Әдістеме Тақырыбы: Сабақ мақсаты



жүктеу 0.8 Mb.
бет1/5
Дата02.05.2016
өлшемі0.8 Mb.
  1   2   3   4   5
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылымминистрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті



МСЖ құжат 3 деңгейлі

ОӘКҚ

ОӘКҚ 042-18 21.1.02/02.2013


ОӘКҚ«Гүл шаруашылығы және әсемдік ісі» Пәнінен оқу әдістемелік кешен

№ _1__ басылым

«18» 09 2013ж.



5В080100 «Агрономия» мамандығына арналған

«Гүл шаруашылығы және әсемдік ісі»

пәнінің


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

СЕМЕЙ

2015

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті
Бекітемін:

Агротехнология және орман ресурстары

кафедрасының меңгерушісі

Есенгулова Н.Ж._______________

«____»________________2014 ж.
Әдістеме

Тақырыбы:
Сабақ мақсаты:
Сабақ мақсаты:

Дәріс № 1. Гүлді өсімдіктер туралы жалпы түсінік.

1.Кіріспе. Жасыл екпелердің ролі.

2.Гүлдің құрылысы.

3.Жаңа түрлерді алу.

4.Өсімдіктер географиясы.

Кіріспе.


Гүлді өсімдіктерді өсіру өнері осы өсімдіктерді өсірудің әртүрлі тәсілдерінің техникалық білімінің айналасында қалып қоя алмайды. Гүл өсіруші маман үшін өсімдік организмінің құрылысымен және оның өмірімен айқын түрде танысу қажет. Гүл өсіруші маман ботаниканы меңгеру негізінде ғана гүл шаруашылығының жаңа тапсырмаларын шеше біліп, оның одан әрі дамуының дұрыс шешімдерін таба алады.

Гүлді-декоративті өсімдіктердің негізгі, бүйір және қосалқы тамырлары бар, оның ішінде ең соңғысы өркеннен, кейде жапырақтардан пайда болады. Кейбір өсімдіктерде тамырлары жуандап, қоректік заттардың жинақталу қоры болып саналады.

Көбею үшін қосалқы тамырлар аса маңызды болып келеді. Өркендердің қасиеті негізінде қосалқы тамыр беру вегетативті көбеюдің кең таралған түрі – қалемшелері арқылы көбею. Жапырақтары арқылы бегония, глоксиния және т.б.

Құмырадағы гүлдер ылғалдың табиғи көзінен айырылған. Сондықтан гүлді құмырада өсіргенде кеуіп кетуден, шамадан тыс суланудан сақтау керек.

Гүл шаруашылығында маңызы бар өркендердің ерекшелігінің ішінде өсімдіктердің түрлі тіреулер арқылы бой көтеруін атап өту керек. Мұртшаларымен бұралатын және жабысатын өсімдіктер алпауыт сәндік мәнге ие. Түріөзгерген өркендер – тамырсабақ, түйнек және бадана – гүлді өсімдіктердің техникалық тәсілдерінің толықтай қатарының объектісі болып саналады. Осы түріөзгерген өркендер көбею үшін ғана емес, сонымен қатар гүлдейтін өсімдіктер даналарын ерте алуға мүмкіндік береді.

Гүлдің құрылысы.

Гүл-көбею мүшесі.Гүлден жеміс пен тұқым дамиды.Гүлдің құрылысы күрделі.Гүлдің сыртын жасыл түсті тостағанжапырақшалар мен түрлі-түсті күлтежапырақшалар қоршап тұрады. тостағанша мен күлте екеуі қосылып гүлсерігін құрайды.Гүлсерік гүлдің ішкі нәзік бөліктерін суықтан,жауыннан және күннің ыстық сәулесінен қорғайды. Күлтенің ішінде аталықтар мен аналық болады.Аталықтар мен аналық-гүлдің негізгі бөлігі олардан жемістер мен тұқымдар түзеді.Әрбір аталық жіпше мен тозаңқаптан құралады.Тозаңқаптың ішінде тозаң түзіледі.Піскен кезде тозаңқап жарылып одан тозаңдар төгіледі. Аналық гүлдің қақ ортасында болады. Аналықтың төменгі жуандау бөлігін түйін,одан жоғарырақ жіңішкерген жерін-мойын,ең ұшын-ауыз дейді. Гүлдеп болғаннан кейін тостағанша күлте мен аталықтар қурап түсіп қалады,тек аналық түйіні ғана сақталып ол жеміске айналады.Жемістің ішінде тұқым болады ол түйіннің ішінде дегі тұқым бастамасынан дамиды.Піскен кездетұқымдар жерге түседі,бұлардан келесі жылы жаңа өсімдіктер өсіп шығады.

Гүл (лат.flos) – гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен көбею мүшесі. Ол сабақ не жанама бұтақ ұшында өседі. Гүл бірнеше бөлімнен тұрады. Гүл жапырақшалары гүл шығатын буыннан өсіп, гүлге қорғаныш болып тұрады. Гүл орналасатын сағақтың ұшы гүл табаны (кіндігі), сабақтың гүл орналасқан бөлігі – гүл сағағы (егер ол болмаса, отырықшы гүл), барлық гүлдер орналасатын өсімдік сабағы – гүлсидам, жабық тұқымды өсімдіктердің тостағаншасы мен күлте жапырақшаларынан құралған гүл орамы – гүл серігі деп аталады. Гүлге түс беретін – күлте жапырақшалар. Оның түсі әр түрлі болады. Гүлдің негізгі мүшелері: аналық (өсімдіктер гүліндегі жыныстық көбеюге қатысатын бөлігі, ол аналық аузынан, мойнынан және түйінінен тұрады) және аталық [өсімдіктер гүлінің аталық жыныс клеткалары (тозаңдар) өсіп жетілетін бөлігі, ол тозаңқаптан, аталық жіпшеден тұрады]. Егер гүлде аталық та, аналық та болса – қос жынысты гүл, ал олардың тек біреуі ғана болса – дара жынысты гүл деп аталады. Аталық және аналық гүлі екі бөлек, бірақ екеуі де бір өсімдіктің бойында кездессе – бір үйлі (жүгері, қияқ, қайың, емен, т.б.), аналық және аталық гүлі жеке орналасса – қос үйлі (терек, тал, зығыр, т.б.), қос жынысты, дара жынысты гүлдері де кездессе – көп үйлі (үйеңкі, шетен т.б.) деп аталады. Өсімдіктің гүлдеу мерзімі жарыққа, температураға, ауаға, топырақ ылғалдығына байланысты. Көптеген өсімдіктердің гүлі күндіз ашылады. Дәрілік, дәм-татымдық өсімдіктерді жинауда, пішен шабуда гүлдеу мерзімін білудің маңызы зор. Гүлдің пішіні, түсі, сондай-ақ тұқым қуалау белгілері өсімдіктердің өзара туыстық қатынасын, өсімдік жүйесін анықтауда кеңінен пайдаланылады.

Жаңа түрлерді алу.

Гүлді мәдени өсімдіктер жабайы түрлерінің түр өзгерісі болып саналады. Осы өзгерістер өсімдікке сыртқы қоршаған ортаның тікелей әсер етуіне (мысалы, климат, топырақ, қоректену, т.б.) байланысты болуы мүмкін. Өсімдік организмінде сыртқы жағдайлармен туындаған өзгерістер модификация деп аталады, олар төзімді емес.

Модификацияға қарама қайшы комбинация деп аталатын өсімдіктер арасында айқыш тозаңдану нәтижесінде болатын өзгеріс болады. Табиғи жағдайларда айқышты тозаңдану жәндіктер, желдің әсерінен болады. Жасанды тозаңдандыру тәсілдерін қолдана отырып селекционер өсімдіктің жаңа формаларын, қалаулы қасиеттері бар жаңа сорттар шығарады. Айқышты тозаңдандыру нәтижесінде екі өсімдіктің барлық белгілері алынып, ұрпаққа қалдырылады.

Өсімдіктер географиясы: Маңызды гүлді және декоративті-жапырақты өсімдіктердің отанын білу қажет, себебі олардың климатқа қояр талабын анықтауға болады.

Құрастырған:

Оқытушы________________Есенгулова Н.Ж.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті


Бекітемін:

Агротехнология және орман ресурстары

кафедрасының меңгерушісі

Есенгулова Н.Ж._______________

«____»________________2014 ж.
Әдістеме

Тақырыбы:
Сабақ мақсаты:

Дәріс №2. Гүл шаруашылығының жалпы агротехникасы. Гүлді өсімдіктердің топыраққа қоятын талабы.

1. Гүлді өсімдіктердің топыраққа қоятын талабы.

2.Тыңайтқыштар


2.1 Гүлді өсімдіктердің топыраққа қоятын талабы.

Гүлді өсімдіктердің өсу өнері көп жағдайда топырақты таңдай білуден немесе сәйкес келетін жер қоспасын таңдауға байланысты болады.

Жоғары табиғи құнарлылыққа және жақсы физикалық қасиеттерге ие топырақ өсетін өсімдікті одан әрі жетілдіру үшін топырақты жақсартуды қажет етеді. Гүл шаруашылығында топырақ проф.Эдельштейн айтқандай «адамның қолынан» пайда болады. Сәйкес келетін өңдеу және тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану арқылы гүл өсіруші маман оған қажет топырақты өзі жасайды.

Кейбір өсімдіктер сәтті дамып жетілу үшін қарашірікті топырақты, кейбіреулері – құмдақ, енді біреулері – батпақты топырақты қажетсінеді.

Әлсіз дамыған тамыр жүйесі бар өсімдіктер жеңіл топырақты қажет етеді.

Баданалы ауыр сазды топырақта жақсы дамиды.

Гелиотроп, фуксия және басқа да тез өсетін өсімдіктер жеңіл және ауыр топырақ арасындағы топырақта жақсы өседі.

Топырақты әктің болуын қажет ететін өсімдіктер көп, мысалы, ақкекіре, колеус, гелиотрип, альтернантералылар, — соңғысына әкке бай топырақ керек. Керісінше, азалия, камелий, вересканы өсірген кезде әк кері әсер етеді.

Қайта отырғызу кезінде өсімдікке қандай топырақтың берілетіні де маңызды болып саналады: мысалы, барқытгүлді алғаш рет қайта отырғызған кезде жапырақты құрылық беріледі, екінші рет – бусандырғысы бар құрылық, үшінші ретте – тек бусандырғылы құрылық беріледі. Барлық жағдайларда ірі дәнді құм беріледі.

Тамырын шығару үшін қалемшелерді не құмға (араукария, флокс), жеңіл құмдақ топыраққа (альтернантералылар) немесе жапырақты шымды топыраққа отырғызады (георгиндер).

Топырақ ортасының көлемі топырақты кесектің ылғалдылығымен тікелей байланысты. Тамыр жүйесі әлсіз дамыған жас өсімдіктер құмыраның үлкен көлемде болуына қарай топырақты кесектің ылғалын меңгере алмайды. Нәтижесінде топырақ ашиды, өсімдік өледі.

ТЫҢАЙТҚЫШТАР

Декоративті өсімдіктер шектеулі көлем негізінде топырақты құнарсыздандырады. Сондықтан топырақтың құнарлылығын арттыру гүл шаруашылығы үшін аса маңызды болып саналады. Бағбандар топырақты қара шірікпен, көңді немесе компостты енгізу арқылы топырақ құнарлылығын арттырады.

Ауыр топыраққа, әсіресе, сазды топырақтарға қара шірік, компсот, торф, құм салады, ал жеңілге – саз, көң және т.б. енгізеді. Әдетте тыңайтқыштардың көмегімен топырақтағы азот, калийи, фосфор қышқылының және әктің қорын толықтыруға болады. Магний, темір және басқа да қажетті элементтер топырақта қажетті мөлшерде болады.

Азотты тыңайтқыштар өркеннің өсуіне ықпал етеді, мысалы, георгин, канн, сонымен қатар гүлді өсімдіктердің жас кезінде жақсы дамуына. Түрік атбасбұршағы, бұрщақ және лупин азот жинаушы өсімдіктерге жатады, олар азотты тыңайтқыштарды қажет етпейді. Азоттың жетіспеушілігі кезінде өсімдік майланады, вегетация кезеңі ұзарып, гүлдеу кезеңі ұзазққа созылады.

Калий тыңайтқыштарын топырақтың құрамына, тыңайтылатын дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, тыңайтқыштардың химиялық қасиеттеріне байланысты әр түрлі мөлшерде шашады. Негізгі тыңайтқыш ретінде күзде не көктемде жер жырту не культиваторлау кезінде қолданады. Қант қызылшасын, картоп, жүгері және кейбір көкөніс дақылдарын Калий тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіреді.

Отырғызу және себу кезінде тез әсер ететін тыңайтқыштарға барлық азотты тыңайтқыштар жатады.

Топырақтың сілтілі және қышқыл ортасына қарай осы аталған тыңайтқыштар енгізіледі.

Соңғысы 3 топқа бөлінеді:

Топырақты қоректік заттармен (N, Р, К және Са) қамтамасыз етіп қана қоймайтын, сонымен қатар оның физикалық және микробиологиялық қасиеттерін жақсартатын ең жақсы тыңайтқыштардың бірі көң болып саналады. Көң топырақты қопсытады.

Гүл шаруашылығында өсімдіктің толық өсуі кезінде суару үшін қолданылатын сұйық тыңайтқыштар да маңызды болып келеді. Сұйық тыңайтқыштардың артықшылықтары бірнеше күннен кейін тез әсер етуінде.

Сұйық тыңайтқыштар органикалық және минералдық сипатта болады.

Органикалық сипаттағы сұйық тыңайтқыштарға сиыр қораның тұнбасы жатады. Оны дайындау үшін 2-3 шелек таза сиыр қораны күбіге салып, сонда 15 шелек жұмсақ судан құяды. Ерітіндіге пештің күйесін қосады. 1,5 – 2 декада бойы ерітіндіні таяқшамен араластырады, 2 күн бойы тұнып тұруға қалдырады. Сұйықтық көпірши бастағанда ерітіндіні сүзіп алып, сондай мөлшердегі сумен араластырып тыңайтқыш ретінде пайдалана береді.

Құрастырған:
Оқытушы________________Есенгулова Н.Ж.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті


Бекітемін:

Агротехнология және орман ресурстары

кафедрасының меңгерушісі

Есенгулова Н.Ж._______________

«____»________________2014 ж.
Әдістеме

Тақырыбы:Дәріс №3. Гүлді өсімдіктердің көбеюі
Сабақ мақсаты:
1. Көбею (себу және отырғызу)

2. Жыныстық көбею

3.Жыныссыз көбею
Көбею (себу және отырғызу)

Гүлді өсімдіктердің көбеюі жынысты жолмен, яғни тұқыммен және жыныссыз жолмен (вегетативті) – қалемшелермен, баданамен, түйнек арқылы жүреді.

Жыныстық көбею барлық өсімдіктер үшін оларды көбейтудің жалғыз мүмкін тәсілі болып саналады. Жыныстық көбеюдің негізгі кемшілігі өздігінен көбейетін өсімдіктер ғана өзінің сорттық қасиеттерін сақтап қалады.

Тұқым арқылы көбею өсімдіктердің жаңа құнды сорттарын алуға мүмкіндік береді.

Вегетативті көбею өсімдік шаруашылығында кеңінен таралған.

Жыныстық көбею

Жыныстық көбею кезінде жаңа өсімдіктің тіршілік етуі екі әртүрлі (жыныс) жасушалардың қосылуы негізінде пайда болады – аталық және аналықтың. Гүлде гүлшоғырынан тұқым дамиды.



Жыныстық көбеюhttp://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%9B_%D0%BA%D3%A9%D0%B1%D0%B5%D1%8E - cite_note-1 – аналық және аталық жыныс жасушаларының (гаметалар) қосылуынан түзілетін, яғни ұрықтану нәтижесінде пайда болатын зиготадан жаңа дара бастың дамуы, көбеюдің бір түрі. Жыныстық көбеюде генетикалық ақпараттары әртүрлі ата-ананың тұқым қуалау материалдары қосылады. Әр гаметамейоз нәтижесінде пайда болған гаплоидты хромосома жиынтығынан тұрады және олар келесі ұрпақтар арасын байланыстырады. Жыныстық көбею жоғары сатыдағы ядролы организмдердің (эукариоттар) барлығына тән, ал төменгі сатыдағы ядросыз организмдерде (прокариоттар) бұл құбылыс анықталмаған. Көптеген тірі организмдердің құрылымдары және қызметтері жағынан жыныс жасушалары аналық (жұмыртқа-жасуша) және аталық (сперматозоид) болып екіге бөлінеді. Әдеттегідей, жұмыртқа-жасуша және сперматозоидтар аналық және аталық организмдерде жетіледі. Олар бір-бірінен бірнеше белгілері арқылы ажыратылады. Жеке аталық және аналық дара бастары бар түрлерді дара жынысты деп атайды. Бір үйлі өсімдіктер және гермафродитті жануарларда жұмыртқа-жасуша және сперматозоид бір дара баста түзілсе, екі үйлі өсімдіктерде және дара жынысты жануарларда олар әртүрлі дара бастарда түзіледі. Егер түрлерде бір дара басаналық және аталық гаметаларды түзе алса, оларды гермафродиттер немесе қосжыныстылар деп атайды. Жыныстық көбеюге – партеногенез де жатады. Бұл – аналық гаметаның аталық гаметамен ұрықтанбай дамуы. Партеногенез кезінде дара бастың соматикалық жасушалары диплоидты түрде дамиды. Хромосоманың диплоидты жиынтығының қалыпқа келуі мейоздың екінші бөлінуіндегі ооциттердің және редукциялы денешіктің қосылуынан іске асады. Партеногенетті көбею жануарлар және өсімдіктер патшалығында кездеседі және кей жағдайларда көбею жылдамдығын өсіреді. Аналық гаметадағы хромосомалар санына байланысты партеногенезді гаплоидты және диплоидты деп екі топқа бөледі. Көптеген жәндіктерде, соның ішінде құмырсқаларда және араларда гаплоидты партеногенез нәтижесінде организмдердің жаңа топтамалары (касталар) пайда болады. Бұл түрлерде мейоз процесі жүреді де гаплоидты гаметалар түзіледі. Кейбір жұмыртқа-жасушалар ұрықтанады да олардан диплоидты аналықтар, ал ұрықтанбаған жұмыртқа-жасушалардан ұрықты гаплоидты аталықтар дамиды. Көбеюдің мұндай механизмі жәндіктердің әр типті ұрпақтарының санын реттеуде маңызы зор. Бітелерде диплоидты партеногенез жүреді. Олардың ооциттерінің хромосомалары ажырамайтын мейоздың ерекше формасынан өтеді, яғни барлық хромосомалар жұмыртқа-жасушаларға өтеді де, шеткі (полюсті) денешікте бірде-бір хромосома болмайды. Партеногенез өсімдіктердеде кеңінен тараған. Соның бір формасы – ұрықтанбаған аналық жыныс жасушасынан партеногенез жолымен ұрықтың дамуы, яғни апомиксис процесі. Аталық гаметасыз диплоидты жасушадан ұрықтың дамуы кейбір гүлді өсімдіктерде кездеседі. Өсімдіктерде аналық ядро жойылғанда, тек аталық ядроның қатысуымен жұмыртқа-жасушаның дамуынан пайда болған партеногенездің екінші біртүрі – андрогенез деп аталады. Жыныстық көбеюдің тағы бір ерекше формасы – гиногенез. Жыныстық көбеюде ұрпақтары ата-аналарына ұқсамайды. Оларда генетикалық рекомбинацияның нәтижесінде генетикалық өзгергіштік байқалады.
Жыныссыз көбею — өсімдіктер мен жан-жануарлар ағзаларының бір бөлімінен өзі тәрізді жаңа ағзаның өсіп шығуы; ағзалардың жыныстық қарым-қатынассыз және жыныстық жасушалардың қатысуынсыз көбеюі. Ұрпақ таратудың өте ертеде қалыптасқан жолы болғандықтан жыныссыз көбею көбінесе бір жасушалы ағзаларда кеңінен таралған бірақ кейбір көпжасушалы ағзаларға да тән: саңырауқұлақтарда, өсімдіктерде, жануарлардажатады.

Жыныссыз көбеюдің екі жолы бар: 1) вегетативтік өніп-өсу, 2) споралану.

Жыныссыз көбеюдің нәтижесінде түрлердің биологиялық қасиеттері ұрпақтан ұрпаққа беріліп, сақталып отырады. Жыныссыз көбеюде бір ата-аналық дара бастұқым қуалау белгілері бойынша өзіне ұқсас екі немесе одан да көп жаңа дара басқа бастама береді. Жыныссыз көбею гаметалардың түзілуінсіз, бір клеткалы және төменгі сатыдағы ағзалардың бөлінуі немесе бүршіктенуі нәтижесінде, сондай-ақ әрі қарай жеке өмір сүруге қабілетті спора түзу арқылы жүзеге асады. Жаңа ағзаның дамуына бастама беретін арнайы жасушалар (споралар) түзілуін – жыныссыз көбею және вегетативтік көбею деп бөліп қарайды. Олар негізінен өсімдіктерде кеңінен таралған. Олардың айырмашылығы: біріншісінде көбею тек бір жасушадан (цитогония), ал екіншісінде көп жасушадан немесе жасушалар топтарынан түзіледі. Бөліну арқылы бір жасушалы азғалар көбейеді. Әр дара бас өзіне ұқсас екі немесе одан да көпжасушаларға бөлінеді. Клетканың бөлінуінің алдында ДНҚ-ныңрепликациясы болып өтеді. Көп жағдайда бір-біріне өте ұқсас жасушалар түзетін бинарлы бөліну байқалады. Бұл жолмен бактериялар, көптеген қарапайымдар, оның ішінде амебалар, парамеция және кейбір біржасушалы балдырлар (мысалы, евглена) бөлінеді. Көптік бөліну (шизогония), организмнің ядросы алдымен бірнеше қайтара бөлініп, соңынан ядро санына қарай өте көп дара бастар пайда болуы арқылы жүзеге асады. Бүршіктену арқылы көбейгенде жаңа дара бас алғашында аналық ағзасынан өскін ретінде түзіліп, соның нәтижесінде оған өте ұқсайтын жеке ағза болып бөлініп түседі. Бүршіктену ішекқуыстыларда, мысалы, гидра және біржасушалы саңырауқұлақтарда кездеседі. Дара бастардың екі немесе бірнеше бөліктерге бөлінуі арқылы көбеюі талшықты балдырларға, теңіз құрттарына тән. Олардың әр бөлігінен жаңа дара бас түзіледі. Спора арқылы көбейетін түрлерде, жаңа ағза ата-анасының біреуінің тұқым қуалайтын негізі бар арнайы жасуша – спорадан дамиды. Спораның түзілуі бактерияларда, қарапайымдарда, саңырауқұлақтарда және өсімдіктердің барлық түрлерінде кездеседі. Споралар өзінің құрылымы және қызметі бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Дәнді өсімдіктердің микроспоралары (тозаң түйіршіктері) және мегаспоралары (ұрық қапшығы), тозаң қапшығы және ұрық бастама деп аталатын спорангиядатүзіледі. Споралар өте көп мөлшерде түзіледі және олар жеңіл болғандықтан жел, жануарлар және жәндіктер арқылы оңай таралады.


Құрастырған:

Оқытушы________________Есенгулова Н.Ж.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті


Бекітемін:

Агротехнология және орман ресурстары

кафедрасының меңгерушісі

Есенгулова Н.Ж._______________

«____»________________2014 ж.
Әдістеме

Тақырыбы:
Сабақ мақсаты:

Дәріс №4. Сәндік өсімдіктердің көбеюі

1. Ұластыру тәсілдері



2. Өсімдіктерді күтіп-баптау
Ұластыру тәсілдері

Ұластыру, телу (көне лат. transplantatіon — ауыстырып салу), ауыл шаруашылығында — бір өсімдіктің (телінуші) жас өркенінің бүршігін (қалемшесін) не көзшесін екінші өсімдікке (телітуші) телу. Ұластыру мәдени жеміс ағаштар сорттарын вегетативтік жолмен көбейтудің негізгі әдістерінің бірі болып саналады. Ұластырудың көп жылдық өсімдік сорттарының қасиеттерін сақтау, шаруашылыққа пайдалы, суыққа, әр түрлі ауруларға, зиянкестерге төзімді телінушілер алу, жеміс ағаштарының өсуін тездету, бәсеңдету, гүлдеу және жеміс беру мерзімдерін қысқарту үшін маңызы зор. Ұластырудың 400-ден астам белгілі әдісінің 10 — 15-і шаруашылықта жиі қолданылады. Ең негізгі әдістері: көз сабақтау (окулировка), жалғастырып егу (копулировка), сыбызғылап Ұластыру, қиыстыра Ұластыру, жемісі, түйнегі және жуашығы арқылы Ұластыру, ұрықты көшіріп отырғызу, т.б. Көз сабақтау — бір өсімдік сабағына екінші өсімдіктің бүршігін (көзшесін) жалғастырып телиді. Бұл бір жылдық телінушіге тәлімбақта көктем, жаз және күздің басында көз сабақтау жүргізіледі. Көктемдегі көз сабақтауға өткен жылғы қалемшелер алынады. Бұл әдіс оңт. аймақта сүйекті жемістер үшін көп қолданылады, суық түсуден 1,5 — 2 ай бұрын жасалады. Ал бұл әдісті жазда жасау үшін осы жылы өсіп шыққан қаламшелер пайдаланылады; қалемше бүршіктері келесі жылдың көктемінде өседі. Көз сабақтау үшін кесіп алынған қалемшені жапырақтардан тазартып, өткір бәкімен көзшелерді кесіп алады. Бұған телітуші ретінде 2 — 3 жылдық жабайы сеппе шыбықтар таңдап алынады. Дайындалған көзшені телітушінің тамыр мойны қабығындағы 0,5 — 1,0 см етіп кесілген жерге орналастырады. Телітушінің көз сабақтау үшін белгіленген жерінен бұтақ қабығын пышақпен ұзыннан және көлденеңінен “Т” әрпі тәрізді етіп тіледі. Содан соң көз сабақтау бәкісінің күрекше тәрізді ұшымен қабықшаны бұтаның ағаш бетінен босатып, көзшені тілінген қабықтың астына кіріктіре орналастырып, орап байлайды. Телінуші мен телітуші ұластырылғаннан 10 — 15 күннен кейін бір-бірімен ұстасады, оны телітушінің сарғайып түскен жапырақ сағағынан білуге болады. Жалғастырып егу — жуандығы бірдей екі бұтақты бір-біріне өзара жалғастырып телиді. Бұл әдіс тәлімбақтарда бір-екі жылдық бұтақтарды, қалемшелерді қайта Ұластыру үшін қолданылады. Қиыстыра Ұластыруда — телінушінің өркенін түбінен қиғаштап кесіп алып, телітушінің де қиғаштап кесіп алынған өркенінің орнына жапсырып байлау жүзеге асырылады. Екеуінің көлемі, жасы (2 — 3 жылдық) бірдей болуы керек. Сыбызғылап Ұластыру — телітуші өсімдіктің қабығынан сақиналап кесіп алған ойыққа (сыбызғыға ұқсас), тура сондай мөлшерде сақиналап кесіп алынған телінушінің бүршігін орналастыру. Бұл әдіс грек жаңғағын, талшын және тұт ағаштарын көбейту үшін пайдаланылады. Жемісі, түйнегі және жуашығы арқылы Ұ. өсімдіктің осы бөліктерін жартылай өсіріп немесе оларды көшіріп отырғызу арқылы орындалады. Ұрықты көшіріп отырғызу арқылы Ұластыру — лабораторияда, жасанды ортада бір тұқымның ұрығын басқа тұқым ұрығының эндоспермімен бірге өсіру және ауыстырып салу. Жанастырып Ұластыру немесе аблактировка — телінуші өсімдік телітуші өсімдікпен бірлесіп өскенше әрқайсысының өз тамыр жүйесінен бөлінбей өсуі. Бұл үшін қолайлы уақыт — шырын ағу мерзімі. Көпшілік жағдайда телінуші мен телітуші бұтақтарын бір-бірімен жақындатып, қабықшаларын тазартып, байлап ұластырады. Бір-бірімен туыстас сорттар, бір туыстың түрлері, бір тұқымдастың туыстары жақсы ұластырылады. Әр түрлі тұқымдасқа жататын түрлерді Ұластыру күрделірек болады.
ӨСІМДІКТЕРДІ КҮТІП-БАПТАУ

Суару— 1) топырақылғалдылығынарттыруүшінжүргізілетінжұмыс. Дақылдардыңвегетациясыкезіндегісуару саны жәнесуармалаунормаларыбелгіленіпжүргізіледі. Суаруәдістерінетопыраққа суды жайыпжіберу, жаңбырлатып, тамшылатып, жүйектеп, көлдетіпсуармалауәдістеріқолданылады; 2) суармалыжерге су жеткізу, болу, судыңбелгілібірсандық таза көлемінпайдалануарқылыегістіңөсіп-өнуі мен өнімділігінарттыруғажағдайжасау. Суарутәсілінегізгіжәнеарнаулыболыпбөлінеді.

Суарукезеңі- әрбірдақылүшінолардыңөсіп-өнужағдайынасәйкестопырақылғалдылығыныңқолайлырежімі. Шаруашылыққажіберілетінсудыңжалпымөлшерінанықтауүшінондағыбарлықауыспалыегістікгергеарналғангидромодульдіңүйлестірілгенжалпыграфигіқұрылады. Осылайқұрылған график шаруашылықтағыбарлықдақылдардысуарурежімінайқындайды.

Суарунормасы - 1) бір гектар жердібірретсуаруғақажеттісудыңкөлемдікмөлшері. Әдетте, суарунормасыбір гектар жергебіртекше метр мөлшеріменөлшенеді. Шаруашылыққажіберілетінсудыңжалпымөлшерінанықтауүшінондағыбарлықауыспалыегістіктергеарналғангидромодульдіңүйлестірілген (жинақталған) жалпыграфигі (суарылу) уақытжәнеәрдақылғақажетті су көлеміаркылықұрылады. Бұлжағдайдашаруашылықтардағысуарылатынбарлықегістіккөлемібіргетеңдепесептесек, әрбіржекеауыспалыегістіккөлемісоныңүлесіболыпсаналады. Үйлестірілгенжалпыграфиктеауыспалыегістіңгидромодульдерікезекпенауысыпкеліп тұрады. Олүшінординаталарыалдын ала, жалпышамасыныңтиістімөлшерінекөбейтіледі. Осылайқұрылған график шаруашылықтағыбарлықдақылдардыңсуарурежімінсипаттайды. 2) бір гектар егістіккебірретсуарғандаберілетінсудыңмөлшері (м3/га). Суарунормасыныңөлшемді саны топырақтыңсулы-физикалыққасиетіне, жербедеріне, дақылға, суарутәсілі мен технологиясынабайланыстыболады. Суарунормасынанықтаукезіндетопырақтыңесептіқабатындағыеңтөменгіылғалсыйымдылығынегізгеалынады.


  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет