ЭҚабж мо 13. 2 версия) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп



жүктеу 0.53 Mb.
бет2/2
Дата02.05.2016
өлшемі0.53 Mb.
1   2
:

3. Білім мазмұнына қойылатын талаптар
28. Негізгі орта білім беру білім алушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған, ол құндылықтар барлық білім беру деңгейлеріне ортақ болады және білім алушы тұлғасының мінез-құлығы мен қызметін ынталандыратын өмірлік тұрақты бағдарлары болып табылады.

29. Негізгі орта білім беру мазмұнында белгіленген негізгі құндылықтар:

1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;

2) құрмет;

3) ынтымақтастық;

4) еңбек пен шығармашылық;

5) ашықтық;

6) өмір бойы білім алу.

30. Негізгі орта білім берудің мақсаты келесідегідей кең ауқымды дағдыларды меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін жайлы білім беру кеңістігін құру болып табылады:


  1. білімді функционалды және шығармашылықпен қолдана білуі;

  2. сын тұрғысынан ойлауы;

  3. зерттеу жұмыстарын жүргізе білуі;

  4. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білуі;

  5. түрлі коммуникациялық тәсілдерді қолдану, соның ішінде тілдік дағдыларды меңгеруі;

  6. топпен және жеке жұмыс істей білуі.

31. Негізгі орта білім берудің негізгі міндеттері білім алушыларда келесі қасиеттерді қалыптастыру мен дамытудан тұрады:

  1. рухани-адамгершілік қасиеттер;

  2. ғылым негіздері бойынша базалық білім жүйесі;

  3. өздігінен оқу және тұлғалық өзіндік даму дағдылары;

  4. оқу, жобалық, зерттеу қызметін іске асыру дағдылары;

  5. сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау дағдылары;

  6. социумда өзін-өзі жүзеге асыру мен өзара әрекеттесу дағдылары.

32. Негізгі орта білім берудің базалық мазмұны білім алушылардың академиялық дайындығының, өздігінен жұмыс істеу қабілетінің дамуы мен рухани-адамгершілік тәрбиенің кіріктірілуі негізінде анықталған және олар мақсатты ұйымдастырылған тәрбие жұмысымен оқу, жобалық және зерттеу қызметтерінің байланысуы арқылы жүзеге асырылады.

33. Негізгі орта білім берудің базалық мазмұны келесі бағдарларды ескерумен анықталады:

1) заманауи қоғамның серпінді сұраныстарына сәйкестігі;

2) сын тұрғысынан, шығармашылықпен және позитивті ойлауды дамыту қажеттілігі;

3) оқу пәндері мазмұнының кіріктірілуін күшейтуді мақсат ету;

4) бастауыш және негізгі орта білім беру деңгейі аралығындағы білім беру мазмұнының сабақтастығы мен үздіксіздік принципін сақтауды қамтамасыз ету;

5) білім мазмұнындағы академиялық және практикалық бағыттылығы арасындағы тепе теңдікті сақтау;

6) оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың біртұтас бірлігін қамтамасыз ету.

34. Міндетті оқу пәндерін оқытумен қатар жобалық жұмыстар, элективті курстар мен сыныптан тыс сабақтар өткізу қарастырылған. Жобалық жұмыстарды орындау білім алушылардың зерттеушілік, ынтымақтастық, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытады және таныстырылым өткізуге машықтандырады.

35. Негізгі орта білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру саясаты аясында жүзеге асырылады. Үштілді білім берудің мақсаты кем дегенде үш тілді меңгерген, қызметтің әртүрлі саласында табысты диалог жүргізе алатын, өз халқының мәдениетін құрметтейтін, басқа да халықтардың мәдениетін құрметтейтін көптілді тұлға – Қазақстан азаматын қалыптастыруды көздейді.

36. Үштілді білім беру тәжірибеде келесі жолдармен жүзеге асырылады:


  1. қазақ, орыс және ағылшын тілдерін халықаралық стандарттарға сәйкес деңгейлік меңгеруін қамтамасыз ету;

  2. жекеленген пәндерді оқыту тіліне қарамастан қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытуды ұйымдастыру;

  3. сабақтан тыс іс-әрекеттерді және элективті курстарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыру.

37. Негізгі орта білім берудің базалық мазмұны білім саласы бойынша білім алушыларға тек ғылым негіздерін оқытып қана қоймай, олардың тиімді бейімделуге ықпал ететін рухани әлеуметтік және мәдени тәжірибелерін одан әрі дамытуды қамтамасыз етудің қажеттілігін ескерумен анықталды.

38. «Тіл және әдебиет» білім саласының мазмұны келесі оқу пәндері арқылы жүзеге асады:

1) оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беру ұйымдарына арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндері, оқыту орыс тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін ұйымдарына арналған «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті» пәндері;

2) оқыту қазақ тілінде емес тілдерде жүргізілетін жалпы білім беру ұйымдарына арналған «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні және оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беру ұйымдарына арналған «Орыс тілі және әдебиеті» пәні;

3) «Ағылшын тілі»;

4) Қазақстан аумағында тұратын этностың тілінде оқытатын жалпы білім беру ұйымдарында «Тіл және әдебиет» білім саласына осы этностың «Ана тілі мен әдебиеті» қосымша енеді. «Ана тілі» («Ұйғыр тілі», «Өзбек тілі», «Тәжік тілі») мен «Әдебиет» («Ұйғыр әдебиеті», «Өзбек әдебиеті», «Тәжік әдебиеті») пәндері үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентіне енеді.

39. «Тіл және әдебиет» білім саласындағы пәндер мазмұны:


  1. басқа тілдік және тілдік емес оқу пәндерінде пәнаралық байланысты пайдалануды;

  2. білім алушылардың ойдағыдай әлеуметтенуін;

  3. білім алушылардың жас ерекшеліктері, қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сәйкес дағдылары мен біліктерін дамытуды;

  4. қазіргі әлемде тілдерді оқытудың маңыздылығын түсінуді;

  5. рухани-адамгершілік құндылықтардың дамуын;

  6. көптілді және көпмәдениетті әлемнің тұтастығын түсінуді;

  7. қарым-қатынас процесінде тұлғаарлық және мәдениетаралық байланыстарды орнатуды;

  8. өзге елдің мәдениетімен танысу арқылы басқаның да ойын сыйлай білуді тәрбиелеуді;

  9. оқыту тілінде түрлі ақпарат көздерімен, оның ішінде ғаламтор ресурстарымен өздігінен жұмыс істеуді қалыптастыруды;

  10. шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту және пайдалануды қамтамасыз етуі керек.

40. «Математика және информатика» білім саласындағы пәндердің мазмұны «Математика», «Информатика» оқу пәндері арқылы жүзеге асады.

41. «Математика және информатика» білім саласының мазмұны:



  1. математика мен информатиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну қабілетін қалыптастыру, математиканы ғылымның әмбебап тілі, құбылыстар мен процестерді моделдеудің құралы ретінде түсінуді;

  2. математика және информатиканы оқытуда орта білім беру деңгейлеріндегі сабақтастықты, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды;

  3. жалпы орта білім беру деңгейінде оқуды жалғастыруға және сабақтас пәндерді оқуда, күнделікті өмірде пайдалануға қажетті базалық математикалық білім мен біліктерді меңгеруді;

  4. визуалдық программалау технологиясының және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін, информатика және басқа да пәндерді оқу кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана отырып шынайы объектілер мен процестердің модельдерін қолдану және түрлендіру біліктерін меңгеруді;

  5. функционалдық сауаттылықты, логикалық, алгоритмдік және операциялық ойлауды, кеңістіктікті елестетуді, математика мен информатиканың түрлі тілдерін (сөздік, символдық, аналитикалық, графиктік) қолдану қабілеттерін, әртүрлі формада берілген ақпаратты қабылдау және сын тұрғысынан талдауды дамытуды қамтамасыз ету керек.

42. «Жаратылыстану» білім саласының мазмұны «Ғылымға кіріспе», «Физика», «Химия», «Биология», «География» оқу пәндері арқылы жүзеге асады.

43. «Жаратылыстану» білім саласының мазмұны:



  1. функционалдық білім мен біліктерді, жоспарлау, талдау және өңдеу, түсіндіру, жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс, зерттеу, практикалық-эксперименталдық дағдыларды жетілдіру, қорытындыларды бағалау және тұжырымдау дағдыларын игеруді;

  2. әлемнің қазіргі жаратылыстану көрінісінің негізінде жатқан іргелі ұғымдарды, заңдылықтарды, теориялар мен принциптерді, табиғатты ғылыми тану әдістерін, табиғатты, экономиканы және қоғамды кешенді зерттеу негізінде адамзаттың ғаламдық және жергілікті проблемаларын түсінуді тереңдетуді;

  3. экологиялық мәдениетті, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ойлауды дамытуды;

  4. патриоттық сезімдерді, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті және ұқыпты қарауды тәрбиелеуді;

  5. білім алушыларды жаратылыстану ғылымдары бағытында кәсіби бағдарлауды іске асыруды қамтамасыз етуі керек.

44. «Адам және қоғам» білім саласының мазмұны «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері», «Өзін-өзі тану» оқу пәндері арқылы жүзеге асады.

45. «Адам және қоғам» білім саласының мазмұны білім алушыларда «Адам – Қоғам» жүйесі шегіндегі қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша білім негіздерін қалыптастыруға бағытталуы қажет. Пәндер мазмұны білім алушыларда тарихи ойлау, өткен мен қазіргі жағдайды және олардың өзара байланысын түсіну мен ұғынуға, тарихи, құқықтық, экономикалық, саяси, әлеуметтану ақпарат көздері бойынша зерттеу, талдау және негізделген қорытындылар жасауға, соның негізінде тәуелсіз ой-пікірлер түзуді, өзіндік сараланған шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыруға; патриотизм сезімін тәрбиелеуге, құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, демократиялық құқықтық қоғам идеалдары мен құндылықтарын түсінуге, белсенді азаматтық ұстаным, социомәдени байланыс жағдайында тиімді өзара қарым-қатынасты іске асыру және коммуникативтік құралдар таңдауға; жалпы адамзаттық, этномәдени құндылықтарға, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайға жеке қатынасын анықтау біліктігін дамытуға, адамгершілік таңдауды жүзеге асыру үшін қажет әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды бақылау және бағалауға бағытталған.

46. «Технология және өнер» білім саласының мазмұны «Бейнелеу өнері», «Музыка», «Технология» оқу пәндері арқылы жүзеге асады.

47. «Технология және өнер» білім саласының мазмұны қоршаған әлемнің бейнесін, өскелең ұрпақтың ортақ мәдениетін тұтастай қабылдауды, білім алушылардың эстетикалық, рухани-адамгершілік және эмоционалдық саласын қоғамның ұлттық және әлемдік көркем құндылықтары негізінде дамытуға, адам өміріндегі өнер мен технологиялардың рөлі туралы негізгі түсініктерді дамытуға, қазақ халқының және әлемнің басқа да халықтарының дәстүрлеріне, салттарына, мәдениетіне және әртүрлі өнер түрлерін түсінуге және құрметтеуге; өнердің әртүрлі түрлерінде көркем, музыкалық және жобалық әрекетті іске асыру білімдерін, біліктерін және дағдыларын одан әрі дамытуға, негізгі технологиялық білім, білік, дағдыларды, соның ішінде компьютерлік сандық технологияларды қолдану арқылы; вокалды және инструменталды дағдыларды (әртүрлі музыкалық сандық технологияларды қоса алғанда) дамытуға; мәнерліліктің көркем және музыкалық құралдар және заманауи технологиялар арқылы әлемді танудың әртүрлі әдістерін өзіндік меңгеруге бағытталуы тиіс.

48. «Дене шынықтыру» білім саласының мазмұны «Дене шынықтыру» оқу пәні арқылы жүзеге асады.

49. «Дене шынықтыру» білім саласының мазмұны:



  1. денсаулықты нығайту, негізгі дене бітіміндегі физикалық қасиеттерін дамыту және ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін жоғарылатуға;

  2. қозғалыс мәдениетін қалыптастыруға, қозғалыс тәжірибесін жалпылай дамыту және түзетуге бағытталған физикалық жаттығулар арқылы байытуға;

  3. сауықтыру және спорттық сауықтыру дағдысы мен іскерлігіне үйретуге, физикалық жаттығулар жасауды өз бетінше ұйымдастыруға үйретуге;

  4. техникалық қимылдар жасауды және базалыө спорт түрлерінің амалдарын меңгеруге;

  5. ұйымшылдыққа, мақсатына ұмтылуға, өз өзіне деген сенімділікке, шыдамдылыққа, өз өзін басқара білуге, табандылыққа, патриоттық сезімге, өз Отанын сүюге тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.

50. Негізгі орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгеру мерзімі – бес жыл.
4. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне

қойылатын талаптар
51. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 33-тен 38 сағатқа дейін құрайды.

52. Инварианттық және вариативтік компоненттерді құрайтын білім алушылардың оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарымен белгіленеді.

53. Апталық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында (инварианттық және вариативтік компонентте) белгіленген оқу жұмысының барлық түрлерін қамтиды. Жалпы білім беретін арнайы мектептердің оқу жоспарларында білім алушылардың дамуындағы кемістіктер түріне сәйкес міндетті коррекциялық компонент қарастырылған. Жалпы білім беретін арнайы мектептердің оқу жоспарларында инварианттық, коррекциялық және вариативтік компоненттер білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып бекітіледі.

54. Оқу жылының ұзақтығы 34 оқу аптасын құрайды. Оқу жылындағы каникул күндерінің ұзақтығы 30 күннен кем болмауы тиіс. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде.



55. Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда келесі пәндер екі топқа бөлініп оқыту арқылы жүзеге асырылады:

  1. оқыту қазақ тілінде емес сыныптардағы «Қазақ тілі мен әдебиеті»;

  2. оқыту орыс тілінде емес сыныптардағы «Орыс тілі мен әдебиеті»;

  3. шетел тілі;

  4. технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына);

  5. информатика;

  6. дене шынықтыру (гендерлік қағидат бойынша).


1   2


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет