Дұрыс тамақтану негіздері



жүктеу 27.43 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі27.43 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Дұрыс тамақтану негіздері.
Қазіргі кезде тамақтану қажеттілігі өзекті болып табылады.

Дұрыс тамақтану – адамның денсаулығының негізі, ол ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттырады. Біз жейтін тағам қуат көзі болып табылады, оны ағза тек дене жаттығулары кезінде ғана емес, сондай – ақ, біз демалған кезде де жұмсайды. Біз неғұлым дұрыс тамақтансақ , соғұрлым біздің ағза тез жаңарады.

Дұрыс тамақтану не үшін қажет?

Жүрек – қан тамыры ауруларын, асқазан – ішек жолдарының ауруларын,қант диабеті, рак және остеопороз ауруларының алдын алу үшін қажет. Дене белсенділігінің жоғары және ағзаның еңбекке қабілеттілігінің жоғары болуы үшін, ауырмай, ұзақ өмір сүру үшін қажет.

Диетологтардың пікірінше – ең дұрыс тамақтану режимі – күніне 4 рет тамақтану. Таңғы ас, түскі ас, кешкі ас аралығы 4-5 сағат болуы тиіс.Дұрыс тамақтануға негізделген диета – тағамды күніне өз уақытында қабылдау. Дұрыс тамақтану қағидаты қарапайым: таңғы ас тәуліктік норманың төрттен бірін құрайды – 25%, түскі ас – 50%,шаңқай түскі ас – 10%, кешкі ас – 15%. Кешкі асты ұйықтарға дейін 2 сағат бұрын қабылдау керек.

Дұрыс тамақтану негіздері бойынша қысқаша түсініктеме. Ас қабылдау уақытында ойыңызды басқа нәрселерге бөлмеңіз, тек тамақтануды ғана ойлаңыз. Тамақтану кезінде ойыныз бөлінбесе, ас қорыту қабілеті жоғарылайды.

Асқазанда өсімдік тектес тағамды қорыту үшін 4 сағат қажет. Ас қабылдаған кезде 4 түрлі тағамнан артық тамақтанбаңыз. Әртүрлі тағам жесеніз, асқазаныңызға түскен ас баяу қорытылады. Тамақтанудан кейін дереу су мен ішімдіктерді ішпеу керек. Бұл асқазан сөлінің сұйылтылуына және асты баяу қорытуға әкеп соғады. Ең дұрысы, ас қабылдаудан бұрын 1 стақан су ішіп, ас қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң ішу қажет. Ең көп тағам мөлшерін түскі ас кезінде қабылдау керек. Осы ережені сақтау, ас қорыту жүйесі мен зат алмасуының бұзылысы ауруларының алдын алады.

Дұрыс тамақтану пирамидасы қандай? Егер, орташа алғанда тағамның қалориялығы 2,-22 килокалория болса, оның оптималды рационы пирамидада келесідей болады: 40% дейін тағамның көлемі әр түрлі жармалар: қарақұмық, геркулес, күріш,нан, макарон, картоп.

Пирамиданың үстінде 35 %дейін жемістер мен көкеністер. Әрі қарай – құрамында ақуызы бар азық – түліктер, олардың үлесіне 20% тағам көлемі келеді: сүт пен ірімшік, йогурт, тауық,балық еті, мал еті және соя өнімдері. Пирамиданың басында 5% дейін майлардың барлық түрлері мен ұннан жасалған тәтті тағамдар, балмұздақ және т.б. Осындай азық – түліктердің ара қатынысын дұрыс деп есептеуге болады.

Біз дұрыс, сапалы тамақтанып қана қоймай, сондай – ақ, тамақтанған кезде барлық ережелерді сақтауымыз қажет.

Дене жаттығуларын жасағаннан кейін, ауыр жұмыс істегеннен кейін, қатты тоңған немесе қызу эмоциялардан кейін дереу ас қабылдауға болмайды. Осындай жүктемелерден кейін асқазан ас қорту сөлін тез шығара алмайды. Жарты сағат демалу қажет.

Ас қабылдауды шикі көкеністер мен жемістерден бастау керек. Оларды тұтас немесе салат түрінде жеуге болады. Аш қарынға желінген жеміс – көкөністер ас қорыту бездерінің, ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартады, ішектің микрофлорасын қалыптандыруға ықпал етеді. Әсіресе, осы тұрғыда алма, қырыққабаттың барлық түрлері, сәбіз, қияр,қызанақ,тәтті бұрыш пайдалы. Ашыған қырыққабатты да қолдануға болады.

Ас қабылдаудан кейін жемістерді де жеуге тыйым салынады. Өте суық және өте ыстық тағамдарды жеуге болмайды. Тамақтанған кезде суық және ыстық тамақты араластырып жеуге де болмайды. Ас қабылдаған соң жұмысқа дереу кіріспеңіз. Жатып демалуға және ұйықтауға да болмайды.

Осы ережелерді сақтап отырсаңыз, өзінізді денсаулығыңыздың жағдайы жақсарғанын сезесіз, өзіңіздің салмағыңызды бақылай аласыз. Тамақты асықпай және сүйсініп жеу керек.



Дене белсенділігі, спортпен айналысу, стресстерден арылу, шылым шегуден , алкогольді ішімдіктерден бас тарту сияқты салауатты өмір салтын ұстану және дұрыс тамақтанудың көмегімен көптеген аурулардың алдын алып, денсаулық пен әдемі келбетті, жас қалыпты дене салмағын сақтауға болады.

Есіңізде болсын: Ас – адамның арқауы. Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі.
СӨС қалыптастыру бөлімінің медбикесі Г. Абдыкерова



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет