Әдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы



жүктеу 119.56 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі119.56 Kb.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы

Әдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Машина жасау және стандарттау кафедрасы

5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығының студенттеріне


Метрология пәнін оқу үшін арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстарды және нұсқауларды, әдістемелік ұсыныстарды, әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_________ Пфейфер Н.Э.

2012 ж. «___»________



Құрастырушылар: __________ аға оқытушы, магистр Д.А. Искакова

Машина жасау және стандарттау кафедрасы
5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығының студенттеріне

Метрология пәнін оқу үшін арналған
Әдістемелік ұсыныстар

2012 ж. «___»______ кафедра отырысында ұсынылған № _______ хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Ықсан Ж. М.

(қолы)
Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған __________________ 2012 ж. «__» __________ № ____ хаттама


ОӘК төрағасы ____________ Ахметов Ж.Е. «___»________2012 ж.

(қолы) (күні)


ҚҰПТАЛҒАН:

ЖжӘҚБ бастығы _________ Варакута А.А. «___»__________ 2012 ж.

(қолы) (күні)
Университет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

«___» ______________ 2012 ж. № _____ хаттама.



Пәннің тақырыптары мазмұны

1 тақырып. Кіріспе. Халықаралық сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық байланыстардағы өлшем бірлігіне қол жеткізудің ролі мен мағынасы. Метрологияның қызметтің құқықтық негіздері.

Ұсынылған әдебиет [1, 4-15 б.].

Метрология ғылым және тәжірибелік қызмет саласы ретінде ерте замандарда пайда болды. Ежелгі орыстық өлшеу жүйесінің негізін ежелгі гректік өлшем бірліктері салған, ал олар өз кезегінде Ежелгі Греция және Римнен алынған. Әрбір өлшем жүйесінің өзіндік ерекшеліктері болған, олар сол дәуірмен және ұлттық дәстүрмен байланысты болды.

Бірліктердің атауы мен олардың мөлшері өлшемдерді «қолдық» әдіспен жүзеге асыру мүмкіндігіне сәйкес келген (1 – қосымша). Осылайша Русьтағы ұзындықтың негізгі бірліктері «Пядь» негізгі ежелгі орыстық ұзындық өлшемі болған және ол ересек адамның бас бармақ пен сұқ саусақтарының ұштарының арақашықтығын білдірген. Кейін келе, өлшемні басқа түрі – аршин пайда болғаннан кейін пядь (1/4 аршин) біртіндеп қолданыстан шыға бастады.

«Білек» өлшемі Вавалоннан келген, ол шынтак пен ортаңғы саусақтың ұшына дейінгі арақашықты білдіреді.
2 тақырып. Метрология бойынша заңды бұзғаны үшін жауаптылық. Метрологиялық қызмет.

Ұсынылған әдебиет [1, 17-25 б.]

Іргелі және тәжірибелік метрологияның негізгі түсініктерінің мазмұнын қарастыра кетейік.

Өлшем метрологияның негізгі объектісі ретінде физикалық шамалармен және өзге де ғылымдарға жататын шамалармен (математика,психология,медицина,т.б ғылымдарға жататын) байланысты.

Үдерістер мен физикалық денелердің түрлі қасиеттерін сандық сипаттау үшін шама түсінігі енгізілген.

Шама-басқа қасиеттердің ішінен ерекшеленетін және белгілі-бір әдіспен бағаланатын белгілі бір нәрсенің қасиеті (1-сурет).

Шамаларды екі түрге бөлуге болады:шынайы және идеалды.

Идеалды шамалар негізінен математика саласына байланысты болады және нақты шынайы түсініктердің жалпы түрі болып табылады.Шынайы шамаларды,өз кезегінде,физикалық және физикалық емес,өлшенетін және бағаланатын деп бөлуге болады.

Физикалық шама деп көптеген физикалық объектілер үшін сапалық тұрғыда ортақ болатын және сандық мәнде ерекшеленетін физикалық объект (құбылыстың,үдерістің) қасиеттерінің бірі аталады.Осылайша,қаттылық қасиеті сапалық тұрғыда болат,ағаш,шыны сияқты материалды сипаттайды,ал қатылық дәрежесі (сандық мәні)-олардың әрқайсысы үшін әр түрлі шама.
3 тақырып. Қызметтердің құрылымы, міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері. Өлшеу құралдары, метрологиялық сипаттамалары мен оларды қалыптандыру .

Ұсынылған әдебиет [1, 28-35 б.]

Өлшемдер мынадай сипаттары бойынша ажыратылады: ақпаратты алу әдісі бойынша,өлшем процесіндегі өлшенетін шаманың өзгеру сипаты бойынша,өлшенетін ақпарат саны бойынша,негізгі бірліктерге қатыстылығы бойынша.

Ақпаратты алу әдісі бойынша өлшемдер:тура, жанама, жиынтық және қатар болып жіктеледі.

Тура өлшемдер-бұл физикалық шаманы оның өлшемімен тікелей салыстыруда.Мысалы,заттың ұзындығын сызғышпен анықтау кезінде ізделінген шама өлшеммен,яғни сызғышпен салыстырылады.
4 тақырып. Өлшеу құралдарын тексеру, калибрлеу. Эталондар және стандартты үлгілер.

Ұсынылған әдебиет [1, 38-45 б.]

Идеалды шамалар негізінен математика саласына байланысты болады және нақта шынайы түсініктердің жалпы түрі болып табылады.Шынайы шамаларды,өз кезегінде,физикалық және физикалық емес,өлшенетін және бағаланатын деп бөлуге болады.

Физикалық шама деп көптеген физикалық объектер үшін сапалық тұрғыда ортақ болатын және сандық мәнде ерекшеленетін физикалық объект (құбылыстың,процестің) қасиеттерінің бірі аталады.Осылайша, «қаттылық» қасиеті сапалық тұрғыда болат,ағаш, шыны сияқты материалдарды сиапттайды,ал қаттылық дәрежесі (сандық мәні)-олардың әрқайсысы үшін әртүрлі шама.

Физикалық емес шамалар деп қоғамдық ғылымдарға қатысты шамалар аталады.Мысалы,философия,социология,экономика және т.б. салаларда қолданылатын шамалар.
5 тақырып. Метрология - өлшемдер туралы ғылым. Метрологияның ұйымдастырушы, ғылыми және әдістемелік негіздері. Қазіргі метрологияның талаптары .

Ұсынылған әдебиет [1, 45-57 б.]

Өлшемдер мен салмақтар бойынша Бас конференция (ӨСБК) 1954 жылы халықаралық қатынастарда қолдану үшін физикалық шамалардың алты негізгі бірлігін анықтаған: метр, килограмм, секунд, ампер, Кельвин градусы және свеча. Өлшемдер мен салмақ бойынша ХI Бас конференция 1960 жылы Бірліктердің халықаралық жүйесін бекітті, ол SI (француздік Systeme International d`Unites) орысша СИ деп белгіленеді. ТМД елдерінде және Экономикалық көмектестік одағына кіретін елдерде СИ жүйесі 1980 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді.
6 тақырып. Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері, «Өлшеу қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының негізгі ережелері.

Ұсынылған әдебиет [2, 25-38 б.]

2000 жылы ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданды. Оған дейін Республикада метрология саласында заңдылық нормалар болған жоқ. Заңдылық нормалар Үкіметтің қаулыларымен тағайындалатын. Ережелермен салыстырғанда Заң біршама жаңашылдықтарды (терминологиядан бастап елдегі метрологиялық қызметті лицензиялауға дейін) енгізді. Мұнда бақылаудың мемлекеттік метрологиясы мен қадағалаудың мемлекеттік метрологиясының функциялары нақты бөлінді: калибрлеудің ережелері қайта қаралды, өлшем құралдарының ерікті сертификатталуы енгізілді және т.б.
7 тақырып. Нормативтік реттеуге жататын метрологиялық қызмет түрлері. Метрология бойынша заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық.

Ұсынылған әдебиет [2, 35-49 б.]

Метрологияның басты міндеттерінің бірі-өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету-мынадай негіз салушы екі шарт ескерілгенде шешілуі мүмкін:

-өлшем нәтижесін бірдей заңды бірліктерде көрсету;

-өлшемдер нәтижелерінің жіберілетін қателіктерін және олардың берілген ықтималдылықпен шығуға тыйым салынатын шектерін көрсету.

Қателіктер деп өлшемдер нәтижелерінің өлшенетін бірліктің нақты мәнінен ауытқуын атайды.Мұнда ескерілуі тиіс бір жайт,физикалық шаманың нақты мәні белгісіз болып саналады және теориялық зерттеулер қолданылады;физикалық шаманың нақты мәні сынақ (эксперименталды) жолымен табылады,ол тәжірибе нәтижесі ең жоғары дәрежеде нақты мәнге жақын деп болжанады.Өлшемдердің қателіктері әдетте техникалық құжаттарда көрсетіледі.Егер қателіктердің өлшемдер жүргізілетін жағдайларғаәдістемелік эксперименталды қателіктеріне және сол жағдайлардағы адамның субъективті ерекшеліктеріне байланысты екенін ескерсек,өлшемдердің қателіктерінің бірнеше құраушылары немесе жиынтық қателіктері туралы айтуға болады.


8 тақырып. Өлшеудің жіктелуі. Негізгі кезеңдері және операциялары. Өлшеу әдістері. Өлшеудің сынау және бақылау, оның шектеулі мүмкіндіктері.

Ұсынылған әдебиет [2, 49-58 б.]

Өлшеу әдістері. Өлшеу – бірқатар құрылымдық элементтердің өзара қарым – қатынасын қамтитын күрделі процесс. Оларға жататындар: өлшеу объектісі, қағидасы, әдісі, өлшем құралы, және үлгісі, өлшеу жағдайлары, өлшеу объектісі, өлшеу қателіктері мен нәтижелері.

Өлшеу әдістері дегеніміз – нақты бір өлшеуіш міндет үшін таңдалған өлшеу қағидалары мен құралдарын пайдалану іс-әрекеттерінің жиынтығы. Өлшеу әдісі түсінігіне өлшеу қағидаларын теориялық негіздеумен қатар, өлшеу құралдарын қолдану іс-әрекеттерін әзірлеу де кіреді.

Өлшеу әдістері классификациясының ішінен өлшеу қағидалары мен құралдарын пайдалану пайдалану іс-әрекеттерінің жиынтығы бойынша классификация кеңінен қолданады. Бұл классификация бойынша тікелей бағалау әдісі және салыстыру әдісі ажыратылады.
9 тақырып. Өлшеу құралы туралы ұғым, жіктелуі. Өлшеудің қарапайым және кешенді құралдары.

Ұсынылған әдебиет [2, 59-68 б.]

Өлшеудің ерекше құралы болып эталон табылады.

Эталон – мөлшерлерін өлшемнің басқа құралдарына беру мақсатында шама бірлігін жаңғырту және сақтау үшін пайдаланылатын аса дәл өлшем. Эталоннан шама бірлігі разрядты эталондарға беріледі, ал олардан - өлшеудің жұмысшы құралдарына беріледі [2,8].

Эталондар алғашқы, екінші ретті және жұмысшы болып жіктеледі.

Алғашқы эталон – ғылыми-техникалық жетістіктердің қазіргі деңгейінде өлшеулердің осы саласында мүмкін болатын ең жоғарғы дәлдікпен физикалық шама бірлігін сақтайтын эталон. Алғашқы эталон ұлттық (мемлекеттік) және халықаралық болуы мүмкін.

Арнайы эталон – алғашқы эталоннан бірлік мөлшерін тікелей беру қажетті дәлдікте жүзеге асырылуы мүмкін емес ерекше жағдайларда бірлікті жаңғыртуды қамтамасыз етеді және осы жағдайларда алғашқы эталон қызметін атқарады.

Ұлттық эталонды ел үшін метрология бойынша ұлттық орган өлшемнің бастапқы құралы ретінде бекітеді. Қазақстанда ұлттық эталондарды ҚР Мемстандартты бекітеді.


10 тақырып. Өлшеу құралдарын модельдеу және есептеуіш техниканы қолдану.

Ұсынылған әдебиет [3, 49-70 б.]

Өлшем құралдарының қателігі (инструменталды қателігі) өлшемдердің жалпы қателігінің бір бөлігі.

Өлшем құралдарының қателігі -өлшенетін физикалық шаманың шынайы шамасы мен құрал көрсеткішінің арасындағы айырма.

Қателіктің өзгеру сипаты бойынша уақыт өте келе өлшем құралдарының жүйелі және кездейсоқ қателіктерін ажыратуға болдады.



Өлшем құралдарының жүйелі қателігі – тұрақты ретінде алынатын немесе заңды түрде бар өлшем құралының құрамдас бөлігі. Тұрақты жүйелі қателіктің болу себептері: өлшем құралының калибрленуінің немесе градуирленуінің дәл болмауы; температураның және жұмысшы кернеудің әсері және т.б. Уақыт өте келе өзгеретін жүелі қателіктің себептері: өлшем құралдарын қолдану жағдайларының өзгеруі (температура, ылғалдылық, атмосфералыққысым, механикалық әсер), түрлі кедергілер мен басқа да факторлар. Өлшем құралының жеке үлгісінің жүйелі қателігі, әдетте, осы типтегі өлшем құралының басқа нұсқаларының жүйелі қателігімен сәйкес келмейді. Сондықтан бір типтегі өлшем құралдарының тобы белгілі бір орташажүйелі қателікпен сипатталады және осы типтегіөлшем құралы үшін кездейсоқ шама ретінде қарастырылуы мүмкін.
11 тақырып. Кәсіпорынның, ұйым мен мекеменің метрологиялық қызметінің құрылымы, міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері.

Ұсынылған әдебиет [4, 40-57 б.]

Қазақстанның мемлекеттік метрологиялың қызметі (ММҚ) мемлекеттік метрологиялың органдардың жиынтыгынан тұрады жөне өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті басқару үшін құрылады.

ММҚ жалпы басшылығын ҚР Мемстандарты жүзеге асырады, оған мынадай міндеттер жүктелген:



  • өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті
    аймақаралың және салааралың үйлестіру;

  • қолдануға жіберілетін шама бірліктері бойынша ҚР Үкіметіне ұсыныстар жасау;

  • шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақ-
    тау және пайдалану ережелерін белгілеу;

  • өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне ортақ метрологиялық талаптарды анықтау;

  • мемлекеттік метрологиялық қадағалау;

  • өлшем құралдарын сынау және салыстырып тексеру нәтижелерін мойындау туралы халықаралың келісімшарттардың ҚР-да сақталуын қадағалау;

  • Мемлекеттік метрологиялық қызметтің және өлшем
    бірлігін қамтамасыз етудің езге де мемлекеттік қызметтерінің іс-әрекетіне басшылық ету;

  • өлшем бірлігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;

  • өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды бекіту;

  • мемлекеттік эталондарды бекіту;

  • өлшем құралдарын салыстырып тексеруаралық
    интервалдарды белгілеу;

  • техникалық құрылғыларды өлшем құралдарына жатқызу;

  • өлшемдерді орындау әдістемесін жасау және аттес-
    таттау тәртібін орнату;

  • Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтардың, Мемлекеттік метрологиялық қызметтің, Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметінің, стандарттық үлгілердің мемлекеттік қызметінің, стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызметінің іс-әрекетін жүргізу және үйлестіру;

  • өлшем құралдарын сынаудың мемлекеттік орталықтарын аккредиттеу;

  • өлшем құралының түрін бекіту;

  • өлшем құралының мемлекеттік реестрін жүргізу;

  • заңды тұлғалардың метрологиялың қызметтерін өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттеу;

  • салыстырып тексеруге жататын өлшем қүралдарының тізімін бекіту;

  • заңды және жеке тұлғалардың өлшем құралдарын
    әзірлеу, жөндеу, сату және жалға беру бойынша іс-әрекеттерін лицензиялау тәртібін орнату;

  • өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік инспекторлардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру және үйлестіру;

  • заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің
    іс-әрекетін үйымдастыру және калибрлеу жұмыстарын жүргізу құқығына аккредиттеу;

  • метрологиялық жұмыстарды жоспарлау және орындалуын ұйымдастыру.

Мемлекеттік метрологиялық қызмет құрамына мыналар кіреді (Заңның 14-бабы):

  • стандарттау, метрология және сертификаттау
    жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;

  • шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасауды, жетілдіруді, сақтауды және қолдануды, шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлейтін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтар;


12 тақырып. Өлшеу құралдарын жөндеу және дәлдеу. Тексеру сұлбалары және жабдықтары.

Ұсынылған әдебиет [4, 60-87 б.]

Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметі аймақаралық және салааралың үйлестіруді жүзеге асырады, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін әзірлеуге және ендіруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттың аныңтама деректердің мемлекеттік қызметі аймақаралың және салааралың уйлестіруді жүзеге асырады, заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректерді әзірлеу және өндіруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды түлғалар ажет болған жағдайларда өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жүмыстарды орындау, сондай-ақ метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін метрологиялық қызметтер құрады. Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды түлғалардың метрологиялық қызметтерінің жүмысы стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органмен келіскен нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Әдебиет тізімі

Негізгі


  1. Жанзаков М. М. Стандарттау:[Оқулық] / М. М. Жанзақов, К. А. Мырзабек. – Қызылорда : Тұмар, 2007. – 219 б.

  2. Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негiздерi және техникалық өлшеу. Сапа менеджментi / М. Самсаев [және т. б.]. – Алматы : Бастау, 2008. – 261 б.

  3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Метрология, стандарт. Павлодар, 2007. – 300 б.

Қосымша


  1. Сертификаттану: Оқулық / Сағ∙адиев К., Смағулов А., Барағбаев Б., Қалиев Ё. – Алматы : РБК, 2000. – 211 б.

  2. Техникалық реттеу туралы: ҚР Заңы – Астана, 2004. 9 қарашадағы № 603 Қаулысы.

  3. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы: ҚР Заңы – Алматы, 2000.




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет