Әдістемелік нұСҚаулық



жүктеу 147.16 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі147.16 Kb.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы

Әдістемелік нұсқаулық

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/05







Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Экономика және менеджмент кафедрасы





ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

курсты оқуға арналған


«Маркетингтік коммуникация» пәні бойынша
050511 «Маркетинг» мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар




Әдістемелік нұсқаулықты бекіту парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.1/05







БЕКІТЕМІН

Қаржы – экономика факультетінің деканы

__________Т.Я. Эрназаров

200__ж «____»_________

Құрастурышы: аға оқытушы ________________ Д. Т. Абенова


Экономика және менеджмент кафедрасы
Әдістемелік нұсқаулық
курсты оқуға арналған
«Маркетингтік коммуникация» пәні бойынша
050511 «Маркетинг» мамандығының студенттеріне арналған

Кафедра отырысында ұсынылған

200__ж. «_____»______________, №__хаттама
Кафедра меңгерушісі ________________ С.К. Кунязова
Қаржы-экономика ӘК құпталған

200__ж. «____»______________, №____хаттама

ӘК төрайымы ____________ А.Б.Темиргалиева
Курс туралы жалпы мәлімет

Коммуникация нысандарының даму теориясының эволюциялық негізі бар. Оның пайда болуы және дамуын шартты түрде бірнеше кезеңге бөлеміз. XX ғасырдың 10-20-шы жылдарында жалпы маркетингтік коммуникацияны, жеке нысандарға бөліп қарастырмай «жарнама» термині арқылы біртүтас кешен ретінде сипаттаған. Маркетингтің дамуының келесі кезеңінде коммуникацияның қазіргі кездегі нысандарынан тұратын коммуникациялық саясат теориясы қалыптасу кезеңінде болды. Дамуының қарқындылығына орай, коммуникациялардың прогрессивті нысандары пайда болуда. Сондықтан қазіргі таңда коммуникаңиялық саясаттың әрбір нысаны маркетингтің жеке саласы ретінде ғана емес, жеке пән ретінде қарастырылуда.

Маркетинг жүйесіндегі уәж кәсіпкерліктің барлық жақтарын біріктіретін кешемді үрдіс болып табылады. Ол коммуникацияларды түрақтандыруға және ретке келтіруге бағытталып, сұранысты басқарудағы анықсыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Маркетингтік коммуникациялардың интеграциялануы фирманың маркетинг бөлімі құрылымының шегінде коммуникация мен уәжді үйымдастыру, оларды жоспарлау және бақылау жүмыстарын үйлестірумен айналысатын бөлімнің құрылуын талап етеді. Коммуникация мен уәж үрдісін ұйымдастыру фирманың рыноктік құрылымдардағы орнына байланысты.

Қазіргі кездегі маркетинг тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыратын тауарды әзірлеп және оған керекті бағаны белгілеу, ол тауарды сатып алуға мақсатты сегменттердің мүмкіндігі болуынан басқа анағүрлым көп жағдайларды талап етеді. Фирмалар өз клиенттерімен коммуникацияны жұзеге асыруы керек. Сонымен қатар коммуникация мазмүнында ешбір кездейсоқтық болмауы қажет, өйткені фирманың коммуникацияны жүзеге асыру шығындарының көптігі және оның имиджіне келтірілген нүқсаны үшіп пайда молшері азаяды.

Коммуникация объектілері ретінде өнімдер, қызметтер, орындар, адамдар, аймақтар және т.б. сияқты дәстүрлі және достүрлі емес тауарлар болады.

Маректингтің қазіргі түжырымдамасы коммуникативтіліктің қағидаларын белсенді пайдалануды талап етеді. Коммуникация маркетингтің барлық субъектілері мен үйым ішіндегі қажетті байланыстар мен қатынастарды орнату мен қолдау үшін жүзеге асырылады. Оның тиімділігі коммуникация үрдісі барысында туындайтын кедергілерді томендетумен түсіндіріледі.

Фирманың маркетингтік коммуникациясы - екі жақты үрдіс, бір жағынан, мақсатты және басқа аудиторияларға ықпал ету, екінші жағынан фирманың осы аудиторияларға жасаған ықпалы жонінде керекті ақпарат алу.

Бұл екі құрамдас бөліктің маңызы бірдей, олардың бірлігі маркетингтік коммуникацияны біртұтас жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Тауар өндіруші фирманың (немесе нарықтың басқа да субъектілерінің) дұрыс үйлестірілген коммуникациялық байланысы (тікелей және кері) кәсіпорынның шаруашылық бірлік ретіндегі қалыпты жүмысын және тиімді нарықтық қызметінің маңызды алғышарттарын қалыптастырады. Коммуникацияның бүгінгі күндегі маңыздылығы нарықтың тауарларға қаныққанына, тұтынушылар қажеттіліктерінің әртүрлілігіне, бәсеке нысандары мен әдістеріне, ақпараттарды жинау, сақтау, ондеу және таратудың жетілген құралдарының дамуына орай күшейе түсуде. "Маркетингтік коммуникация" курсын оқытудың мақсаты коммуникацияның ғылыми-тәжірибелік негіздерін оқу және тауар мен қызмет жылжытудың тәжірибиелік дағдыларын қалыптастыру.

Курсты оқытудың міндетгері:


  • теориялық және практикалық материалдар негізінде маркетингтік коммуникацияның негізгі түсініктерін зерттеу;

- маркетингтік коммуникацияның тиімділігін анықтайтын факторлар мен жылжыту кешенін жүйелі зерттеу;

- нарық жағдайында маркетингтік коммуникация жүйесін қалыптастырудағы тәжірибелік дағдыларды әзірлеу және нығайту.

Пәнді оқу барысында студенттер маркетинггік коммуникация аясында тәжірибелік дағдыларды иеленуі қажет, олар:

- нақты экономикалық жағдайларды талдау және шешудегі маркетингтік коммуникацияның негізгі түсініктерін, қагидаларын қолдану;

- тауарлар мен қызметтерді жылжьпуда маркетингтік зерттеулер әдістерін меңгеру;

- фирманың коммуникациялық саясатының тиімді нысандарын өзірлеу;

- қазіргі заманга сай коммуникаңиялық технологияларды қолдану.

Курстың мазмұны
Тақырып 1 Маркетингтік коммуникацияның теориялық негіздері және қазіргі кездегі түжырымдамалары

Коммуникациялар рыноктік қатынастарының құралдары ретінде. Қазақстан Республикасындағы маркетингтік коммуникациялардың қазіргі жағдайы. Маркетингтік коммуникация саясатын әзірлеу қажеттілігі, Коммуникация мәнін анықтаудағы әр түрлі баптар. Философия, социологш, экономика жоне маркетинг көзқарасы бойынша коммуникация түсінігі. Коммуникация түрлері: қоғамдық, саяси, корпоративтік, жаппай, әлеуметтік және басқалары.

Коммуникациялық модельдер эволюциясы. Әр түрлі мектептердін теориялық жетістіктері. Коммуникация жүйесінің даму сатылары. Стратегиялық қүрал ретіндегі коммуникациялар.

Маркетингтік коммуникациялардың табиғаты. Маркетингтік коммуникациядағы қатынастар және уәж. Жеке және жеке емес коммуникациялар. Тікелей директ- маркетинг. Жеке және жеке емес коммуникацияларды қолданудағы ерекшеліктер.

Коммуникация тауарларды жылжытудың барлық кезеңдеріндегі басқару жүйесі ретінде. Маркетингтік коммуникациялардың негізгі элементтері. Жіберуші. Қабылдаушы. Кодтау. Хабар (сообщение). Делдал. Декодтау. Жауапты реакция. Түтынушы мен кері байланыс. Коммуникацияның вербалды және вербалды емес құралдары. Хабарды әзірлеу. Рационалды шақыру (хабар). Эмоционалды шақыру (хабар). Моральды шақыру (хабар). Хабардың құрылымы. Хабарды рәсімдеу. Хабар көздері.

Ұсынылатын әдебиет: [1,5,9,14-15]


Тақырып 2 Маркетингтік коммуникациялардың мақсатты аудиториясы

Мақсатты аудитория және хабар нысандарының көптүрлілігі. Мақсатты байланыс аудиториясын анықтау. Компания, оның өнімі және бәсекелестері туралы аудиториялардың стереотиптік көзқарастарын талдау. Байланыс аудиториясының пән туралы білімнің бағалау кезеңдері. Байланыс аудиторияларының қатынас шкаласы.

Өнімді рынокта жылжыту бағдарламасын әзірлеу үшін мақсатты аудиторияны таңдау. Коммуникациялық мақсаттарды анықтау. Жылжыту шараларына тұтынушылардың жауапты әсерінің моделі. Жауапты әсердің танымдык, мінез-қүлықтык және эмоциялык сияқты биерархиялық үлгілері.

Ұсынылатын әдебиет:[1 -4, 7.]


Тақырып 3 Маркетингтік коммуникация арналары

Өнімді рынокта жылжыту бағдарламасын жасауда бәсекелестік жағдайдың әсер етуі. Коммуникация (байланыс) арналарының типі. Коммуникацияның жеке арналарының тиімділік факторы. Әңгімелесу факторлары. Қауесет энергиясы.

Коммуникацияның жеке емес арналары. БАҚ. Интернет. Шаралар.

Жылжыту шараларын өткізудегі жалпы бюджетті әзірлеу және онын құрамдас бөліктері. Мүмкіндіктер әдісі. Өткізуден пайыз әдісі.

Бәсекелестермен сәйкес болу әдісі. Мақсаттар мен міндеттер әдісі.

Ұсынылатын әдебиет:[1 -4, 8-10.]



Тақырып 4 Жылжыту-микс жүйесі бойынша шешімдер

Жылжыту-микс түсінігі. Жылжыту құралдары. Жарнама. Өткізуді ынталандыру. Дербес сауда. Қоғаммен байланыс. Өткізу құралдарының артықшылықтары мен кемшіліктері өзіндік ерекшеліктері.

Жылжыту-микс бағдарламасының қалыптасуына әсер ететін факторлар. Рынок типтері. Стратегиялық міндеттер. Түтынушының сатып алуға дайындығы. Өнімнің өмірлік циклдегі орны. Тұтынушылар және өндірушілер рыногындағы факторлар.

Жылжыту тиімділігін бағалау. Қосарланған маркетингтік коммуникация (ҚМК).

ҚМК пайдалануды қолдаушы және кедергі факторлар. Маркетингтік коммуникацияны жоспарлау түжырымдамалары.

Сатылым орындарындағы қосарланған маркетингтік коммуникация.

Сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру (СҚЖӨЫ) мәні және маңызы. СҚЖӨЫ -дың қызметтері және міндеттері. СҚЖӨЫ-дың негізгі элементтері. СҚЖӨЫ қызметі. Сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру шаралары. СҚЖӨЬІ жүйесіндегі фирмалық стильдің маңыздылығы мен мәні.

Ұсынылатын әдебиет:[1 -4, 11.]



Тақырып 5 Жарнама мәні жене түрлері

Жарнама түсінігі. Жарнаманың маркетингтік коммуникацияның басқа нысандарымен байланысы. Жарнамалық науқанының міндеттері мен мақсаттары: хабар, еске түсіру, сендіру. Жарнаманың түрлері: еске түсіруші имидж, қорғаныс, өнім жарнамасы.

Жарнама тарату құралдары. Аудиторияның қамту ауқымының дәрежесі туралы қайта көрсетудің жиілігі және жарнаманың әсер ету деңгейі туралы шешім қабылдау. Ақпарат құралдарының түрлері. Ақпараттың айнымалы кұралдары: мақсатты аудиторияның талғамы, бұйым, хабар, құн. Жарнама құралдарының ерекшеліктері: көлем, құн, ерекшелік, кемшілік.

Ұсынылатын әдебиет:[1 -4, 12]


Тақырып 6 Жарнамалық қызметті ұйымдастыру.

Жарнама хабарын әзірлеу. Жарнама ойын таңдау. Ойдың пайда болуы. Жарнама хабарларының түрлері. Бұйымға әлеуетті қанағаттанудың түрлері: сана, сезім, әлеуметтік, өзіне-өзі қанағаттану. Жарнама хабарын бағалау мен тандау. Жарнама хабарын жасау. Жарнама хабарының форматы, стилі, сөзі, үндеуі. Жарнаманың әлеуметтік жауапкершілігі.

Сату көлемін жоғарылатуды қамтитын копирайтингтік технологиялар. Сату көлемін жоғарылатуға мүмкіндік беретін тақырыптарды әзірлеу. Тікелей пошталық жарнаманың тиімді әдістерін құру. Буклеттер мен брошюрлардың тиімділігін жоғарылату. Тиімді пресс-релиздердің әдістерін әзірлеу. Фотографиялардың және иллюстрациялық материалдың сапасын жоғарылату. Баспа және баспасөз. Жарнама науқаны көрсетілімдері мен анимацияцияның кұралдары.

Жарнама агенттіктері және олардың түрлері. Кәсіпорындардағы жарнама бөлімшелері. Олардың ұйымдастырылу әдістері. Жарнама бөлімінің басқа маркетинг бөлімдермен және фирманың бөлімдермен байланысы. Жарнама бөлімін ұймдастырудағы стратегиялық ыңғай.

Ұсынылатын әдебиет:[1 -4, 13,14.]

Тақырып 7 Жарнаманы жоспарлау және бақылау

Жарнамалық науқанға кететін шығындар. Шығындарды қалыптастурыдың факторлары. Тауардың өмірлік циклының кезеңі. Тұтынушылық база және нарықтық айналыстағы тауардың үлес салмағы. Жарнама күштерін үйлестеру.

Жарнаманың тиімділігін бағалау. Жарнаманың коммуникативті және экономикалық тиімділігі. Өзара түсінусу әсері. Өзара түсінусу әсерін зерттеудің мақсаты. Тікелей бағалаудың әдісі. "Пакеттік" әдіс. Жарнаманы бағалаудың эксперименталды әдістері.

Жарнаманы маркетингтік зерттеу. Жарнаманың тестілеу маңыздылығы және қажеттілігі. Тестілеу түрлері. Лабораториялық тесттер. Баспалық хабарландыру. Үй жағдайындағы тесттер. Дүкендердегі тесттер. Кинозалдардағы тесттер. Телевизиондық тесттер.Тауарды нарыққа шығару алдындағы жарнаманы тестілеу тәсілдері. Тауарды нарыққа шығарғаннан кейінгі жарнаманы тестілеу.

Ұсынылатын әдебиет:[1 -4,15]

Тақырып 8 Өткізуді ынталандыру

Өткізуді ынталандырудың құралдары: тұтынушыларды марапаттау, саудагерлерді марапаттау. Іскерлік серіктестерді және сауда агенттерін марапаттау. Өткізуді бағалық және бағалық емес ынталандыру.

Өткізуді ынталандырудың мақсаттары. Өткізуді ынталандыру сферасындағы негізгі шешімдер. Өткізуді ынталандырудың міндеттерін белгілеу. Өткізуді ынталандыру құралдарын таңдау: сынақ үлгілері, купондар, жеңілдіктер, сыйлықтар, кепілдік, бірлесіп ынталандыру, қиылысқан ынталандыру, сату орындарында көрсетілімдер.

Сауданы ынталандыру құралдары: бағадан жеңілдік беру, компенсациялар, фирмадан сыйлық беру. Іскерлік әріптестер мен сауда персоналын марапаттау құралдары: коммерциялық көрмелер және съездер, коммерциялық сайыстар, арнайы жарнама. Корсетілімдер мен промакциялар. BTL және АТL - акциялар.

Өткізуді ынталандыру бағдарламасын жасау. Өткізуді ынталандыру факторлары: ынталандыру қарқынының деңгейі, бағдарламаға қатысу шарттары, ынталандырудың үзақтығы, тарату әдістері, өткізу мерзімі, ынталандырудың жалпы бюджеті. Өткізуді ынталандыруды жүзеге асыру үшін персоналды дайындау.

Өткізуді ынталандыру багдарламасын алдын-ала тексеру. Өткізуді ынталандыру бағдарламасын жүзеге асыру. Өткізуді ынталандыру бағдарламасының нәтижесін бағалау: сұрау әдісі, көрсеткіштерді салыстыру әдісі, тәжирибе әдісі.

Ұсынылатын әдебиет:[1 -4, 16 - 18.]

Тақырып 9 Қоғаммен байланыс

Қоғаммен байланыстың (PR) міндеттері жөне мақсаттары. PR бөлімінін функциялары: баспасөзбен байланыс, тауар жарнамасы, корпоративтік байланыстар, мүддесін қорғау, ұсыныстар. Бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) карым-қатынасты үйымдастыру. Қақтығыстарды басқару.

Қоғаммен байланыстың маркетингтік қызметі (ҚБМ). ҚБМ - ң функциялары: жаңа онім шығаруға, қатынастың өзгеруіне, белгілі категориялардағы өнімдерге қызығушылықтың дамуына, белгілі мақсатты топтарға ықпал етуге, қиыншылық жағдайларында өнімдерді қорғауға, тутынушылар алдында фирманың бейнесін қалыптастыруға әсер ету.

Қоғаммен байланыстың коммерциялық аясындағы негізгі шешімдері. ҚБМ-ның негізгі құралдары: мақалалар, шаралар, жаңалықтар кездесулер мен жиындардағы сөз сөйлеулер, PR қызметінің әрекеттері, сырт көріністер кұралдары. Қоғам және қоғамдық қарым- қатынастар. PR -ның әлеуметтік жауапкершілігі.

Коммерциялық мақсаттарды анықтау: тұтынушылардың тану деңгейін жоғарылату, сенімділікті нығайту, өткізуді ынталандыру, откізуді ынталандыру шығындарын төмендету.

PR -ң кұралдары және хабарларын таңдау. ҚБМ-ң жоспарын жүзеге асыру. ҚБМ-ң нәтижелерін бағалау: тұтынушылармен байланыс саны, танудың өзгеруі (түсіну, қарым-қатынас) сатылу көлеміндегі және пайдадагы үлесі. Электрондық маркетинг.

Ұсынылатын әдебиет:[1 -4, 19]
Тақырып 10 Жеке сатулар

Жеке сатудың үш аспектісі: сауда біліктілігі, келіссөздерді жүргізу, қарым-катынастар маркетингі.

Сауда біліктілігі. Сауда персоналын оқыту қадамдары: саудаға бейімделу, тұтынушыға бейімделу. Сату үрдісіндегі негізгі тиімді деңгейлер: болашақ клиенттерді бағалау және іздеу, қарым-қатынасқа дайындық, презентациялар мен демонстрациялар, қарсылықты жеңу, келісімді аяқтау, клиентпен жүргізілетін кезекті жұмыстар.

Келіссөздерді жүргізу. Келіссөздердің анықтамасы. Күнделікті айырбас. Келісімді айырбас. Сауда агентінің білімі мен мінезінің негізгі көрсеткіштері. Келісімдер аймағы. Резервті баға. Келіссөздерді жүргізу стратегияларын ұйымдастыру. Келіссөздерді жүргізу тактикасы.

Ұсынылатын әдебиет:[1 -4,20]
Тақырып 11 Қарым-қатынастар маркетингі

Қарым-қатынастар маркетингі. ЖМШН (жағдай, мәселе, шешім, нәтиже) сату әдістері. Компанияның қарым-қатынастар маркетингі бағдарламасын іске асырудың негізгі қадамдары: негізгі тұтынушыларды анықтау, әрбір түпкі тұтынушымен жұмысты белгілеу, қарым-қатынас менеджерлері үшін міндеттерді нақты сипаттау. Қарым-қатынас менеджерлерінің іс-әрекетін бақылаушы жетекшіні тағайындау, клиенттермен жұмыс жасаудың ұзақ мерзімді және жылдық жоспарды жасау.

Желілі маркетинг: үғымы, мәні, желіні құру қағидасы. Фирманың өнімді жылжыту кешеніндегі желілі маркетингінің орны мен рөлі.

Ұсынылатын әдебиет:[1 -4, 21]


Тақырып 12 Жаңа коммуникациялық технологиялар

Ақпараттық қызметтер. Кәсіпорынның коммуникациялық саясатындағы ақпараттық қызметтердің орны, ролі мен өзіндік ерекшеліктері. Бірінші қажеттіліктегі тауар ретіндегі ақпарат. Коммуникация маркетингі көзқарасы тұрғысынан ақпаратпен қамтамасыз етудің анықтамасы. Ақпаратпен камтамасыз етудің қызметтері. Маркетингтік ақпарат түрлері.

Коммуникациялық үрдістерді тәжірибелік жоспарлау технологиялары. Қреативті жоспарлау технологиялары. Креатив-бриф. Брендинг және тауарды орналастыру. Креативті бағыттарды жетілдіру. Креативті іс-әрекеттер нәтижесін бағалау. Интернеттегі креативті маркетинг. Қазақстан Республикасындағы жаңа коммуникациялык технологиялардың даму болашағы.

Ұсынылатын әдебиет:[1 -4, 22]



Тақырып 13 Брендинг

Тікелей маркетинг. Маркетингтік коммуникацияның ерекше нысаны ретінде брендингті құру. Брендтердің таралу дәрежесі және болашағы.

Тауар белгісі тұтынушылардың назарын аудару құралы ретінде. Маркалық белгілеудің үш әдісі: өндіруші маркасы, делдал маркасы, өндіруші мен делдалдың бірлескен маркасы. Сауда маркасын белгілеудің төрт типі: фирмалық атау, фирмалық белгі, сауда бейнесі, сауда белгісі.

Брендтерді әзірлеу қағидалары және оларды басқару. Маркалы тауарларды зерттеу мәсілелері.

Ұсынылатын әдебиет:[1 -4, 22,26]
Тақырып 14 Жылжыту бюджетін әзірлеу

Маркетингтік коммуникацияларды жоспарлаудың ролі және артықшылықтары. Коммуникация саясатын тиімді әзірлеу және жүзеге асыруға әсер ететін факторлар.

Маркетингтік коммуникациялар жоспарларының жіктелуі. Олардың жіктелу белгілері: қамту ауқымы, әсер ету мерзімі, әзірлеу мәні және әдістері. Маркетинггік коммуникациялардың жалпы, интегралданған және ерекше жоспарлары. Сгратегиялық және тактикалық жоспарлар. Маркетингтік коммуникацияларды жоспарлаудың әдістері және кезеңдері.

Маркетингтік коммуникациялардың бюджетін әзірлеу.

Коммуникациялық шараларды жүзеге асыру бюджетін анықтау.

Маркетингтік бақылау. Коммуникациялық қызметті бақылау типтері, ревизия және аудит.

Ұсынылатын әдебиет [1 -4, .]
Тақырып 15 Салалардағы маркетингтік коммуникация

Әр түрлі салалардығы кәсіпорындар мен фирмалардың (банктік сала, туризм, әлеуметтік-мәдени сала, консалтинг және т.б.) коммуникациялык саясатын әзірлеу ерекшеліктері. Әр түрлі салаларда қолданылатын коммуникациялық саясаттың негізгі нысандары.

Жарнама іскерлігінің дамуын бағалау. Қоғаммен байланысты жүзеге асыру ерекшеліктері. Жеке сатулардың даму жағдайы. Әр түрлі салалардағы кәсіпорындарда сатуды ынталандыруды жүзеге асыру ерекшеліктері және даму деңгейі.

Ұсынылатын әдебиет: [1-4,10]




Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1 Павлова Н. Н. Маркетинг в практике современной фирм М.: НОРМА, 2008

2 Годин А. М. Маркетинг: учебник для студ. вузов , обучающихся по экон. спец М.: Дашков и К, 2009

3 Багиев Г. Л. Маркетинг: учебник для студ. вузов, обучающихся по экон. спец. СПб.: Питер, 2008

4 Панкрухин А.П. Маркетинг: учебник Гильдия маркетологов, 2006
Қосымша

5 Есiмжанова, С.Р. Маркетинг:оқу құралы/С.Р.Есiмжанова.-АлматыЭкономика,2003. - 464 б.

6 Котлер Ф. Маркетинг негіздері.-Алматы, 2000.- 552 с

7 Сатыбалдыұлы С. Маркетинг - нарықтану: Жоғары оқу орындарыны студенттерiне арналған оқулы·.-Алматы: Бiлiм, 2002

8 Катернюк А. В. Основы современного маркетинга: учеб. пособие Ростов- н /Д: Феникс, 2008

9 Котлер Ф. Основы маркетинга: краткий курс Киев: Вильямс,2008

10 Нагапетьянц Н. А. Маркетинг в отраслях и сферах деятельности: учеб. пособие для студ. вузов М.:Вузовский учебник,2008

11 Михалева Е. П. Маркетинг: конспект лекций М.Высш. образование, 2008

12 Синяева И. М. Практикум по маркетингу М.: Дашков и К, 2008

13 Беляевский И. К. Маркетинговое исследование: информация, анализ, прогноз:учеб. пособие для студ. вузов М.Финансы и статистика, 2008

14 Кеворков В. В. Практикум по маркетингу: учеб. пособие для студ. вузов М.: Кнорус, 2008

15 Бронникова Т. С. Маркетинг: теория, методика, практика М. : Кнорус, 2008

16 Есимжанова С. Р. Маркетинг А: Аян Әдет, 2005

17 Фатхутдинов Р. А. Стратегический маркетинг: учебник для вузов СПб.: Питер, 2006

18 Замедлина Е. А. Краткий курс по маркетингу М.: Окей-книга, 2008

19Иванов Л. Книга директора по маркетингу: практ. рекомендации СПб.: Питер, 2008

20 Брассингтон Ф. Основы маркетинга Днепро- петровск: Баланс Бизнес- Букс, 2007

21 В. А. Михарева, И. В. Помаз, С. А. Шингирей и др. Прикладной маркетинг: учеб. пособие для студ. вузов Минск: Вышэйш. шк., 2007

22 Акулич И. Л. Международный маркетинг: учеб. пособие для студ. экон.спец. Минск: Вышейш. шк., 2006

23 Гавриленко Н. И. Основы маркетинга: учеб. пособие для студ.вузов М.: Академия, 2007

24 Бендер П. У. Секреты эффективного маркетинга Минск: Попурри, 2005

25 Дюсембекова Ж. М. Маркетинговые исследования: учебное пособие Алматы: Экономика, 2005



26 Прозоровский С.А. Международный маркетинг: учебное пособие М.: Благовест, 2005



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет