Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ



Дата27.04.2016
өлшемі34.54 Kb.
Егемен Қазақстан № 108 2008-04-12

Алимент әке болмайды, бірақ...
Республикада алиментті өндіріп алу жөніндегі айлық басталды
Қазақстан Республикасы “Не­ке және отбасы туралы” Заңының 124-бабына сай, ата-анасы кә­мелетке толма­ған балаларын асы­рауға мін­детті, бірақ осы міндетті атқар­маған әкелер әкімшілік немесе қыл­мыс­тық жауап­кер­­ші­лікке тартылады. Али­менттік мін­дет­тер ата-анала­ры мен балалары­ның, ерлі-зайыптылар мен бұ­рынғы ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің арасында болады.

Ең алдымен, алимент ту­ралы әңгіме ата-аналарының кәмелетке толмаған балаларына төлейтіні туралы бола­ды. Өкінішке қарай, ажыра­сушылардың, соған қарай алимент төлеушілердің саны да жылдан жылға өсуде. Егер 2006 жы­лы республика бойынша атқа­ру­шылық іс жүргізу органдарында али­ментті өндіріп алу туралы 105 мыңдай атқару құжаты бол­са, 2007 жылы бұл көрсеткіш бірша­ма кө­бейген. Әрбір се­гізінші атқару­шылық іс жүргізу алиментті өндіріп алу­ға қатысты.

Бір сот орындаушысында он­да­ған, кей кездері жүзде­ген али­ментті өндіріп алу туралы іс бо­лады және олар­дың күшейтіл­ге­ніне қарамас­тан 30 мыңға дейін атқару қағаздары орындалмайды. Себебі, алимент өндіріп алу оңай­ға соқпайды: кейбір борыш­кер­лердің төлеуге ша­масы келмесе, кейбірі жасы­рынып жүреді.

Әрине, қолдарынан кел­генше өз балаларын барын­ша қолдап, жақсы көретін қайырымды али­мент төлеу­шілер де кездеседі, бірақ, өкінішке қарай, борышкер­лер­дің көпшілігі алимент төлеуден жалтарады. Және бұл сипат тек Қазақстанда ғана емес. Мысал үшін, мамандардың айтуын­ша, алиментті қасақана төлеуден бас тартушылардың саны жедел өсіп отырған Ресейде жағдай бұдан да қиын. Тек 2006 жылы сот прис­тав­тарының қызметіне алимент туралы іс жөнінде 2 млн. өті­ніш келіп түскен. Жалтар­ғаны үшін қылмыстық жауап­кершілікке 25 мыңдай адам тартылған, соған қара­мастан 90%-ға жуық толық­қан­ды емес отбасының бала­лары отбасынан кеткен ата-аналарынан қаржылай көмек алмай отыр.

Мәселенің маңыздылы­ғын ес­кере отырып, Қазақ­стан Респуб­ли­касы Жоғарғы Соты жанын­дағы Сот әкім­шілігі жөніндегі комитеті өткен жылдың күзінде али­мент­ті өндіріп алу туралы сот актілерін орындау жөніндегі айлық өткізді.

Сот орындаушылары кү­шей­­тіл­ген тәртіпте жұмыс ат­қарды, облыстар­дағы, Ас­та­на және Ал­маты қалала­рын­дағы соттар әкімшілері­нің бар­лық аумақтық бөлім­шелерінде ашық есік күндері жарияланып, азаматтар­ды қабыл­дау уақыты ұзартылды. Мемлекет­тік орган өкілдері, бо­рыш­кер жә­не өндіріп алу­шылармен кез­десу­лер, кеңес беру және дөңгелек үстел­дер өткізілді. Мекемелер мен ұйымдардың бухгал­те­рия­ларында борышкерлердің еңбек­ақы­сынан ұсталынатын және уақ­тылы аудары­лулар­дың дұрыс­ты­ғына тексеру жүр­гізілді. Алимент өндіріп алу жөніндегі жұмысты жан­дандыру, борыш­кер­лерді әкімшілік және қылмыстық жауап­­кершілікке тарту жө­ніндегі жұмысты бақылауды күшейту, оларға іздеу салып, кәсіп­орын­дардың бух­гал­те­рияларымен қа­рым-қаты­насты нығайту, осындай орындаушылық құжаттар жөнін­дегі шағымдарды азай­ту мақса­тында өткізілген ай­лық­тың нәти­жесі аударылған алимент сома­сының өскенді­гін және 625 бо­рышкердің тұратын жері белгіле­ніп, 1370 борышкерге іздеу са­лын­ды, әкім­шілік және қылмыс­тық жауап­кер­шілікке алимент төлеуден қасақа­на бас тарт­қаны үшін қысқа мерзім ішін­де 463 борышкер тар­тылды.

Акция өткізілген уақытта 750-ге жуық жарияланымдар, репор­таждар және телеви­зия­лық сю­жеттер шықты. Мыңдаған али­мент төлемеу­шілер халыққа бел­гілі болды. Біршама бо­рышкерлер шұ­ғыл түрде қарыздарын тө­леуге кірісті, көпшілігі сот орын­дау­шы­ларына бұдан кейінгі уақытта алиментті уақтылы төлейтіндігін айтып, БАҚ-та өздерінің аты-жөн­дерін жарияламауларын өтініп келді.

Республика бойынша али­­мент­­ті өндіру жөніндегі орындал­ған құжат­тар саны­ның өсуіне қарамастан, әрбір жетінші атқару құжаты бо­йынша ресми белгі­ленген күнкөріс деңгейінен төмен болып отыр. Ал, мұның іші­не балаға аса қажетті құнар­лылығы жоғары тамақтар, әртүрлі дамы­тушы үйірмелер мен секцияларға қатысу, спортпен айналысу, то­лық­қанды демалыс және жиі бол­маса да кейінге ше­гертіл­мейтін қымбат тұратын ем­делулер кіреді.

Мұндай жалпымемле­кет­тік маңызы бар істің шеші­міне тек сот орындаушы­ла­рын ғана жұ­мыл­дыру жеткі­ліксіз екендігін айта кету қа­жет. Осыған қатысы бар мемле­кеттік органдар, жеке және заңды тұлғалардың белсенді қатысулары тиіс.

Бұл мәселе бірқатар шет мем­лекеттерде оңтайлы ше­шілген. Мә­селен, алимент төлеуші болма­ған жағдайда, мемлекет баланы асы­рауға жұмсалатын қаражатты тө­леуді өз мойнына алады, ал кейін регресті тәртіпте бо­рыш­кер­ден кел­тірілген шы­ғынды өндіріп алады.

Баланың тиісті дамуын қам­тамасыз ету, республика­ның ұлт­жанды, бәсекеге қар­сы тұра ала­тын азаматтарын тәрбиелеу үшін біздің ойы­мызша, отбасын ны­ғайту жө­ніндегі жұмыстарды кү­шейту керек деп санаймыз. Бұл мем­лекеттік және қо­ғамдық ор­ган­дардың ха­лық­­ты жұмыспен, тұрғын үймен қамтамасыз ету, көп балалы және жас отбасыларға қолдау көрсету және өзге де мә­селелердің шешім­дері кіретін кешенді қызмет.

Адамгершілік тәрбиесін, жақы­нына жауапкершілік сезімін дамы­туда қазақ хал­қының көп­теген ғасыр­лар бойғы тарихында баласын жетім тастамаған, ал қа­рия­ларын қараусыз қалдырмаған ізгі дәстүрін қайта қалып­тастыру­дың маңызы зор. 



Ербол АБАЙДІЛДИНОВ, заң ғылымдарының докторы.
Каталог: site -> supcourtkaz.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> e1397364ac15a21346257426003a739b -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының Заңы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»
$FILE -> Егемен Қазақстан №233 2008-08-01 Ілекең жеткен белестер


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет