Әдістемелік ұсыныстар мен нұСҚаулықтар



жүктеу 121.85 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі121.85 Kb.

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Гуманитарлық-педагогикалық факультет

Қазақ филологиясы кафедрасы


«Әдебиеттануға кіріспе» пәні бойынша 5В021000 «Шетел филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___»____________

Қ ұрастырушы: _____________ф.ғ.к, доцент Кәріпжанова Г.Т


Қазақ филологиясы кафедрасы
«Әдебиеттануға кіріспе» пәні бойынша 5В021000 «Шетел филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар


Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ Хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________
Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама


ОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________
МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама



Курс бойынша қамтылатын тақырыптар

1-тақырып. Кіріспе. Өнер мен әдебиеттің ерекшелігі. Әдебиет өнер мен ғылымның бір түрі ретінде. Әдебиет басқа өнер түрлерінің арасында. Өнердің пәні мен белгіленуі. Өнер туралы түсінік. Көркем әдебиеттің пәні мен қызметі. Көркем образ туралы түсінік.

Әдебиет жеке ғылым ретінде XIX ғасырда И.Г.Гердердің еңбектерінде пайда болды. Ол кезеңге дейін әдебиеттану философиялық және эстетикалық ойлардың шеңберінде дамыды. Әдебиеттануға XIX ғасырдың ойшылдары: И.Кант, Г.В.Гегель, В.Г. Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов өз үлестерін қосты. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап әдебиеттануда мынадай бағыттар пайда болды: биографилық бағыт негізін салушы Ш.О. Сент-Бев, тарихи-мәдени бағыт – И.Тэн, натуралистік – Э.Золя, салыстырмалы – тарихи – К.Бенфэй, А.Н.Веселовский, психологиялық- А.А.Потебня, әлеуметтік-тарихи – К.Маркс, В.И.Ленин, формальды – В.Б. Шкловский, структурализм – Р.Барт, Ю.М.Лотман, постмодернизм – С.Г.Ильин, философиялық – М.М.Бахтин, культурологиялық – А.Д.Руднев, В.Е.Хализев болды.

Әдебиеттануға кіріспе курсының мазмұны мен міндеттері. Негізгі әдебиеттану пәндерінің өзара бірлігі мен өзара байланысы: теория, тарих және әдебиет сыны, олардың мазмұны мен міндеттері. Қосымша әдебиеттану пәндері: текстология, библиография, тарихнама (историография). Әдебиеттанудың лингвистикамен, тарихпен, философиямен, мәдениеттанумен, этика, эстетикамен байланысы. «Әдебиеттану кіріспе пәннің құрылымы». Пәннің негізгі мақсаты – студенттерге әдебиет тарихы мен фольклорын ары қарай оқу үшін қажетті түсініктер мен терминдер жүйесін құрайтын теориялық білімдер жүйесін жетілдіру, көркем шығарманы талдаудағы ғылыми принциптерді меңгеру. Курстың міндеті: әдебиеттің қоғамдық танымның және өнердің бір түрі ретіндегі ерекшелігін ашу, әдебиеттің негізгі тарихи заңдылықтарын ашу. Көркем әдебиеттің негізгі мәні, әлеуметтік-эстетикалық мағынасы және ерекшелігі туралы мәліметтер.

Көркем әдебиет әлеуметтік саланың бір формасы ретінде. Қоғамдық сана формасының өзара байланысы мен өзара әрекеті. Саясатпен философияның әдебиетке әсері. Әдебиет және дін. Әдебиет және тарих. Әдебиет және география. Өмірді танудың әртүрлі формалары. Суретші мен оқымыстының ойлау ерекшеліктері. Жазушының дүниеге көзқарасы және шығармашылығы. Өнер мен ғылымдағы объективтілік пен субъективтіліктің бірлігі. Ғылыми зерттеу мен көркем шығармадағы мақсат пен мазмұн. Ғылыми тіл және әдебиет тіл.

Әдебиет - өмірді ауызша көркем бейнелеу құралдарымен қайта жаңғыртатын өнер түрі. Ол бейнелеу, көркем, кеңістік және уақыт өнерлерінің қатарынан орын алады. Өмірдің бейнелілік көрінісі әдебиет пен өнердің мәнісі ретінде. Олардың әлеуметтік эстетикалық қызметі, ортақ қасиеттері: авторлық жекелік, сезімталдық, субъективтілік, адамның рухани мүддесіне мұқтаждығына көңіл аудару. Әр өнер түрінің өзіндік ерекшелік қасиеті, олардың басымдығы мен шектелуі. Әдебиет және басқа өнер түрлерінің тілі.

Көркем әдебиеттің объектісі – шындық, яғни біртұтас алғандағы оның әртүрлі құбылыстары, олардың синтездік, көпжақтылық, нақтылық, жалпы маңыздылығы. Көркем әдебиеттің негізгі пәні – адамның қоғамға, табиғатқа, өзіне қатынасы. Көркем әдебиеттің мазмұны мен объектісінің арасындағы айырмашылық.

Әдебиеттің мазмұны-бейнеленген объектінің бірлігімен оларды жазушылардың саналы түрде түсінуі, шындықтың белгілі әлеуметтік-эстетикалық әлемінде көркем бейнеленуі.

Образ - ерекше нақты сезімдік сурет, бейне, форма, үлгі, өмірді суретшінің идеясын, сезімін, қайғысын көрсететін мазмұн мен форманың бірлігі.

Образдың негізгі компоненттері: суреттілік, нақтылық, қорытушылық, адам өмірін бейнелеуі немесе адамның бейнеленген затқа қатынасы, эстетикалық мағынасы мен қиялы. Шындық және оның әдебиеттегі көрінісі. Шын прототип (түп тұлға) мәселесі. Жазушының қиялы мен фантазиясы. Образдағы шарттылық шегі. Образдың біртұтастығы мен толықтығы, оның типтілігі. Образды сомдаудағы жазушының өмірілік тәжірибесінің мәні.

Бөлшек (деталь) көркем жекеленудің құралы ретінде және оның әдеби образды сомдаудағы ролі. Талдап қорыту (типтеу) – образдың маңызды қасиеті. Типтеу формасының көптүрлілігі.

Образдың түрлері: адамдар образы (кейіпкерлер түрлері, басты кейіпкерлері), табиғат (образдар, пейзаждар), жануарлар (анимализмдер), заттар, жағдай (образ-заттар) образдары бар. Бұлай бөлудің шарты образ әдебиетте адам өмірінің қайта жаңғыруы болғандықтан, және басқа барлық образдар суреттер онымен сәйкес келеді. Көркем шығарманың жанрлық ерекшелігі образдың әртүрлі характерін: лирикалық өлеңдегі, очерктегі, романдағы, поэмадағы, драмадағы образын анықтайды.

Әдеби тегіне байланысты шығармадағы образдарды анализ жасау жолдары. Көркемдік критерийлері. Шындықтың айқын көрінісі, бейнелеудің кең көлемділігі, толыққанды типтеу, айқын индивидуалистік, тілдік, бейнеленген сюжетті-композициялық, жанрлық, ритмикалық форманың мүлтіксіздіг. Көріністің өмірлік шындық пен эстетикалық идеалға сәйкес келуі.



Ұсынылатын әдебиет: [1], [2] [4], [5] [10]
2-тақырып. Әдеби шығарма. Әдеби шығарма біртұтас бірлік ретінде. Тақырып, идея, шығарманың мотиві мен проблемасы. Сюжет. Композиция.

Шығарма, цикл, фрагмент. Әдеби шығарманың құрамы. Оның формасы мен мазмұны диалектикалық бірлік ретінде. Кейіпкер және жазушы (кейіпкер және автор). Сана және кейіпкердің өзіндік санасы. Психологизм.Портрет.

Өмір мен өнердегі әсемдік. Эстетикалық туралы түсінік. Негізгі эстетикалық категориялары. Эстетикалық сезім. Эстетикалық талғам. Эстетикалық қабылдау және әсер ету.

Көркем әдебиеттің мазмұны туралы түсінік. Форма туралы түсінік. Көркм шығарманы мазмұн мен формаға бөлу қатыстығы. Әдебиет пен өнердегі форма мен мазмұнның бірлігі мен бөлінбетіндігі, олардың бір-біріне өтуі. Форманың мазмұнға сәкес келуі – көркемдіктің шарты. Көркем форамның байлығы, мәнерлігі, өзіндігі. Сөз форманың алғашқы элементі ретінде. Көркем әдебиеттің эмоционалдығы – мазмұн мен форманың ерекшелігімен анықталды. Өнер мен әдебиеттегі шарттылық мәселесі.

Көркем шығарма тақырыбының пайда болу процесі. Жазушының шындықты тануы. Өмірлік құбылыстарды талдау. Тақырыпты таңдау мен дайындағы дүниеге көзқарастың ролі. Шығарманың бүкіл элементтерінің негізі, құрылымы біріккен түп негіз ретіндегі тақырып пен өмірілік материал арасындағы (бейнелеу объектісі) айырмашылық. Шығарманың негізгі және жеке тақырыптары, тақырыптың өмірілік негізі. Өмірлік тақырыптар. Көркем тақырып біртұтастығы.

Әдеби шығарманың идеялық-мәндік жақтары. Идея жазушының бейнеленгенге қатынасы, бағасы, шығарманың басты ойы. Идея және әлеуметтік-эстетикалық идеал. Идея және түпкі ой. Жазушының дүниеге көзқарасы мен шығармашылық ой мәнісінің арасындағы қайшылық мүмкіндігі. Тақырып пен проблеманың арасындағы, тақырып пен идеяның, тақарып пен шығарма мотиві арасындағы өзара байланыс. Идея және мінез, идея және өмірлік шындық.

Мотив баяндаудың қарапайым бөлінбейтін бірлігі. Мотивтер шығарманың аспектісі ретінде.Тақырыптық, идеялық, проблемалық, ауызша, пафостық мотивтер. Мотив анализдің негізгі бірлігі ретінде.

Сюжет кейіпкердің өзара қатынасының және оқиғалардың жүйесі, шығармадағы даудың нақты орындалуы ретінде. Сюжеттің элементтері. Сюжеттің типтері. Өмірлік даулар және олардың көркем шығарма сюжетіндегі өзіндік көрінісі. Талас - шығарманың негзгі қозғаушы күші. Сюжеттің көркем шығармадағы орны мен ролі. Сюжет және фабула. Әркетпен процессуалдық-поэтикалық әлемнің өзіндік ерекшелігін анықтайтын факторлар.

Сюжет лирикалық шығармаларда. Сюжетсіз шығармалар. «Психологиялық» сюжеттердің негізінде уақиға емес, ойдың, сезімнің, қайғырудың қозғалысы жатады. Сюжет пен мотив мәселесі әдеби салыстыруда.

Композиция – шығарманы құру, образдарының баланысы мен қатынасын ашу мен ұйымдастырудың нақты жүйесі. Сюжет пен композиция бірлігі. Композицияның негізгі элементтері. Шығарма композициясы мен образ композициясы. Шығарма композициясының шындық шығармада бейнеленген ақиқат заңдылықтарымен және көркем әдіспен, идеялық-эстетикалық түпкі оймен, өмірлік материалмен, шығарма жанрымен тұтастығы. Параллелизмдер мен антитезалар шығарманың бір түрі ретінде.

Өмірлік және көркем мотивтілік шығарманың барлық элементтерінің (эпизодтар, образдар, мотивтер), өзара тақырыпқа, идеяға, проблемаға сюжетке тәуелділігі – көркем шығарма композициясына қойылатын талаптар. Сюжет құрудың әртүрлі тәсілдері – көрме орны, ұсталған және кездейсоқ түйін, образдың әртүрлі топтары, әрекеттің эпикалық және драмалық дамуы, шарықтау шегі (кульминация).

Алдын-ала суреттеу, кіріспе және қою эпизодтары, қайта қою, жиектеу. Шығармадағы көрініс пен портреттің ролі.

Кейіпкердің ішкі психологиялық келбетін ашу құралдарының әртүрлілігі. Кейіпкердің негзгі бір қасиетіне бойлау арқылы ішкі бейнесін бейнелеу. Әркет етуші адамдардың ішкі келбетін бейнелеуде жазушылардың қолданатын құралдарының әртүрлілігі: авторлық мінездеме, кейіпкерлердің өзара сипаттамалары, ішкі монологтар, күнделіктер, әрекет, хат жазысу.

Шығарма композициясының жанрлық түр ретіндегі ерекешегі. Көрініс. Зат. Уақыт пен кеңістік. Шығарма композициясындағы уақыт пен кеңістік мәселесі. Ұлы жазушылардың композицияларының шеберлігі.



Ұсынылатын әдебиет: [1], [2] [8], [10] [12]
3-тақырып. Тіл және сөйлеу. Көркем шығарма тілі. Поэтикалық синтаксистік мағынасы (мәні).

Тіл қатынас құралы ретінде, оның қоғамдық қызметі. Сөйлеу, әдеби, поэтикалық тіл. Тілдің көркем шығармадағы ролі. Көркем сөйлеудің стилистикалық ерекшелігі. Сөздің көп мағыналығы. Сөз мағынасы. Сөздің тура мағыналар жүйесі. Көнерген сөздер, неологизмдер, диалектизмдер, жаргондар, вульгаризмдер, варваризмдер. Шығарма тілінің жүйесінде жалпы қолданылмайтын лексика.

Шығармадағы көркем сөйлеу. Көркем сөйлеудің басқа сөйлеу әрекеті формаларымен байланысы. Көркем сөйлеудің құрамы. Авторлық сөйлеу. Диалог және монолог. Көркем сөйлеудің ерекшелігі. Мәтін филологиялық, культурологиялық, семиотикалық аспектіде. Троп түрлері, олардың көркем шығармадағы ролі. Метафора, метонимия, синекдоха, оксюморон, гипербола, литота, аллегория, ирония, перифраза, эвфемизм.

Әртүрлі сөйлеу және өзгенің сөйлеуі. Стилизация, пародия, әңгіме. Реминисценция. Автордың тілі және әрекет етуші адамдардың тілі. Әрекет етуші адамдардың және автордың тіліндегі типтілік және жекелік. Жанрлық өзгешелік және көркем шығарма тілі.

Сөз және интонация. Поэтикалқ сөйлеу тілінің фигуралары: инверсия, анаколуф, анафора, эпифора, қайталма, элипсис, риторикалық сұрақ, қаратпа, жалғаулықсыз, көп жалғаулықты, лептеу, үдеме (градация). Поэтикалық сөйлеудің дыбыстық құрылуы. Дыбыстық қайталамалар: ассонанс, аллитерация.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2] [6], [10] [12]
4-тақырып. Өлеңтану. Өлең құрылысының негіздері. Ұйқас және ұйқас жасау тәсілдері.

Проза және поэзия. Поэзия және өлең. Өлең мен сөйлеу принциптерінің құрылуы. Өлең шығару жүйесі. Буындық өлең шығару. Нәзік өлең шығару (құру). Орысша және қазақша салыстырмалы өлең құрастыру аспектілері. Еркін өлең шығарудың ерекше жүйесі ретінде.

Ритм және өлең. Ритмнің өнердегі, өмірдегі заңдары. Өлеңдегі ырғақтық. Осы ұлттық тілмен байланысқан ырғақты өлеңді құрудағы ерекшеліктер. Өлең шығарудың басқа бір ұлттық тіл жүйесімен және әдебиеттің тарихи даму шарттармен байланысы.

Өлеңмен жазылған метрикалық өлеңдер, размерлер. Үйлесім жәнеикт. Әртүрлі үйлесімдегі өлеңдер (еркін өлең). Екі құрамды метрикалық өлеңдер: ямб, хорей. Пиррихий және спондей. Үшқұрамды метрикалық өлеңдер: дактиль, амфибрахий, анапест. Трибрахий.

Өлеңнің дыбыстық құрылуы. Ұйқас түрлері. Ұйқассыз өлең, ұйқас тәсілдері: тоғысатын, белдесетін және аралас ұйқас. Ішкі ұйқас. Сол ұйқас. Классикалық ұйқас. Шумақ. Шумақ құру тәсілдері. Шумақтың мықты формалары. Абай шумақтары (алтыаяқ, сегізаяқ). Терме, жыр. Терцет, төртжолды өлең, октава, рондо, сонет, онегиндік шумақ.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2] [8], [15] [14]
5-тақырып. Әдеби процесс туралы түсінік. Әдеби дамудың заңдылықтары. Көркем әдіс, әдеби ағым, бағыт туралы түсінік. Көркем әдістің шыңдықты бейнелеу принципі түріндегі түсінігі. Іріктеу, бағалау принципі бойынша, шындықты көрсетудің тәсілі ретінде бағыттар мен ағымдар құру. Әдебиеттегі негізгі бағыттар. Әдіс және стиль. Стильді әртүрлі түсіну. Стиль және творчестволық үлгі (манера).

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2] [8], [11] [15]
6-тақырып. Әдебиеттің тегі, түрі мен жанрлары. Эпос, оның жанрлары мен түрлері.

Әдебиеттің тектік қасиеттерінің қалыптасу және даму тарихы, оның фольклорлық әдет-ғұрып негіздері. Аристотель, Гегель, Белинский поэзияның тегі мен түрі туралы. Тек пен жанрлар бейнелеу формасы ретінде.

Көркем творчествоның тегін жанрлары бойынша ажырату. Көркем творчество жанрының нақты тарихи сипаты. Көркем жанр нақты мазмұнның біртұтас бірлігі ретінде (идеялық-тақырыптық, сюжеттік белгілері) және оның көркем іске асуы (тіл мен композиция ерекшеліктері). Өзара байланысы және олардың арасындағы белгілі шектің шарттылығы. Аралық шектес тектік-жанрлық форма құрылымдарының бар болуы.

Түр жанрдың жеке, нақты көрінісі (отбасылық-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, тарихи роман, әлеуметтік-тұрмыстық, саяси, философиялық драма). Көркем шығарманың жанрлық-түрлік өзгешелігі тақырыптық бағыттылығымен, көлемімен, бейнленген құбылыстарды қамту дәрежесімен, оларды меңгеру сипатымен, бағалаумен, баян етумен анықталады.

Эпикалық мінезді жасау принципетрі. Повесть, әңгіме, роман, эпопея, новелла, ертегі эпостың жанрлық формасы ретінде. Мүмкін синтетикалоық жанрлар: роман-эпопея, роман-менипея, роман-поэма, ертегі-роман, анекдот-роман, дилогия, трилогия. Документтің түрлері – очерк, фельетон, памфлет, күнделік, хат, эссе.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2] [9], [12] [13]
7-тақырып. Лирика, оның жанрлары мен түрлері. Драма, оның түрлері мен жанрлары.

Лирика прозада. Өлеңдер және лирика. Лирика және поэзия. Лирикалық характерді жасау принциптері. Лирикалық кейіпкер туралы түсінік. Лирикалық «мен»-нің мағынасы, лирикадағы объективтік пен субъективтіктің басталуы. Лирикалық жанрлар: ода, элегия, сатира, романс, арнау, эпиграмма, ән. Лиро-эпикалық жанрлар: мысал, поэма, баллада.

Драматургиялық харектердің ерекшелігі. Сахна және сахналық құралдар драматургиялық идея мен образдарды іске асыру құралдары. Талас (конфликт) драманың қозғаушы күші ретінде. Драманың жанрлары: (трагедия, комедия, водевиль, мелодрама, фарс, трагикомедия).

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2] [8], [10] [13]


Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Ќабдолов З. Сµз µнері. Алматы, 1992.

  2. Єдебиеттану терминдерініњ сµздігі. Алматы, 1996.


Қосымша:


  1. Ахметов З.А. ¤лењ сµздіњ теориясы. Алматы, 1973

  2. Ахметов З.А. Казахское стихосложение.

  3. әл-Фараби. Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат. Алматы, 1980.

  4. Винокуров Г.О языке художественной литературы. М., 1991.

  5. Дербісєлин Ә. Әдебиет туралы толѓаныстар. Алматы, 1990.

  6. Байт±рсынов А. Шыѓармалары. Алматы, 1989.

  7. Введение в литературоведение. Хрестоматия. М., 1988.

  8. Введение в литературоведение / Под. Ред. Проф. Г.Н.Поспелова. М., 1976

  9. Головенченко Ф.М. Введение в литературоведение. М., 1976.

  10. Ж±малиев Ќ. Єдебиет теориясы. Алматы, 1959.

  11. Абрамович Г. Введение в литературоведение. М., 1976.

  12. Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. М., 1980.

  13. Словарь литературоведческих терминов. М., 1974




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет