«Еңбек және адам капиталын дамыту саласындағы тәуекелді басқарудың стратегиялық міндеттері» еңбек форумына қатысушылардың



Дата18.04.2016
өлшемі17.11 Kb.
«Еңбек және адам капиталын дамыту саласындағы

тәуекелді басқарудың стратегиялық міндеттері»

еңбек форумына қатысушылардың

ҮНДЕУІ
Біз, «Еңбек және адам капиталын дамыту саласындағы тәуекелді басқарудың стратегиялық міндеттері» еңбек форумына қатысушылар

қоғамның бірігуін, әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ететін әлеуметтік сұхбаттың жоғары маңыздылығын назарда ұстап,

бизнесті өркениетті жүргізудің ерекше белгісінің қажетті компоненті ретінде әлеуметтік жауапты бизнестің қоғам мен адам капиталының тұрақты дамуына қосатын зор үлесін ескеріп,

жалпы ұлттық міндеттерді табысты шешу жолында бизнестің, қоғам мен мемлекет мүдделері арасындағы сындарлы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға даярлығымызды білдіріп,

барлық мемлекеттік органдарды, мұнай-газ секторы мен тау-кен металлургия кешенінің жұмыс берушілері мен қызметкерлерін әлеуметтік сұхбатты нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту және салалар мен өңірлер деңгейінде екі және үшжақты қатынастарды жандандыру үдерісіне белсенді қатысуға, ұйымдарды «Ұжымдық шарт жасаңыздар!» жалпы республикалық акциясына және Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауына қатысуға үндейміз.

Бүгінгі таңда форумға қатысушылар барлық саладағы еңбек саясатының басты стратегиялық бағыттарының бірі адам капиталын дамыту, ішкі және сыртқы әлеуметтік жауапкершілікті енгізу, әлеуметтік шиеленісті төмендету және жұмыс берушілер мен қызметкерлердің мүдделерін ымыраға келтіретін сындарлы келіссөздер жүргізу болып табылады деп есептейді.

Әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу мақсатында келісімдер мен шарттар жасауға қатысатын тараптар өздеріне алған міндеттемелерді толық көлемде орындауға тиіс.

Еңбек жанжалдарын шешу әлеуметтік әріптестік жүйесіне сүйенуге тиіс, себебі оның көмегімен жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы сындарлы сұхбаттың жетіспеушілігін жоюға болады.

Еңбек форумына қатысушылар тараптардың өзара түсіністігі мен бірлескен күш-қимылы әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейінде өркениетті сұхбатты дамытуда пәрменді нәтиже беретініне сенім білдіреді.

Біздің ортақ мақсатымыз – тараптар мүдделерінің теңгерімі негізінде елді экономикалық дамыту, әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету үдерісіне ықпал ету.


Атырау қ., 3 қараша 2010 жыл
Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет