Дүние жүзі тарихы



жүктеу 0.89 Mb.
бет1/5
Дата16.04.2016
өлшемі0.89 Mb.
  1   2   3   4   5
: files -> loader
loader -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
loader -> «550 лет Казахскому ханству». Интеллектуальная игра для старшеклассников
loader -> Әдісі: ойын- сайыс түрінде Қатысушылар: 5 а,в сыныптар Ойын барысы
loader -> Қазақ тілі Мұғалім: Мухамедкаримова К. Т. 9а, 9б сыныптары
loader -> Мағжан мен Абай сабақтастығы
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> 2. 3 с iшiнде контурды тесiп өтетiн магнит ағыны 3 Вб ден 9 Вб-ге дейiн артқан. Контурдағы индукция ЭҚК неге тең ?
loader -> 1. Адамзат тарихының дамуының алғашқы кезеңі
Дүние жүзі тарихы

1 нұсқа

1. Ежелгі Қытайдағы ұсақ мемлекеттерді біріктіруді жүзеге асырған патша:

А) Ашока.

В) Конфуций.

С) Кир.

D) Сыма Цянь.



Е) *Цинь Шихуан.
2. Монғол империясының құрылған жыл:

А) 1201 ж

В) 1202 ж

С) 1200 ж

D) *1206 ж

Е) 1205 ж


3. Венеция республикасының өмірлік басқарушысы:

А)* Дож


В) Король

С) Феодал

D) Монах

Е) Сеньор


4. 1773-1775 жылдары Ресейде болған көтерілістің басшысы:

А) Б.Хмельницкий

В) Д.Каракозов

С) С.Разин

D) *Е.Пугачев

Е) И.Болотников


5. Версаль бітім шарты жасалған қала:

А) Лондон

В) Рим

С) *Париж



D) Женева

Е) Токио
6. Британ фашистерінің жетекшісі:

А) Ш.Моррас.

В) Муссолини.

С) Н.Чемберлен.

D) А.Гитлер.

Е) *О. Мосли.
7. 1944 жылы КСРО одақтастарының фашистік Германияға қарсы ашқан майданы:

А) Украин майданы.

В) Оңтүстік майдан.

С) *Екінші майдан.

D) Шығыс майдан.

Е) Белорусь майданы.


8. Италия экономикасының шарықтап даму кезеңі:

А) 1980 - 90ж.ж.

В) 1960 - 70 ж.ж.

С) *1950 - 60 ж.ж.

D) 1990 - 95 ж.ж.

Е) 1970 - 80 ж.ж.


9. 1945 жылға дейін Кореяны отар еткен ел:

А) Қытай.

В) Франция.

С) АҚШ.


D) Англия.

Е) *Жапония.


10. Этнография ғалымы зерттейді:

А) Қоршаған ортаны.

В) Адамдардың шығу тегін.

С) Халықтардың нәсілдік ерекшелігін.

D) *Халықтардың әдет-ғұрып, салт-санасын.

Е) Халықтардың тіл ерекшеліктерін.


11. Оңтүстік славяндарға жататын халықтар:

А) Чехтар, поляктар, словактар.

В) Полабтар, поморлар.

С) Орыстар, украиндар, белорустар.

D) Орыстар, поляктар, сербтер.

Е) *Болгарлар, сербтер, хорваттар.


12. Англияда әскери қызмет атқарғысы келмеген феодалдарға II Генрихтың

енгізген саясаты:

А) *Қалқандық ақша.

В) Квинтрента.

С) Барщина.

D) Оброк.

Е) Рента.
13. Англияда Вильгельм Оранскийдің билігі орнаған жыл:

А) 1693 ж.

В) 1651 ж.

С) *1689 ж.

D) 1666 ж.

Е) 1673 ж.


14. XVIII ғ. Цин империясының ұстанған сыртқы саясаты:

А) Мәмлегерлік саясат

В) *Оқшаулану саясаты

С) Ашық есік саясаты

D) Ымырашыл саясаты

Е) Араласпау саясаты


15. 1913 жылы 30 мамырдағы Лондон бейбіт келісім шартының мәні:

А) Түркия жаулап алынды.

В) Ресей теңізге шығуын жоғалтты.

С) Грекия Түркияға берілді.

D) Англия өзінің флотын Азов теңізіне енгізді.

Е) *Балқан түбегінің саяси шекарасы анықталды.


16. XIX ғ. ортасында Италияда біртұтас ұлттық мемлекет құру жөнінде нақты

жоспар ұсынған граф:

А) Иосиф Радецки

В) Джузеппе Гарибальди

С) *Камилло Бенсо Кавур

D) Карл Альберт

Е) Джузеппе Мадзани
17. 1894 ж. құрылған «Қытайды қайта өркендету қоғамының» басты мақсаты:

А) Парламенттік монархияны орнату

В) Отаршылдарға қарсы күресте Цин империясымен жақындасу

С) Цин империясынан реформалар жүргізуін талап ету

D) «Өзін-өзі күшейту» саясатын қайта қолға алу

Е) *Қытай Республикасын құру


18. 1951 жылы жеңіске жеткен консерваторлардың мемлекет меншігіне алған

өнеркәсіптері:

А) *шойын өндіру, автомобиль жолдары саласы

В) жеңіл өнеркәсіптер

С) тоқыма және мұнай өндеу

D) газ өнеркәсіптері

Е) тері және аяқ киім жасау
19. Герман территориясында екі мемлекет ГДР және ГФР болып екіге бөлінуі:

А) 1948 ж.

В) 1947 ж.

С) 1945 ж.

D) *1949 ж.

Е) 1946 ж.


20. Рим императоры Гай Юлий Цезарь қаза тапқаннан кейінгі қалыптасқан

саяси жағдай:

А) *империялық басқару жүйесі орнады

В) демократиялық басқару жүйесі орнады

С) республикалық басқару жүйесі қалыптасты

D) бытыраңқылық жойылып, біртұтас мемлекет құрылды

Е) империя батыс және шығыс болып бөліне бастады
21. Араб халифаты бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдыраған кезең:

А) VII-IX ғасыр.

В)* VIII-X ғасыр.

С) IX-X ғасыр.

D) VIII ғасыр.

Е) X-XI ғасыр.


22. 1856 ж. Осман империясының экономикасына шетелдік қаржының көптеп

келуіне жол ашқан саясат:

А) Жаңа шикізат көздерінің ашылуы

В) Христиандарды мемлекеттік қызметке алуға рұқсаттың берілуі

С)* Шетелдіктерге жеке меншік, қозғалмайтын мүлік алуға рұқсат беру

D) Ұлттық қозғалыстарға бірқатар жеңілдіктер жасауы

Е) Мұсылман емес халықтарға мемлекет алдында теңдік құқығының

Берілуі
23. Үштік Одақ деп аталатын одақтық шартқа қандай оқиғаның нәтижесінде

қол қойылғанын анықтаңыз:

А) Антанта әскери блогы құрылғаннан кейін.

В) Болгария мемлекеті құрылғаннан кейін.

С) Жапон-Қытай соғысынан кейін.

D)* Италия Тунисті басып алғаннан кейін, Германия тарапынан қолдау

табуы.


Е) Ресей Түркияға соғыс жариялағаннан кейін.
24. 1921 жылы Монғол араттар төңкерісінің бай-феодалдарының экономикалық

үстемдігін құлата алмау себебі:

А) Араттардың КСРО мамандарының реформаларына сенім артуы.

В)* Мал басының көпшілігі ірі бай-феодалдардың иелігінде болуы.

С) Қытай мен Монголия арасында соғыстың шығуы.

D) Боғдыханның араттарды тек қана діни мәселелермен шұғылдануға көндіруі.

Е) Араттардың саяси сауаттылықтарының әлі де төмен болуы.
25. Еуропалық одақ елдерінің 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізген іс-ша-

расы:


А) Біртұтас ақша жүйесі ЭКЮ-ге көшу.

В) Долларға тиым салу.

С) Кедендік қатынасты реттеу.

D)* Біртұтас ақша жүйесі Евро-ға көшу.

Е) Жекелей емес есеп айырысуға көшу.

2 нұсқа

1. Ежелгі египеттіктердің таңба жазуының атауы:

А) Сына.

В) Папирус.

С) Петроглиф.

D) Алфавит.

Е) *Иероглиф.
2. Роджер Бэконның дәлелдеуі бойынша білім алу үшін негізгі қажеттіліктер:

А) Ежелгі жазба деректер.

В)* Бақылау мен тәжірибе.

С) Шіркеудің қолдауы.

D) Шаруашылықтың дамуы.

Е) Өкіметтің қамқорлығы.


3. 1765 жылы бу машинасын құрастырған:

А) Г. Картрайт.

В) Р. Аркрайт.

С) Л. Харгривс.

D) Д. Стефенсон.

Е)* Д. Уатт.


4. 1703 жылы салына бастаған қала:

А) Тверь.

В) Суздаль.

С)* Санкт-Петербург.

D) Кенинсберг.

Е) Төменгі Новгород.


5. Осман империясының билеушісінің титулы:

А) *Сұлтан.

В) Император.

С) Әмір.


D) Хан.

Е) Король.


6. Вашингтон конференциясында бұл мемлекетке қатысты «ашық есік» саясатын

жариялады:

А) Жапония.

В) Үндістан.

С) Корея.

D)* Қытай.

Е) Түркия.
7. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары:

А) 1938-1946 ж.ж.

В)* 1939-1945 ж.ж.

С) 1937-1949 ж.ж.

D) 1941-1945 ж.ж.

Е) 1936-1944 ж.ж.


8. 1985 жылы КСРО-да билік басына келген:

А) К.У.Черненко.

В) Ю.В.Андропов.

С) Б.Н. Ельцин.

D) *М.С. Горбачев.

Е) Л.И. Брежнев.


9. Ғарышты игерудің теориялық негізін қалаған ғалым:

А) Л.Пастер.

В) Р.Декарт.

С)* К.Циолковский.

D) А. Мендель.

Е) К. Тимирязев.


10. Ежелгі Қытайдың тарихы жазылған «Тарихи жазбалар» еңбегінің авторы:

А) *Сыма Цянь.

В) Конфуций.

С) Сыма Сянжу.

D) Чжан.

Е) Гу.
11. «Феод» сөзінің мағынасы:

А) Саудаға бақылау орнату.

В) Шіркеу иеліктері.

С)* Сыйға берілетін жер үлесі.

D) Салық жинау правосы.

Е) Қолөнер шеберханасы.
12. 1302 жылы Францияда құрылған сословиелік-өкілдік орган:

А) Парламент.

В) *Бас штаттар.

С) Сейм.


D) Кортес.

Е) Сенат.


13. Париж Коммунасының белгілі қайраткерлерінің бірі:

A) *Луиза Мишель.

B) Роза Люксембург.

C) Надежда Крупская.

D) Клара Цеткин.

E) Елизавета Дмитриева.


14. 1845 жылы Мексикадан бөлініп, өзі еркімен АҚШ–ң құрамына кірген штат:

А) Невада.

В) Аризона.

С) *Техас.

D) Флорида

Е) Калифорния.


15. Математикадағы дифференциалдық есептеудің авторы болған заңгер, әрі

философ:


А)* Г. Лейбниц.

В) П.Лаплас.

С) Ф.Бэкон.

D) Р.Декарт.

Е) А.Лавуазье.
16. Молотов-Риббентроп пактісі жасалған уақыт:

А) 1941 ж. 23 тамыз.

В) 1940 ж. 23 тамыз.

С) *1939 ж. 23 тамыз.

D) 1938 ж. 23 тамыз.

Е) 1937 ж. 23 тамыз.


17. Эвиан қаласында Алжирге тәуелсіздік беру туралы келісімге қол қойылған

жыл:


А) *1962 ж.

В) 1970 ж.

С) 1965 ж.

D) 1975 ж.

Е) 1953 ж.
18. АҚШ-ғы «уотергейт жанжалы» болған жыл:

А)* 1974 жыл.

В) 1971 жыл.

С) 1973 жыл.

D) 1970 жыл.

Е) 1976 жыл.


19. Мао Цзэдун қайтыс болған жыл:

А) *1976 ж.

В) 1964 ж.

С) 1953 ж.

D) 1972 ж.

Е) 1970 ж.


20. Батыс Рим империясының құлауының белгісі ретінде германдықтар:

А) *императорлық белгі болып саналатын плащ пен бас киімді

Константинопольды қайтарды.

В) империяның орталығын Равенн қорғанына көшірді.

С) Остготтар мемлекетін жариялады.

D) Рим қаласын қираған үйіндіге айналдырды.

Е) Орестің 15 жасар ұлын-Ромулды император деп жариялады.
21. XI ғ. Орыс мемлекетінің гүлденіп, дамуына негізін қалаған ұлы кінәз:

А) Владимир.

В) Олег.

С) Святослав.

D)* Ярослав Мудрый.

Е) Игорь.


22. Ресей үшін Ливон соғысының нәтижесі:

А) Балтық теңізіне дол ашылды.

В) Речь Посиолита талқандалды.

С)*Ресей жеңіліс тауып, халықаралық беделі әлсіреді.

D) Ресейге Смоленск толық қосылды.

Е) Швецияны талқандады.


23. 1628-1644 жылдардағы Қытайдағы шаруалар көтерілісінің басшысы:

А) Нурхаци

В) У.Сангуй.

С) Шунчжи.

D)* Ли Цзычэн

Е) Цяньлуи.


24. XIX ғ. Осман империясының сұлтаны II Махмұдтың мемлекетті басқару ісіне

енгізген өзгерістері:

А) Жерге жеке меншік құқығы жойылды.

В)* Еуропалық үлгідегі министрліктер құрылды.

С) Дәстүрлі басқару жүйесі нығайтылды.

D) Парламенттік басқару жүйесін енгізді.

Е) Бүкіл аймақтарға өзін-өзі басқару құқығы берілді.
25. 1918 ж. Жапониядағы «күріш бүліншілігі» қозғалысының шығу себебі:

А) Шаруалардың күріш алқаптарындағы ауыр тұрмысы.

В)* Ашыққан тұрғындардың көшелерге шығып күріш қамбаларын қиратуы.

С) Жер сілкінісінен кейінгі болған бүліншілік.

D) Шаньдуннан бас тарту.

Е) Каноэ үкіметіне қарсы наразылық.



3-нұсқа

1. Ежелгі дүние тарихының кезеңдері:

А) Саналы адам пайда болғаннан бастап қола дәуіріне дейін

В) Епті адамнан саналы адамға дейін

С)*Адамдардың пайда болуынан бастап орта ғасырға дейін

D) Терімшіліктен егіншілікке дейін

Е) Аналық рудан Аталық руға өткенге дейін
2. Вавилон патшалығын құрған билеуші

А)*Хаммурапи

В) Семирамида

С) Гильгамеш

D) Навуходоносор

Е) Ур ІІІ


3. Үшінші Пуни соғысы аяқталды:

А) Римнің уақытша жеңілуімен

В) Римнің толық күйреуімен

С) Римнің уақытша жеңісімен

D)*Римнің Карфагенді толық күйретуімен

Е) Екі жақ өзара келісімге келді


4. Францияда сословиелік монархия орталықтанған мемлекет қалыптасқан уақыты:

А) ХІІ ғасыр

В) ХІІІ ғасыр

С) ХV ғасырдың аяғы

D)*ХІV ғасырдың басы

Е) ХV ғасырдың ортасы


5. АҚШ Конститутциясы қабылданған жыл:

А) 1783 ж.

В) 1789 ж.

С)*1787 ж.

D) 1776 ж.

Е) 1775 ж.


6. Конкистадорлар...

А) нәсілшіл террористер

В) кертартпа тәртіптерді жақтаушы

С) үкімет басындағы қызметкердің лауазымы

D)*испан-португал басқыншылары

Е) шаруашылығында жалдамалы еңбекті пайдаланушы


7. ХІХ ғ. Иранды экономикалық жағынан тәуелді елге айналдыру бәсекелестігіне түскен елдер:

А) Бельгия мен Франция

В)*Англия мен Ресей

С) Англия мен Түркия

D) Англия мен Бельгия

Е) Ресей мен Түркия


8. БҰҰ құруға қатысқан мемлекеттің саны:

А) 156 мемлекет

В) 100 мемлекет

С)*51 мемлекет

D) 140 мемлекет

Е) 112 мемлекет


9. 1948 жылы құрылған мемлекет:

А) Ангола

В) Марокко

С)*Израиль

D) Алжир

Е) Тайвань


10. V ғасырда Рим империясы арқылы Солтүстік Африка жеріне өткен герман тайпасы

А) Вестготтар

В)*Вандалдар

С) Остготтар

D) Ағылшын-сакстар

Е) Франктер


11. V ғасырда эфталит тайпалары өз мемлекетін құрған аймақ

А) Кіші Азияда

В) Орта Азияда

С)*Ауғанстанда

D) Үндістанда

Е) Шығыс Түркістанда


12. ХІ-ХІІ ғ.ғ өзінің сұстылығымен, алыптылығымен және жарты дөңгелекті аркаларымен ерекшеленетін архитектуралық стиль:

А) Готикалық

В)*Романдық

С) Рококо

D) Барокко

Е) Викториандық


13.Англияда азамат соғысын бастағандар:

А) буржуазиямен мен шіркеу

В) король мен шіркеу

С)*король мен парламент

D) король мен феодалдар

Е) шіркеу мен парламент


14. ХVI ғасырдың басынан араб елдерін бағынышылықта ұстаған империя

А)*Осман империясы

В) Франция

С) Ұлы Моғол империясы

D) Англия

Е) Сефевидтік Иран


15. І дүниежүзілік соғыстан кейін Германия конститутциясын жариялаған қала:

А) Берлинде

В) Мюнхенде

С) Кельнде

D)*Веймарда

Е) Дрезденде


16. Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен Францияның Германиядан қайтарып алған өңірлері:

А) Рейн, Рур

В) Тулуза

С)*Эльзас, Лотарингия

D) Веймар

Е) Бавария


17. ГФР-дің 1982 жылы канцлері болған христиан-демократиялық партиясының мүшесі:

А) В.Пик


В)*Г.Коль

С) К.Аденауэр

D) М.Эберт

Е) В.Брандт


18. Халықаралық құқықтың субъекті ретінде КСРО өз өмір сүруін тоқтатты:

А) 1991 ж. наурызда

В)*1991 ж. желтоқсанда

С) 1991 ж. тамызда

D) 1991 ж. қаңтарда

Е) 1991 ж. маусымда


19. 1948 жылы Италияда парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия:

А) Италия Коммунистік партиясы

В) Италия Социалистік партиясы

С)*Христиан демократиялық партиясы

D) Италиан әлеуметтік қозғалысы

Е) Жұмысшы партиясы


20. Дамыған орта ғасырларда Еуропадағы бейнелеу өнерінің аса зор жетістігін көрсетіңіз

А)*Кітап миниатюрасы

В) Гравюра

С) Майлы бояу қолдану

D) Кескіндеме

Е) Гуманизм


21. 1848-1849 жылғы Италия революциясының нәтижесі:

А) Австрияны біржолата күйретті

В)*революция жеңіліспен аяқталды

С) Италияның бірігуі аяқталды

D) Рим республикасы құрылды

Е) Джузеппе Гарибальди диктатор болып жарияланды


22. ХІХ ғ. Үндістан радикалдарының ұлттық өнеркәсіпті бәсекелестіктен сақтап қалу үшін жасаған мәлімдемесі:

А) Ағылшындармен жаңа сауда келісімдерін қабылдау

В)*Ағылшын тауарларына бойкот жариялау

С) Үнді тауарларының бағасын көтеру

D) Ағылшын тауарларын елге кіргізбеу

Е) Ағылшын тауарларына салықты көбейту


23. ХVII-XVIII ғасырдағы Еуропа халықтары мәдениеті мен өнеріндегі бірін-бірі ауыстырып отырған үш көркем бағыт

А) Утопиялық көзқарас, эмпиризм, материализм

В) Идеализм, гуманизм, реализм

С)*Классизм, романтизм, реализм

D) Утопиялық көзқарас, романтизм

Е) Материализм, эмпиризм, идеализм


24. Түркияның Ұлттар Лигасына мүшелікке өткен жылы.

А) 1930 жыл

В) 1931 жыл

С) 1935 жыл

D)*1932 жыл

Е) 1933 жыл


25. БҰҰ Бас Ассамблеясы Палестинаға британ мандатын жою және екі мемлекетті – Араб және Израиль мемлекеттерін құру туралы шешімі қабылданған жыл:

А) 1946 ж.

В) 1973 ж.

С)*1947 ж.

D) 1956 ж.

Е) 1949 ж.



4-нұсқа

1. Жер шары халықтарының үш нәсілге бөліну негіздері (монғолоид, негроид, европоид):

А) Іскерлік қасиеттері

В) Ақыл-ой қабілеті

С)*Сыртқы түрінің ерекшеліктері

D) Дүниежүзілік өркениеттің дамуындағы нәтижесі

Е) Өндірістің даму деңгейі
2. Алғашқы мемлекеттер пайда болған жерлер:

А) Крит және Кипр аралдарында

В) Шығыс Африкада

С)*Нил, Тигр және Евфрат өзендерінің алқабында

D) Аппенин түбегінде

Е) Қытайда


3. Ежелгі Афиныдағы жоғары өкімет билігі

А)*Демостар

В) Патша

С) Халық жиналысы

D) Сенат

Е) Өкілдер жиналысы


4. 1054ж. Рим папасы мен Константинополь патриархы арасындағы жанжалдан соң шығыс шіркеуі былай аталды.

А)*Православиялық

В) Католиктік

С) Лютерандық

D) Протестандық

Е) Кальвиндік


5. ХVІІ ғ. Франциядағы сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі:

А) Парламент

В) Сейм

С)*Бас штаттар



D) Конгресс

Е) Конвент


6. І Наполеонның соңғы шайқасы болған жер:

А) Бородино

В) Лейпциг

С)*Ватерлоо

D) Аустерлиц

Е) Фридланд


7. Қытай Республикасының тұңғыш президенті:

А) Чан Кай Ши

В) Кан Ювэй

С)*Сунь Ятсен

D) Юань Шикай

Е) Лян Цичао


8. Екінші дүниежүзілік соғысжылдары:

А) 1941-1945 жж.

В) 1938-1946 жж.

С) 1936-1944 жж.

D)*1939-1945жж.

Е) 1937-1949 жж.


9. 1979 жылы желтоқсанда кеңес әскері енгізілген ел:

А)*Ауғанстан

В) Венгрия

С) Польша

D) Пәкістан

Е) Чехословакия


10. Герман тайпаларының Рим империясының территориясына баса-көктеп енуінің салдары:

А) Рим империясының қайта өркендеуі

В)*Құл иеленушілік құрылысты қиратты

С) Христиан дінінің шығуына себеп болды

D) Христиан дінін империяда мемлекеттік дін етті

Е) құл иеленушілік құрылысты нығайтты


11. «Феод» сөзінің мағынасы:

А) Шіркеу иеліктері

В) Шаруалардың жер үлесі

С)*Сыйға берілген жер үлесі

D) Қолөнер шеберханасы

Е) Салық жинау правосы


12. Романовтардың Ресейде патшалық құрған кезеңі:

А)*ХVII-ХХ ғ.ғ. басы

В) ХVІ-ХІХ ғ.ғ. басы

С) ХVІІ-ХІХ ғ.ғ. басы

D) ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ басы

Е) ХV-ХVІ ғ.ғ басы


13. 1709ж Ресейдің Еуропадағы ролін кеңейтуге ықпал еткен І Петрдің басшылығымен өткен шайқас:

А) Азов шайқасы

В)*Полтава шайқасы

С) Балтық шайқасы

D) Нева шайқасы

Е) Нарва шайқасы


14. Жоңғар мемлекетінің алғашқы ханы:

А)*Батыр қонтайшы

В) Цэван Рабдан

С) Дабашы

D) Қалдан Цэрэн

Е) Қалдан –Бошоқты


15. Германияда революция басталған жыл:

А) 1915 қараша

В)*1918 қараша

С) 1919 қараша

D) 1917 қараша

Е) 1916 қараша


16. Италияда фашистік ұйымдар пайда болған уақыт:

А)*1919 жылы

В) 1917 жылы

С) 1918 жылы

D) 1920 жылы

Е) 1916 жылы


17. ГДР құрылған жыл:

А) 1948 ж. 20 маусым

В)*1949 ж. 7 қазан

С) 1949 ж. 25 қаңтар

D) 1949 ж. 8 мамыр

Е) 1949 ж. 4 сәуір


18. Германия Федеративтік Республикасының парламентінің төменгі палатасы:

А)*Бундестаг

В) Кнессет

С) Сторинг

D) Сенат

Е) Конгресс


19. 1970 жылы сайлауда Чилиде президенті болып сайланды

А) Че Геваре

В) А. Пиночет

С)*А. Альенде

D) Ф.Батиста

Е) Х. Перон


20. Моңғол шапқыншылығы алдында (1200-1220 жылдары) Хорезмде билік еткен шах.

А) ІІ Мамун ибн Мамун

В)*ІІ Мұхаммед

С) Текеш


D) Ануш-тегин Атсыз

Е) Арслан


21. Германия империясының бірінші рейхсканцлері:

А) І Вильгельм

В) Роон

С) Бюлоф


D)*Бисмарк

Е) IV Фридрих


22. XXғ. Басында Қытайдағы ұлтттық – демократиялық қозғалыстың идеологы (пірі):

А) Юань Шикай

В) Дэн Сяопин

С) *Сунь Ятсен

D) Мао Цзэдун

Е) Чан Кайши


23. Химияға атомдық салмақ туралы ұғымды енгізіп, алғаш рет хиимялық формулаларды қолданған ағылшын ғалымы

А) Роберт Майер

В) *Джон Дальтон

С) А.Беккерель

D) Луи Пастер

Е) В.Рентген


24. 1909 – 1910 жылдары Англия өзін - өзі билеу құқығын берген осы құрлықтағы бірінші доминионы:

А) Магриб Одағы

В) Тропиктік Африка Одағы

С) Африкадағы Араб елдерінің Одағы

D)*Оңтүстік Африка Одағы

Е) Орталық Африка Одағы


25. 1997 жылы Франция Ж.Ширак үкіметі жүргізген саясат:

А) Экономикада мемлекеттік сектордя күшейту

В) Шовинистік

С) Апартеид

D)*Жекешелендіру

Е) Репрессия



5 нұсқа

1. Жалпы тарихтың бірінші кезеңі болып табылады:

А) патриархат

В) * ежелгі дүние тарихы

С) қауымдық даму кезеңі.

Д) матриархат.

Е) тас ғасыры.
2.Греция Европаның мына бөлігінде орналасты:

А) * Оң түстігінде.

В) Батыс-Шығысында.

С) Сол түстігінде.

Д) Солтүстік-Шығысында.

Е) Батысында.


3.Орта ғасырларда Еуропадағы құрылған алғашқы университеттерде оқу... тілінде жүргізілді.

А) Ағылшын тілі

В) * Латын тілі

С) Араб тілі

Д) Неміс тілі

Е) Француз тілі


4.Солтүстік соғысына қатысқан мемлекеттер:

А) Ресей,Германия

В) Ресей,Туркия

С) Англия,Франция

Д) * Ресей,Швеция

Е) Финляндия,Швеция


5.Х\/ІІ-Х\/ІІІ ғасырларда еуропалықтардан сақтану жолында сыртқы әлемнен қол үзіп,оқшауланған Азия елі

А) * Жапония

В) Индонезия

С) Иран


Д) Шри-Ланка

Е) Үндістан


6.ХІХ ғасырдың 50-інші жылдарында АҚШ-та құлдарды көтеріліске шығаруға әрекеттенген көрнекті аболиционист-ақ фермер:

А) Гарриет Табмен

В) * Джон Браун

С) Нат Тернер

Д) Авраам Линкоълн

Е) Фридрих Зорге


7.ХХ.ғ. басындағы Үндістан халқын ағылшын отаршылдарына қарсы күреске шақырған үндеу:

А) «Демократия жасасын»

В) «Революция жасасын»
С) * «Өз тауарлармыз»

Д) «Монархия құласын»

Е)« Достық ынтымақтастық»
8.ХХ.ғасырдың екінші жартысында АҚШ-тың сыртқы саясатыны үнемі қолдау көрсетіп келген Еуропа елі

А) Германия

В) * Ұлыбритания

С) Швеция

Д) Швейцария

Е) Франция


9.1985 жылы КСРО-да билік басына келген:

А) Л.И.Брежнев

В) * М.С.Гарбачев

С) К.У Черненко

Д) Б.НЕлцин

Е) Ю.ВАндропов


10.Мемлекетті дара басқарған Римнің алғашқы императоры

А) Диоклетиан

В) * Октавиан

С) Федосий

Д) Константин

Е) Цезарь


11. Франк мемлекетінде салық жинайтын , әскерге басшылық жасайтын , сот ісін жүргізетін басшы:

А) Дінбасы

В) * Король

С) Колон


Д) Жасақ

Е) Граф
12. 1382 жылы қанды жорық ұйымдастырып Мәскеу қаласын өртеп кеткен Алтын Орда ханы

А) Мамай

В) * Тоқтамыс

С) Өзбек

Д) Жәнібек

Е) Барақ
13.ХVII-XVIII ғасырларда қрғамды қайта құруды насихаттағандар:

А) * Ағартушылар

В) Аболиционистер

С) Роялистер

Д) Кансерваторлар

Е) Протекционистер


14.1916 жылғы ақпан айындағы Германия мен Францияның арасындағы қанды шайқас

А) Ипр шайқасы

В) Марна шайқасы

С) * Верден қырғыны

Д) Аррас шайқасы

Е) Сомма шайқасы


15.Кеңес елінде индустраландыру бағыты қабылданған жыл

А) 1918 ж партияның ҮІІ сьезд

В) * 1925 ж парияаның ХІҮ сьезд

С) 1921 ж партияның Х сьезд

Д) 1926 ж партияның ХҮ сьезд

Е) 1920 ж партияның ХІ сьезд


16.1942 жылы 8 қарашадаФранция отары Иран мен Алжирге түсірлген ағылшын-американ десанттарының әскери қолбасшысы.

А) * Д. Эйзенхауер

В) Б . Монтгомери

С) Де. Голль

Д) Штауфенберг

Е) Шлиффен


17.Францияда Шарлъ Де Голлдің үкіметі орнаған жыл.

А)1941жылы

В) * 1944жылы

С)1943 жылы

Д)1945 жылы

Е)1942 жылы


18.1974 жылы АҚШ президенті Ричард Никсонның өз еркімен қызметінен кетуіне себеп болған саяси жағдай

А)Тарф-Хартил заңы яғни кәсіподақ қызметін шектеу.

В) Кариб дағдарысы

С) * «Уатергейт» жанжалы

Д) Вьетнамдағы соғыс

Е) Мартин Лютер Кингтің өлтірілуі


19.Солтүстік Африкадағы француз отары болып 1945-1962 ж.ж соғыстан кейін тәуелсіздігін алған мемлекет:

А) Тунис


В) Ливия

С) * Алжир

Д) Марокко

Е) Египет


20.1066 ж.Англияны жаулап алған Нормандия герцогі:

А) Карл.


В) * Вильгельм

С) Филипп

Д) Генрих Тюдор

Е) Людовик.


21.Вольфганг Амадей Моцарт-қай елдің композиторы?

А) Пруссияның

В) * Австрияның

С) Италияның

Д) Англияның

Е) Францияның


22.Жапонияның Ресейге қарсы соғыс бастаған жылы:

А) * 1904

В) 1893

С) 1900


Д) 1902

Е) 1889
23.1905-1911 жылғы Ирандағы революцияға қатысқан еңбекшілердің талабы:

А) * Шах билігі мен шетелдіктердің артықшылығын шектеу

В) Монахияның күшейуі

С) Жерді жеке меншікке беру

Д) Ислам дінінің артықшылығын шектеу

Е) Коммунисттік партия құру
24.Англия мен Францияның арасында Африканы бөлісу туралы келісім жасалған жыл:

А) 1869


В) 1879

С) 1889


Д) * 1899

Е) 1901
25.1982 жылы Фолкленд (мальвин) аралдары үшін болған әскери жанжал:

А) Қытай мен Въетнам арасында болды

В) * Ұлыбритания мен Аргентина арасында болды

С) Чили мен Бразиля арасында болды

Д) Жапония мен КСРО арасында болды

Е) АҚШ пен Мексика арасында болды



  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет