Әдістемелік түсініктеме



Дата03.05.2016
өлшемі92.23 Kb.
Әдістемелік түсініктеме

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Статистикалық бюллетенінде берілетін деректер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) және Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ, 2001 ж.) ұсынған мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі әдіснамаға сәйкес қалыптастырылады.


1. Бюджеттік сектор

Талдамалық негіз

Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасында республикалық бюджет, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері бекітіледі, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады

Өздерінің арасындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін орталықтандырылған мемлекеттің ақшалай қоры, ол бекітуге жатпайтын және талдамалы ақпарат ретінде пайдалануға болатын мемлекеттік бюджетті білдіреді.

Өздерінің арасындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры шоғырландырылған бюджет болып табылады, ол бекітуге жатпайды және талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылады.

Бюджет кодексінде айқындалған бюджеттердің түрлері мен деңгейлерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қамтитын бюджет жүйесінің тұтастығы бірыңғай құқықтық базамен, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, Қазақстан Республикасының аумағында бюджет процесін жүзеге асыру рәсімдерінің тұтастығымен және бюджеттің бір деңгейінің екіншісіне беретін мемлекеттік қаржы статистикасының нысандарымен, қаржы жүйесінің тұтастығымен қамтамасыз етіледі.

Бюджеттің құрылымы Бюджет кодексіне сәйкес мынадай бөлімдерден тұрады:

1) кірістер:

салық түсімдері;

салыққа жатпайтын түсімдер;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;

трансферттердің түсімдері;

2) шығындар;

3) таза бюджеттік кредит беру:

бюджеттік кредиттер;

бюджеттік кредиттерді өтеу;

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо;

қаржылық активтерді сатып алу;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер;

5) бюджеттің тапшылығы (профициті);

6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану);

қарыздардың түсімі;

қарыздарды өтеу;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдығы.
Бюджет кірістері: (1) салықтардың, алымдардың және басқа да міндетті түсімдердің түрлері бойынша жіктелген салық түсімдерін;
(2) кірістердің, алымдардың және төлемдердің, айыппұл және санкциялар, кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер), байланысты гранттар бойынша түсімдердің түрлері бойынша сыныпталған салыққа жатпайтын түсімдерді; (3) мемлекеттік мекемелерге бекітілген сатылған мемлекеттік мүлік түрлері бойынша сыныпталған негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, жерді және мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түскен түсімдер; (4) алынған трансферттер - бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бюджетке өтеусіз және қайтарымсыз негізде түскен түсімдерді қамтиды.

Бюджет шығындары – қайтарымсыз негізде бөлінетін бюджет қаражаты.

Бюджет шығындары мынадай түрлермен беріледі:

1) мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жүзеге асыруға бағытталған шығындар;

2) трансферттерді және бюджеттік субсидияларды беруге бағытталған шығындар;

3) материалдық-техникалық базаны құруға не нығайтуға, бюджет инвестицияларынан басқа шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес күрделі (қалпына келтіру) жөндеу мен өзге де күрделі шығыстарды жүргізуге бағытталған шығындар;

4) мемлекеттің міндеттемелерді орындауға бағытталған шығындары.

Таза бюджеттік кредит беру бюджеттік кредиттер мен бюджет кредитін өтеу арасындағы айырманы көрсетеді.

Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо мемлекеттік меншікке заңды тұлғалардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың бағалы қағаздарының қатысу үлестерін сатып алу жөніндегі шығыстар мен заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттің меншігіндегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік кәсіпорындардың бағалы қағаздарының қатысу үлестерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлікті сатудан түскен түсімдердің арасындағы айырманы көрсетеді.

Бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар таза бюджеттік кредиттеу мен қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең.

Теріс белгісімен алынған шама - бюджеттің тапшылығы, оң белгісімен алынған - профициті болып табылады.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру алынған қарыздар және бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары сомасының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде анықталады.

Бюджет тапшылығын қаржылындыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сәйкес келеді.

Бюджет профицитін пайдалану – бюджет профицитін, қарыз қаражатын, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге арналған бюджет қаражатының қалдықтарын пайдаланылатын қаражат қарыздарын жұмсау жолымен жүзеге асырылады.

Бюджет профицитін пайдалану көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар мен бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтарының сомасынан асып түсуі ретінде анықталады.

Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына сәйкес келеді.

Мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша нұсқамаға сәйкес тапшылықты қаржыландыру, секторлар түрлері бойынша және резиденттік тиесілік бойынша, сондай-ақ ішкі және сыртқы міндеттемелерге бөле отырып қаржылық аспаптардың түрі бойынша сыныпталады.

Бюджет заңнамасына сәйкес бюджет процесі бюджет түсімдерінің сыныптамасын, бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын, бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтитын Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың негізінде жүзеге асырылады.

Бюджет түсімдері сыныптамасының төрт егжей-тегжейлі нақтылау деңгейі бар: санат, сынып, кіші сынып және ерекшелік. Осы деңгейлердің құрамасы түсімдердің әрбір түрлерін сыныптайтын түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодын құрайды.

Шығыстар функционалдық және экономикалық сыныптама бойынша жіктеледі. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының мынадай егжей-тегжейлі нақтылау деңгейі бар: функционалдық топ, функционалдық кіші топ, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар). Осы деңгейлердің құрамасы шығыстардың функционалдық бюджеттік сыныптамасының кодын құрайды. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының төрт тік деңгейі бар: санат, сынып, кіші сынып және ерекшелік. Бюджетті атқару кезінде жоғарыда көрсетілген екі сыныптаманың негізгі санаттарын қамтитын түйіскен сыныптамасы нысанында экономикалық және функционалдық сыныптаманың үйлесімі пайдаланылады.


Деректерді қамту

Мемлекеттік бюджет мемлекеттік басқару секторының операциялары бойынша деректерді (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатын есепке алмағанда), республикалық бюджет – орталық үкімет операциялары бойынша деректерді (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын есепке алмағанда), жергілікті бюджет – жергілікті атқару органдарының операциялары бойынша деректерді қамтиды.

Ұлттық қорға жіберілетін бюджетке түсетін түсімдермен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударумен байланысты операциялар бойынша деректер Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотында (ҚБШ) көрсетіледі.

Өздерінің арасындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда шоғырландырылған бюджет республикалық бюджеттің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің деректерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын қамтиды.


Есептеу ережесі

Мемлекеттік сыртқы қарыздар есебінен жүзеге асырылатын түсімдер мен төлемдерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттердің операциялары кассалық негізде Бірыңғай қазынашылық есеп (БҚЕ) арқылы көрсетіледі.

Деректер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүргізетін нақты транзакциялардың есептеріне негізделеді. Мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражатының түсуі және жұмсалуы жөніндегі айлық есептердің негізінде мемлекеттік сыртқы қарыздар есебінен жүзеге асырылатын түсімдер мен төлемдер жөніндегі операциялар транзакция жасалған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген айырбас бағамын пайдалана отырып, республикалық және жергілікті бюджеттерде теңгемен көрсетіледі.

Дебиторлық және кредиторлық берешектердің жағдайы туралы есептер мемлекеттік мекеменің есепті күнгі талдамалық бухгалтерлік есепке негізделеді.

Әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің және шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің дебиторлық және кредиторлық жағдайы туралы деректер миллион теңгемен көрсетіледі.

2. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш
Талдамалық негіз

Мемлекеттік борыш:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышын;

Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдар борышын өзіне қамтиды.

Мемлекеттік борыш – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышына немесе мәслихаттар шешімдерімен өзара талаптарды есепке алмай, жергілікті атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың белгілі күнге, сондай-ақ белгілі күнге борыштық міндеттемелер сомасы.

Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борыштарға бөлінеді.

Ішкі мемлекеттік борыш – Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың қарыз алушылар – Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары және басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борыштың негізгі бөлігі.

Сыртқы мемлекеттік борыш - Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз берушілер – Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары және басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борыштың негізгі бөлігі.

Үкіметтік борыш лимиті тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі және берілген күнге (қаржы жылының соңына) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нақты борышынан аспауы тиіс алынған және өтелмеген үкіметтік қарыздардың белгіленген сомасын білдіреді.

Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті атқарушы органның борыш лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатта анықталған мақсаттар мен міндеттерден шыға отырып белгілейді.

Мемлекет кепілдік берген борыш мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген белгілі күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыздар сомасын білдіреді.

Мемлекет кепілдік берген қарыз – мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз.

Мемлекеттік кепілгерлік – Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес концессия шарты шеңберінде тартылған қарыз бойынша қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеудегі қарыз беруші алдындағы міндеттемесі.

Мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш – мемлекет кепілгерлігімен тартылған белгілі күнге алынған және өтелмеген қарыз сомаларының сомасы.

Мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыз – инфрақұрылымдық облигацияларды шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз.

Мемлекеттік қарыз – қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары.

Деректерді қамту

Деректер Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, жергілікті атқарушы органдардың барлық ресми танылған борыштық міндеттемелері Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген немесе оның кепілгерлігімен қамтамасыз етілетін міндеттемелерді қамтиды.

Қорланған және өтелмеген борыш көлемі жөніндегі деректер есепті кезең соңына АҚШ долларында және валюта бағамы бойынша ұлттық валютада келтіріледі.

Есептеу ережесі

Борыштық ағындарды есептеу (қарыздарды игеруді, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі төлемдерді) төлем күнін бекіте отырып, төлем валютасында жүзеге асырылады.



Деректер қарыздар қаражатын алу туралы кредит берушілер шоттарынан үзінділер, қарыздарға қызмет көрсету және өтеу жөніндегі төлемдерді алғаны туралы кредит берушілердің растамаларын, қызмет көрсететін банктердің (банк-агенттердің), инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері есептері негізінде жасалады.

Қарыздар қаражатының түскен операциялары туралы деректер кредит беруші шоттарынан қаражат алған күн бойынша көрінеді. Өтеу және қызмет көрсету операциялары туралы деректер кредит беруші шоттарына қаражат есептелген күн бойынша көрінеді. Қорланған және өтелмеген борыш көлемі туралы деректер миллион АҚШ долларында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі есепті кезеңнің соңына белгілеген теңгеге шаққанда валюта бағамы бойынша миллион теңгеде келтіріледі.
Каталог: irj
irj -> Оқу, ғылыми және басқа мақсаттағы материалдарды бір көзден мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы Хаттама
irj -> Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы»
irj -> 1 Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері Республикалық бюджетке «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс бөлігінен аударымдар»
irj -> ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті қызметінің 2014 жыл жағдайы қорытындысы бойынша ақпарат Республикалық меншіктегі акциялардың
irj -> Нұрлы жол – болашаққа бастар жол Құрметті қазақстандықтар!
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
irj -> Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы
irj -> «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»
irj -> «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет