Еңбек өтілі: 24 жыл 5-Сынып. Сабақтың тақырыбы



жүктеу 102.11 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі102.11 Kb.
: uploaded files
uploaded files -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
uploaded files -> Сабақ №55 Сыныбы 11 «А» Күні 23. 01. 15ж Сабақтың тақырыбы «Жарық кванттары» тарауы бойынша есептер шығару
uploaded files -> 0000Бекітемін: Пән мұғалімі: Уақыты: Сынып 6
uploaded files -> Перечень объектов недвижимости, принадлежащих на праве собственности
uploaded files -> История Вторжения кочевых племен Дашт-и Кипчака в Среднюю Азию (XVI в.)
uploaded files -> Исаевна внутриличностная конфликтность школьников и ее коррекция в педагогическом процессе. 19. 00. 07 педагогическая психология
uploaded files -> Медико-психологическая реабилитация инвалидов по зрению 19. 00. 10 коррекционная психология 19. 00. 04 медицинская психология
uploaded files -> Таджикско армянские литературные связи в новое время 10. 01. 03 Литература народов стран зарубежья
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты


Маңғыстау обылысы, Мұнайлы ауданы №5 жалпы орта білім беру мектебінің технология пән мұғалімі Кулбаева Канша Оразгалыева

Туған күні: 16.05.1964

Бітірген оқу орны: Нөкіс индустриал педагогикалық техникумы

Еңбек өтілі: 24 жыл

5-Сынып.

Сабақтың тақырыбы: Ағашты конструкциялық материал ретінде пайдалану Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты конструкциялық материал ретінде пайдалану жолын үйрету Білімділік: Оқушыларға ағашты конструкциялық материал ретінде қоғамда пайдалана білуге үйрету Дамытушылық: Оқушыларды өз ойын еркін айта білуге, шығармашылыққа баулу Тәрбиелік: Оқушыларды эстетикалық талғамға, икемділікке тәрбиелеу Сабақтың әдісі: Көрнекі түсіндіру Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс дәптері, ағаш материалдары, желім түрлері Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу,түгендеу, сабаққа назарын аудару. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау



  1. Ағаштың тығыздығын қалай анықтайды?

  2. Тығыздығы жоғары ағаштарды ата?

  3. Ағаш текстурасы дегеніміз не?

  4. Ағаштың жасын қалай анықтауға болады?

  5. Ағаштың беріктігі қалай сипатталады?

Жаңа сабақ:

Ағаштың конструкциялық материал ретінде кұрылыста, үй жиөаздарын әзірлеуде т.б. жұмыстарда кеңінен пайдаланыла- тынын айттык. Енді ағаштарды таңдап алу, дұрыс кесіп, пай¬далану жолдарына тоқталайық.

Ағаш негізінен үш бөліктен тұрады: тамыры, ұшар басы, діңі (10-сурет). Ағаштың діңі конусқа* ұқсас. Құрылыс ма- териалдарының көпшілігі ағаштың діңінен алынады. Құры- лыс материалдарын алу үшін, оны дұрыс кескен жөн. Ағаш тілетін зауыттарда діңді кескенде, ағаштың ысырап болмауы үшін, оны дұрыс кесу жолдарын қарастырады.

11-суретте жуан ағашты тиімді кесу жолы көрсетілген, мұндай жағдайда оның әрбір бөлігінен әр түрлі құрылыс материалдары алынады. Суретте көрсетілгендей, құрылыс ма- териалының ең берік тұсы діңнің орта бөлігінен алынады. Қалдық бөлшектер көп болмауы үшін ағаштың қабығы мен жаңқаларын арнайы өңдеуден өткізіп, ағаш ұнтақтарын әзірлейді.қ

Ағашты пайдаланудан бұрын әбден кептіреді. Ең қара- ' пайым кептіру - табиғи кептіру. Ол үшін ағаш материалда рын араларынан ауа жүретіндей етіп, қабаттап жинайды (12-сурет).

Жыл мезгіліне байланысты ағашты кептіруге 1 аптадан 10 аптаға дейін уақыт кетеді. Әдетте, ағаш шет жағынан тез кебеді, сондықтан оның шет жактары жарылуы мүмкін. Сол үшін оның шет жақтарына майлы бояу немесе борлы әк сұйығын

жағады. Ағаштарды тез әрі сапалы кептіретін арнайы кептіргіш камералар бар. Онда ағаш желдеткіштер арқылы қызған ауамен кептіріледі. Ағаштан қандай бұйым жасаса да, оны дұрыс таңдай біл.

Ағаштарда мүкістер де кездеседі. Ондай мүкістердің көп тараған түрі - без (13-сурет). Олар ағаш діңінің бойында, бұтақпен жалғасқан жерінде пайда болады. Мұндай бездер ағаштың сапасын төмендетеді: ағашты өңдеу киынға соғады, беріктігі азаяды, сызаттанады (14-сурет). Құрылыс жағынан кездесетін мүкістері де бар. Оған жататындар: талшығының кисаюы (14а-сурет), без болуы (14ә-сурет), қос өзектілік (146-сурет) т.б. Ағаш бұйымдарын жасар алдында, дайындалған ағаштардан мүкістерді арамен аралап, алып тастау керек



Сабақты бекіту сұрақтары:

Ағаш неше бөліктен тұрады?

Ағаштың діңі қандай фигураға ұқсайды?

Ағаш мүкістері деген не?

Қблок-схема: решение 4ұрылыс материалдарының көпшілігі ағаштың қай бөлігінен алынады? Сабақты қорыту: Сабақты Венн диаграммасы арқылы қорыту

табличка 1табличка 3

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: Ағашты конструкциялық материал ретінде пайдалану

6-сынып:

Сабақтың тақырыбы:Пияз өсіру технологиясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға өсіру технологиясы туралы мәліметті,адам денсаулығына пайдасын,еңбектіңң адам өміріндегі қажеттілігі туралы үйрету. Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, үнемділікке табиға таза өнімдерді пайдалана білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушыларға көкөністердің қаншалықты күтім қажет ететінін және соның нәтижесінде сапалы өнімді пайдалануға,сонымен қатар өнертапқыштыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,оқулық

Сабақтың уақыты: 45 минут

Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру

  2. Сынп тазалғын тексеру.

  3. Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.

  4. Өткен сабақты сұрау




  1. 1.Сәбіздің құрамында қанша пайыз көмірсутек бар?

  2. 2.Қант қызылшасын жинаудың қанша әдісі бар?

  3. Сәбіз қандай дәрумендерге бай?

  4. Сәбіз қандай топырақты жақсы көреді?

  5. Қант қызылшасы қанша жылдық өсімдік?



III Жаңа сабақ

Өсімдік шаруашылығы-ауыл шаруашылық өндірісінің жетекші саласы. Өсімдік шаруашылығының міндеті-адамға азық-түлік, малға жем-шөп, өнеркәсіпке шикізат беретін өсімдіктерді өсіру. Адам баласы қай кезде де әр түрлі өсімдіктен мол өнім алуды көздеген. Кез келген дақылдан мол өнім алу үшін, егіншілік мәдениетін көтеру керек, қандай дақылдарды өсіру тиімді. Адам денсаулығына пайдасы туралы білу. Бұл бүгінгі күндегі нарықтық экономиканының талабы.

Пияз тұқымдас көкөністердің түрі көп. Соның ең көп тараған түрі – бас пияз. Бұл екі жылдық көк өсімдік. Пияздың көпшілігі суыққа шыдамды болып келеді. Олардың тұқымы +3,+50С-та өнеді. Дегенмен пияз +15,+230С-та жақсы өседі.Пияздың өсіп-өнуі үшін, жақсы ылғалданған топырақ қажет,соған қарамай, ол қуаңшылыққа да шыдайды.Пиязшығы өсіп жетілгенде, оның әрі қарай жақсы дамуы үшін,ылғалдылығы төмен топырақ қажет.

Пияздың, әсіресе бас пияздың тамыр жүйесі әлсіз келеді. Сондықтан оларды құнарлы, әрі жақсы өңделген жерге өсіреді. Пияздың сапасы жақсы болуы үшін, оны мейлінше ерте көктемде еккен дұрыс. Пиязды сәбіз егілген атыздың жанына еккен жақсы, олар бір-бірін зиянкес жәндіктерден қорғайды. Себудің қатар аралығы 20 см-ден кем болмауы керек, себу нормасы бір гектарға (100 м2 жерге) 6-10 кг тұқым керек.

Егілген пияздың үсітңгі қабатын 1 см етіп шымтезекпен немесе басқа тыңайтқышпен жауып қойған дұрыс.

Өсіп шыққан егінді уақтылы сиретіп отырады. Ол екі әдіспен орындалады: бірінші жапырақ пайда болғаннан бастап бір-бірінің ара қашықтығын 2 см етіп, ал бірнеше күннен кейін 4 см етіп сиретеді.

Құрғақ күндері пияз атыздарды суарады. Жаз айында 3-4 рет арамшөптерін отайды, құс саңғырығымен немесе басқа минералды тыңайтқышпен қоректендіреді.

Қыркүйек айында егінді жинап алады. Піскен пияздың «мойын» құрғақ, жапырақтары кепкен болуы керек. Бас пияздың өнімі жоғары болады, гектарына 350-400 центнерге дейін өнім алынады.

Сабақты қорыту: сұрақтар мен тапсырмалар.


Бағалау:

Үйге: Пияз өсіру технологиясы

9-Сынып

Сабақтың тақырыбы: Күбі жасау технологиясы.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға күбі жасау технологиясын үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, ынтасын дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды эстетикалық талғамға, икемділікке тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: Көрнекі түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс дәптері, оқулық, үлкейтілген суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1. Кебеже не үшін колданылады? Оған сипаттама беріңдер.

2. Кебеже әрлеудің кандай ерекшеліктері бар?

3. Кебеже кандай бөліктерден тұрады?

4. Кебеже жасау үшін кандай шикізат пайдаланған дұрыс?

III. Жаңа сабақ:

Күбінің қолданылатын орны және байырғы жасалу әдісі. Күбі — іркіт пісетін, көже, қымыз ашытатын ағаштан жасалған бұйым.

Күбінің келі-келсаптан қандай айырмашылығы бар? Қосымша әдебиеттерді пайдаланып жауап беріңдер.

Қазақ халқы тұрмыста ағаштан әр түрлі күбілерді жасап қолданған. Негізінен, күбі жасаудың екі түрі болған. Бір жерде, яғни қайың мол өсетін өңірде, тұтас қайың немесе қатты ағаштар кесіндісінің өзегін ұңғып, кеңейту арқылы жасалса, енді екінші бір жерде әр түрлі ағаштардан дайындалған бірнеше бөлек жіңішке тақтайлардың темір құрсаумен біріктірілуі арқылы немесе құралған ағаштардың сыртын шикі терімен қаптап бекіту арқылы құрап жасаған (мысалы, ағаш бөшкені құраған тәрізді). Оны құрама күбілер түріне жатқызған. Қымызға арналған күбілер, әдетте аласалау және жуандау келеді. Оның да сыртына ою-өрнектер салынады. Ағаш күбілердің қандайы болсын түп жағы жуандау келеді де, жоғарылаған сайын жіңішкере береді.Мұндай күбінің бір тамаша үлгісін Ақтөбе өлкетану мұражайынан кездестіруге болады. Оның түп жағынан ағаштың өзінен ұш қысқа аяқ, қақпағы орнықты болу үшін жоғарғы шетінен үш құлақ шығарылған. Мұның биіктігі — 80 мм, шеңбер диаметрі — 30 см. Күбі сыртындағы оюлар жасыл түске қызыл бояумен салынған. Сыйкәделік күбінің жасалу технологиясы. Сыйкәделік күбі бұйымы СТД-120М ағаш білдегінде (станогында) жонылып жасалынады немесе арнаулы қалыпта құрауға да болады. 22-суреттегі берілген күбінің биіктігі — 120 мм, шеңберінің диаметрі — 50 мм, ал күбінің қалыңдығы 6—7 мм шамасында.Ол негізгі төрт бөліктен: піспегі, қақпағы, негізі, түбінен тұрады.Күбі негізін білдекте жону кезінде бірінші жобамен сыртын ойып алып, одан кейін ішін нақтылы өлшемге келтіреді. Ал қақпағын жеке жонып алып, алмалы-салмалы түрде жасап, піспегінің төменгі бөлігін кесіп алып тастап, қақпаққа дейінгі жоғарғы бөлігін қақпақ

22- с у р е т. Күбіні ағаш білдегінде жону арқылы жасау: 1—піспек; 2—күбінің қақпағы; 3—күбінің негізі; 4—күбінің түбі


бетіне тұтқаның да қызметін атқаратын мақсатта желіммен орнықтырады (23-суреттегі күбінің құрамалы түрін қараңдар). 22-суреттегі піспектің толық бойын жасаудың қажеті жоқ. Сызбада берілген көрініс нактылы мағлұмат беру мақсатында сызылған.

Күбі бұйымының сыйкәделік түрін құрап жасау. Күбі бұйымын құрап жасауға да болады. Мұндай жұмыстар оқушылардың іскерлігін, шеберлігін арттырады. Оның құрылысы бес бөліктен тұрады (23-сурет): 1 — қақпақтың тұтқасы; 2 — қақпақ; 3 — тіреуіш бекінісі; 4 — күбінің негізгі бөлігі; 5 — күбінің түбі. Күбі тұтқасы диаметрі 6 мм қалыңдықтағы қатты ағаштан жасалынып, диаметрі 46 мм дөңгелектеліп өнделген қақпақтың ортасына орнықтырылады. Қақпақтың қалыңдығы — 4—5 мм. Қақпақ орнығатын тіреуіш (3) күбі биіктігінен 10—15 мм төмендеу орналастырылады. Ол күбі құралып болғаннан кейін шеретақтайдан жасалған аша қысқышпен қысылып, желімделеді Күбінің жалпы биіктігі — 130 мм. Құрау кезінде алдымен күбінің түбі нақтылы бөлшектерге бөлініп, өңделеді де, оған негізгі бөліктері сәйкестендіріліп құралады және ағаш желімімен желімденіп (24-сурет).



жасалынады. Оның жасалу технологиясы күрделі емес, шикізатты мүмкіндігінше бүтін ағаштан, бұтақсыз, сапалы кепкен көк терек, қайың, емен ағашын таңдаған дұрыс, өйткені оған өрнек кесу оңай болады. Ою, өрнектердің қағазға алдын ала сызылған үлгілері болуға тиіс. Барлық талап-тарға сай шығарылған күбіге түсіргіш қара қағаз арқылы ою-өрнектерді бастырып алып, темір кесетін араның жүзінен жасалған арнаулы пышақпен кесіп көркемдеп шығу керек. Бұйымды лактау кезінде ағаштың өзіндік кейпін сақтауға тырысқан жөн. Жалғыз оқушы бұл бұйымды 10 сағ ішінде жасап шыға алады.

Сабақты бекіту сұрақтары:  Кебеже не үшін қолданылады? Оған сипаттама беріңдер.

 Күбі тұрмыста қандай қызмет атқарады? Қандай маңызы бар?

 Күбі қандай ағаштан жасалады?

 Күбі қандай бөліктерден тұрады?

 Күбі қақпағы қалай орналастырылады?

Сабақты қорыту: Тақырып соңында сұрақтарға жауап беру

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: Күбі жасау технологиясы. Оқып келу.

Технология 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сандық жасау технологиясы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының қолөнерінің ерте кезден ақ дамығанын оқыта отырып сандық жасау технологиясын үйрету

Сабақтың білімдік міндеті: Оқушыларға сандық жасау үшін керекті материал дайындау үшін ағаш беттерін сүргілеу, кесу, өлшеу бірліктерін,құрастыру әдістерін үйрету

Дамытушылық міндеті:Теориалық білімдерін практикалық іс-әрекеттерге ұштастырып оны іс жүзінде пайдалану

1. сабақтың түрі: Жаңа сабақ

2. Көрнекілік: Сызбалар,бекіту бұрандалы шеге желім түрлері ПВА момент ағаш сыналар

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу оқу құралдарын әзірлеу

Жаңа тарауды бастаймыз.

Жаңа сабақ: Сандықтың қолданылатын орны және байырғы жасалу әдістері

Сандық әр-түрлі бұйым салуға арналған ағаштан жасалған үй жиһазы мүлік. Киім кешек әр-түрлі ұсақ-түйек бұйымдар сақтау үшін үлкенді-кішілі қолсандық әбдіре және жағдан сандықтарын пайдаланған сөйтіп қазақ халқының сандық жасау әдісі үш түрге бөлінген

а. Үлкен сандықтардың ұзындығы 90-100см. Биіктігі мен ені 45-50см. Жұқа қарағай тақтайдан жасалынады. Сырты терімен қапталып ою-өрнек салу арқылы безендендірілген әл-ауқаты жақсы адамдар сандық сыртын жез,күміс,алтын түсті асыл тастармен өрнектер салғызған

б. Жағдан сандығы азық түлік киім-кешек салатын тұтастай теріден істеліп сыртын қаңылтырмен шегендеген сандықтың көне түрі Қазақстанның оңтүстік өңірінде XVIII-XIX ғасырда кең таралған. Негізінде әбдіре сандық сияқты үлкен емес 60-70см. Биіктігі мен ені 30-35см.


3.г. Қолсандық Бойжеткен қыздарға арналып жасалынады. Ол ұзартылған қыздың жасауына кіреді. Ұзындығы 45-50см. Ені 25-30см биіктігі 15-20см.

Сарамандық жұмыс:

Технологиялық карта

Ағаштан Материал дайындау

Сандық Өлшеу,сүргілеу,кесу

Жасау Материалды егеп өңдеу

Жолдары Әшекейлеу жолдары

Құрастыру әдістері

1.Шегелеу

2.Бұрандалы шеге

3.Ағаш сынасы арқылы

4.Желімдеу

5.Ойма қиыстыру арқылы

Жұмыс түріне қарай құрал сайман пайдалану

Сандық жасау технологиясы

1.Сызғыш 6.Бұрандалар

2.Ағаш балға 7.Топса

3.Сүргі 8.Ілмектер

4.Ағаш арасы 9.Ою-өрнек ою әдістері

5.Темір арасы 10.Дайын бұйымды құрастыру

Бекіту:

1.Сандықтар қандай түрге бөлінеді



2.Сандық қандай әдіс-тәсілдермен әшекейленеді

Сандық қандай материалдан жасалынады

Сый-кәделік сандық неше негізгі бөліктен құралады?

4.Қорытындылау:



Бағалау:

Үйге тапсырма:



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет