Әдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы



жүктеу 98.25 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі98.25 Kb.

Әдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Машина жасау және стандарттау кафедрасы

5В073200 – Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығының студенттеріне


Машина жасау өндірісінің технологиялық процесстері пәнін оқу үшін арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстарды және нұсқауларды, әдістемелік ұсыныстарды, әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_________ Пфейфер Н.Э.

2011 ж. «___»________



Құрастырушы: __________ т.ғ.к., доцент Г.Т. Итыбаева


Машина жасау және стандарттау кафедрасы
5В073200 – Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығының студенттеріне

Машина жасау өндірісінің технологиялық процесстері пәнін оқу үшін арналған



Әдістемелік ұсыныстар

2011 ж. «___»______ кафедра отырысында ұсынылған № _______ хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Ықсан Ж.М.

(қолы)
Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған __________________ 2011 ж. «__» __________ № ____ хаттама

ОӘК төрағасы ____________ Ахметов Ж.Е. «___»________2011ж.

(қолы) (күні)



ҚҰПТАЛҒАН:

ЖжӘҚБ бастығы _________ Варакута А.А. «___»__________ 2011ж.

(қолы) (күні)

Университет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

«___» ______________ 2011ж. № _____ хаттама.
Пәннің тақырыптар мазмұны

1 Кіріспе. «Машина жасау өндірісінің технологиялық процесстері» ғылыми пән ретінде анықталуы. Машина жасауда өнім сапасы мен экономикалық нәтижелікті қамтамасыз етудегі технологияның ролі. Аз қалдықты және ресурс сақтаушы технологиялар құрастырудың міндеттері.

«Машина жасау өндірісінің технолгиялық процесстері» курсының мақсаты, міндеттері мен мазмұны және оның бакалаврларды технологиялық дайындаудағы мәні. [1. 3б].



2 Машина жасауда қолданылатын металдар мен қорытпалардың жалпы сипаттамасы.

2.1 Машина жасауда пайдаланылатын материалдар. Болаттар, шойындар, түсті металдар мен қорытпалар, металл емес материалдар. [1. 4-47б].



3 Металлургиялық өндірістің технологиялық негіздері.

3.1 Шойын өндіру.

Домна пешінде балқыту үшін бастапқы материалдар. Балқытуга рудаларды дайындау. Домна пешінің конструкциялық негізгі элементтері. Қазіргі домна пештерінде шойын алудың негізгі физика-химиялық процестері. Домна өндірісінің өнімдері.

3.2 Болат өндіру.

Болат қорыту үшін бастапқы материалдар. Оттегі үрлейтін конверторларда, электродоғалық пештерде болат өндіру. Болат алудың физика- химиялық процестері.

3.3 Түсті металдар мен қорытпаларды өндіру

Мыс. Алюминий, және титан өндіру. Балқыту және тазалау тәсілдері. Түсті металдар алудың үдемелі технологиялық процестері. Қолданылатын жабдықтардың сипаттамасы.

3.4 Ұнтақты металлургия

Ұнтақты материалдардың түрлері мен қасиеттері. Металл ұнтақтар және олардан бұйымдар алудың әдістері. Металл ұнтақтарының қалыпта өнделуі және күйежентектелуі. Ұнтақты бұйымдарды өңдеу. Ұнтақты металлургияның өнімдері мен техника-экономикалық сипаттамалары. [1. 49-99б].

4 Металдарды қысыммен өндеудің технологиясы

4.1 Металдарды қысыммен өндеудің түрлері мен негіздері

Металдарды қысыммен өндеудің жалпы сипаттамасы. Металдарды қысыммен өңдеу түрлерінің топтастырылуы, пайдалану салалары. Металдарды қысыммен өңдеудің физикалық негіздері. Қысыммен өңдеу алдында дайындамаларды қыздыру және оған ілеспелі құбылыстар. Пішін және сортамент түсінігін анықтау.

4.2 Металдарды қысыммен өңдеу түрлерінің жабдықтары мен технологиясы.

Прокаттау. Прокаттау процесінің мәні. Престеу. Престеу процесінің мәні. Престеу кезінде қолданылатын жабдықтар мен құралдар. Созу. Созу процесінің мәні. Созу өндірісінің жабдықтары мен құралдары. Иілген пішіндерді өндіру. Иілген пішіндердің деформациялану сұлбалары және сипаттамалары. Пайдалану салалары.

Еркін соғудың мәні: бастапқы дайындамалар және негізгі операциялар. Штамптау тәсілдерін жіктеу. Еркін соғу және штамптау процестерінің жабдықтары мен құралдары. Ыссы көлемдік штамптау процесін механикаландыру және автоматтандыру. Темір табақ штамптаудың мәні. Темір табақ штамптау кезінде қолданылатын жабдықтар мен құралдар. [1. 107-174б].



5 Құю өндірісі технологиясы

5.1 Құю өндірісінің теориялық негіздері.

Қорытпалардың құю қасиеттері: аққыштық, шөгу, ликвация, газсіңірушілігі. Құймалардың қатаюы және қатаю кезінде болатын процестер (шөгу, жылулық және т.б.). құймалардағы кернеулер және олардың жарықшақтар, шалыстау пайда болуына әсері. Құймалардағы ақаулар құймалар құрылымдаудың ерекшеліктері.

5.2 Құм-балшық қалыптарда құймалар жасау

Тәсіл мәні. Құю әбзелі. Қалыптау және өзекше материалдар мен қоспалар және оларға қойылатын талаптар. Құю жүйесі және оның тағайындалуы. Құмбалшық қалыптардың түрлері; қалыптау тәсілдері. Өзекшелер жасау. Қалыптарды құрастыру және оларға балқытылған металды құю. Қалыпта құймаларды суыту. Қалыптан құймаларды қағымдау. Құймаларды өзекшеден ажырату. Құймаларды шабу және тазалау. Құм қалыптарда алынған құймлар сапасын арттыру әдістері.

5.3 Құюдың ерекше тәсілдерімен құймалар алу

Құюдың арнайы тәсілдерінің сипаттамасы. Қабыршықты қалыптарға құюмен құймалар жасау. Тәсіл мәні және оның ерекшеліктері. Кокильге құю. Тәсіл мәні және оның ерекшеліктері. Кокильдердің негізгі түрлері және оларды жасау үшін қажет материалдар. Жылу өткізбейтін жабындар және олардың қолданылуы. Кокильге құюмен құймалар алудың бірізділігі. Қысыммен құймалар жасау. Тәсіл мәні және оның өзгешеліктері. Центрден тепкіш машиналармен құймалар алу. Тәсіл мағнасы және оның ерекшеліктері. Горизонталь және вертикаль айналу осьтері бар центрден тепкіш машиналардың сұлбалары.

5.4 Әр түрлі қорытпалардан құймалар алу технологиясының ерекшеліктері.

Ақ, сұр, соғылымды және жоғары беріктікті шойыннан құймалар жасау. Шойындардың құю қасиеттері. Шойындарды қорыту және балқыту пештері. Шойындардан құймалар жасаудын ерекшеліктері. Болттан құймалар жасау. Құймалар алу үшін қолданылатын көміртекті және легірленген болаттар. Түсті қорытпалардан құймалар өңдіру. Мыс, алюминий, магний және титан қорытпаларынан құймалар алу технологияның ерекшеліктері. [1. 181-269б].

6 Пісіру өңдірісі технологиясы

6.1 Пісіру өндірісінің жалпы сипаттамасы. Пісіру технологиясы және оның әрқилы түрлері.

Пісіру процестердің мәні. Пісіру қосылыстар алудың физикалық негіздері. Пісіру қосылыстар алу кезінде атом аралық және молекула аралық байланыстар пайда болу жағдайлары. Пісіргіштік туралы түсінік. Пісіру қосылыс пен негізгі металл қасиеттерінің сәйкестік деңгейі бойынша пісіргіштікті бағалау және ақаусыз пісіру қосылыстар құру үшін материалдардың қабілеттілігі. Пісіру тәсілдерін топтастыру және олардың пайдалану салалары.

6.2 Пісірудің термиялық класы

Доғаның электр және жылу қасиеттері. Доғаның статикалық қасиеті. Доғалы пісіру үшін ток көздері. Пісіру трансформаторлары. Пісіру генераторлары. Қолмен пісіру технологиясы. Қолмен доғалы пісіру үшін электродтар. Электрод жабындарының қолданылуы мен құрамы. Флюс астында автоматты түрде пісіру. Процесс мәні. Жабдықтар, флюстер, қорғағыш газдарда дөғалы пісіру. Процесс мәні, оның әр қилы түрлері. Автоматты түрде пісіру. Электрқожды пісіруде қолданылатын қорғағыш газдар. Процестің сұлбасы мен мәні. Электрқожды пісірудің ерекшеліктері. Электрон сәулесімен пісіру. Процестің мәні мен сұлбасы. Лазермен пісіру. Процесс мәні және сұлбасы. Лазер сәулесін алу және оның қыздыру көзі ретіндегі сипаттамасы. Термиялық пісіру тәсілдерінің технологиялық мүмкіншіліктері және олардың қолдану салалары. Металдарды термиялық кесу: ауа-дөғалы, оттегімен, плазмамен, лазермен.

6.3 Пісірудің термомеханикалық классы

Электр түйістіре пісіру. Процесс мәні.Түйістіре пісірудің тәсілдері: түйістіріп кедергі арқылы және балқытпалап, нүктелік, тігісті, бұдырлы. Вакуумды диффузиялық пісіру. Тәсіл мәні. Пісірілетін беттер дайындаудың ерекшеліктері. Пісірудің механикалық класы. Ультрадыбыспен, үйкеліспен, сұйық күйде пісіру. Процестердің мәні мен сұлбалары.

6.4 Тозуға және ыстыққа төзімді қаптамаларды жалату.

Қаптастыру жұмыстары. Металл электродтары арқылы доғамен балқыма қаптау. Флюс астында автоматтық түрде қаптастыру. Электрқожбен қаптастыру. Жоғары жиілікті токармен қаптастыру. Балқымайтын электродпен (көмір, графит) дөғалық қаптастыру. Вольфрам электродымен (қорғағыш газдарда) доғалық қаптастыру. Қаптастыру жұмыстар үшін материалдар. Металдандыру. Процестің мәні және қолдану салалары.

6.5 Әр түрлі металдар мен қорытпалар пісірудің ерекшіліктері

Болаттардың, түсті және қиын балқитын металдар мен қорытпалардың пісірімділігі. Нашар пісірімділіктің себептері. Конструкциялық көміртекті және легірленген болаттар пісірудің ерекшеліктері. Мыс және оның қорытпаларын пісіру кезідегі ерекшеліктер. Алюминий және оның қорытпаларынын пісіргендегі ерекшеліктер. Қиынбалқығыш металдар мен қорытпалар пісірудің ерекшеліктері.

6.6 Металдар мен қорытпаларды дәнекерлеу

Дәнекерлеу процесінің мәні мен сұлбасы. Дәнекерленген қосылыстардың түрлері мен сипаттамасы. әнекерлеу тәсілдері. Қолдану салалары. Пісірілген және дәнекерленген қосылыстар сапасын бақылау. Пісірілген және дәнекерленген қосылыстар ақауларының түрлері. Пісіру және дәнекерлеу қосылыстар бақылаудың тәсілдері. [1. 272-419б].

7 Металдарды кесумен өңдеу технологиясы

7.1 Металдар кесу процесі және металл кесуші станоктар туралы жалпы мәліметтер.

Металдарды кесумен өңдеудің тәсілдері және кесу режимінің негізгі элементтері. Өңделетін дайындаманың беттері. Кескіш жазықтығы мен бұрыштары. Жоңқа түзілу процесі. Кесу кезінде болатын шор мен бекемдеу. Кесу аспабының қажалуы. Құралдар үшін материалдар. Металл кесетін станоктарды топтастыру.

7.2 Токарь станоктарында дайындамалар өңдеу

Жонумен өңдеу әдісінің сипаттамасы және оның технологиялық мүмкіншілігі. Дайындамалар өңдеудің сұлбасы және кесу процесінің физика-механикалық ерекшеліктері. Токарь-винт станогының негізгі бөліктері. Токарь кескіш түрлері. Токарь жартылай автоматтардың жұмыс істеу принципі. Токарь тобының станоктары: көпкескіштік, револьверлік, карусельдік.

7.3 Фрезер станоктарында дайындамалар өңдеу

Фрезерлеу өңдеу әдістерің сипаттамасы және оның технологиялық мүмкіншілігі. Қолданылатын құрал. Фрезалар түрлері. Өңдеу сұлбасы. Эмбебап-фрезерлі станок.

7.4 Бұрғылау, кенейжону және тартып өңдейтін станоқтарда дайындамаларды өңдеу.

Бұрғылаумен, кеңейжонумен және тартып өңдеумен тесіктерді өңдеудің технологиялық әдістері. Қолдаылатын кесу құралдары мен жабдықтар.

7.5 Сүргілеу және қажау станоктарда дайындамаларды өңдеу.

Тұрқы тетіктер мен тұғырлардың жазық беттерін өңдейтін технологиялық әдістер. Сүргілеп және қажап өңдейтін әдістердің сипаттамасы. Сүргілеу станоктардың типтері. Сүргілеу кескіштердің түрлері.

7.6 Ажарлау және таза өңдеу станоктарда дайындамаларды өңдеу.

Абразивті құралды қолданып машина тетіктер беттерін өңдейтін технологиялық әдістер. Ажарлау әдісінің сипаттамасы және оның технологиялық орындалуы. Әдістің тағайындалуы. Абразивті материалдар. Ажарлағыш шарықтастар. Ысқылаумен, абразивті-сұйықпен, абразивті таспамен, жануыштаумен, аса ажарлаумен беттерді таза өңдеу әдістері туралы түсініктер.

7.7 Өңдеудің электрофизикалық және электрохимиялық әдістері

Технологиялық әдістер негізіне жататын физикалық және химиялық процестер. Машина тетіктер беттерінің сыртпішін құруының электрфизикалық және электрхимиялық әдістері. [1. 426-524б].

8 Металл емес материалдардан машина тетіктері мен дайындамалар жасаудың технологиясы

8.1 Пластмассалардан бұйымдар жасаудың технологиясы және олардың сипаттамасы

Құрал және жабдықтар. Машина жасауда пластмассалардан жасалған бұйымдарды пайдаланатын салалар.

8.2 Резенқеден бұйымдар жасаудың технологиясы. Резеңкетехникалық бұйымдарды топтастыру.

Резеңкеден бұйымдар жасаудың тәсілдері және олардың қолдану салалары. Резеңкеден бұйымдар жасау технологиясы туралы түсінік, құрал және жабдықтар. [1. 534-540б].
Әдебиет тізімі

Негізгі


1) Ғазалиев А.М. Машина жасау өндірісінің технологиялық және химиялық процестері. Оқулық. – Алматы: Білім, 2010. – 740б..

2) А.М. Адаскин. Материаловедение (металлообработка). -М.:Академия, 2006.-240 с.

3) А.В. Шишкин и другие. Технология конструкционных материалов. В 2-х т. Т.2: Технология получения и обработки материалов. Новосибирск .-2004.-506с.

4) А. М. Пейсахов. Материаловедение и технология конструкционных материалов - М., 2005.-410с.

5) Дальский А.М. Технология конструкционных материалов. Феникс,2008.-316с.

6) Материаловедение и технология металлов: учебник для студ.вузов, обучающихся по машиностроительным спец./под ред. Г. Н. Фетисова .Изд.5- е, - М.: Высш. шк., 2007.-862 с.

Косымша

7) Б. И. Черпаков. Технологическое оборудование машиностроительного производства.- М.:Академия,2006.-413с.

8) В. И. Анурьев. Справочник конструктура-машиностроителя: в 3 т.-Изд. 8-е, перераб. и доп.-М.:Машиностроение. - 2001

9) В.А.Салтыков, Ю.М.Аносов, В.К.Федюкин; под ред. В. К. Федюкина. Технология машиностроения. Технологии заготовительного производства: учебное пособие/ - Изд-во В.А.Михайлова:СПб.,2004.-330с.

10) Материаловедение и технология металлов: учебник для студ.вузов, обучающихся по машиностроительным спец./под ред. Г. Н. Фетисова.Изд.5- е, - М.: Высш. шк., 2007.-862 с.

11) Под ред. Н.М.Капустина. Автоматизация производственных процессов в машиностроении:учебник для студ. вузов/ М.:Высшая школа,2004

12) П. Н. Белкин. Электрохимико-термическая обработка металлов и
сплавов-М.:Мир,2005.-335 с.

13) Ю. М. Ермаков. Комплексные способы эффективной обработки резанием.-М.:Машиностроение,2005.-271с.



14) Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. – Павлодар, 2007


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет