Әдістемелік ұсыныстар



жүктеу 247.87 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі247.87 Kb.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Әдістемелік ұсыныстар Ф СО ПГУ 7.18.2/05


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
География және туризм кафедрасы
Пәнді оқытуға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Геоэкология пәні бойынша
050608 – Экология мамандығының студенттері үшін

Павлодар
Пәнді оқытуға арналған Ф СО ПГУ 7.18.1/05

әдістемелік ұсыныстардың

бекіту парағы



бекіту

БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

___________ Қ.Қ.Ахметов

«__»_______________200 ж.

Құрастырушы: аға-оқытушы А. К. Оекенева __________

Пәнді оқытуға арналған



ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Геоэкология пәні бойынша


050608 – Экология мамандығының студенттері үшін
География және туризм кафедрасы

« » 200 ж., хаттама № кафедра мәжілісінде ұсынылды


Кафедра меңгерушісі ______________ А.А.Калиева
Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

« » 200 ж., хаттама №


ОӘК төрайымы __________________ Ұ.Д.Бүркітбаева

Құрылымдық элемент ретінде әдістемелік ұсыныстар студетке белгілі бір бөлігі өз бетімен оқытылатын берілген пәнді оқыту үрдісін оңтайлы түрде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін ұсыныстар мен түсіндірмелер кешені болып табылады.


Әдістемелік ұсыныстардың мазмұны:

  • пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері;

  • пәннің мазмұны

  • пәнді оқытуға бөлінген уақытты жоспарлау және ұйымдастыру;

  • пәнді оқыту бойынша студенттің іс-әрекетінің реттілігі;

  • оқу-әдістемелік кешеннің материалдарын пайдалану жөніндегі ұсыныстар;

  • аралық, межелгі, қорытынды және қалдық білімдерді бақылауға дайындалу жөніндегі ұсыныстар;

  • студенттердің өздік жұмысын орындауға қойылатын талаптар;

  • ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Геоэкология пәні география және экология ғылымдарының ұштасуында қалыптасқан ғылым саласы. Геоэкология курсы географиялық қабықтың геосфераларының немесе ландшафтардың экологиясы деп те түсініледі. Бұл курста табиғи-аймақтық кешендердің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуі, геосфералардың экологиялық қызметтері және олардағы антропогендік жүктеменің әсерінен пайда болатын өзгерістер мен бұзылыстары қарастырылады.



Пәнді оқытудың мақсаты - студенттерде өзара байланысты және өзара тәуелді геосфералардың әлеуметтік қабығымен тығыз интеграциясын зерттейтін пәндер аралық ғылыми бағытының маңыздылығын көрсетіп, геоэкологиялық білімдерді қалыптастыру
Пәнді оқытудың міндеттері:

  • Қоршаған ортаны зерттеудің теориясы мен әдіснамасын қарастыру;

  • Әр түрлі деңгейдегі геожүйелер жөнінде түсінік қалыптастыру;

  • Географиялық қабықтың құрам бөліктерінің ерекшеліктерін сипаттау мен олардың экологиялық қызметтерін көрсету;

  • Химиялық элементтердің табиғи және антропогенді көздерін сипаттау;

  • Қоршаған ортадағы техногенді ағымдардың қалыптасуының шаруашылық әрекетінен тәуелділігін көрсету;

  • Географиялық ортаның құрамындағы қазіргі техносфераның қалыптасуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын айқындау


Студент білу керек:

  • Геоэкологияның терминологиялық базасын;

  • Геоэкологиялық зерттеулердің әдістерін;

  • Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесудің қазіргі концепцияларын;

  • Қазіргі техносфераның қызмет ету заңдылықтарын;

  • Географиялық қабықтың құрам бөліктерінің ерекшеліктері мен экологиялық қызметтерін;

  • Техногенездің дамуының географиялық факторларын;

  • Геоэкологиялық аудандастыру ұстанымдарын;

  • Әлемдегі және Қазақстандағы экологиялық мәселелерді.


Студент істей білу керек:

  • Геожүйелердің әр түрлі иерархиялық деңгейлеріндегі геоэкологиялық үрдістеріне талдау жасау және баяндау;

  • Қоршаған ортаның сапасын зерттеу әдістемесін пайдалану;

  • Қоршаған ортаның сапасын жақсарту бойынша шаралар құрастыру.



Пререквизиттер: Геология, Биология, Физика, Химия, Экология, Топография, Топырақтану
Теориялық курсының мамзұны

1 Тақырып. Геоэкология пәні, оның мақсаттары мен міндеттері

Геоэкология терминінің пайда болуы. Геоэкология пәнінің қалыптасуы, оның мақсаттары мен міндеттері. Геоэкологияның ұстанымдары. Экология ғылымының қалыптасуы. Экологиялық ғылымның құрылымы мен қазіргі кезде қалыптасқан тараулары. Геоэкология және экологиялық геология.

2 Тақырып. Геоэкология мен геологиялық экологияның мазмұны мен нысандары

Геоэкологияның құрылымы мен ғылыми мазмұны. Геоэкология мен экологиялық геологияның негізгі түсініктері мен терминологиялық базасы. Геоэкология мен экологиялық геологияның зерттеулерінің нысандары мен пәні.

3 Тақырып. Геосфералардың геологиялық ролі мен экологиялық қызметтері

Топырақтың (педосфераның) экологиялық қызметтері. Атмосфераның экологиялық қызметтері. Дүниежүізілік мұхиттың экологиялық қызметтері. Мантия мен жер қыртысының экологиялық қызметтері. Литосфераның беткі бөлігінің экологиялық қызметтері.

4 Тақырып. Қазіргі техносфераның қызмет етуінің заңдылықтары

Қоғам мен қазіргі техносфераның өзара әрекеттесу заңдары. Қазіргі техносфераның қызмет етуінің заңдылықтарының жалпы сипаттамасы. Техносфераның қалыптасуы мен дамуындағы техникалық революциялардың ролі.

5 Тақырып. Атмосфераның геологиялық ролі мен экологиялық қызметтері

Атмосфераның басты ерекшеліктері. Атмосфераның пайда болуы мен эволюциясы. Атмосфераның табиғи үрдістердегі ролі. Атмосфералық үрдістердің экологиялық-геологиялық ролі. Атмосфераның антропогенді өзгерістері. Атмосфера мен гидросфераның асидификациясы.

6 Тақырып. Гидросфераның геологиялық ролі мен экологиялық қызметтері

Жердің гидросферасы туралы жалпы мәліметтер. Гидросфераның экологиялық қызметтері. Дүниежүізілік мұхиттың негізгі ерекшеліктері, оның экологиялық қызметтері. Құрлықтық гидросфераның жалпы сипаттамасы. Асидификация мен эвтрофикация үрдістері. Су тапшылығы мен су ресурстарын бақылау

7 Тақырып. Геологиялық ортаның (оның ішінде топырақтың) экологиялық қызметтері

Жердің ішкі құрылысы. Геологиялық орта туралы түсінік. Литосфераның экологиялық қызметтері мен ресурстық қызметі. Жағымсыз геодинамикалық (экзогенді және эндогенді) үрдістер.

8 Тақырып. Биосфера және тірі затының экологиялық қызметтері

Биосфераның негізгі ерекшеліктері. Оның құрылысы мен дамуы. Тірі заттардың экологиялық қызметтері. Биологиялық әртүрлілік пен биоиндикация. Биосферадағы заттар айналымдары (биосфералық және биологиялық)

9 Тақырып. Геосфераларға ғарыштық-планетарлық әсер ету үрдістері

Геосфераларға ғарыштық-планетарлық әсер ету үрдістері. Ғарыштық радиация. Ғарыштық-геологиялық үрдістер

10 Тақырып. Дамудың әлеуметтік-экологиялық факторлары мен олардың геосфераларға әсер етуі

Халық саны геоэкологиялық фактор ретінде. Халық географиясы мен табиғи ресурстар. Тұрақсыз биосфера мен тұрақты даму.

11 Тақырып. Техногенездің дамуының географиялық факторлары

Техногенездің дамуының географиялық факторлары. Климаттық факторлар. Эолдық фактор. Геоморфологиялық фактор.

12 Тақырып. Техногенездің дамуының гидрогеологиялық факторлары

Жер асты гидросферасы орналасқан тау жыныстарының коллекторлық қасиеттері. Флюидтердің миграциясындағы жер асты гидросферасы тау жыныстарындағы жарықтардың ролі.

13 Тақырып. Техногенездің дамуының технологиялық факторлары

Ресурс сыйымдылығы мен энергия сыйымдылығы техногенездің дамуындағы технологиялық факторының индикаторы ретінде. Салалық өнеркәсіптік техногенез (қара металлургия, түсті металлургия, химиялық өндіріс, мұнай өңдеу кешені, микробиологиялық өнеркәсіп, орман кешені)

14 Тақырып. Табиғи-антропогенді жүйлердің геоэкологиялық астарлары

Урбандалудың геоэкологиялық ерекшеліктері. Су ресурстарын басқару. Геологиялық ортаны басқару.

15 Тақырып. Геоэкологиялық зерттеулердің әдістері мен ұстанымдары

Геоэкологиялық зерттеулердің әдістері. Геоэкологиялық карталау. Орташа масштабты геоэкологиялық зерттеулер мен карталаудың негізгі ұстанымдары
Сарамандық сабақтардың мазмұны
1 Тақырып. Геоэкология мен геологиялық экологияның мазмұны мен нысандары


  1. Жер туралы ғылымдардағы экологиялық мәселелер.

  2. Биологиялық ғылымдардағы экологиялық мәселелер.

  3. Географиядағы экологиялық мәселелер.

  4. Топырақтанудағы экологиялық мәселелер.

  5. Геологиядағы экологиялық бағыт.

2 Тақырып. Геосфералардың геологиялық ролі мен экологиялық қызметтері



  1. Әлеуметтік-экономикалық факторлардың геосфералардың қызмет етуіне тигізетін әсері. Халық саны өсуінің әсері.

  2. Табиғи ресурстарды тұтынудың өсуінің әсері.

  3. Ғылыми-техникалық революцияның қоршаған ортаға тигізетін әсері.

  4. Жылу энергетикасының кері әсері..

3 Тақырып. Қазіргі техносфераның қызмет етуінің заңдылықтары



  1. Химиялық эволюцияның кезеңдері мен фазалары (табиғи және табиғи-техногенді кезеңдері).

  2. Химиялық элементтердің дамуының техногенді немесе урботехникалық кезеңі.

  3. Химиялық қарудың қоры мен қоймалары.

  4. Қазіргі энергетикалық дағдарыс.

  5. Табиғатты пайдалану мен техносфера.

4 Тақырып. Атмосфераның геологиялық ролі мен экологиялық қызметтері



  1. «Булы жай» эффектісі мен озон қабығының бұзылуы.

  2. Озон тесіктерінің пайда болуының биологиялық салдары.

  3. Климаттың ғаламдық өзгеруінің табиғи салдары.

  4. Климаттың ғаламдық өзгеруінің әлеуметтік-экономикалық салдары

5 Тақырып. Гидросфераның геологиялық ролі мен экологиялық қызметтері



  1. Әлемдік мұхиттағы табиғи үрдістердің геологиялық әсер ету мен экологиялық салдары.

  2. Әлемдік мұхиттағы антропогенді әрекет нәтижесінде қалыптасатын ғаламдық және аймақтық экологиялық салдары.

  3. Құрлық гидросферасымен түсіндірілетін қолайсыз экологиялық салдары мен олардың геологиялық ролі.

  4. Құрлық гидросферасына антропогенді әсер етудің экологиялық салдары

6 Тақырып. Геологиялық ортаның (оның ішінде топырақтың) экологиялық қызметтері



  1. Топырақ және оның экологиялық қызметтері.

  2. Топырақтың жалпы сипаттамасы.

  3. Топырақтың металдармен ластануы.

  4. Топырақтың көміртексутектермен ластануы.

  5. Жер бетінің қатты қалдықтармен ластануы.

  6. Топырақтың радионуклидтермен ластануы.

7 Тақырып. Биосфера және тірі затының экологиялық қызметтері



  1. Биосферадағы заттар айналымы.

  2. Көміртегінің, азоттың, фосфордың, күкірттің, сынаптың, қорғасынның, оттегінің айналымдары.

8 Тақырып. Геосфераларға ғарыштық-планетарлық әсер ету үрдістері



  1. Геосфераларға ғарыштық-планетарлық әсер ету үрдістері.

  2. Ғарыштық радиация.

  3. Ғарыштық-геологиялық үрдістер р.

9 Тақырып. Дамудың әлеуметтік-экологиялық факторлары мен олардың геосфераларға әсер етуі



  1. Халық саны геоэкологиялық фактор ретінде.

  2. Халық географиясы мен табиғи ресурстар.

  3. Тұрақсыз биосфера мен тұрақты даму.

10 Тақырып. Техногенездің дамуының географиялық факторлары



  1. Айналымдағы ауа массаларының құрамында техногенді заттардың миграциясының жүру барысы.

  2. Жауын-шашын, тұман, атмосфералық аэрозольдар.

  3. Сел ағындары, жылжымалар мен т.б. экзогенді факторлар.

  4. Тау жыныстары мен қар опырылымдары.

  5. Гидрологиялық фактор

11 Тақырып. Техногенездің дамуының гидрогеологиялық факторлары



  1. Жер асты гидросфераның техногенезі.

  2. Гидрохимиялық провинциялардың қалыптасу факторлары (географиялық зоналылық немесе климаттық, құрылымдық-литологиялық т.б.).

12 Тақырып. Техногенездің дамуының технологиялық факторлары

  1. Техногенез нәтижесінде қалыптасатын табиғи-антропогенді жүйелер.

  2. Антропогенді ландшафтардың негізгі сыныптары мен түрлері.

  3. Аграрлық ландшафтар. Геотехногенді ландшафтар.

  4. Геоэкосоциожүйелер туралы түсінік

13 Тақырып. Табиғи-антропогенді жүйлердің геоэкологиялық астарлары

  1. Ауыл шаруашылық өндірісінің геоэкологиялық салдары.

  2. Энергетиканың геоэкологиялық ерекшеліктері.

  3. Өнеркәсіп пен көлік жұмыстарының геоэкологиялық салдары.

14 Тақырып. Геоэкологиялық зерттеулердің әдістері мен ұстанымдары



  1. Геоэкологиялық зерттеулердің пайда болуы мен дамуы.

  2. Геоэкологиялық зерттеулердің әдістері.

  3. Геоэкологиялық болжау. Геоэкологиялық модельдеу.

  4. Геоақпараттық технологиялардың құрылымы, қызметтері мен жұмысы.


Пәнді оқытуға бөлінген уақытты жоспарлау және ұйымдастыру

Пәнді оқыту мен студенттің өздік жұмысына берілетін уақыт көлемін жоспарлау оқу жұмыс жоспары мен элективті пәндер тізімдемесіне сәйкес құрастырылған пәннің жұмыс бағдарламасындағы тақырыптық жоспар бойынша бөлінеді. Пән бір семестр бойы (15 апта) оқытылады.




ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



р/с




Тақырыптың атауы


Сағаттар саны


Дәріс

Сар.

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Геоэкология пәні, оның мақсаттары мен міндеттері

2

-

-

2

Геоэкология мен геологиялық экологияның мазмұны мен нысандары

2

2

6

3

Геосфералардың геологиялық ролі мен экологиялық қызметтері

2

2

6

4

Қазіргі техносфераның қызмет етуінің заңдылықтары

2

2

6

5

Атмосфераның геологиялық ролі мен экологиялық қызметтері

2

2

6

6

Гидросфераның геологиялық ролі мен экологиялық қызметтері

2

2

6

7

Геологиялық ортаның (оның ішінде топырақтың) экологиялық қызметтері

2

2

6

8

Биосфера және тірі затының экологиялық қызметтері

2

3

6

9

Геосфераларға ғарыштық-планетарлық әсер ету үрдістері

2

2

6

10

Дамудың әлеуметтік-экологиялық факторлары мен олардың геосфераларға әсер етуі

2

3

6

11

Техногенездің дамуының географиялық факторлары

2

2

6

12

Техногенездің дамуының гидрогеологиялық факторлары

2

2

6

13

Техногенездің дамуының технологиялық факторлары

1

2

5

14

Табиғи-антропогенді жүйлердің геоэкологиялық астарлары

1

2

5

15

Геоэкологиялық зерттеулердің әдістері мен ұстанымдары

1

2

5

БАРЛЫҒЫ:

27

27

81



СӨЖ мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Көлемі, сағат

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Жазбаша жұмыс

Сабаққа қатысу

27

2

Сарамандық сабақтарына дайындық

Жазбаша жұмыс

Ауызша сұрау

27

3

Терминологиямен жұмыс жасау

Глоссарий

Ауызша сұрау

17

4

Бақылау шараларына дайындық




ШБ, ШБ, коллоквиум

10

Барлығы

81


Пәнді оқыту бойынша студенттің іс-әрекетінің реттілігі
Осы пән бойынша студеттің оқу үрдісі аудиторлық: дәріс, тәжірибелік сабақтардың тақырыптарын бірте-бірте зерделеуге тіреледі. Дәріс сабақтары негізінде студент сарамандық сабақтарға дайындала бастайды. Соған қоса, белгілі бір тақырыпты тереңірек зерттеу үшін студент СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқауларға сәйкес өз бетімен тапсырмаларды орындайды.

Ағымдағы үлгерімді бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес оқытушы ОСӨЖ сабақтарында студенттен аталған жұмыстардың орындалуын қабылдайды, ағымдағы және рейтингілік бақылау өткізеді.

Орынды себеппен студент белгілі бір сабақтарды босатқан жағдайда, студент жаңа материалды ОСӨЖ сабақтарында өтей алады, осы жағдайда босатқан күн үшін қойылатын баллдар төмендетілмейді. Егер студенттің сабақты босатудың себебі құжатпен расталмаса, осы жағдайда үлгерім баллдары курстың саясатына сәйкес төмендетіледі.

Белгілі бір тақырып бойынша мәліметтерді нақтылау үшін студент кафедрада бекітілген кестеге сәйкес оқытушының кеңес сағаттарына қатыса алады.

Курсты аяқтағанда студент осы пән бойынша қорытынды білімдер бақылауынан өтеді.
Оқу-әдістемелік кешеннің материалдарын пайдалану жөніндегі ұсыныстар
Пәнді оқыту бойынша оқу үрдісін жүзеге асыру үшін оқытушы пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрастырады. Оған студентке қажетті құжаттар: жұмыс бағдарламасы, студентке арналған пән бағдарламасы, студенттің сарамандық жұмыстарды орындауға арналған, өздік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, студенттердің білімдерін бақылау материалдары кіреді. Студенттің қолында берілген тапсырмаларды орындау және орындау мерзімдерін байқау және білімдерін бақылау үшін студентке арналған бағдарлама және студенттің өздік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар болу керек.
Аралық, межелгі, қорытынды және қалдық білімдерді бақылауға дайындалу жөніндегі ұсыныстар

Пәнді оқыту барысында студенттердің білім нәтижелерін анықтау үшін бақылаудың келесі түрлері бар: аралық, межелгі, қорытынды және қалдық білімдерді бақылау.

Студенттердің білімдерін аралық бақылау оның осы пәннің белгілі бір тақырыбын оқу бойынша жүргізіледі. Студент бақылауға барлық сабақ түрлері (дәріс, сарамандық, өздік жұмыс) бойынша және СӨЖ орындауға арналған ӘН-да ұсынылған әдебиеттер бойынша дайындалады.

Бірінші межелгі бақылауда №1-3 тақырыптарын қамтитын сұрақтар қойылады. Екінші рейтингте №4-6 тақырыптарының мәліметтері тексеріледі. Білімдердің аралық және межелгі бақылауы бақылау үшін қойылатын баллдар көрсетілген ағымдағы үлгерімді бақылау шараларының кестесі бойынша жүргізіледі.



Қорытынды бақылау емтихандарды өткізу жөніндегі бекітілген кесте бойынша өткізіледі. Емтихан ауызша түрде, яғни үш сұрақтан тұратын билеттер бойынша жүргізіледі. Қалдық білімдерді бақылау 25 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары түрінде жүргізіледі.
«Геоэкология» пәні бойынша № 1 ағымдағы бақылау

  1. Геоэкология терминінің пайда болуы.

  2. Геоэкология пәнінің қалыптасуы, оның мақсаттары мен міндеттері.

  3. Геоэкологияның ұстанымдары.

  4. Экология ғылымының қалыптасуы.

  5. Экологиялық ғылымның құрылымы мен қазіргі кезде қалыптасқан тараулары.

  6. Геоэкология және экологиялық геология.

  7. Геоэкологияның құрылымы мен ғылыми мазмұны.

  8. Геоэкология мен экологиялық геологияның негізгі түсініктері мен терминологиялық базасы.

  9. Геоэкология мен экологиялық геологияның зерттеулерінің нысандары мен пәні.

  10. Топырақтың (педосфераның) экологиялық қызметтері.

  11. Атмосфераның экологиялық қызметтері.

  12. Дүниежүізілік мұхиттың экологиялық қызметтері.

  13. Мантия мен жер қыртысының экологиялық қызметтері.

  14. Литосфераның беткі бөлігінің экологиялық қызметтері.


«Геоэкология» пәні бойынша № 2 ағымдағы бақылау



  1. Қоғам мен қазіргі техносфераның өзара әрекеттесу заңдары.

  2. Қазіргі техносфераның қызмет етуінің заңдылықтарының жалпы сипаттамасы.

  3. Техносфераның қалыптасуы мен дамуындағы техникалық революциялардың ролі.

  4. Атмосфераның басты ерекшеліктері.

  5. Атмосфераның пайда болуы мен эволюциясы.

  6. Атмосфераның табиғи үрдістердегі ролі.

  7. Атмосфералық үрдістердің экологиялық-геологиялық ролі.

  8. Атмосфераның антропогенді өзгерістері.

  9. Атмосфера мен гидросфераның асидификациясы.

  10. Жердің гидросферасы туралы жалпы мәліметтер.

  11. Гидросфераның экологиялық қызметтері.

  12. Дүниежүізілік мұхиттың негізгі ерекшеліктері, оның экологиялық қызметтері.

  13. Құрлықтық гидросфераның жалпы сипаттамасы.

  14. Асидификация мен эвтрофикация үрдістері.

  15. Су тапшылығы мен су ресурстарын бақылау


«Геоэкология» пәні бойынша № 3 ағымдағы бақылау

  1. Жердің ішкі құрылысы.

  2. Геологиялық орта туралы түсінік.

  3. Литосфераның экологиялық қызметтері мен ресурстық қызметі.

  4. Жағымсыз геодинамикалық (экзогенді және эндогенді) үрдістер.

  5. Биосфераның негізгі ерекшеліктері. Оның құрылысы мен дамуы.

  6. Тірі заттардың экологиялық қызметтері.

  7. Биологиялық әртүрлілік пен биоиндикация.

  8. Биосферадағы заттар айналымдары (биосфералық және биологиялық)

  9. Геосфераларға ғарыштық-планетарлық әсер ету үрдістері.

  10. Ғарыштық радиация.

  11. Ғарыштық-геологиялық үрдістер


«Геоэкология» пәні бойынша № 4 ағымдағы бақылау


  1. Халық саны геоэкологиялық фактор ретінде.

  2. Халық географиясы мен табиғи ресурстар.

  3. Тұрақсыз биосфера мен тұрақты даму.

  4. Техногенездің дамуының географиялық факторлары.

  5. Климаттық факторлар. Эолдық фактор. Геоморфологиялық фактор.

  6. Жер асты гидросферасы орналасқан тау жыныстарының коллекторлық қасиеттері.

  7. Флюидтердің миграциясындағы жер асты гидросферасы тау жыныстарындағы жарықтардың ролі.

  8. Ресурс сыйымдылығы мен энергия сыйымдылығы техногенездің дамуындағы технологиялық факторының индикаторы ретінде.

  9. Салалық өнеркәсіптік техногенез (қара металлургия, түсті металлургия, химиялық өндіріс, мұнай өңдеу кешені, микробиологиялық өнеркәсіп, орман кешені)

  10. Урбандалудың геоэкологиялық ерекшеліктері.

  11. Су ресурстарын басқару. Геологиялық ортаны басқару.

  12. Геоэкологиялық зерттеулердің әдістері.

  13. Геоэкологиялық карталау.

  14. Орташа масштабты геоэкологиялық зерттеулер мен карталаудың негізгі ұстанымдары


«Геоэкология» пәні бойынша № 1 межелік бақылау


  1. Жер туралы ғылымдардағы экологиялық мәселелер.

  2. Биологиялық ғылымдардағы экологиялық мәселелер.

  3. Географиядағы экологиялық мәселелер.

  4. Топырақтанудағы экологиялық мәселелер.

  5. Геологиядағы экологиялық бағыт.

  6. Әлеуметтік-экономикалық факторлардың геосфералардың қызмет етуіне тигізетін әсері. Халық саны өсуінің әсері.

  7. Табиғи ресурстарды тұтынудың өсуінің әсері.

  8. Ғылыми-техникалық революцияның қоршаған ортаға тигізетін әсері.

  9. Жылу энергетикасының кері әсері..

  10. Химиялық эволюцияның кезеңдері мен фазалары (табиғи және табиғи-техногенді кезеңдері).

  11. Химиялық элементтердің дамуының техногенді немесе урботехникалық кезеңі.

  12. Химиялық қарудың қоры мен қоймалары.

  13. Қазіргі энергетикалық дағдарыс.

  14. Табиғатты пайдалану мен техносфера.

  15. «Булы жай» эффектісі мен озон қабығының бұзылуы.

  16. Озон тесіктерінің пайда болуының биологиялық салдары.

  17. Климаттың ғаламдық өзгеруінің табиғи салдары.

  18. Климаттың ғаламдық өзгеруінің әлеуметтік-экономикалық салдары

  19. Әлемдік мұхиттағы табиғи үрдістердің геологиялық әсер ету мен экологиялық салдары.

  20. Әлемдік мұхиттағы антропогенді әрекет нәтижесінде қалыптасатын ғаламдық және аймақтық экологиялық салдары.

  21. Құрлық гидросферасымен түсіндірілетін қолайсыз экологиялық салдары мен олардың геологиялық ролі.

  22. Құрлық гидросферасына антропогенді әсер етудің экологиялық салдары

  23. Топырақ және оның экологиялық қызметтері.

  24. Топырақтың жалпы сипаттамасы.

  25. Топырақтың металдармен ластануы.

  26. Топырақтың көміртексутектермен ластануы.

  27. Жер бетінің қатты қалдықтармен ластануы.

  28. Топырақтың радионуклидтермен ластануы.



«Геоэкология» пәні бойынша № 2 межелік бақылау


  1. Биосферадағы заттар айналымы.

  2. Көміртегінің, азоттың, фосфордың, күкірттің, сынаптың, қорғасынның, оттегінің айналымдары.

  3. Геосфераларға ғарыштық-планетарлық әсер ету үрдістері.

  4. Ғарыштық радиация.

  5. Ғарыштық-геологиялық үрдістер р.

  6. Халық саны геоэкологиялық фактор ретінде.

  7. Халық географиясы мен табиғи ресурстар.

  8. Тұрақсыз биосфера мен тұрақты даму.

  9. Айналымдағы ауа массаларының құрамында техногенді заттардың миграциясының жүру барысы.

  10. Жауын-шашын, тұман, атмосфералық аэрозольдар.

  11. Сел ағындары, жылжымалар мен т.б. экзогенді факторлар.

  12. Тау жыныстары мен қар опырылымдары.

  13. Гидрологиялық фактор

  14. Жер асты гидросфераның техногенезі.

  15. Гидрохимиялық провинциялардың қалыптасу факторлары (географиялық зоналылық немесе климаттық, құрылымдық-литологиялық т.б.).

  16. Техногенез нәтижесінде қалыптасатын табиғи-антропогенді жүйелер.

  17. Антропогенді ландшафтардың негізгі сыныптары мен түрлері.

  18. Аграрлық ландшафтар. Геотехногенді ландшафтар.

  19. Геоэкосоциожүйелер туралы түсінік

  20. Ауыл шаруашылық өндірісінің геоэкологиялық салдары.

  21. Энергетиканың геоэкологиялық ерекшеліктері.

  22. Өнеркәсіп пен көлік жұмыстарының геоэкологиялық салдары.

  23. Геоэкологиялық зерттеулердің пайда болуы мен дамуы.

  24. Геоэкологиялық зерттеулердің әдістері.

  25. Геоэкологиялық болжау. Геоэкологиялық модельдеу.

  26. Геоақпараттық технологиялардың құрылымы, қызметтері мен жұмысы.



Студенттердің өздік жұмысын орындауға қойылатын талаптар

«Геоэкология» пәнін оқыту екі бөліктен тұратын оқу іс-әрекетінің орындалуын дорамалдайды: оқытушының сутеднттерді оқыту және студенттердің өздік жұмысы.



Студенттердің өздік жұмысы аудиториялық жұмыспен қатар оқу үрдісі түрлерінің бірі және оның маңызды бөлігі болып табылады. Соңғысы өздік жұмыс өз бетімен жұмыс істей икемділіктерін қалыптастыру және оқу, ғылыми іс-әрекетін жүзеге асыру, кез келген істе жауапкершілікпен қарау, өз бетімен мәселелерді шешу, конструкциялық шешімдер қабылдау, күйзеліс азуалдан шығу жолдарын табу т.б. қабілеттерді қалыптастыру және дамытуға арналғанымен анықталады.

Өздік жұмыс тек студенттің дербестігін ғана емес, ол жеке адамның қалыптасуындағы, маманның қалыптасуындағы маңызды буыны екенін ескерген жөн. Ол адам мінезінің белгісі ретінде дербестік қасиетін тәрбиелейді. Басқа біреуден алынған ешбір білімдер, студент өзі тәжірибелік жұмыс жасамай, нақты құндылығы бола алмайды. Өздік жұмысы барасында оқушының шығармашылық мүмкіншіліктері дамиды.

Осылайша, өздік жұмыс оқыту жұмысының барлық түрлердің міндеттерінің логикалық аяқталуын іске асырады.

Өздік жұмыс – бұл оқытушының әдістемелік басшылығымен, бірақ оның қатысуынсыз жасалынатын студенттің жоспарланған жұмысы. Сабақ жүргізетін оқытушы студенттердің өздік жұмысын ұйымдастырады, бағыт береді, қажетті көмек көрсетеді. Бірақ студенттің өөздік жұмысы оқытушы бақылайтын жұмыстың көлемінен аспау керек және студенттің кәсіби мамақдықты игеру үшін қажетті білім алу мақсатымен жасалынады. Қажетті жағдайда оқытушы осы мақсаттың қалыптасуына түзетулер енгіу мүмкін.

Өздік жұмыстың негізі ретінде ғылыми-теориялық курс, студент өзі алған білімдер кешені болып табылады. Ақпаратты алу мен меңгерудің ең негізгі, үнемді түрі, жоғары оқу орнындағы теориялық білімдердің негізгі көзі – дәріс болып табылады. Ол басқа оқу түрлерінің өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Дәріске дайындалу студенттің өздік жұмысының түрлерінің бірі болып табылады. Оқу материалын жақсы меңгеру үшін студенттерге дұрыс және жоспарлы жұмыс жасау икемділігін қалыптастыру керек. Дәрістің алдында бұрыңғы өткен сабақтағы материалды қарап шығу керек. Бұл пән бойынша бұрын алынған білімдерді еске түсіруге көмектеседі. Соған қоса, бұрыңғысын да, жаңа мәліметтерді де жақсы есте сақтауға, тереңірек түсінуге жағдай жасайды, себебі бұл кезде бұрыңғы және жаңа білімдер арасындағы байланыстар орнатылады, ал бұл материалды меңгерудің қажетті шарты болып келеді.

Дәрісте тек жаңа материал берілмейді, ғылыми зерттеу әдістемесі мен өз бетімен жұмыс жасау, әртүрлі құбылыстарды талдау икемділіктері меңгеріледі.

Дәрісте барлығын жазудың қажеті жоқ. Ең бастысын таңдап, қысқаша тезис түрінде тіркеп алған жеткілікті. Ал пәнді түсінбей, негізгісін таңдау мүмкін емес. Дәріс жазуының болуы материалды еске түсіруге, жаңа материалды түсінуге мүмкіндік береді, себебі дәріс кезінде түсінбеген жерлерін кейін ойластырып түсінуге болады.

Дәрісті жақсы меңгеру деген сөз – бұл: 1) тақырыпты білу; 2) осы курстағы мағынасы мен мәнін түсіну; 3) жоспарды білу; 4)бастысын, негізгісін көрсете білу; 5) мысалдар мен суреттердің мәнін меңгеру; 6) жаңа білімдерді бұрын алған білімдермен байланыстыра білу; 7) алынған мәліметтерді пайдалану мүмкіншілігі мен қажеттілігін түсіну.

Дәрісте жұмыс жасау ережелері:


  1. әрбір пән бойынша дәрістерді жеке дәптерге жазған жөн;

  2. жиектерде ескертулер үшін орын қалдырған жөн;

  3. дәріске қатысу үшін оған алдын ала дайындалу керек, бұл дәріс барысында бастысын қосымшадан айыруға мүмкіндік береді;

  4. дәрісті басынан бастап жазу керек, себебі басы барлық тақырыптың түйіні болу мүмкін;

  5. дәрісті толығымен жазу мүмкін емес болғандықтан бастысын, негізгісін көрсететін өрнектерді, анықтамаларды, сызбаларды, қиын жерлерін, ойларды, мысалдарды, фактілерді жазып алған дұрыс;

  6. қысқаша түрде жазу керек;

  7. дәріс барысында жұмыс күйін сақтап отыру керек.

Пәнді оқытуда теориялық материалды оқу дәріске дайындалумен және дәрісте жұмыс істеумен шектелмейді. Курстың дәріс бөлігі басқа жұмыс түрлерімен байланысты: реферат жазу, сарамандық, зертханалық жұмыстармен, пән бойынша емтихан тапсырумен тығыз байланысты.

Студенттің оқу және өздік жұмысының нәтижесіне төмендегілер жатады:



  1. Білімдерді қалыптастырудағы әдіснамалық негіздерін түсіну;

  2. Оқу курсының басты құрылымдарын көрсету;

  3. Осы саладағы оқу құралдарын қалыптастыру;

  4. міндеттерді шешу және ахуалдарда шешім табу әдістемелерін құру.



Әдебиет
Әдебиет

Негізгі:

1 Ананичев К.В. Проблемы окружающей среды, энергии и природных ресурсов. – М.: Прогресс, 1975

2 Генсирук С.А. Рациональное природопользование. – М.: Лесная промышленность, 1979

3 Егоренков Л.И., Кочуров Б.И. Геоэкология. – М.: Финансы и статистика, 2005

4 Иноземцев А.А., Щербаков Ю.А. Использование и охрана ландшафтов. – М.: Росагропромиздат, 1988

5 Карлович И.А. Геоэкология. – М.: Альма-Матер, 2005

6 Миланова Е.В., Рябчиков А.М. Географические аспекты охраны природы. – М.: Мысль, 1979

7 Родзевич И.А. Геоэкология и природопользование. – М., 2004

8 Ясаманов Н.А. Основы геоэкологии. – М.: Академия, 2003

Қосымша:

9 Бурлибаев М.Ж. Методические рекомендации по проведению комплексных обследований и оценке загрязнения природной среды. – Алматы, 2001

10 Геоэкология Павлодарской области. – Павлодар: ПГУ им. С.Торайгырова, 2003

11 Семин В.А. Основы рационального использования и охрана окружающей среды. – М.: Высшая школа, 2000



12 Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. – Алма-Ата: Санат, 1995

13 Царегородцева А.Г. Пойменные ландшафты Павлодарского Прииртышья: Учеб.пособие.-Павлодар:ПГУ им. С.Торайгырова,2003.-75с.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет