Әдістемелік нұСҚАУ



жүктеу 358.09 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі358.09 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев

СМЖ-нің құжаты

Н 11/1-1.02-2013





Әдістемелік нұсқау

Баспа 3

Енгізу күні 01.11.2013



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


м.х.дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті
БЕКІТЕМІН

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі

__________________ Сембина Г.К.

«_____»_______________2014 ж.
Тәжірибелік жұмыстарды орындау үшін
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ТАРАТЫЛҒАН ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУ

пәнінен
5В070300 – Ақпараттық жүйелер, 5В070400 – ЕТ және БҚ

мамандықтарының білімгерлері үшін


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ




Тараз 2014

Әдістемелік нұсқау тәжірибелік жұмыстарды орындау үшін «Деректерді өңдеу таратылған жүйелерін жобалау» пәнінен 5В070300 – Ақпараттық жүйелер, 5В070400 – ЕТ және БҚ мамандығының білімгерлері үшін пәннің типтік оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.


Әдістемелік нұсқауды құрастырушылар:
т.ғ.к., доцент Сембина Г.К. _____________________
аға оқытушы Конысбаева А. _____________________

Әдістемелік нұсқау «Ақпараттық жүйелер» кафедра мәжілісінде талқыланды.


Хаттама №_____ «______»_____________20__ж.

№1 тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: Ашық жүйелер технологиялары. Деректерді өңдеудің таратылған жүйелерi. Функционалды - таратылған ақпараттық технологиялар

Сабақтың мақсаты: Ашық жүйелер технологиялары, деректерді өңдеудің таратылған жүйелерi туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және жұмыстарын талдау.
Қысқаша теориялық мәліметтер

Ашық жүйелер концепциясы

Эталондық модельге сәйкес есептеу желісі көптеген түрлі аппараттық және программалық құралдар көмегімен іске асатын таратылған ақпараттық-есептеу ортасы ретінде анықталады. Бұл орта вертикаль бойынша әрқайсысы өз негізгі есебін орындайтын логикалық деңгейлерге бөлінеді. Горизонталь бойынша орта локальды бөліктерге бөлінеді. Олар ашық жүйелер деп аталады және ISO ашық жүйелер сәулетінің стандарттары мен талаптарын қанағаттандырады (1 сурет).





Сурет 1. Ашық жүйелердің өзара қатынас аймағы
«Ашық жүйелер қатынасы» (АЖҚ) («Взаимодействие открытых систем» ВОС) (OSI - Open System Interconnection) термині сәйкес стандарттарды бірге қолдануға байланысты бір-біріне «ашық» жүйелер арасында мәліметтерді беру процедураларына қатысты қолданылады.

Негізгі эталондық модель бойынша ашық жүйелер қатынасы деңгей деп аталатын, бір-бірінің үстіне орналасқан жеті қабатқа бөлінген.



OSI эталондық моделі деңгейінің аттары:

  1. физикалық

  2. мәліметтер буыны

  3. желілік

  4. транспорттық

  5. сеанстық

  6. мәлiметтердiң берiлуi

  7. қолданбалы

Кейбiр функцияны iске асыратын және бір деңгей құрамына кiретiн ашық жүйе бөлігі объект деп аталады, N-шi деңгейдiң объекттерiнiң өзара әрекеттесуiнiң ережелерiнiң жиыны N – хаттама деп аталады Көршi деңгейдегі объекттердiң арасындағы байланыс интерфейспен анықталады (мысалы, N және (N-1) - ші деңгейдегі объекттер арасындағы байланыс (N - 1)-ші интерфейспен анықталады).

Ашық жүйелердің ортақ қасиеттері:

  • Кеңейтiлiмдiк - расширяемость/масштабируемость

  • Тасымалданғыштық – мобилдiлiк - мобильность

  • Басқа жүйелермен жұмыс iстеуге қабiлеттiлiк - интероперабельность

  • Қолданушыға достық, соның iшiнде жеңiл басқарылу - дружественность к пользователю, в том числе легкая управляемость.

Ашық жүйелерде бұл қасиеттер кешенді түрде қолданылады. Ашық жүйелер қатынасы ақпараттық желілер сәулетінің негізгі концепциясы болып табылады.

Мәліметтерді өңдеудің таратылған жүйелері (МӨТЖ) - өзара байланысқан, бірақ бір-біріне тәуелсіз ЭЕМ-дың бірігіп қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін жүйе. Бұл жүйелер ақпараттың пайда болу және қолданылу пунктерінің территориялық таратылуымен сипатталатын объекттерді автоматтандыруға арналған.



  • Мәліметтерді өңдеудің таратылған жүйелері – бір рангті серверлердің желісі

  • Мәліметтер бөліктерге бөлініп жүйе серверлеріне таратылады

  • Клиент жақын серверге қосылады, ол арқылы жүйедегі барлық мәліметерге қолжетімді болады

  • Клиент қосылған сервер жүйенің қашықтағы серверлеріне сұраныс жасайды

Таратылған ортада әрекеттесуді ұйымдастыру

МӨТЖ-де келесі негізгі функциялар орындалады:



  • Ресурстарға (есептеу қуаты, программа, мәліметтер және т.б.) қолжетімділік;

  • Тапсырмаларды орындау және «клиент-сервер» режимінде қолданушылар мен олардың тапсырмаларымен интерактивті байланысты орнату;

  • Жүйе жұмысы туралы статистиканы жинау;

  • Жүйе сенімділігін және өмір циклын қамтамасыз ету.

Қазіргі кезде МӨТЖ-нің түрлі критерий бойынша классификациясы бар:

  1. Біркелкілік деңгейі бойынша

  • Толықтай біркелкі емес МӨТЖ

  • Жартылай біркелкі емес МӨТЖ

  • Біркелкі МӨТЖ

  • Толықтай біркелкі емес МӨТЖ –ге түрлі сәулетті және әр түрлі операциялық жүйемен жұмыс істейтін ЭЕМ-дар біріктірілген. Бұл типті МӨТЖ коммуникациялық қызмет ретінде Х.25,  Frame relay,  ATM, Internet-технология хаттамаларына негізделген глобальды желілерді қолданады.

  • Жартылай біркелкі емес МӨТЖ-лер бір типті түрлі ОЖ басқаруымен жұмыс істейтін ЭЕМ-дер немесе бір ОЖ басқаруымен, бірақ түрлі типті ЭЕМ-дер негізінде құрылады. Мысалы, IBM PC компьютері түрлі ОЖ-лермен басқарылады:  MS DOS,  OS/2,  Windows ХР. 7,  Windows NT.

  • біркелкі МӨТЖ бір ОЖ –мен басқарылатын және бір типті ЭЕМ-дар негізінде құрылады.

  1. Сәулеттік ерекшеліктері бойынша

  • Телеөңдеу жүйелері негізіндегі МӨТЖ

  • Желілік технология негізіндегі МӨТЖ

Желілік технологияда бір машинадағы кез-келген процесс басқа ЭЕМ-гі процеспен байланыса алады. Ал телеөңдеу жүйелері негізіндегі МӨТЖ-де процестердің толық, симметриялық және тәуелсіз өзара қатынастары орындалмайды.

  1. Таратылу деңгейі бойынша

  • Регионалды (аймақтық);

  • Локальды.

Аймақтық МӨТЖ-не келесі параметрлерімен сипатталатын таратылған конфигурациялар кіреді:

  • Шексіз географиялық таратылу;

  • Маршруттаудың механизмдері;

  • Түрлі екі түйін өзінің каналы арқылы байланысқан:

  • Еркін топология.

Бұл типті МӨТЖ-де ЭЕМ-дар арасындағы байланыстың келесі түрлерін атап кетуге болады:

  • Каналдар коммутациясы;

  • Хабарламалар коммутациясы;

  • Пакеттер коммутациясы;

  • Фреймдер коммутациясы - Frame relay;

  • Ұяшықтар коммутациясы - ATM-технология.

Локальды МӨТЖ-нің негізін келесі сипаттары бар локальды желілер құрайды:

  • кішігірім географиялық таратылу;

  • бір коммуникациялық ортаны қолдану;

  • жоғары және өте жоғары жылдамдықты байланыс - 107... 109 бит/с;

  • коммуникациялық қызметтің барлық түйінін қолдану арқылы жоғары жылдамдықты ұйымдастыру үшін бір ортаға қолжетімдіктің арнайы әдістері мен алгоритмдерін қолдану;

  • топологиялардың шектеулігі.

МӨТЖ-нің сәулеті деп оның логикалық, физикалық және программалық құрылымдарының өзара байланысын айтамыз.
Тәжірибелік жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау

    1. Ашық жүйелер және мәліметтерді өңдеу таратылған жүйелері туралы теориялық матералмен танысу.

    2. Ашық жүйелер және мәліметтерді өңдеу таратылған жүйелері жұмысына талдау жасау, мысалдар келтіру

    3. Бақылау сұрақтарына жауап беру


Бақылау сұрақтары

  1. Ашық жүйелер технологиясы дегеніміз не?

  2. Ашық жүйелерді құру мұқтаждығы не үшін қажет болды?

  3. Ашық жүйелер міндетті қасиеттері қандай?

  4. OSI эталондық моделі деңгейінің аттары:

  5. Мәліметтерді өңдеудің таратылған жүйелері дегеніміз не?

  6. Таратылған ортада әрекеттесуді ұйымдастыру қалай орындалады?

  7. МӨТЖ-нің түрлі критерий бойынша классификациясын келтіріңіз

  8. Клиент-серверлі сәулеттің негізгі құрамдас бөліктерін атаңыз



№2 тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: Apache Web-серверін орнату. PHP модулін орнату. DzSoft PHP конфигурация баптаулары. Editor код редакторы. Web – сервермен өзара әрекеттесу.

Сабақтың мақсаты: Apache Web-серверін, PHP модулін орнатуды үйрену, PHP сценарийлерімен жұмыс жасауды игеру.
Қысқаша теориялық мәліметтер

Apache – UNIX платформасында пайда болған әйгілі Web-сервер. Сервер орнатылған соң, httpd.conf конфигурациялық файлына баптаулар енгізіледі. httpd.conf файлы 3 негізгі секциядан тұрады:



  1. глобальды баптаулар (күйге келтірулер) секциясы - Web-сервердің программа ретінде жұмыс істеу баптаулары

  2. «үнсіз келісім сервері – сервер по умолчанию» секциясы – Web-сервердің сұраныстарына жауап беретін сайттың үнсіз келісіммен анықталған баптауларын сақтайды

  3. Виртуалды түйіндер секциясы – Apache бір уақытта бірнеше сайттың жұмысын қолдайды, олар «виртуалды сайттар» деп аталады.

Web-сервер орнатылғаннан кейін келесі каталогтарға қатынауға болады.


Аты


Мағынасы

Htdocs

Web-сервердің түпкі каталогы, барлық Web-документтерді сақтайды.

cgi-bin

Сервер жағында орындалатын серверлік скрипттер мен екілік кодтарды сақтайды.

Conf

Сервердің конфигурациялық файлдарын сақтайды

Logs

Web-сервер жұмысының барлық журналдарын сақтайды.

Bin

Web-сервердің орындалатын файлдарын сақтайды

lib, libexec, modules

Web-сервердің статикалық және динамикалық қосылатын кiтапханаларын сақтайды

Icons

Сервер құратын парақтарға шығатын иконка файлдарын сақтайды

Include

C/С++ тақырыптық файлдарын сақтайды

Apache Web-серверін орнатылған соң PHP модулі орнатылады және DzSoft PHP Editor атты қолайлы редактор орнатылады, ол PHP скрипттер мен HTML / XML парақтарды жөндеу мен тестілеуге арналған.


Тәжірибелік жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау

1) Apache Web-серверін орнату

Apache Web-серверін орнатпас бұрын, http://www.apache.org сайтынан сәйкес бағдарламалық жабдық apache_1.3.29-win3x86-no_src.exe файлын алып алу қажет. Бұл бағдарлама компьютерге серверді орнатады. Орнату файлы іске қосылғанда экранға 1 суретте келтірілген терезе шығады:


Сурет 1.  Apache серверінің автоматты орнатылуы


1.3.29 версиялы HTTP-сервер Apache орнату үшін Next батырмасы басылады, келесі терезеде лицензия шарттарымен келісу ұсынысы шығады (сурет 2).

Сурет 2. Лицензиямен келісу

Келесі экран Apache сервері туралфы ақпаратты сақтайды, келесі қадамда желілік домен атын, сервер атын және администратордың e-mail адресін енгізу қажет (сурет 3). Бағдарлама компьютер баптаулары бойынша домен және хост атын автоматты түрде анықтауға тырысады.

Сурет 3. Сервер туралы негізгі ақпарат


Келесі қадамда орнату түрі таңдалады: толық (сервердің барлық компоненттері орнатылады) немесе қолданушы анықтамасымен (орнату компоненттерін таңдауға болады (сурет 4).

Сурет 4. Орнату түрін таңдау


Таңдалатын сервер компоненттерінің саны шағын: олар - сервер жұмысына қажет құралдар және олардың құжаттамалары (сурет 5).

Сурет 5. Қолданушы анықтамасы режимінде компоненттерді таңдау


Сервер орнатудың келесі қадамында бағдарлама сервер орнатылатын папканы көрсетуді талап етеді. Әдетте сервер c:\Program Files\Apache Group\ папкасына орнатылады (сурет 6).

Сурет 6. Сервер орнатылатын папка аты
Келесі қадамда енгізілген деректердің дұрыстығы тексеріліп, Install батырмасы басылады (сурет 7).

Сурет 7. Сервер орнатылуы
Сервер орнатылғанын тексеру үшін браузердің адрестік жолына келесі адрес енгізілуі тиіс: http://localhost/. Сервер дұрыс орнатылса, Apache серверінің алғашқы терезесі ашылады (сурет 8).

2) Сервермен жұмыс істеу

Сервермен өңделетін файлдар сервердің түпкі каталогында (c:\Program Files\Apache Group \Apache \htdocs ) немесе қолданушы каталогтарында (c:\Program Files\Apache Group\Apache\users\) болуы тиіс. Сервердің түпкі каталагы мен қолданушы кталогтарының орналасу реті сервер баптауларына, яғни конфигурациялық файл - httpd.conf файлына енгізілген. Сервердің түпкі каталагында орналасқан test.html файлына қатынау үшін браузер терезесіне http://localhost/test.html (хост аты, файл аты) адресін енгізу қажет. Ал егер test.html файлы user қолданушысының каталогында орналасса, оны көру үшін браузерге http://localhost/~user/test.html адресін енгізу қажет.


Сурет 8. Apache серверінің алғашқы терезесі



3) Windows жүйесіне PHP 4.3.4 бағдарламасын орнату


PHP бағдарламасының дистрибутивын http://www.php.net сайтынан алуға болады. Бағдарлама орнатудың алғашқы терезесінің түрі 9 суретте келтірілген.

Сурет 9. PHP бағдарламасын орнатудың алғашқы терезесі


Келесі терезеде лицензия шарттарымен келісу ұсынысы шығады (сурет 10).


Сурет 10. Лицензиямен келісу


Келесі терезеде стандартты орнату типі таңдалады (сурет 11).

Сурет 11. Орнату түрі\


Келесі қадамда РНР орнатылатын каталог таңдалады. Оған библиотекалар, кеңейтімдер файлдары, командалық жол интерпретаторы, модульдер және т.с.с. көшіріледі (сурет 12).

Сурет 12. PHP орнатылатын папка


Выбор папки, в которую будет установлен

Келесі терезеде SMTP-серверінің атын, яғни почиалық хабарламаларды жіберу серверінің атын және почта жіберушісінің адресін көрсету керек. Ары қарай PHP-мен жұмыс істейтін сервердің аты енгізіледі, біз Apache серверін орнатқандықтан тізімнен аттас сервер таңдалады (сурет 13).

Сурет 13. Серверді таңдау


Қажетті файлдар көшірілген соң экранға 14 суретте келтірілген келесі хабарлама шығады, яғни серверді қолдан баптау керек.

Сурет 14. PHP-мен жұмыс істеу үшін Apache-ді автоматты түрде баптау мүмкіндігі жоқтығы туралы хабарлама


4) DzSoft PHP редакторын орнату

Редактордың дистрибутивын оқытушыдан алып, орнатыңыз.



5) РНР скрипттерімен жұмыс

5.1. php2 каталогын құрыңыз, онда forma.html файлын құрыңыз. HTML тегтерін қолданып 15 суретте көрсетілген форманы құрыңыз.


Сурет 15. Форма үлгісі


5.2. РНР тілінде келесі амалдарды орындайтын форма өңдеушілерінің файлын құрыңыз:

  • Барлық жиектердің толтырылғанын тексеру

Код: If ($_GET[nm]==’ ‘ or ($_GET[pass]==’ ‘ or ($_GET[email]==’ ‘)

{echo “Вы ввели не все данные”;

Exit; }


Код: $komu=”xxx.ru”;

$tema=”Вопрос от “. $_GET[‘nm’].” “.$_GET[‘email’];

$text_p=$_GET[‘quest’];

mail($komu, $tema, $text_p);

echo “Ваш вопрос отправлен администратору”;
Бақылау сұрақтары


  1. РНР тілінде қандай айнымалылар типі анықталған?

  2. php-парағының html-парағынан айырмашылығы неде?

  3. Айнымалыны php-парағына қалай жіберуге болады?

  4. data() функциясының параметрлерін атаңыз.

  5. php-парағына сұраныс жасалғанда web-сервер нені қайтарады?


№3 тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: Клиенттік бағдарламалар құруда PHP сценариін құру.

Сабақтың мақсаты: PHP сценарийлерімен жұмыс жасауды игеру.
Қысқаша теориялық мәліметтер

Төмендегі функциялар РНР айнымалаларымен жұмыс істегенде қолданылады:



  • isset() – айнымалыға бір мән меншіктелгенін тексереді. Ақиқат болса, true мәні қайтарылады.

  • unset() – айнымалыны өшіруге арналған.

  • empty() – егер айнымалы анықталмаса немесе «ноль» не «бос қатар» болса true мәнін қайтарады, кері жағдайда false мәні қайтарылады.

  • gettype() – айнымалы типін анықтайды. Келесі мәндердің бірін қайтарады: “integer”, “double”, “string”, “array”, “object”, “boolean”, “class”, “unknown type”;

  • settype() – айнымалы типін орнатады.

РНР тілінің операторлары. Мысал

Электрондық хат шаблонын даярлау. Өтілетін шараларға шақыру туралы белгілі бір шақыру қағаздары бар делік, сол шақыруды бірнеше адамға жіберу керек. PHP тілінің айнымалылары, тұрақтылары, массивтері арқылы жазылған программа











PHP -код

?>



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет