МҰТП, Қатон Қарағай МҰТП, Көкшетау МҰТП, Сайрам-Өгем МҰТП жəне т.б [17]

Сонымен, экологиялық туризмнің тұрақты дамуы үшін жергілікті қоғамдастықтардың, туроператорлар, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, ЕҚТА-дың қызметкерлері мен туристердің тиімді өзара əрекеттесуі қажет. Экологиялық туризмнің табыс көзі – табиғатты қорғау бойынша түрлі мақсаттар мен əділ даму үйлесе алатындай, мықты ынтымақтастықты дамыту. Серіктестіктер қатысатын ойыншылардың саны мен олардың мұқтаждықтарына байланысты күрделі болуы мүмкін, бірақ мұндай қатынастарды орнату қажет болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:



  1. Балабанов И. Т. , Балабанов А. И. Экономика туризма: учебное пособие. - М. :Финансы и статистика, 2009. - 176 с

  2. Туризм саласының дамуын болжамжаудағы тиімді экономикалық-математикалық әдістер // «Қазақстан жоғары мектебі». - Алматы. - 2008. №4 263-265 б. (бірлескен авторлықпен).

  3. http://www.kit.gov.kz/index.php/kz/aza-standa-y-turizm

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет