Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың



жүктеу 168.1 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі168.1 Kb.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Психология және педагогика кафедрасы

«Әлеуметтік педагогика» пәні бойынша


050103, 5В010300 – Педагогика және психология мамандығының студенттеріне арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Павлодар




Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Н.Э.Пфейфер

20__ж. «___»____________


Қ ұрастырушы: ___________п.ғ.к., доцент Б.Х.Галиева


Психология және педагогика кафедрасы

«Әлеуметтік педагогика» пәні бойынша


050103, 5В010300 – Педагогика және психология

мамандығының студенттеріне арналған



әдістемелік ұсыныстар
Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ ж. «___»______________, №__ хаттама


Кафедра меңгерушісі__________ Е.И.Бурдина 20__ж. «____» ________

Гуманитарлы-педагогикалық факультеттің ОӘК мақұлданды

20__ ж. «___»______________, №____ хаттама
ОӘК төрайымы _________ Е.Н.Жуманкулова 20__ж. «____» ________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ ж. «___»______________ №____ хаттама




Пәннің мақсаты – студенттердің өзінің кәсіби іс-әрекетінің әлеуметтік-педагогикалық құрамасын жүзеге асыру үшін оларға қоғамның әлеуметтік мәселелелерінің педагогикалық аспектін меңгерту.

Пәннің міндеті – тұлғаны әлеуметтендіру процесінің педагогикалық аспектісіндегі ғылыми білімдерді қалыптастыру;

  • әлеуметтендірудің негізгі институттарының әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетінің сипаты және ерекшелігі жайлы теориялық және практикалық білімдерді студенттердің меңгеруін қамтамасыз ету;

  • тұлғамен социумда әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың практикалық біліктері мен дағдыларын студенттерде қалыптастыру.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде:

  • әлеуметтік педагогиканың мәні және мазмұны;

  • әлеуметтік педагогиканың пәні, міндеттері, қызметтері, басты принциптері, олардың мәні;

  • адамды қалыптастыруда әлеуметтік-педагогикалық аспекті;

  • тұлғаның әлеуметтік қалыптасуының ерекшеліктері;

  • әлеуметтену үдерісі мен оның мәні;

  • социумдағы отбасының орны мен мәні;

  • мектептегі түрлі әлеуметтік-педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері жөнінде түсінік болу;

  • әлеуметтік-педагогикалық тәжірибенің теориялық-қолданбалы проблемаларын ұғыну және аналитикалық баға беру;

  • бұқаларық ақпарат құралдары материалдарын өз бетімен талдай алу;

  • әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің міндеттерін отбасы, әр түрлі жастағы балалар, тағы да басқа түрлі категориялармен жүзеге асырудың тиімді жолдарын негіздеу;

  • сәйкес технологияны таңдап алу үшін отбасыны, мектепті, қиын балаларды, жас өспірімдерді; ресми емес бірлестіктерді әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің әдістемесін жасау және қолдану біліктері;

  • өздерінің тәрбиелік, диагностикалық, алдын алу, ұйымдастыру, коммуникативтік дағдылары мен біліктерін жетілдіру үшін игерілген теориялық білімдерді тәжірибеде пайдалану тәрізді практикалық машықтары қалыптасуы қажет.

Пәннің мақсаты мен міндеттері орындалу үшін төмендегідей жұмыс түрлері іске асырылуы тиіс.



Дәріске қалай дайындалу керек?

Дәріс алдында онда баяндалатын материал туралы түсінік алу үшін осы дәрістің жоспарымен немесе тезистерімен танысқан жөн. Бұл теориялық материалды едәуір терең меңгеруге және дәріс барысында неғұрлым жемісті жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, нақты тақырып төңірегінде қолданылатын терминдер мен персоналияларды (анықтамалардағы, сөздіктердегі, антологиялардағы белгілі бір тұлға туралы биографиялық мәліметтерді қамтитын мақалаларды) алдын ала зерделеген және көшіріп жазып алған дұрыс. Ұсынылған әдебиеттер тізімінен қажеттісін дербес іріктеп алып немесе оқытушының ұсынысы мен кеңесіне жүгініп, кітаптың (оқулықтың, оқу құралының, анықтаманың) тақырыпқа сай тарауын алдын ала қарап шыққан да абзал. Студент сабаққа неғұрлым жақсы дайын болса, соғұрлым дәріс қызықты және тиімді өтеді.

Дәрістің сұрақ-жауап түрінде өткені өте ұтымды. Егер сіздер оқитын курстың мазмұнымен алдын ала таныссаңыздар, сабақтың нәтижелі болуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, мұндай дайындық пәнді тереңірек түсініп, одан пайда алуға көмектеседі.



Сіздер дәрісті дайындап өткізуге, сабақта қысқаша баяндамалар жасауға, дәріскер ұсынған ақпаратты қосымша қызықты материалмен толықтыруға да белсенді қатыса аласыздар.
Пән тақырыптарының мазмұны

1-тақырьш. Кіріспе. Әлеуметтік педагогиканың қалыптасуы мен дамуы. Әлеуметтік педагогиканың зерттеу объектісі мен пәні. Әлеуметтік педагогиканың әдістері. Әлеуметтік педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.

2-такырып. Әлеуметтік педагогика білім саласы ретінде

Әлеуметтік педагогиканың идеялары мен тәжірибесінің тегі. Әлеуметтік педагогиканың мәні мен мазмұны - өзіндік ерекшелігі бар білім, теория және тәжірибе.

Әлеуметтік педагогиканың категориялары, атқаратын қызметтері, міндеттері. Адам жайлы ғылымдардың ортасындағы әлеуметтік педагогиканың құрылымы мен алатын орны. Әлеуметтік педагогиканың зерттеу әдістері.

3-тақырып. Әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық идеялары мен принциптері

Әлеуметтік-педагогикалық тәжірибеде тұлғалық-іс-әрекеттік, тұлғалық-орталық, ведомствоаралық, мәселелік, жүйелік тұрғыдан қарау. Әлеуметтік педагогикадағы принциптер түсінігі және олардың мәні.

Әлеуметтік педагогиканың әрі ғылым, әрі тәжірибе ретіндегі принциптері. Шарттылық принциптердің негізгі талаптары және өзара байланысы.

4-тақырып. Әлеуметтік-педагогикалық процесс және оны жетілдірудің жолдары

Әлеуметтік-педагогикалық процесс түсінігі, мәні және мазмұны. Әлеуметтік-педагогикалық процестің алғашқы кезеңі (А.В.Мардахаев бойынша). Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігін арттыру жолдары.

5-тақырып. Адамның әлеуметтік дамуының ерекшеліктері

«Тұлғаның әлеуметтік дамуы» түсінігі. Адамды әлеуметтендіру әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде. Адамды әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторлар. Әлеуметтендірудің түрлері, кезеңдері мен басқыштары. Адам өмірінің түрлі кезеңдеріндегі оның жасына қарай әлеуметтендірудің ерекшеліктері.

Әлеуметтендіру тетіктері. Әлеуметтендіру институттары.

6-тақырын. Әлеуметтік тәрбие: мәні және мазмұны

«Әлеуметтік тәрбие» түсінігі. Мемлекеттік (қоғамдық) тұрғыдан әлеуметтік тәрбиенің мәнін және мазмұнын түсінудегі негізгі ұстамдар. Әлеуметтік институттардың ұстамдары тұрғысынан әлеуметтік тәрбиенің негізгі бағыттары.

7-такырып. Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік-мәдени ортасы

Отбасы институтының дамуындағы қазіргі тенденциялары. Отбасының сипаттамасы. Адамның өмірлік іс-әрекетіндегі отбасының негізгі қызметтері, қоғам дамуының түрлі кезеңдеріндегі отбасының өзіндік ерекшелік, тәрбиелік қызметі. Отбасында бала тәрбиелеудің негізгі тетіктері. Қазіргі жағдайдағы отбасылық тәрбие қиындықтары. Отбасындағы тәрбие типтері. Ата-аналар беделі. Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін арттыратын жолдар.

8-тақырып. Оқу-тәрбие мекемелері - өскелең ұрпақты әлеуметтендіру институттары

Тұлғаны әлеуметтендіру үдерісіндегі мектептің рөлі. Мектептің түрлі типтері; мектептен тыс тәрбие мекемелері. Мектеп пен қоғамның байланысы. Қазіргі жағдайдағы оқу-тәрбие мекемелерінің әлеуметтік қызметтерін белсендіру мәселелері.

9-тақырып. Баланың және жасөспірімнің балалық кіші мәдениеті мен әлеуметтік-мәдени әлемі

«Кіші мәдениет» ұғымы. «Балалық кіші мәдениет» түсінігі. Бала дамуының түрлі жас кезеңдеріндегі бала кіші мәдениетінің ерекшеліктері. «Әлеуметтік мәдениет» ұғымы, баланың «әлеуметтік-мәдени әлемі» түсінігі. Балаға тән және дара әлеуметтік-мәдени әлемі. Баланың әлеуметтік мәдениетінің негізгі әлеуметтік-педагогикалық сапалық сипаттамалары.

Баланың, жасөспірімнің әлеуметтік-мәдени әлемінің көріну ерекшеліктері және оны есепке алу қажеттігі. Баланың әлеуметтік-мәдени әлеміне ықпал ететін факторлар.

10-тақырып. Әлеуметтік ауытқулар, олардың себептері және түзетудің жолдары

Педагогикадағы, псхологиядағы, әлеуметтанудағы «норма» түсінігі. «Әлеуметтік норма» түсінігі. Әлеуметтік нормалардың түрлері. Әлеуметтік ауытқулар, оның түрлері.

Ауытқыған, делинквенттік, девианттық мінез-құлық. Адамда девианттық жүріс-тұрыстың қалыптасуы жөніндегі теориялар. Девианттық мінез-құлықтың қалыптаса бастауының кезеңдері. Адамның девианттық мінез-құлқына ықпал ететін факторлар тобы.

Балалар мен жасөспірімдердің девианттық жүріс-тұрысының алдын алудағы және түзетудегі әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі бағыттары.

11-тақырып. Қиын балаларды тәрбиелеудің мәні, себептері, проблемалары

«Қиын балалар», «педагогикалық қараудан тыс қалған балалар», «тәрбиесі қиын балалар» түсініктері. Оларды түсінудегі жалпылық және айырмашылық. Тәрбиесі қиын балалар мәселесі, осы мәселе бойынша бұрынғы зерттеулер (Д.Дриль, Кащенко, Сорока-Росинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский). Тәрбиесі қиын балалардың пайда болу себептері мен мәнін анықтау. Оларды қарастыру тұрғыларының ерекшеліктері.

Қазақстандық ғалымдарының зерттеулері: В.В.Трифонов, Л.К.Керимов, Байсерке, т.б. Балалардың қиын тәрбиеленуінің өзіне тән себептері.

Қиын тәрбиеленушіліктің көріну формалары мен тәрбиесі қиын балалардың проблемалары.

12-тақырып. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет – процесс

Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын анықтау. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің ізгілік және демократиялық сипатын қамтамасыз ету және өзара әсері. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің принциптері.

«Әлеуметтік-педагогикалық технология» түсінігі. Әлеуметтік типтің технология ретіндегі өзіндік ерекшелігі. Әлеуметтік-педагогикалық технологиялардың типтері. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің әдістемесі. «Технология» және «әдістеме» түсініктерінің арақатынасы.

13-такырып. Тұлғамен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі және технологиясы

Тұлғаны диагностикалау әдістемесі. Түрлі категориялардағы балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі. Мектепке бейімделмеудің, әлеуметтік-педагогикалық қорғалмағандылықтың алдын алу. Әлеуметтік ауытқулардың алдын алу. Тұлғааралық қайшылықтардың алдын алу мен түзетудін технологиялары.

14-тақырып. Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі және технологиясы

Отбасынын диагностикалау әдістемесі. Түрлі категориялардағы отбасылармен жұмыс әдістемесі. Әлеуметтік патронаждың және бақылаудың әдістемесі. Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық кеңестің әдістемесі.

15-тақырып. Бала құқығын қорғаудың әлеуметтік-педагогикалық технологиялары

Отбасында баланың тәрбиелену құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау. Кәмелетке толмағандардың мүліктік құқықтарын, балалардың білім алу, денсаулығын қорғау, қабілеттерін дамыту, еңбектік іс-әрекетке қатысу құқықтарын әлеуметтік-педагогикалық қорғау.


Семинарға қалай дайындалу керек?

  1. Әрбір семинар сабағына дайындалыңыз.

  2. Жүйелі әрі жоспарлы дайындық емтиханға қажетті мәліметті жинауға мүмкіндік береді.

  3. Семинарға дайындықты сабақтың жоспарымен және қажетті негізгі және қосымша әдебиеттермен танысудан бастаңыз. Дайындалу үшін дәістің конспектісін, оқулықты және арнайы таңдап алған әдебиетті пайдалану керек. Қойылған сұрақтарға қай әдеби көзден жауап табуға болатынын белгілеңіз. Содан соң оны мұқият оқып, қажетті мағлұматты көшіріп жазып алыңыз.

  4. Сұрақтарыңызды дайындап қойыңыз.

  5. Күрделі және қарама-қайшы мәселелерді оқытушыдан сұрап түсінуге болады, сондықтан оларға зер салып, сұрақтарыңызды тұжырымдаңыз.

  6. Курстас, топтас жолдастарыңызбен бірге дайындалғанның пайдасы зор.

  7. Дәріс немесе монографияның тілімен сөйлеуге әуес болмаңыз.

  8. Бастысы: ғылыми-ұғымдық аппаратты біліп, дұрыс қолдану және бейнелі мысалдар келтіре отырып, материалды еркін баяндай алу.

  9. Ұсынылған әдебиеттер тізіміндегі негізгі әдеби көздерді зерделеумен шектелмеңіз.

Қосымша әдебиеттерді колдана отырып, сіздер ой-өрісіңізді кеңейте аласыздар, зерттеп-зерделеп отырған мәселені жан-жақты және тереңірек түсініп, оған деген әртүрлі көзқарастарен танысасыздар.

Семинар сабақтардың мазмұны


  1. 1. Әлеуметтік педагогиканың пәні, негізгі категориялары мен міндеттері

Әлеуметтік педагогиканың ерекше білім саласы, теория және тәжірибе ретіндегі мәні мен мазмұны. Әлеуметтік педагогиканың негізгі категориялары, міндеттері мен қызметтері.

  1. Әлеуметтік педагогиканың тәжірибе және ғылым ретіндегі принциптері

Әлеуметтік педагогикадағы қағидалар ұғымы мен олардың мәні. Әлеуметтік педагогиканың негізгі қағидаларының жалпы сипаттамасы. Әлеуметтік педагогикадағы қағидалардың талаптары.

  1. Адамды әлеуметтендірудің негізгі концепциялары

Әлеуметтендіру пәнаралық зерттеулер саласы ретінде. Әлеуметтендірудің жетекші отандық, ресейлік және шетелдік тұжырымдамалары. Тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал етуші факторлар.


  1. П.Ф.Каптеревтің педагогикалық процесс жөніндегі ілімі

П.Ф.Каптеревтің тұлғаны рухани-ізгілік қалыптастыру идеясы. Тәрбиелеп оқыту – педагогикалық үдерістің негізі. Каптеревтің педагогикалық теориясындағы тұлғаны жетілдірудің негізгі факторлары. П.Ф.Каптерев ұстаздың кәсіби даярлығы мен тұлғалық қасиеттері туралы. П.Ф.Каптеревтің педагогикалық процесс жөніндегі ілімінің қазіргі педагогикалық теория мен практикада іске асуы.

  1. Тұлғаның әлеуметтік басталуының педагогикасы

Адамның әлеуметтік қалыптасуы. Адамды әлеуметтендіру әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде. Әлеуметтенудің жас ерекшеліктері. Адамның әлеуметтік дамуының көздері мен қозғаушы күштері. Бала тұлғасының әлеуметтік өзін-өзі жетілдірудегі рөлі.

  1. Әлеуметтік тәрбие: мәні және мазмұны

Әлеуметтік тәрбие мемлекет (қоғам) тұрғысынан. Әлеуметтік тәрбие әлеуметтік институттар мен тұлғаның өзінің тұрғысынан.

  1. Отбасы – тұлға әлеуметтенуінің негізгі институты

Отбасы тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік-мәдени ортасы ретінде. Тұлғаны отбасында әлеуметтендірудің проблемалары. Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін арттыру жолдары.

  1. Тұлғаны әлеуметтендірудегі мектептің рөлі

Мектеп тұлғаны әлеуметтендірудің маңызды институты ретінде. Әлеуметтендіру және білім беру. Әлеуметтендіру және тәрбие.

Мектептің тәрбие жүйелері: тәжірибе, дәстүрлер, жаңашылдық, тиімділік критерийлері. Тәрбиелік күштерді біріктіру. Балалар мен жасөспірімдерге білім беру және тәрбиелеу ауқымындағы әлеуметтік саясатты белсендіру проблемасы.

  1. «Балалық кіші мәдениеті» және «баланың әлеуметтік-мәдени әлемі» ұғымдарының мәні. Баланың әлеуметтік-мәдени әлеміне ықпал жасайтын факторлар

Баланың және жасөспірімнің кіші мәдениеті мен әлеуметтік-мәдени әлемі. Балалық кіші мәдениет пен баланың әлеуметтік-мәдени әлемінің маңыздылығын түсінуді қалыптастыру көздері. Бала мен жасөспірімнің әлеуметтік-мәдени әлемін ескеру қажеттілігі мен осы әлемнің көріну ерекшеліктері.

  1. Балалар мен жасөспірімдердің ауытқушылық мінез-құлқы әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретінде

Әлеуметтік ауытқулар, олардың себептері мен оларды жою жолдары. Адамның әлеуметтік дамуындағы норма мен патология. Балалар мен жасөспірімдердің девианттық мінез-құлықтарының алдын алу мен жою бойынша әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі бағыттары.

  1. Конфликт, оны шешудің әдіс-тәсілдері

Балалар мен жасөспірімдер ортасындағы тұлғааралық мәселелер, олардың әлеуметтік-педагогикалық маңызы. Балалар мен жасөспірімдер ортасындағы тұлғааралық қиындықтар мен конфликттерді әлеуметтік педагогика құралдары арқылы шешудің негізгі бағыттары. Жасөспірімдер арасындағы мәселелерді шешудің формалары мен әдістері.


  1. Әлеуметтік-педагогикалық процестің мәні

Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс және оны жетілдіру жолдары. Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс ұғымы, оның мәні мен мазмұны. әлеуметтік-педагогикалық үдерістің негізгі компоненттерінің жалпы сипаттамасы.

  1. Орта педагогикасы, оның мәні

«Орта педагогикасы» ұғымы. Әлеуметтік педагогика орта педагогикасы ретінде. Орта педагогикасы туралы педагог-классиктердің тұжырымдары.

Тәрбиедегі макро- және микроорта. Ортаны педагогикаландыру.

  1. Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі және технологиясы

Әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа технологиялық тұрғыдан келу. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологияларының көптүрлілігі.

Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің әдіснамалық және этикалық қағидалары. Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологияларының сатылары: диагностика, алдын алу, оңалту. Әрбір сатыда қолданылатын әлеуметтік-педагогикалық әдіс-тәсілдер.



  1. Бала құқығын қорғаудың әлеуметтік-педагогикалық технологиялары

Баланың отбасында тәрбиелену құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау. Кәмелетке толмағандардың мүліктік құқықтарын, балалардың білім алу, денсаулығын қорғау, қабілеттерін дамыту, еңбектік іс-әрекетке қатысу құқықтарын әлеуметтік-педагогикалық қорғау. Бейберекет, толық емес, отбасылардағы балалардың, жетім балалардың құқықтарын әлеуметтік-педагогикалық қорғау.

Балалықты қорғау жөніндегі заңнамалық құжаттар. Бала құқығы туралы БҰҰ конвенциясы.


Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалу қажет

1. Өздік жұмыс тиянақтылық пен шығармашылықты талап етеді.

2. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.

3. Өздік жұмыс тек арнайы сабақ кезінде ғана жүргізілмейді, әрбір сабақ студенттің дайын болуын талап етеді, сондықтан оқу бағдарламасының тақырыптық жоспарында көзделген барлық тақырыптарды студент қосымша өздігінен зерделеу керек..

4. Өздік жұмыс ұйымдастыру формалары әр түрлі: жеке білім алушымен, топпен жұмыс, барлық білім алушылармен болады. Өздік жұмыстардың негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары, сын жұмыстары, шығармашылық жұмыстар, рефераттар мен баяндамалар жасау, тәжірибе жасау, тест жұмысын орындау болып табылады. Өздік жұмыс студенттердің білім сапасын көтеруге, қызығушылығын арттыруға, жан-жақтылыққа ұмтылуына, ізденіске жол ашады



Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

  1. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын анықтау.

  2. Тұлғаны диагностикалау әдістемелері.

  3. Әр түрлі категориялардағы балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі.

  4. Отбасыны диагностикалау әдістемелері.

  5. Әр түрлі категориялардағы отбасылармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі.

  6. Балалар және жастар ұйымдарымен, бірлестіктерімен, топтарменӘП жұмыстың әдістемесі мен технологиясы.

  7. Ортаны диагностикалау әдістемесі.

  8. Заттық-кеңістік тәрбиелік ортаны оңалту әдістемесі.

  9. Мақсатты бағдарламалаудың технологиясы.

  10. Қайырымдылық акцияларды ұйымдастыру әдістемесі.

  11. Бос уақыттың әлеуметтік мәні. Оқушылардың бос уакыттық іс-әрекеттерін ұйымдастрыудың негізгі әдістемесі.

  12. Ауытқушылық мінез-құлықтағы балалармен алдын алу және түзету, оңалту жұмыстарының технологиялары.

  13. Мүмкіншіліктері шектелген балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі.

  14. Балалар үйі мен мектеп-интернаттар тәрбиеленушілерін әлеуметтік қорғау.

  15. Конфликттерді шешудің педагогикалық технологиялары.

  16. Әлеуметтену, тәрбие және дамудың арақатынасы.

  17. Философия мен әлеуметтану әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері ретінде.

  18. Отандық және шетел педагогикадағы әлеуметтік-педагогикалық идеялардың генезісі.

  19. П.Наторп әлеуметтік педагогика жайлы.

  20. С.Т.Шацкийдің ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік тәрбие тәжірибесі.

  21. Отандық педагогтардыңеңбектеріндегі жаңа тәрбие идеялары.

  22. Қазіргі тәрбие мәселелерінің жаһандылығы.

  23. Әлеуметтендірудің негізгі факторлары, олардың қазіргі жағдайда көріну сипаты.

  24. Қоғамдық тәрбиенің әлеуметтік қызметтері.

  25. Бұқаралық ақпарат құралдары - әлеуметтендіру факторы.

  26. Қазіргі білім беру жүйесінің әлеуметтік қызметтері.

  27. Жетімдік, оның себептері. Жетім балаларға әлеуметтік-педагогикалық көмектің негізгі бағыттары және факторлары.

  28. Қала және ауыл жағдайларындағыәлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің ерекшеліктері.

  29. Балалық шақты әлеуметтік-педагогикалық қорғау проблемалары және оларды шешу жолдары.

  30. Отбасы институты қазіргі кезеңде, оның дағдарысының негізгі сипаттары және қайта өрлеуінің ықтимал жолдары.


Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Василькова Ю.В. Социальная педагогика: курс лекций: учеб.пособие для студентов высших педагогических учебных заведений. – М.: Академия, 2000, 2008. – 440 с.

  2. Мудрик А.В. Социальная педагогика: учеб.пособие для студентов вузов. – М.: Академия, 2005. – 198 с.

  3. Василькова Ю.В. Методика и опыт работы социального педагога: учеб.пособие для студентов вузов. – М.: Академия, 2004. – 159 с.

  4. Методика и технологии работы социального педагога: учеб.пособие для студентов вузов/ Б.Н.Алмазов, М.А.Беляева, Н.Н.Бессонова; под ред. М.А.Галагузовой, Л.В.Мардахаева. – М.: Академия, 2004. – 191 с.

Қосымша:

  1. Поддубная Т.Н. Справочник социального педагога: защита детства в Российской Федерации/ Т.Н.Поддубная, А.О.Поддубный. – Ростов н/Д: Феникс, 2005. – 474 с.

  2. Никитина Л.Е. Социальная педагогика: учеб.пособие для вузов. – М.: Академический проект, 2003. – 272 с.

  3. Селевко Г.К., Селевко А.Г. Социально-воспитательные технологии: учеб.пособие для специальности «Социальная работа» и «Социальная педагогика». – М.: Народное образование: Школьные технологии, 2002. – 176 с.

  4. Шептенко П.А. Методика и технология работы социального педагога: учеб.пособие для студентов вузов по специальности «Социальная педагогика». – М.: Академия, 2002. – 206 с.








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет