Әжк 365. 244 (574) шағын және орта кәсіпкерлікке салық салу жағдайы жангалиева р. У., аға оқытушы



жүктеу 59.64 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі59.64 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
ӘЖК 365.244 (574)
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІККЕ САЛЫҚ САЛУ ЖАҒДАЙЫ
ЖАНГАЛИЕВА Р.У. , аға оқытушы

Орал қаласы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті


Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” Заңының 3-бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлға құрмайтын жеке адам және кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын, қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны 1 жылда орта есеппен 60 мың есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар болып табылады.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қазақстанның экономикалық реформасының басым бағыттарының бірі ретінде мемлекет қолдауын талап етеді. Шағын кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмесе, ол өздігінен қызмет ете алмайды. Себебі, ол бәсекелестік күресте өзінің экономикалық, саяси және әлеуметтік мүдделерін сақтап қалу үшін ірі капиталға ойдағыдай қарсы тұруға әрқашан қабілетті бола бермейді. [1]

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау негізінен мынадай принциптерді қамтиды:


  • Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдылығы;

  • шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;

  • шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін қол жеткізерлік болуы;

  • шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың Қазақстан экономикасы үшін басымды маңызы бар, өйткені бәсекелік орта шағын кәсіпкерліксіз тұрақтана алмайды. Шағын кәсіпкерліктің дамуы экономикалық және әлеуметтік міндеттердің дамуына әкеледі. Мысалы, бұл қосымша жұмыс орындарының ашылуы. Мұнда халықтың жұмыспен қамтылуы мен жұмыссыздық деңгейін төмендету мәселелері шешіледі. Сонымен қатар, салық салу базасының белгілі деңгейін қалыптастыруда, әлі де даму сатысындағы импорттың орнын босататын өндіріс құруда маңызы зор. Сондықтан да шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысында да, Үкімет құжаттарында да экономикалық реформаның маңызды бағыттарының бірі болып саналады.

Қазақстан шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) бойынша 2008 жылғы 64-ші орыннан 2011 жылы 47-ші орынға шыққан. Сонымен қатар, 2010 жылы Қазақстан кәсіпкерлік қызмет үшін жақсы жағдай жасаған елдердің алғашқы ондығын бастады.

Қазіргі таңда Үкімет алдында 2020 жылға қарай ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерлік үлесін 7-10 пайызға дейін жеткізу туралы стратегиялық міндет тұр. ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2012 жылдың І тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шағын және орта кәсіпкерлікте белсенді жұмыс істейтін субъектілер саны 24,4 пайызды құраған.

Жалпы Қазақстан бойынша 843 белсенді жұмыс істейтін субъект бар. Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлікте белсенді жұмыс істейтін субъектілер құрылымында жеке кәсіпкерлік басымдыққа ие, еліміз бойынша 589 640 жеке кәсіпкерлік тіркелген. Шағын және орта кәсіпкерліктегі белсенді субъектілердің басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан (жалпы субъектілер санының 16 пайызы), Алматы облысы (13,2 пайыз) және Алматы қаласында (11,5) шоғырланған. Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтін халық саны экономикалық белсенді халықтың (8,7 млн. адам) 30,4 пайызын құрайды.

Арнаулы салық режимінде салықты төлеу 2 тәсіл бойынша жүзеге асырылады:


  1. патент бойынша (егер де жалғыз өзі жұмыс жасаса)

  2. оңайлатылған декларация бойынша (жалдамалы жұмысшылар пайдаланса)

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР және ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквадақыл (балық өсіру) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтеріне арналған АСР шешім беру бойынша – орналасқан жері бойынша. Салық органында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкердің тұрғылықты немесе қызметінің басым бөлігін жүзеге асыратын орны дара кәсіпкердің орналасқан жері болып танылады;

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСР-не шешім беру бойынша – жер участкесі орналасқан жердегі салық органдарына беріледі.

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-не шешім беру бойынша:

Салық кезеңі (күнтізбелік тоқсан) басталғанға дейін;

Жаңадан құрылған заңды тұлғалар – заңды тұлға әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей;

Жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер – дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей;

Патент негізіндегі АСР-не көшкен кезде – патент негізіндегі АСР қолдану шарттарына сәйкессiздiк туындаған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күнінен кешіктірмей;

Патент негізіндегі АСР-інен көшудің өзге жағдайларында – патентің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін;

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСР-не шешім беру бойынша:

АСР қолданылатын бірінші жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей;

20 ақпаннан кейін құрылған шаруа немесе фермер қожалықтары – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алғаннан кейін 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;

20 ақпаннан кейін басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда – осы жер учаскесінің орналасқан орны бойынша тіркеу есебіне қойылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;



АСР бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетулері:

оңайлатылған декларация негізіндегі АСР қолдануға шешім беру бойынша:

1) дара кәсіпкерлерге:

дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі (күнтізбелік тоқсан) ішінде 25 (жиырма бec) адамды құраса;

салық кезеңі (күнтізбелік тоқсан) ішінде шекті табысы 10,0 (он) млн. теңгені құраса;

2) заңды тұлғаларға:

қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі (күнтізбелік тоқсан) ішінде 50 (елу) адамды құраса;

салық кезеңі (күнтізбелік тоқсан) ішінде шекті табысы 25,0 (жиырма бес) млн. теңгені құраса;

шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСР қолдануға шешім беру бойынша – жеке меншік құқығындағы және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (қайталап жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері бар шаруа немесе фермер қожалықтарына;

ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквадақыл (балық өсіру) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтері үшін АСР қолдануға шешім беру бойынша:

1) мына:

жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, өзі өндірген көрсетілген өнімді қайта өңдеуді және өткізуді;

толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), бал арасы шаруашылығының өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өзі өндірген көрсетілген өнімдерді қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға;

2050 стратегиялық жолдау бойынша Кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады.

Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс.

Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек.

Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен.

Ол үшін төмендегідей шаралар қажет:

• Шағын және орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау.

• Жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу және мейлінше аз, бірақ қатаң реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту.

• Бизнеске жасанды бөгеттер тудыратын мемлекеттік шенеуніктер үшін жаңа, әлдеқайда қатаң жауапкершілік жүйесіненгізуді қарастыру.

• Жаңа жағдайларды, соның ішінде біздің Еуразиялық экономикалық кеңістікке қатысуымызды, алда Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіретінімізді ескере отырып, отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараны қабылдау.

Бүгінгі күннің міндеті - ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және алғышарттар қалыптастыру.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Молдабекова А.Ш., Карибаева Б.Е. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің даму тенденциясы // Шоқан тағылымы – 6. Кокшетау – 2001 – 173-174б.

2. Нұрақым Райхан Шағын кәсіпкерлік: кеше мен бүгін // Ақиқат №5 – 2005 – 46-47б.

3. “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңы



4. Қарабаева Қ., Тлеубергенова М. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту

5. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет