Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы



жүктеу 181.31 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі181.31 Kb.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Филология, журналистика және өнер кафедрасы
«Әдебиет теориясы» пәнінен 050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___»____________


Қ ұрастырушы: _____________ ф.ғ.к.,Баратова М.Н.

Филология, журналистика және өнер кафедрасы

«Әдебиет теориясы» пәні бойынша 050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау


Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ Хаттама


Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________

Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________



МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама

Курс бойынша қамтылатын тақырыптар
1-тақырып. Кіріспе. Әдебиет теориясының пән ретіндегі болмыс, табиғаты. Эстетикалық ойдың даму кезеңдері. Әдебиет теориясы мен эстетикалық ерте кезеңі. Орта дәуір және қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы. Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы. Әдебиет теориясының методологиясы. Халықшылдық эстетиканың тағылым, талаптары. Әдебиеттану ғылымындағы методологиялық мектептер.

Зерттеуге тиіс ғылыми аялар мен проблемалар. Әдебиет қағидаларының басқа әдебиеттану ғылымдарының нақты зерттеу жұмыстарына әдіснамалық тұрғыдан жетекшілігі. Фольклортану мен әдебиеттану арасындағы ортақ әдістемелер мен дара ұстанымдар. Әдебиет теориясының эстетикамен тыңғыз байланысы. Әдебиет пен өнер - өмір шындығын тану, игеру, жемісі, сұлулық пен әсемдік мұраттарын орнықтырушы. Әдебиет теориясы қарастыратын нысанның молдығы, кеңдігі, ғылыми зерттеу тәсілдерінің жан-жақтылығы.

Әдебиет теориясы жайлы алғашқы ұғымдар. Көне үнді, шумер елдерінің мәдени ескерткіштері. «Махабхарата», «Ригведа», «Рамаяна» эпостарындағы сұлулыққа қатысты сезім, пайымдар, өлең түзу ережелері. «Гильгамеш» жырындағы ерлік, достық, махаббат идеялары. Энкиду бейнесінің көшпенділер эстетикасымен тамырластығы. Антикалық дәуір эстетикасындағы екі бағдар. Өмірге материалистік көзқарас және объективті, субъективті идеализм. Дүниетанымның тарихи, әлеуметтік, философиялық алғышарттары. Соңғы классика дәуірі және Аристотель. Поэзияның табиғатқа еліктеуіштік қызметі. Өнерде нанымды құбылыстарды бейнелеу. Қиял, өмірлік материалды іріктеудің маңызы. Көркемдік танымның ғылыми танымнан өзгешелігі. Рухани тазару, «катарсис» теориясы және шығарманы қабылдау мәселелері. Гораций Флакк. Пизондарға арнау атты өлеңмен жазылған трактат. Шығармадан қарапайымдылықты талап ету. Көлемдік шектеу. Шынайылыққа және нанымдылыққа айрықша мән беру.

Орта ғасыр эстетикасындағы діни, құдайшылық сарындардың жетекші сипат алуы. Ерте орта ғасырда өмір сүрген Аврелий Августиннің абсолютті сұлулық туралы пікірлері. Кейінгі орта ғасыр эстетикасының өкілі – Фома Аквинский. Әсемдіктің объективтілік сипатын мойындау. Сұлулықты анықтау үшін қойылатын үш шарт: тұтастық, үйлесім, айқындық. Құдай - абсолютті сұлулық әрі абсолютті игілік. Ұлттық эстетиканың қайнар бұлағы. Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің бірі. Қаңлы жазуы. Сақ-скиф бейнелеу өнері. VI-IX ғасырлардағы ортақ түркі әдеби мұралары саналатын «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларында, X-XII ғасырлар әдебиетіндегі М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік», Ж.Баласағұнның «Құтадғу біліг», А.Яссауидің «Диуани хикматында» ұшырасатын жалпыадамдық асқақ сезім, әсем ой, биік әсер көріністері. Әбунасыр әл-Фарабидің өнер саларының теориясына қосқан үлесі. Музыканың ұлы кітабы. Әуеннің үш түрі. Муызыкалық қабілет. Дарын. Ұстаздық. Батыс Еуропадағы ояну дәуірінің (ренессанс) әдебиет пен өнердегі іргелі жаңалықтарға бастауы. Қоғам өміріндегі алғышарттар. Адам тұлғасының асқақ орны. Ізгілік пафосы.

Классицизм эстетикасының көне дәуір және қайта өрлеу кезеңінің эстетикасымен байланысы. Көркем шығармаға тұрақты шарттар ұсыну. Лессингтің Гамбург драматургиясының, лаокоон немесе бейнелеу өнері мен поэзияның шекжиегі атты еңбектері. И.Г.Гердердің ағартушылық эстетикасындағы идеяның басымдығына наразылық. И.Кант. Табиғат әлемі мен адамзаттық әлемі. Мәдениеттің ең жоғары көрінісі – эстетикалық көрініс. Романтиктер – ағартушылық идеяны жалғастырушылар. Шығармашылық қызметтегі жекелік фактордың орны. Лиризм. Г.В.Гегель -эстетикалық ойдың алыбы, ғылымдағы диалектикалық ойлау принциптерін қалыптастырушы. Абсолюттік идея теориясы. Абсолюттік рух. Эстетикалық қызметпен айналысудың себептері. Шығармашылықтың ескіні қиратпай-ақ, жаңаны тудыруы. Антикалық өнерді ардақтау. Дүниеге тарихи көзқарас. Көркем шығарманы қарастырудың тарихи және логикалық тәсілдерінің бірлігі. Артур Шопенгауэр. Өмір философиясы. Интеллектінің ерекше бағыныштылығы. Еріктен асу арқылы қасіреттен айығу. Суреткердің қабылдау әсеріне билігі. Объективті сулулықтың субъектімен сабақтастығы. Музыканың ерекшелігі. Серен Кьеркегор. Қорқыныш философиясы. Құдайға баратын жол іздеу. Субъективтіліктің ақиқаттығы. Экзистенция. Ф.Ницше. Әлем және құдіретке еріктілік. Мәдениет тілі. Өмір формаларын сақтауға тырыса отырып, өзгерту. В.Дильтей. Герменевтикалық зерттеудің бастауы. О.Шпенглер. Мәдениеттердің шектеулі ғұмыры. Мәдени полицентризм туралы.

Уақытқа диалектикалық көзқарас. Марксшілдік, маркстік-лениндік деп аталған әдебиеттану мен өнертану қағидаларын, басым пафосына қарап, шартты түрде халықшылдық эстетика деп таңбалау. Маркстік, материалистік дүниетанымның адамзат дамуында елеулі роль атқарғанын біржақты жоққа шығармай, тарихи факт ретінде түсіну. А.Герцен, В.Белинский, Н.Чернышевский,Н.Добролюбов, Д.Писарев. Орыс революционер-демократтарының ғылыми-сын мұрасы.В.Плеханов: әсемдіктің объективті мәнін ашу. Оның адам тіршілігімен тамырластығы. Өнердің шығу тегін, даму жолын қоғамдық сананың өсу жолымен тығыз қарастыру. А.В. Луначарский. «Жылжымалы эстетика» туралы. Формалистік, тұрпайы социологиялық бағдарлармен арадағы тартыс.

XIX ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа капиталистік қарым-қатынастардың өрістеуі. Философиядағы позитивизм бағыты. Әдебиеттанудағы ірге тасын ағайынды Якоб Гримм мен Вильгелм Гримм қалаған мифологиялық мектеп. XX ғасырда бұл мектептің қайта жаңғыруы. Швейцар психолгы К.Н.Юнгтің адам психикасындағы архетип жайлы идеясы. Ж.Лакан. Адам психикасындағы реалды, қиялдағы символдық қабаттар. Тарихи-мәдени мектеп. Француз тарихшысы әрі өнер зерттеушісі XIX ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа капиталистік қарым-қатынастардың өрістеуі. Философиядағы позитивизм бағыты. Әдебиеттанудағы ірге тасын ағайынды Якоб Гримм мен Вильгелм Гримм қалаған мифологиялық мектеп. XX ғасырда бұл мектептің қайта жаңғыруы. Швейцар психолгы К.Н.Юнгтің адам психикасындағы архетип жайлы идеясы. Ж.Лакан. Адам психикасындағы реалды, қиялдағы символдық қабаттар. Тарихи-мәдени мектеп. Француз тарихшысы әрі өнер зерттеушісі Ипполит Тэн. Әдебиет пен өнер мәселелерін жаратылыстану ғылымдарындағы салқынқандылық бағдармен сараптауды ұсыну. Теодор Бенфэй. Салыстырмалы-тарихи (компаративизм) мектеп. Шығыс пен Батыс арасындағы сюжет алмасу теориясы. А.Н.Веселовскийдің көшпелі сюжет ілімі. Әдеби дамудың ортақ кезеңдері. Ұқсас сарындардың туу себебі. Әдеби дәстүрдің маңызы. В.Жирмунский, Н.Конрад. Қазіргі салыстырмалы әдебиеттану. Клод Пишуа мен Андре Мишель Руссо (Салыстырмалы әдебиеттану принциптерін, 1972), Д.Дюришин (Әдебиетті салыстырмалы зерттеудің теориясы, 1979) т.б. Психологиялық мектеп және А.Потебня. Сана мен тілдің байланысы. Тіл мен әдебиет. Адамның рухани өмірі. Көркем туындыны қабылдау процесі. Анри Бергсон, Бенедетто Кроче есімдерімен тығыз байланысты ағым-интуитивизм. Әр заттың дара қасиетін интуция арқылы ғана ашу. XX ғасырдағы дүние жүзі эстетикасына психиатр-дәрігер Зигмунд Фрейд енгізген жаңалық. «Психоанализге кірспе», «Тотем мен табу», «Мен» және «Ол» еңбектері, сондай-ақ Ф.Достаевский шығармашылығына қатысты мақалалардағы тұтас толымды өзгеше батыл тұғырнама.

Ұсынылатын әдебиет: [2], 3-56-бет, [7],15-69-беттер, [12],12-96- беттер, [32],5-100- беттер.

2-тақырып. Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар. Қазақ әдебиеттануы ғылымындағы эстетика мен теория мәселесі. Көркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі. Әдебиет және эстетикалық категориялар. Көркем әдебиеттің ерекшелігі. Көркем әдебиеттің әлеуметтік сипаты. Әдебиет пен өнердің танымдық мәні

Формализм – XX ғасырдың басындағы белгілі теориялық ағымдардың бірі. 1920 жылдарындағы орыс зерттеушілері құрған ғылыми ұйымның аты – ОПОЯЗ. Іргелі өкілдері: В.Шкловский, Б.Эйхенбаум, Ю.Тынянов, Р.Якобсон, В.Томашевский. Тұрпайы социологизм. В.Фриче, В.Шулятников, В.Переверзев т.б. Әлеуметтік ортаны, қоғам сипатын артық қою, тұрақталмаған әркелкі көзқарас. Э.Кассирер. «Символикалық формалардың философиясы» атты зерттеуі. Дж. К.Рэнсомның 1941 жылы жарық көрген –«Жаңа сын» атты еңбегі. Америка әдебиеттанудағы және батыс елдеріндегі соны ғылыми мектептің қалыптасуы. Структурализм – формализмнің бір тармағы. Француз мәдениеттанушылары Р.Барт, Кл.Леви – Стросстың 1950 жылдардан бергі ізденістері. Р.Барттың бәрінен бұрын мәтінге көңіл аударуы. Ю.Кристеваның лингвистикалық структурализм шеңберінен шығуы. Роман тексі (1970), «Поэтикалық тілдің революциясы» (1974) атты кітаптары. «Текст өнімділігі», «Семиотикалық ырғақ» туралы. Шетел әдебиеттанудағы антропологиялық теориялар. А. Шопенгауэрдің өзгермес дүние туралы пікірлеріне сүйену. А.Кестлердің К.Г.Юнгтің архетип терминін пайдалануы. Орыс әдебиеттанудағы М.Бахтин еңбектерінің философиялық, теориялық мәні. Ю.Лотманның «Поэтикалық тексті талдау», «Көркем текст құрылымы» атты кітаптары. Математикалық, статикалық зерттеу тәсілдері. Әдебиеттанудағы АҚШ-та серпін алып отырған семантикалық-символикалық сын. Қазіргі миф, символ, метафора жайлы жайлы теориялар. Символдық формалар дербестігі. Көркем шығарманың біртіндеп тұйықталу процесі. Табиғат, адам және қоғам қарым-қатынасы. Әдебиет пен өнерге қатысты синэнергетика жетістіктерін пайдалану (Г.Хакен, И.Пригожин, И.Стенгерс, И.Евин). Тәртіп параметрінің, тұрақтылық пен тұрақсыздық ұстанымы. Құпия символы, апат, секірмелі, сапалық өзгерістер, ырғақ пен синхрондылық, керемет, бедел ұғымдары.

Әсемдік туралы талғам, пайымдардың ұлттық фольклордан бергі үзілмес арнасы. XIX ғасырдағы поэзия өнеріне қатысты арнайы пікір, толғамдар. Ш.Уәлихановтың «Манас» жырын, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпосын жазып алып, насихаттауы. Ы.Алтынсаринның ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялаудағы еңбегі. Абай шығармаларындағы поэзияның әлеуметтік, эстетикалық сипатына байланысты пйымдаулар. «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалятының газетінде», «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газеттерінде, «Айқап» журналында әдеби-эстетикалық талап –тілектердің өсіп-толысуы үшін атқарған рөлі. М.Жұмабавтың Ақан сері, Базар жырау, Ә.Диваев туралы мақалалары. Ж.Аймауытовтың М.Жұмабаев шығармашылығын талдайтын еңбегінде стиль, әдеби әдіске қатысты пікірлер. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» (1926) - қазақ әдебиеттанудағы алғашқы теориялық кітап. 1920-30 жылдардағы әдеби сын. Зерттеу және айтыс-дау сарындағы мақалалар. Прокультшілер. Тұрпайы социологизм. Ғ.Тоғжановтың Абай, Мағжан шығармашылығы жайлы кітаптарының мәні. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов сияқты көрнекті қаламгерлер айтқан ой-тұжырымдардың шығармашылық әлемімен тығыз байланысы. Е.Смайловтың, Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» пәні бойынша дайындаған оқулықтарының әдебиеттану ғылымдарының негіздерін танып-білудегі орны. З.Қабдоловтың «Сөз өнері» атты жоғары оқу орындары филология факультеттерінің студенттеріне арналған оқулығындағы жаңалықтар. Өлең құрылысы мен поэтикалық тіл табиғатын зерттейтін З.Ахметовтың еңбектері. Поэзия және проза, драма поэтикасын, жанрлар сырын сарапқа салатын зерттеулер. М.Қаратаевтың реализм, эстетика табиғатына байланысты мақала зерттеулері. Лирика, поэма жанрларын таразылайтын С.Қирабаев, М.Базарбаев, М.Дүйсенов, Ә.Нарымбетов, Қ.Мәшһүр-Жүсіптің еңбектеріндегі ой-толғамдар, Т.Кәкішевтің әдеби-сын, Р.Нұрғалиевтің драмадағы поэтика, мазмұн мен пішін байланысына орай жазылған кітаптарындағы, Р.Бердібаев, Ш.Елеукенов, Н.Ғабдуллин, Ж.Дәдебаев, Т.Есембеков, А.Жақсылықов сияқты ғалымдардың проза, роман болмысы жайлы еңбектеріндегі ғылыми-эстетикалық тұғырнама. Т.Қожекевтің сатира жанрларын берген анықтама, талдаулары. Салыстырмалы әдебиеттану. Ш.Сәтбаева, Л.Әуезова, Н.Жуанышпеков, Б.Мамыраев, М.Маданова т.б. еңбектері. Коммуникативтік поэтика мәселелері. Қазақ әдебиеттануының әдебиет тарихы, фольклористика саласындағы табыстары. Салыстырмалы әдебиеттану.

Өнер түрлерінің пайда болуындағы сатылық даму. Табиғи тұрмыс-кәсіптік өмірдің алғышарт ретіндегі орны. Рулық қауым. Өнердің синкреттілік болмысы. Кәсіптік өзгешеліктерідің уақыт алмасу үрдісімен сабақтастығы. Көне деректердегі Дионис туралы миф. Қоғамдық құрылымдағы ірілену. Құдайларға табыну. Көркем би, әуен, сөздік лириканың тууы. Көне түркі заманы. Отырықшылық пен көшпенділік. Көне жәдігерлер. «Түймекент», «Тас-ақыр қамал» аңыздарындағы тарихи өзек. Соңғы палеолит, сақ-сармат өнеріндегі қиялдың ролі, табиғатпен бірлікке ұмтылыс. Неолит заманындағы миф. Бұғы суретіндегі көне таным. Ай мен күнге табыну. Әсемдік-эстетикалық қасиет ұғымның баламасы. Ажарлылық пен әсемдіктің айырмасы. Түр, көлем, түс, ырғақ, симметрия, үйлесім туралы сезімдердің тарихы. Әсемдік нысандары мен қабылдау сезімдері. Әр дәуірдің, әр ғұламаның сұлулыққа байланысты өз ұғымдары. Әсемдік- объективті құбылыс. Өмірге эстетикалық көзқарас. Эстетикалық таным. Қазақ фольклоры мен әдебиетіндегі әсемдік талғам. Табиғат, жыл мезгілдері, көш суреті, қаһармандық. Тіршілік сәні, әрекет сұлулығы, ой әсемдігі. Қаһармандықтың эстетикалық табиғаты. Әсерлілік. Отан, туған жерге сүйіспеншілік. Қозғаушы күш. Халықтық мүдде. Батырлар және қарапайым адамдардың ерлігі. Трагедиялық сезімнің терең қуаты. Туу және бейнелеу түрлері. Асқақтықтың қаһармандықпен байланысы. Келеңсіздіктің табиғи, әлеуметтік алғышарттары. Жағымсыз әсер және күлкі табы. Сұрқиялықтың эстетикалық болмысы.

Ғылым және әдебиет. Әдебиеттің образдық табиғаты. Әсерлілік. Дүние тану тәсілдері. Образ түрлері. Көрнекілік бейнелердің ғылым мен көркем публицистикадағы орны. Дәлдік пен эмоция. Деректік бейнелер. Көркем бейнеге тән типтендіру әдісі, өмір құбылыстарын қайта сомдау. Көркем образ және таңба. Қиялдау. Шарттылық пен шынайылылық. Әдебиеттегі көркем бейнелердің заттық сипаттан адалығы мен бейзаттығы. Сөздің бейнелік қызметі. Сөздік бейнелердің көзге көрінбеуі. Елес. Сезім. Қиял. Әдебиет пен басқа өнер түрлерінің байланысы және өзгешеліктері. Уақыт пен кеңістікті игерудегі әдебиет туындыларының артықшылығы. Шығармадағы көркемдік кеңістіктің композициялық амал-тәсілдер арқылы берілу ерекшелігі. Өмір құбылыстарын қамту тәсілдері мен қарымдылық. Абай және Пушкин өлеңдеріндегі тіршілік, табиғаттың мол тынысын дәл де әсерлі бедерлеу шеберлігі.

Әдебиет пен өнердің объективті сипаты. Авторлық субъектінің қатысы. Социализм заманындағы көркем творчество. Әдебиет пен өнердің халықтығы мәселесінің тарихи, эстетикалық ролі. Көркем әдебиеттің объективті болмысындағы ұлттық пен жалпыадамдық қасиеттер диалектикасы. Ұлттық және жалпыхалықтықтың түбірлес табиғаты. Ұлт ұғымын құрайтын шарттар. Тілдік, антропологиялық, территориялық, экономикалық факторлар. Тұрмыс-салт, дағды-машық туралы. Ұлттық психика ерекшеліктері. Көркем шығармадағы ұлттық сипат. Тақырып, объект таңдау, эстетикалық талғамдағы тың өрнектер. Бейнелеу жүйесіндегі өмірмен сабақтас детальдар. Қаламгер тұлғасының ерекшелігі. «Тақырып» ұғымының екі түрлі мағынасы. В.Жирмунский мен Б.Томашевскийдің пікірлері. Тақырыптың үш түрлі бастауы. М.Гришманның көзқарасы. Мәңгілік тақырыптар. Тақырыптың антропологиялық сипаттары. Автор категориясы. Оның өмірбаяндық тәжірибесі.

Ұсынылатын әдебиет: [13], 3-50-бет, [17],3-100-беттер, [18]6 60-80-беттер, [24], 5-67-беттер,

3-тақырып. Әдеби тұлға, орта, автор. Кейіпкер және көркем образ. Образ және архетип. Шығарманы пайымдау. Шығарманы қабылдау. Автор және шығарма.

Таңбалар әлемі. Таңбалар қызметі. Таңбадағы мән. Таңбалар жүйесі. Ф.де Соссюр. Сөз-таңба. Шартты таңба. Ч.Пирс және семиотика. Көркем образдың өзгермелігі мен көп мәнділігі. Жалпы және жекенің бірлігі. Эмоционалдық пен

рационалдық. Объективтілік пен субъективтіліктің бірлігі. Сана және ырықсыздық туралы К.Юнгтің ілімі. Ырықсыздықтың адам психикасындағы объективті сипаты. Ұжымдық ырықсыздық. Архаикалық тәжірибе. Архетип және жеке психиканың даралығы. Архетип түрлері. Сарын ұғымы. А.Веселовский, В.Пропп, Е.Мелетинский пікірлері. XIX-XX ғғ. романдарындағы инициация (шыңдалу) рәсімінің көріністері, мифтік желілер, образдық ой салыстырулары.

Коммуникативтік поэтиканың маңызы. Герменевтика- гумантитарлық ғылымдардың методологиялық негізі. Түсіну ұғымы. Сөз, өнер сөзі. Түсінудің кісіаралық сипаты. Интуитивті тану және интерпретация. Түсінудің шарттылығы. Интерпретацияның (зерделу) таңдамалы және шығармашылық қуаты. Оқырман және автор. Шығарманы зерделеу. Оқырманның дербестігі мен авторға тәуелділігі. Рецептивті эстетика. Оқырманның шығарма болмысына қатыстылығы. Оқырман бейнесі. Қиялдағы оқырман, адресат тұжырымдамасы. Әдеби сынның ролі. Бұқаралық оқырман. Әдеби классика. Бұқаралық әдебиеттің мағыналары. Беллетристика аталымы туралы. Эпигондықтың салдары. Автор мәртебесі: 1) реалды тұлға; 2) автор образы; көркемдік қызмет субъектісі. Шығармашылық субъективтілік көріністері. Дара авторлық бастау және дәстүршілдік сана. Өнердегі артистизм, ойын элементтері. Ойынның нәтижесі, рахат сезімі. Автордың жоғалуы – немесе Автор және Скриптор. (Р. Барт). Оқырман белсенділігі



Ұсынылатын әдебиет: [13], 3-50-бет, [17],3-100-беттер, [18]6 60-80-беттер, [24], 5-67-беттер,

4-тақырып. Әдеби туынды. Теориялық поэтика ұғымы. Шығарма әлемі. Әлем және шығарма. Көркем сөз бен мәтін. Шығармашылық әлем және әдеби болмыс. Жазу кезеңдері.

Нормативті және жалпы поэтика. Теориялық поэтиканың міндеттері. Тарихи поэтика. Көркем шығармашылық әлемінің дискреттілігі (үзілмелігі). Өлең дестелері (цикл). Прозадағы іліктес туындылар. Фрагмент немесе бөліктің дербес сипаты. Музыкадағы сөз мәтіндері, поэма, өлең, әдеби сындағы эпизодтар. Жарияланымдар, ішінара өзгерістер. Форманың үш қыры. Антикалық риторика мен формалистер көзқарасындағы үндестік. Көркем мазмұнға лайық жаңа терминдер, оның синтездік қасиеті. Шығарманың көркемдік әлемі қамтитын аялар: предметтік бейнелеу жүйесі, кейіпкер іс-әрекеті, кейіптемесі, психика құбылыстары, қоршаған болмыс фактілері (заттар, интерьер, табиғат суреттері т.б). Психологизм. Адамның ішкі өмірін кестелеу. Қаһарман пішіндемесінің көркемдік қызметі. Тұрақты кескін белгілері. Дәріптей кестелеу. Жанр сипатымен сабақтастық. Статикалық, динамикалық келбет нышандары. Кейіпкер сөздері. Диалог пен монологтың эстетикалық тұрғыдан қажеттілігі. Әр түрлі функционалдық мағыналары. Көркем туындыдағы заттар әлемі. Олардың психологиялық жағдай тудырудағы ролі. Дүние, мүлік, жиһаздың поэтикалық астары, мінез, өмір салтын танытудағы маңызы. Табиғат көріністері. Әдебиеттегі пейзаждың жан-жақты қызметі. Мәселенің тарихи, эстетикалық сипаты. Әлем және шығарма: уақыт пен кеңістік. Сөз бейнелілігінің уақытпен сабақтасуы. Физикалық уақыт, перцептуалдық уақыт, концептуалдық уақыт. Фольклор мен әдебиеттегі уақыт пен кеңістік. Автор уақыты, кейіпкер уақыты, сюжеттік уақыты. Сюжет пен тартыс. Сюжет туралы А.Веселовскиий, В.Шкловский, Б.Томашевский пікірлері. Фабула ұғымы. Сюжеттің XIX ғасырдағы анықтамасы. Сюжет оқиғаларының өмір құбылыстарымен байланысы. Сюжет табу жолдары. Сюжет түрлері. Композиция. Композицияның шығармадағы реттілік үйлесім тудырушы қызметі. Эстетикалық әсері. Айшықтылығы. Қайталаулар. Өзгерте қайталау. Сарын ұғымының сюжеттік жүйедегі ролі. Сөздік сарындар. Бейнелеудің детальдық түрі. Жасыру тәсілі. Тану тәсілі. Ой астары. Ишара. Монтаж немесе ой арқылы алыстан қиыстыру. Қосымша әңгіме, логикалық шегініс, уақыт барысындағы алмастырулар.

Стилистика. Лингвисикалық поэтика мен стилистиканың айырмашылығы. В.Виноградов: лингвистикалық және әдебиеттанушылық стилистика терминдері. Көркем сөз қабаттары: лексико-фразеологиялық амалдар, сөздік семантика, фонетикалық деңгей. Сөз әуені. Дыбыс мәні. Интонация. Дауыс ырғағы. Өлең сөз бен қара сөз. Даму жолдары. Құрылымдық, эмоционалдық ерекшеліктері. Мәтін. Текст ұғымының әр алуан мағыналары. Лингвистика мен әдебиеттану аяларындағы мәтін туралы түсініктер. Текстология ғылымы. Мәтінді семиотика және мәдениеттану тұрғысынан бағалау. Сөзсіз мәтіндер. Текс-толғамдар. М.Бахтин және Ю.Лотман пікірлері. Мәтіндегі диалогтық қатынас. Текстегі әртілділік. Мәтіннің мәдени әрі қарым-қатынас субъектісі ретіндегі маңызы. Мәтін шексіздігі (Ж.Деррида,Р.Барт) жайлы постмодернистік тұжырым.

Қаламгердің еңбек тәртібіне тән еркіндік. Белгілі бір схема, ереженінің болмауы. Шығармашылық процестегі ой өзегінің ролі. Оның пайда болу, қызмет ету түрлері. Кездейсоқтық факторы. Мақсатты ізденіс. Шығармашылқ үшін жазушы өмірбаянның елеулі маңызы. Өмір материалын іздеу, табу, қоршаған ортаны, адамдарды зерттеу. Жоспар құру. Қосымша деректер жинастыру, фактілерді анықтау. Түптұлғаны таңдау, іріктеу. Әр суреткердің күй таңдау, жұмысты жүргізу, аяқтау ерекшеліктері.



Ұсынылатын әдебиет: [3],5-50- бет, [12],5-90-беттер, [24], 66 5-40-беттер, [26],53-50-беттер, [29], 5-93-беттер.

5-тақырып. Әдеби тек. Эпос, лирика, драма6-тақырып. Әдеби жанрлар. Роман. Повесть. Поэма. Әңгіме және новелла. Лирикалық жанрлар. Баллада. Трагедия. Драма.

Бұл ұғымының күрделі болмысы. Тарихи сипаты. Терминді анықтаудағы шартты пікірлер. Эпос, лирика, драманың шығу тегі. Тұрмыс-салт жырлары, өнердегі синкретизм. Эпос. Өткенді баяндау. Уақыт алшақтығы. Авторлық толғам. Адамның ішкі өмірі. Баяндауыш тұлғасы. Баяндауыш монолог. Драма. Эпоспен қарайластық. Әрекет құдіреті. Автор сөзі. Кейіпкер сөздері мен монологтар. Уақыт межесі. Театр шарттары. Сахна талаптарының бейімделу. Актер ойыны, режиссер шешімдері. Лирика. Жекелік сана мен сезім көріністері. Көңіл күй ахуалы. Лирикалық әсер. Лирикадағы сыртқы әлем. Шағын формалардың ұтымдылығы. Ықшамдылық. Толғану сәттері. Лирикалық экспрессияның синтаксистік-ырғақтық құрылымы. Әсер тұтастығы. Әнге ыңғайлас сипат. Шартты түрдегі қосымша әдеби тектер. Очерктер, жолжазбаларындағы шынайылылық пен автор толғаныстары. «Сана тасқынының» әдебиеті. Ой мен әсер хаосы.

Жанр жіктемесінің күрделі сипаты. Жанрды анықтайтын сапалардың неғұрлым тұрақтылығы. Жанрлық канондар. Жанрлық дәстүрлер және уақыт. Жанр мен композицияның төркіндестігі. Роман. Кең тыныстылық. «Жүрек поэзиясы» мен «тұрпайы тіршілік» (Гегель) арасындағы тартыс. Қаһарманның жан-жақтылығы (Белинский). Романдағы адам мен тағдырдың «сәйкессіздігі» (Бахтин). Повесть- аралық жанр. Повестің тарихы. Тақырыбы. Баяндау ауқымы. Мазмұн тереңдігіне мән арту. Повесть пен поэманың ұқсастығы һәм айырмашылығы. Әңгіме және новелла. Алғашқы мағыналары мен қазіргі сипаты. Әңгімедегі көлем және айтар ойдың жарасымды өрімі. Лирика жанрлары. Баллада. Баллада мен өлең сөзге құрылған мысалдың лиро-эпикалық жанрларға тән сипаты. Сюжеттегі жаңалықты тыныс пен қуатты ширығыс. Қазақ өлеңінің ұлттық болмысы. Арнау лирика, толғау лирика, баяндау лирика. Трагедиядағы жеке мүдде мен сыртқы күштердің арасындағы шешілмес қайшылық. Көне дәуір шығармаларындағы тағдыр үкімімен күрес сарыны. Кейінгі дүниелерде мистикалық сипаттың жоғалуы. Драмадағы қайшылықты тұрмыстық, қарапайым тілек-мұрат ыңғайындағы мағына алуы. Қаһарманның әлеуметтік белсенділігі. Өз дәуірінің рухани-адамгершілік мәселелерін көтеру. Шектеулі дәрежедегі, ымыраға келетін қақтығыстар. М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Т.Ахтанов т.б. туындылары. Комедияның дүниеге келуіндегі тарихи алғы шарттар. Сахна өнері, сайқымазақшылармен тығыз байланыс.

Ұсынылатын әдебиет: [12], 3-50 бет, [30], 5-40 беттер, [32], 3-30 беттер.

6-тақырып. Әдеби процесс. Көркемдік бағыт. Көркемдік әдіс. Стиль. Көркемдік тәжірибе. Дәстүр және жаңашылдық

Әдеби процесс. Бұл ұғымның әлемдік ауқымы. Көркемдік даму заңдылықтары. Көркемдік бағыт. Әдіс пен бағытты тудыратын объективті және субъективті факторлар. Көркемдік бағыттардың уақыт жағынан еркіндігі, әртүрлі деңгейде қайталанып отыруы. Көркемдік әдіс. Көркмдік әдісті анықтаудағы өмір шындығы, жазушы дүниетанымы, көркемдік ойлау жүйесінің маңызы. Негізгі шарт- идеялық-эстетикалық мәселелер бірлігі. Көркемдік әдістің ойлау типі тұрғысынан жіктелісі: реализм және романтизм. Стиль. Суреткер талантының даралығына хас белгілер. Стиль – көркем форманың қасиеті. Стильдік принциптер.



Алғашқы өнер туындыларындағы шынайылықтың өзгеше бітімі. Гуманистік реализм. Көне дәуір өнеріндегі мифологияның басым қызметі. Антикалық реализм. Орта ғасыр. Қоғам мен салт-санадағы шектелушілік. Қасіретті адам. Бойкүйездік. Орта ғасырлық символизм. Ояну дәуірінде әлеуметтік және рухани өмірдегі батыл серпілістердің ізгілік мұраттарын қалыптастырудағы мәні. Дара тұлға. Мінез бен әрекет. Тарихи көзқарас. Қайта өрлеу дәуірінің реализмі. Баракко, ояну дәуірінің дағдарысын жинақтау. XII ғ. абсолюттік монархия тәртіптері. Классицизм қағидалары: әсіре асқақтық, үш бірлік ұстанымдары. Шынайы өмірден алшақтау. XVIII ғасырда іргесі қалана бастаған ағартушылық реализм. Білім, парасатты дәріптеу. Тәрбиелік рухтағы романдар. Сентиментализмнің осы бағытпен байланысы. Романтизм -әрі әдеби бағыт, әрі көркемдік әдіс. Феодалдық дүниетанымға қарсылық. Айрықша жағдай, мінездер. Сезімшілдік. Сыншыл реализмнің өмір шындығын қамтудағы мүмкіндіктері. Талдау рухы. Әлеуметтік ұстанымдарының беріктігі. «Кішкене адам» мәселесі. Бейнелеу объектісінің кеңдігі. Ұлттық әдебиетіміздің даму, қалыптасу ерекшеліктері. Батыс еуропа әдебиеті мен қазақ әдебиеті тарихындағы ортақ жағдаяттар мен өзгешеліктер. Социалистік реализм аталатын тұтас әдеби дәуірге шынайы көзқарас. Арзан ұраншылдық пен талантты дүниелердегі айырмашылық. Қазіргі кезеңдегі мифологиялық реализм аталатын бағыттың қыр-сыры. Г.Маркес, А.Карпентьер, М. Астуриас, М.Льоса, т.б. Қазіргі терминология бойынша реализмге жатпайтын әдеби бағыт, бағдарлар. Натурализмнің философиялық негізі – позитивизм. Тәжірибе, ғылыми дәлелділікті ұнатудың себептері. Э.Золяның «Тәжірибелік роман» теориясы. Модернизм ұғымындағы әдебиетке жататын экспрессионизм, символизм, футуризм, сюррерализм, абстракционизм, т.б. тенденциялар. Символизмнің үздік өкілдері: Дж. Джойс, Ф.Кафка, А.Камю, Ж-П-Сартр, А.Сент-Экзюпери сияқты дара талант иелерінің көркемдік ізденістеріндегі ой ағымын жеткізу, адамның жан дүниесін бедерлеудегі, уақыт пен кеңістік диалектикасын игерудегі табыстары. Модернистік дүниетанымы. Ағайынды Гонкурлер мен Э.Золяның импрессионистік қиялдары. Көру, сезіну , оны жеткізудегі қаламгердің өз табиғатына адалдығы. Тек қана суреттеу, бірақ баға бермеу идеясы. Поль Верлен әуезділік туралы. Рене Гильдің еркін өлеңді қолдауы. Символизммен туыстық. Ішкі монологтың (Э.Дюжарден), «сана тасқынының» (М.Пруст) имперессионизм эстетикасының өрбуі. Жан тарихы. Даралық сапалар, көріністерді іздеу. Естілік, әсерлер толқыны. Субъективтілікті дәріптеуші кубизммен (Г.Апполинер) үндестік. Интуитивизм мен фрейдизм және романтизм мен символизм эстетикасынан өріс алған сюрреализм. Өмір шындығы емес, оны көру шындығының маңызы. 1924 жылғы «Сюрреализм» журналындағы манифест. П.Элюар үшін «сапырылыс пен ойсыздықтың» «ақиқаттығы» (А.Бретон). Екінші манифест (1929). Революциялар мен «ғажайыптарға» ғашықтық аңсары. Лирика-негізгі жанр. Антироман өкілдерінің (Ф.Соллерс) сюрреализммен тамырластығы

Ұсынылатын әдебиет: [3], бет, [12],беттер, [24]беттер, [26],беттер, [29]беттер.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет