Әбдірахманов, О. Тоқырауынның тоқырауы [Текст] / О. Әбдірахманов // Орталық Қазақстан. 2009. 15 тамыз (№122-123).



жүктеу 68.19 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі68.19 Kb.
: download -> DBases -> Ecology of the CK -> Files
Files -> Оспанов К. Н. Последствия закрытия убыточных шахт Карагандинского угольного бассейна в целях экологической и техни­ческой безопасности / К. Н. Оспанов // Охрана труда Казахстана. – 2006. – №6(6). – С. 38-41
Files -> Сүйімбаева, A. M
Files -> Сарыарқа өзендерінің орогидрографиялық жағдайы және табиғи-антропогендік үрдістері. (Сарысу өзені мысалында) [Текст] / К. М. Ақпамбетова, ж әбдірахманова // Экологическое образование в Казахстане. 2008.№1. С. 8-9
Files -> Досмахов, С. М. Өнеркәсіпті өңірдегі экологиялық ахуал және оның географиялық аспектілері [Текст] / С. М. Досмахов // Қарағанды ун-тiнiң хабаршысы. Биология. Медицина. География сер.= Вестник КарГУ. Сер биология №3. С. 78-82 б
Files -> Айтымов, А. К. Теміртау қаласының экологиялық-гигиеналық жағдайына жаңадан қоныстанған оралман балалардың кардиореспираторлық жүйе қызметінің бейімделу үрдісі [Текст] / А. К. Айтымов, Д. М. Джанғозина // Қарағанды ун-тiнiң хабаршысы
Files -> Балқаш аллбүғасы Табиғи түрде өсіп-өнуі мүлде азайып барады. Бұ л түрі «Қызыл кітапқа»
Files -> В статье излагаются материалы по определению месячных и годовых
Files -> Нұржанова, Г. К
Files -> Өмірсерікқызы, Э. Іле-Балқаш алабындағы табиғи компоненттердің ластаушы көздері / Э. Өмірсерікқызы // География в школе. – 2007. №2. – 8-9 б. –
Files -> Рымкүл Біләлқызы Мәшүрбековаға
Әбдірахманов, О.

Тоқырауынның тоқырауы [Текст] / О. Әбдірахманов // Орталық Қазақстан. - 2009. - 15 тамыз (№122-123). - (Табиғат және біз)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылы 18-ші ақпанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауының бір тармағындағы елімізді көгалдандырудың «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасын өрістету тапсырмасы жастардың арасында қызу қолдау тапты. Отанымыздың экологиялық жағдайын жақсартуды көздейтін бағдарламаның мақсаты студент жастардың күшімен жерді көгалдандыру, ағаш отырғызу, өрттен қорғау, жасыл желекке бөленген аймақтардың көлемін ұлғайту, айналадағы ортаны жаңғырту мен қатар жастардың қаражат тауып, жерін, елін сүйуге тәрбиелеуді көздейді.

«Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан түрлі іс-шаралардың, атап айтсақ, ағаш отырғызу, елді мекендерді көгалдандыру, «тұншығып қалған» бұлақтардың көзін ашу, арықтарды тазалау сияқты игілікті жұмыстардың стратегиялық мәні зор. Кең байтақ даламызды көк шалғынға бөлеудегі негізгі мақсат — табиғаттың экологиялық жағдайын жақсарту нәтижесінде халықтың денсаулығын дұрыстап, әл-ауқатын арттыру. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Табиғатты сақтай білу - өз елің мен бүкіл дүниежүзінің гүлденуін қамтамасыз ету» деп атап етті. Иә, көшбасшымыз айтпақшы, «Қазақстан 2030 жылы ауасы таза, суы мөлдір, жасыл желекті елге айналуы тиіс». Туған елін, жұмыс істеген, оқыған жерін көгалдандыру, гүлдендіру қазақстандық әр азаматтың, отбасының міндеті, борышы.

Көпшілік ел ағашты сән үшін егеді деп ойлайды. Шын мәнінде сәнімен бірге ағаштың табиғат тазалығына келтіретін пайдасы ұшан-теңіз. Өсімдіктердің тіршілікке қажетті аса маңызды заттарды бөліп шығарумен қатар ауаны тазартуда алатын орны да ерекше. Мәселен, қарағай, қайың, шырша, долана ағаштары адамға зиян келтіретін микроорганизмдерді өлтіріп, денсаулыққа пайдалы әр түрлі биологиялық активті заттар – фитоцидтерді бөліп шығарады. Сонымен қатар түрлі өндірістің сыртқа шығаратын зиянды қалдықтарын тазартуға да тікелей әсер етеді. Ал фотосинтез процесі кезінде бір тәулікте үш адамның дем алатын оттегісін бөліп шығаратын көрінеді. Халықаралық Киото келісімі бойынша озон қабатын бұзатын заттар – көмірқышқыл газы мен басқа да улы заттарды, бір сөзбен айтқанда булану (парниктік) газдарының шетелуіне тікелей қатысады. Өсімдіктер осы улы газдарды бойына сіңіретін, табиғатты байытып отыратын организмдер.

XXI ғасырда да табиғаттың тепе-теңдігі сақталмай, экологиялық жағдайдың ушығып бара жатқаны әлем жұртшылығын алаңдатуда. «Жұт жеті ағайынды» деп халқымыз айтпақшы, адам баласының қаһарына ұшыраған Табиғат-Ана тамырынан солып, өліп барады. Бір кездері жасыл желекке көмкерілген кең даламыз бүгінде құла түзге айналуда. Сарқырап аққан суларымыз сарқылып, өзен-көлдеріміз құрғап, бу болып аспанға ұшып кетіп жатқаны соның айғағы. Кейінгі кездері «ауыз су тапшы» деген сөзді жиі еститін болдық. Мамандар «Су бергеннің сауабы бар, су төккеннің жауабы бар» деп дабыл қағуда. «Судың да сұрауы бар» екенін қанша айғайлап айтқанмен, өкінішке орай, көпшілік судың құнын әлі де парықтай алмай жүр. «Су - ырыстың көзі» екенін біле тұра кері қадамдар жасалуда. Кем ойлап, кем пішудің салдарынан ата-баба аманат еткен жеріміз сортаңданған кебірге айналуда. Кең дала кебірсуде. Мұнай сияқты судың да қоры азаяр, бітер. Менің ойымша, Балқаш жер асты көліне құятын Тоқырауын өзенінің суын бұрынғы қалпына келтіру үшін Балқаш әкімшіліктері де қаперіне алғаны дұрыс па деймін. Дәл қазіргі уақытта еліміз зардап шеккен Табиғат-Ананы қорғау, құрып бара жатқан табиғи нысандарды қалпына келтіру, қоршаған ортаны таза ұстау керектігі туралы талаптарды өзекті мәселе ретінде көтеріп отыр.

«Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...» деп дауылпаз ақын Қасым айтқандай, мен де балалық, жастық шағыма куә болған Тоқырауын өзені турасында айтқым келіп отыр. Тоқырауын бұрын қандай еді?! Тоқырауын өзенінің басы екі саладан Қараменде, Жалаңаштан тұрады. Қараменде саласы екі айрықтан - Қараменде және Найманбайдан тұрады. Найманбай айрығы сонау Былқылдақ елді мекенінен жоғары Дуақтас (1207м), Жан (1217м) тауы беткейлеріндегі бұлақтардан бастау алады. Былқылдақ Ақтоғайдан Қарқаралыға қарай кетіп бара жатқан жолдың бойында, жері атьіна сай болатұғын. Қараменде айырғы Қиматас (1247м) тау беткейлеріндегі бұлақтардан басталады. Бұған жан-жақтан бірнеше бұлақтар келіп қосылады. Жалаңаш саласы: Жалаңаш және Тоқырау айрықтарынан тұрады. Тоқырау айрығы Соран (1208м), Отар (1159м), Қушоқы (1203м) және Қызылтас тауының шығыс жақ беткейлеріндегі бұлақтардан басталса, Жалаңаш айрығы Жалаңаш (1138м) және Қызылтас тауының оңтүстік беткейлеріндегі бұлақгардан басталған екі айрық Жыланды (1155м) тауының етегіне тақап қосылады. Бұлақтарды көрсетіп отырудағы негізгі мақсатымыз, Тоқырауын суының молдығы, тазалығы сол бұлақ басындағы елді мекендерге де көп байланысты. Бұларға келіп Балықты бұлақтың да суы қосылады. Тоқырауын өзеніне Еспе, Шылым, Қаратал, Қусақ салалары келіп құяды. Қар мол болған жылдары Тоқырауын өзені Балқаш көліне дейін жетіп, көлдің балықтары өзеннің бойымен көтеріліп талай жерге баратын. «Су арнасына түскен кезде ойдым-ойдым суларда қалған балықтарды қолмен ұстап алдық»- деген сөзді үлкен кісілердің аузынан жиі естуші едім. Басқа уақытта Тоқырауын суы құмға сіңіп, Балқаш маңындағы жер асты суына қосылады.

Тоқырауын өзенінің екі жақ қабағына жарыса өскен талдардың қою көлеңкесі өзен суының буланып кетпеуіне қорғанышты. Қалың ағаштар мен сыңсыған қарақат, мойыл, доланаға толы өзеннің маңы жан баласын ғажайып күйге бөлейтін. Әдебиеттерде мойылды «черемуха» деп қате аударылып жүр. Черемуха ағашты есімдік, бұл Ақтоғай көлемінде өспейді. Ал мойыл болса бұта. Мойыл қарақаттың бір түрі. Тоқырауын өзенінің бойындағы тоғайдың қалыңдығы сонша, арбамен екі жерден ғана өтетін, оның бірін «Кең өткел» деп атайтын. Суы да мол. 1939-1941 жылдары мектепке бару үшін арнаулы аспа қайық арқылы өткенімізге осы күні кім сенеді. Қазір бүл өткелдің суы тізеге әрең жетеді. Ол уақытта біз екі езеннің қосылысында, ауданнан 3-4 шақырым жерде тұрдық. Жаз бойы мөлдір суға шомылып, ағаш көлеңкесінде жатып рахаттанатынбыз. Қыс болса, жылтыраған айдын мұзда коньки теуіп, алысқа кетіп қалғанымызды да байқамайтынбыз... Қарамеңце арнасынан тартылған тоған арқылы Ақжарық беткейіндегі егінді суаратын. Тоған бойын қаулай ші-лік өсіп тұратын. Бұл тоғанға Ақжарық бұлағы келіп қосылатын. Ол уақытта ауданның салатын егіні суармалы болатын. Кейіннен егінді Қорамойынның күншығыс жағындағы далаға салды. Ол кезде бидаймен қоса тары да егетін. Тоқырауыннан тартқан тоғанды Қорабай тоғаны деп атаушы еді. Олай аталуы - сол тұста Қорабай балаларының қыстағы бартұғын және егінді де Қорабайдың Рыстапа, Тақан дейтін балалары суаратын. Олар күн бата егінді суарып, күн шыға үйлеріне келіп демалатын. Баламын ғой, сушылардың осы әрекетіне түсінбейтінмін. Жүрт тыныққан кезде жұмыс істеп, ел ұйқыдан тұрған кезде ұйықтайтындары несі деп таңғалатынмын. Сөйтсем, табиғатпен етене байланыста өмір сүрген қазекем, сол кездің өзінде егінді қай уақта суару керектігін түсініп, өсімдік физиологиясын оқымай біліпті.

1942 жылы әкейдің жұмысына байланысты аудан басына көшіп келдік. Ел қатарлы біз де отынды үйдің жанындағы қаулап өсіп тұрған ағаштардан қиып әкеліп жақтық. Кейін «томары бар ағаш қызулы болады» деп аудан адамдары талды томарымен қазып алатынды шығарды. Уақыт ете келе өзен жағалары жалаңаштанып, қалпына келмей қалды. Бәрі «тал, терек, жалпы ағаш атаулыны, бүталарды томарымен алуға болмайды» деген ескертудің жоқтығынан. Тыйым салынған жағдайда тал томарларынан қайтадан балапан шыбықтар жайқалып өсіп шыға берер еді.

Ақтоғай көлемінде 595-тен астам өсімдік түрі кездеседі, оның 15-і тек эндемиктер. Жас шағымда Ақтоғайдың таңғажайып табиғатына тамсанатынбыз. «Табиғат-Ана мұншалықты сұлулықты тарту етеді екен-ау!» деп таңырқайтынбыз. Ақшатаудан келе жатқанда «Жалпақ қайың» деп аталатын жерде самсап өсіп тұрған қайыңдарға жұрттың назары бірден түсетін. Ауданға кіре берістегі Жосалы тауының етегіндегі үлкен бұлақ басында ырғала билеген ақ қайыңдар көздің жауын алатын. Жазда киіз үйлері барлар бұлақ басына үй тігіп, жайлауға шығатынды. «Қызылтас» «Бірлестік» колхоздарының сайлары шілікке, ырғайға, итмүрынға, тасты жоталары аршаға толы болатын. Балқаштан Ақтоғайға келе жатқанда Бектауатаның баурайындағы Жалған қанқызыл долана, көк теректерді еске алмағанда, кісі бойындай қарағандарының өзі аумақты жерді алып жататын. Ал Қызыларайға келсек, оның басқа тау сілемдерінен айырмашылығы - өсімдіктер бірлестіктерінің езгерістері жоғарыдан төмен қарай өте айқын түрде ажыратылады. Қызыларайдағы қарағайлы орман Қарқаралы мен Кент орманына қарағанда шөлейттенген және селдірленген. Қызыларайдан ауданға барар жолдың өн бойында шілікті бұталармен араласып қарақат бұталары да өсетін. Мөлдіреп тұрған қап-қара қарақаты көздің жауын алатын. Қаражұмақта тырбиып өсіп жатқан аршалары қандай десеңізші! Тіпті «Шатыршаның бауырындағы бұлақ суынан қайнатқан шәйдің дәмі балдай болады» - деп үлкендер бізге бұлақ суын тасытатын. Бұл өңірде сол уақыттарда қазіргі аурухана маңы халық медицинасында ертеден көптеген ауруларға ем ретінде (ревматизм, өкпе, бронхит, радикулит) қолданылатын эфир майына бай, өте жағымды иіс шығарып тұратын, сирек кездесетін жебіршеп (киік оты-тимьян), екі өзеннің қиылысқан тастақтау, дөңестеу жерінде қалың боп есетін буын, асқазан, ауруына ем ретінде қолданылатын сасыр (ферула), өзен бойының тастақ жерлерінде буын ауруларына ем ретінде пайдаланылатын теке-сақал (дадарция) сияқты көптеген дәрілік (86), улы (14) өсімдік өсетін.



Ал Тоқырауынның бүгінгі кейпі қандай?!. Қарап тұруға дәтің шыдамайды, көзіңе жас келеді екен. Ауыл табиғаты жүдеу, жабырқаңқы, бұрын тал арасына еніп кеткен малды іздеп таба алмай жүретін ну тоғай кәрі адамның шашындай селдіреп қалған. Толқындай тербелген тізеден келетін көк майса шөбі, жұпар иісі аңқып тұратын қарақат, мойылдары әр жерден көзге әрең түседі. Тоқырауын өзенінің Шатырша жақтағы жайылымы түйетабанға, биемшекке бай болатын. Сонау бір жылдары Өндіріс колхозы осы жерден мая-мая шөп шауып алушы еді. Ал қазір бәрі шаң-тозаңға айналған, ертегі сияқты, көрген түстей. Ертедегі қызығы мол табиғат дүниесі үлкен қасіретке ұшыраған. Осы табиғаттың қайталанбас сыйын қалпына келтіруге күш салу керек. Адам баласы шындап қолға алса, бәрін жандандырады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» Экологиялық дағдарыспен бірлесе күресуіміз керек. Әйтпесе, бірді-екілі іс атқару арқылы Табиғат-Ананың жаралы жанын жазу мүмкін емес дүние. Елордамыз Астанада бір жас бала туса бір тал егілетін көрінеді. Бұл деген тамаша дәстүр ғой! Ал көршіміз қытайлықтарда «үшінші солтүстік» деп аталатын жоба бар екен. Аталмыш жоба аясында олар солтүстік батыстан шөлденіп келе жатқан жерлеріне тосқауыл ретінде ұзындығы 4500 км, ені жүздеген км жерге ағаш (қарағай, бозарша), бұта тұқымдарын (тұқымдар қор заттары жеткілікті саз-топырақпен араласқан) отырғызып, тез есетін, құрғақшылыққа төзімді теректің жаңа сорттарын егуде. Сонымен қатар 11 жастан 60 жас арасындағы әрбір адамға жыл сайын 3-тен 5-ке дейін ағаш отырғызу міндеттелген. Үлгі алатындай игі бастама.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет