Э. С. Мадиярова Э.ғ. к., Серікбаев атындағы ШҚмту «Қаржы, есеп және салық салу» кафедра меңгерушісінің орынбасары кластерлерді қҰрудың теориялық негіздері



Дата02.05.2016
өлшемі127.03 Kb.
Э.С. Мадиярова

Э.ғ.к., Серікбаев атындағы ШҚМТУ

«Қаржы, есеп және салық салу»

кафедра меңгерушісінің орынбасары


КЛАСТЕРЛЕРДІ ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазіргі уақытта барлық елдерде кластерлік бастама индустриалдық, аймақтық, инновациялық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады.
Бұл құбылыс экономикасы жоғары дамыған елдерде ғана емес, экономикасы өтпелі және дамушы елдерге де тән.

Ғылым мен техниканың көп саласында қолданылатын кластер термині «cluster» - топ, жиналыс, шоғырлану деген ағылшын сөзінен шыққан. Негізінен кластер сөзі жаңа ұғым емес. Оның түп тамыры 1826 жылы жарыққа шыққан неміс экономисі И.Ф.Тюненнің «Изолированное государство в отношении к сельскому хозяйству и национальной экономике» деген еңбегінде орналастыру теориясымен байланысы көрсетілген. Сонымен қатар, осы саладағы негізгі еңбектерінің бірі Ұлыбритания өндіріс ауданында жүргізілген зерттеу негізінде А.Маршалдың «Принципы экономической науки» атты кітабы болып табылады. Кластердің прототипі болып жалпы мойындалған индустриалды аудан саналған. Бұл кітаптың негізгі жетістігі, А.Маршалға, кәсіпорындарды мамандандыруды арттыру мен біріктіру кезінде жеткен синергиялық эффектіні көру бұйырды.

Кластер ұғымына қатысты ақпарат массивін зерттеу қиындығы - кластер ұғымына әртүрлі мінездеме берілген, ал кейбір авторлар интегрирленген білімді қолданудың тар сферасын көрсететін анықтама береді. Мысалы, инновациялы кластер, алмаз кластері.

Войнаренконың пікірінше кластер ұғымы экономикаға ядролық физикадан келген. 1984 жылы радиоактивті ыдыраудың жаңа түрі ашылды, қозғалмаған жағдайда тұрған атомдық ядро өздігінен күрделі құрамды бөліктер шығарады [1].

Кластер түсінігін әртүрлі салалар арасындағы технологиялық байланыс мәселелерін зерттеумен айналысатын авторлар да қолданған.
Өйткені соңғы өнімнің өндірісі үшін кластерге әртүрлі сала өндірушілері бірігеді. Францияда технологиялық өзара байланысқан секторларды бейнелеу үшін «фильеры» терминін енгізді. Оның мәні мынада: бір сектордың технологиялық қуаты басқасына тәуелді. «Фильеры» термині кластердің кең ұғымының нысаны болып табылады.

Кластердің пайда болуы бір жағынан, ұсақ өндірушілер арасындағы тығыз технологиялық байланыс құрылу үшін алғышарт, екінші жағынан, бір-бірімен нақты елдің экономикалық секторында байланысқан шағын кәсіпорындарда кластердің құрылуымен ұлттық артықшылықтың жүзеге асу мүмкіндігі. Фильерлер кластердің тар интерпретациясын көрсетеді, өйткені потенциалды артықшылықтарды жүзеге асыру үшін салалар мен секторлар арасындағы технологиялық байланысты жасап шығару қажеттігі - кластердің пайда болуының бір критерийіне негізделген.

Кластерлік көзқарас швед теоретиктерінің жұмыстарында да қолданылған. Олардың кластерлік механизмі ұлттық экономика құрылымына негізделген, яғни, ірі шведтік көпұлттық корпорациялардың өзара байланысын зерттеуге қолданылады. Мұнда кластерлер Дахменнің «даму блоктары туралы» тезисінде орналасқан. Дахмен бойынша бәсекелестік жетістіктің даму негізі бір сектордың қабілеттілігі арасындағы байланыспен екіншісінде алға басуды қамтамасыз ету қабілеттілігінің бар болуы.

Кластер ұғымы 1990 жылы М. Портердің «Конкурентные преимущество стран» кітабы шыққан соң кең таралды. Ол кітапта ұлттық, мемлекеттік, жергілікті бәсекеге қабілеттілік теориясы жазылған. Бұл теорияда бәсекеге қабілеттіліктің кластері маңызды рол атқарады [1].

Он елдегі жүз саланың бәсекеге қабілеттілігін талдай келе М. Портер бәсекеге қабілетті компаниялар елде жүйесіз шашылмаған, бір немесе бірнеше аймақта концентрация тенденциясы бар деген қорытындыға келді.
Бұл құбылысты келесідей түсіндіруге болады: нарықта бәсеке қабілеттілікке қол жеткізген бір немесе бірнеше фирмалар өзінің жағымды әсерін айналасына таратуда (жеткізушілерге, тұтынушыларға және бәсекелестерге).
Айналасындағы жетістіктер өз кезегінде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жетілдіруге көмектеседі. Өзара байланысты пайдалы одақтастықтың нәтижесінде, салалары тығыз байланысқан, бәсекелестіктің өсуіне бірге ықпал еткен фирмалардың кластері құрылады.

Көптеген экономистер кластер анықтамаларын талдай келе, жай кластерлерді қарастырады. Олар кластерлерді топтастыруға негіз бола алатын: өндіріс кластері, аймақтық кластер, инновациялық кластер және т.б

Кластердің әртүрлі анықтамасын қарастыра келе, келесідей қорытынды жасауға болады:

1) көптеген авторлардың трактовкаларының ішінде кластер ұғымына қатысты концептуалды бірлік, отандық зерттеушілер сүйенетін, негізгі теоретикалық база М. Портердің «кластер» концепциясы;

2) шетел авторларының анықтамаларындағыдай, отандық экономистер кластерге әртүрлі анықтама береді. Аумақтық локалдандыру (географиялық концентрация) өзара байланыстың анықталған тәсілі (тікелей, көлденең, тікелей және көлденең);

3) көптеген экономистер бұл ұғымға анықтама берерде әртүрлі ұғымдар қолданады, олардың ғылыми қызығушылығына және шешілетін мәселелерге толық жауап беретін аспектілерге көп көңіл бөлінеді.

Осыған сәйкес кластерлерде екі орталық кезеңді бөліп көрсетуге болады.

Біріншіден, кластерлердегі фирмалар әртүрлі әдістермен байланысқан. Байланыстар көлденең (сату және сатып алу тізбектері) және тігінен (қосымша өнім және қызметтер, технология немесе институттардың арнайы шығындарды қолдануы) болып келеді. Бұл байланыстардың көпшілігі өзіне фирмалар үшін пайда әкелетін әлеуметтік қатынас немесе желілерді тартады.

Екіншіден, кластерлер - өзекті салаға бағытталған, бір-бірімен байланысты географиялық жақын топтар. Кәсіпорындардың біріккен орны, құнды жасайтын, бірге қызмет ететін фирмалар арасындағы желілердің нәтижесі болып табылатын артықшылықтардың көбеюімен құрылуына әсерін тигізеді, өзекті сала айналасындағы интеграция барлық одақ үшін қажетті тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өндірістің географиялық локалдануы, кластердің құрылуының негізі ретінде бар болып қарастырылуы керек.
Осының барлығы М. Портердің жоғарыда көрсетілген анықтамаларының дұрыс екенін көрсетеді.

Финляндияның экономика институтының ғалымдары кластерлерді кемелділік деңгейі бойынша жіктейді және күшті, тұрақты, потенциалды, латентты кластерлерді бөліп көрсетеді. Мықты кластерлер үшін өндірістік циклдің негізгі этаптары жоғары бәсекелестікпен қатысушылар арасындағы белсенді байланысты көрсететін кластердің тиімді құрылымы қажет.


Тұрақты кластерлер тұрақты дамиды, кластер ішінде белсенді өзара әрекетке ие болады. Потенциалды кластерлер дамудың мәнді ресурстарына ие, сондай-ақ құрылымы үзінділенген болып келген. Латентті кластерлерде бірнеше құрылымды буындар және әлсіз коммутивті өзара қатынастар бар.

1990 жылдардан бастап дамыған мемлекеттердің үкіметтері өздерінің назарын экономиканы кластерлеу феноменіне аударады. Осындай әдістеме көптеген мемлекеттердің негізгі экономикалық саясатына айналуда. Осы мақсаттар үшін мемлекет пен аймақтар деңгейінде кластерлер ісі жөнінде арнайы департаменттер құрылады (агенттіктер, кеңестер), олар негізінен кажет кластерлерді ақпараттық-талдаушылық жұмыспен, барлық деңгейдегі оқытушылық бағдарламалармен қамтамасыз етеді [2].

Кластерлер - бұл ұлттық инновациялық жүйені дамыту аясындағы басқарушылық жүйе. Жетекші кластерлерді құрушы бағдарламалардың негізіне ұзақ мерзімді мемлекет экономикасын мамандандыру жатады, өз кезегінде ол ғылыми-техникалық потенциалы бар бәсекеқабілетті экономиканың құрылуына негіз болады. Экономиканың кластерлік құрылымы мемлекеттің экономикалық саясатына үлкен ықпал жасайды. Бір саладағы кәсіпорындарды топтастыру бір немесе бірнеше фирмалар әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттіліккке жеткенде, өзінің ықпалын айналадағы іскерлік байланыстарға таратады, бұдан тасымалдаушылар мен тұтынушылардың тұрақты желісін қалыптастырады.

Кластерлер - бұл жақын орналасқан экономикалық өзара байланысты және аралас бағдарлы жалпы даму мен бір-бірінің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын фирмалардың бірлестігі. Көбінесе бұл жетекші ірі фирмалардың технологияларды ойлап табушылармен, нарықтық институттар мен тұтынушыларды байланыстыратын, бағаның бірегейлі тізбегін құруда


бір-бірімен арақатынастағы, шектелген аймақта шоғырландырылған және өндіріс процесінде бірегейлі қызмет ететін және белгілі бір тауарлар мен қызметтерді жеткізген көптеген орташа немесе кіші кәсіпорындармен бірігуі.

Негізінде кластерлердің 3 негізгі түрі бар:



  • экономикалық қызметі туыстас секторлардың ішінде аймақтық шоғырланған кластерлер, әдетте белгілі бір ғылыми немесе басқа да мекемелерге жатады ( ҒЗИ, университеттер және т.б.);

  • енсіз қызмет сферасындағы тік өндірістік байланыстағы кластерлер, бас фирмалар немесе негізгі кәсіпорындар желілер айналасында пайда болып, өндіріс процесін, жеткізу мен сатуды қамтитын;

  • өндірістің әр түріндегі салалық кластерлер («химиялық кластерлер», «аэрокосмостық кластерлер» және т.б.).

Өз ішінде осындай ортаның жетістіктері бұл компания тобындағы барлық қатысушылардың бәсекеқабілеттілігінің артуына оң ықпал етеді.

Кластерлердің келесідей негізгі белгілерін ерекшелеуге болады:

- географиялық - кластерлердің құрылуы белгілі бір териториямен байланысты болады, жергілікті кластерлерден бастап жаһандыққа дейін;

- көлденең - иерархиялық байланыста инициативті немесе өндірістік кезеңдері аралас кластерлер сипатталады;

- латералды - масштаб әсері есебінен үнемдеушілікті қамтамасыз ететін бір саладағы әр түрлі сектор кластерлерін біріктіруді көрсетеді;

- технологиялық - бір технологиямен байланысты өндірістің жиынтығын көрсетеді;

- фокусты - ҒЗИ мен университеттер, басшы кәсіпорынның айналасына негізделген фирма кластері;

- сапалы - бүкіл қауымдастықтың экономикалық жағдайын жақсартатын және әрбір мүшесінің бәсекеқабілеттілігін жоғарылатуды қамтамасыз ететін әрекеттестіктің барлық сферасында жетілдірілетін фирма кластерлер анықталады (сурет 1) [3].

Елдегі «кластерлік белсенділікті» талдау бөлек елдегі кластерлік саясаттың жүзеге асырылу шеңберінде екі негізгі үлгілерді ерекшелеуге мүмкіндік береді: либералды және дирижистік.

Либералды кластерлік стратегия либералды экономикалық саясатты ұстанатын және көбіне нарықтық құн төлеуге беретін елдерге тән. Оларға АҚШ, Ұлыбритания, Австралия және Канада жатады. Дирижистік кластерлік саясат экономикалық өмірге мемлекеттің араласуы белсенді түрде араласатын елдер жатады. Олардың ішінде, мысалы, Франция, Корея, Сингапур, Жапония, Швеция, Финляндия, Словения.



Сурет 1 - Кластерлердің топтасуы
Дирижистік кластерлік саясаттан классикалық либералды саясатты бір бірінің айырмашылығын анықтауда 3 белгі қолданылады.

Біріншісі приоритеттерді таңдауға негізделген. «Дирижистер» мемлекет деңгейінде салалық және аймақтық артықшылықтар мен өздері дамытатын кластерлерді таңдайды. Ал либералды кластерлік саясат алғашында нарықпен құрылған кластерлерді дамытады.

Екінші ерекшелік, «дирижистер» артықшылықты кластерлер үшін мақсатты түрде инфрақұрылым құрады: университеттер өкілдіктері, ғылыми-зерттеу институттары, аэропорттар, жолдар және т.б. Либералды басшылар, керісінше, кластерлер үшін инфрақұрылымды құруға сирек араласады.

Үшіншіден, дирижистік кластерлік саясат пен либералды саясаттың айырмашылығы кластер құрылатын аймақтың ролімен анықталады. «Дирижистер» кластер құрылатын аймақ пен оны қаржыландыру көлемін өздері таңдайды. «Либералистер» құрылатын кластерлерге жауапты жергілікті басшыларға бағдар береді.

Бәсекеге қабілеттіліктің дамуымен құрылымы жөнінде көптеген теориялар бар. Бірақ, жетілген және дамыған фирмалардың тәжірибесі көрсеткеніндей экономикалық өсудің тиімді формасы кластерлік теория механизмі болып табылады. Оның негізінде кластерлік түсінік
дегеніміз экономикалық қызмет түрлерінің байланысы мен тиімді шоғырлануы, яғни, бәсекелес фирманың өзара байланысты топтарының жиынтығы, ол батыстың интерпритациядағы “диамант бриллиант” алтын қосылуы ретінде мемлекеттің барлық экономикалық жүйесімен дүниежүзілік, ұлттық, салалық, нарықтарда бәсекелестік позициясын қамтамасыз етеді.

Кластер ұғымын түсіндіруде әр-түрлі көзқарастар бар:

- кеңістікті - экономикалық (аймақтық-салалық концентрация мазмұнында кластер ішкі технологиялық және басқа да өзарабайланыстармен шарттасқан болып қарастырылады). Бұл көзқарасты қолдаушылардың бірі М. Портер;

- құрылымды (кластердің анықтамасы оның құрылымынан және қатысушылардың өзара байланысынан туады);

- желілік (кластер желі түрінде немесе желінің әртүрлілігі ретінде түсіндіріледі);

- институционалды (қатысушылардың іс-әрекетіне, институттардың орнымен роліне көп орын беріледі);

- функционалды (кластер анықтамасы тік және көлденең байланыстардың талдауына сүйенеді);

- интеграциялы (кластердің негізін қатысушылар арасындағы байланыс құрайды, интеграциялы байланыстар маңызды орын алады);

- стратегиялық (кластер стратегияны, өндірістік саясатты жүзеге асырудың, аймақтың, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің құралы ретінде қарастырылады).

Кеңістікті - экономикалық көзқарас жалпыланған болып саналады.


Бұл көзқарастың айналасында кластер трактовкасы екі кезеңде орналасқан - бұл қатысушылар арасындағы байланыспен өндіріс концентрациясы.
Бұл көзқарас екі бағыт бойынша топтастырылуы мүмкін:

1) негізінде өндіріс күштерінің орналасуы, жергілікті ресурстардың тиімді қолдануы, экономикалық агломерация жатқан экономика-географиялық көзқарас;

2) аймақтық өндіріспен мамандануы негізінде құрылған көзқарас.

Кластердің әсерлерін және масштаб әсерін зерттеуге ерекше мән беріледі. Кеңістікті-экономикалық көзқарастарды кластерді экономикалық білім ретінде қарастырғанда қолданады.

Құрылымды көзқарас кластердің қызмет атқарып отырған жақтарына, олардың өзара байланысына басымдық беретін отандық зерттеушілерге тән.

Желілік көзқарас айналасындағы кластер трактовкасы даулы болып табылады. Осы көзқарасты жақтаушылар кластерді бір немесе бірнеше иерархиялық кластерге сегменттелген желілердің әртүрлілігі ретінде қарастырады. Желілер теориясы кластер қалай жұмыс атқаратынын және шығарылымды болып келе жатқанын түсінуге көмектеседі. Кластер теориясы өз тарапынан желілер арасында қоғамдық капиталмен, қоғамдық белсенділікпен бәсекелестік арасында, экономикалық өсумен тығыз байланыс орнату мүмкіндігі ретінде қарастырылады [4].

Кластердің құрылу процестері ішкі орта факторларының ықпалымен жылдамдатылады, баяулатылады және бейтараптандырылады.
Бұл процеске бизнес-қоғамдар, кәсіпорын ассоциациялары, салалар мен басқа да институционалды білімдер, сондай-ақ үкімет жүргізетін саясат өз ықпалын тигізеді (кесте 1).
Кесте 1 - Кластердің дамуы мен құрылуына әсер ететін факторлар


Кластердің дамуына ықпал ететін факторлар

Кластердің дамуына кедергі жасайтын факторлар

1 Аймақ териториясына жеткізушілердің концентрациясы

1 Жеткізу жүйесінің тиімділігінің төмендігі және жеткізушілердің сапасының төмендігі

2 Инженерлік және ғылыми жоғары маманданған персоналдардың және оны дайындауға базаның бар болуы

2 Өндіріс қажеттіліктеріне ғылыми-зерттеу жобаларының адекватсыздығы


3 Ғылыми-техникалық және эксперименталды базаның бар болуы

3 Жоғары және орта кәсіби мекемелердің арасындағы байланыс әлсіздігі

4 Жоғары кәсіби білім жүйесінің сапасы және дамуы

4 Салалық және кәсіби ассоциациялардың төмен тиімділігі

5 Өндірістік кооперациялардың дәстүрлері


5 Отандық кәсіпорындардың бәсекелестік тәжірибесінің әлсіздігі

Мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі деп кластерлік саясатты қарастыруға болады. Кластерлік саясат 1990 жылдың басында кең ауқымды ала бастады. Қазақстандық кластерлік саясатта дирижистік және либералды үлгілері үйлескен. Кластерлік саясат саланың және онда жұмыс істейтін кәсіпорындардың айрықшалығымен анықталады.

Кластерлік бастама бойынша мәселелерді шешу келесілерге бағытталған:

- технологиялар мен ақпарат алмасу орталығын құру;

- инкубаторлар жасау;

- біріккен бағдарламалар мен біріккен жеткізу жүйесін жасау;

- техникалық стандарттарды орнату;

- инновациялық фирмалардағы мемлекеттік тапсырыстар, мультижобалар үшін қолдау көрсеттетін қор мекемелері;

- қалыптастырушы және нақты сектор арасында арақатынас орнату;

- адам капиталын дамыту;

- ақпарат порталын құру;

- ақпарат материалдарын шығару;

- құзіретті картографиялау және аудит;

- кластер бойынша статистикада ресми статастиканы толықтыру;

- кластер брендін қалыптастыру;

- сыртқы нарықта кластерді ұстанымдау;

- кластер туралы ақпарат тарату.

Кластерлік саясаттың фокусы берілген кластер үшін негізгі болып табылатын құзіреттер мен субьектілерде болуы қажет. Кластер дамуындағы бизнестің және мемлекеттің алатын орны ерекше. Негізгі қаралатын мәселелерге стратегия, кәсіпорынның құрылымы және кемелділігі, факторлар, сұраныс және сондай-ақ байланысты және қолдаушы салалар жатады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты [5].



Кластерлеу нақты салада қызметтес, тығыз байланыс орнатқан, ортақ бәсекелестікті арттыруға бағытталған, бір географиялық аумақта қызмет ететін тұлғалармен кәсіпорындардың концентрация процесі ретінде анықталады. Тәжірибеде кластерлік қатынас жаңа басқару формаларын дамытып және кеңейтуге пайдалы болды, тікелей араласудың орнына қосымша формалар қолданылды. Берілген көзқарас кластерлер құрылуы нарығында қажеттіліктер үшін және қолданыстағы кластерлердің белсенділігін қалпына келтіру үшін ынталандырулар тудыратын желілер мен институттар жүйесін құруға негізделген.

Қорытындылай айтсақ, кластерлердің маңызы зор, өйткені кәсіпорындардың жалғыз жұмыс атқаруына қарағанда, өнімді және белсенді инновацияны қолдануына мүмкіндік береді. Кластерге деген қызығушылық көптеген елдерде артып отыр, өйткені экономикалық жағдайды сипаттап қана қоймай, нақты мақсаттарға жетуге көмектеседі. Кластер ірі бизнесті дамытуға заманауи жүйелерді құруға мүмкіндік береді.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет