Дос болайық, бәріміз! Неліктен ойнамайды?



Дата03.05.2016
өлшемі26.73 Kb.






Дос болайық, бәріміз!



Неліктен ойнамайды?
Әкесі Аманға жаңа ойыншық әкеп берді. Қандай ойыншық десеңдерші! Қара бояуы жалтылдаған паровоз. Келесі күні Аман жаңа ойыншығын құшақтап аулаға шықты.

Сыртта оны Рахат, Күлзағира, Қали, Мұса, Шәйімкүл қоршап алды.

– Қараңдаршы, папам әкелді! – Аман паровозын құшағынан шығармай, мақтана сөйледі.

– Әкелші, көрейік...

Бере тұршы, жүре ме екен?..

– Қандай әдемі, кел ойнайық...

Аман ойыншығын қапсыра құшақтап, оларға бермей қойды.

Әрі-беріден соң Рахат та, Күлзағира да, Қали да, Мұса да, Шәйімкүл де өз беттерімен кетті.

Аман ойыншықты үйге әкеліп, төсегінің астына қойды да, сыртқа шықты. Қараса, Рахат, Күлзағира, Қали, Шәйімкүл өздерінше арық қазып ойнап жүр екен. Аман жүгіріп олардың қастарына келді.

– Мен де қосылайыншы! – деді олардың ойындарына қызыққан Аман. Бірақ Рахат та, Күлзағира да, Қали да, Мұса да, Шәйімкүл де үндеген жоқ.



С.Сарғасқаев


- Балалар неліктен Аманмен ойнағысы келмеді?


Көбелек

Қазақ халқының тәлімгерлігі
***

Көпке қарсы болма.

«Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» деген мәтел бар.

***


Қисық көшемен жүрсең де, түзу жүр.

***


Дос болсаң, берiк бол,

Досыңа серiк бол.





Доп та керек, дос керек
Күні бойы доп тебем,

Доп тепкенде доп тебем.

Жүгіремін қуалап,

Жеке ойнауды жек көрем.

Жақсы екен доп деген,

Тебе білсең еппенен.

Осы көпшіл добыммен,

Достар таптым көптеген.



Ғ.Жұматов


МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕР

Дос таппай көңіл тыным таппас. Татулық – табылмас бақыт.

****** ******

Достыстың айнасы – дос. Достық аста танылмас, істе танылар.

****** ******

Жолдасы көптің – олжасы көп. Аталастан ауылдас жақын.

****** ******

Достарды біз қолдаймыз, Дұшпаныңнан бір сақтан,

Қиын шақта қорғаймыз. Жаман достан мың сақтан.

****** ******

Досы көппен сыйлас, Тар жерде табысқан –

Досы азбен сырлас. Кең жерде келіседі.

****** ******

Жылқы кісінескенше, Өз басыңды дауға берсең де,

Адам сөйлескенше. Жолдасыңды жауға берме.

****** ******

Жақсымен жүрсең, Жақсымен жолдас болсаң,

Жақсы боларсың. Жетерсің мұратқа.

Жаманмен жүрсең, Жаманмен жолдас болсаң,

Жын ұрып, бақсы боларсың. Қаларсың ұятқа.






Материалды дайындаған

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

оқытушысы А.М. Темірбекова


Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет