Әдістемелік нұсқау Ұ сф пму 18. 2/05



жүктеу 119.87 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі119.87 Kb.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы

Әдістемелік нұсқау




Ұ СФ ПМУ 7.18.2/05

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
«Экономикалық теория» кафедрасы

«Макроэкономика» пәні бойынша

050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит», 050506 «Экономика» мамандықтарының студенттері үшін
пәнді зерделеуге арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Павлодар


Әдістемелік нұсқауды

бекіту парағы


Ұ СО ПМУ 7.18.1/05



БЕКІТЕМІН

ҚЭФ деканы

__________Эрназаров Т.Я.

«___»___________20__ж.


Құрастырушы: аға оқытушы __________ Жанат Мырзабек


«Экономикалық теория» кафедрасы

«Макроэкономика» пәнінен

050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит», 050506 «Экономика» мамандықтарының студенттері үшін


пәнді зерделеуге арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Кафедра отырысында ұсынылды

«___»_____________20__ж., хаттама №___
Кафедра меңгерушісі ________________ Байтаева Г.Р.

(қолы)


ҚЭФ оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«___»___________20__ж., хаттама №___


ОӘК төрайымы ___________________ Сидорова Л.А.

(қолы)
1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР


Экономика ғылым ретінде қадағалаанатын экономикалық құбылыстар мен фактлерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде бір жүйеге келтіруге тырысады. Макроэкономика экономиканы бір тұтас бірлік ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызметтердің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді.

Макроэкономика курсы мемлекет экономикасында орын алатын ғалами экономикалық құбылыстарды зерттеу тұрғысынан алғанда маңызы зор. Ол экономиканың үй шаруашылықтары, жеке меншік, мемлекеттік және сыртқы секторлар сияқты ірі құрамдас бөліктерге ерекшелейді. Макроэкономика ұзақ мерзімдегі өндіріс көлемін, жұмыспен қамтылудың өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзімдегі ауытқуларын да зерттейді. Осы пәнді оқып-білу Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуының тұрақтылығы мен әрі қарай дамуының қажеттілігінен туындайды. Сондықтан, макроэкономика курсын оқыпбілгеннен кейін білім алушы практикалық және теориялық материалды ойлап талдауға мүмкіндік алады, әрі алған білімді басқа іргелес экономикалық пәедерге дайындалу кезінде олар тиімді әсерін тигізуі сөзсіз. Соған қоса, берілген ғылымды оқып үйрену алдағы экономикалық құбылыстарды болжау және талдауға үйренуге және де қажетті қортындылар мен ұсыныстарды кезінде жасауға мүмкіндік береді.

Макроэкономика курсында студенттер экономикада болып отыратын үрдістерді түсінуге көмек беретін білім алуы қажет. Атап айтқанда, олар мынадай келелі сұрақтардың шешімін табуға көмектесуі тиіс: баға неліктен өседі, өндіріс неліктен дағдарысқа ұшырайды, жұмыссыздықтың өсу себебі неде және т.с.с.

Өнеркәсібі дамыған елдердің тағылым-тәжірибесі белгілі бір саясатты жүргізудің барлық – алыс-жақын – болжамдарын ескеру маңызын ашып береді, сондықтан да макроэкономиканың келелі міндеті - өспелі бюджет тапшылығы мен теңгермелі кірісті қысқа және ұзақ мерзім тұрғысынан сипаттау және ғылыми болжау жасау болып табылады.

Келесі бір міндет – шәкірттердің алған білімдерін микро және әсіресе макродеңгейде табысты қолданып, тәжірибеде ұштастыра алуында. Ол үшін, олар экономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланыстарға және де осы курста берілетін экономикалық-математикалық үлгілерге сүйене отырып, нақты жағдайларды талдаудың негізгі тәсілдерін игеруі тиіс.

«Макроэкономика» пәнін игеруден бұрын студенттің «Экономикалық теория», «Экономикалық ілімдер тарихы», «Экономикадағы математика», «Экономикалық-математикалық әдістер», «Жалпы статистика теориясы», «Информатика» «Микроэкономика» пәндерін игеруі тиіс.


«Макроэкономика» курсын зерделеуге келесі әдебиеттер тізімі ұсынылады:
Негізгі

  1. Сакс Д. Макроэкономика: глобальный подход. – М.: МГУ, 1998

  2. Мэнкью Н.Г. Макроэкономика. – М.: МГУ, 1994

  3. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. – М.: Изд-во МГУ, 1997

  4. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. – М.: Дело,2001

  5. Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И., Тарасевич Л.С. Макроэкономика: Учебник. – СПБ.: СПб ГУЭФ, 1997.

  6. Долан Э.Дж., Линдсей Д. Макроэкономика. – СПб., 1994.

  7. Микро-макроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации . – СПб.,1994

  8. Кругман Л.Р., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика М.: «ЮНИТИ», 1994г.

  9. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика: – М.: МГУ им. М.В.Ломоносова, Изд-во "ДИС", 1997.

  10. Бурда М., Виплош Ч. Макроэкономика.– СПб.: Судостроение, 1998.

  11. Макконнелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс. Т1. – М., 2003

  12. Самуельсон П. Экономика. Т.1, 2. М.: НТО «АЛГОН» ВНИИ-СИ, 1992

  13. Хейне П. Экономический образ мышления. / Пер. с англ. – М., 1991

  14. Гайгер, Линвуд Т. Макроэкономическая теория и переходная экономика. – М.:Инфра., 1996

  15. Лэйард Р. Макроэкономика. Курс лекций для российских читателей. – М.: Джон энд Санз, 1994



Қосымша

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: Білім, 1997

  2. Назарбаев Н.А. Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации. Послание Президента РК Назарбаева Н.А. народу Казахстана. – Алматы, 20005

  3. Экономическая теория: Микро и макроэкономика. Учебное пособие./под ред. М.И.Плотницкого. – Минск: КН. Дом, 2005

  4. Учебные программы заочного отделения по дисциплинам кафедры макро-микроэкономики. / КазНУ им. Аль-Фараби, ФЭБ, Кафедра макро-микроэкономики. – А.: Учебная лаборатория, 2006

  5. Соболева И.Я. Маркетинг. Менеджмент. Микроэкономика. Макроэкономика. – Алматы, 2006

  6. Туманова Е.А. Макроэкономика. Элементы продвинутого подхода. Москва, 2004

  7. Макконнелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс. Т1. – М., 2003



2 КУРСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫН ЗЕРДЕЛЕУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
2.1 тақырып Макроэкономикаға кіріспе

Макроэкономика пәні. Макроэкономикалық теорияның басты мәселелері. Негізгі ұғымдары. Экономикалық теориялар мен үлгілер. Экзогенді және эндогенді айнымалылар. Экономикадағы ағындар мен қорлар. Статистикалық ақпарат.

Макроэкономикалық саясат. Макроэкономикалық үлгілер. Атаулы және нақты көрсеткіштер. Экономиканың негізгі субъектілері. Нарық классификациясы. Толассыз айналым үлгісі. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жалпы шарттары.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:

- Макроэкономика нені зерттейді?

- Макроэкономикалық түсініктерді

- Экономикалық саясаттың негізгі мақсаттарын

- Атаулы және нақты көрсеткіштер

- Экономиканың негізгі субъектілері

- Экзогенді және эндогенді айнымалылар

- Экономикадағы ағындар мен қорлар

Істей білуі қажет:


  • Макроэкономикалық үлгілерді

  • Макроэкономикалық тепе-теңдікті

  • Айналым үлгісін

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15)
2.2 тақырып. Макроэкономикалық өлшемдер

Жалпы ішкі өнімді қосылған құн бойынша, шығыстар бойынша және кірістері бойынша есептеу. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). Атауы және нақты айнымалылар. ЖҰӨ дефляторы және баға индекстері. Ұлттық есепшоттар жүйесінің өзге көрсеткіштері. Таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, қолда бар табыс. Кірістер мен шығыстардың ауыспалы толассыз айналымы. Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:

- Жалпы ішкі өнімді қосылған құн бойынша есептеуді

- Жалпы ішкі өнімді шығыстар бойынша есептеуді

- Жалпы ішкі өнімді кірістері бойынша есептеуді

- ЖҰӨ, ЖІӨ: ұқсастықтары және айырмашылықтары.

Істей білуі қажет:

- ЖҰӨ дефляторы, баға индекстері: ТБИ, Ласпейрес индексі, Пааше индексі, Фишер индексі.

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,6,7,8,9,10,11,12,15)

2.3 тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық. Жұмыссыздықтың экономикалық циклдары. Инфляция

Экономикалық циклдар және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Әлеуетті ЖҰӨ. Жұмыссыздық нысандары және оның табиғи деңгейі. Оукен заңы. Жұмыссыздық деңгейін реттеу. Шығындар инфляциясы. Күтілген және күтілмеген инфляция. Инфлияция және ұсыныс тітіркенімдері. Бағалар серпіні. Нақты жалақы және жұмыссыздық деңгейі. Эмпирикалық байқаулар және Филлипс қисығы.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:


  • Жұмыссыздық деңгейін. Оукен заңын.

  • Адаптивті және ұтымды күтімдер. Инфляция қарқыны мен өндіріс деңгейінің қалыптасуы.

  • Инфляциялық инерция. Сенім несиесі және инфляцияның төмендеу бағасы. Шығындар инфляциясы. Күтілген және күтілмеген инфляция.

  • Бағалар серпіні

Істей білуі қажет:

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,6,7,8,9,10,11,12,15)
2.4 тақырып. Ұлттық табыс /ҰТ/: өндіру, бөлу, тұтыну

Өндіріс факторы. Өндіріс функциясы. Өндіріс функциясының қасиеттері. Өндіріс факторлары арасында ұлттық табысты бөлу. Еңбек және капитал нарығы. Ұлттық табысты тұтыну. Тұтынуға орташа және шекті бейімділік. Кейнстің тұтыну теориясы. Инвестиция және салым түрлері: Іскерлік тұрақты инвестициялар. Тауарлы-материалдық қорлар инвестициясы, үй құрылысына инвестиция. Нақты пайыздық мөлшерлеме және инвестициялық функция. Мемлекеттің кірісі мен шығыстары. Мемлекеттік бюджет. Салықтар. Мемлекеттік бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз. Тауарлар мен қызметтер нарығындағы жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:


  • Ұлттық табысты өндіру. Өндіріс функциясы

  • Ұлттық табысты бөлу.

  • Кейнстік тұтыну теориясы

  • Тұтыну және жинақтау. Тұтынуға шекті бейімділік және жинақтауға шекті бейімділік.

  • Инвестиция функциясы. Инвестициялық салымдар түрлері. Инвестициялық шығындар.

  • Мемлекеттік шығындар түсінігі

  • Мемлекеттік бюджет тапшылығын өтеу әдістері

  • Мемлекеттік қарыз

  • Кейнстің мемлекеттік шығыстар мультипликаторы

Істей білуі қажет:

  • Жабық экономикадағы жиынтық сұраныс. Тұтыну функциясы

  • Пайыз бағамы

  • Инвестициялық функция

  • Мемлекеттік шығыстарды анықтау

  • Өндірістің тепе-теңдік деңгейін анықтау

  • IS қисығы. Бюджет-салық саясатының ықпалы.

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,6,7,8,9,10,11,12,15)

2.5 тақырып. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. AD-AS үлгісі

Жиытық сұраныс (АD) және оның анықтауыш факторлары. Ақшаның сандық теңдеуі. Жиынтық ұсынысқа классикалық көзқарас. Икемді еңбек ақы. Жиынтық ұсыныс қисығын салу. Жиынтық ұсынысқа кейнсиандық көзқарас. Икемсіз еңбек ақы. Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік. Қысқа уақыт мерзімінен ұзақ уақыт мерзіміне өту. Жиынтық сұраныстық және жиынтық ұсыныстық тітіркену. Тұрақтандыру саясаты.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:


  • Жиытық сұраныс.

  • Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі

  • Қысқа уақыт мерзімінен ұзақ уақыт мерзіміне өту

  • Жиынтық сұраныстық және жиынтық ұсыныстық тітіркену.

  • Тұрақтандыру саясаты.

Істей білуі қажет:

  • Жиынтық ұсыныс қисығын салу

  • Жиынтық сұраныс қисығын салу

  • Ақшаның сандық теңдеуі

  • Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,6,7,8,9,10,11,12,15)
2.6 тақырып. Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі

Игіліктер нарығы. Жоспарланған және нақты шығындар. Кейнстік крест. Табыстың тепе-теңдік деңгейі. Кейнстің мемлекеттік шығыстар мультифликаторы мен салық мультифликаторы. Инвестицияны ығыстыру нәтижесі. Игіліктер нарығындағы тепе-теңдік. Игіліктер нарығы және IS қисығы. IS қисығының жай алгебрасы.

Ақша нарығы. Ақша функциясы. Ақша агрегаттары. Ақшаның сандық теориясы. Ақша айналысының жылдамдығы. Ақша нарығы. Ақшаға сұраныстың кейнсиандық және классикалық теориялары. Нақты және атаулы пайыз бағамдары. Фишер теңдеуі.

Өтімділікті қалау теориясы. Ақша ұсынысы және ақша мультифликаторы. Ақша саясатының әдістері (құралдары). Ақша нарығындағы тепе-теңдік. Ақша массасы және пайыз бағамдарын бақылау. LM қисығы.

AD-AS үлгісі, кейнстік крест және IS-LM үлгісі арасындағы байланыс. IS-LM үлгісіндегі тепе-теңдік. Салықтық-бюджеттік саясат және оның IS-LM үлгісіне ықпалы. Қаржы-несие саясаты және оның IS-LM үлгісіне ықпалы.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:



  • Ақша агрегаттары

  • Ақшаның сандық теориясы

  • Ақшаға сұраныстың кейнсиандық және классикалық теориялары

  • Өтімділікті қалау теориясы

  • Ақша ұсынысы және ақша мультифликаторы

Істей білуі қажет:

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,6,7,8,9,10,11,12,15)
2.7 тақырып. Ашық экономика. Айырбас бағамы

Шағын ашық экономика. Төлем балансы. Ағымдағы есепшот, капитал қозғалысының есепшоты, ресми резервтер. Айырбас бағамы. Сатып алу қабілетінің паритеті. Ашық экономика үшін IS-LM үлгісі. Фискалдық экспансия мен ақша саясатының өндіріс пен айырбас бағамына ықпалы. Ашық экономикадағы жиынтық сұраныс. Экспорт пен импорт тәуелділіктері. Сіңісу және сауда балансы. Капитал жұмылдырылғыштығы.

Айырбас бағамы мен басқа факторлардың IS және LM қисықтарының орналасуына ықпалы. Құбылмалы айырбас бағамы бар үлкен ашық экономика. Ашық экономикадағы тіркелген және құбылмалы айырбас бағамдары бар жағдайлардағы IS-LM үлгісі. Тіркелген және құбылмалы айырбас бағамдары бар жағдайлардағы макроэкономикалық саясатты салыстыру.

Бұл тақырыпта студент білуі қажет:



  • Ашық экономика

  • Төлем балансы

  • Ағымдағы есепшот, капитал қозғалысының есепшоты, ресми резервтер

  • Айырбас бағамы

  • Экспорт пен импорт тәуелділіктері

  • Сіңісу және сауда балансы

  • Капитал жұмылдырылғыштығы

  • Фискалдық экспансия мен ақша саясатының өндіріс пен айырбас бағамына ықпалы

Істей білуі қажет:

  • Ашық экономика үшін IS-LM үлгісі

  • Айырбас бағамы мен басқа факторлардың IS және LM қисықтарының орналасуына ықпалы

  • Ашық экономикадағы тіркелген және құбылмалы айырбас бағамдары бар жағдайлардағы IS-LM үлгісі

  • Тіркелген және құбылмалы айырбас бағамдары бар жағдайлардағы макроэкономикалық саясатты салыстыру

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,6,7,8,9,10,11,12,15)
2.8 тақырып. Экономикалық өсу

Экономикалық өсу түсінігі мен әсер ететін факторлар. Солоудың ұзақ мерзімді өсу үлгісі. Ауқым қайтарымы. Экономикалық өсу үлгісінің сызбалық бейнесі. Жинақ ақша қорлары мен инвестициялар. Капиталдың қорлануы. Тиімді еңбек бірлігі. Қорлану мөлшері берілген жағдайда капиталмен қамтамасыздандырудың тұрлаулы деңгейі. Қорланудың «Алтын ережесі». Экономикалық жағдай және капитал қорының деңгейі. Халық санының өсуі мен технологиялық ілгерлеушіліктің ықпалы.



Бұл тақырыпта студент білуі қажет:

  • Экономикалық өсу түсінігі

  • Солоудың ұзақ мерзімді өсу үлгісі

  • Ауқым қайтарымы

  • Жинақ ақша қорлары мен инвестициялар

  • Капиталдың қорлануы

  • Қорлану мөлшері берілген жағдайда капиталмен қамтамасыздандырудың тұрлаулы деңгейі

  • Қорланудың «Алтын ережесі»

  • Экономикалық жағдай және капитал қорының деңгейі

Істей білуі қажет:

  • Экономикалық өсуге әсер ететін факторларды анықтау

  • Солоудың ұзақ мерзімді өсу үлгісі

  • Экономикалық өсу үлгісінің сызбалық бейнесі

  • Экономикалық жағдай және капитал қорының деңгейіанықтау

Берілген тақырыптарға қатысты сұрақтар мына әдебиеттерде берілген (1,2,3,4,6,7,8,9,10,11,12,15)



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет