Әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы



жүктеу 0.73 Mb.
бет4/6
Дата02.05.2016
өлшемі0.73 Mb.
1   2   3   4   5   6
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы

2.8 Бақылау сұрақтары

1. Қандай көрсеткіштермен білік дәлдігі сипатталады?

2 Біліктің жеке цилиндрлік беттерінің жалпы оське (орталықтар остері) қатысты осьтестіктен ауытқу қалай өлшенеді?

3 Қалыптың қандай ауытқулары біліктің цилиндрлік беттерінің дәлдігін бойлай және қиылысу қималардағы дәлдігін сипаттайды?

4 Біліктің цилиндрлік бетінің бойлай және қиылысу қималардағы қалпының ауытқуларының шын мәндері қалай анқталады?

5 ИЗВ-2 ұзындық өлшегіш қалай құрылған?

6 Ұзындық өлшегіштің есептеу микроскопы бойынша көрсеткіштердің оқылуы қалай өткізіледі?
№ 3 Зертханалық жұмыс. Тұрқылық тетіктің дәлдігін бағалау
3.1 Зертханалық жұмыстың мақсаты

Зертханалық жұмыстың мақсаты: тұрқылық тетіктердің дәлдік көрсеткіштерін өлшеу әдістемесімен танысу, әмбебап өлшеу құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын алу.


3.2 Жалпы бөлім

Кез келген тетіктің дәлдігі оның дайындалу сатысында қамтамасыз етіледі. Дайындаудың дәлдігі деп тетік пен бұйымның шын мәндерінің, геометриялық және басқа параметрлердің олардың сызбалар немесе техникалық талаптарда берілген мәндеріне жақындау дәредесі. Тетіктердің мөлшерленген дәлдігін, яғни геометриялық немесе басқа параметрлердің есептеу мәндерінен жіберілетін ауытқулардың жиынтығын, және шын дәлдікті, яғни өлшеу нәтижесінде анықталған (жіберілетін қателікпен) шын ауытқулардың жиынтығын айра білу қажет. Тұрқылық тетіктің дәлдігі көрсеткіштер қатарымен сипатталады.

Олардың ішіндегі біріншісі болып оның жеке беттерінің арасындағы қашықтықтың ауытқуы (СТ СЭВ 145-75) келеді. Тұрқылық тетіктерде әдеттегідей тесіктердің диаметрлік өлшемдердің ауытқуларын, тесіктер осьтерінің арасындағы немесе тесіктер мен жазықтықтар арасындағы қашықтықтардың ауытқуларын, параллель жазықтықтар арасындағы қашықтықтардың ауытқуларын бағалайды.

Тұрқылық тетіктердің дәлдігін сипаттайтын екінші көрсеткіш болып беттердің немесе пішіннің орналасу ауытқуы табылады. Оларға тұрқылық тетіктің жазықтықтардың, тесіктер осьтерінің және жазықтықтарының параллельдіктен ауытқу, перпендикулярлықтан ауытқуы жатады. Сонымен бірге тұрқылық тетіктің екі немесе одан да көп тесіктердің жалпы осіне қатысты осьтестіктен ауытқу, тетіктің жеке беттерінің базалық жазықтыққа қатысты симметриялылықтан ауытқы және т.б.

Жазықтықтардың параллельдіктен ауытқуы – мөлшерленетін бөлім шектерінде жанасатын жазықтықтар арасында ең үлкен және ең кіші қашықтықтардың айырмашылығы. Осьтердің параллельдіктен ауытқуы – осьтер проекцияларының екі өзара пенпендикуляр жазықтықтарда параллельдіктен ауытқулардың геометриялық қосындысы. Базалық жазықтыққа қатысты симметриялылықтан ауытқу – мөлшерленетін бөлім шектерінде қарастырылатын беттің симметрия жазықтығы мен симметрияның базалық жазықтығы арасында ең үлкен қашықтық.

Беттердің орналасу ауытқуын мөлшерлеу мен сандық бағалау негізіне жанасатын түзулер, беттер мен пішіндер принципі салынды. Соңғылар ретінде тексеру тақталарының жазықтықтарын пайдаланады, оларға тетіктерді, тексеру сызғыштарының, бұрыштықтар мен тетіктерде орнатылатын арнайы ұстауыш жазықтықтарын орнатады.

Параллельдіктен ауытқу шамасы ретінде зерттелетін беттің жойылған екі нүктесінде орнатылатын өлшеу құралының көрсетулерінің аырмашылығын қабылдайды (3.1 сурет).



  1. өлшеу сызығы;

  2. өлшеу бастиегі.

3.1 сурет – Параллеьдіктен ауытқуды өлшеу сызба-нұсқасы





  1. ұстауыш;

  2. өлшеу бастиегі.

3.2 сурет – Параллельдіктен ауытқуды өлшеу сызба-нұсқасы


Тұрқылық тетіктердің тесіктер осьтерінің параллельдіктен ауытқу немесе осьтердің қисаюы кезінде осьтің өзі материалды болып келетінін естеу сақтау керек. Сондықтан өлшеулерді жасайтын шын бетке қатысты өткізеді, мұндай ретінде бақыланатын беттерге келтірілген ұстауыштар қолданады (3.2 сурет).

Бұйым бетінің перпендикулярлықтан ауытқуы тік бұрыштан жанасатын беттер орналасуында ауытқу ретінде қарастырылады. Бірақ беттердің, сонымен қатар тесіктер осьтерінің ең кіші бұрыштық орналасуы тексеру тақтасы мен бұрыштықтардың жазықтықтарымен (3.3 сурет) немесе оның элементтері арасында дәл тік бұрыш болатын құрылғылармен (3.4 сурет) беріледі.





  1. - бұрыштық;

  2. өлшеу бастиегі.

3.3 сурет – Перпендикулярлықтан ауытқуды өлшеу сызба-нұсқасы



3.4 сурет – Перпендикулярлықтан ауытқуды өлшеу сызба-нұсқасы
Екі тесіктердің осьтестіктен ауытқуын өлшеу өлшеу бастиегі көмегімен іске асырыла алады (3.5 сурет), ол 2 ұстауышта бекітілген және тесіктердің біреуіне қойылған. Өлшеу ұштығы басқа тесікте орналасқан 3 ұстауыш бетімен байланысады. Бұл жағдайда осьтестіктен ауытқудың шамасы көрсеткіштің ось айналасында толық айналым жасаған кезде межелік бойынша есептеу айырмашылығының жартысына тең.

3.5 сурет – Осьтестіктен ауытқуды өлшеудің сызба-нұсқасы

Жеке беттер, беттер мен тесіктер осьтері, екі немесе одан да көп тесіктердің осьтері арасында қашықтықтардың ауытқуларын өлшеу 3.1 және 3.2 суреттерде көрсетілген сызба-нұсқаларға сәйкес өткізіледі. Бірақ бұл жағдайда беттің тек бір нүктесінде ғана өткізіледі.

Тұрқылық тетіктердің дәлдігін бағалауға пайдаланылатын дәлдік көрсеткіші бұл қалыптан ауытқу. Тұрқылық тетіктерде өте жиі жазық беттердің түзу сызықтықтан және жазықтықтан ауытқуды және тесіктердің қалыптарын олардың бойлай және қиылысатын қималарды ауытқуларын бағалау болады. Бұл көрсеткіштерді бағалау негізінде жанасатын беттер мен пішіндер принципі салынған, олар ретінде бақылау тақталарының, мөлшерлегіштердің, ұстауыштардың жұмыс беттері және т.б. пайдаланылады. Тетіктің жазық бетінің түзу сызықтылығын тексеру тәсілдерінің бірі 3.6 суретте көрсетілген.

Зерттелетін 1 бетке бірдей номиналды өлшемі болатын екі 2 шеткі мөлшерлерге тірелетін тексеру 3 сызығына орнатады. Кіші өлшемдегі шеткі 4 өлшемнің орнын ауыстыра отырып, қармауыш көмегімен саңылаудың шамасын өлшейді, ол бойынша түзу сызықтықтан ауытқудың шамасы туралы айтады.



3.6 сурет – Түзу сызықтықтан ауытқуды өлшеудің сызба-нұсқасы
Тұрқылық тетіктің тесіктер қалыптарының қиылысу қимада ауытқуларын бағалау үшін шеңберліктен ауытқу көрсеткіші мен оның жеке түрлері – сопақтық пен қырлылық пайдаланады.

Тұрқылық тетіктің тесіктер қалыптарының бойлай қимадағы ауытқулары келесідей көрсеткіштер көмегімен бағаланады – цилиндрліктен ауытқу мен оның жеке түрлері – конустәрізділік, бөшкетәрізділік, ершіктәрізділік пен қисаю. Жақтарының тақ санымен болатын қырлылық немесе тесік осінің қисаюы кезінде цилиндрліктен ауытқу тесіктің ең кіші және ең үлкен диамтетрлерінің айырымы ретінде анықталады, бұлар екі түйіспелі аспаптық көмегімен оның бақыланатын тесік бойымен жылжу арқылы өлшенеді (өлшеулер үштен кем емес қимада өткізіледі). Шеңберліктен ауытқуды бақыланатын тесіктің қиылысу қимада өлшенген диаметрлердің ең үлкен жартылай айырмашылығы ретінде анықтайды (өлшеулер екіден кем емес бір-біріне перпендикуляр қиылысқан қималарда өткізіледі).Бұл көрсеткіштерді өлшеудің сызба-нұсқасы 3.7 суретте көрсетілген.

Өлшеулердің нәтижелері бойынша тесік қалпы ауытқуларының жеке түрлерін анықтайды, бірақ та бұл кезде қиылысқан қимадағы өлшеулер саны көбейеді.

Жеке топқа келесідей дәлдік көрсеткіштерін бөлу керек: бүйірлік (I), радиаль (II) ауытқу мен тапсырылған бағыттағы ауытқу (III), олардың өлшеу сызба-нұсқасы 3.8 суретте көрсетілген.



3.7 сурет – Тесік қалпының қателігін бойлай және қиылысқан қималарда өлшеудің сызба-нұсқасы



  1. тетік;

  2. өлшеу бастиегі;

  3. тығындар;

  4. орталықтар.

3.8 сурет – Радиаль және бүйірлік ауытқу, тапсырылған бағыттағы ауытқуды өлшеудің сызба-нұсқасы


Бұл ауытқулар өлшенетін беттердің қалпы мен орналасудың ауытқуларының қосындылық әрекетінің нәтижесі болып келеді. Бұл көрсеткіштерді өлшеу кезінде ұстауыш, призманың қысқысы мен орталықтарды пайдалана отырып тетікті орнатады. Ауытқу шамасы тетіктің бір айналымға бұрылу кезінде өлшеу аспабының ең үлкен және ең кіші көрсеткіштерінің айырмашылығы ретінде анықталады.

Тұрқылық тетіктердің дәлдігін бағалауы үшін пайдаланатын төртінші көрсеткіш болып беттердің кедір-бұдырлығы табылады. Бұл көрсеткішке жеке зертханалық жұмыс бөлінгенін ескере отырып, ол туралы мәліметтер көрсетілмейді.

Тұрқылық тетіктің жоғарыда көрсетілген дәлдік көрсеткіштерінің әрқайсысы бойынша қарастырылатын көрсеткіштің сызба бойынша бұл көрсеткішке тапсырылған сәйкес техникалық талаптармен өлшеугеннен кейін алынған нәтижелерді салыстыру жолымен алынады. Тетік жарамды болып саналады, егер өлшенген дәлдік көрсеткіштері сызба бойынша көрсеткіштерге берілген шақтама өрістердің шектерінен шықпайтын болса,
3.3 Жұмысты орындау реті

3.3.1 Тұрқылық тетіктің сызбасын оқу (3.9 және 3.10 суреттер), сызбада келтірілген техникалық талаптарды талдау.

3.3.2 Өлшеулерде қолданылатын әмбебап өлшеу құралдарының жұмыс принципі мен құрылғысымен танысу, олардың негізгі сипаттмаларын 3.1 кестеге енгізу.

3.1 кесте



Өлшеу құралының аты мен түрі

Межеліктің бөлу құны

Көрсеткіштер ауқымы

Өлшеулер ауқымы












3.9 сурет – Тұрқылық тетік

3.10 сурет – Тұрқылық тетік
1. Дайындама қаттылығы НВ 156…241

2. В жазықтығының диаметрі 45 тесік осіне қатысты перпендикулярлықтан ауытқуы 0,2мм артық емес.

3. Диаметрі 45мм болатын тесіктің жалпы оське қатысты осьтестіктен ауытқу 0,003мм артық емес.

4. Диаметрі 45 беттің жалпы осіне қатысты радиаль ауытқу:

а) диамері 60 беттің – 0,6мм артық емес;

б) диаметрі 80,5 – 0,4мм артық емес.

5. Өлшемдердің көрсетілмеген шекті ауытқулар: тесіктердің Н14 бойынша, біліктердің h14 бойынша, қалғандардың ±IT14/2.

3.3.3 ШЦ-П штангенциркуль көмегімен диаметрі 74мм болатын бетті және диаметрі 22мм №1 тесікті өлшеу (3.9 сурет), тегіс микрометрмен диаметрі 60мм бетті және көрсеткішті нутромермен – диаметрі 45мм болатын тесікті өлшеу.

3.3.4 Тетікті бақылау тақтасына орнату және ШР штангенрейсмуспен жазықтықтар арасындағы 136,5мм және 52,5мм қашықтықтарды өлшеу, ШЦ-П штангенциркульмен ені 12мм болатын ойық пен диаметррі 22мм болатын №1 және №2 тесіктер арасындағы 64мм ось аралық қашықтықты өлшеу.

3.3.5 ПБ-500 құралында В жазықтығының перпендикулярлықтан ауытқуды өлшеу және диаметрі 60мм беттің диаметрі 45мм тесік рсіне қатысты радиаль ауытқуды өлшеу.

3.3.6 Көрсеткішті нутромер көмегімен қиылысқан қимадағы диаметрі 45мм болатын тесік қалпының ауытқуын өлшеу.

3.3.7 Кедір-бұдырлық үлгілерін пайдалана отырып В жазықтығының, диаметрлері 60мм және 45мм болатын беттердің кедір-бұдырлығын анықтау.

3.3.8 Табылған кедір-бұдырлық классын (ГОСТ 2789-74) оған сәйкес немесе мағыналарға аударады (1.4 кесте).

3.3.9 3.3.3-3.3.7 бөлімдері бойынша орындалған өлшеу нәтижелерін 3.2 кестеге толтыру.

3.3.10 Өлшеулерді аяқтағаннан соң өлшеу құралдарын футлярларға салу және лаборантқа беру.

3.3.11 3.9 суретте көрсетілген тетікке техникалық талаптарды пайдалана отырып әрбір өлшенген дәлдік көрсеткішіне шекті өлшемдерді (ауытқуларды) есептеу және мәліметтерді 3.2 кестеге толтыру.

3.3.12 Тетіктің дәлдік параметрлерінің әрбіреуі бойынша өлшеулер нәтижелерін сәйкесті шекті өлшемдермен (ауытқулармен) салыстыра отырып, дәлдік көрсеткіштерінің әрбіреуі бойынша жарамдылық туралы қорытынды жасау және тұрқылық тетіктің жарамдылығы туралы жалпы қорытынды беру.

3.3.13 Өлшеулер мен есептеу нәтижелерін оқытушыға көрсету.


3.2 кесте

Дәлдік көрсеткіші,

мм


Шекті өлшем

(ауытқу)


Шын өлшеу (ауытқу)

Жарамдылық қорытындысы

түзелетін ақау

түзелмейтін ақау

1 Диаметр 74мм













2 Диаметр













3 Диаметр













4 Диаметр













5













6













7













8













9 В жазықтығының диаметрі 45мм тесікке қатысты перпендикулярлықтан ауытқу













10 диаметрі 45мм тесік қалпының ауытқуы (қиылысқан қимада)













11 Диаметрі 60мм беттің диаметрі 45мм тесік осіне қатысты радиаль ауытқуы













12. жазықтығының кедір-бұдырлығы













13. Диаметрі 60мм беттің кедір-бұдырлығы













14. Диаметрі 45мм тесіктің кедір-бұдырлығы














3.4 Жұмыстың жеке кезеңдерін орындау бойынша нұсқаулар
3.4.1 В жазықтығының диаметрі 45мм тесіктің осіне қатысты перпендикулярлықтан ауытқуды өлшеу үшін жұмыста ПБ-500 аспабы қолданылады, оның ИЧ түрлі бөлу құны 0,01мм болатын көрсеткіші бар. Өлшеудің алдында тетіктің диаметрі 45мм тесікке екі жағынан орталықты тесіктермен тығындар қойылады, бұл тесіктер бойынша тетік ПБ-500 аспабының орталықтарына орнатылады (3.8 сурет). Аспаптың реттеуіш бұрамаларын пайдалана отырып, көрсеткіштің ұштығы тетіктің үстіңгі В бетіне жақындатылады, «нольге» реттеледі және көрсеткіш бұл қалыпта бекітіледі (өлшенетін жазықтық ұштығының жұлынуын жоққа шығару үшін), өлшеу үрдісінде оны көрсеткіш межелігінің жартысына тең тартуымен реттейді және тек осыдан соң меңзерді бұдырланған жиекті бұрумен «нольге» шығарады. Тетікті бұрып көрсеткіштің В жазықтығының қарама-қарсы нүктесінде көрсеткіштерді анықтайды және алынған мән бойынша пернпендикулярлықтан ауытқу шамасының шын мәнісі туралы бағалайды (бұл ауытқу қарастырылатын ұзындық ретінде өлшеулер нүктелері арасындағы қашықтықты алады). Перпендикулярлықтан ауытқы шамасының жіберілетін мәні тетікке техникалық талаптарда беріледі (3.9 сурет).

3.4.2 Диаметрі 45мм тесік қалпының ауытқуын өлшеу үшін қиылысқан қимада НИ нутромер пайдаланылады, оның өлшеу шектері 18-50мм және өлшеу құрылғысының бөлу құны 0,01мм (бұл жұмыс үшін нутромер 45,00мм реттелген). Тесік қалпының ауытқуын анықтау үшін нутромердің өлшеу өзегін өлшенетін тесікке енгізеді де нутромерді тетікке қатысты шайқау жолымен көрсеткіштің ең төмен көрсетуін табады. Осыдан кейін өлшеу ұштығын бұру жолымен жаңа күйге орнатады (3.7 сурет), және барлық әрекеттер қайталанады. Өлшеулер төрт қимада өткізіледі. Әрбір қимада шын өлшемді анықтау қосу жолымен (егер көрсеткіш көрсетулері плюс белгісімен болса) немесе реттеу өлшемі 45,00мм өлшеу нәтижелерін алу жолымен (егер көрсеткіш көрсетулері минус белгісімен болса) жүргізіледі. Қалып ауытқуының шамасы анықталады: тесіктің ең кіші және ең үлкен өлшенген диаметрінің арасындағы жартылай айырмашылық ретінде. Диаметрі 45мм тесік қалпының ауытқуының жіберілетін шамасы 0,06мм аспау керек.

3.4.4 Диаметрі 60мм болатын беттің диаметрі 45мм тесіктің осіне қатысты радиаль ауытқуын анықтау үшін 3.4.1 бөлімімен ұқсас тетік ПБ-500 аспабының орталықтарына орнатылады, ал көрсеткіштің өлшеу ұштығы диаметрі 60мм бетіне жақындатылады, тартумен бірге «0»-ге реттеледі және бұл күйде бекітіледі. Орталықтағы тетікті бұрып, радиаль ауытқудың шамасын көрсеткіштің ең үлкен және ең кіші көрсетулердің айырмашылығы (бұл көрсетулердің таңбасын ескере отырып) ретінде анықтайды. Диаметрі 60мм беттің радиаль ауытқуының жіберілетін шамасы 3.9 суретте келтірілген техникалық талаптардан алынады.

3.4.5 В жазықтығының және диаметрі 60мм беттің кедір-бұдырлығын анықтау кезінде кедір-бұдырлық үлгілерінің жиыны пайдаланылады (ГОСТ 9378-93). Тетік беттерінің кедір-бұдырлығы көзге анықталады, үлгілермен тікелей салыстыру әдісімен анықталады. Кедір-бұдырлықтың үлгісін таңдау кезінде бақыланатын беттің өңдеу түріне (мысалы, жонғылаумен өңделген бетке «жонығлау» жазуы бар үлгісін алады) және оның қалпына (мысалы, сыртқы цилиндрлік беттерге дөңес беті бар үлгі таңдалады) қарайды. Қолданылатын үлгілерде кедәр-бұдырлық ГОСТ 2789-74 бойынша белгіленгенін ескерсек, алынған көрсеткішті оған сәйкес немесе мәніне 1.4 кестені қолдана отырып аударады. Бақыланатын беттердің кедір-бұдырлығының жіберілетін шамасын 3.9 суретте келтірілген мәліметтер бойынша алынады.

3.4.6 Әрюір өлшеу құралын пайланғанның алдында оның «0»-ге реттелуінің дұрыстығын тексеру қажет.
3.5 Есептің құрамы

Жұмыс бойынша есепте болу керек:

1) қысқа түйінделген жұмысмақсаты

2) пайдаланылған өлшеу құралдарының негізгі метрологиялық сипаттамаларымен 3.1 кестеге толтыру

3) өлшелер нәтижелері мен есептеулермен 3.2 кестені толтыру

4) тексерілген тұрқылық тетіктің жарамдылығы туралы жалпы қорытынды


3.6 Бақылау сұрақтары

1. Қандай көрсеткіштер тұрқылық тетіктің дәлдігін сипаттайды?

2. Тегіс және цилиндрлік беттер қалыптрының қандай ауытқулары ГОСТ 24642-81 орнатылған?

3. Қандай орналасу ауытқулары тұрылық тетіктің дәлдігін бағалау үшін қолданылады?

4. Тетіктің екі жазықтығының перпендикулярлықтан және параллельдіктен ауытқу қалай өлшенеді?

5. Тетік тесігі қалыптың бойлай және қиылысқан қималарда қалай өлшенеді?

6. Әрбір өлшенген тетік дәлдігінің көрсеткіші бойынша жарамдылық қалай беріледі?
№ 4 зертханалық жұмыс. Мөлшерлегіш-тығынның өлшемдері мен қалыптар ауытқуларын өлшеу мен оның жарамдылығын анықтау
4.1 Зертханалық жұмыс мақсаты

Зертханалық жұмыстың мақсаты: мөлшерлегіш-тығынның орындау өлшемдерін есептеу әдіснамасы, бұл мөлшерлегіштің өлшемдері мен қалыптың ауытқуларын өлшеу мен мөлшерлегіш-тығынның есептеулер мен өлшеулердің нәтижелері бойынша жарамдылығын бағалаумен танысу.


4.2 Жалпы бөлім

4.2.1 Өлшемдері 500мм дейін тегіс мөлшерлегіш-тығындар. Шақтамалары IТ6-ТТ 17 тетіктердің жарамдылығы, массалық және ірі сериялық өндірісте ерекше, шекті мөлшерлегіштермен жиі тексереді. Шекті мөлшерлегіш деп қандай да бір параметрдің мәні шақтама өрісінің төменгі немесе жоғарғы шегінен шықпайтынын немесе екі шектер арасында орналасқанын анықтау үшін арналған аспап.

Шекті мөлшерлегіштер (осы жұмыстар қарастырылатын мөлшерлегіш-тығын осындай болып келеді) өлшемнің екі шекті мәнін бақылайды. Тесіктер мен біліктер үшін шекті мөлшерлегіштер жиынтығында шекті өлшемді бақылайтын, тексерілетін объект материалының максимумына сәйкес келетін өтетін мөлшерлегіш пен шекті өлшемді бақылайтын, тексерілетін объект материалының минимумына сәйкес келетін өтпейтін мөлшерлегішті жіктейді (4.1 сурет).

4.1 сурет – Шекті тегіс мөлшерлегіштердің номиналды өлшемдерін таңдау сызба-нсұқасы
Тағайындалуы бойынша мөлшерлегіштер келесідей бөлінеді:

1) жұмыс мөлшерлегіштері, бұйымдарды дайындау үрдісінде бақылауда қолданылады

2) бақылаушының мөлшерлегіштері, бұйымдарды ТББ қызметкерлерімен бақылау үшін қолданылады.

3) қабылдау мөлшерлегіштері, бұйымдарды тапсырыс берушімен қолданылады.

4) бақылау мөлшерлегіштері (контрмөлшерлегіштер), мөлшерлегіштері бақылау үшін.

Өлшеу беттердің түрлері бойынша мөлшерлегіш-тығындар, мөлшерлегіш-қапсырмалар, мөлшерлегіш-балдақтарға жіктеледі.

Құрылымдау белгілері бойынша мөлшерлегіштер біршектілер (тек өтетін немесе өтпейтін беті бар), екішекті, олар өтетін және өтпейтін жақтарды біріктіретін, біржақтылар (өтетін және өтпейтін қабырғалары мөлшерлегіштің бір шетінде орналасқан), екіжақтылар (өтетін және өтпейтін қабырғалары мөлшерлегіштің қарама-қарсы шектерінде орналасқан) болып бөлінеді.

Тесіктерді бақылау үшін мөлшерлегіш-тығындардың негізгі түрлері 4.2 суретте көрсетілген.




4.2 сурет – Мөлшерлегіш-тығындардың негізгі түрлері
4.2.2 Мөлшерлегіш-тығындардың шақтамалары. Өлшемдері 500мм дейін мөлшерлегіш-тығындардың шақтамалары СТ СЭВ 157-75 орнатылған. Мөлшерлегіш-тығындардың шақтамалар өрістері мен ауытқуларының бұйымдардың шақтамалар өрістерінің шекараларына қатысты орналасу сызба-нұсқалары 4.3 және 4.4 суреттерде көрсетілген. Көрсетілген сызба-нұсқаларда келесі белгіленулер қабылданды:

- бұйымның сәйкесінше ең үлкен және ең кіші шекті өлшемі;

IT - бұйымның шақтамасы;



- тесіктер үшін жұмыс мөлшерлегіштерді жасауға шақтама;

- тесіктің өтетін шегінен тесік үшін өтетін мөлшерлегішті жасауға шақтама өрісі ортасының ауытқуы;

- тесіктің өтетін шегіне тесік үшін тозған өтетін мөлшерлегіштің жіберілетін шығуы.

4.3 сурет – 6-8 квалитеттегі тесіктер (180мм дейін)

4.4 сурет – 9-17 квалитеттегі тесіктер (180мм дейін)
4.1 кестеде өлшемдері 500мм дейін тегіс мөлшерлегіштердің шақтамалары мен ауытқулары келтірілген.

4.2.3 Мөлшерлегіштердің орындау өлшемдерін есептеу. Жаңа мөлшерлегіштер шығарылатын шекті өлшемдер, сонымен бірге мөлшерлегіштердің тозуын бақылау іске асырылады, бұл өлшемдер орындау өлшемдері болып аталады.



Мөлшерлегіш-тығынның орындау өлшемдері өлшенетін беттің теріс ауытқуы бар ең үлкен шекті өлшем. Осылайша, сызбада ауытқу мөлшерлегіштің «денесіне» қойылады. Мөлшерлегіш-тығынның өлшемдері СТ СЭВ 157-75 келтірілген формулалар бойынша анықталады (4.2 кесте).
4.1 кесте – Тегіс мөлшерлегіштердің шақтамалары мен ауытқулары

Бұйымдар шақтама-ларының квалите-ттері

Белгі-ленуі

Шақтамалар мен ауытқулар, мкм

Мөлшерлегіш қалпына шақтамалар, IT, мкм

Өлшемдер аралықтары, мм

6-10

10-18

18-30

30-50

50-80

80-120

6



1.5

2

2

2.5

2.5

3

-



1

1.5

1.5

2

2

3

-



0

0

0

0

0

0

-



2

2.5

3

3.5

4

5

-



1.5

2

3

3

3

4

-

,

1.5

2

2.5

2.5

3

4

1



2.5

3

4

4

5

6

2



1

1.2

1.5

1.5

2

2.5

1

7

,

2

2.5

3

3.5

4

5

-

,

1.5

0

3

3

3

4

-



0

0

0

0

0

0

-

,

2.5

3

4

4

5

6

2



1.5

2

2.5

2.5

3

4

1



1

1.2

1.5

1.5

2

2.5

1

8

,

3

4

5

6

7

8

-

,

3

4

4

5

5

6

-



0

0

0

0

0

0

-



2.5

3

4

4

5

6

2



4

5

6

7

8

10

3

,

1.5

2

2.5

2.5

3

4

1

9

,

7

8

9

11

13

15

-



0

0

0

0

0

0

-



2.5

3

4

4

5

6

2



4

5

6

7

8

10

3

,

1.5

2

2.5

2.5

3

4

1

4.2 кесте



Мөлшерлегіш

Бұйымның ең кіші өлшемі, мм

180 дейін

Жұмыс мөлшерлегіші

Өлшем

Ауытқу

Тесіктер үшін

Өтетін жаңа жақ





Тозған



-

Өтпейтін жақ




Астында мөлшерлегіш-тығынның диаметрі 60мм шақтама өрісі Н7 болатын тесікті бақылау үшін есептеуінің үлгісі берілген.

СТ СЭВ 144-75 бойынша бұйымның шекті ауытқулары орналасады:

+30 мкм, 0. Тесіктің ең үлкен және ең кіші шекті өлшемдері: ; .

4.1 кесте бойынша IT7 мен 50-80мм аралық үшін мөлшерлегіш өлшемдерін есептеу үшін мәліметтер орналасқан: , , . Есептелетін мөлшерлегіш-тығынның шақтамалар өрістері мен ауытқулардың орналасу сызба-нұсқасы 4.5 суретте көрсетілген.

4.5 сурет – Диаметрі 60Н7 тесікті бақылау үшін мөлшерлегіштің шақтамалар өрістерінің орналасу сызба-нұсқасы
Жаңа өтетін мөлшерлігш-тығынның ең үлкен өлшемі келесідей анықталады

Сызбада қойылатын ПР мөлшерлегіштің өлшемі 60,0065-0,005 мм (4.6 сурет).

Орындау өлшемдері: ең үлкен 60,0065мм; ең кіші 60,0015мм.

Тозған мөлшерлегіш-тығынның ең кіші өлшемі келесідей анықталады

Мөлшерлегіш ПР аталған өлшемге ие болғанда, оны пайдаланудан шығару керек болады.

4.6 сурет – Екі жақты екі шекті мөлшерлегіш-тығын
Өтпейтін жаңа мөлшерлегіш-тығынның ең үлкен өлшемі келесідей анықталады


Сызбада қойылатын мөлшерлегіштің НЕ өлшемі 60,0325-0,005мм. Орындау өлшемдері: ең үлкен 60,0325мм; ең кіші 60,0275мм.

Өтетін және өтпейтін мөлшерлегіш-тығынның қалпына шақтама 4.1 кестеге сәйкес IT2 сәйкес келу керек. ГОСТ 25346-89 бойынша номиналды өлшем 60мм кезінде қалыпқа шақтама 3мкм құрайтыны анықталады.



1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет