Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бектіту парағы



жүктеу 227.4 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі227.4 Kb.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бектіту парағы




Нысан

ПМУ ҰСН 7.18.3/41




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Зоотехнология, генетика және селекция кафедрасы

Жануарлар биотехнологиясы пәні бойынша


5В070100 Биотехнология мамандығы студенттерінің зертханалық жұмыстарына арналған
әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар

Павлодар


Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бектіту парағы




Нысан

ПМУ ҰСН 7.18.3/41




БЕКІТЕМІН

ОІ проректоры

_____________ Пфейфер Н.Э

(қолы)


20__ ж. ____________










Құрастырған: б.ғ.д., профессор М. А. Аятхан
Зоотехнология, генетика және селекция кафедрасы

Жануарлар биотехнологиясы пәні бойынша


5В070100 Биотехнология мамандығы студенттерінің зертханалық жұмыстарына арналған

әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар

Биотехнология кафедрасының отырысында ұсынылды

20___ ж. _______________________ № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі __________ Бурамбаева Н.Б. 20__ ж. ____________
Агротехнология факультеті ОӘК мақұлданды 20__ж. _______ № _ хаттама
ОӘК төрағасы _________ Жагипарова М. Е. 20__ ж. _________________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ Варакута А.А. 20__ ж. ______________


Университет оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды

20__ж. _____________________ № __ хаттама


1 Зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Жануар жасушасының құрылымы.

Мақсаты:

  1. Жасуша және оның органелдерінің құрылымын үйрену;

  2. Жасушадағы нуклеин қышқылдарының орналасуын білу.


Материалдар мен құрал жабдықтар: микроскоп, жасушаның гистологиялық препаратры, жасуша құрылымы мен ядросының құрылымын көрсеткен сызбалар және кестелер.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіріп айтады;

  2. Студенттер оқытушымен бірге жасушаның гистологиялық құрылымын қарайды.

  3. Студенттер жасушаның құрылымы мен органелдер құрылымын дәптерге сызады.


Мазмұны. Жаушаның негізгі компоненті: ядро, цитоплазма и қабық. Ядрода ерекше түзілім – хромосома болады және ол ядрошық пен нуклеоплазмадан тұрады. Жасуша органеллалары.
Тапсырма:

  1. Жасушаның гистопрепаратын микроскоппен қарау;

  2. Жасушаның ядро, ядрошықтарын сызып, нуклеин қышқылдарының орынын білу.


Байқау сұрақтары:

  1. Ядроның құрылымы қандай және оның атқаратын қызметі не?

  2. Кариолемма мен ядрошықтың құрылымдық ерекшеліктерін айтыңыз?

2 Зертханалық жұмыс.



Тақырыбы: Хромосома мен ДНҚ – нің құрылымы.
Мақсаты:

  1. Хромосоманың құрылымын үйрену;

  2. ДНҚ құрылымымен танысу.


Материалдар және құрал жабдықтар: микроскоп, хромосома және ДНК құрылымы көрсетілген сызбалар мен суреттер.
Сабақ өткіздің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты айтып түсіндіреді;

  2. Студенттер қарап үйренеді.

  3. Студенттер хромосома мен ДНК құрылымын сызыпады.


Мазмұны. Хромосома. Хромосома құрамына: ДНК, РНК, гистон, қалдық уыз енеді. Метафазалық хромосоманың типтері. Хромосома көрсеткіштері: саны, жалпы және иық ұзындығы.ДНҚ –ның құрылымы.
Тапсырма:

  1. Хромосоманың құрылымын қарап зерттеу;

  2. Хромосома мен ДНК-ның құрылымын толық сызып алу.


Байқау сұрақтары:

  1. Хромосома құрылымы қандай?

  2. ДНК структрасының ерекшілгі не?

3 Зертханалық жұмыс.



Тақырыбы: Гипоталамус, гипофиз гормондары.
Мақсаты:

  1. гипоталамустың рилизинг-гормондарынжәне олардың әсерін үйрену;

  2. Гипофиздің алдыңғы және артқы бөлігінен шығатын гормондарды білу: ФСГ и ЛГ.


Материалдар мен құрал жабдықтар: рилизинг-гормон, гонодотропин гормондарының препараттары және олардың биологиялық әсерлерін үйрену.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы гормон препаратарын көрсетіп, олардың әсері мен қаситтерін түсіндіреді;

  2. Студенттер гормондардың түрлер және әсерлерін үйренеді.


Мазмұны. Гипоталамустың рилизинг - гормондары. Гипофиз алдыңғы және артқы бөліктерінен бөлініп шығатын гормондар: ФСГ, ЛТГ, окситоцин т.б. Гипоталамус и гипофиз гормондарының қызметі мен қолданылуы. Простагландиндер және олардың түрлері.
Тапсырма:

  1. гормоналдық препараттарды қарап, олардың құрамын жазу;

  2. простагландиндердің және басқа гормондардың қызметін үйрену;

  3. гормондарды мал шаруашылығына пайдалану жолдарын білу.


Байқау сұрақтары:

  1. рилизинг-гормондары мен гонодотропин гормондарының препараттарының құамын айту?

  2. гормоналдық препараттардың әсер ету механизмін білесіз бе?

  3. Бұл гормондар қандай мақсатпен қолданылады?

4 Зертханалық жұмыс.



Тақырыбы: Гаметогенез.
Мақсаты:

  1. Жыныс жасушаларының даму сатыларын үйрену.

  2. Жұмыртқа жасушасы мен спермийдің құрылымын білу.


Материалдар мен құрал жабдықтар: гаметогенез және аталық пен аналық жыныс жасушаларының сызба суреттері мен таблицалар.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіреді;

  2. Студенттер аталық және аналық жыныс жасушаларының түзілуін сурет пен кестелерден қарап.

  3. Студенттер сперматозоид пен жұмыртқа жасушасының құрылысын сызып алады.


Мазмұны. Овогенез – жұмыртқа жасушасы түзілу. Жұмыртқа жасушасының құрылымы. Сперматогенез – аталық жыныс жасушасы түзілу. Сперматозоидтың құрылымы. Овогенез бен сперматогенездің тұзілу сатылары және айырмашылықтары.
Тапсырма:

  1. гаметогенез процессін сызып, оның әрбір сатысындағы жасушалардың атауын білу;

  2. Ұрғашы және еркек малдың жыныс жасушаИзучать строение мужских и женских половсының құрылымын үйрену;


Бақылау сұрақтары:

  1. сперматогенез, оогенез деген не және олар қайда өтеді?

  2. Сперматогенез бен оогенездің ұқсастығы мен айырмашылығы?

  3. Аталық және аналық жыныс жасушалары неден тұрады?

5 Зертханалық жұмыс.



Тақырыбы: Жасушалардың бөлінуі.
Мақсаты:

  1. Жасушалардың митоз және мейоз арқылы бөліну үрдісін үйрену.

  2. Мейоздық бөлінудің сатыларын: редукциялық және эквациондық білу.


Материалы и оборудование: жасушалардың бөлінуін көрсеткен сызбалар және суреттер.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіреді;

  2. Студенттер жасушаның бқліну фазаларын үйренеді.

  3. Студенттер мейоздың митоздан айырмашылығын жазып алады.


Мазмұны. Митоз және оның фазалары. Мейоз және оның сатылары. Мейоздың митоздан айырмашылығы.

Тапсырмалар:

  1. Митоз бен мейоздың фазаларын айыра білу?

  2. Мейоздың митоздан ерекшелігін айқындау?

  3. Жыныс жасушаларының түзілу үрдісін сызу?


Байқау сұрақтары:

  1. митоз, мейоз дегеніміз не?

  2. Қандай жасушалар митоз арқылы, қандай жасушалар мейозарқылы бөлінеді?

  3. Мейоздың редукциялық бөлінуінің маңыздылығы неде?

6 Зертханалық жұмыс.



Тақырып: Зәузаттың бөлшектенуі.
Мақсаты:

  1. Зәузаттың бөлшектену сипатымен танысу.

  2. бластомері, морула және бластоциста түзілу үрдісін үйрену.


Материалдар мен құрал жабдықтар: зәузатың бөлшектенуін және бластомерлер, морула мен бластула түзілуін көрсететін сызбалар мен кестелер.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіреді;

  2. Студенттер жасушаның бөлшектену фазаларын және морула мен бластоула түзілу үрдісін үйренеді.


Мазмұны. Бөлшектену және оның нәтижесінде бластомерлар, морула және бластоциста түзілу. Морула мен бластоцисталарды даму қарқынына қарай айыра танып жіктеу.
Тапсырма:

  1. Зәузат бөлшектену процесін білу?

  2. Бластула морфологиясының моруланікінен қандай айырмашылықта екенін түсіну?


Бақылау сұрақтары:

  1. Бөлшектену процесіне сипаттама бер?

  2. Әртүрлі жануарларда зәузаттың бөлшектену және бластуланың түзілу типінің бір-біріне сәкес емес ерекше өтетіні неге байланысты?

7 Зертханалық жұмыс.



Тақырып. Жыныс аппараты.
Мақсаты:

  1. Ұрғашы және еркек жануарладың жыныс жүйесінің өқрылымдық ерекшеліктерімен танысу.



Материалдар және құрал жабдықтар: Сойылған малдың жыныс мүшелері. Көбею мүшелерінің сызба суреттері және гистологиялық препараттары.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіреді;

  2. Студенттер оқытушының көмегімен сойылған жануарлардың жыныс мүшелерінің анатомиялық құрылымы мен қызметін үйренеді.


Мазмұны. Аталықтардың жыныс мүшелерінің анатомиясы мен топографиясы. Аталықтардың жыныс жүйесі: ума, ен, шәует түтігі, қосалқы жыныс бездерінен тұрады. Жыныс мүшелерінің қызметі. Аналықтардың жыныс мүшелері туралы анатомиялық, топографиялық мәлімдеме. Аналықтардың жыныс жүйесі: қынап, жатыр, жұмыртқалық және жұмыртқа түтігінен тұрады. Жыныс мүшелерінің қызметі.
Тапсырма:

  1. Жануарлардың жыныс жүйе құрылымын үйрену?

  2. Жыныс жүйесіндегі әрбір мүшенің құрылымы мен атқаратын қызметін білу?


Бақылау сұрақтары:

  1. Ұрғашы және еркек жануарлардың жыныс жүйесі қандай-қандай мүшелерден тұрады?

  2. Ен мен жұмыртқалықтың құрылымы және қызметін айтыңыз?

8 Зертханалық жұмыс.



Тақырыбы: Жыныс айналымы.
Мақсаты:

  1. Жыныс айналымының сатыларын және феномендерін білу;

  2. Жыныс айналымының күйіт келу, овуляция өту үрдісін анықтау.



Материалдар және құрал жабдықтар: Әртүрлі жануарлардың жыныс циклін көрсеткен сызбалар және жыныс айналымының феномендерін анықтауға арналған кестелер.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіреді;

  2. Студенттер оқытушының үйретуі бойынша жануарлардың жыныс айналымының сатылары мен феномендерін анықтап үйренеді.


Мазмұны. Жыныс айналымының сатылары және феномендері. Күйіт және овуляцияны анықтау тәсілдері. Жыныс айналымының феномендерін анықтау тәсілдері. Жұмыртқалық пен еннен бөлініп шығатын гормондар және олардың жыныстық айналымды реттеудегі атқаратын рөлі.
Тапсырма:

  1. Жыныс циклі деген не және оның маңыздылығы неде?

  2. Жыныс айналымының сатылары мен феномендерін анықтап үйрену?


Бақылау сұрақтары:

  1. Жыныс циклі деген не?

  2. Жыныс айналымы қандай сатылардан тұрады?

  1. Жыныс айналымының феномендерін, әсіресе күйіт пен овуляцияны қалай анықтайды?

9 Зертханалық жұмыс.



Тақырып: Аталықтан шәует алу.
Мақсаты:

  1. Шәует алу тәсілдерін үйрену;

  2. Әртүрлі жануарларға арналған жасанды қынаптың құрылымын білу.



Материалдар және құрал жабдықтар: Бұқаның шәуетін алуға арналған видеофильм Басқа көрнекті құралдар. Жасанды қынаптар.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіреді;

  2. Студенттер видеофильмді көріп, аталықтан қалай шәует алуға болатынын үйренеді.


Мазмұны. Зертхана жануарларынан шәует алу тәсілдері. Ауылшаруашылық жануарларынан шәует алу. Жасанды қынап және оның құрамына кіретін бөліктер. Жасанды қынапты құрастыру техникасы. Ата малдан шәует алатын басқа тәсілдер.
Тапсырма:

  1. Жасанды қынаптың құрамымен танысу?

  2. Жасанды қынапты жинап дайындау және онымен шәует алуды меңгеру.


Бақылау сұрақтар:

  1. Аталықтардан қандай тәсілдермен шәует алады.?

  2. Жасанды қынаптың құрамын білесіз бе?

  3. Жасанды қынапты қалай дайындайды және онымен қайтып шәует алады?

10 Зертханалық жұмыс.



Тақырып: Шәуетті бағалау.

Мақсат:

  1. Шәуеттің сапасын анықтау тәсілдерін үйрену;


Материалдар және құрал жабдықтар: Шәует сапасын анықтауға арналған видеофильм. Сұйық азотта сақталған шәует. Микроскоп, заттық және жабын шынылары. Шәуетті ерітуге арналған термостат.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіреді;

  2. Студенттер видеофильмді көрген соң мұздатылған шәуетті ерітіп, микроскопен қарау арқылы сперматозоидтардың қозғалыс белсенділігін анықтайды


Мазмұны. Шәуетті визуалдық тәсілдермен бағалау: көлемі, консистенциясы, өңі және иісі. Шеует сапасын зертханалық тәсілдер арқылы бағалау: концентрациясы, қозғалыс қарқыны және т.б..
Тапсырма:

  1. Шәует сапасын анықтайтын қарапайым тәсілдерді білу?

  2. Шәуеттің сапасын анықтайтын негізгі зертханалық тәсілдерді айтыз.


Бақылау сұрақтары:

  1. Сперматозоидтардың қозғалысын қалай анықтауға болады?

  2. Сперматозоитардың концентрациясын қандай тәсілмен анықтайды?

11 Зертханалық жұмыс.



Тақырып: Шәуетті сұйылту және сақтау.

Мақсаты:

  1. Шәует сұйылтатын негізгі орталарды және шәует сақтайтын тәсілдерді үйрену;


Материалдар және құрал жабдықтар: шәует сұйылтуға арналған видеофильм. Шәует сұйылытқыш дайындауға арналған химиялық заттар және мұздатып сақтауға арналған сұйылытқыштар мен құрал жабдықтар.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіріп, видеофильм көрсетеді;

  2. Студенттер видеофильмді көрген соң өз беттерімен негізгі шәует сұйылтқыштарды дайындап үйренеді.


Мазмұны. Шәует сұйылтудың маңыздылығы. Шәует сұйылтқыштар және олардың компоненттерінің әсерлері. Сұйылтқыштарды дайындау техникасы және шәует сұйылту дәрежесі. Шәуетті 4-5 градус температурада қысқа уақыт сақтау. Шәуетті терең қатырып ұзақ уақыт сақтау. Зертхана жануарларының шәуетін сақтау тәсілдері.
Тапсырма:

  1. Шәует сұйылтуға арналған жасанды орталардың түрлерімен және құрамымен танысу?

  2. Негізгі жасанды шәует сұйылытқыштарды дайындап үйрену?


Бақылау сұрақтары:

  1. Зертхана жануарларының шәуетін қалай мұздатып сақауға болады?

  2. Сұйық азотқа салып сақтайтын шәуетті сұйылту үшін қандай жасанды орта пайдаланады?

12 Зертханалық жұмыс .



Тақырып: Жасанды ұрықтоқтату.

Мақсаты:

  1. Гаметтерді бағалау, сұрыптау және таңдау тәсілдерін үйрену;

  2. Жасанды ұрықтандыру және экстракорпоралдық ұрықтоқтату тәсілін білу.


Материалдар және құрал жабдықтары: гамет пен зәузаттарды бағалайтын кесте-шкалалар. Жануарлардың жыныс мұшелері, ұрықтоқтау және зәузаттың дамуына байланысты сызба суреттер.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіріп үйретеді;

  2. Студенттер гаметті бағалау және ағадан тыс ортада ооциттерді өсіру, ұрықтоқтатуға байланысты барлық тәсілдермен танысады.


Мазмұны. Ұрықтоқтау. Ұрық тоқтатудың түрлері: In vivo (жануар ағзада) және in vitro (ағзадан тыс қоректік орта толтырылған пробиркада) ұрықтоқтату. Экстракорпоралдық ұрық тоқтату тәсілдері.
Тапсырма:

  1. Гаметтерді бағалау және селекциялау тәсілдерін білу?

  2. Ағадан тыс сыртқы ортада ооциттерді өсіру, жасанда ұрықтоқтату тәсілдерімен танысу?


Байқау сұрақтары:

  1. Жасанды ортада өсірге тиісті гаметтерді қалай бағалап таңдайды?

  2. Ағадан тыс сыртқы ортада гаметке жасанды ұрықтоқтату және өсіру қандай тәсілдермен өткізіледі?

13 Зертханалық жұмыс.



Тақырып: Доноров мен реципиенттерді таңдау.
Мақсаты:

  1. Донор мен реципиентерді таңдау тәртіптерні үйрену.


Материалдар және құрал жабдықтар: жануарлар биотехнологиясы бойынша тәжірибе өткізу кестелері мен сызбалары. Суреттер – биотехнология: аналықтар мен аталықтарды таңдау және оған әсер ететін факторлар.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіріп үйретеді;

  2. Студенттер көрнекті құрал жабдықтарды пайдаланып, донор және реципиент жануарларды таңдау тәсілдеріне көз жеткізеді.


Мазмұны. Донорды тұқымдық және биотехникалық көрсеткішері бойынша таңдау. Реципиенттерді таңдайтын негізгі көрсеткіштер. Донор мен реципиенттерді азықтандыру және бағып-қағу.
Тапсырма:

  1. Донор және реципиенттерді таңдау тәртіптерін меңгеру?


Бақылау сұрақтары:

  1. Донор аналықтарды қандай көрсеткіштері арқылы таңдайды?

  2. Эмбрион көшіріп отырғызу үшін реципиент аналықтарды қалай таңдайды?

14 Зертханалық жұмыс.



Тақырып: Суперовуляция тудыру тәсілдері.
Мақсаты:

  1. Суперовуляция тәсілін үйрену;

  2. Ұрықтандыру тәсілін білу.


Материалдар және құрал жабдықтар: суперовуляция тудыруға арналған гормоналдық препараттар. Препараттарды қолдану ережелері мен нұсқауларын көрсеткен кестелер, сызбалар.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіріп үйретеді;

  2. Студенттер супреовуляция арналған гормон дәрілерімен танысып, оларды қолдану тәсілдерін үйренеді.

  3. Донорды ұрықтандыру тәсілімен танысады.


Мазмұны. ББҚСС-ын (СЖК) қолдану арқылы суперовуляция тудыру. КДҚГ (ФСГ) қолдану арқылы суперовуляция тудыру. Осы екі тәсілді салыстырып бағалау.
Тапсырма:

  1. Гонадотроптық гормондарды біліп, оларды суперовуляция үшін қолдану тәсілдерін үйрену?

  2. Суперовуляция тудыру тәсілін меңгеру?

  3. Жасанды қрықтандыру процедураларын білу?


Бақылау сұрақтары:

  1. Суперовуляция тудыру үшін қандай гормондар пайдаланылады?

  2. Донорды нәтижелі ұрықтандыру үшін қанша мөлшер шәует қажет?

  3. Донор аналықты қанша рет ұрықтандыру қажет?

15 Зертханалық жұмыс.



Тақырып: Күйіт пен овуляцияны сәйкестіру тәсілдері.
Мақсаты:

  1. Күйіт пен овуляцияны сәйкестіру тәсілдерін үйрену.


Материалдар және құрал жабдықтар: синхронизация және овуляцияны сәкестіру үшін қолданатын гормондар. Сидрлер мен спиралдар. Сәкестіруді өткізу және препараттарды пайдалану жөнінде кестелер мен сызбалар.

Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіріп үйретеді;

  2. Студенттер көрнекті құрал жабдықтарды пайдаланып, суперовуляцияға қажетті препараттарды біліп, оларды қолдану тәсілін үйренеді.

  3. Синхронизация тәсілін меңгереді.


Мазмұны. Донор мен реципиенттердің күйітін сәйкестірудің артықшылығы. Күйіт сәйкестіру тәсілдері: простагландинді инъекциялау тәсілі және қынап ішіне сидр немесе спираль қойып пайдалану тәсілі.
Тапсырма:

  1. Донор және реципиенттердің күйіті мен овуляциясын сәйкестірудің маңыздылығы?

  2. Кұйіт пен овуляцияны сәйкестіру тәсілін үйрену?


Бақылау сұраулары:

  1. Синхронизациялау үшін қандай гормондарды қолданады?

  2. Сидр және спиралды синхронизация тудыру үшін қалай пайдаланады?

16 Зертханалық жұмыс.



Тақырып: Эмброиндарды шығарып алу.
Мақсаты:

  1. Эмбриондарды жатырдан шайып алу тәсілдерін үйрену.

  2. Жыныс мүшелеріне жасалатын манипуляциялармен (жұмыртқатүтігі және жатыр мүйіздері) танысу).


Материалдар және құрал жабдықтар: зертхана жануарлары, микроскоп, пробиркалар, Петри тостағаншалары, микропипеткалар, хирургиялық аспаптар жиынтығы т.б.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіріп үйретеді;

  2. Студенттер көрнекті құрал жабдықтарды пайдаланып, суперовуляцияға қажетті препараттарды біліп, оларды қолдану тәсілін үйренеді.


Методические указание проведения занятия:

  1. преподаватель показывает технику проведения лапаротомии?

  2. студенты обратят внимание на манипуляции, связанные с половыми органами;


Мазмұны. Зертханалық жануарлардың жатырынан эмбриондарды хирургиялық тәсілмен немесе өлтірілген соң шығарып алу тәсілі. Ауылшаруашылық жануарларының ұрықтарын бейхирургиялық тәсілмен және хирургиялық тәсілмен алу. Донор сиырдың эмбриондарын трансцервикалдық тәсілмен шайып алу.
Тапсырма:

  1. зертханалық жануарларға жасалатын лапаротомия тәсілін үйрену?

  2. Жатыр қуысынан эмбриондарды шайып алатын тәсілдерді меңгеру?


Бақылау сұрақтары:

  1. Ота арқылы лапаротомия жасау тәсілін білесіз бе?

  2. Зертханалық жануарлардың жатырынан эмбриондарды қандай-қандай тәсілдер арқылы шайып алады?

17 Зертханалық жұмыс.



Тақырып: Эмбриондардың сапасын анықтау.
Мақсаты:

  1. Эмбриондарды бағалау, сұрыптау және таңдау тәсілдерін үйрену.


Материалдар және құрал жабдықтар: Таблицалар – шкалалар және суреттер. Микроскоп, пробиркалар, Петри табақшалары, микропипеткалар, хирургиялық саймандар жиынтығы және басқа құрал жабдықтар.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіріп үйретеді;

  2. Студенттер микроскоппен эмбриодарды қарап, олардың сапасын бағалайды.

  3. Студенттер дамудың әртүрлі сатысындағы эмбриодардың суретін дәптерге сызып алады.


Мазмұны. Морфологиялық көрсеткіштері бойынша анықтау. Флуоресценттік бояларды қолдану арқылы бағалау. Арнайы қондырғыда ннкубациялап өсіру арқылы бағалау тәсілі.
Тапсырма:

  1. Дамудың әртүрлі сатысындағы эмбриондардың пішіндік айырмашылықтарын білу?

  2. Эмбриондарды морфологиялық көрсеткіштері бойынша бағалау тәсілдерін үйрену?


Байқау сұрақтары:

  1. Эмброикультуа зерттеулерінде эмбриондардың сапасын қандай тәсілдермен анықтайды?

  2. Эмбриондарды морфологиялық көрсеткіштері бойынша бағалу тәсілі неге негізделген?

18 Зертханалық жұмыс.



Тақырып: Эмбриондарды көшіру тәсілдері.
Мақсаты:

  1. Эмбриодарды көшіріп отырғызатын хирургиялық тәсілдерді үйрену.


Материалдар және құрал жабдықтар: зертханалық жануарлар, микроскоп, пробиркалар, Петри табақшасы, хирургиялық аспаптар жиынтығы, медикаментер т.б.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы ұрықты хирургиялық жолмен көшіру тәсілін көрсетеді;

  2. Студенттер эмбриоды көшіру техникасына зер салып үйренеді.

  3. Студенттер ота жасау үрдісінің реттерін дәптерге жазып алады.


Мазмұны. Эмбриондарды хирургиялық және бейхирургиялық тәсілдермен көшіру. Зертханалық жануарлардың ұрығын көшіру тәслдері. Сиырдың эмбрионын транцервикалдық тәсілмен трансплантациялау.
Тапсырма:

  1. Эмбриоды көшіріп отырғызу үшін жасалынатын хирургиялық тәсілді үйрену.

  2. Жануардың жатыр тармағы қуысына эмбриоды енгізу тәсілін білу?


Бақылау сұрақтары:

  1. Зертханалық жануарларға эмбриоды хирургиялық тәсілмен қалай көшіріп отырғызады?

  2. Эмбрионды көшіріп отырғызғанда қандай ережені бұлжытпай орындау керек?

19 Зертханалық жұмыс.



Тақырыбы: Ооциттерді өсіру және ағзадан тыс ұрықтоқтату.
Мақсаты:

  1. Ағзадан тыс сыртқы ортада эмбриодарды өсіруге қатысты процедураларды үйрену.


Материалдар және құрал жабдықтар: зертханалық жануарлар, микроскоп, пробиркалар, Петри табақшасы, хирургиялық аспаптар жиынтығы, медикаментер. Эмбрионды сыртқы ортада өсіруге арналған термостат-инкубатор және т.б.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіріп, ооциттерді ағзадан тыс өсіру тәсілін көрсетеді;

  2. Студенттер ооциттерді өсіретін медиум, қондырғы және құрал жабдықтармен танысады.


Мазмұны. Ооциттерді жұмыртқалықтан шығарып жинау және бағалау тәсілдері. Ооциттерді термостатқа (инкубаторға) салып өсіру. Инкубаторда өсірілген ооциттердің сапасын анықтау. Жетілген жұмыртқа жасушасына сперматозоидтарды енгізу тәсілдері.
Тапсырма:

  1. эмбриондарды сыртқы ортада өсіретін тәсілді үйрену?

  2. Эмбриондарды ағзадан тыс сыртқы ортада өсіру үшін қажетті медиум, құрал жабдық және инкубаторды білу?


Бақылау сұрақтары:

  1. Ооциттерді сыртқы ортада өсіру қандай мақсат үшін қажет?

  2. Өсіру тәсілдерінің ішінен қандай тәсілді оңтайлы деп ойлайсыз?

20 зертханалық жұмыс.



Тақырып: Жануарларды клондау.
Мақсаты:

  1. Жануарларды клондау тәсілімен танысу.


Материалдар және құрал жабдықтар: суперовуляция тудыруға қажетті гормоналдық препараттар. Клондау тәсілін көрсеткен таблица – схемалар. Мал шаруашылығында клондау биотехнологиясының артықшылығы мен маңыздылығын байқататын әртүрлі суреттер мен сызбалар.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіріп, көрнекті құралдарды көрсетеді;

  2. Студенттер клондау тәсілін зер салып үйренуді мақсат етеді.


Мазмұны. Клондалған, химерленген және трансгенделген жануарларды шығарып алуға байланысты барлық тәсілдерді үйрету.
Тапсырма:

  1. Клондау тәсілін үйрену?

  2. Бұл тәсілдің артықшылығын білу?


Бақылау сұрақтары:

  1. Жануарларды клондау тәсілі қалай өткізіледі?

  2. Клондалған жануарларда басқа жануарларға қарағанда қандай биологиялық артықшылық болады?

21 Зертханалық жұмыс.



Тақырыбы: Аталықтардың шәуетін криоконсервациялау.
Мақсаты:

  1. Шәуетті сақтау тәсілдерін үйрену.


Материалдар және құрал жабдықтар: Зерханалық ыдыс-аяқ, құрал жабдықтар. Шәуетті сұйық қалпында және мұздатып сақтау үшін қажетті құралдар. Көлемі әртүрлі Дъюр ыдысы. Мұздатып сақтау үшін сұйық азот.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіріп, құрал жабдықтарды көрсетеді;

2) Студенттер өзбеттерімен шәуетті 0-5 градуста сақтау тәсілін денелей істеп үйренеді.

3) шәуетті сұйық азотқа салып мұздатып сақтайтын тәсілді меңгереді.


Мазмұны. Ата малдардан алған шәуетті криоконсервациялау тәсілдері. Криоконсервацияға қажетті құрал жабдықтар мен ерітінділер. Шәуетті ұзақ және қысқа уақыт сақтау техникасы.
Тапсырма:

  1. Шәует сақтау тәсілдерін үйрену?

  2. Шәуетті мұздатып ұзақ уақыт сақтайтын тәсілді игеру?


Бақылау сұрақтары:

  1. Жануарлардың шәуетін бөлме температурасында қалай сақтауға болады?

  2. Жануарлардың шәуетін сұйық азотта қалай мұзатып сақтайды?

22 Зертханалық жұмыс.



Тақырыбы: Эмбриодарды криоконсервациялау.
Цель:

  1. Эмбриодарды криоконсервациялау тәсілін үйрену.


Материалдар және құрал жабдықтар: Зертханалық шыны ыдыстар және құрал жабдықтар. Эмбриондарды сақтайтын арнайы ыдыстар. Әртүрлі көлемді Дъюр контейнері. Сұйық азот. Эмбриондарды мұздатуға арналған мануалдық немесе автомат машина.
Сабақ өткізудің әдістемелік нұсқауы:

  1. Оқытушы сабақты түсіндіріп, эмбриондарды мұздату тәсілін көрсетеді.

2) Студенттер өзбеттерімен эмбриондарды мұздату тәсілін денелей істеп үйренеді.
Мазмұны. Криоконсервацияға қажетті құрал жабдықтар мен ерітінділер. Қысқа уақыт сақтау техникасы. Ұрықтарды терең мұздатып сақтау тәсілі: асықпай мұздату, тез мұздату.
Тапсырма:

  1. Эмбриондарды мұздату үшін қажет құрал жабдықтарды білу?

  2. Эмбриондарды крисстализациялайтын және витрификацяын тәсілдерді үйрену?


Бақылау сұрақтары:

  1. Эмбриондарды кристализациялау тәсілі қалай өткізіледі?

  2. Эмбриондарды витрификациялау тәсілі қалай жүргізіледі?

  3. Қандай тәсіл ең тиімді деп ойлайсыз, неге?


Үй тапсырмалары:

Үй тапсырмалары тақырыптарын орындау үшін мына оқу құралдарын пайдалануға болады:



  1. Джамалова Г. А. Практикум по биотехнологии животных. «Маматай» Алматы, 2004. -296 с.

  2. Ролдугина Н. П и др. Практикум по цитологии, гистологии и эмбриологии. М.: «КолосС» 2004, -216 с.

  3. Аятханұлы М. Мал акушерлігі және көбею биотехнологиясы. Павлодар: «Политрон», 2006, -285 б.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет