Әдістемелік ұсыныстары мен нұСҚаулықтары



бет3/9
Дата17.04.2016
өлшемі0.89 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары

1. Әр аймақта табиғи шабындық пен жайылымның негізгі типтері.

2. Мал шаруашылығында шалғынның мал азығын өндірудегі орны.

3. Бүгінгі кездегі табиғи шабындық пен жайылымның жағдайы.

4. Мал азықтық жерлерді жіктеу және оның көлемі. Әртүрлі аймақтарда таралуы.

5. Табиғатта өсу жағдайына және оны пайдалануына қарай шабындық пен жайылымның өсімдік қауымының өзгеруі.



Зертханалық жұмыс 4. Шалғынның және жайылым өсімдіктерінің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері.

Бұршақ тұқымдас шөптердің шаруашылық және мал азығы үшін құндылығын бағалау.



Жұмыс мақсаты. Көпжылдық бұршақтұқымдас шөптердің негізгі түрлерін өсімдіктердің вегетативтік (түптену, сабақтану, жапырақтану, жапырақ пішіні т.б.), генеративтік (гүл шоғырлары, тұқым, ұрық және дән үлкендігі, исі т.б.) мүшелері арқылы сипаттауды үйрену және осы ерекшеліктердің арқасында өсімдік түрлерін анықтай білу.

Жабдықтар мен заттар. Әртүрлі жеке түрдің, біржылдық және көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің тұқымдары мен жемістерінің қосындысының коллекциясы, тақтайша, инелер, шөптердің гербариі, үлкейткіш шынылар.

Жалпы ғылыми негіздері. Астық тұқымдас шөптердің негізгі түріне жататындар: біржылдық – могар, судан шөбі; көпжылдық – итқонақ, еркекшөп, шалғындық бетен, қылтанақсыз арпабас, түлкі құйрық, жима торғақ, райграс, көген тамырсыз бидайық.

Бұршақ тұқымдас шөптердің түрлері сабағының әртүрлі құрылымымен, жапырақтарымен, жапырақшаларымен, гүлшоғырының формасымен және гүлдерінің бояуымен жақсы ажыратылады. Сабағы тік болуы, аз немесе көп жапырақты, төселе жатуы мүмкін. Жапырақтары бойынша бұршақ тұқымдас шөптер үш тармақты және қауырсын жапырақты деп топтанады. Анық айрықша белгілері болып гүл шоғыры, гүлдерінің орналасуы мен бояуы саналады.

Астық тұқымдас шөптердің көп түрінің әртүрлі құрылымдағы гүл қауызына оралған дәнектері бар; тұқымның түрлік негізгі белгісі – мөлшері, тұқымының формасы, қылтығының бояу – болмауы немесе қылтық сияқты үшкірдің бояу – болмауы. Ерекше белгісі болып өзекше саналады – ол төменгі гүлде қалып қойған келесі гүлдің сабағы, масақшада жоғары орналасқан гүлдің өзекше дәнектің ішкі жағында орналасады. Оның формасы мен орналасу жағдайы астық тұқымдас шөптердің көбіне қалыпты.
Астық тұқымдас шөптердің түрлері өсімдігінің құрылымы мен сипатына қарай бөлінеді. Түрдің негізгі белгілеріне жататындар: сабақ пен жапырақтың құрылымы, гүлшоғыры мен масақшаның құрылымы мен түрі. Дұрыс анықтау үшін жақсы орындалған гербарий болуы шарт.

Тапсырманы орындау әдістемесі. 1) коллекциялық үлгідегі тұқымдар мен жемісті байқап, сипаттамада келтірілген белгілермен салыстыру керек;

2) тұқымдар мен жемістердің қосындысының үлгісін талдап, түрін анықтап, келесі схемаға жазу керек:




Түр

(қазақша, латынша аты)



Біржылдық, екіжылдық, көпжылдық

Тұқым

Жемісі (формасы, сырты, бояуы, мөлшері)

формасы

бояуы

мөлшері

(ірі, орташа, ұсақ)




















3) кілтті пайдаланып, шөптердің түрлерін анықтау керек;



Гүлдеп тұрған өсімдіктеріне қарап бұршақ тұқымдас шөптерді анықтау кілті


Жапырағы үш тармақты




А) гүл шоғыры жұмыргүл




1) сабағы жайылып өседі. Жапырағы жұмыртқа тәріздес немесе кері жұмыртқа сияқты, шеті ирек, гүл шоғырындағы гүлдері ақ...........ақ бас беде.

2) сабағы тармақты. Жапырақтары ұсақ, кері жұмыртқа тәріздес, шатыршатүрлі жұмыргүлі ашық сары гүлдерден тұрады..........мүйізді пышан.

Б) гүл шоғыры шашақгүл




1) сабағы тармақты. Жапырақтары элипс тәрізді, кері жұмыртқа түрлі, ортадағы жапырақтық орта жүйкесі жапырақтың шетіне шығып тұрады. Гүл шоғыры – қысқа және қалың шашақгүл көгілдір-сияғыш гүлдерімен..................................................................................егістік жоңышқа.

2) сабағы тармақты. Жапырақтары жалпақ сопақ, шеті сирек тісті. Гүл шоғыры – ақ гүлдерімен ұзын шашақгүл........................ақ бас түйежоңышқа.

Жапырақтары қауырсынды




А) Гүл шоғыры – шашақгүл




1) сабағы түзу, жартылай толық, түкті. Жапырақтары қос-қостан емес, жапырақшалары элипс сияқты, гүл шоғыры – жұмыртқа тәрізді ұзын қалың шашақгүл, төбесі үшкір емес, қызғылт гүлдерімен.............................эспарцет.

4) келесі форманы пайдалана отырып, түрлерді сипаттау керек:




Түр

(қазақша және латынша аты)



Сабағының сипаты

Құрылымы

Гүл шоғырының формасы

Гүлдері-нің бояуы

жапырақ

тарының


жапырақша

ларының






































5) кілтті пайдалана отырып астық тұқымдас шөптердің түрін анықтау:

Астық тұқымдас шөптерді анықтау кілті


Гүл шоғыры – масақ




1) масағы жалпақ, жалды, ұзынша-жұмыртқа тәріздес, жоғары қарай жіңішкереді, ұзындығы 8 см дейін. Масақшалары көпгүлді. Сабағы түзу, жалаңаш, орта бойлы, қуыс. Жапырақтары түзу, тегіс, ұзын............еркек шөп.

2) масағы өте босаң, ұзындығы 10-15 см. Масақшалары 2-3 гүлді, өзегіне жабысқан, Сабағы түзу, жіңішке, ұзын. Жапырағы тегіс, жіңішке.........................................................................көген тамырсыз бидайық.

3) шашақгүлдің үстінен шығып тұратын ұзын қатты түгімен масақ тәрізді шашақгүл ..........................................................................................могар.

Гүл шоғыры – шашақгүл




1) иілген және бытыраңқы ұзын сабағы бар шашақгүл. Шашақгүлдің сабағы шоғырланып орналасқан. Масақшалары ұзын, тығыз, көп гүлді. Сабағы биік, түзу. Жапырақтары түзу, қияқты, тегіс, ұзын....................................................................................қылтанақсыз арпабас.

2) бір гүлді масақшалардан тұратын шашақгүлі бытыраңқы, масақшалры үш-үштен топпен орналасқан; бір масақшасы жеміс береді, жалпақ, қалғандары жіңішке, жеміс бермейді. Сабағы өте ұзын, түзу. Жапырақтары ірі, жалпақ.....................................................................судан шөбі.

6) түрлерді мына схема бойынша сипаттау керек.






Түрі

Көп

жылдық, біржыл-

дық


Гүлшоғы-

рының түрі



Гүлшоғы-

рының сипаты: тығыздығы, мөлшері, формасы



Масақша-

лардың құрылымы



Сабағы

Жапырағы























Жұмысты орындаудағы сақтандыру шарттары. Зертханалық жұмыстардың сақтандыру шарттарын студенттердің оқып танысып жақсы білуі қажет және осы шартты оқып танысқаннан кейін сақтандыру журналына қол қояды. Студент жабдықтар мен құралдарға сақтықпенен қарауы қажет. Жоғарғы көрсетілген шарттармен танысып, оны орындауды міндет тұтпаған студент зертханалық жұмысты орындауға жіберілмейді.

Зертханалық жұмыстарды орындау әдістемесі. Студент күні бұрын зертханалық жұмыс бағдарламасымен танысып, оны орындау жүйесінің жоғарыда көрсетілген ғылыми негіздеріне сүйеніп және басқа да әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалуы қажет. Осының барлығын жұмыс дәптеріне жазуы керек және дәптерін жұмыс орындау жеріне алып келуі тиіс.

Зертханалық жұмысты орындау және есеп беру шарттары. Студенттің жұмыс орындау үшін дайындаған дәптері толық керекті дәрежеде толтырылуы қажет. Сол дәптердегі кестелер, схема мен диаграммалар толық толтырылуы керек. Студент сабақтың соңында жұмыс дәптерін тексеруге тапсырады. Оқытушы тексеру нәтижесінде студенттің қалай орындағанын анықтап бағалайды. Жұмыс жүйелі түрде орындалмаған жағдайда студент өзі немесе топтасып жұмысты қайта орындайды. Студент қатыспаған дәрістерді өз еркіменен оқып конспект дайындауы тиіс. Зертханалық жұмыс дәптерімен және дәріс конспектісі болмаған жағдайда студент емтихан мен сынаққа жіберілмейді.

Зертханалық жұмысты орындауға берілген тапсырма. Студент ұсынылған әдебиеттерді оқып және осы зертханалық тапсырмада берілген шалғынның және жайылым өсімдіктерінің биологиялық және экологиялық ерекшеліктерімен танысып жазбаша түрде жауап беру керек. 4 зертханалық жұмысындағы келтірілген кестелерді толтырып тапсыру керек.
Ұсынылған әдебиеттер


  1. Андреева Н.Г. Луговое и полевое кормопроизводство. М., Агропромиздат, 1989.

  2. Асанов К.А. Кормопроизводство с основами земледелия. Алматы, 1984.

  3. Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы, 1995.

  4. Зыков Ю.Д. Полевое кормопроизводство. Алматы, 1985.

  5. Кузьмин Н.А., Новиков Н.Н. Кормопроизводство. Л., Колос, 2004.

  6. Можаев Н.И, Серикбаев Н.А. Луговое и пастбищное кормопроизводство. Астана, 2002.




Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет