Әбдіқадырова Ж. Б. БҮгінгі ислам өркениетінің дағдарыстық ҚҰбылыстарын түсінудегі жаңа тарихи ыңҒайлар



Дата01.05.2016
өлшемі67.24 Kb.
Әбдіқадырова Ж.Б.
БҮГІНГІ ИСЛАМ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ДАҒДАРЫСТЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРЫН ТҮСІНУДЕГІ ЖАҢА ТАРИХИ ЫҢҒАЙЛАР
Бүгінгі таңда талдампаздар мен көсемсөзшілер араб әлеміне, кең мағынада айтсақ, бүкіл ислам әлеміне не болып жатыр, ол қай жаққа қарай бет алды және мұның бәрін қалай түсінуге болады деген ойларға батуда. Үлкен Таяу Шығыс жаңаруға қарсы мәдениетсіздік және лаңкестік жаққа құлдырап бара жатыр дегеннен бастап, мұсылман елдеріндегі демократияның салтанатты жеңісі болады дегенге дейін көптеген болжамдар, түсіндірулер бар. Бұл тұрғыда ислам әлемінің дамуы үдерісіндегі ішкі факторларды елемейтін ыңғайлар сауалдың толық жауабын бере алмайды. Және әйгілі арабтанушы Гумер Исаевтың Үлкен Таяу Шығыстағы мәселелерге жаңа сараптамалық көзқарас керек деген пікірімен келісуге болады [1].

Біріншіден, араб елдеріндегі оқиғаларды бір ортақ негізгі себептерден туындаған кешенді үдеріс деп қарастыру керек. Яғни араб, жалпы ислам әлемі - дамуы жалпы факторлармен негізделетін біртұтас ағза.

Аймақты зерттейтін мамандар арасында генерал-геосаясаткер Леонид Ивашов осыған нақты тұжырым бере келе, «Мысырдағы революция туралы айтқан кезде, бүкіл арабтық, және бұдан да ауқымырақ ислам әлемі туралы айту керек», - деп ескертті.

Генерал: «Ислам әлемі шеңберінде ғаламшардың ірі мұнай-газ шикізат көздері орналасқанына және стратегиялық маңызды байланыстар өтетініне қарамастан, ислам әлемі әлемдік тарихи үдерістердің соңында қалып қойып отырды, - деп атап айтты. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда бұл аймақ Африкадан кейінгі дамымаған аймақ. Бірақ оғаштығы болып табылатыны 21 араб елі бүгінде 1,5 триллион долларды іс жүзінде батыстық елдердің экномикасын инвестициялауға жұмсаса, тек 10 миллиарды ғана өздерінің экномикасын дамытуға қалатынында жатыр. Солайша елдерге алдынала экономикалық артта қалушылық жүктеледі». Ресейлік генерал баса айтқандай, «ислам әлемі бұл тығырықтан шығатын жолды табуға міндетті. Алдарында тұрған қиын мәселелердің біріне симбиоз, яғни дәстүрлі рухани және моральді құндылықтар мен жаңару қажеттілігі арасындағы синтез мүмкін бе деген сауал жатады».

«Дәл бірыңғай мемлекет, жаңа империя – халифат шеңберінде ислам әлемі халықтарының мәселелері шешілуі мүмкін, себебі бұл аймақта айтарлықтай байлықтар мен капиталдар шоғырланған. Ал егер қазір тек өкімет өзгерсе, онымен мәселе шешілмейді, болашақта одан да қатты толқулар болуы мүмкін», - деген сенімде Л. Ивашов [2].

Бұл тұста маман аймақтағы тұрақсыздық аймақ қайтадан бірегей біріккен бүтінге айналмайынша сақталып отырады деп айтудан жалықпайтын кейбір араб сараптамашыларының тезисін өздігінше қайталады. Халифат болмаса да (батыстық бұқаралық ақпарат көздеріндегі шолушылар үрей туғызғандай кейіпте болмаса да), «мұсылмандық Еуропалық Одақ» іспетті болуы мүмкін.

«Жаңа жедел (оперативті) шығыстанудың (исламтанудың)» екінші әдістемелік құралы қазір Үлкен Таяу Шығыста болып жатқан оқиғалар исламдық ояну үдерісінің белсенді кезеңге өтуінің өзі болып табылады дегенге сүйенеді. Бұл үдеріс айтарлықтай радикалды нысанда басталды (әйтседе барлық жерде емес, мысалы Мысыр немесе Либиямен салыстырсақ, Түркияда ол бейбіт және эволюциялық жолмен жүріп жатыр), бірақ уақыт өте келе сындарлы жолға өтуі мүмкін. Басқа сөзбен айтқанда, «жеткіншектік» кезең «есею» кезеңіне ауысады.

Соңғы үш жүз жыл ішінде тоқырауға ұшыраған ислам әлемі бүгінде оянып келе жатыр және оның әлемдік аренада өзін-өзі анықтау мәселесі XXI ғасырдағы халықаралық қауіпсіздіктің басты мәселелерінің біріне айналуы мүмкін. Бұл тұрғыда Қытай, Үндістан, басқа ел емес, дәл ислам әлемі ғаламдық геосаясат өзегіне енеді. «Ислам ғасыры» әлі ұзақ сақталады. Шапшаң даму, өзін-өзі анықтау, қазіргі замандағы Үлкен Таяу Шығыста өзін іздеу көптеген онжылдықтарға созылуы ықтимал. Бұл XXI ғасырдағы күн тәртібінің ең маңызды тақырыбы болып есептеледі.

Енді араб тілін оқу заманы келді. Орталық Барлау Басқармасы бірнеше жыл бұрын ведомствоға жұмысқа алған кезде араб тілін немесе парсы тілін білетіндерге баса назар аударатынын шегелеп айтқандары да бекер емес. Бәлкім әлдебіреулер көптеген жылдарға адамзат сипатын өзгертетіндей тарих жасалып отырған жерді түсінген болар.

Жер әлемде бірнеше жүз жылдықтар бойы үстем болып келген және қазір Батыс басқа өркениеттерге қарағанда алатын орны сияқты орында болған ислам әлемі XVIII ғасырларға жуық кенеттен өшіп қалды. Ол уақытқа дейін Осман империясы – сол кездегі умма өзегі – ол замандардағы барлық көрсеткіштер бойынша Еуропаны озып отырды. Османофильдік көптеген ғұламаларға да тән болды. Томас Мор идеалды, мінсіз әлеуметтік-саяси тәртіп туралы өзінің «Утопиясын» Осман империясынан көшіріп алды деген пікір де бар [3].

XVII – XVIII ғасырлар тоғысында ислам әлемі кейінге тартыла бастады және содан бері жеңіліс, қирау, қорлық, ішкі шиеленістер мен құлдыраудан басқа ешнәрсе көрмеді. Соңғы үш жүз жыл ішінде мұсылмандар ешбір айтулы соғыста жеңіске жетпеді, керісінше, өздері зұлымдық пен басып алуға тап болды. Мұсылман өркениеті екі дүние жүзілік соғыста да жеңіліс тапты және XX ғасырда отарланып, шетелдік иелерінің қатаң бақылауына түсті. Алып империялар мен кішігірім квази-державалар өздерінің мәртебесі мен мүмкіндіктеріне орай одан үлкен не кіші бөліктерін жұлып алды.

XIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың бірінші жартысы мұсылман өркениеті тарихындағы ең ірі құлдырау кезеңі болып табылады. Тіпті бұл исламның аман қалуы екі талай болған моңғол-крест жорықтары заманында да болмаған. Мүшкіл жағдай күні бүгінге дейін сақталып келеді.

Мұсылман өркениеті бүгінде көлеңкеге ысырылды, оның адамзат дамуындағы орасан үлесі (алгебра мен химиядан бастап еуропалық Реформация мен Қайта құруға әсеріне дейін) еленбейді және ескерілмейді. Ол еске алуға тұрарсыз өркениет деп қалыптаса бастады. Мұндай жағдай ішкі құлдырау мен сыртқы басқыншылық салдарынан пайда болды.

Дегенмен, ең соңғы оқиғалар ислам өркениеті феникс құсы сияқты күлден қайта тірілуге дайындалып жатыр деген тұжырым жасауға негіз береді. Бұл тұста ұлы Тойнбидің сөздері мен оның ұлы Гегельмен пікір-таласын еске түсірмеске болмайды.

Гегель болса, ислам өркениеті өзінің барлық қауқарын, қорын тауысып, терең көп ғасырлы ұйқыға батып бара жатыр десе, бірнеше онжылдықтан кейін Тойнби «Тарихты тану» еңбегінде ислам өркениетінің «белсенділігі» және халифат сияқты өміршең нәрсеге өлім жазасын беру тарихта бұрыс және орынсыз деп айтуға мәжбүр болды. Оның әлеуетінің орасан болғаны соншалықты, ол ғасырлар бойы сақталып қана қоймай, екі рет жоқтан қайта жаңғыра да алды» [4, c. 458].

Және бұл тұста Тойнбидің көзқарасы шындыққа жақын болып шықты. Осман империясының ыдырауы кезінде-ақ халифаттың жоқ болуынан кейін бірден дерлік оның кейбір қызметтерін, яғни исламның саяси «өлшемдегі» өкілеттілігін алуға тырысып баққан саяси қозғалыс қалыптаса бастады.

Өкінішке орай, қан мен естен танусыз бұл жаңғыру болмайтын сияқты. XIX ғасырдағы еуропалық революциялардың өздері де барқытты болмады ғой.

Үдерістің ауқымы тым кең және онжылдықтар бойы ішке жасырынып, еленбей келген мәселелер де тым көп, сондықтан жарылыстың болмауы мүмкін болмады. Ислам әлемі шалынып құлап, қайта тұрып, қайта тізе бүгіп, дүниедегі өзінің салмақты орнын табуға мүдделі.

Мұсылман әлемі өзгеріп жатыр, бірақ түбінде өз келбетін сақтап қалып отыр, яғни мұсылмандық болып отыр. Солайша ол бірнеше рет өзгерді: мәселен, Аббасидтер заманындағы ислам әлемі Осман әлемінен әлдеқайда ерекше. Бірақ біріншісі де, екіншісі де – бұл ислам әлемі.

Жақын онжылдықтарда әлем кенет ол мұсылман әлеміне қазіргі ғылым мен Қайта құру үшін міндетті екенін, сол Батыстың өзінде-ақ барлық жерде исламның іздерін табуға болатынын, мың жылдықтар бойы ислам әлемі Батыс келгенге дейін дүниеде жетекші болғандығын, иудейлік-христиандық емес, иудейлік-христиандық-исламдық (яғни авраамдық) өркениет деп айтқан дұрысырақ және әділетті екенін есіне түсіреді және аяқасты ислам өзінің ерекше әлеуметтік қуаты мен пассионарлығы арқасында қазіргі және келешек мәселелерді шешуге қауқары бар екенін біледі.

Мұндай өзін-өзі анықтаудың орасан үдерісін тек радикалдылықпен ғана байланыстыру болып жатқан оқиғаларды түсінбеуді, яғни мамандық тиімсіздікті көрсетумен тең. Шынымен де, кейде жастардың зор қуаты шешімді қарсы шығудың тек экстремистік жолдарында ғана табуда. Бұл үш жүз жылдық қорлау мен өркениет құлдырауына берген орынсыз жауап және кек қайтару талпынысы. Бірақ мұнымен іс шектелмейді. «Жастық асыра сілтеушіліктің» астарында негізгі беталыс – ислам әлемінің бүкіл адамзат дамуына қосқан үлесі мен әлеуетіне сай өзіне дүниедегі орнын қайтарып алу талпыныстарын аңғарған жөн.

Үдерістердің осындай негізгі құрылымдарын елемейтін бұл ыңғай араб елдеріндегі революциялар барынша күтпеген және түсініксіз сипатқа еніп отырғандығына алып келді. Олар мамандар қауымдастығын таң қалдыратыны соншалықты, алғашқы сараптамалық мәтіндер оқиғалар басталғаннан кейін екі-үш аптада ғана шығып отырады. Ал өкіметтер болса, бір-біріне қарама-қайшы мәлімдемелер жасаумен ғана шектеліп отыр.

Сондықтан, қорытындылай келе, ислам әлемі ғаламдану, демократия, лаңкестік, адам құқықтары ұғымдарына қандай мағына беретіндігі, оқиғалардың даму нұсқаларын және қазіргі заманның ең қиын деген міндеттерін шешуде қандай әдістерді ұсынатыны, исламның бүгінгі кездегі экономикалық, саяси, экологиялық, мәдени, көші-қон және басқа да мәселелерді шешуге қалай қарайтыны аясындағы мәселелерді қарастыру - тар академиялық білім шеңберінен әлдеқайда шығып қойған және әлемдік қауіпсіздікті сақтаумен, ғаламдық дамумен және теңдестірілген халықаралық тәртіп қалыптастырумен шартталған саяси қажеттілік болып табылады.

1. Нужен альтернативный экспертный взгляд. Беседа с главой Санкт-Петербургского центра изучения современного Ближнего Востока // http://www.islam.ru/pressclub/gost/gumisev/

2. Генерал Ивашов: Решение проблем арабского мира в новой единой империи // http://www.islamnews.ru/news-35561.html

3. Мухаметов Р. Новое оперативное исламоведение // http://www.russ.ru/Mirovaya-povestka/Novoe-operativnoe-islamovedenie



4. Тойнби А.Дж. Постижение истории: Пер. с англ. - М.: Прогресс, 1991. - 736 с.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет