Әдістемелік ұсыныстар мен нұСҚаулықтар



жүктеу 249.54 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі249.54 Kb.

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Филология, журналистика және өнер кафедрасы

«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі (1900-1940)»


пәнінен

050205-«Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған

пәнді оқыту бойынша



ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

(қолы) (аты-жөні)

20__ж. «___»____________


Қ ұрастырушы: _____________ ф.ғ.д., профессор Н.Қ.Жүсіпов

( қолы) (аты-жөні)

Филология, журналистика және өнер кафедрасы

(кафедра атауы)


«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі (1900-1940)»

пәні бойынша

050205-«Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған




Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ Хаттама


Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)

Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды

(факультет атауы)

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________


(қолы) (аты-жөні)


МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама

Курс бойынша қамтылатын тақырыптар
1-тақырып. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріне дейінгі кезеңі (1900-1920).

Қазақстанның Ресей отаршылдығы тұсындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайы. Ресейдегі түрлі демократиялық қоғамдық-әлеуметтік өзгерістер, олардың қазақ даласында көрініс табуы. Европадағы, Ресейдегі ілгершіл ой-идеялардың қазақ зиялылары арасында өріс алуы. ХІХ ғасырдан бастау алған ағартушылық-демократтық идеялардың (Ш.Уәлиханов, Абай, Ы.Алтынсарин) ХХ ғасырдағы қазақ сахарасына кеңінен қанат жаюы.

Отаршылдыққа қарсы күрес идеясының қазақ зиялыларының басты ұстанымына айналуы, қазақ зиялыларының әртүрлі саяси топтарының пайда болуы. Олардың арасындағы ой-идея бірлігі мен алшақтықтар. Бірінші империалистік соғыс және қазақ даласындағы 1916 жылғы уақиғалар. Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі, оған қатысты қазақ зиялыларының көзқарастары. Қазақ зиялыларының қазан төңкерісіне дейінгі идеялық-саяси көзқарастарындағы басты міндеттер. Олардың мәнділігі мен маңыздылығы.

ХХ ғ.б. Қазақстандағы оқу-ағарту мәселелері. Орыс-қазақ мектептерімен қатар мұсылманша оқытудың дұрыс жолға қойыла бастауы. Бұрынғы «қадымша» оқудан «жадидше» оқуға бетбұрыстың белең алуы. «Жадид» әдісінің жетістіктері. Қазақ жастарын оқыту, мектеп мәселелері жөніндегі А.Байтұрсынов ой-пікірлері. Оның жаңа әдіс «төте оқу» жөніндегі ғылыми-педагогикалық ой-түйіндері.

ХХғ.б. кітап басу ісінің жандануы. Жаңашыл сипаттағы, замананың өзекті мәселелерін арқау еткен өміршең туындылардың жарық көруі. Әдеби тілдің қалыптасуы барысындағы ой-пікірлер тартысы. ХХғ.б. қазақ әдебиетінің дамуына орыс, европа классиктерінің (Пушкин, Крылов, Лермонтов, Толстой, Байрон, Гете т.б.) шығармаларының қазақ тіліне аударылуы, таратылуы. Шығыс әдебиетінің қазақ әдебиетіне әсері. Қиссашыл ақындардың (Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек Шайхысламұлы, Шәді Жәңгіров, т.б.) әдебиетке қосқан үлесі. 1909 жылы Петербургта, Уфада басылып шыққан Абай, Ахмет, Міржақып жинақтарының қазақ әдебиетіне өзгеше өріс ашуының мәні мен маңызы.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [10], [13], 11], [14], [27].
2-тақырып. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріндегі алғашқы кезеңі (1920-1940).

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті дамуының екі кезеңге бөлінуінің себептері. Әр кезеңнің өзіндік сипаты.

Қазақстан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы.

Қазақ ақын-жазушыларының Орынбор, Ташкент сияқты орталық қалаларға топтасуы. Олардың арасындағы саяси-әлеуметтік көзқарастарының қайшылықтары. «Сарыарқа», «Абай», «Ақжол», «Шолпан» т.б. басылымдардағы әдеби ой-пікірлер көрінісі. Ұлт азаттығын жырлау жолының күрделенуі, өмірді саяси идеологиядан тыс алып суреттеудің қиындығы. С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев шығармаларындағы дәуір шындығын суреттеудегі ізденістер.

Жиырмасыншы жылдардың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетінің дамуының екі айрық жолға түсуі. Жалпы поэзияда саяси лириканың басым болуы. Тарихи поэмалар, олардың түрлері, көркемдік-идеялық ерекшеліктері. Көркем прозаның дамуы. Драматургия жанрының қалыптасып, дамуы. Трагедия, комедия үлгілері. Қазақстандағы саяси-идеологиялық күрестердің әдебиетке шешуші ықпал жасауы. Әдебиет сынының өріс ала бастауы. Қазақ әдебиетін таптық-идеялық тұрғыдан нығайту жолындағы саяси насихаттың күшеюі. ВКП(б)-ның 1925 жылғы «Партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты» қаулысының ұлт әдебиеті мен мәдениетінің дамуына тигізген кесірі. Жиырмасыншы жылдардың аяғы мен отызыншы жылдардың аяғындағы саяси репрессияның ұлттық әдебиеттің өркендеуіне тигізген кері әсері. Социалистік реализм әдістерінің қазақ әдебиетіндегі алғашқы көріністері. Жиырмасыншы жылдардың басындағы шығармалардың идеялық мазмұны мен көркемдік бітімі. Шолпан Иманбаева, Асқар Тоқмағанбетов, Иса Байзақов, Жақан Сыздықов, Ғалым Малдыбаев, Самат Нұржанов сияқты ақындардың қосылуы.

ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі бағыттар.

Діни-ағартушылық бағыт өкілдерінің қатарына туған халқының мұң-мүддесін жырлауда ұлттық мәселелер төңірегінде ой толғаған, негізінде шығыстық мотивте шығармалар жазған, бұрын «кітаби ақындар» деп аталып келген топқа жататын ақындардың енетіні.

Ағартушылық-демократтық бағыт өкілдерінің дүниетанымы мен көзқарасының ауқымдылығы. Заман өзгерістеріне әр түрлі дәрежеде үн қосуы. Көзқарастарындағы ағартушылық, демократтық идеялардың басымдығы. Ұлт болашағын заман өзгерістерімен тығыз байланыста қарауы. Ел өміріндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, сауатсыздық мәселелерін батыл көтеруі.

Аталған екі бағыттағы әдебиет өкілдеріне ортақ қасиеттер. Олардың шығармаларындағы жалпы ағартушылық мәселесін, ұлт мүддесін көтерудегі үндестіктер. Шеберлік жағынан әртүрлі дәрежеде болуына қарамастан олардың өзара ұқсаса тақырыптарға қалам тербеуі.

Діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет тобындағы ақындар шығармашылығының күрделілік сипаты. Шығармаларының мазмұны, басты белгілері.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [10], [13], [18], [20], [21], [25].
3-тақырып. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңіндегі ақын-жазушылар шығармашылығы. Нұржан Наушабаев (1855-1919). Шәді Жәңгіров (1855-1933).

Нұржан Наушабаевтың діни-ағартушы бағыттың көрнекті өкілі екендігі. Жазба әдебиеттің қалыптасуына қосқан үлесі. «Манзүмат қазақия», «Алаш» кітаптарының ХХғ.б. әдебиетіндегі орны. Өзі өмір сүрген заман жайында, жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік, байлық пен кедейлік жөнінде шығармалар жазуы. Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары. Өмір, тіршілік, оқу, білім мәселелеріне көзқарасы. Өлеңдеріндегі араб, парсы, шағатай тілдерінің әсері. Сапарғалимен жұмбақ айтысының мәні мен ерекшеліктері. Жаңа ұғымдарды пайдаланғаны. Ауыз әдебиеті дәстүрін ұстанғаны. Нұржан «назымдарының» дарынды ақынның өзіндік ізденістері екендігі. Шығармашылығының өнбойына діндарлығының арқау болатындығы. Н.Наушабаев шығармашылығындағы жетістіктер мен кемшіліктердің ара салмағы.

Шәді Жәңгіров – шығыстың озық үлгілі әдебиетінің назирагөйлік дәстүрін берік ұстанған, шығыс поэзиясындағы белгілі тақырыптар мен сюжеттерді өзінше жырлап, идеясы мен мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа, төл туынды жасаған ақын екендігі. Бұл саладағы шығармаларының («Қисса қырық уәзір», «Назим Шоһир дәуіріш», «Қисса Болғәм Бағур», «Хайбар қиссасы», «Халифи һәрун Рашит») мән-мазмұны.

Шәдінің өзіндік төлтума шығармаларының («Ресей патшалығында Романов нәсілінен хүкмынарлық қылған патшалардың тарихтары, һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы», «Келіннің бетін ашатын терме», «Хикаят Орақ- Күлше», «Қарынның жер жұтқан отағасы», т.б.) ХХғ.б. әдебиетіндегі орны.

Шәдінің күнделікті өмірді, қоғас жайын аз жырлап, өткен өмір мысалдары негізінде жалпы адамгершілікті, ізгілікті насихаттайтын шығармалар жазуы. Оның діни ақындығы шығармаларында ертедегі шығыс әдебиетінде қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан көрініс табуы. Жастайынан ел басындағы ауыртпалықты көріп өскен ақынның өлеңдерінде ел билеген әкімдерді, кей байларға тән дүниеқорлық, озбырлықтарды сынап отыруы. Оның «Бөрбас байға», «Отыншы айға», «Бірмолдаға», т.б. өлеңдерінде өмір шындығын көрсетуі. Шәді шығармашылығының ХХғ.б. әдебиеттегі эпикалық жанрды өрістетуде ерекше орны бар екендігі.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [10], [13], [14], [15], [20], [27].
4-тақырып. Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931).

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі екендігі. Мәшһүр Жүсіптің талай тарихи кезеңдерді басынан өткізуі. Өз дәуірінің білімдар, парасатты адамы болғандығы. Мәшһүр атануының себебі.

«Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» (1907) атты кітабында өз дәуірінің сипатын суреттеп, көкейкесті мәселелерді көтере білуі. Қай бір мәселе болмасын ел өмірін жете түсінетін ақын ретінде іргелі ой айтып, әлеуметтік шындық тұрғысынан келетіндігі. Өлеңдерінде ақындық өнерге деген өзіндік көзқарастарының көрініс табуы. «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімес», «Ақ қағаз, қалам, сия келет бізге», «Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді», т.б. өлеңдеріндегі тарихи оқиғаларға, өнердің адам өміріндегі алар орнына деген нақтылы ой-тұжырымдарының болуы.

«Хал-ахуал» (1907) жинағында замана сипатының бірқыдыру кең суреттелуі. Ел ішіндегі жағдайды айта отырып, келеңсіз қылықтарды аша сынауы. Ақынның отырықшылықпен ерте келген кесірлі сипаттарды аша білуі. Өз тұсындағы өмір шындығын шынайы көрсете отырып, жағымсыз образдарды сол ортадан ойып алуы.

«Сарыарқаның кімдікі екендігі» (1907) жинағындағы өлеңдерінде ұл мүддесін көбірек қолдайтыны. Халықты өнер-білімге, оқуға, мәдениеті күшті ел болуға шақыруы. Түркі тектес халықтардың бірлігін жақтауы. Мәшһүр шығармаларында діни уағыз, діни бірлік, дінге деген сүйіспеншілік көбірек көрініс табатыны. Оларда заман шындығының бейнеленуі. Сатиралық үлгідегі «Шайтанның саудасы» өлеңі. Қоғам тазалығы, адамдар санасының жаңаруы идеяларының көтерілуі. Өлеңдеріндегі ағартушылық сарын. Әлеуметтік теңсіздік, байлық, кедейлік жөніндегі ойларының оқшаулығы. Сыншылдық сипаты.

Дастандары туралы мәлімет. Олардың тақырыптық ерекшелігі мен көркемдік деңгейі.

Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы еңбегі. Ол жинаған мұралардың молдығы әрі сан салалығы. Қолжазба түрінде сақталған «Қара мес» атты мұрасы және оның мәні.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [10], [13], [25], [26], [27].
5-тақырып. Мақыш Қалтаев (1869-1916).

Мақыш Қалтаев шығармашылығында діншілдік сарынның басымдығы. Жалпы адамзаттық имандылыққа көбірек үндеуі. Дінді адам жанының рухани тазаруы ретінде ұсынуы.

М.Қалтаевтың «Қалтайұлының қазақ ахуалынан бохас еткен манзұмасы», «Қазақтың айнасы», «Біраз ғибрат сөз», «Насихат қазақия», «Бар оқиға», «Тура жол» атты жинақтарына тән өзіндік ортақ тақырыптар. Татар ақындары З.Кәрими мен Ғ.Рашидиден аударған «Айна», «Сақ сүк» өлеңдер жинағындағы төл туындылық белгілер.

Діни білімнің тереңдігі. Айналасына, қоғам құбылыстарына қатысты көзқарасының күрделілігі. Кезінде заман талабына лайық өз пікірін айта алғандығы. Айналадағы өзгерістердің мәнін пайымдау дәрежесі. Әлеумет ортасындағы теңсіздікті, кемшіліктері сынауы. Бала оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлері. өлеңдерінде адамгершілік пен имандылықты насихаттауы. Шығармаларында алланы сүю, Мұхамметтің үмбеті болу тәрізді діни уағыздарды алға қою басым болуымен қатар, ой астарында өмірдің қиындығына төзу, алланың бергеніне масаттанбау тәрізді адамдық асыл қасиеттерге үгіттеу басымдылығы. М.Қалтаев өлеңдерінде ұлттық мүдде жоғары қойылып, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің жырлануы.

Қалтаев поэзиясында жалаң дидактиканың көрініс беріп қалуы. Ақынның тіл шұбарлығына жол беріп алатындығы. Өмірден түйгендерін, оқыған-білген нәрселерін қарапайым қазақы тілмен ұйқас, ырғаққа түсіріп, баяндау тәсілінде жазуға бейім екендігі. М.Қалтаев поэзиясының идеялық маңыздылығы, мазмұн байлығы, көбіне уақыт тынысын дәл танып, күрделі ойларды арқау еткен пікірлер толғайтыны. Оның өз дәуіріндегі күрделі мәселелерді қозғап, халықты оятуға күш салып, өнер-ғылымды насихаттап, ағартушылық әдебиетке елеулі үлес қосқаны.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [10], [13], [2], [3], [4], [27].
6-тақырып. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931).

Шәкәрім шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі ірі құбылыс екендігі. Шығыс, Батыс шығармашылығын жете танып, терең игерген ақын екендігі. Мұсылмандық ілім-білімді еркін меңгерген, түркі халықтарының тарихын жақсы білген, діни, тарихи тақырыптарға еңбектер жазған («Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлылар шежіресі», т.б.) ғұлама ғалымдығы.

Шығармашылығының басты тақырыптары сол кездегі қазақ қоғамының бар саласын қамтуы. Әсіресе, Абай үлгісін насихаттауда үлгілі еңбек еткені. Алғашқы жинағы «Қазақ айнасындағы» өлеңдері қамтитын тақырыптарының бастысы – адам тағдыры, адам өмірінің мәні, адамгершілік тәрізді философиялық категориялар болуы. Жанға, тәнге, көңілге, өлім мен өмірге байланысты өлеңдерінің молдығы. («Өзіме», «Өмір», «Талап пен ақын», «Адамшылық», «Адам немене», «Көңіл», «Тәңірі мен жан», т.б.) өлеңдеріндегі ой тереңдігі мен ақындық танымның кеңдігі.

Білімдарлығы. Тәрбие алған рухани бастаулары. Өз бетімен білім жинап, Шығыс, Батыс тілдерін мкңгергендігі. Әлемдік әдебиеттің көрнекті өкілдерімен шығармашылық байланыста болуы.

Ойшылдығы. Философиялық түсінік-толғамдары. Өмір құбылыстарына, дінге көзқарасы. Меккеге бару сапары. Лирика жанрында өнімді еңбек еткені. «Сәнқойлар», «Еріншек», «Қазақтың жаманы болмас». Сыншыл сарындағы лирикасындағы ой-толғамдардың, көркемдік құралдардың Абай дәстүрімен үндестігі. «Шын сырым», «Арман», «Жастық туралы» атты шығармалары.

Поэмалары - «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» поэмалары жазба әдебиетке тән тарихи-әлеуметтік, әдеби-эстетикалық талаптарға толық жауап беретіндігі. Поэмаларына айрықша шырай беріп, оның соны сипатын танытатын басты ерекшелік – тарихи дерек пен көркемдік шешімнің үйлесіп жатуы екендігі. Жалпы поэмаларында жеке адам мен қоғам арасындағы қайшылықтың биік деңгейде ашып көрсетілуі.

Шәкәрім аудармасының өзіндік ерекшелігі («Дубровский әңгімесі», «Боран», «Крез патша», т.б.). Шәкәрімнің қазақ прозасындағы үлесі. «Әділ-Мария» романындағы қазақ өмірінің этнографиялық болмысын терең ашуы.

Шығыстың әйгілі шығармасы «Шаһнаманы» аударуы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [10], [13], [5], [6], [7], [27].

7-тақырып. Мұхамеджан Сералин (1872-1920).

Мұхамеджан Сералиннің қазақ халқының ХХ ғ.б. үлкен қоғам қайраткері, белгілі санаткері, көрнекті ақыны, танымал көсемсөзшісі екені. «Топ жарған», «Гүлкәшима» поэмаларының қазақ жазба әдебиетіне үлес болып қосылуы. М.Сералин өлеңдерінің қазақ өмірінің, әлеуметтік тұрмысының шындығын танытатыны («Бай, патша һәм кедей», «Бай, қасқыр, аңшы», т.б.).

«Топ жарған» поэмасында Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің нақты шындығының көрініс табуы. Поэманың басты кейіпкері адай жігітінің бостандықты көксеген ой-арманының Кенесары көтерілісімен желілес берілуі. Поэмада Кенесары-Наурызбай көтерілісін қалың бұқараның жақтауы жек кейіпкерлер сөздері арқылы беріліп, шындықты көрінуі. «Топ жарған» поэмасында Кенесары көтерілісінің қазақ бұқарасының мүддесін қорғаған көтеріліс екендігі қилы тағдырлар тоғысы арқылы көрініс табуы. Поэманың композициялық құрылымының ерекшелігі.

«Гүлкәшима» атты шығармасы (1903) қазақ өмірінен алынып жазылған романтикалық поэма екені. Поэманың негізгі идеясы бас бостандығын аңсаған жастар мен әйел теңдігін жырлау болып табылатыны. «Гүлкәшима» поэмасының махаббаты жырлауда жазба кәсіптік әдебиет дәстүріне сай жазылғандығы. өмір шындығын нақты көрсететін шынайы көркем туынды екені. Ескілікті әдет-ғұрыптарға және қазақ қоғамының кертартпа күйіне бас кейіпкер Баймағанбеттің өлімі арқылы наразылық білдіруі. Поэма сюжетінің авторлық шешіммен жаңа жүйеде құрылуы. Оқиғаның өрбуі көбіне хат арқылы беріліп, авторлық көзқарас арқылы түйінделіп отыруы. Поэманың публицистикалық сипаты. Поэмадағы қазақ тұрмыс-салтының кең көрініс табуы. Поэманың ХХғ.б. қазақ поэзиясының табысы саналуының басты себептері.

М.Сералиннің «Рүстем-Суһраб» поэмасын орыс тілінен аударуы. Аударма жасаудағы өзіндік тәсілдері. Поэманың құрылымдық ерекшеліктері. Поэманың көркемдік тұрғыдан алғандағы кейбір кемшіліктері. Шығыстың классикалық шығармасы «Шаһнаманың» тұңғыш аударылуының тарихи маңызы.

Қазақтың алғашқы журналисі. «Айқап» журналын шығарудағы еңбегі. Журнал арқылы өзінің мақсат-мұраттарын насихаттап жүзеге асыруы. «Айқап» арқылы ұлт мәдениетіне қосқан үлесі. Тақырыбының әр алуандығы. Ел тағдыры, жерді игеру, отырықшылану, білім алу, қала салу идеяларын насихаттау ерекшеліктері. («Қазақ халқының мұқтаждығы», «Біздің бұрынғы һәм бүгінгі халіміз», «Жер әңгімесі» т.б). Мұхаметжанның қоғам өміріне араласуы, қайраткер дәрежесіне көтерілуі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [10], [13], [19], [11], [18], [27].
8-тақырып. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920).

С.Торайғыров шығармашылығының негізгі кезеңдері. «Айқап» журналындағы қызметінің ақындығына әсер етуі. Бұл кезеңдегі өлеңдерінде («Оқып жүрген жастарға», «Талиптарға», «Оқудағы мақсат не», т.б.) мақсаткерліктің басым болуы. Қазақ зиялыларымен араласуының шығармашылығына тигізген әсері.

Ақын шығармашылығының сипаты. Шығармаларының жанрлық, тақырыптық жағынан әр алуандығы. Лирикасы. Өлеңдеріндегі өршілдіктің, романтикалық екпіннің ақын жүрегіндегі жалынды отпен ұштасып жатқандығы. Оқуға, білім алуға, сол арқылы халқына қызмет қылуға ұмтылуы. Табиғатты, әлеуметтік көңіл күйін, жастық пен махаббаты жырлаудағы шеберлігі. Әлеуметтік теңсіздік мәселесін тереңдей жырлауы.

Көлемді туындыларындағы көркемдік, жанрлық озық үлгілер, «Қамар сұлу» романының көркем прозадағы жаңашыл шығарма екені. өмір шындығын суреттеуде, нақты өмірден алынған кейіпкерлер образын сомдауда көркемдік құралдарды тиімді пайдалануы. Ескі мен жаңаның күресін бейнелі беруі. Жаңа заман күрескері ретіндегі Қамар бейнесінің нанымды жасалуы.

«Кім жазықты» романы. Романға үш ұрпақ өмірінің арқау болуы, замана өзгерісіне қарай соңғы ұрпақ өкілдері арасындағы тартыстар мен көзқарас қайшылықтары. Әжібай мен әжібайшыларды тудырған замана шындығының ашылуы, қаладағы өмір арқылы жаңа адамдар образының жасалуы. Романдағы әлеуметтік теңсіздік шындығы және қазақ қоғамының күрделі мәселелері кең түрде алға тартылып, суреткерлікпен көрсетілуі. Романның құрлысы, өлең өрнегі, тіл кестесі.

«Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары. Екі поэманың өзара үндестігі. Бай мен кедей өмірін салыстырмалы бейнелеу арқылы, әлеуметтік теңсіздік арналарының ашылуы. Поэмаларда әлеуметтік теңсіздіктің қыр-сырына терең бойлау, астарын ашу суреткерлікпен шешімін табатыны. Поэмалардың өзара айырмашылықтары. Олардағы басты кейіпкерлер жан-дүниесіндегі қайшылықтар. Құрылымдық жүйелеріндегі ерекшеліктер.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [11], [12], [13], [19], [25], [27].

9-тақырып. Сәбит Дөнентаев (1894-1933).

Өмірі мен шығармашылық ғұмырнамасы. Ағартушылық, демократтық бағытта шығарма жазғандығы. Шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының қалыптасып, дамуына қосқан үлесі.

Поэзиясы. Сәбиттің өлеңдерінде қозғалған тақырыптар. Қазақ еңбекшілерінің тұрмыс-тіршілігінің бейнеленуі. Халыққа білім беру, сауатсыздықты жою, үлгілі мәдениетке шақыру идеясында бірқатар өлеңдер жазғаны. Ел ішіндегі келеңсіз жағдайларды, адамдар арасындағы қарым-қатынас, мінез-құлық көріністеріндегі келеңсіздіктерді сынға алуы. «Заман кімдікі», «Менің жайым», т.б. Абай дәстүрінен үйренуі. «Уақ-түйек» жинағы.

Мысал өлеңдері – «Бозторғай», «Ыбылыс пен шайтан», «Ауырған арыстан», т.б. Өлеңдеріндегі ой тереңдігі. «Қыл», «Ой» шығармалары.

Ақынның өлең-фельетондары. Сәбит публицистикасының тақырып ауқымының кеңдігі. «Көркемтай» әңгімесінің көркемдік жетістігі. Оның прозасының маңыздылығы мен көркемдік ізденістер көрінісі.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [4], [6], [8], [9], [10], [13], [27].
10-тақырып. Ахмет Байтұрсынов (1873-1938).

Ахмет Байтұрсыновтың аса көрнекті қоғам қайраткері, саңлақ санаткер, ірі ғалым-лигвист екені. Шығармашылық және көсемсөздік мұрасының ұзақ жылдар бойы негізсіз жоққа шығарылып келегі.

Қазақ зиялыларының Ахмет Байтұрсыновты қазақтың «рухани көсемі» деп тануы. Ұлт зиялыларының атасы, қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері болғандығы. Оның шығармашылығы. Азаматтық тұлғасы туралы М.Дулатов, С.Сейфуллин, М.Әуезов ой-пікірлерінің тарихи және ғылыми маңызы.

Ахмет Байтұрсыновтың халық ағарту, ғылым саласындағы еңбектерінің мәні. Оқу құралдарын жасау жолындағы қызметі.

Ахмет өміріндегі «Қазақ» газетінің орны. «Қазақ» газетінің бас жазушысы ретіндегі саяси-әлеуметтік, мәдени-ағарту, әдебиет пен өнер жайлы жазған мақаларының құндылығы.

Поэзиясы. «Маса» жинағындағы халықты ояту идеясы. Ағартушылық ойдың молдығы. Өлеңдеріндегі сатиралық сарын. Күрес идеясының, адамдарға өзінің бақыты жолында алға ұмтылуға шақыру ниетінің айқындығы.

Аударма саласындағы шығармашылығы. «Қырық мысал» жинағы. Жинақтың құрылымдық және мазмұндық сипаты. Пушкин, Надсон, Жадовская, т.б. жасаған өлең аудармаларының көркемдік жетістіктері. Аударма жинағының белгілі жүйемен құрылуының өзіндік бет-бағдарды танытатыны. Тақырыбының әр алуандығына қарамай, жинақтағы басты ой-идея ел азаттығы екені.

Көсемсөз саласындағы еңбегі. «Қазақ» газетінде жарияланған сан алуан тақырыптағы мақалалары («Бұ заманның соғысы», «Заман жобасының баяндамасы», т.б.). Әдебиетке қатысты мақалалары.

Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы мәлімет. «Әдебиет танытқыштың» қазақ әдебиетіндегі орны. Тұңғыш теориялық еңбектің дүниеге келуі. Әдебиеттің теориясын жасаудағы жаңалығы.

Ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинап, құрастыруы («Ер Сайын», «23 жоқтау», т.б.)

Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әдебиеті ғылымындағы әдебиеттануды қалыптастырушы ғалым ретіндегі орны. «Әдебиет танытқыш» атты кітабының (1926) бұл саладағы тұңғыш еңбек екені. Зерттеу еңбектегі әдебиеттанудың ғылыми-теориялық бастауын жасап, басты-басты атаулар мен ұғымдардың терминдік негізін ғылыми жүйеге түсірудегі ізденістері. Оның ХХ ғ.б. қазақ әдебиетіне қосқан ұланғайыр арналы үлесінің тарихи мәні. Оның негізін салған азатшыл бағыттың кейінгі жастар шығармашылығында жалғасын табуы. Бүгінгі ғылыми-әдеби зерттеулердегі А.Байтұрсынов шығармаылығына деген жаңаша көзқарастар.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [11], [18], [15], [25], [21], [27].
11-тақырып. Ғұмар Қарашев (1876-1921).

Ұлт-азатшыл бағыттағы көрнекті қоғам қайраткері екендігі. Шығармашылық өмірбаяны. Оқытушылық қызметі. Әдебиет тарихынан алатын орны. Поэзиясында реалистік шындықты жырлау басымдылығы. Тақырыптық тұрғыдан алғанда патшалық Россияның отарлау саясатына қарсылық басымдау жататыны. өлеңдерінде тек жалаң күресті емес, өнер-білім арқылы жүзеге асатын саяси күресті алға қоятыны.

Дәстүрлі поэзиядағы Дулат, Шортанбай сықылды ел надандығын, өзге елден жұқтырған кесапатты қасиеттерді, мінез-құлықтарды сынай отыра, ақынның өзіндік ой айтуы басым екендігі.

Өлеңдері. Поэзиялық шығармаларының реалистік сипаты. Өлеңдеріндегі сыншылдық сарын. Әділетсіздікті әшкерелеуі, елді мәдениет жолына жетелеуі. «Қазақтың байлары мен нашар кедейлері», «Болғанда сыртың бүтін, ішің түтін» шығармалары. Дайын сюжеттер негізінде шығармалар жазуы («Дүние ісі ақіретке кетпес»).

Аударма жанрын дамытуға қосқан үлесі. Орыс классиктері А.Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасын, М.Лермонтовтың «Үш бәйтерек», М.Жуковскийдің «Туған жер» шығармаларын, сондай-ақ И.Крыловтың мысалдарын, Хемницер, Плещеев шығармаларын аударудағы қолтаңбасы.

Ғ.Қарашев поэзиясының өмір-танымға мейлінше тереңдігі. Оның дүние, қоғам және адам, тарих және тарихтағы жеке адам орны туралы толғамдарының терең мәнділігі. Ғұмар Қарашев шығармашылығының ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен алар орны.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [10], [13], [2], [3], [4], [21].

12-тақырып. Міржақып Дулатов (1885-1935). Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931).

Міржақып Дулатовтың ХХ ғасыр бас кезіндегі ірі азаматтық тұлға екендігі. Білімдарлығы. Шығыс пен Батыс әдебиеттерін жетік меңгергендігі. Ел ісіне, саяси қызметтерге араласуы. Әр тұста жазғандарының патша тыңшыларының назарына ілінуі. «Жұмбақ», «Біздің мақсатымыз» шығармалары. Баспасөз өміріне араласуы. «Серке» газетінің ұйымдастырылуына көмегі. «Қазақ» газеті және Міржақып Дулатұлы. Ақындығы. «Оян, қазақ» жинағында отарлық езгіге, қараңғы марғаулыққа қарсы күреске шақыру, халықты ояту идеясын ашықкөтеруі. Кітаптың таралу, танылу тағдыры.Міржақып өлеңдеріндегі отарлық саясатқа қарсы ойдың, ағартушылықидеяның молдығы. «Азамат» жинағы арқылы Міржақыптың шын мәніндегіақындық қуатының танылуы.

Прозасы. «Бақытсыз Жамал» романы. Қазақ әдебиетіндегі таза проза үлгісіндегі роман жанрының туып, қалыптасуынан алатын аса маңызды орны. Роман тақырыбының өз заманының көкейкесті мәселесіне арналуы. Кейіпкерлері. Көркемдік ерекшелігі.

Міржақып қаламына тән реализм. Көркем бояу мен кестелі орамдардың, бейнелі тіркестердің қолданылу ерекшеліктері. Тіл шұрайының деңгейі. Ұлттық көркем прозаның қалыптасып, дамуына үлес болып қосылғаны.

Драматургия жанрындағы шығармалары. «Балқия» пьесасы.

Көсемсөз, аударма салаларында атқарған қызметі. Көсемсөздік мақалаларының молдығы. Ондағы замананың көкейкесті мәселелері көтеріліп, әдебиет пен мәдениетке, тарихқа қатысты құнды материалдар бар екені. М.Дулатовтың қазақтың ұлы тұлғалары жайлы мәліметі мол бірнеше мақалалар жазуы («Хазірет сұлтан», «Хан Абылай», «Абай», «Шоқан Шыңғысұлы Уәлихан», «Ахмет Байтұрсынұлы», т.б.). Әдеби-сын мақалаларының әдебиет сыны тарихындағы орны. Қазақ тілі туралы ой-пікірлері. Жалпы Міржақып Дулатов шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихындағы орны.

Жүсіпбек Аймауытовтың өмір жолы, қоғамдық-саяси, ғылыми-педагогтік және әдеби қызметі. Мәдени өмірге, әдебиетке сіңірген еңбегінің ұзақ жылдар бойы жөнсіз бұрмалануы. Ж.Аймауытовтың қоғамдық-саяси, ғылыми-педагогикалық және әдеби қызметі жөніндегі тарихи шындықтың қалпына келтірілуі.

«Қарт Қожа», «Ақбілек» романдарымен «Күнікейдің жазығы» повесі. Олардың жанрлық сипаты. Тақырыбы мен идеясы. Жазушының сюжет дамыту, образ жасау, композиция құру шеберлігі. Романдарында тарихи шындық пен көркемдік шешімінің бірлік табуы.

«Қанапия мен Шорбану», «Мансапқорлар», «Ел қорғаны» пьесалары. Олардың қазақ драматургиясындағы орны. Тақырыбы мен идеясы, тартыс сипаты. Қаһарман мен оқиға арақатынасын көрсетудегі ұтымды тәсілдері. Кейіпкерлердің сөзі мен ісіндегі өзіндік шеберлік белгілері.

Аудармашылық қызметі. А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, Л.Н.Толстой шығармаларынан аудармалары. Олардың көркемдік деңгейінің жоғарылығы.

Әдебиет мәселелері жайында жазылған мақалалары. «Мағжанның ақындық туралы», «Аударма туралы», т.б. мақалаларында көтерілген әдебиет мәселелері және олардың маңызы мен мәні. Алғашқы мағжантанушы ретіндегі әдебиеттанудағы орны. Әдеби шығарманы талдау, күрделі мәселелерді шешу мәнері.

Ж.Аймауытов шығармашылығы және бүгінгі әдеби процесс. Дәстүр мен жаңашылдық мәселесі. Ж.Аймауытов шығармашылығы мен қазіргі қазақ әдебиетіндегі көркемдік үлгілерге тән ортақ белгілер мен дара ерекшеліктер. Ж.Аймауытов әдеби мұрасының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [6], [14], [13], [9], [10], [18], [27].
13-тақырып. Мағжан Жұмабаев (1893-1938).

М.Жұмабаевтың Абайдан кейінгі қазақтың ұлы ақыны екені. Ұзақ уақыт ақын шығармашылығына біржақты көзқарастың болуы. Мұның басты себебі Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов негізін қалаған азатшыл бағыттан айнымауы болып табылатыны, 20 жылдардағы әдеби айтыстарда өзіндік бағыт ұстануы.

М.Жұмабаевтың сезімнің сыршыл суреткері, лирик ақын екені. Европа әдебиетіндегі ағымдардың ерекшелігін («символизм», т.б.) қазақ әдебиетіне алғашқылардың бірі болып ендіруі. Ақынның махаббат, сезім тақырыптарына жазылған өлеңдеріндегі суреткерлік шеберлігі («Сүй, жан сәулем», «Сен сұлу», «Жұлдызды – жүзік, айды – алқа ғып берейін», «Шолпан», т.б.). Ақын лирикасындағы ел тағдыры мен жер тағдыры, дала мен қала өмірінің салыстырмалы шындығы. Өмір мен өлім жайлы толғаныстарының терең философиялық түйіндеулермен берілуі. Өлеңдеріндегі саз, әуез, ырғақтың келісімді сипат табуы.

Ақынның көркем аударма саласындағы ізденістері. М.Горькийдің «Сұңқар жыры», «Жұртын сүйген жүрек», «Темірді жұмсартқан ана», «Хан мен ұлы» әңгімелерін аударудағы өзіндік ерекшеліктері.

М.Жұмабаев поэмаларындағы ұлт табиғатының даралануы. Ақын поэмаларындағы қазақ тұрмысының өткенін жырлау арқылы, ұлттық мәдениеттің ежелгі арналарының табиғи тұнбасын аршуға ұмтылудың басымдылығы. Аңыздық сюжеттерді өмір шындығымен тұтастыра жырлауға бейімділігі. («Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт», т.б.). Поэмаларында тарихи тақырыпты терең игеруі («Батыр Баян», «Оқжетпестің қасында»). Поэмаларының жанрлық ерекшеліктері, тақырып пен идея бірлігі, сюжеттік желісі мен образдылығы. Поэмаларындағы ауыз әдебиеті үлгілерінің атқаратын көркемдік-эстетикалық қызметі. «Батыр Баян» поэмасында халық трагедиясының жеке бас трагедиясынан жоғары қойылуының мәні. Отандық патриотизмнің жан-дүние, ішкі сезіммен ұштаса жырлануы. Ақынның кейіпкер характерін жасаудағы шеберліктері. Көркем образды ішкі сезім, мінез-құлық, психологиялық иірімдерді ашу арқылы сомдауы.

М.Жұмабаевтың әдеби-сын саласындағы еңбектерінің («Ақан сері», «Әубәкір ақсақал Диваев», «Базар жырау», т.б.) құндылығы. Жалпы М.Жұмабаев шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [10], [11], [12], [13], [19], [27].
14-тақырып. Бернияз Күлеев (1899-1923). Бейімбет Майлин (1894-1938).

Жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі – Б.Күлеев. Ол романтикалық, реалистік бағыттарда жазған. Бейнелеу тәсілі ретінде астарлау, тұспалдау, перделеу, символдарды аса шебер пайдаланған. Оның өлеңдерін М.Жұмабаев лирикаға толы таңғажайып өлеңдер ретінде айтады. Б.Күлеев шығармашылығы ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихында айрықша орын алуға тиісті.

Ақын негізінен өлең өрнектеріне, өлшемдеріне, поэтикасына айрықша көңіл бөлген. Оның көркемдігін көтеру бағытындағы ізденістері әлемдік әдебиетте өтіп жатқан негізгі ағымдармен үндестік байқатады. Жазушы поэзиясында ішкі сезім маңызды қызмет атқарса, оны жайната бейнелеу көркемдік ізденіс мақсаттарымен байланысады.

Қаламгер шығармашылығының басты тақырыбы - Өмір, Өлім. Оны автор метафораларға, күрделі символдарға орай философиялық тереңдікте бейнелейді. Ақын шығармашылығындағы жастық шақ, табиғат сұлулығы, жыл мезгілдері, махаббат тақырыбы айрықша орын алуы. ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындары арасынан бұл тақырыпты ерекше тоқтала, тереңдей тебірене жазған М.Жұмабаевтан басқаларды табу қиын екендігі.

Бернияз шығармашылығын зерттеудегі М.Жұмабаев орны. Б.Күлеевтің алуан түрлі, әрі бай, әдеби мұрасынан әзірше бізге белгілісі 200 шығарма. Толғаулар мен балладалар, поэмалар мен айтыстар және де шағын жырларының тосын сұлулығы.

Аудармалары. Пушкин мен Лермонтовтан аударған шығармаларының дәлдігі, поэтикасының түпнұсқаға ерекше жақындығы.



Бейімбет Майлиннің творчестволық өмірбаяны. Алғашқы өлеңдері.Оның поэзиясындағы еңбек адамының бейнесі. Мырқымбай образы.

Бейімбеттің прозалық шығармалары. «Шұғаның белгісі» (1926) повесі. Оның тақырыбы мен идеясы, тіл көркемдігі. Шығарманың сюжеті мен композициясы.

Жазушының повестері - «Он бес үй», «Қырманда», әңгімелері - «Колхоз қорасында», «Арыстанбайдың Мұқышы» көрініс тапқан өмір құбылыстары.

«Раушан-коммунист» повесі. Жазушының образ жасау шеберлігі. Б.Майлиннің драматургиясы. «Жалбыр», «Біздің жігіттер», «Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі», «Аманкелді» драматургиялық шығармалары. Пьесаларындағы («Шаншар молда», «Ауыл мектебі», «Неке қияр», «Қос қақпан», «Көзілдірік», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей») көрініс тапқан ескіліктің қалдықтары, оны сынаудың мәні, жанрлық ерекшеліктері.

Бейімбет творчествосының қазақ әдебиеттануында бағалануы.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [3], [4], [9], [10], [13], [27].
15-тақырып. Сәкен Сейфуллин (1894-1938). Ілияс Жансүгіров (1894-1938).

Сәкен Сейфуллиннің творчестволық өмірбаяны. Ақынның алғашқы өлеңдері («Жазғы түнде», «Туған ел», «Сағыну», «Нұра», «Кім басшы», «Жайлауда», т.б.). «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағы (1922).

Лирикалық өлеңдері («Сағындым», «Тау ішінде», «Тұлпарым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық», «Ақсақ киік», т.б.). Ақын поэмаларындағы өршіл романтика сарыны («Аққудың айрылуы»). Сәкеннің қазақ поэзиясына жаңа ырғақ, соны ұйқастар әкелуі. «Көкшетау» (1929). Ақын поэмаларына негіз болған өмірлік материалдар. Ақынның халық аңызы желілеріне негіздеп жазған шығармалары, олардың жанрлық сипаты, стильдік беті.

Жазушының прозалық шығармалары. «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық романы (1927). Шығарманың тарихи маңызы, жанрлық, идеялық-көркемдік ерекшеліктері. «Айша» атты повесть, әңгімелер жинағы. Сәкен повестерінің тақырыбы мен проблематикасы.

Сәкеннің драмалық шығармалары («Бақыт жолына», «Қызыл майдан»). Пьесаларының қазақ драматургиясының дамуына тигізген әсері.

Сәкен - қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Қазақ әдебиетінің даму жолдары, әдеби мұра жайындағы еңбектері. «Қазақ әдебиеті» оқулығы. Сәкен творчествосының қазақ әдебиеттану ғылымында бағалануы.

Ілияс Жансүгіров творчествосы. Алғашқы өлеңдері. Қазақ поэзиясында сюжетті поэма жанрының дамуына Ілиястың әсері, қосқан зор үлесі («Кәнпеске», «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» поэмалары). Ақын поэмаларының тақырыбы, сюжеті, композициясы., тілі. Ақынның образ жасау, мінез даярлау шеберлігі.

Прозалық шығармалары. «Жолдастар» романы. Романдағы қазақ аулының революция алдындағы өмірі.

Драмалық шығармалары «Кек», «Турксиб», «Исатай-Махамбет» атты пьесалары. Сауық кештерге, мектеп балаларына арнап жазған «Мектеп», «Колхоз тойы», «Мін де шап» атты бір актілі пьесалары.

«Жол аузында» кітабына енген әңгіме, очерктері. Фельетондар жинағы – «Құқ». Ұсқынсыз мінез-құлықтың сиқын тез көріп, өткір тілмен оңай ғана сатиралық образ жасау арқылы Ілияс сатирик жазушы екендігін де танытады.

«Исатай-Махамбет» - жазушының драматургиядағы үлкен жеңісі. Ресей отаршылдары мен қазақтың хан, сұлтандарының зорлығына қарсы шаруалар көтерілісінің тарихи шындық тұрғысынан суреттелуі. Исатай мен Махамбет образдарының шынайы жасалуы.

І.Жансүгіров – көркем аудармашы. «Таврилиада», «Евгений Онегинді» тәржімалауы.

әдебиет тарихына арналған еңбектері, халық ақындарының шығармаларын зерттеуі, жинап бастыруы. І.Жансүгіров творчествосының қазақ әдебиеті тарихындағы орны., маңызы.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [8], [10], [13], [15], [19], [21].
Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:


  1. «Айқап». –А: Қазақ энциклопедиясы, 1995.

  2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: Оқу құралы.- А: Қазақ университеті, 2002 жыл.

  3. Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде. – А, 1969.

  4. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы. –А, 1988.

  5. Әбдіғазиев Б.Асыл арна. –А: Қазақ университеті, 1992.

  6. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім Шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. – А: Кенже-пресс, 2000.

  7. Әбдіманов Ө. «Қазақ» газеті. –А, 1993.

  8. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. –А, 1964.

  9. Бес арыс. – А: Жалын, 1992.

  10. Бисенғали З. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. –А: Өлке, 1997.

  11. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – А: Ғылым, 1994.

  12. Ерденбеков Б. Әріп ақын. – А, 2001.

  13. Кәкішев.Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. –А: Санат, 1994.

  14. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – А: Білім, 1993.

  15. Кенжебаев Б. Журналист Мұхаметжан Сералин. –А, 1957.

  16. «Қазақ» газеті. – А: Қазақ энциклопедиясы, 1998.

  17. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық. –А, 1965.

  18. Нұрғалиев Р. Ахмет Байтұрсынов. –А, 1991.

  19. Қазақ поэзиясының антологиясы.-А: Ғылым, 1993.

  20. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Хрестоматия.-А: Білім, 1994.


Ќосымша:

21. Байтұрсынов А. Шығармалары. –А: Жазушы, 1989.

22. Дөнентаев С. Ұрпағыма айтарым. –А: Жазушы, 1989.

23. Дулатов М. Шығармалары. –А: Жазушы, 1991.

24. Кердері Әбубәкір. Қазағым. – А: Жазушы, 1993.

25. Көпеев М-Ж. Шығармалары.–А.Ғылым, 1991-1992.

26. Мәшһүр Жүсіп. Шығармалары. – Павлодар, 2003-2007.

27. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. – А: Жазушы, 1988.

28. Торайғыров.С. Шығармалары. –А, 1993.

29. Тұрмағанбет. «Рүстем-дастан». – А, 2004.



30. Ізтілеуов Т.Назым. –А, 1972.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет