Әдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы



жүктеу 119.19 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі119.19 Kb.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы

Әдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Машина жасау және стандарттау кафедрасы

5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығының студенттеріне


Метрология пәнінен
зертханалық сабақтарына арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстарды және нұсқауларды, әдістемелік ұсыныстарды, әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_________ Пфейфер Н.Э.

20 ж. «___»________



Құрастырушы __________ аға оқытушы Искакова Д. А.

Машина жасау және стандарттау кафедрасы

Метрология пәні бойынша

5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығының студенттеріне зертханалық жұмыстарына арналған
Әдістемелік нұсқаулар және ұсыныстар

20 ж. «___»______ кафедра отырысында ұсынылған № _______ хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Ықсан Ж. М.

(қолы)
Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған __________________ 20 ж. «__» __________ № ____ хаттама

ОӘК төрағасы ____________ Ахметов Ж.Е. «___»________20 ж.

(қолы) (күні)



ҚҰПТАЛҒАН:

ОӘБ бастығы _________ Варакута А.А. «___»__________ 20 ж.

(қолы) (күні)
Университет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

«___» ______________ 20 ж. № _____ хаттама.


Зертханалық сабақтардың тізімі мен тақырыптары

Зертханалық жұмыстардың мақсаттары - дәріс материалын терең бекітуі, стандарттау, метрология, сертификаттау тәртібі, өнім сапасын көрсеткіштерін талдау сұрақтарын шешу және стандарттаудың нормативті негізін толық оқып білу

Зертханалық сабақтарына келесі тақырыптар беріледі:


  1. 1 тақырып – Өлшеу құралдарын тексеру.

  2. 2 тақырып – Ұзындықтың соңғы шамалары.

  3. 3 тақырып – Өлшеу құралдарының қателігі ұғымы, оларды жіктеу.

  4. 6 тақырып – Пішіндердің және беттердің орналасу ауытқұларын анықтау.



Барлық тақырыптарға арналған.

Тетіктердің өлшемдерін штангенқұралмен және микрометрлік құрылғымен бақылау
2.1 Тәжірибелік жұмыстың мақсаты:

- микрометрлік құрылғылармен және штангенқұрал құрылғысымен олардың техникалық және метралогиялық берілгендерімен танысу;

- өлшеу тәсілдерін және әдістерін меңгеру;

- өлшемдерді өңдеу нәтижесінде тәжірибеге ие болу.


2.2 Аспаптар және саймандар
Бұл тәжірибелік жұмыста келесі аспаптар мен саймандар қолданылады:

  • штангенциркульдер ІІІ-ШЦ, ШЦ-I (МЕСТ 166 - 80);

  • ШГ штангентереңдік өлшеуіштер (МЕСТ 162 - 80);

  • штангенрейсмастар ШР (МЕСТ 164 - 80);

  • МК микрометрлер (МЕСТ 6507 - 78);

  • ГМ микрометрлі тереңдік өлшеуіштер (МЕСТ 7470 - 78).


2.3 Жалпы мәліметтер
Тағайындалуы бойынша барлық өлшенетін аспаптар және құралдар арнайы және әмбебапты болып бөлінеді. Әмбебапты өлшейтін аспаптар көп түрлі тетіктерді өлшеуге арналған. Ал арнайы тек қана жеке параметрлерге немесе белгілі бір тетіктерді өлшеуге арналған. Сыңдарлы белгілері бойынша әмбебапты аспаптарды және құралдарды екіге бөлуге болады:

- қосалқы межелікпен сызықталған құралдар (әмбебапты бұрышөлшеуіш және штанген құралдар; -микрометрлі құралдар );

- механикалық –иінтіректі құралдар (көрсеткіш) және т.б.;

- әмбебапты өлшеу құралдары және аспаптар, олардағы меншікте сурет немесе нүкте түріндегі белгілер бар болуымен сипатталады. Жабдықтарды өлшеу үшін келесі негізгі метрологиялық көрсеткіштер орнатылған;

- екі көршілес межеліктер белгілер арасындағы аралық-межеліктер бөлімі;

- екі көршілес меншік белгі осі арасындағы ара қашықтық межеліктер бөлімінің ұзындығы (1 немесе 0,5 мм);

- шамалар белгісінің әртүрлілігі екі көршілес межеліктің белгісіне сәйкес келетін межеліктердің бөліну саны.

Мысалы, микрометрлік аспаптардың бөліну мөлшері 0,01 мм-ге тең, яғни атанақтың бұрылысы кезінде микрометр сабағының бойлай сызықшасына қатысты бір сызықшадан екіншісіне дейін микрометрлік буранда 0,01 мм-ге орын ауыстырды;

- межелік бойынша тікелей есептеуге болатын ең үлкен және ең кіші өлшемдердің белгісі -өлшеу шегі. Тексерілетін тетіктің бетіндегі байланыс жеріндегі өлшенілетін ұштығының әсер күші (микрометрде нк тәріздес өлшенілетін тежеуіш 700 ± 200 сН жіберіледі) - өлешенілетін күш.


2.4 Штангенқұралдар
Штангенқұралдар деп конусты және межелікті қармаққа негізделген сызықты өлшем өлшеу жабдығы-межелік бөліну санының бүтін және бөлшек шама есебі үшін қосымша межелікті айтамыз.

Штангенқұралдарға жатады: штангенциркулдар, штангенте-реңдіклшеуіштер және штангенрейсмастар. Штангенқұралдармен ол- өлшеудің тура және абсолютті тәсілі. Штангенциркулдер тереңдіктің сыртқы және ішкі өлшемдердін өлшеуге арналған, сонымен қатар белгіленген жұмысты штангенциркулді хромдолған тотбаспайтын инструментальды және құрылымды болаттан жасайды. Өлшенілетін беттің қаттылығы 50 - 60 НRС. Штангенциркулды МЕСТ 166 – 80 0,05 және 0,1 мм межелік бойынша есеп беру мәнімен келісе отырып жасайды. Келесі түрде: ШЦ-І екіжақты тереңдік өлшеуішпен; ШЦ-І –біржақты, қатты балқымамен жабдықталған ШЦ-ІІ –екіжақты; ШЦ-ІІІ –біржақты (2.1-сурет). Барлық штангенциркуль құрылғысының негізгі бөлігі болып жақтауша, қосалқы межелік, жақтаушаның қысқышы, межелік қармақ болып саналады. Штангентереңдікөлшеуішті есептеу мәнді МЕСТ 162 - 80-ге сай 0,1 және 0,5 мм межелік бойынша және 0,5 мм бағытталған есеп берумен дайындайды (ТУ-2-034-620-84) (2.2-сурет). Штангентереңдік өлшеуіште жалпақ өлшенілетін бетті, 1 негіз бар. Негізбен қоса 8 қосалқы межелікпен бүтіндей 3 жақтауша жүргізілген, 6 қарнақ микрометрлік межелікпен жақтаушада негізге перпендикулярлы орын ауыстырады. Тереңдікөлшеуіш микрометрлік беріліс механизмімен жабдықталған. Штангенрейшастар белгілердің өлшемдерін көлемді және биіктікті өлшеуге арналған. Штангенрейшастарты МЕСТ 164-80-ге сай 0,1 және 0,5 мм межелік бойынша есеп берудің мәнімен дайындайды.




а) ШЦ-II; б) ШЩ-III.

1 – жылжымайтын өлшеу еріндері; 2 – жылжыйтын өлшеу еріндері; 3 – жақтауша; 4 – жақтаушаны қысқыш; 5 – қарнақ; 6 – қосалқы межелік; 7 – тереңдікөлшеуіштің сызғышы; 8 – микрометрлік берілістің жақтаушасы; 9 – микрометрлік берілістің сомыны және бұрандасы; 10 – микрометрлік берілісті жақтаушаларды қысқыш.


2.1-сурет – Штангенциркульдердің түрлері

1 – негіз; 2 – өлшеу табаны; 3 – белгілеу табаны; 4 – жақтауша; 5 – қосалқы межелік; 6 – микрометрлі берілісті жақтауша; 7 – қарнақ; 8 – сомын және микрометрлі берілісті бұранда; 9 – өлшенетін табан; 10 – белгіленген табан.
2.2-сурет – ШГ түрді штангентереңдікөлшеуіш
Штангенрейшастар 4 жақтаушаның 8 микроберіліс механизмімен және 4 қосалқы межеліктің межелігімен жақтауша орын ауыстыратын 7 қармаққа жоғары қарай бекітілген 1 негізден тұрады. Қажет болған жағдайда жақтаушаға қоныт тоқтатқыш бұранда көмегімен өлшенетін немесе белгіленген табандарды бекітеді. Ал шешілетін табанда екі өлшенілетін беті бар. Үстіңгісі – ішкі өлшемдерді өлшеу үшін, ал астыңғысы сыртқы өлшемдерді өлшеуге арналған. Штангенрейшастартың межелігі бойынша берілген есеп берудегі ішкі өлшемді өлшеген кезде өлшенілетін табанның биіктігін қосады.

Тетіктерді өлшеуді және белгілеуді тақтада жүргізеді.

Штангенрейсмастардың негізгі бөліктері ретінде бөліну саны 1 мм-ді межелік –сызғыш және есептеу дәлдігі 0,1 ;0,05, 0,02; және т.б. болатын сызғыш бойынша орын ауыстыратын қосымша межелік болып саналады. Қосалқы межелік көмегімен есептеу үшін қосалқы межеліктің 0-дік бөлу мөлшерінің алдында мм-лердің бүтін санын негізгі межелік бойынша анықтайды. Содан кейінгі қосалқы межелігінің қай сызықшасы негізгі межеліктің сызықшасына жақын басатынына сәйкес қосалқы межелік бойынша оған мм-дің біліктерінің санын қосады. 2.3-суретте мысалы қарастырылады.

а) 0,1 мм; б) 0,05мм шамасымен штангенаспаптарда көрсеткішті оқу үлгісі
2.3-сурет – Қосалқы межелік бойынша
2.5 Микрометрлі құралдар
Микрометрлік құралдарға: микрометрлер, микрометрлік тереңдік өлшеуіштер және іш өлшегіш, сыртқы, ішкі өлшегіштерді: кенерлер және тереңдіктердің, биіктіктерін тура және абсолютті байланыс әдістерімен өлшеуге арналған иінтіректі микрометрлер.

Осы құралдардың жұмыс істеу мақсаты берілістегі микробұранданың айналу қозғалысын түзу үшін бұрандасы жұптарды (бұранда – соның) пайдалануға негізделеген микрометрлік құралдардың бөлу саны 0,01 мм олар келесі түрде шығарылады:

МЖ – жылтыр;

МБ – бетті;

НҚ – құбырлы;

МТ – тіс өлшегішті: МС-сымдар үшін;

НЖБ – жұмсақ бұйымдар үшін;

МБН – бұрандасы;

НТ – үстелге тігінен;

МБ – үстелге көлденеңнен;

мот. 19005 – санды электронды есептеулермен (2.4-сурет).

а) МЖ – жылтыр; б) МБ – бетті; в) МҚ – құбырлы; г) МВП – жұмсақ материалдар үшін; д) ТӨ – тереңдік өлшеуіш; е) МТ – үстелге тігінен.
2.4-сурет – Микрометрлі құралдар түрлері
МЖ тәріздес жылтыр микрометрде (2.5-сурет) бір жағынан қозғалмайтын табаншыққа баспаланған 8 қапсырнасы бар, ал қапсырманың екінші жағында, 4 сабағы және 5 атанақ, 3 микробұранды құратын және 6 тырсыл механизмді микрометрлі бастиегі бар. Қажетті жағдайлардағы микробурананың бекітілуі 7 қысқышты бұранданамен іске асады 25 мм-ден жоғары шекті өлшеуден микрометрдің төменгі шегін өлшеуді тексеру қондырғылық 2 өлшем көмегімен жүзеге асады.




1-сабақ, 2-атанақ, 3-қапсырма, 4-микрометрлі бұранда, 5-табанша, 6-сытырлағыш, 7-тоқтатқыш, 8-қондырғы өлшем.


2.5-сурет – МЖ түрді жылтыр микрометр
Микрометрдің есеп беру құрылғысы екі межеліктен тұрады: (2.4-сурет, б). Шеңберлік және бойлық. Бойлық межелікте 2-кі сызықшалы қатары бар. Бұл сызықшалар көлденең сызықтың 2-кі жағында, біреуі екіншісіне қарағанда 0,05 мм-ге жылжыған сабақшада орналасқан. Шеңберлі межелікте 50 бөлгіші бар және атанақта орналасқан. Бойлай межелік бүтін және 0,5 мм-ді санайды, ал шеңберлі межелікте мм-дің 10-дық және 100-дік бөліктерін есептейді.

МБ-түрді бетті микрометр таспаның және беттің қалыңдығын өлшеуге арналған. Жылтыр микрометрден айырмашылығы, ол атанақпен қосылған жылжымайтын дөңгелек циферблатпен және бағыттауыштың көрсеткішімен жабдықталған. Табаншаның өлшенетін беті шар пішіндес болады.

МК түрді құбырлы микрометр. Құбыр қабырғасының қалыңдықтарын өлшеуге арналған. Қуысы бар шар тәріздес табаншақпен және қапсырмалар пішінімен ерекшелінеді.

МВП түрді жалпақ қойылымы бар микрометр. Жұмсақ және ворсистық заттарды өлшеуге арналған

МГ түрді столды микрометр – сағаттың және құрылыс қондырғылардың салаларында қолданылатын аса үлкен емес қатаңдықты, габариті аз тетікті өлшеуге арналған.

ТӨ түрді микрометр- тереңдік өлшеуіш, ойықтың тереңдігін және биіктердің кемерін, тесіктерді өлшеуге арналған.

НМ түрді микрометрді ішөлшеуіш – 2-кі нүктелі схемалы ішкі өлшемді өлшеуге арналған. Ондағы бір нүкте қозғалмайды, ал екіншісі өлшеу кезінде қозғалады. Онда бірнеше ұзартқыш бар.
2.6 Жұмыстың орындалу тәртібі

2.6.1 Штангенциркульмен тетктің өлшемін өлшеу.

Есеп беруге штангенциркулдің негізгі техникалық берілгенін жазып алу.

Өлшеуге және сызбаға жататын тетікпен танысу. Есеп беруде тетіктің эскизін орындау.

Білік элементінің цилиндр тәрізді бетін өлшеу керек, және таза матамен жақсылап сүрту керек. Штангенциркулді сүрту керек. Өлшенетін тетік білігінің осін өзінен қаратып үстелге қою. Біліктің цилиндр тәрізді бетін тетік сызбасында көрсетілген жердің диаметралды қиылысуымен штангенциркулдің губкасымен алу.

Штангенциркулдің көрсеткішін шешіп, оны есеп беруге жазып алу.

Тетіктің жарамдылығына қорытынды жасау. Егер тетіктің сызбасы бойынша өлшемі жоғары және төмен шектен шықпай, әр бағытта өлшенетін және диаметрдің нақты өлшемін бермесе, онда тетік жарамды болып есептеледі.

Штангенциркулді қалыпқа келтіріп, қорапқа салу.

2.6.2 Микрометрмен тетікті өлшеу.

Микрометрдің негізгі техникалық берілгенін есеп беруге жазып алу.

Өлшеуге және сызбаға жататын тетікпен танысу. Есеп беруде тетіктің эскизін орындау.

Білік элементінің цилиндр тәрізді үстіңгі бетін таза матамен сүрту.

Микрометрді сүрту. Микрометрдің 0-ге орнықтырылғанын тексеру.

Микробұранданы қалыпты жағдайға қойып, микрометрді сол қолмен табанша жағындағы қапсырмадан алып және өлшенетін тетіктің сызбасы бойынша берілген номиналды өлшемінің көмегіне қарағанда 0,5 мм-ден жоғары көрсетілетін өлшемінің сызық сабағының атанақтың астынан межелікте көрсетілгенге дейін оң қолмен сағат тіліне қарсы сытырлағанға дейін микробұранданы бұраймыз (2.6-сурет).


2.6-сурет – Межелік микрометрі бойынша 12,45 мм есеп беру


Диаметралды қиылысу бойынша микробұрамдаманы және білікті өлшенетін цилиндір тәрізді бетінің табанын өлшенетін бетінен алу. Ол үшін:

- өлшенетін тетіктің білік осін өзіне қаратып үстелге қою;

- сол қолмен микрометр табанының жанындағы қапсырмадан ұстап алып, оң қолмен тырсылдағышты алып және микрометрді тетікке орналастырған кезде оның білігінің өлшенетін беті өлшенетін беті өлшенетін осьта болу керек.

Оң қолдың бармақтарымен тырсылдағышты өзіңнен бастап бұрау және 2-3 рет, тырсылдағыш бұралғандай.

Микробұранданың және табанның арасы қосылғанға дейін біліктің бетіне микробұранданы орнату.

Микрометрдің көрсеткішін шешу. Көрсеткіштің жалпы көлемі llm , lcm – сабақтың межелігі бойынша есептеуден тұрады: lcm-толық милиметрлі саннан тұрады: lcm – сабақ межелгінің басы және атанақтың қиылысуына жақын милиметрдің жартысы (2.6-суретте lcm = 12,0 мм ), lа – межеліктің басынан бастап сызыққа дейін атанақтың межелігінің бөліну саны бойынша зерттейді. (2.6-суретте lа = 0,145 мм) яғни 45 бөліну саны, ал 0,01 мм бөліну бағасы.

2.6-суретте микрометрдің жалпы көрсеткіші lm = lcm + lа = 12,0 + 0,145 = 12,145.

Берілген біліктің цилиндір тәрізді беті үшін тағы 2-кі жерінде осы іс-әрекеттерді қайталау (осы жерлер есеп беруінде 1,2,3-деп көрсетілген.

Есептегі шешілген көрсеткішті жазып алу.

Тетіктің жарамдылығы бойынша қорытында жасау.

Микрометрді қалыпқа келтіріп, қорапқа салу.
Бақылау сұрақтары
1 Штангенциркуль қандай негізгі бөліктен тұрады?

2 Өлшеу кезіндегі қателіктің болуының негізгі жағдайлары?

3 Штангенциркульдің метрологиялық көрсеткіші?

4 Қосалқы межелік бойынша есеп беру қалай жүргізіледі?

5 Микрометр қандай негізгі бөліктерден құралады?

6 Өлшеу алдында микрометрді қалай тексереді?

7 Микрометрдің метрологиялық көрсеткіштері?

8 Микрометрлік құралдарға қандай құралдар жатады?

9 Микрометрмен өлшеу кезінде есеп беру қалай жүргізіледі?

Әдебиет тізімі

Негізгі

1 Мендебаев Т. М. Машина жасау технологиясы. – Алматы : Эверо, 2005. – 200 б.

2 Мендебаев Т. М. Машина жасау технологиясының негiздерi: жоғары оқу орындары техн. мамандықтарының студ. арналған оқу құралы. – Алматы : Эверо, 2005. – 321 б.

3 Е. Б. Сүлеймен, Материалтану : жоғары оқу орындарына арналған оқулық. – Павлодар : С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2006. – 261 б.

4 Жанзақов М. М. Стандарттау. – Қызылорда : Тұмар, 2007. – 219 б.

5 Самсаев С. А. Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негiздерi және техникалық өлшеу. Сапа менеджментi. – Алматы : Бастау, 2008. – 261 б.



6 Құсайынов А. Қ. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Метрология, стандарт. – Павлодар, 2007. – 300 б.



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет