Әдістемелік нұсқаулардың



жүктеу 130.8 Kb.
Дата27.04.2016
өлшемі130.8 Kb.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы

Әдістемелік нұсқаулардың

титулдық парағы








Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Есептеу техникасы және бағдарламалау» кафедрасы
«Инженерлік және компьютерлік графика» пәні бойынша

5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттеріне арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар


Әдістемелік нұсқауларды

бекіту парағы








Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор _________ Н.Э Пфейфер

(қолы) (аты-жөні)

2011ж. «___»____________


Қ ұрастырушы: аға оқытушы___________________________ Балгабаева Г.С.

(қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы, қолы) (аты-жөні)
«Есептеу техникасы және бағдарламалау» кафедрасы

(кафедра атауы)


«Инженерлік және компьютерлік графика» пәні бойынша

(пән атауы)


5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық камтамасыз ету»

(мамандық шифры және толық атауы)

мамандығының студенттеріне арналған
Пәнді меңгеру жөніндегі

(оқу құжаты түрінің атауы)



әдістемелік нұсқаулар

Кафедраның отырысында ұсынылды 2011 ж. «__»_______№_____ хаттама

Кафедра меңгерушісі __________ О.Г. Потапенко

(қолы) (аты-жөні)


ФФМжАТ ОӘК мақұлданды 2011ж. «__»______№_____ хаттама

(факультет атауы)


ОӘК төрағасы_____________ Ж.Г. Муканова 2011ж. «__»____________

(қолы) (аты-жөні)


МАҚҰЛДАНДЫ:
ЖжӘҚБ бастығы_____________А.А. Варакута 2011ж. «__»____________

(қолы) (аты-жөні)


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама
1 Тақырып. Кіріспе

Пәнді оқытудың аспектілері. Оның даму тарихы, перспективалары және техникадағы міндеті. Сызбалардың графиктік жазылуына ҚҚБЖ-ның негізгі талаптары. Сызбаларды орындаудың орта ережелері. Үйлестірулер. Көріністер. Негізгі анықтамалар. Түрлер. [1, 7-45 бет]



  1. Тақырып. AutoCAD жүйесімен танысу, негізгі ұғымдар және жұмыс принциптері

AutoCAD графикалық ортасымен, АЖЖ-мен танысу. АЖЖ (САПР) кіріспесі. Жабдықтын талабы. AutoCAD-қа кіру және орындалған жұмысты сақтау арқылы одан шығу. Жаңа сызбаны жасау. Орта жүйесін күйге келтіруі. Интерфейстің пакеті. Сызба ұйымдар құралдары. Командалардың енгізу әдістері және тап белгісі. AutoCAD жүйесінде объектілердің таңдау тәсілдері.

AutoCAD жүйесі сызба жұмыстарын автоматтандыру үшін арналған. Ол кез–келген сызбаны жасауға, оларды өзгертуге, алдын–ала жасалған сызбалармен біріктіруге мүмкіндік береді. Жүйенің атауы қысқартылған Automated Computer Aided Design сөзінен шыққан.

«Проекциялау» термині жүйе автоматтандырылған проектілеуге арналған орта дегенді білдіреді және ол басқа да проектілетін бағдарламаларға құрал бола алады.

Жүйенің құрастырушысы және оның заңды басқарушысы - AUTODESK Ltd фирмасы. Бағдарламаның бірінші нұсқасы 1982 жылы пайда болды.

Кесінділер, доғалар, шеңберлер және басқа графикалық объектілер кез–келген сызбалық файлдың элементтері болып табылады. AutoCAD жүйесінде оны примитивтер деп атайды. [6, 12-120 бет]

3 Тақырып. Жұмыс ортаны дайындау

AutoCAD-қа кіру және орындалған жұмысты сақтау арқылы одан шығу. AutoCAD жүйесінің басты терезесі. Пайдаланушының жұмыс үстелі. Меню және құрал-саймандар панелі. Координаталар жүйелері. Полярлық және ортогональ режимдер. Примитивтердің қасиеттері. Сызбаның геометриялық элементтері. Қабаттар. Жаңа қабаттарды жасау және қабаттармен жұмыс істеу. Жұмысты қолайлы орындау үшін UCS (User Coordinate System – қолданушы координат жүйелері) анықталған, оны WCS байланысты кез – келген бұрышта қозғалтуға және/ немесе айналдыруға болады. Осындай координаталар жүйесі біруақытта бірнеше болуы мүмкін, және кез – келген уақытта біреуінен екіншісіне өтуге болады.

AutoCAD екі сызықтық өлшем бірлікте: миллиметрде, дюймде және түрлі бұрыштық бірлікте жұмыс істей алады. Сызбаны ондық бірлікте (Decimal) бүтін миллиметрге дейінгі дәлдікпен (Precision) сызу керек. Суреттің бұрыштық бірлігінің түріне Градустар/Минуттар/Секундтар (Deg/Min/Sec) жатады. Нөлдік бұрышқа East (Шығыс) бағыты сәйкес келеді. Бұрыштарды есептеу бағыты - Counter-Clockwise (сағат тіліне қарсы). Құрылғылар FormatUnits мәзір пунктісінің көмегімен орындалады.

Сурет – DWG файлында сақталатын компьютер экранындағы бейне. Аяқталған сурет – біртұтас қолдануға арналған DWG – файл. Сызба – белгілі бір берілген масштабта қағазға сызылған сурет. Геометриялық объекттер суретте натуралды өлшеммен (1:1 масштаб) бейнеленеді.

Сызбаның масштабы деп қағазға түсірілетін сызбаның масштабын айтамыз.

Қиын суреттерді салған кезде олармен ары қарай қолайлы жұмыс жасау үшін бөлек объекттерге немесе объект топтарына атау беру қажет болады. Әсіресе бұл қиын суреттерді салғанда маңызды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін примитивтердің қабат қасиеті қызмет етеді. Қабаттың сөндіру мүмкіндігі бар.

Экранда бес функционалды аймақты белгілеуге болады:


  1. сызбаны салуға арналған жұмыстық графикалық аймақ;

  2. жүйелік мәзір;

  3. құрал – саймандар тақтасы;

  4. командалық қатар;

  5. қалып - күй қатары. [6, 122-160 бет]

4 Тақырып. Геометриялық құрулар. Көріністер

Шеңберді бірдей бөлшектерге бөлу. Дұрыс көпбұрыштарды салу. Көріністер, негізгі анықтамалар. Түрлер. Кескіндер. Олардың орындалу ережелері.

Изометриялық елестерді алу үшін View/ 3D View (Үшөлшемді көру нүктесі) командаларын қолданады, сонымен қатар тізімде суретті көру үшін керек изометрияны таңдап алуға болады.

Изометрияның төрт түрі бар: SW Isometric (Ю-З изометрия), SE Isometric (Ю-В изометрия), NE Isometric (С-В изометрия ) NW Isometric (С-З изометрия).

Сонымен қатар, Viewpoint Presets диалог терезесінде бұрыш координаттарын беріп, бақылаудың еркін түрін де таңдауға болады. Ол үшін:

View (Вид)/ 3Dview (Үшөлшемді көру нүктесі)/ Viewpoint Presets (Выбрать) командасын таңдау немесе Vp/ Enter енгізу.

Ашылған терезедегі сол жақтағы шкала Х осіне қатысты орынды таңдауға мүмкіндік береді, ал оң жақтағы жартышар жоғарылатуды таңдау үшін қолданылады. Керек мәндерді көрсеткеннен кейін, ОК батырмасын басу керек, сонда жаңа параметрлерге байланысты түр өзгереді.

Диалогтық терезедегі берілген басқа параметрлер әлемдік қолданушы координат жүйесіне қатысты бұрыштарды береді. Сонымен бірге, Set to Plan View (жоспардағы Түр) батырмасын басу арқылы жоспар түріне өтуге болады. Сондай – ақ бұрыштардың дәлдік мәнін сәйкес сандық алаңға енгізуге болады. Сонымен, Viewpoint Presets (Көру нүктесін беру) диалогтық терезесінің көмегімен кез–келген байқау бағытын енгізуге болады. [5, 135-160 бет]



5 Тақырып. Түзу

Проекция жазықтығына қатысты нүктенің орналасуы. Түзудегі нүкте. Түзудің іздері. Тік бүрышты үшбүрыш әдісімен кесіндінің параметрлерін анықтау. Кесіндінің парамстрлсрін, проекция жазықтықтарын ауыстыру және жазық параллель көшіру тәсілімен анықтау. Түзулердің салыстырмалы орналасулары.

Түзулердің кесінділері AutoCAD жүйесінде LINE командасымен құрылады.

Команда пішімі:

Specify first point: (Бірінші нүкте:)

Specify next point or [Undo]: (Келесі нүкте немесе [Өзгерту]:)

AutoCAD қасиеті ретінде Undo - ны (Өзгету) ұсынады. Ол кесіндінің бұрын берілген алғашқы нүктесін өзгертеді. LINE (КЕСІНДІ) командасы осымен аяқталмайды да, сұрақ беріледі:

Specify next point or [Undo]: (Келесі нүкте немесе [Өзгерту}:)

Close (Жабу) опциясы алдыңғы кесіндіден біріншінің басына баратын тағы да бір кесінді салады. Егер LINE (КЕСІНДІ) командасын жабусыз аяқтау керек болса, онда пернесін басыңыз. [5, 160-169 бет]

6 Тақырып. Жазықтық

Жазықтықтың сызбаларда берілу тәсілдері. Жазықтықтың дербес орналасуы. Жазықтықтағы нүкте мен түзу. Горизонталь мен фронталь. Жазықтықтағы жалпы орналасудан дербес орналасуға түрлендіру.

Жазықтық – геометрияның негізгі түсініктерінің бірі. Жазықтық қасиеттерінің кейбір сипаттамалары:

1) жазықтық – бұл сызықтың кез-келген нүктесін қосатын және әрбір сызықты толығымен өзінде орналастыра алатын бет.

2) жазықтық бұл екі берілген нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің көптігі.

Сызықты алгебрадағы жазықтық – бірінші ретті жазықтық: декарттық жүйеде жазықтық координаттары бірінші ретті теңдеумен берілуі мүмкін. Жазықтықтың жалпы теңдеуі:

Ax+By+Cz+D=0,

мұндағы А, В, С және D - тұрақтылар, бірақ А, В және С нөлге тең емес.

Жазықтықтың кейбір графикалық берілу тәсілдерін қарастырайық. Жазықтықтың кеңістікте орналасуы анықталады:

- бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте арқылы;

- түзі сызық пен осы түсуде жатпайтын нүкте арқылы;

- қиылысатын екі түзу арқылы;

- екі параллельді түзу арқылы.

Проекция жазықтығына қатысты жазықтықтың орналасуы туралы оның іздері бойынша бағалауға болады.

Жазықтық ізі деп берілген жазықтық проекция жазықтығымен қиылысуында пайда болған түзі сызық аталады. Берілген жазықтық қандай проекция жазықтықты қиып өтуіне байланысты жазықтық іздері көлденеңді, фронтальды және профильды деп үшке бөлінеді.

Проекция жазықтығына қатысты жазықтықтың орналасуына байланысты ол жалпы немесе жартылай орын ала алады:

1) проекция жазықтықтарының біреуіне де перпендикулярлы емес жазықтық жалпы орындағы жазықтық деп аталады. Бұл жазықтық барлық проекция жазықтықтарын кесіп өтеді (ол үш ізді иеленеді, яғни көлденеңді, фронтальды, профильді).

2) Проекция жазықтықтарына перпендикулярлы жазықтықтар кеңістікте жартылай орын алады және проекцияланатын деп аталады. Қандай жазықтыққа перпендикулярлы болғанына байланысты жазықтықтар бөлінеді:

- көлденеңді проекция жазықтығына перепендикулярлы жазықтық көлденеңді проекцияланатын жазықтық деп аталады. Бұндай жазықтықтың көлденеңді проекциясы түзі сызық және бұл сызық сонымен қатар жазықтықтың көлденеңді ізі болып табылады. Берілген жазықтықтың барлық нүктелерінің көлденеңді проекциялары көлденең ізбен сәйкес келеді.

- фронтальды проекция жазықтығына перепендикулярлы жазықтық фронтальды проекцияланатын жазықтық деп аталады. Бұндай жазықтықтың фронтальды проекциясы түзі сызық және бұл сызық сонымен қатар жазықтықтың фронтальдық ізі болып табылады.

- профильды проекция жазықтығына перепендикулярлы жазықтық профильды проекцияланатын жазықтық деп аталады. Бұндай жазықтықтың дербес жағдайы биссекторлық жазықтық болп табылады. [5, 170-178 бет]

7 Тақырып. Құрал екі өлшем объектілердің сызуы

Сызықтардың, көпбұрыштардың, шеңберлердің, эллипстердің, доғалардың, мәтін генерациялары және штрих түсіру командаларын сызу.

Шеңберлерді (дөңгелектерді) салу CIRCLE (ШЕҢБЕР) командасымен орындалады. Команданы Draw (Сурет салу) панелінен батырмасы арқылы немесе Draw (Сурет салу) мәзірі арқылы шақыруға болады. Circle – де (Шеңбер) алты пункт бар: (Сenter, Radius; Center, Diameter; 2 Point; 3 Point; Tangent, Tangent, Radius; Tangent, Tangent, Tangent).

CIRCLE (ШЕҢБЕР) командасын шақырғанда AutoCAD мынадай сұрақ шығады:

Specify center point for circle or [3P/2P/Ttr (tan tan radius)]:

(Шеңбер ортасы немесе [3T/2T/KKP (кас кас радиус)]:)

Specify radius of circle or [Diameter]: (Шеңбер радиусы немесе [Диаметр]:)

Доға – бұл шеңбер бөлігі. Оны құру үшін ARC (ДОҒА) командасы қолданылады.

Команданың жалпы нұсқасын қарастырайық. ARC (ДОҒА) командасының бірінші сұрағы:

Specify start point of arc or [CEnter]: (Доғаның бастапқы нүктесі немесе [Ортасы]:)

Бұған жауап ретінде доғаның бастапқы нүктесін беруге болады. AutoCAD жүйесі:

Specify second point of arc or [Center/End]: (Доғаның екінші нүктесі немесе [Ортасы/Соңы]:)

Егер екінші нүктені сілтесек, онда жүйе ары қарай сұрақ қояды:

Specify end point of arc: (Доғаның соңғы нүктесі ). Қорытындысында үш нүктеден құралған доға шығады.

ARC (ШЕҢБЕР) командасының 10 қасиеті бар:

3-point (3 нүкте) – доғаны үш нүкте арқылы құру: доғаның басы, нүкте, доғаға тиесілі, доғаның соңы;

SCE (НЦК) – берілген доғаның басы, оның шеңберінің ортасы және доғаның соңы нүктелері бойынша доға құру;

SCA (НЦУ) – берілген нүктелердің басы, шеңбердің ортасы мен орталық бұрыштың өлшемі бойынша доға құру. Бұрыш оң не теріс болуы мүмкін. Бірінші жағдайда доға сағат тіліне қарама – қайшы бағытта жүреді, ал екіншісінде – керісінше;

SCL (НЦХ) – берілген нүктелердің басы, шеңбердің ортасы мен хорданың ұзындығы бойынша доға құруға мүмкіндік береді. Хорданың ұзындығы оң не теріс мән бола алады. Бірінші жағдайда доға сағат тіліне қарсы сызылады, ал екіншісінде – керісінше;

SEA (НКУ) – берілген нүктелердің басы мен соңы, сонымен қатар орта бұрыш өлшемі бойынша доға құру; Бұрыш оң не теріс болуы мүмкін. Бұрыш оң болу үшін доға сағат тіліне қарсы құрылады, ал теріс болуы үшін – керісінше;

SER (НКР) – доға берілген бастапқы және соңғы нүктелер бойынша, сонымен қатар радиус өлшемі бойынша құрылады. Радиус оң немесе теріс болуы мүмкін.

SED (НКНа) – доғаны берілген бастапқы және соңғы нүктелер бойынша, сонымен қатар берілген жанама бағыты бойынша құру;

CSE (ЦНК) – доғаны берілген шеңбер ортасы, басы бойынша, сонымен қатар доғаның ортасы бойынша құру;

CSA (ЦНУ) – доғаны берілген шеңбер нүктесі, доғаның басы және орталық бұрыштың өлшемі бойынша құру; Бұрыш, жоғарыда айтылғандай оң немесе теріс болуы мүмкін;

CSL (НКД) – доғаны берліген шеңбер нүктесі, доғаның басы мен хорданың өлшемі бойынша құру. Хорданың ұзындығы оң немесе теріс болуы мүмкін; Contin (Жалғастыр) – бұл опция бірінші нүкте ретінде алдыңғы доғаның немесе кесіндінің соңғы нүктесін ала алады.

Көпсызық – бұл бір немесе бірнеше өзара байланысқан түзусызықты және доғалық сегменттерден тұратын примитв. Көпсызық біртұтас сияқты өңделеді (мысалы, өзгерту немесе жою кезінде). Көпсызықтарды салу үшін PLINE (КӨПСЫЗЫҚ) командасы қолданылады. Команда пішімі:

Specify start point: (Бастапқы нүкте:)

Current line-width is 0.0000 Specify next point or [Arc/Halfividth/Length/Undo/Width]: (Көпсызықтың ағымдағы жалпақтығы 0.0000 тең. Келесі нүкте немесе [Доға/Жартылай жалпақ/Ұзындық/Өзгерту/'Жалпақтық]) [5, 178-191 бет]



8 Тақырып. Түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы

Түзудің дербес жағдайдағы жазықтықпен қиылысуы. Жазықтықтың дербес жағдайдағы жазықтықпен қиылысуы. Түзудің жалпы жағдайдағы жазықтықпен қиылысуы. Түзу мен жалпы жағдайдағы жазықтықтың қиылысу нүктесін проекция жазықтықтарын ауыстыру тәсілімен салу. Жалпы жағдайдағы жазықтықтардың қиылысуы.

Түзудің кеңістікте орналастыруын анықтау үшін келесідей әдістер бар:


  1. Екі нүктемен (А и В).

  2. Екі жазықтықпен (a; b).

  3. Екі кескінмен.

  4. Кескін жазықтығына көлбеу нүкте мен бұрыштармен.

Кескіннің жазықтығына қарағанда, түзу жалпы және жеке орын ала алады.

1) Кескіннің бірде – бір жазықтығына паралельды емес түзу жалпы орынның түзуі деп аталады.

2) Түзулер кескіннің жазықтығына паралельды, олар жеке орын алады және деңгей түзулері деп аталады. Берілген түзу кесіндінің қандай жазықтығына параллельды болуына байланысты, олар былай ерекшеленеді:

- Кесіндінің көлденең жазықтығына параллельды түзулер көлденең деп аталады.

- Кесіндінің жалпы жазықтығына параллельды түзулер жалпы немесе фронталь деп аталады.

- Кесіндінің қыр жазықтығына паралельды түзулер қырлы деп аталады. Қыр түзулері өрлеме және азаймалы болады. Біріншісі жойылу шегіне байланысты көтеріледі, ал екіншісі – түсіріледі.

3) Кесіндінің жазықтығына перпендикулярлы кеңістікте жеке орын алатын түзулер проециалық деп аталады. Зерттеліп жатқан түзу кесіндінің қандай жазықтығына перпендикуляр болуына байланысты мынадай болады:

- Жалпы проециялық түзу;

- Қырлы проециялық түзу;

- Көлденең проециялық түзу. [5, 192-201 бет]



9 Тақырып. Көпжақтар

Көпжақтарды салу. Көпжақтың бетіндегі нүктелер. Көпжақтың дербес және жалпы жағдайлардағы жазықтықтармен қимасы. Түзудің көпжақпен қиылысу нүктесі. Көпжақтардың қиылысу сызығы. Пирамида бетінің жазбасы.

Көпжақтар – нөлдік жалпақтығы жоқ объекттердің бірі. PLINE командасының опциялары:

Arc (Доға) — көпсызықтардың доғалық сегменттерін сурет салу режиміне көшіру;

Close (Жабу) — көпсызықты жабатын тағы бір түзусызықты үлескінің қосылуы (PLINE (КӨПСЫЗЫҚ) командасы аяқталады);

Halfwidth (Жартылай жалпақтық) — жалпақтықты, терминдерде жартылай жалпақтықты беру (яғни, егер қажетті толық жалпақтық 10 тең болса, онда 5-ке тең жартылай жалпақтық беруге болады);

Length (Ұзындық) — белгілі ұзындығы бар алдыңғы үлескінің жалғасы болып табылатын сегмент құру. Ұзындықты санмен немесе нүктемен беруге болады;

Undo (Өзгерту) — PLINE (КӨПСЫЗЫҚ) командасындағы соңғы операцияларды өзгерту;

Width (ЖАЛПАҚТЫҚ) — көпсызықтың жалпақтығын беру (әрбір копсызықтың сегментінде өзінің жалпақтығы болуы мүмкін, үлескінің басындағы жалпақтық соңғысымен сәйкес болмауы мүмкін); жалпақтық көпсызық осінің екі жағына бірдей орналасады. [5, 201-214 бет]
Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет

1 Блинова, Т. А. Компьютерная графика/Т. А. Блинова, В. Н.


Порев; под ред. В. Н. Порева.-Киев: Юниор; Век+; СПб.:КОРОНА принт
2006.-520 с.-(Учебное пособие)

2 Джанабаев Ж. Ж. Компьютерная графика:Учебно-метод. пособие/Под ред. К. А. Дуйсенбаева.-Алматы:Ғылым,2001

3 Ермеков, Н. Т. Компьютерлiк графика:оқулық кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм беру ұйымдарына ұсынылған/ Н. Т. Ермеков.-Астана:Фолиант,2007.-169 б.-(Кәсiптiк бiлiм)

4 Пакулин, А. П. Компьютерная графика: (выполнение чертежей в


среде AutoCad):учеб. пособие для студ. вузов/А. П. Пакулин, В. Н.
Тимофеев, А. Д. Шашин.-М.:МГИУ,2006.-63 с.

5 Чуприн, А. И. AutoCAD 2005. Platinum Edition/А. И. Чуприн, В


А. Чуприн.- М. ; СПб. ; Киев:DiaSoft,2005.-1198 с.
Қосымша әдебиет

6 Смалюк А.Ф., Макарчук Д.В., Каль ник И.В. AutoCAD 2000. — Минск: «Кузьма», 2000.



7 Федоренко А., Басов К. AutoCAD: практический курс, 2000.



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет