Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының



Дата01.05.2016
өлшемі77.6 Kb.
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011

Е.Ш.АҚЫМБЕК

Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының

ғылыми қызметкері
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТӨРТКҮЛ (ТӨМЕНГІ БАРЫСХАН) ҚАЛАСЫНЫҢ СЫРЛЫ ЫДЫСТАРЫ
В статье рассматривается поливная керамика средневекового городища Торткуль (Нижний Барсхан), которая найдена в результате археологического раскопа цитадели 2007 г.
The article deals with slip ceramics of the medieval ancient Tortkul settlement (the lower Baryshan) which was found in the result of the archaeological excavation of the citadel in 2007.
Ортағасырлық Төрткүл (Төменгі Барысхан) қаласы Тараз қаласының шығысында, Талас өзенінің оң жағасында 1,5 км жерде, қазіргі Талас темір жол бекетіне жақын орналасқан. Географиялық координаттары: 42°55,269N 71°27,865E (UTM 42T 701135E 4755089N). Төртбұрышты келген үлкен төбені жергілікті халық өткен ғасырдың ортасында «Төрткүл» десе, бүгінде «Қорған» деп атайды. Көне түркі тілінде «Төрткүл» (ТÖRTKIL) сөзі төртбұрышты деген ұғымды білдіреді [1.581].

Төрткүл қаласы туралы алғашқы мәліметті В.А.Каллаурдың еңбегінен кездестіреміз [2]. Оның орналасуы мен алып жатқан көлемін 1899 ж. В.Лаврентьев сипаттаған [3].

Төрткүл қаласының қыш бұйымдарын алғаш зерттеген Г.И.Пацевич ескерткіштің үстінен жиналған заттай деректерге қарап, оның дамыған уақытын қарахандар кезеңімен мерзімдеген [4.131-133].

1965 ж. Т.Н.Сенигова қаланың цитаделі мен шахристанына қазба жүргізіп, алынған заттар бойынша мәдени қабатын VIII–IX және X–XII ғғ. жатқызған [5.67-68].

1996 ж. Д.Тәлеев қаланың орталық бөлігіне зерттеу жүргізіп, қазбадан шыққан қыш бұйымдарды Х–ХІІ ғғ. мерзімдеген [6.106-114].

2005 ж. А.Нұржанов қаланың орталығына жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде алынған қыш бұйымдарды Х–ХІІ ғғ. жатқызады [7].

2007 ж. Төрткүл қаласындағы зерттеу жұмыстары цитадельдегі бұрынғы қазбалардың орнында, яғни қаланың мәдени қабаты мен құрылыс жобасын анықтау мақсатында жалғастырылды [8]. Жүргізілген қазбадан төрт құрылыс кезеңіне жататын құрылыс қалдықтары анықталып, ескерткіштің көп қабатты екенін көрсетті. Мәдени қабаттарды тазалауда шыққан заттардың басым көпшілігін қыш ыдыстар құрайды. Оның жоғарғы қабат құрылысын ашуда бірқатар сырлы ыдыстар жиналды. Қыш бұйымдар ішіндегі пайыздық мөлшері аз сырлы ыдыстар негізінен ХІ–ХІІІ ғғ. басымен мерзімделеді. Сырлы ыдыс-аяқтар негізінен асханалық ыдыстар: тостағандар, тостақтар, кеселер, табақтар және түбектер. Қарахан дәуірінде боялып, шыңылтырланған

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Ақымбек Е.Ш. Ортағасырлық Төрткүл (Төменгі Барысхан) қаласының сырлы ыдыстары

ыдыстардың көбі асханалық ыдыстарға жататындығы қызықты жайт. Бұлар асханада қолданылуымен қатар көркемдік ерекшеліктерімен де көзге түседі. Сондықтан, табылған сырлы ыдыстардың барлығына тоқталуды жөн көрдік.



Тостағандар. Кесіліп, төңкерілген конус тәрізді, ұқыпты жасалған тостағандар ернеуінің диаметрі 10,2-10,8см, түптерінің диаметрі 4,4-5см, биіктіктері 3,8-4см. Тостағандар ақ (1-сурет, 1, 3, 5), ашық жасыл (1-сурет, 2, 4) және қоңыр (1-сурет, 6) түсте боялып шыңылтырланған. Тостаған ішінің түбі қою жасыл түсте боялып, шыңылтырланған тостаған түбінің диаметрі 5,2см. Тостағанның түбіндегі қабырғасы орнының қыры дөңгеленіп өңделіп ортасы 2,5мм диаметрде тесілген (9-сурет, 2).


1-сурет. Тостағандар.


2-сурет. Кесе мен тостақ.

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Ақымбек Е.Ш. Ортағасырлық Төрткүл (Төменгі Барысхан) қаласының сырлы ыдыстары



3-сурет. Кеселер мен табақ ернеуі.
Тостақтар. Түбінен аузына қарай түзу кеңіген, іші-сырты өте ашық көк түсте боялған түбі шұңғыл келген тостақтың ернеуінен сәл төмен ішінде «Л» және «П» әріптеріне ұқсас бес белгі, олардың үстіндегі және арасындағы сызықтар қара қоңыр түсте сызылған. Шыңылтырлы тостақ ернеуінің диаметрі 20,8 см, түбінің диаметрі 8 см, биіктігі 9 см (4-сурет). Тостақ ернеуі кесіліп, төңкерілген конус тәрізді, ұқыпты жасалған тостақ ашық жасыл қоңыр түсте боялған. Диаметрі 14см болатын ернеуінің ішкі жағына қою жасыл бояу аққан. Ыдыс шыңылтырланған (2-сурет, 2).


4-сурет. Тостақ.
Кеселер. Шыңылтырланған кеселер ернеуінің бірнеше түрі табылды. Қабырғасы тік шығып біткен ернеуінің диаметрі 18см, іші мен сырты ашық жасыл түсте боялған, сыртында түбінен ернеуіне қарай жасыл көк және қара түсті бояу аққан (2-сурет, 1). Сырты мен іші ақ түсте боялып, ішіне өсімдікті өрнек сызылып салынған кесе ернеуінің диаметрі 14см (3-сурет, 1). Конус тәрізді, сырты ақ, іші жасыл түсте боялған, ішінің ернеуінен төмен бірнеше қатар сызық және олардың арасындағы бұрышты ирек сызықтар қара түсте сызылған кесе ернеуінің диаметрі 17см (3-сурет, 2). Осы үлгідегі ыдыс Тараздың XII-XIII ғғ. қабатынан кездескен [5. 190, таб. ХІІ, 28]. Сыртының

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Ақымбек Е.Ш. Ортағасырлық Төрткүл (Төменгі Барысхан) қаласының сырлы ыдыстары

жоғарғы жағы мен іші ақ түсте боялған, ішінде ернеуінен төмен қарай әр жерінен көкшіл жасыл бояу аққан кесе ернеуінің диаметрі 17 см (3-сурет, 3). Ақ түсте боялған кесенің ішкі түбінің ортасындағы дөңгелек қара түстен бірдей қашықтықта сегіз қоңыр қызыл түсті сызық тармақталған, оның сызық ара төртеуінің ұшындағы өсімдікті өрнек (үш күлте жапырақты гүл) қара түсте салынған. Шыңылтырлы кесе түбінің диаметрі 4,5 см (5-сурет).




5-сурет. Кесе түбі.



6-сурет. Табақ түбі.


7-сурет. Табақ түбі.

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Ақымбек Е.Ш. Ортағасырлық Төрткүл (Төменгі Барысхан) қаласының сырлы ыдыстары

Табақтар. Шыңылтырланған табақ ернеуінің диаметрі 34см. Іші, сырты ақ түсте боялған. Ішіндегі ақ түсті реңкке қоңыр, ашық қызыл қоңыр түсте геометриялық және өсімдікті өрнектер салынған (3-сурет, 4). Табақтардың түбінің бірнешеуі табылды. Қызғылт ақ түсте боялған табақ түбінің ортасындағы қоңыр түсті дөңгелек нүктеден бірдей қашықтықта алты, басында сызықшасы бар «?» белгісіне ұқсас сызықтар таралған, оның біреу ара үшеуі ашық қоңыр сары, үшеуі қоңыр түсте салынған. Бұл өсімдікті өрнектегі табақ шыңылтырланған. Түбінің диаметрі 9 см (6-сурет). Өрнектелуі осыған ұқсас табақ Шалдабар (Чалдывар) қаласының Х-ХІІ ғғ. қабатынан табылған [9. 191-196, таб. VІІІ]. Табақ ашық жасыл түсте боялған, түбінің ортасында дөңгелек шыбықтары немесе пәлек секілді гүлді сурет қоңыр түсте, оны айнала толқындалып қоршалған сызықтар қара түсте салынып, шыңылтырланған. Табақ түбінің диаметрі 9,4см (7-сурет). Ішкі түбінде осындай өрнегі бар табақ Ортағасырлық Ақтөбе [4. 152, таб. І], Қызылөзен [10. 86-87, сур. 12] (Қырғызстан) және Баба-ата [11. 38-39, сур. 6] қалаларының Х-ХІІ ғғ. қабатынан табылған. Шыңылтырланған қарахандық үлгідегі өрнегі бар осындай ыдыстар (Х-ХІІ ғғ.) Оңтүстік Қазақстан қалаларында жиі ұшырасады [12. 194-195, сур. 111]. Ақ түсті ангобпен көмкерілген қабырғасы жазық табақтың ернеуінен төмен ішіндегі екі-үш қатар сызық, одан төмен екі-екі қатар сызықтардың арасындағы қошқар мүйізді (шиыршықталған) өрнек және ернеуінен төмен қарай түскен шиыршықталған өрнек қатты затпен батырылып орындалған. Ішінің әр жерінде ернеуінен төмен қарай қоңыр қара түсті бояу аққан. Табақ ернеуінің диаметрі 32 см, түбінің диаметрі 9,6 см, биіктігі 9,2 см (8-сурет). Ақ түсті ангобпен көмкерілген, ішкі қабырғасында қошқар мүйізді өрнегі бар табақ Ортағасырлық Ақтөбе (Шардара) қаласының төртінші мәдени қабатынан (ХІ ғ. екінші жартысы–ХІІІ ғ. басы) кездескен [13. 170, сур. 22. 1].


8-сурет. Табақ.

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Ақымбек Е.Ш. Ортағасырлық Төрткүл (Төменгі Барысхан) қаласының сырлы ыдыстары




9-сурет. Түбек пен тостаған түбі.




10-сурет. Ыдыстың сынығы.

Түбектің түбі. Шыңылтырланған түбектің іші ашық жасыл көк түсте боялған, сыртындағы ағып жағылған бояудың түсі де осындай. Қабырғасы шамасында цилиндр тәрізді болған түбек түбінің диаметрі 8,4 см (9-сурет, 1).

Ыдыс сынығы. Ернеуінен төмен сыртқа қарай 0,8 см шығып жиектелген ыдыстың диаметрі 10 см, ішкі жазық түбінің ортасы сатылап сәл ғана төмен түскен, табанында диаметрі 1 см, биіктігі 0,3 см түйінді өкшесі бар. Ыдыс қою көк түсте боялып, шыңылтырланған. Ыдыстың қандай мақсатта қолданылғаны белгісіз (10-сурет).

Қорыта келгенде, Ортағасырлық Төрткүл қаласының сырлы ыдыстары Шу-Талас өңірлеріне кең таралған жергілікті қыш өндірісінің туындысы



А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Ақымбек Е.Ш. Ортағасырлық Төрткүл (Төменгі Барысхан) қаласының сырлы ыдыстары

екендігі мәлім болды. Табылған сырлы ыдыстар арқылы өңірде оның жасалу технологиясы мен аса көркемдік шеберлікте әрлеуінің жақсы жетілдірілгенін көреміз.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Древнетюркский словарь. –Л., 1969.

  2. Каллаур В.А. Древние местности Аулиеатинского уезда на старом караванном пути из Тараза (Таласа) в Восточный Туркестан//ПТКЛА 5 мая 1897. 2-й год. 1896-1897.

  3. Лаврентьев В.П. Краткий перечень бугров (курганов), находящихся в черте города Аулие-Ата//ПТКЛА 27 марта 1900. 5-й год.

  4. Пацевич Г.И. Некоторые дополнение к изучениию Таласского долины. 1940 г. // ҚР БҒМ ҒК Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология Институты мұрағаты. 1940 г.

  5. Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз.–Алма-Ата: Наука, 1972.

  6. Талеев Д. Ерте ортағасырлық Төменгі Барсхан қаласында 1996 жылы жүргізілген қазба. – Отчет о полевых исследованиях Южно-Казахстанской комплексной археологической экспедиции в 1996 году.//ҚР БҒМ Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты мұрағаты. –Алматы, 1997.–106-114 бб.

  7. Нуржанов А. Отчет о раскопках городища Торткуль (Нижний Барсхан) в Жамбылской области в 2005г.//Архив Институт археологии им. А.Х.Маргулана МОН РК.– Алматы, 2005.

  8. Байпақов К.М., Ақымбек Е.Ш. Ортағасырлық Төрткүл (Төменгі Барысхан) қаласында 2007 жылы жүргізілген археологиялық зерттеулердің есебі//ҚР БҒМ Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология Институты мұрағаты. –Алматы, 2008.

  9. Кожемяко П.Н. Оседлые поселения Таласской долины//Археологические памятники Таласской долины.–Фрунзе, 1963.

  10. Кожемяко П.Н. Раскопки жилищ горожан Х-ХІІ вв. на Краснореченском городище//Древняя и раннесредневековая культура Киргизстана.–Фрунзе: Илим, 1967.

  11. Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Отчет о работах Южно-Казахстанской археологической экспедиции 1953 года//Труды Института истории, археологии и этнографии. Том , І.–Алма-Ата, 1959.

  12. Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана// Труды Института истории, археологии и этнографии. Том , V.–Алма-Ата, 1958.

  13. Максимова А.Г., Мерщиев М.С., Вайнберг Б.И., Левина Л.М. Городище Актобе 1 (ІV–нач. ХІІІ в.)–Древности Чардары. –Алма-Ата: Наука, 1968.



Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет