Әдістемелік нұсқаулық



жүктеу 140.01 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі140.01 Kb.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы

Әдістемелік нұсқаулық

Нысан


ПМУ ҰС Н 7.18.2/05

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
Экономикалық теория кафедрасы

«Аймақтық экономика және басқару» пәні бойынша

050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттеріне

пәнді зерделеуге арналған



әдістемелік нұсқаулық

Павлодар

Әдістемелік нұсқаулықты


бекіту парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.1/05




БЕКІТЕМІН

ҚЭФ деканы

___________Эрназаров Т.Я.

«___»___________200__ж.


Құрастырушы: аға оқытушы_________________ Еркебаева Г.А


Экономикалық теория кафедрасы
Әдістемелік нұсқаулық

пәнді зерделеуге арналған


«Аймақтық экономика және басқару» пәні бойынша
050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттеріне арналған
Кафедра отырысында ұсынылған

200__ж. «_____»______________, №__хаттама


Кафедра меңгерушісі____________________ Байтаева Г.Р.

(қолы)
Қаржы-экономикалық факультетінің ӘК құпталған

(факультет атауы)

200__ж. «____»______________, №____хаттама




ӘК төрағасы_________________ Сидорова Л.А.


(қолы)

1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Аймақтық экономика экономикалық ғылымның маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның танымының негізгі объектісі ұлттық экономика қатынастарының жалпы жуйесіндегі аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы болып табылады және кейінгі тұрақтандыру мен тұрақты даму сол немесе басқа аймақтық факторлармен, шарттармен тығыз байланысты. Ал Қазақстанның ерекше мемлекеттік құрылымы, аймақтардың табиғи-климаттық, географиялық, демографиялық жағдайларының әр алуандығы, олардың, әлеуметтік-экономикалық даму теңсіздігінің күшеюі ҚР әр аймағының ерекшелігін зерттеу, олардың дамуы мен қызмет етуінде рационалды тәсілді анықтау, мемлекет пен оның жеке территорияларының мүдделерін сәйкестендіру жолдарын іздеу қажеттілігін обективті шарттандырады.

Осы оқу пәнінің мақсаты аймақтық деңгейде елдің шаруашылық механизмінің қызмет етуінің экономикалық механизмін қалыптастырудың мүмкін жолдарын кешенді оқытудан тұрады. Бұл мақсат келесі міндеттерді шешуде жүзеге асады:

- мемлекеттік экономикалық саясатында аймақтар дамуының обьективті ерекше шарттарын ескеру маңыздылығын терең түсіндіруді қалыптастыру;

- ұлттық экономика дамуын мақсат ретінде және оның аймақтарға құрамдас бөліктері ретінде объективті өзара тәуелділік туралы көзқарас қалыптастыру;

- ұлттық экономика дамуын мақсат ретінде және оның аймақтарын кұрамдас бөліктері ретінде объективті өзара байланыс пен өзара тәуелділік туралы көзқарас қалыптастыру;

- әкімшілік-территориялық құрылымдардың әлеуметтік сферасын және экономикасын реттеу мен басқарудың жалпы жүйесін қалыптастырудың методикалық тәсілдері мен методологиялық негіздері туралы түсінік беру;

- аймақтық деңгейдегі экономика мен әлеуметтік сфераның даму
перспективалары, проблемалары және жағдайы туралы жалпы түсінік алу;

- мемлекеттің экономикалық саясатында нақты территориялардың аймақтық мүдделерін жүзеге асырудың рационалды жолдары мен механизмдерін іздеуге назарды бағыттау.

«Аймақтық экономика және басқару» курсын зерделеуге келесі әдебиеттер тізімі ұсынылады:

Негізгі:

1 Гранберг А.Т. Основы региональной экономики - М., 2001.

2 Региональная экономика. Под ред. Кузнецов Н.Г., Тяглов С.Г. - Ростов-на-Дону: Феникс, 2003.

3 Региональная политика Республики Казахстан: экономический механизм реализации. - Алматы: Ғылым, 1997.

4. Храпунов В.В. Региональные аспекты экономической реформы в
Казахстане. – Алматы:Білім, 1999.

5 Актуальные вопросы современного социально-экономического развития. Казахстан . - Алматы, 2004.

6 Региональная экономика и управление. Под ред. Е.Г. Коваленко. - М СПб., издательство "Питер", 2005.

Қосымша:

7 Кузнецова О. Теоритечические. основы государственного регулирования экономического развития регионов // Вопросы экономики, 2002, № 4, с. 46- 66.

8 Телеужанов Е. Ресурсный потенциал региона и приоритетные направления развития // Транзитная экономика - 2002, № 6.

9 Шокоманов Ю.К. Динамика экономического развития Казахстана и отдельных в региональном разряде за 10 лет независимости // Экономика и статистика - 2002. №2.

10 Нурланова Н.К. Региональная промышленная политика и индустриально-инновационное развитие/ материалы конференции «Теоретические и практические аспекты индустриально-инновационного развития РК». – Алматы, 2004, часть 1.

2 КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫН ЗЕРДЕЛЕУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
ЭКОНОМИКАЛЫК ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
2.1- Тақырып. Аймақтык экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы

Аймақтық экономика және басқару пәні, негізгі міндеттері және әдістері. Салыстырмалы — географиялық әдіс. Статистикалық әдіс. Циклдық әдіс. Шығындар әдісі. Бағдарламалық - мақсаттық әдіс.

Аймақтық экономика және басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны.

Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары. «Аймақ» ұғымының теориялық және практикалық түсіндірмелері. «Аймақ» ұғымы мен «Экономикалық кеңістік» үғымының ара қатынасы. Ұлттық экономика өзара байланысты аймақтар жүйесі ретінде.

Аймақтарды типтерге бөлу қажеттігі. Типтерге бөлудің негізгі критерилері. Экономикалық аудандастыру.

Тақырыпты зерделеу нәтижесінде студенттер:



білуге тиісті

  • аймақтық экономика және басқару пәнін, негізгі міндеттерін;

  • аймақтық экономиканың негізгі ұғымдарын

істей білуге тиісті

- аймақтарды типтерге бөле алу;

- аймақтық экономика және басқару әдістерін қолдана алу

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мына әдебиеттерде ұсынылған: 1,2, 3,4,5,6,7,8


2.2- Тақырып. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері

И. Тюненнің ауыл шаруашылық штандарт теориясы. А. Вебердің өнеркәсіптік штандарт теориясы. А. Лештің шаруашылық кеңістік ұйымдастыру туралы ілімі. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды стандарты. А. Смит пен Д. Рикардоның абсалютті және салыстырмалы артықшылықтар туралы теориясы.

Аймақтық экономика теорияларының дамуының заманауи бағыттары: балансталмаған өсу теориясы, «өсу плюсі» теориясы, аймақтық теңдестіру теориясы және т.б.

Тақырыпты зерделеу нәтижесінде студенттер:



білуге тиісті

- аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздерін

- аймақтық экономика теорияларының дамуының заманауи бағыттарын

істей білуге тиісті


  • .аймақтық экономика және басқарудың теорияларын ажырата білу

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мына әдебиеттерде ұсынылған: 1,2, 5,6,7,8,9,10
2.3- Тақырып. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде

Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде. Аймактық әлеуметтік-экономикалық кешенін қалыптастыру және оның қызмет етуі. Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы.

Аймақтық еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері. Аумақтық еңбек бөлінісін ұйымдастыру нысандары. Аймақтың салалық және аумақтық құрылымы. Аймақтардың салааралық байланыстары.

Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы және мәні. Ұдайы өндірістің аймақтық айырмашылықтары. Аймақтық ұдайы өндіріс процесінің пропорциялары. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі әлеуметтік -экономикалық дамуындағы аймақтық деспропорцияларының сипаты.

Тақырыпты зерделеу нәтижесінде студенттер:

білуге тиісті


  • аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасын

  • аймақтық еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлерін

істей білуге тиісті

- Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі әлеуметтік -экономикалық дамуына талдау жасай алу

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мына әдебиеттерде ұсынылған: 1,2, 3,4,5,6,7
2.4- Тақырып. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау

Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымды, даму көрсеткіштері. Табиғи-экологиялық потенциал. Еңбек потенциалы.

Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары. Салааралық өзара әрекеттесулері.

Аймақтық орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары. Экономикалық қатынастардың негізгі нысандары: сауда, қаржылық.

Аймақтық меншіктің қызмет ету проблемалары.

Тақырыпты зерделеу нәтижесінде студенттер:



білуге тиісті

  • аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктерін;

  • экономикалық қатынастардың негізгі нысандары;

- аймақтық меншіктің қызмет ету проблемаларын;

істей білуге тиісті

- аймақтық орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстарын

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мына әдебиеттерде ұсынылған: 1,2, 3,4,5,6,7,8,9,10,11
2.5- Тақырып. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде

Аймақтық талдау әдістері. Аймақтық макроэономикалық көрсеткіштер жүйесі. Аймақ экономикасы ашықтығының көрсеткіштері - әкелу, шығару, тауар алмасу коэффициенттері. Аймақ экономикасының салалық құрылымын мамандану, жергіліктену керсеткіштері бойынша талдау. Аймақтық әлеуметтік - экономикалық дамуының индикаторлары.

Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру. Аймақтың салааралық байланысы.

Тақырыпты зерделеу нәтижесінде студенттер:



білуге тиісті

  • аймақтық талдау әдістерін

- аймақтық әлеуметтік - экономикалық дамуының индикаторлары

істей білуге тиісті

- аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштерді қолдана отырып талдау жасай алу

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мына әдебиеттерде ұсынылған: 1,2, 3,4, 7,8,9
2.6- Тақырып. ҚР аймақтары экономикасының тарихи - географиялық сипаттамасы

Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика - географиялық факторларға тәуелділігі. Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік - әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың тұрақты негізі ретінде. Белгілі бір аумақтарының шикізат бағыттылығының кушеюі және моносалалық аймақтардың пайда болу. Шикізаттық аймақтардың ашықтығының және аймақтардың салалық құрылымындағы диспропорциялардың күшеюі. Ұлттық экономика жүйесіндегі республикалық нақты аймақтарының орны мен рөлінің өзгеру динамикасы. ҚР аймақтарының әлеуметтік - экономикалық дамуы бойынша дифференциациясының күшеюі және аймақтық экономикалық саясат механизмдерін жетілдіру проблемалары.

Тақырыпты зерделеу нәтижесінде студенттер:

білуге тиісті


  • ұлттық экономика жүйесіндегі республикалық нақты аймақтарының орны мен рөлінің өзгеру динамикасын

- қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика - географиялық факторларға тәуелділігін

істей білуге тиісті

- Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік - әміршіл экономикадағы рөлі және орнын

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мына әдебиеттерде ұсынылған: 1,2, 3,4,5,6,7,8,9
2.7- Тақырып. Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі және мәні

Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтардың, дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі. Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономикалық орны. Аймақтық дамуды реттеудің институционалдық және қүқықтық негіздері. Аймақтық дамуды реттеудің негізгі әдістері мен құралдары. Аймақтық саясаттың макро және микро құралдары. Проблемалы аймақтар және аймақтық даму бағдарламалары.

Тақырыпты зерделеу нәтижесінде студенттер:

білуге тиісті


  • аймақтық дамуды реттеудің институционалдық және қүқықтық негіздерін;

  • аймақтық дамуды реттеудің негізгі әдістері мен құралдарын;

  • аймақтық саясаттың макро және микро құралдары;

істей білуге тиісті

- проблемалы аймақтарды ажырата білу

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мына әдебиеттерде ұсынылған: 2, 3,4,5, 8,9
2.8- Тақырып. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент

Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері. Басқарудың еуропалық жэне азиялық модельдері. Аймақтық дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері. Аймақтық басқару жүйесінің мунципалдық және мемлекеттік жүйелерден айырмашылығы. Мемлекеттің аймақтық экономикаға әсер ету әдістері. Аймақ экономикасын басқарудың ұдайы өндірістік әдісі.

Аймақтық менеджмент және оның формалары. Аймақтық менеджментке әсер ететін ішкі және сыртқы орта факторлары. Аймақтық менеджменттегі жаңа теңденциялар.

Тақырыпты зерделеу нәтижесінде студенттер:



білуге тиісті

  • аймақтық басқару жүйесінің мунципалдық және мемлекеттік жүйелерден айырмашылығын;

  • аймақтық менеджмент және оның формаларын

- аймақтық менеджменттегі жаңа теңденцияларды

істей білуге тиісті

- басқарудың еуропалық жэне азиялық модельдерін қолдана отырып, аймақтық даму жүйесін қалыптастыра алу

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мына әдебиеттерде ұсынылған: 1,2,3,4,5
2.9- Тақырып. Аймақтық экономика дамуының жоспарлануы мен болжануы

Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-қүқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышартары. Аймақтық әлеуметтік - экономикалық дамуын жоспарлау -болжаудың жетілдіруіне бағытталған негізгі әдістемілік бағыттар: маркетингтік зерттеулер, логикалық үлгілер (модельдеудің) әдістері, эксперттік бағалар, икемділік коэффициенттері. Аймақтық дамудың жоспарлары мен болжамдардың басты мазмұны ол - олардың бөлімдері және көрсеткіштері.

Тақырыпты зерделеу нәтижесінде студенттер:

білуге тиісті

- аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-қүқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышартарын

- аймақтық әлеуметтік - экономикалық дамуын жоспарлау -болжаудың жетілдіруіне бағытталған негізгі әдістемілік бағыттарды



істей білуге тиісті

- аймақтық экономика дамуының жоспарлары мен болжауларына талдау жасай алу

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мына әдебиеттерде ұсынылған: 1,2, 3,4,5,6,7,8
2.10- Тақырып. Аймақтық бағдарламалар

Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі. Бағдарламалық-бүтіндік әдістің негізгі белгілері. Бағдарламаның қалыпты құрылымы. Аймақтық бағдарламалардың классификациясы. Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі. Бағдарламаны бағалау өлшемдері. Бағдарламаның мақсаттары мен ресурстары. Бағдарламалардың нұсқаларын бағалау.

Тақырыпты зерделеу нәтижесінде студенттер:

білуге тиісті

- аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесін

- бағдарламаның қалыпты құрылымын



- бағдарламаны бағалау өлшемдерін

істей білуге тиісті

- нақты аймақтың бағдарламасын құрастырып,талдау жасай білу

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мына әдебиеттерде ұсынылған: 1,2, 3,4,5,6,7
2.11- Тақырып. Аймақтық саясаттың құралы ретінде арнайы экономикалық аймақтар

Нақты жерлердегі экономикалық өмірді ұйымдастырудың түрі ретінде арнайы экономикалық аймақ (АЭА). АЭА құру қажеттілігі мен мақсаттары.

АЭА деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары. АЭА түрлері: еркін сауда аймақтары, кәсіпкерлік аймақтары, техника-өндіргіштік аймақтар. Сыртқы саудалық, фискалдық, қаржылық және әкімшілік жеңілдіктер. АЭА қызмет етуінің әлемдік тәжірибесі.

Тақырыпты зерделеу нәтижесінде студенттер:



білуге тиісті

- АЭА құру қажеттілігі мен мақсаттарын

- АЭА деңгейі берілетін территорияларды таңдау критерияларын

істей білуге тиісті

- АЭА түрлерін ажырата білу

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мына әдебиеттерде ұсынылған: 1,2, 3,4,5,6,7
2.12- Тақырып. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалык механизмдер

Бюджеттік жүйе және бюджет аралық қатынастар аймактық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды мәселелері ретінде. Бюджет аралык трансферттер және олардың аймақтық дамуындагы рөлі.

Аймақтық деңгейдегі салықтық, несиелік, инвестициялық және бағалық саясат. Жеңілдіктер, стимулдар және преференциялар аймақтық дамудың реттеуші құралы ретінде.

Тақырыпты зерделеу нәтижесінде студенттер:



білуге тиісті

  • бюджеттік жүйе және бюджет аралық қатынастарды

- бюджет аралык трансферттерді

істей білуге тиісті

- аймақтық деңгейдегі салықтық, несиелік, инвестициялық және бағалық саясаттарды ажырата білу

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мына әдебиеттерде ұсынылған: 3,4,5,6,7,8,10
2.13- Тақырып. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі

Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше. Әлемнің әртүрлі елдері бойынша аймақтық экономикалық саясаттың салыстырмалы анализі. Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеуші институттар. Аймақтық саясаттың қүқықтық негіздері және макро мен микроқұралдары. Әлемдік экономикадағы проблемалық аймақтар мен аймақтық даму бағдарламалары. АҚШ және Европа елдерінің тәжірибесі. Қытайдағы АЭА. ҚР-ң шаруашылық практикасында шетелдік тәжірибені қолдану мүмкіндігі.

Тақырыпты зерделеу нәтижесінде студенттер:

білуге тиісті


  • әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелерін

- әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеуші институттар

істей білуге тиісті

- ҚР-ң шаруашылық практикасында шетелдік тәжірибені қолдану мүмкіндігі



Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, мына әдебиеттерде ұсынылған: 1,2, 3,4,5,6,7



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет