Әдептілік – менің әдетім Мейірбан



жүктеу 36.92 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі36.92 Kb.





Әдептілік – менің әдетім
Мейірбан
Апасы үйге кіріп, Мақсатқа:

– Дүкенде алма сатылып жатыр екен, сен барып кезекке тұра берші, мен қазір барамын, – деді.

Шалғайдағы ауылда бұл мезгілде алма, алмұрт, жүзім сияқты жемістер сирек болатын.

Мақсат велосипедімен зымырап отырып дүкенге тез жетті. Алушылар көп екен. Мақсат кезекке тұрды. Тез арада өзінен кейін талай адамның кезекке тұрғанын көріп, таң қалды.

Апасы: «Мен келгенше өзің өлшетіп ала бер», – дегенді.

Мақсаттың кезегі жете бергенде, кенет сатушы жұртқа:

– Жолдастар, алма бітті. Мына баладан кейінгілеріңіз тұрмай- ақ қойыңыздар! – деді айқайлап. Кезектегілер абыр-дұбыр өкініш сөздерін айтып, амалсыз тарай бастады. Қолында дорбасы бар бір кемпір алға ұмтылып:

– Шырағым, алмаң бітіп қалды ма? – деді сатушыға қинала сөйлеп. – Қап! Қаладан немеремем келіп еді. Соған тауып берсеңші.

– Жоқ, шешей, бітіп қалды, – деді сатушы қалған алманы Мақсатқа өлшеп жатып. Мақсат таразыдағы алмаға бір, кемпірге бір қарап қояды. Әлденеге ойланып, толқып тұр. Кенет ол бір шешімге келгендей:

– Әже, – деді әлі де кете алмай тұрған әлгі кемпірге. – Мына алманы сіз алыңыз, мен апама бәрін түсіндіріп айтармын, ол ұрыспайды, алыңыз. Немереңізге апарыңыз, – деді асығыс, біреу көріп қоятындай. Аузын ашып, аң-таң қалған қария бір кезде есін жиып:

– Ой, өркенің өскір, көп жасағыр балам, не деген мейірімді едің... Рақмет, айналайын! – деп, алғысын жаудыра бастады.

Мақсат кетуге ыңғайланып, артына бұрылса, апасы тұр екен. Бала сасқалақтап қалды да, ақталғандай:

– Білесің бе, апа... – дей беріп еді, анасы оның сөзін бөліп:

– Білем, білем, балам, айтпай-ақ қой. Тек, әрқашанда осындай бол! – деді күлімсіреп.




  • Мақсат неліктен алмаларын әжейге берді?

  • Осындай жағдайда сендер не істер едіңдер?



Маған деген мейiрiм
Атам: “Анарым”, - дейдi, Тәтем: “Қозым”, - дейдi,

Анам: “Жанарым”, -дейдi, “Қозым”, - десе, қозымын.

Әпкем: “Бөбегiм”, - дейдi, Мен - тәтемнiң қызымын.

Әжем: “Өлеңiм”, - дейдi. Мұның бәрi – мейiрiм.

 Бұдан бұлай біз бұрынғыдан да мәдениетті сөйлейтін болайық.. Бір-бірімізге ауыр, дөрекі сөз айтпай, үлкен адамдарға, кішілерге , айналамыздағыларға әдепті сөз айта білейік.

Біз әдепті баламыз, Кітаптарды шашпаймыз,

Айтқан тілді аламыз. Терезені ашпаймыз.

Нанға кетсе мамамыз, Сыртқа шығып ойнасақ,

Үйде өзіміз қаламыз. Қаздан қорқып қашпаймыз!

"Ұрпақ тәрбиесі - ұлылықтың бастауы"

Атадан қалған асыл сөз

*** ***


Мейірбандық – жүректен, Мейiрiмдiлiктi анадан үйрен,

Қайырымдылық – білектен. Әдептiлiктi данадан үйрен.


*** ***

Жақсылық жасасаң, жаның жадырайды. Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.


*** ***

Мейiрiмi мол ананың, Сыйласаң, ата-анаңды,

Жүрегi жылы, қолы кең. Кешiрер сенiң қатеңдi.

*** ***


Үлкендi сен сыйласаң, Қолғанат болғаның- азамат болғаның.

Кiшi сенi сыйлайды.

Кiшiнi сен сыйласаң, ***

Кiсi сенi сыйлайды. Өзiңдi өзiң сыйламасаң, өзгеден сый күтпе.


Сөзжұмбақ

*** ***


1. «А» дыбысымен айтылса, негізгі мүше, 2. Ж – дан басталатын жыл мезгілі,

«А» егер де «е»-ге алмасса, Қ – дан басталатын, ол құс.

Есептік сан есім, сұрауы – неше?

*** ***


3. Көп қолданылатын жазу құралы – 4. К – дан басталсам,

егер ол сөз р-ға бітсе; маған қарап сабақ айтады,

Білдіреді ол малдың түсін – П – дан басталсам,

р-ға бітпей, з-ға бітсе. маған балалар «жүгін артады».


Ақ тілек Ақсақалдың ақ батасы

Арайланса ғалам бар, Оқуда алғыр бол,

Ағарып таң атты деп, Ойлауға даңғыл бол.

Бір-біріне адамдар, Өмірде әділ бол,

Айтып жатар ақ тілек. Ашуда сабыр бол.

Ісіңде шебер бол.

Гүлге толып бар аңғар, Ақылға кемел бол.

Құлпырса да бақ тілеп, Қиынға батыл бол,

Бір-біріне адамдар, Еңбекте батыр бол.

Айтып жатар ақ тілек. Уәдеңе берік бол,

Ауылыңа керек бол.

Аттанса да сапарға,

Жолға шыға қапты деп,

Бір-біріне адамдар,

Айтып жатар ақ тілек.
Сүйіп-құшып сәбиді,

Тілі қандай тәтті деп,

Жайсаң жандар бар игі,

Айтып жатар ақ тілек.


Адал, жақсы ниетпен

Бар адамға бақ тілеп,

Жарып шыққан жүректен

Сөздің бәрі – АҚ ТІЛЕК!



А.Асылбек

Материалды дайындаған

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

оқытушысы А.М. Темірбекова




©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет