Егемен Қазақстан 2009 №148-149 28 сәуір



жүктеу 74.15 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі74.15 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
Егемен Қазақстан 2009 №148-149 28 сәуір

Агротехникалық мамандыққа сұраныс күшейді



Айтбай БҮЛАШЕВ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры.
Қалыптасқан күрделі жағдайға қарамастан, Президент өз Жолдауында халқымызды сабырлы-

лық сақгауға, ынтымақ-бірлікке шақыра отыра, бүл дағдарыстан да еліміз абыроймен шығатынына

нық сенім білдірді. Тарихи маңызы бар құжатта ертеңгі күнін ойлаған, жақсы уақыттарда

Үлттық қорды құра білген елімізде бұл қиын-қыстау кезеңді абыроймен еңсеріп қана қоймай,

одан әлдеқайда әлеуетті мемлекет болып шығу ушін барлық мүмкіндіктердің бар екендігі алға тартылған. Осы мақсатта қандай шараларды жүзеге асыру керектігі пысықталып, олардың өрқайсысына қанша қаражат бөлінетініне дейін айтылған. Сондай-ақ мемлекеттің барлық өлеуметтік міндеттемелері толық көлемде сақталатыны атап керсетілген.

Ауыл шаруашылығына мамандар дайындайтын университет басшысы ретінде менің көңіліме қуаныш ұялатып отырған жағдай — агроенеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған инвестициялық жобалардың қаржылануы тоқтамай, дағдарыс кезінде де жалғаса беретіні болып отыр. Мұндай шешімнің қабылдануы негізсіз емес. Тағам өнімдерімен өз халқын қамтамасыз етіп қана қоймай, басқалармен де бөлісе алатын мемлекетке әлем үлкен құрметпен қарайтынын көріп жүрміз. Жаһандық маңызы бар саяси мәселелерді талқылау кезіңде де мұндай елдердің пікірі елеусіз қалмайды. Дүниежүзілік банк мәліметі бойынша, республиканың аграрлық секторы инвестиция қүю тиімділігі жағынан мұнай өндірісінен кейінгі екінші орынға көтеріліп отыр. Сондықган да болар, ауыл шаруашылығын дамытуға 280 млрд. теңге, ал оның инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруға 120 млрд. теңге жүмсалмақ. Мүндай қомақты қаржы азық-түлік қауіпсіздігін сақтап қана қоймай, сыртқа шығаратын өнімдеріміздің тізімін кеңейтуге де жол ашпақ. Бүл мақсатқа жету үшін ауқымды іс-шаралар жоспарланған. Мөселен, ірі қалалар аймағында заманауи тауарлы-сүт фермаларын, мал бордақылау кешендерін, құс фабрикаларын және жылыжайларды ұйымдастыру арқылы азық-түлік белдеулерін қалыптастыру; агро-өндіріс кластерлерін қүру; астықты экспорттау арналарын көптараптандыру; халықаралық стандарттарға сай облыстық және аудандық ветеринарлық зертханалар салу; ауылшаруашылық техникаларын құрастыру өндірісін құру, т.б. жоспарланған.

Кезделген жобаларды іске асыру нәтижесінде пайда болған нысандар болжам бойынша 35 мыңнан астам жаңа технологиямен етене таныс орта және жоғары білімді мамандарға сүраныс туғызбақ. Бүл жағымды өзгерістер ауыл шаруашылығы саласына мамандар дайындап жүрген оку орындарына үлкен жауапкершілік жүктемек. Агроөнеркөсіп кешеніне казіргі кездің өзінде мал дөрігерлері, агрономдар, жеміс-көкеніс өсіру мамандары, инженер-механиктер, жерге орналастырушы инженерлер, зоотехниктер және басқа да мамандар жетіспейді. Сондай-ақ, балық шаруашьшығы, орман және аң шаруашылығы да мамандарға мұқтаж болып отыр. Кдзіргі таңда ихтиологтарды, балық өсіруші-технологтарды, балық шаруашылығы инженерлерін жене балық қорғау инспекторларын біз ТМД елдерінен шақыруға мәжбүр болып отырмыз. Облыстық орман жөне аң шаруашылығын басқару органдарындағы қызметкерлердің тек төрттен бір бөлігі ғана арнайы білімді мамандар. Еліміздің аң шаруашылықтарында тек бір-бірден ғана жоғары білімді мамандар жүмыс істейді, ал олардың оннан бірінің ғана аталмыш сала бойынша дипломы бар. Аграрлық саланың кадрларына деген үлкен сүраныстың қалыптасып отырғанына қарамастан,

былтыр ауылшаруашылық мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бас-аяғы 2030 орын немесе жалпы тапсырыстың 6,25%-ы бөлінген болатын. Осы жағдайды еске ала отыра, Үкімет ауылшаруашылық мамандықтарына бөлінетін білім гранттарының үлесін 10%-ға дейін көтерсе, бүл саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету біршама жақсарып, Жолдаудағы жоспар-ланған істердің жүзеге асыруына септігін тигізер еді. Бүл мәселені шёшудің тиімді жолдарының бірі ретінде "Білім туралы" Заңға тиісті өзгерістер енгізіп, мемлекет есебінен білім алған оку орнының түлекгерін ауылды жерлерде кем дегенде бес жыл жүмьіс істеуге міндеттеу керек. Мамандарды облыс және аудан әкімдерінің тапсырыстары бойынша немесе тікелей тауар өндірушілермен келісім-шарт негізінде дайындаса құба-құп. Бүл бағыттағы игілікті істерге жоғары оқу орындары әзір деуге болады.

Дағдарыс кезінде жүмыссыздықтың орын алатыны занды құбылыс. Ел экономикасын көтеріп, халқымыздың хал-ахуалын төмендетпеудің бірден-бір жолы — еңбек нарығында қалыптасқан сүраныстарды ескере отыра, жүмыссыз қалған адамдарды олардың бейімі мен қабілетіне қарай қайтадан оқытып, алған біліктілтне сөйкес жұмыс тауып беру. Жолдауда әкімдер мен министрлерге апта сайын қанша жұмыс орнының қысқарғанын қатаң қадағалауға алып, жұмыссыз қалғандарды өңірлік еңбекпен қамту немесе оқу орындарының негізінде керекті мамандықтар бойынша қайта даярлау тапсырылған. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін кем дегенде 140 млрд. теңге белініп, бұл қаржы 350 мыңнан астам отандасымызға жұмыс тауып беруге жұмсалмақ.

Елбасы еңбек нарығын дамыта алатын мүмкіндіктердің бірі ретінде коммуналдық желілерді жарақтандыру мен жаңғырту жұмыстарын атап көрсетті. Расында да, халқымызды сумен және жылумен қамтамасыз ету мөселелері, энергетика мен кәріз сулары нысандарының қазіргі жағдайы сын көтермейді. Одан қалды, кейінгі кезде өндіріс, әлеуметтік және түрғын үй ғимараттарының сан жағынан өсе түсуі жылу мен электр энергиясына, суға деген сүранысты күрт арттырып, аталмыш қызметтерді көрсететін жаңа нысандардың пайда болуына әкелді. Міне, сондықтан да бүгін бізге заманауи қондырғылардың тілін білетін, олармен жұмыс істей алатын, керек жағдайда жөндей алатын білікті жұмыскерлер өте қажет. Бүл тапсырысты іске асыру үшін слесарь-сантехниктер, электромонтерлер, элетромонтажшылар, дәнекерлеушілер, жылу техниктері, кеңбейімді тракторист-машинистер, ЭЕМ операторлары, жүргізушілер, т.б. мамандар керек. Ұлан-байтақ еліміздің экономикасының дамуына ауадай қажет телекоммуникация саласында да телефоншы-монтажшы, телефон стансаларының операторы, коммутаторшылар тапшылығы сезіліп отыр. Президент кадрларды қайта даярлау және қайта оқыту бойынша жүйелі жұмыс экономиканың еңбек ресурстарына деген сүраныстарды қамтамасыз етуі керек деген болатын. Бүл уақыт та-лабынан туындап отыр. Казіргі таңда аддыңғы қатарлы шаруашылықтардың машина-трактор парктері жылдан-жылға шетелдік техникалармен толыға түсуде. Алайда, білікті механизаторлардың тапшылығынан мүндай заманауи техникаларды тауар өндірушілер толыққанды пайдалана алмауда. Сондықтан да, дайындық курстарында кеңбейімді механизаторларды негізінен Қазақстанда қодданыска енген, сервистік қызметі дамыған фирмалардың техникаларының негізінде оқытуды қолға алу керек. Экономикамыздың басқа да жүмысшы кадрларына деген қажетгілік мониторингі жүргізілмегендіктен, сүранысы бар мамандық иелерін дайындау ісі дүрыс жолға қойылмай отыр. Осы себептен, казір 1 жүмысшыға орташа есеппен 2 орта кәсіби білімі бар жөне 6 жоғары білімді маманнан келеді екен. Әлемдік тәжірибеде жоғары білімі бар маманға орта кәсіби білімі бар 1 маман жене 5 жұмысшы дайыңцау қажет көрінеді. Ал білікті жұмысшыларды дайындайтын еліміздегі көсіби-техникалық орта оқу орындары әзірше сан жағынан да, сапа жағынан да мүндай сұраныстарды қамтамасыз ете алмайды. Сондықган да бүл іске колледждер мен жоғары оқу орындары да белсене кіріскені жөн.



Республикамыздың солтүстік жөне орталық аймақтарына елу жылдан астам инженерлерді дай-ындап келе жатқан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті жұмысынан айырылғандар үшін арнайы курстар ашып, жұмыскерлердің жаңа мамандықтарды меңгеруіне көмек беруді қолға алуды жоспарлап отыр. Бұл бағытта тәжірибеміз жеткілікті. Айталық, ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша бірінші және екінші курсты тамамдаған студенттер өздерінің таңдаған мамандықтарына сөйкес жұмысшы біліктілігін алып шығады. Теменгі курстарда әртурлі себептермен оқудан қол үзген студенттер жұмысшы кәсібін меңгергендіктен, еңбек нарығынан өз орнын таба алады, ал жоғары білім алып шыққандары өз кәсібінің қыр-сырымен етене танысқан маман атанады. Сонымен қатар, сәулет өнері және орман шаруашылығы мамандарын дайын-дайтын оқу орнымызда ауылдың мектептері мен ауруханаларын, мәдени ошақтарын абаттандыру мен жөндеу елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын жүргізе алатын жұмыскерлерді де дайындауға мүмкіндік бар. Сәулет өнері факультетінің негізінде еңдеуші-сырлаушы, декорация шебері, форматты жұмыстарды орындау шебері, монументті-декоративті техника шебері, ағаш ою шебері мен кіші декоративті пішіндерді ою шеберлерін дайындау көзделініп отыр. Бұл мамандық иелерінсіз тұргын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың интерьерін безендіру мүмкін емес. Түрлі алаңдарды, гүлзарларды гипстен немесе ағаштан жасалған мүсіндермен, шағын архитектуралық пішіндермен безендіру де аталмыш көсіптерді меңгерген жүмысшыларды қажет етеді. Одан қалды "Жасыл ел" мемлекеттік бағдарламасы бойынша орман көлемін жылына 30-35 мың гектарға кеңейту көзделіп отыр. Ал еліміздің орман шаруашылығы ағашты отырғызып қана қоймай, оны күте білетін жүмыскерлерге мұқтаж десек те болады. Жұмыссыздарды қайта даярлап, жаңа кәсіби мамандық беру арқылы біз отандастарымызға жұмыс қана тауып бермей, еңбек ресурстарының қалалық жерден ауылға бет бүрып, оның мәдени-тұрмыстық жағдайының жақсаруына

мүмкіндік туғызамыз. Жолдауда әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту және жастар практикасын үйымдастыру мәселесі де еңбек нарығын дамытудың бірден-бір мүмкіндігі ретінде қарастырылған. Кейінгі жылдары университетімізде каникулға шықкан жастарды еңбекке тарту мөселесіне үлкен кеңіл белініп келеді. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары оқу орнымыз Кеңес Одағының барлық ауылшаруашылық жоғары оқу орындарына шаруашылықтарға көмек көрсету мақсатында сту-денттердің механикаландырылған отрядтарын құру туралы бастама кетеріп, үндеу арнаған болатын Сол уақыттан бастап 20 жылдай СМО кеңшарлар мен ұжымшараларға көмекке барып жүрді. Аяғына нық тұра бастаған шаруашылықгардың жыл санап өсе бастауына орай, кейінгі екі жыдда бұл дәстүрімізді қайтадан жаңғырттық. Аталмыш жүмыстан басқа, 2005 жылдан бастап студенттеріміз "Жасыл ел" отрядтарын ұйымдастырып, бас қаламыздың жасыл белдеуін калыптастыру жүмыстарына белсене қатысып жүр. Сонымен қатар, жыл сайын жастардан құрылған үгіт топтары мектеп түлекгеріне кәсіби бағдар бере отырып, университет мамандықтарына талапкерлерді тарту жұмыстарын жүргізуде. Жалпы алғанда, соңғы 4 жылда 1185 студент жазғы семестрде өздеріне де, қоғамға да пайдалы еңбекпен камтылды. Биыл мұндай жұмыстармен 450 адамды қамтамасыз етпекпіз. Қорыта айтқанда, ел экономикасына қажет кадрларды дайындау немесе қайта дайындау шараларын толығынан жөне сапалы түрде жүзеге асыру үшін керекті алғышарттардың бәрі жасалған.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет