Домбырадан фудболға дейін



Дата01.05.2016
өлшемі87.65 Kb.
ДОМБЫРАДАН ФУДБОЛҒА ДЕЙІН
Баимбетов М.К. э.ғ.к.

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қаласы.
АҢДАТПА

Бұл мақалада мектептегі оқу-ағартушылық бағдарлама енгізуге арналған «Домбырадан футболға дейін» атты жобаның барысы туралы айтылады.
Қазіргі таңда мектеп жасындағы оқушыларға қазақтың классикалық дәстүрлі музыкасы-телегей-теңіз ғажайып мұрасы мен көпшілік спортық ойындар арқылы рухани байлығы мен ден бітімі шыңдалуын жақсартуға болады. Өз кезегінде ұсынылып отырған «Домбырадан фудболға дейін» атты жобаның мәні мен мағынасы Қазақтанда домбыра мен фудбол сабағын енгізу арқылы осы өнер мен спорт түрін дамыту. Сол–себептен Қазақтан мектебінде оқу үрдісіне 1-7 сыныптарға домбыра сабағын, ал 8-11 сыныптарға фудбол сабағын енгізу қажет.

Домбыра-ол тек қана өнеріңді шыңдап қана қоймай, жас өспірімнің рухани байлығы мен еліні, халқына, туып өскен жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра түседі. Домбыра өнерін мектеп бағытында дамыту өз кезегінде –домбыра индустриялы-өндірісн дамына әкеліп соғады.

Фудбол- жас өспірімдердің дене бітімдері мен денсаулықтарының дұрыс қалаптасына зор көмегін тигізеді. Қазіргі таңда компьютерде көп отыратын баларға ең болмаса (ұл болсын немесе қыз болсын) аптасына бір футбол ойнап тұрса денсаулығы үшін артық болмайды. Футбоды мектеп жасынан ойнайтын балдар келешек командалық клубтар үшін базалық резерв күштеріне айналады.

«Домбырадан фудболға дейін» жобаның әлеуметтік орта мен салалық спорт мен өнердің дамуына зор әсерін тигізері сөзсіз.

Мысалыға: -Домбыра саласында өнер оғарғы оқу орындары мен арнайы орта оқу орындарында қосымша мамандандырылған кафедралар мен факультеттер ашу қажеттілігі туындайды, олардан қаншама деген домбыра сабағын жүргізетін мамандар тәрбиеленіп шығады. Домбыра жасайтын өндіріс орындары көбейеді, бұл өз кезегінде қаншама жұмыс орындары ашылады деген сөз [1].

-Фудбол саласында арнайы денешынықтыру факульттерінде қосымша мамандандырылған кафедралар мен мамандар пайда болады. Фудболға қатысты құрал- жабдықтар мен спорттық инвертаризация шығару өндірісі дамиды.



Нарықтық талдау. Егерде бір зерттеп отырған Көкшетау қаласында барлығы 22 орта немесе арнайы мектептера бар екен. Онда барлығы 1-11 сыныптарда 18342 оқушы оқиды. Бұл тек қана бір кішігірім 150000 тұрғыны бар Көкшетау қаласы бойынша.

Маркетинг талдау. Егерде көршілес Қазақстанның сотүстік өңірінде орналасқан қалаларды қарастыратын болсақ, онда Қарағандыда- 39 мектеп, Петропавл қаласында- 40 мектеп, Павлодарда -25 мектеп бар екен. Олардың ар қайсысында орта есеппен 25000-30000 оқушы оқиды дейтін болсақ, онда біздің ұсынып отырған жобамыз мектеп үрдісіне төңкерістік жағдай туғызатыны сөзсіз. Өйткені жоғарғы тұрғыдан, яғни Білім және ғылым министрлігі мектеп бағдарламасын қайта құруға тура келеді. Басқа елдердегі оқу үрдісінде жақсы өзгерімтерге әкелген күрделі бағадарламаларға шолу жасап көрелік.

Мысалы: Қытайда 2000 жылдары бүкіл мектеп бағдарламасына денешынықтыру сабағына бөлек футбол сабығын енгізген. Оған жасөспірім балдардың шектен тыс семіріп кетуі себеп болған. Содықтан, Қытай мемлекетінің басшылары балдарды жиі-жиі қозғалысқа түсіру керек деп есептеп осындай жағдайға барған. Одан ертеректе жалпы қалықтың жұмысқа жарамдылықтарын көтеру мақсытында, жалпы қалыққа теледидар мен радио арқылы таңғы денешынықтыру орнына У-шу элемментерін жасауды уағыздаған. Сондықтан қазіргі таңда әр-бір қытайлық таңғы денешынықтыру орнына ушу биін билейді. Мұндай бағдарламалар өз кезегінде жақсы әлеуметтік нәтижелерін берген.

Жапонияда үлкен кәсіпорындарда жұмысшыларға арналған арнайы бөлмелер бар. Жұмысшылар шаршаған кезінде, сол бөлмелерде шаршағанын басады, одан бөлек қатты қобалжу жағдайларын (стресс) түсіру үшін, әсіресе өз бастықтарынан ұрыс естіген кезде, олар сол бөлмелерге кіріп, өз бастығының манекенін тауып алып ойына келгенін жасайды, сосын жұмысын ары қарай жалғастыра береді. Бұл әр-бір жұмысшының немесе қызметкердің еңбек өнімділігін төмендетпеу үшін жасалған шара болып табылады[3].

Корей мемлекетінде барлық қызметкерлер үшін, караоке жүйесі қатты дамыған, оны оларды киноларынан да көруге болады. Сингапурда сегізінші сныныпқа дейін оқушыларға қолдарына калькулятор ұстауға түбегейлі тиым салынған, осыдан болар жалпы білім жүйесінен бұл мемлекет әлем бойынша бірінші орында. Үндістанда бүкіл мектептерде ұлттық билерін билеу қыздар үшін, ал ұлдар үшін крекет ойындарын ойнау үрдіске айналған, яғни ұлттық ойынға айналдыра білген[4].



Оқу үрдісін талдау. Қазіргі таңда қазақстанда әскер қатарына шақырылатын ұл балдардың 60% мединициялық тексеруден өтпей қалып жатыр. Оған себеп, қазіргі жастардың не денсаулығы, салмағы немесе бойының ұзындығы жетпей қалып жатады. Бұл жағдай әр-бір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың қандай деңгейде екенін көрсетеді. Екіншіден мектепте балдардың денешынықтыру деңгейі қандай дәрежеде екенін көруге болады. Осы тұрғыдан қарағанда футболсабағы өте орынды болады деп санаймын. Ал, оқушылардың әсіресе қазақ балаларының үлкенге құрмет, кішіге ізет деген тәрбиелерінің ауылы алысқа кетген сияқты. Егерде, ата,әже, аға, жеңге, іні, қарындас деген ұғымдардың мән мағынысының өзін жеке сабақ ретінде мектеп оқушылары түгіл студентерге зорға түсіндіруге болады.

Сол-себептен домбыра сабағын өту, өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңылақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелерітін [2]. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскенді. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті. Осы ұлы тұлғалардың арқасында қанша ұрпақ дұрыс жолда тәрбиеленіп, нендей ұлы тұлғалар елін, халқын сүйетін азаматтар тәрбиеленді. Содықтан, домбыра сабағы қазіргі таңда рухани байлығымызды сақтап қалу мен оны одан ары қарай дамытудың бірден-бір жолы деп есептеймін.

Сондықтан мен зерттеп отырған бір ғана Көкшетау қаласында 24 мектептің 18342 оқушысы осы тұрғыда дәріс алатын болса, онда бұл өз нәтижесін берері сөзсіз.

Әлеуметтік аспектілер. Қоғамға әкелетін пайдасы мен әлеуметтік ортаға тигізер әсері қандай болмақ. Бірінші сыныптан бастап, ұлттық әдеп-ғұрып, дәстүрде тәрбиелену еліне, халқына, отанына деген ұлттық сезімін жоғарлатыны әбден. Оның үстіне жастардың ол ұл болсын, қыз болсын денсаулығы мықты болса келешек олардан да мықты ұрпақтар туатыны сөзсіз. Неге бұрынғы ұрпақ мықты болды, немесе денсаулығы күшті ұл, қыздар туылған. Өйткені, ата-бабаларымыз өмір бақи аттың үстінде жүрген. Ал, аттың үстінде жүрген дамдардың денсаулығы қандай болатынын мединицина да дәлелдеген. Өз кезегінде бұл ұрпақтың келешегі дұрыс жолға қойылады деген сөз.

Есепеу және болжау бөлімі, ұйымдастыру жоспары. Мектеп бағдарламасына түбегейлі өзгерістер енгізуге тура келеді. Бірінші сыныптан бастап жетінші сыныпқа дейін домбыра сабағын, ал 8-11 сыныптарға фудбол сабағын өткізу керек. Бұл қосымша сабақ ретінде, дене шынықтыру мен музыка сабағынан бөлек болуы тиіс. Егерде Көкшетау қаласында 18342 бала оқиды. Егерде орта есеппен әр-бір сыныпта 20-25 бала оқиды дейтін болсақ, онда қала бойынша 734(18342/25) сынып болады екен. Бұл өз кезегінде аптасына 734 қосымша сабақ деген сөз. Ендеше осыған байланысты қосымша Көкшетау қаласына 40 (734/18) мұғалім керек екен. Егерде қала бойынша барлығы 24 мектеп болған болса, онда шамамен әр-бір мектепке 1,5-2 оқытушыдан керек болады.

Қаржылық жоспар. Бұл жобаны іске асыру үшін бір Көкшетау қаласы боынша қаржылық сұранысқа талдау жасап көрелік.

Кесте 1.- Жобаның жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер



Р/с

Көрсеткіштер

Саны

1

Мектептер

24

2

Сыныптар

734

3

Қажетті мұғалімдер

40

4

Жалпы оқитын оқушылар, адам

18342

5

Әр-бір сыныпта оқитындар, адам

25

6

Домбыра сабағы үшін- домбыралар, дана

30

7

Ноталар мен арнайы сыныптарды безендіруге керекті заттар:

-Қажетті әдебиеттер;

-Аудио-видео материалдар;

-Ноталар жиынтығы;

-Арнайы жабдықталған бөлме;

30

30



30

1


8

Футбол сабағы үшін:

-Қажетті әдебиеттер

-Доптар, дана;

-Мұғалімге қажетті зарттар;

-арнайы жабдықталған кабинет, дана

30

30



30

1


Қала бойынша мектептер саны -24, онда оқытын оқушылар саны -18342 адам. Орта есеппен сыныптар саны -734. Осы жобаға байланысты мамандандырылған ұстаздар (футбол мен домбыра маманы) санына қажетттілік-40 адам. Егерде орта есеппен әрбір мектепке 30 домбыра мен ноталар жиынтығы керек болса, ал, футбол сабағына – 30доп, 10 үскірік мұғалім үшін және әр-бір мұғалімнің орта айлық мөлшері 50-60 мыңнан кем болмауы керек. Одан бөлек облыстық оқу бөлімі тұрғысынан жоспарлы түрде әрбір дас аралықтар арасында жылына екі рет жарыстар ұйымдастырылуы жоспарлы түрде міндетті түрде жүргізілуі қажет. Бұл жарыстар мектеп арлаық, аудан және облыстық болып өткізілуі тиіс. Ал жылына бір рет Республика көлемінде болуы қажет. Сонда ғана бұл жоба өз нәтижесін береді. Қазіргі таңда Қазақстанда бұдай жобаға ақша таблыда деп есептеймін.

Кесте1 мәліметтеріне сүйене отырып, мынандай қаржылық жобалау жасауға. Ол үшін әрбір мектепке шаққандағы орта есеппен кететін шығындар жиынтығын санап көрелік.

Бір мектепке жобаны енгізу үшін кететін шығындар соммасы: Домбыра сабағы үшін: -Қажетті әдебиеттерге орта есеппен 2000 теңгеден әр кітапқа кеттетін болса, онда бір мектеп үшін 30*2000 = 60000 теңге; аудио немесе видеолар ноталар үшін орта есеппен нарық бағасы бойынша 3000 теңге болса, онда мектеп үшін қажеттілік 30*3000 = 90000 теңгені құрайды, ал арнай бөлмені жабдықтау үшін орта есеппен (интерактивті тақта, компьютерлер, құлаққа салып тыңдау құралдары және т.б.) 500000 теңге кетеді деп есептейміз. Ал негізгі құрал домбыраға кеттетін қаржы 30*50000 = 1500000 теңгені құрайды. Оқу үрдісін жүргізетін мұғалімнің айлық жалақысына 1*12*50000 =600000 теңге кетеді екен. Сонда барлығы домбыра сабағы үшінкеттетін қаржы 60000+90000+500000+1500000+600000 =2750000 теңгені құрайды. -Футбол сабағы үшін: Қажетті әдебиеттерді 2000 теңгеден алынатын болса, онда бір мектеп үшін 30*2000 = 60000 теңге; алынатын доптар үшін орта есеппен нарық бағасы бойынша 5000 теңге болса, онда мектеп үшін қажеттілік 30*5000 = 150000 теңгені құрайды, ал арнай бөлмені жабдықтау үшін орта есеппен (интерактивті тақта, компьютерлер, дискілер.) 500000 теңге кетеді деп есептейміз. Оқу үрдісін жүргізетін мұғалімнің айлық жалақысына 1*12*50000 = 600000 теңге кетеді екен. Барлығы футбол сабағыы үшін кететін қаржы 60000+150000+500000 +600000 =1310000 теңгені құрады. Жалпы осы жоба бойынша бір мектеп үшін кеттетін шығынның жалпы соммасы орта есеппен (2750000 + 1310000) 4060000 теңгені құрайды екен. Егерде Көкшетау қаласы бойынша 26 мектеп бар болатын болса, онда бұл жобаның жалпы құны қала боынша (24* 4060000) 97440000 теңгені құрайтын болады. Бұл қаражат Қазақстанның келешегі үшін сесептейтін болсақ, түкке тұрмайтын ақша деп сесптеймін жәнеде ол өзін-өзі өтейді.

Тәуекелдерге баға беру. Жобаны іске асыруда кедергі болатын жәйттер: -Басқа ұлттардың неге тек қана домбыра деуі мүмкін, оны шешуге болады. Барлығына тиімді болу үшін (компромисттік жол: алдау үшін баян сабағын кейбір жағдайларда, бірақ домбыра сабағы міндетті түрде болуы тиіс); -Мектеп бағдарламасы халықаралық стандарттарға келмей қалады деген мәселер туындауы мүмкін, бұл өтірік сылтау оны да дәлелдеуге болады; -Көп ұлтты болғандықтан ата-аналар жағынан қарсылық болуы мүмкін, неге футбол сабағы; -Қаражат мәселесі, оның да жолын табуға болады деп есептеймін. Мысалыға, биылғы жылы Білім және оқу министрлігінде 22 млрд теңге жұмсалмай қалған. Ондай жағдайлар басқа министрліктерде орын алады, осындай қаржыларды осы мақсатқа жұмсауға болады деп есептейміз.
Қолданылған әдебиеттер:

1.Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. – Астана, Күлтегін баспасы, 2002.

2.Жұбанов А. Ғасырлар пернесі,Дайк-Пресс,2002.

3.Ермырза Ә. Қазақ футболының ғасырлық тойы: (Ярыш» футбол командасының құрылғанына 100 жыл) // Ертіс өңірі.-2013.-16 қаңтар.-3 б.



4.Миршанов Ә. На заре казахстанского футбола// Спорт.-1963.-8 қаңтар.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет